Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің теориялық мәнін негіздеу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.Дәрілік өсімдіктер туралы жалпы түсінік
1.1. Дәрілік өсімдіктердің тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Дәрілік өсімдіктер туралы жалпы сипаттама ... ... ... .10
1.3 Дәрілік өсімдіктерді өсіру және жинау әдістері ... ... ..13
1.4 Қазақстанның дәрілік өсімдіктері ... ... ... .16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ..29
Қазақстан Республикасының басты міндеттерінің бірі жас ұрпаққа білім беру, ХХІ ғасырда – халықаралық даму кезеңіне сай, бәсекеге лайықты, барынша білімді, білікті жас маманды даярлау межеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясын ел келешегі жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың білім негіздерін игеруіне, біліктілігіне елдің болашағы байланысты екендігі айтылып, оған мән берілуі маңызды іс екендігін байқатады. Сондықтан, сапалы білім беріп, саналы етіп жас ұрпақты тәрбиелеу – басты мақсаттардың бірі, соның ішінде халық «білім негізі - бастауышта» деген тағылымды ойды орынды айтады. Ата-бабамыздың асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыру бүкіл адамзаттың дамуына көмектеседі. Табиғат қамқоршысы бола білген халқымыздың дәстүрін танып білу, олардың ісін әрі жалғастырушы бүгінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету – біздің ұстаздардың басты борышы.
Республика тереториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдікті зерттеудің маңыздылығы айтапаса да түсінікті.
Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған.
Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.
Әр обылыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін.
Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасеттері бар.
Бастауыштан бастап күнделікті оқу, жүйелі дайындалу, сапалы болудың бірден бір жолы дүниетанымын арттыру. Оқушылардың ғылыми көзқарастарын бастауыштан бастап қалыптастыру бірден бір міндеттердің бастысы.
1. Н. К. Жүнусова, Қ. Аймағанбетова, А. Б. Бірмағанбетова, Н. М. Жапанбаева Дүниетану оқулықтары. І-ІV сыныптар.
2. Гаспирович Т. Л. Дидактический материал по природно-ведению. Нач. школа. – № 10. – 1991.
3. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
4. Қ. Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;
5. Қазақ энциклопедиясы I том
6. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
7. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
8. «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;
9. С. А. Павлович. , А. Н. Матвеева, . В. Б. Горощенко. Табиғаттану кітабы, 1973.
10. Жаңабаев Қ., Саудабаев Т., Сейітов И. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Алматы, “Қайнар” 1994ж.
11. Ковырялов Ю.П. Интенсивные технологии производства пшеницы. Москва “Агропромиздат” 1986г.
12. “Технология спирта” Яровенко Р.О. Смирнов және т. б.. Москва 1988г
13. Сырманова К.К. “Этил спирті м.б.-синтезбен өндіру” Алматы1987г.
14. Оразалиев Р.А. Қазақстан бидайы. Алматы “Қайнар”, 1984ж.
15. Орманджи К.С., Никитин Ю.А., Бурченко П.Н. Интенсивная технология производство озимой пшеницы. Москва. Россельсхозиздат. 1988г

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.Дәрілік өсімдіктер туралы жалпы түсінік
1.1. Дәрілік өсімдіктердің
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...5
1.2 Дәрілік өсімдіктер туралы жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .10
1.3 Дәрілік өсімдіктерді өсіру және жинау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.4 Қазақстанның дәрілік
өсімдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .29

Кіріспе
Қазақстан Республикасының басты міндеттерінің бірі жас ұрпаққа білім
беру, ХХІ ғасырда – халықаралық даму кезеңіне сай, бәсекеге лайықты,
барынша білімді, білікті жас маманды даярлау межеміз. Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиясын ел келешегі жас ұрпақтың
тәрбиесіне, олардың білім негіздерін игеруіне, біліктілігіне елдің болашағы
байланысты екендігі айтылып, оған мән берілуі маңызды іс екендігін
байқатады. Сондықтан, сапалы білім беріп, саналы етіп жас ұрпақты тәрбиелеу
– басты мақсаттардың бірі, соның ішінде халық білім негізі - бастауышта
деген тағылымды ойды орынды айтады. Ата-бабамыздың асыл қасиеттерін
ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыру бүкіл адамзаттың дамуына көмектеседі.
Табиғат қамқоршысы бола білген халқымыздың дәстүрін танып білу, олардың
ісін әрі жалғастырушы бүгінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету – біздің ұстаздардың
басты борышы.
Республика тереториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге
болады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші
тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі
дәрілік өсімдікті зерттеудің маңыздылығы айтапаса да түсінікті.
Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы
өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында
ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен
таралған.
Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани
және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ
халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына
еткен ықпалдары зор болды.
Әр обылыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін
өздерінше пайдалануы да мүмкін.
Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік
қасеттері бар.
Бастауыштан бастап күнделікті оқу, жүйелі дайындалу, сапалы болудың
бірден бір жолы дүниетанымын арттыру. Оқушылардың ғылыми көзқарастарын
бастауыштан бастап қалыптастыру бірден бір міндеттердің бастысы. Мектеп,
ата-ана шәкірттердің – балаларымыздың, болашағымыздың саналы, мейірімді
болуын ойластырып, келесі түйінді тұжырымдарды ұсынады:
- әр баланың өмір тіршілігі өзінше бір тағдыр. Баланың тағдырын
ойлан, дұрыс шеш, дүниетанымын арттыр, дүниеге көзқарасын білуге
ұмтыл, дұрыс бағыт беріңіз;
- мұғалімнің сөзі мен ісі жаманды емес, шынайы болуы қажет, бәрі оның
дүниетанымына байланысты;
- шәкірттің кемшілігін іздеме, оның артықшылығын тап, дүниетанымын
жетілдір;
- сабақ үстіндегі тыныштықты іздесең бәріне бірдей қара, жұмыс бер,
дүниетанымының өзі көрсетсін;
Мектепте оқытылатын дүниетану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары
мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі ұғым жүйесін жасайды.
Дүниетану әдістемесін оқу, мектептің оқу-тәжірибе учаскілерінде,
оқушылардың өндірістік бригадаларында шәкірттер жұмыс істей жүріп,
өсімдіктердің пайдалы жақтарын теориялық түрғыда оқып іс-тәжірибеде толық
меңгере алатындығына көзі жеткізуге болады.
Дүниетану ғылымдарымен танысу барысында оқушылар теориялық және
тәжірбиелік іс-әрекеттің белгілі бір білім көлемін меңгереді, игереді
дүниетану әдістемесі оқулықтарындағы теориялар мен заңдармен танысады.
Мысалы, дүниетану пәні әдістемесі негізінде құбылыстарының терең
байланыстылығын ашады, материалдық және рухани өзара байланыс заңдылықтарын
түсіндіреді, коршаған дүниені тану заңдылықтарын материалистік тұрғыдан
түсіндіруге күш салады.
Зерттеу пәні: Дүниетану
Зерттеу мақсаты: білімгерлерге оқу тәрбие үрдісінде Қазақстандағы дәрілік
өсімдіктердің теориялық мәнін негіздеу.
Зерттеу міндеттері:
Оқушыларды ғылымның кейбір қарапайым әдістерімен
таныстырып, өздігінен оқудың тиімді амалдарын меңгеруге үйрету;
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің теориялық мәнін анықтау;
Дәрілік өсімдіктердің өмірде пайдалы жақтарын дәлелдеу.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектептегі дүниетану пәнін оқыту.
Зерттеу әдістемесі:
- педагогикалық бақылау;
- дүниетану пәнін, бастауыштың басқа пәндерін оқыту мәселелері,
дүниетану әдістемесі пәндерін оқыту ерекшеліктері;
- педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, озық тәжірибелерді
қорытындылау.

1. Дәрілік өсімдіктер туралы жалпы түсінік
1.1. Дәрілік өсімдіктердің тарихы

Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға
болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың
жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасына
ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға
жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру-сырқауларды емдеуге пайдалану
туралы ілім біздің эрадан алты мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер
мемлекетінен басталғаны айтылған.
Онда шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің
жапырақтарынан, тамырларынан, сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтін ір
түрлі ұнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осымен қатар сол уақыттың
өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн өзінен олардың дәрілік
қасиеті жойылатыны анықталып, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде
жүргізілуі тиіс екені дәлелденген. Осы себептен шумерліктер кейбір
өсімдіктерді түнде жинау керек екендігін ұсынған. Вавилондықтар мен
ассириялықтар сол шумерліктер көрсеткен өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасау
әдісін, емдеу жолдарын жалғастырып, кеңейте түскен. Ассирия мемлекетінде
дәрілік шөптер өсірілетін арнайы бақ та болған. Египеттіктер олардан
үйреніп, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін кеңінен анықтай отырып алоэ,
анис, мендуана, жалбыз т.б. өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан.
Египеттіктер даладағы дәрілік өсімдіктерді жинаумен қатар
ассириялықтар сияқты оларды қолдан егіп-өсірумен айналысқан. Олар дәрілік
өсімдіктерді көбейту мақсатында шет елдерге арнайы экспедициялар
ұйымдастырып отырған. Тұңғыш рет осы дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді
Египет мамандары классификация жасаған. Олар дәрілік өсімдіктердің
фармакологиялық түсуін жеңілдететін топтарға бөлген. Дәрілік өсімдіктердің
шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі.
Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан
келгенде Қазақстан құпиясы мол “шипалы қойма” іспеттес. Оңтүстік
қазақстанның бай және әртүрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде 3000
–дай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер
бар.
Бұл жерде бірқатар эндемикалық өсімдіктер бар, олар дәрі жасау
саласында өте маңызды роль атқарады. Бұл шөптерге: дала жусаны, тау
эфедрасы, псерелея костянковая және т.б.
Басқа да дәрілік шөптер: ит ошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен,
дермене, қалақай, өгейшөп, левзея, бақ – бақ, шайшөп, рауғаш, қызылтаспа,
жанаргүл, жұмыршақ, долана, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киіккот,
тасшөп, т.б.
Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек
бағытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді
ауруларды емдеуге қолдануда Греция елі біраз роль атқарған. Греция дәрігері
Гиппократ дәрілік өсімдіктердің екі жүзден астам түрін жазып, оларды
ауруларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми
тұрғыдан түсінік берген. Ал, Грецияның Диоскорид деген дәрігері өзінің
“Дәрілік заттар” деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүз түрінің
қолданылу жолдарын жазған. Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік
өсімдіктерге байланысты. Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кездерде де адамға өте
пайдалы болған, болып қала да береді. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге
деген талап та біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын
тигізбейді, олар үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне
болады. дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970-1980 жылдарда
250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі – 75 пайыз, соған қарағанда
дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес.
Қазіргі кезде медицина ғалымдары дәрілік шөптерге барынша ден қойып,
әр шөптің организмге қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл
жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Осындай пайдалы өсімдіктерді тексере
келсе, дәрілік шөптерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда.
Рим дәрігерлері бұл өсімдіктерді ауруларды емдеуге пайдалану жайындағы
деректерді осы Греция ғалымдарының мәліметтерінен алған. Дегенмен Рим
дәрігерлерінің емдік қасиеті бар өсімдіктердің санын көбейтуге тигізетін
әсері де өте зор. Үлкен Плинийдің айтуы бойынша, римдіктер дәрілік
өсімдіктердің мыңнан астам түрлерін тапқан.
Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия
халықтары да біздің заманымызға жеткізген. Соның ішінде Индия
фармакологтары өз елінің флорасынан өсімдіктің сегіз жүзге жуық түрін
тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері білім негізінде құрылған.
Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру-сырқауды емдеуге
пайдаланатын дәрі-дәрмек түрлері өте көп.
Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар
жүргізілген. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым
мың жыл бұрын жазылған.
Фармаколог Ли Ши-Чжень он алтыншы ғасырда, өзінің жиырма жеті жылдық
зерттеу жұмысын жинақтап, елу екі томдық дәрігерлік еңбегін шығарған.
Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің екі мыңға жуық түрі жазылған.
Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан дәрі жасау әдісі,
қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер
берілген.
Осындай әр елде жүргізілген зерттеулер араб елінің дәрігерлеріне де
үлкен әсерін тигізген. Бұдан тоғыз жүз жыл бұрын араб фармакологы Бируни
“Китаб – ас - сайдана” деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүзге жуық
түрін жазған.
Біздің елімізде де әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану
ерте уақыттан басталған. Иван Грозный тұсында дәрілік өсімдіктерді
пайдалану үшін тұңғыш дәріхана ашылып, осы бағытта мамандар дайындауға,
керекті оқулықтар жазып шығаруға көп көңіл бөлінген. Петр 1 кезінде
Петербург қаласында дәрілік бау-бақша ұйымдастырылған. Сол мезгілден бастап
дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау, кептіру жұмыстары қолға алынды. Арнайы
экспедициялар құрылып, табиғаттан дәрілік өсімдіктерді жинай бастаған. Осы
уақытта жергілікті жерде өсетін көптеген өсімдіктерді (кенеден, адыраспан
т.б) плантацияларда өсіру шаралары жасалған.
Совет үкіметі құрылғаннан кейін, 1921 жылы “О сборе и культуре
лекарственных растений” деген арнайы декрет жарияланып, дәрігерлік
мекемелерге дәрілік өсімдіктер өндіру жұмысын жақсарту міндеттелді. Бұл
жұмысты әрі қарай күшейту жұмысында 1925 жылы ССРО Мемлекеттік жоспарлау
комитеті дәрілік өсімдіктерді пайдалануға арналған Бүкілодақтың кеңес
өткізген. 1931 жылы дәрілік өсімдіктерді пайдалануға ғылыми негіз беру үшін
Бүкілодақтық дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылған.
Осындай маңызды шаралардың іске асыфрылуы арқасында дәрілік өсімдіктердің
кең түрде денсаулық сақтау ісіне пайдаланылуы ғылыми тұрғыдан қаралып,
дұрыс жолға қойыла бастады.
Қазіргі кезде жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді жинаумен дәрі жасап
шығару өндірісін толық қамтамасыз ету мүмкін емес екендігін ескере отырып,
шаруашылықтарда дәрілік өсімдіктер егілетін плантациялар құрылды.
Украинада, Қазақстан мен Молдовада, Грузияда, Белорусияда, Латвия
республикасында осындай совхоздар ұйымдастырылды.
Бұл шаруашлықтар елімізге керекті шикізаттың алпыс процентін ғана
қамтамасыз етеді. Совхоздардағы плантацияларда дәрілік өсімдіктерді өсіру,
жинау өте көлемді және қызу науқанмен жүргізілетін жұмыс. Мысалы,
фармацевтік өндірістің бір жылына керекті сегіз жүз тонна жас гүл шоғын 2
апта ішінде жинап үлгеру керек. Өйткені, жинау мерзімі өтіп кетсе, ол
қурап, пайдасыз болып қалады. Міне, осыншама мөлшерде және тығыз уақыт
ішінде дәрілік өсімдіктерді жинап алу оңайға түспейді. Дегенмен, жұмыстың
ауырлығына қарамастан, халыққа керекті препараттарды дайындау үшін 1950
жылы он алты мың тонна, 1960 жылы отыз мың тонна, 1970 жылы отыз мың тонна,
1980 жылы елу мың тоннадан астам дәрілік өсімдіктер жиналады. Бұл
өсімдіктерден стрихнин, атропин, платифилин, резерпин, хинидин, аймалин,
тағы басқа көптеген препараттар алынады. Жалпы қолданылып жүрген
препараттардың 40 процентін осы дәрілік өсімдіктерден жасалған.
Дәрілік өсімдіктер. Өсімдіктердің бұл тобының емге керекті дәрі алумен
қатар, құрамында әр түрлі витаминдер, микроэлементтер, белок, углевод, май,
соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды соның тағамдыққа және
басқа да халық қажетіне пайдаланады. Бұлардың ішінен көбіне шөп түрлерін
тағамдыққа пайдалану жағы басым. Осы қасиетінің арқасында олар көптеген
елдерде жалпы тағамның бір түрі болып есептеледі. Франция тұрғындары
қайнаған ыссы суға қантты езіп, аю балдырғанның уақталған жапырақ сабағының
үстіне құйып тәтті тағамдар жасайды. Ал солтүстік жақтың тұрғындары
аюбалдырғанның жас бұтақтарын уақтап салат жасайды немесе басқа тағамдарға
қоспа ретінде пайдаланады. Оның әсіресе дәні мен екі жылдық тамыры хош
иісті келеді. Сондықтан оларды ыстық тағамдарға дәмдеуіш ретінде, тағам
толық пісуге 3-5 минут қалғанда қосады. Жаңа жиналған тамырынан тосап,
цукат жасайды. Кептірілген тамыр ұнтағын жұпар иіс беру үшін нан илегенде
ұнға араластырады. Тамыр ұнтағын қуырған етке салуға, шай демдегенде
қосуға болады.
Витаминдерге өте бай өсімдіктердің бірі – қалақой. Бұл өсімдіктің жас
жапырағынан щи, салат жасайды. Кавказ елінің тұрғындары оның жас жапырағын
тұздап, шайға, етке қосып пісіреді. Ал Грузия жерінде қалақайдың жас
жапырақтарын уақтап кесіп, үстіне сірке қышқылын және май қосып, тұз, бұрыш
салып салат жасайды. Кептірілген жапырақтарын ұнтақтап нан илейтін ұнға
қосады. Бұл жағдайда, 400 грамм ұнға 100 грамм қалақай жапырағының ұнтағын
қосу керек.
Міне, өсімдіктердің осындай пайдасын, әсіресе қалалық жерлерде толық
кәдеге жарату жүйелі түрде жүргізілгені дұрыс. Өсімдіктердің қала
тұрғындарының денсаулығын сақтауға тигізетін пайдасы архитектуралық
жоспарлау кезінде ескеріліп, қалалық жерлерде парк, сквер, бульвар санының
көбеюіне болашақта да көңіл бөлінуі керек.
Өсімдіктер атмосферадағы зиянды газдарды сіңіруде де айтарлықтай роль
атқарады. Негізінде улы газдар завод, рудник тағы басқа өндіріс орындары
бар және көшелерімен үнемі автотранспорт жүретін қалаларда өте көп болады.
Адам денсаулығын сақтау жолындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы.
Оның негізгі тұтқасы - өзіміз тіршілік етіп отырған ауа. Ол әр түрлі зиянды
қосылыстардан таза болса ғана халықтың дені сау болатынын естен
шығармауымыз керек. осыған байланысты ауа кеңістігін таза ұстаудың нақты
жолдарының ең негізгісі- өсімдік дүниесі екенін білген орынды. Сондықтан
жасыл желектің көптеген отырғызылуы, оларды қорғау халық игілігіне керекті
бүкіл адамзат алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі. Бұл әсіресе,
қазіргі өндірістің сала-сала болып дамыған шағында бүкіл ел болып, бірге
жүргізетін жұмысы.
Дәрілік өсімдіктер адам өмірі мен денсаулығының маңызды көзі болған
және болады да, сондықтан оған деген қажеттілік денсаулықты сақтау
мақсаттарына жыл сайын өсуде. Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныстың өсуіне
байланысты, оларды табиғи әсерлерде дайандау өсті, бірақ оның өзі қазіргі
уақытта өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге қабілетсіз. Көптеген
дәрілік өсімдіктер регенерациялық қабілеттілігінің төменділігімен
сипатталады, олардың жер астының бөлімі орташа есеппен 3-8 жылда қалпына
келеді.
Ыстық жаздың жағдайлары және егудің, өңдеудің агротехникалық шарттарын
құру Оңтүстік Қазақстанда тропикалық және субтропикалық өсімдіктерді
өсіруге мүмкіндік жасайды, сондықтан дәрілік өсімдіктерді культурада
интродукциялау мен өсіру олардың қолданылу аумағының кеңеюіне жол алады.
Культурада егілген дәрілік өсімдіктерді қолданудың жабайы өсетін
шикізат жинақтарына қарағанда бірқатар артықшылықтары бар, өйткені табиғи
ресурстардың әлсіздеу қауіптілігі төмендейді және өңделуге жоғары сапалы
шикізатының едәуір бірқалыпты партия өсіру қадағалауымен қамтылған.
Оңтүстік Қазақстан ТОО “Химфармға”, сонымен қатар түгелдей
республикадағы болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан Республикамыздың төрттен жоғары ауданын алып
жатады, ол жерлік – климаттық жағдайларының әртүрлілігімен сипатталады.
Ауданның Оңтүстігі мен Шығысы Тянь-Шань тайлы жүйесімен көмкерілген.
Таулардағы климат түзілудің маңызды факторы биіктіктерге қатысты өзгеретін
рельф болып табылады. сондықтан, әсіресе Оңтүстік Қазақстаның климаттық
контрастылары үлкен, ондағы қуатты таулы бөктер (Джунгар, Займискалық,
Қырғыздық, Таластық және Теріскей алатау т.б.) ауа бағытын өзгертеді.
Осының барлығы формирлену үшін әртүрлі экономикалық шарттар мен
экожүйелерді құрады.
Әсіресе Қаратаудағыны атап өтуге болады, онда көптеген эндемикалық
және ирек кездесетін өсімдіктер өседі. Мұнда дәрілік препараттардың көзі
ретінде перспективті болып табылатын көптеген өсімдіктер бар, сонымен қатар
қыстың суығына тұрақты және құрғақшылыққа төзімді культуралды өсімдіктердің
сорттарын селекциялауда үлкен қызығушылық тудыратын өсімдіктер кездеседі.
Тек Оңтүстік Қазақстанда ғана бағалы, пайдалы өсімдіктердің өндірістік мәні
бар тоғайлар кездеседі, мысалы, Северцев унгериясы, костянковая проролеясы
және т.б. мұнда негізгі өндірістік егістер, ең атақты дәрілік өсімдік –
қырықбуын эфедрасы орналасқан.
Төтенше әртүрлі физико-географиялық жағдайлары осы аймақтың байлығын,
өзіндік нұсқалылығын, тіпті флора мен өсімдік ресурстарының уникалдығын
анықтауды, жергілікті (Artemisia cina Berg, Helichrusium maracandicium
M.Pop) және бөтен аймақтық өсімдіктерді (Solanium avicula forst, Cassia
acutigolia Del., Catharanthus roseus т.б.) культивирлеуге мүмкіндік берді.
Дерменені культураға енгізудің алғашқы тәжірибелері ВИЛАР – дың
қызметкері С.А.Суетинмен Оңтүстік Қазақстанда жүргізілді және зерттеулері
оңды нәтижелер берді.
Т.Н.Джанабаев Шымкент облысы шарттарында үшкір жапырақты кассийдің
биологиялық ерекшеліктерін оқып білу мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізді
және эффективті әдістерін өңдеді, кейін “Дармин” совхозына енгізуді көздеуі
Оңтүстік Қазақстандағы қызмет катарантустың биологиялық ерекшеліктері мен
өнімділігін А.М.Маралбаев зерттеді.
Бұл шаруашылықтарда осы культуралардың айтарлықтай жоғары өнімді және
шикізатты дайындауды жүргізуге мүмкіндік туғызды. Осының негізінде зауыт
формацияға саласодин, антросенин, глауцин, мукалтин және т.б. сияқты бағалы
жартылай фабрикаттарды шығарды.
Қазақстанның оңтүстік – шығыс, оңтүстіктің аридтік шарттарында
самарқанд өлмес гүлді өсімдігінің биологиялық және морфологиялық
ерекшеліктері, жасау әдістері зерттелді. Самарқанд өлмес гүлді өсімдігінің
культурасы өндірістік плантацияларда өндірістік зерттеулерден өтті.
Сонымен, Оңтүстік Қазақстанда әртүрлі флоралық аймақтардың дәрілік
өсімдіктерін культивирлеуге болады. Осыған байланысты күлгін эхинацеясы
үлкен қызығушылықты туғызады.
Эхинацея тұқымының 5 түрі бар, оның екеуі Мексикада, үшеуі Солтүстік
Америкада өседі.
Түр алғаш рет К.Линнеймен 1753 жылы Рудбекия күлгіні – Rudbekia
puppurea L. Деген атпен жазылған. 1794 жылы К Moench күлгін және қызғылт
гүлдердің, қатты тікенектілігіне, гүл күлтесі жапырақшаларының өткір бізді
ерекше белгілерін пайдалану арқылы эхинацеяны жеке бір түрге бөліп алды.
“Эхинацея” атауы – “күлгін” деген сөзден шыққан. Медицинада үш түрі
қолданылады: Asteraceae Dumort тұқымдасына жататын ең кең таралған
Echinaceae puppurea (L) Moench, E.palliada (L) (Nutt) және E.
Angustigolia.

1.2 Дәрілік өсімдіктер туралы жалпы сипаттама

Соңғы кезде әртүрлі саладағы фитохимиктер, фармокологтар мен
дәрігерлер эхинацея туысының өкілдерін зерттеуге және қолдануға үлкен
қызығушылық танытуда.
Бұл жағдай иммунно димирлеуші әрекеттегі жаңа фитопрепараттарды құру
мәселесімен соқтығысқан елдерге ТМД, Ресей, Украина және белорусия тән. 50
жыл бойы эхинацея препараттарын шығарып келе жатқан Германия елінің
тәжірибесі – эхинацеяның фитохимиясын терең зерттеу, жіңішке жапырағы
эхинацеядан препараттарды шығаруға негіз болды. Экологиялық және климаттық
аудандары бар Қазақстан жерінде өсімдіктер флорасы алуан түрлі, олардың
түрлері 5630-ға жетеді, соның ішінде пайдалылығы жөнінен белгілі болғаны
1200 түрлі өсімдік.
Оңтүстік Қазақстан флорасында 3 мың түрлі өсімдік өседі, оның ішінде
көптеген дәрілік өсімдіктер бар.
Дәрілік өсімдіктер Қазақстанда 1932 – 1947 жылдардан бастап зерттеле
бастады.
1926 жылы ғалым П.С.Массагетов түкті эрва шөбінің дәрілік қасиетін
анықтады. Түкті эрва және анабазис шөптерінің дәрілік қасиеті адам
денсаулығына зор көмегін тигізді.
1938 жылы Қазақстанда дәрілік өсімдіктерді зерттеу мақсатымен арнаулы
экспедиция құрылды. Ол экспедицияны В.Е.Корнилова басқарды (1940).
Эхинацеяның дәрілік қасиеттері ХҮІІ ғасырдан бастап белгілі ХІҮ
ғасырдан эхинацеяға әкелінген, ал ХХ ғасырдан – ТМД елдеріне, тек ХХ
ғасырда ғана Қазақстанда өсіріле бастады.
Эхинацеяның химиялық құрамы мен фармокинетикасы туралы алғашқы
мағлұматтар 1897 жылы ДЖ,Люйдпен жарияланған.
Шамамен жүз жыл уақыт зерттелген эхинацеяның биохимиясы туралы
мәліметтер Бауэр, Вигнер және Фостер еңбектерінде, сонымен қатар Хоббитин
анықтамаларында толық қарастырылған.
Украйна жағдайында онтогенез В.А.Мельмовамен зерттелген, ал академик
А.В.Фомин атындағы ботаникалық бақылауда үш түрін интродуцирледі: күлгін
эхинацеясы, ақшыл және жіңішке жапырақты эхинацеясы.
Қазақстанда интродукциялық зерттеулер Қазақстан Республикасының МНиО
ботаникасы мен фитоинтродукция институтында У.Х.Суюнсалиева, Т.А.Коваленко,
Н.Т.Ташкулова мен жүргізілуде, Орти Урал жағдайында Е.С.
Васфилова мен жүргізілуде.
Күлгін және жіңішке жапырақты эхинацеяның морфобиологиялық сипаттамасы
мен биологиялық гүлдену жолдары Ташкент жағдайында.
С.Худжаниязава мен әсіресе су режимі О.А.Ильинскимен
зерттелді.
Қазіргі уақытта құрамында күлгін эхинацеясы бар 70-ке жуық
аллопатикалық және гамеопатикалық препараттар белгілі, ал жалпы дүние
жүзінде шығарылатын “иммунал”, “эхинацея”, “эхинор”, “эстифан”,
“күлгін эхинацея тұнбасы” “эхинацея майы”, “Богатырь”, “эхинацея” және тағы
басқа сияқты 300 жуық медициналық препараттардың құрамына
кіреді.
Бұл заттар Қазақстанға өте қажет, өйткені елімізде 108 мың онкоаурулар
бар және жыл сайын олардың саны 28 мыңға өсіп жатыр. Республика бойынша
ауру – сырқауға шалдығатындардың орташа көрсеткіші – 81,2 де
яғни 100 мың халыққа шаққанда.
Сонымен Оңтүстік Қазақстанда осы өсімдікті зерттеу дәрілік өсімдік
шикізатының шикізат базасын кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді.
Күрделі гүлділер тұқымдасы. Эхинацея грек сөзінен тікенекті (күрделі
гүлді жапырақшалары ине тәрізді өткір тікенекті болып келеді) деген
мағынаны білдіреді.
Эхинацея туысына 5 түрлі шөптесін өсімдік кіреді, олар жабайы түрде
Солтүстік Американың атлантикалық аудандарында және Мексикада кездеседі.
Бұл көп жылдық, тамыр сабақты, 1-15 м биіктегі тік сабақты, әдемі күлгін
гүлді өсімдік. Оның спецефикалық дәмі мен иісі бар.
Себеттері көп гүлді жапырақшалары 2-4 қатарлы болып орналасқан, ланцты
болып келеді. Дәрі шөптердің кейбіреулері табиғатта өте аз мөлшерде
кездеседі, сондықтан олардан қор жинау рентабельді болмай қалады. Сол
себепті арнаулы түрде дәрілік шөп егетін “Дермене” және “Фрунзе” совхоз
шаруашылықтары құрылып, ол жерлерде дәрі шөптерге арнаулы алаңшылар
бөлініп, техника және білімді мамандар жұмыс істей бастаған. Осының
арқасында дәрі шөптерден үлкен өнім алына бастаған.
Гүл шоғыры конусты, онда біз тәрізді төбесі өткір, қалқанша тәрізді
күрделі гүлді, жапырақшалары орналасқан, әдетте қою түсті және түтікшелі
гүлдері бар, жетілмеген аналығы бар, ішкі түтікшелі гүлдері қос жынысты.
Тұқымдарының шеттері кішкене тісті болып келген, қалың төрт қырлы
пирамидалы. Шөптесін өсімдіктер қарапайым немесе әлсіз бұтақты сабақтан
және кезектесіп орналасқан (сирек супротивті) қарапайым тісті немесе
шеттері түгел жапырақты 3-5 көлденең жолақтардан тұрады.
Емдік қасиеті.Қазіргі кезде республикамыздағы дәрілік заттар
шығаратын өндірістік орындар еліміздің дәрі – дәрмектерге деген
қажеттілігінің 2-3 пайызын ғана қанағаттандырады. Еліміздің дәрілік
заттарға жалпы қажеттілік жылына 300 млн АҚШ долларын құрайды және оның 55
пайызы ТМД елдерінен 42 пайызынан астамы алыс шет елдерден тасымалданатын
дәрілердің есебінен өлшенеді.
Соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерді кең көлемді егіс алқаптарында
өсіруге көп көңіл бөлінуде, өйткені отандық шикізат қорын жетілдіруде бұл
бағыттың болашағы зор. Соған орай Қазақстан Республикасының көптеген
аграрлық ғылыми – зерттеу институттарында дәрігерлік өсімдіктерді
жерсіндіру және оларды өсірудің тиімді әдістер жиынтығын жетілдіру,
биологиялық белсенді заттарды анықтап, химиялық тұрғыдан зерттеу, сондай –
ақ өңдеудің әдістер жиынтығын жасап фитопрепараттар алу жөнінде зерттеулер
жүргізілуде. Өзіндік фармацевтикалық өндіріс құру өте көп қаржы және ұзақ
қажет етеді. Дәрілік өсімдіктерден дәрі-дәрмек өндіру, медицинада және мал
дәрігерлігінде өсімдіктердің өзін және жиынтығын қолдануды көбейту
жұмыстарын ұйымдастыру анағұрлым тез, әрі ыңғайлы болыр еді.
Бүйрек және бауыр аурулары, асқазан, ішек жолдары нефрит пен циститті
емдеу үшін, несепте тас пайда болу аурулары, созылмалы простатит, аденома
буында тұз жиналған кезде қолданылады.
Қолдану әдісі: шөптің 1 ас қасығына 1 стакан қайнаған ыстық су
құйып, 2-3 сағат тұндырады, суытып сүзеді. 13 стаканнан тамақ алдында 20
минут бұрын қабылдайды. Емдеу курсы 5-6 апта. Дәрігердің белгілеуімен
қабылдаған абзал.
Коллекциялық алаққойды дайындау. Питомникті жасауға топырақ
қабаты жақсы, жер рельесі ыңғайлы алаққой таңдап алынады.
Өсімдікті егуден бұрын алаққойды жақсылап айдап, жырту қажет. Бұл
жұмыс, әсіресе арам шөптер өсіп кеткен жерлер үшін пайдалы жерді жырту
наурыз, сәуір айларында, жауын жаутын мезгілдерде жүргізіледі. Жырту
тереңдігі 20-22см. Айдалған жерді жақсылап тырмалайды, топырақты
майдалайды. Зябь айдауы күзде жүргізіледі, тереңдігі 20-22см, одан соң
тырмаланады. Көктемде қайтадан тырмалау қажет. Алаққойды бөліктерге бөліп
егудің алдында оның жобасы сызылады. Сол жоба бойынша тәжірибе алаңдары
жіптермен бөлінеді, белгіге қазықтар қазылады.
Жерсіндіру егу техникасы. Алаққойдағы өсімдіктердің қалай өскендігін
байқау мақсатымен салыстырмалы түрде бір алаққойдың шамасы алынады.
Жерсіндіру кезінде біз әр түрлі өсімдіктің тіршілігін алатын болсақ,
мақсатты тексеруге тек жан-жақты зерттеледі (вегетациялық өсу мерзімі,
түсімі т.б).
Көпжылдық дәрілік өсімдіктердің тұқымдары үш қатар болып егіледі.
Қатардың ұзындығы 10м болады. қатар аралығы 30-45см.
Бір жылдық дәрілік өсімдіктердің питомниктерінде де тұқымдары үш
қатарға егіледі. Қатар ұзындығы 10м, аралығы 15-30-45см. Үлгі ретінде бір
рет, бір қатарға тұқым себіледі. Үлкен өсімдіктер, пиязшықтарда дәл осы
әдіспен егіледі. Көпжылдық өсімдіктердің питомниктегі сынақ мерзімі 3-15
жыл, бір жылдық өсімдіктердікі 2-3 жыл болады. Сынақ мерзімнен кейін ең
пайдалысы табылған дәрілік өсімдік түрлері өндіріске беріледі, экологиялық
сынақтарға, селекциялық тексеруге беріледі.
Экологиялық сынақтың мақсаты – пайдалы дәрілік өсімдіктердің топырақ –
климаттық жағдайларына төзімділігін бақылау, бұл жерде де дәл
интродукциялық питомниктегі жерде де дәл сол сияқты болады.
Өндірістік сынақтан мақсаты – пайдалы дәрілік шөптердің өндіріс
жағдайына бейімдеу. Өндірістік сынақ дәрілік өсімдіктерде 3-5 га көлемінде
жүргізіледі, өсімдік түріне қарай жер көлемі әр түрлі болуы мүмкін
(1,2га, 0,5 га).

1.3 Дәрілік өсімдіктерді өсіру және жинау әдістері
Дәрілік қасиеті бар өсімдіктердің кейбіреулерін үйде егіп өсіруге
болады. егер осы істі дұрыс қолға алатын болсақ, біріншіден, бұл табиғатқа
жасаған көмегіміз, яғни табиғаттағы өсімдік байлығына аз болса да қосымша
қор болады. Екіншіден, дәрілік өсімдіктер қысы-жазы қол астымызда болып,
керек уақытында еш жақтан іздемей-ақ пайдалануға болады. Үй ішінде
өсірілетін өсімдіктер қатарына жұпаргүл, жебіршөп, жалбыз, зире, шалфей,
мелисса т.б. осы сияқтылар жатады. Осынадй қатар құнарлы топырақ, құм
қарашірік, уақталған тастарды әзірлеу тиіс. Бұдан кейін қажетті өсімдік
егілген ыдыстарды қоятын орын дайындап алған дұрыс. Қыста терезе алдын, ал
жаз айларында балкон, лоджа, террасты пайдалануға болады.Өсімдіктерге жарық
толық түсетін болуы керек. жарық жеткіліксіз болса люминесцентті шамды
тәулігіне 8-10 сағаттай жағып, қосымша жарық жібереді. Өсімдіктерді
отырғызар және дән себер алдында ыдыс түбіне әзірленген уақ тастарды, ал
оның бірдей мөлшерде құнарлығы топырақты, құмды, қарашірікті салып
толытырады. Осыдан кейін оларға себетін өсімдік дәнін бір проценттік
марганец қышқылды калий ерітіндісінде ұстап, содан кейін таза сумен жуып
ыдыстарға себу керек.
Өсімдікті үйде өсіргенде ең жауапты жұмыстың бірі- ыдыстардағы
топырақтан ылғал үзілмеуі керек. оларға пайдаланылатын суды біраз тұндырып
алып құйған дұрыс. өсімдіктер ыдыстарға отырғызылып болған соң 8-10 аптадан
кейін 2 грамм тыңайтқыш ерітіндісімен суарады. Шаруашылық заттарын сататын
дүкендерде арнайы тыңвйтқыщ ерітіндісін алған жөн. Тыңайтқышпен суарғанда
ыдыстағы топыраққа сіңіріп, өсімдікке тигізбеуге тырысу керек.
Дәрілік өсімдіктердің елуден астам түрі өндірістік жолмен өсіріледі.
Осыған байланысты олардың биолгиялық ерекшеліктері, агротехникалық шаралары
толық зерттеліп, олар арнайы айналысатын шаруашылықтарға тегіс, қолданылып
келеді. Сондай плантацияларда алоэ, левзея, жалбыз рауғаш, шалян, қуандәрі,
мия түймедақ, шырғанақ, лаванда, бақажапырақ, тағы басқалары, әр түрлі
дәрілік өсімдіктер өсірілуде. Дәрілік өсімдіктерді өсіргенде олардың
әрқайсысының биологиялық ерекшеліктеріне көңіл аударып отырған жөн. Бұл
өсімдіктердің біразы тек вегетативтік жолмен, ал кейбіреулері тұқымынан
немесе тамыр түйнектерінен өсіп өнеді. Сонымен қатар олардың өсіп-өнуі
табиғат жағдайының әртүрлі өзгерістеріне орай құбылмалы келеді. Мысалы,
алоэ өсімдігі бұтақ кесінділеріннен, яғни вегетативті жолмен өсетін,
жылылықты жақсы көретін өсімдік. Ал топырақтағы артық ылғал бұл өсімдіктің
өсуіне кедергі жасайды. Ал жалбыз-тікен өсімдігі дәнінен, дымқылы молырақ
топырақта өсіп-өненді. Тамыр кесінділері, болмаса бүршіктері арқылы да
өсіруге болады. жылылығы мол жерде жақсы өнім береді. Осы сияқты валерьян
да тұқымнан өседі. Бұл өсімдіктің жаңа өскен көзі 600С дейін салқындыққа
шыдайды. Жалпы, валерьян суыққа берік, ылғал сүйгіш өсімдік. Механикалық
құрамы жеңіл қара-топырақты жерге еккен дұрыс. Сол сияқты левзия өсімдігі
де тұқымнан өсіп - өнеді. Жылбыз өсімдігін вегетативті жолмен тамыр
кесінділерінен өсіруге болады. Құнарлы топыраққа дымқыл мол болғанда жақсы
өсетін, жарық сүйгіш өсімдік. Дәл осындай жағдайда бақажапырақ та жақсы
өседі. Бұл өсімдік тек дәннен көбейеді.олардың тұқымын екі рет, күзде және
жазғытұрым себу керек. түймедақ та осындай өсімдіктердің қатарына жатады.
Ол да жарық сүйгіш өсімдік, бірқалыпты ауа-райында жақсы өседі. Дән жылдам
көгеріп шығуы үшін себілген топырақ ылғалдылығы жеткілікті болғаны жөн.
Топырақ пен ауаның дымқылдылығы бірқалыпты жеткілкті болғанда рауғаш өте
жақсы өседі. Өсу мезгілінде ауа райының бірқалыпты болғаны оның жақсы
өсуіне септігін тигізеді. Жақсы өнім алу үшін бұл шөптің дәнін ерте
жазғұтырым еккен дұрыс.
Вегетативті жолмен өсетін өсімдіктердің бірі лаванда. Оны өсіру үшін
кесінділерін алдын ала парникте тамырланғанша ұстап, содан кейін отырғызу
керек. Жалпы лаванда жылу мен жарықты жақсы көреді.
Осы сияқты көптеген дәрілік өсімдіктерді шаруашылықтарда арнайы егіп,
өсіріп дәрі-дәрмек жасауға керекті мөлшерде дәрігерлік мекемелерді
қамтамасыз етіп отырады. Қазірдің өзінде, тек шалфей өсімдігі 18-20мың
гектар жерде өсіріледі және оның өнімі де жоғары, гектарынан 100-150
центнер тамыр, бақажапырақтан 12-15 центнер, жылбыздікінен 8-10 центнер
кепкен жапырақ өнімдері алынады. Әрине мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер жайлы
Аурулар мен зиянкестерге өсімдік иммунитеті
Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау
Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді пайдаланудың тиімді жолдары
Пәнаралық байланыстар география сабағында
Биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы туралы
Тұзды топырақтардың бейімділігі негізінде
Оқушылардың ғылыми - жаратылыстану бағытында ойлау қабілеттерін дамытуды зерттеу
Экономика, геология-экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру мен жобалау
Табиғат қорларының кешенді пайдалануы
Пәндер