Қазақстан Республикасының Рәміздері



1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ
4 НҰРСҰЛТАН ӘБIШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
5 ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫ
Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Кү н шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезiкөшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқыныңөсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан
Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан
Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996)
белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол
— елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi.
Шаңырақ — Кү н шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi
iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезiкөшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың,
отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың  сәйгүлiгi, желдей
ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың,
мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.
Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның,
самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың,
жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар  Уақыт  пен  Кеңiстiктi 
бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi
өмiр сүретiн Қазақстан халқыныңөсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы,
алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi
iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан
Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков
пен Шотаман Уәлиханов.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар
Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк
бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран
бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк
жолақ өрнектелген.  Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi
ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi  Шәкен
Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз  ашық а спанның биiк
күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының  бiрлiк,  ынтымақ  жолына
адалдығын аңғартады.
Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық
пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және
оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге
сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi.
Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де
халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып,
мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке
ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға
болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн —
қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана
бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк,
айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк
сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ
Сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев
Әні: Ш.Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

НҰРСҰЛТАН ӘБIШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
(ҚР-ның  тұңғыш президенті)

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл,
Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет
қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының
тұңғыш президенті.
Отбасы және балалық шағы
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай
ауданына  қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге
келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында
Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі
Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды.
Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең
ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: Менің
сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан
болсын.Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат
болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында
өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ
тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш
қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып
тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы
молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге
келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық
өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді
құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-
ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең
үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса
құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып
шығуға жан-тәнімен кірісті.  Жас кезінде Іле Алатауының баурайында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КР мемлекеттік рәміздері туралы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы
Мәдениет морфологиясы туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер кітабынан
ТӘУЕЛСІЗДІГІМ – ТУЫММЕН ТҰҒЫРЛЫ, ЕЛТАҢБАММЕН ЕҢСЕЛІ
Еліміздің нышандарының пайда болу белгісі мен олардың нақты сипатын айқындау
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері жөнінде
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (нышандары)
Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер
Біз рәміздерді құрметтейміз
Пәндер