Қазақ тіліндегі жұмбақтардың этнолингвистикалық сипаты


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ -

Қолжазба құқығында

Султанбекова Жәудір Еркінбекқызы

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

6М020500 - ФИЛОЛОГИЯ мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындаған магистрлік диссертация

ТҮРКІСТАН - 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді:

Қазақ филологиясы кафедрасының

меңгерушісі, ф. ғ. к., доцент

Исаева Ж. И.

(қолы)

«___»2015ж

Магистрлік диссертация

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

мамандығы: 6М020500 - ФИЛОЛОГИЯ

Магистрант Ж. Е. Султанбекова

(қолы) (аты-жөні, тегі)

Ғылыми жетекшісі,

ф. ғ. к., доцент Б. О. Оспанова

(қолы) (аты-жөні, тегі)

ТҮРКІСТАН - 2015

МАЗМҰНЫ

Аннотация 4

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы 6

І. Этнолингвистика - ғылым саласы

  1. Этнолингвистиканың зерттелу тарихы мен қазіргі

бағыт-бағдарына шолу 10

1. 2 Этностың өткені мен болашағының айнасы - жұмбақтардың

зерттелу тарихы 18

1. 3. Жұмбақтар - ата-бабамыздан қалған байырғы мұра 28

II. Қазақ жұмбақтарының этнолингвистикалық сипаты

2. 1 Жұмбақ жанрының «Адаммен», «Қоғаммен», «Табиғатпен»

байланыстылығы 32

2. 1. 1 «Адамға» қатысты жұмбақтардың берілуі 41

2. 1. 2 «Қоғамға» қатысты жұмбақтардың берілуі 46

2. 1. 3 «Табиғатқа» қатысты жұмбақтардың берілуі 51

2. 2 Қазақ жұмбақтарының бейнелілік қасиеті

2. 3 Түркі елдерінің халықтық жұмбақтары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША

Аннотация

Диссертация тақырыбы: «Қазақ тіліндегі жұмбақтардың этнолингвистикалық сипаты»

Диссертация көлемі: парақ

Кестелер саны - слайд түрінде электронды нұсқада

Қолданылатын әдебиеттер саны: кіріспеден, екі үлкен тараудан, тараушалардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Зерттеу жұмысының басты мақсаты - ұлттың рухани мәдениетінің көрінісін айғақтайтын қазақ этносының ұғым-түсінігінде бекіген, қазақ жұмбақтарының құрылымын, оларға қатысты ұғымдардың этнолингвистикалық табиғатын анықтау мақсатында, оларды «Адам - Қоғам - Табиғат» үштігі елегінен өткізіп, «Адамға қатысты жұмбақтар», «Қоғамға қатысты жұмбақтар», «Табиғатқа» қатысты жұмбақтар тұрғысынан «індете» зерттеуді (Ә. Т. Қайдар), олардың тілдік жүйедегі орнын, болмыс-бітімін анықтау болып табылады.

Бұл мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:

- Қазақ жұмбақтарын халық ауыз әдебиеті үлгілерінен, түрлі саладағы зерттеу еңбектерден жинақтау, жүйелеу;

- жұмбақтардың этнолингвистикалық сипатын ашу үшін этнолингвистика

ғылымына, зерттеу объектісіне, ғалымдар зерттеулеріне шолу жасау;

- қазақ тіл біліміндегі жұмбақ жанрының зерттелу тарихы мен қазіргі бағыт-бағдарына үңілу;

- қазақ жұмбақтарының этнолингвистикалық сипатын анықтау үшін:

-жұмбақтардың ұлттық құндылығымызды қалыптастырудағы алатын орнына қатысты материалдарды кешенді зерттеу арқылы анықтау, «Адам - Қоғам - Табиғат» үштігі «елегінен» өткізіп, «індете» зерттеуге тырысу;

- қазақ жұмбақтарының «Адам», «Қоғам», «Табиғат» саласына қатыстылығын ескере отырып, топтастыру, олардың мағынасын айқындау.

- жұмбақтар мен мағына астарындағы этюдтерді ашу;

- этнолингвистиканың теориялық тұжырымдарына сүйене отырып, жұмбақтарға байланысты атаулардың этномәдени уәждерін, уәждік жүйесін этнографизмдер негізінде айқындау;

- қазақ жұмбақтарының ұлттық сипатта қалыптасуы мен рухани-мәдени өмірдегі орнын, этномәдени мазмұнын қарастыру.

Жұмыстың ғылыми нәтижелер жаңалығы .

Қазақ халқының қазына-байлығының бірі болып табылатын жұмбақ жанрының табиғаты көптен бері әдебиетші ғалымдар тарапынан әр қырынан қарастырылып келеді.

Қазақ тіл білімінде ауыз әдебиетінің, фольклор жанрының нақты бір түрі ретінде, жұмбақ жанрының тілдік ерекшеліктеріне, лексикасына байланысты зерттеу жұмыстары жазылғанмен, қазақ жұмбақтарының этнолингвистикалық сипаты арнайы түрде қарастырылған емес.

Сондықтан, жұмыстың жаңалығы - олардың алғаш рет этнолингвистикалық тұрғыдан қарастырылуы болып табылады.

Атап айтқанда, тіл мен этностың, мәдениеттің, рухани-мәдени сабақтастығы, қазақ жұмбақтарының салт-дәстүрдегі, дүниетанымдағы көрінісі этнолингвистикалық талдаулар арқылы сараланып, жұмбақтарға байланысты ұғым-түсініктердің негіздері, уәжді белгілері айқындалады

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы

Зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымдары тіл мен мәдениет, тіл мен ұлт, тіл мен дүниетаным, тіл мен ойлау сабақтастығын қарастыратын этнолингвистика саласының теориялық негіздерін белгілі дәрежеде толықтыра түсіп, қазіргі «этнолингвистика» бағытындағы зерттеулерге өзіндік үлес қосуға талпыныс жасалды.

Жұмыстың негізгі теориялық және практикалық мәні - осы зерттеудің теориялық тұжырымдары мен нәтижелері негізінде қазақ жұмбақтарына байланысты ұғым-түсініктерді әлі де зерттей отырып, бір жағынан, қазақ тіліндегі жұмбақтардың орны мен рөлін, екінші жағынан, қазақ жұмбақтарының адам мен табиғат, тіл мен мәдениет, заттық мәдениет пен рухани мәдениет сабақтастығы арқылы этнос болмысын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеуінде.

Зерттеу барысында қол жеткізген тұжырымдар мен тілдік фактілерді жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде семинар және практикалық сабақтар өткізуде, сондай-ақ, жас ерекшеліктеріне байланысты, әсіресе, мектеп оқушыларын - балаларды ұтқырлыққа дайындау, тәрбиелеу барысында дәрістерде, мектепішілік сайыстарда пайдалануға болады.

Жұмыстың мақұлдануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысына байланысты негізгі тұжырымдар мен диссертацияның мазмұны халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда талқыланып, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Бақылау комитеті бекіткен тізімдегі республикалық басылымдарда жарияланды:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білімі институты.

Султанбекова Ж. Е. Оспанова Б. О, Қазақ жұмбақтарының зерттелуі // «Профессор Қ. Қ. Жұбанов және қазіргі тіл білімі, әдебиеттану және әдістеме саласындағы ғылыми-әдіснамалық зерттеулер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (26 ақпан Алматы, 2015. 265-б)

2. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабаршысы №1 (93) қаңтар-ақпан 2015. Султанбекова Ж. Е. /Жан-жануарларға байланысты жұмбақтардың этнолингвистикалық сипаты. 61-65б

Диссертация жұмысы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Салааралық координациялық ғылыми-техникалық кеңесінің І ғылыми семинарында баяндалып, талқыланды.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі тіл білімінде этномәдени тіл бірліктерін белгілі бір тақырыптар төңірегінде топтастыра отырып, оларды түрлі бағытта қарастыру кең үрдіс алып келеді. Тіл - тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол өзінің кумулятивтік (сақтап - жеткізушілік) қасиетінің арқасында адам қолымен жасалған материалдық және рухани мәдениетті болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал.

Тілдің осындай қызметінің арқасында халықтың өмір сүру дағдысының, халықтық тәжірибелік білімнің, дәстүр жалғастығының сабақтастығы сақталып, олар жаңғыртылып, жетілдіріліп отырады. Осыған байланысты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, материалдық және рухани мәдениеті мен дүниетанымын тіл арқылы зерттеп сипаттау - қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттары деп аталатын этнолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану, когнитивтік лингвистика сияқты ғылым салаларының негізгі зерттеу объектісі болып отыр.

Тілді этностың барша болмысымен тікелей байланысты, адамзаттық құндылықтар жүйесінің құрамдас бөлігі тұрғысынан зерделеу - ХХІ ғасыр тілтанымдық зерттеулерінің жалпы бағытын айқындайды.

Этнолингвистика - этнос тілі мен сол тілде сөйлеуші халықтың мәлени - тілдік деректерін сипаттайтын, этнос тілін өз лексикасы арқылы басқа этносқа танытатын, ұлттық рух пен ұлттық тілдің туын көтеретін, этностың тіл байлығын тек оның болмысы арқылы өз тұғырына жеткізіп, келешекке танытатын, тілдік деректерді ұлттық нышанда жарата да, жарқырата да алатын, ұлттық рух пен тіл арасында өзіндік жолы бар, тілді этностық таным тұрғысынан басқа тіл ғылымдарынан ерекшелене алатын, қоғамдық-әлеуметтік, эстетикалық, философиялық сипаты бар кешенді пән.

Осы тұрғыдан алғанда, ата-бабаларымыздың ұлттық және рухани мәдениетінің айқын көрінісі, халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі - жұмбақ жанрының да қызметі орасан зор болған.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылыми кеңістіктегі немесе қогамдық өмірдегі басты құндылықтардың бірі - этнос пен тіл тұтастығы болып табылады. Этнос пен тіл арасындағы мәселе бүгінгі күннің ғана емес, өткен мыңжылдықтардың да толғақты тақырыптарының бірі болды деп айтуға болады.

Қазақ жұмбақтарының мағынасын этнолингвистикалық тұрғыдан талдап-тарату, сол арқылы ана тіліміздің байлығын, халқымыздың қиыннан қиыстырып, ұрпағымызға кез-келген құбылысты жұмбақтап айтып, оның шешімін тапқызу арқылы логикалық ойлылыққа баулуы - қазақ тілінің және сол тіл иесінің ой оралымдылығын арттыра түсетіні белгілі. Бұл мәселенің өзі - осы зерттеу жұмысының өзектілігін белгілейді.

Қазақ тіліндегі жұмбақтардың қызметі мен оның әлеуметтік табиғатын, құрамын анықтау, сол арқылы жұмбақтардың қоғамдағы атқарар орны мен рөлін айқындау, этнолингвистикалық тұрғыдан зерделеу - арнайы зерттеуді қажет ететін күрделі тақырыптардың бірі болып табылады.

Қазақ жұмбақтарын этнолингвистикалық тұрғыдан эерделеу барысында уәжділік қасиеттерін анықтауды тілдік және тілдік емес (экстралингвистикалық) мәнділіктермен байланыстыра қарастыру және «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сай этнолингвистикалық бағытта кешенді зерттеу жүргізу де тақырыптың өзектілігін дәлелдей түседі.

Ата-бабамыздан қалған ұлттық құндылықтарымызды этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеп білуге зор мән беріліп отырған бүгінгі таңда, мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлесін қоса алатындығы да жұмыстың өзектілігін айқындайтын алғышарттардың бірі болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері Зерттеу жұмысының басты мақсаты - ұлттың рухани мәдениетінің көрінісін айғақтайтын қазақ этносының ұғым-түсінігінде бекіген, қазақ жұмбақтарының құрылымын, оларға қатысты ұғымдардың этнолингвистикалық табиғатын анықтау мақсатында, оларды «Адам - Қоғам - Табиғат» үштігі елегінен өткізіп, «Адамға қатысты жұмбақтар», «Қоғамға қатысты жұмбақтар», «Табиғатқа» қатысты жұмбақтар тұрғысынан «індете» зерттеуді (Ә. Т. Қайдар), олардың тілдік жүйедегі орнын, болмыс-бітімін анықтау болып табылады.

Бұл мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:

- Қазақ жұмбақтарын халық ауыз әдебиеті үлгілерінен, түрлі саладағы зерттеу еңбектерден жинақтау, жүйелеу;

- жұмбақтардың этнолингвистикалық сипатын ашу үшін этнолингвистика

ғылымына, зерттеу объектісіне, ғалымдар зерттеулеріне шолу жасау;

- қазақ тіл біліміндегі жұмбақ жанрының зерттелу тарихы мен қазіргі бағыт-бағдарына үңілу;

- қазақ жұмбақтарының этнолингвистикалық сипатын анықтау үшін:

-жұмбақтардың ұлттық құндылығымызды қалыптастырудағы алатын орнына қатысты материалдарды кешенді зерттеу арқылы анықтау, «Адам - Қоғам - Табиғат» үштігі «елегінен» өткізіп, «індете» зерттеуге тырысу;

- қазақ жұмбақтарының «Адам», «Қоғам», «Табиғат» саласына қатыстылығын ескере отырып, топтастыру, олардың мағынасын айқындау.

- жұмбақтар мен мағына астарындағы этюдтерді ашу;

- этнолингвистиканың теориялық тұжырымдарына сүйене отырып, жұмбақтарға байланысты атаулардың этномәдени уәждерін, уәждік жүйесін этнографизмдер негізінде айқындау;

- қазақ жұмбақтарының ұлттық сипатта қалыптасуы мен рухани-мәдени өмірдегі орнын, этномәдени мазмұнын қарастыру.

Зерттеудің нысаны Қазақ жұмбақтарының, соған байланысты ұғым-түсініктердің этнолингвистикалық сипаты.

Зерттеудің әдістері Зерттеу кезеңі мен дереккөздерді жинау барысында сұрыптау, жүйелеу, талдау тәсілдері, жұмбақтардың этнолингвистикалық сипатын анықтауда лексика-семантикалық талдау, топтастыру, семасиологиялық, этнолингвистикалық талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы Қазақ халқының қазына-байлығының бірі болып табылатын жұмбақ жанрының табиғаты көптен бері әдебиетші ғалымдар тарапынан әр қырынан қарастырылып келеді.

Қазақ тіл білімінде ауыз әдебиетінің, фольклор жанрының нақты бір түрі ретінде, жұмбақ жанрының тілдік ерекшеліктеріне, лексикасына байланысты зерттеу жұмыстары жазылғанмен, қазақ жұмбақтарының этнолингвистикалық сипаты арнайы түрде қарастырылған емес.

Сондықтан, жұмыстың жаңалығы - олардың алғаш рет этнолингвистикалық тұрғыдан қарастырылуы болып табылады.

Атап айтқанда, тіл мен этностың, мәдениеттің, рухани-мәдени сабақтастығы, қазақ жұмбақтарының салт-дәстүрдегі, дүниетанымдағы көрінісі этнолингвистикалық талдаулар арқылы сараланып, жұмбақтарға байланысты ұғым-түсініктердің негіздері, уәжді белгілері айқындалады.

Зерттеудің дереккөздері Қазақ тіліндегі жұмбақтардың этнолингвистикалық табиғатын ашу барысында 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен, ғалымдардың еңбектерінен қажетті мәліметтер мен деректер алынды. Ғылыми талдау жасап, тұжырым айтуда, біз осы деректерге, әсіресе қазақтың классик ақын-жазушыларының шығармалары мен ауыз әдебиеті үлгілеріне, этнолингвистикалық зерттеулерге, жұмбақ жанры туралы ғалымдардың зерттеу еңбектеріне көбірек көңіл бөлдік. Осы жанрдың алғашқы үлгілерін жинап, түзету, оларды баспасөзде жариялау ісінде еңбек сіңірген ғалымдар А. Лютш, П. М. Мелиоранский, В. В. Васильев, Г. Н. Потанин, қазақ ғалымдары Ы. Алтынсарин, Ә. Диваев, Ә. Марғұлан С. Аманжолов, Т. Жанұзақов, М. Әуезов, М. Әбжанов, Ж. Адамбаева, Н. Оңғарбаева, Ш. Кәрімдердің тұжырымдары мен пікірлері ескерілді.

Зерттелу деңгейлері Жұмбақтар-этноспен біте қайнасқан, жанр болғандықтан, сонау ата-баба заманынан бері тарих сахнасынан түспей келе жатқан өміршең жанр. Осы жанрды этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу үшін тақырыптарды этнолингвистикалық тұрғыдан қарастырған зерттеулер басшылыққа алынды: Қайдар Ә. Т Этнолингвистика/Білім және еңбек (№10. қазан, 1985, 18-22бб) . Жанпейісов. Е. Этнолингвистика / Ана тілі (1994, 20 қаңтар. 7-б) . Манкеева 1) Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты, Алматы: Ғылым.

(1997, 272 б) . 2) Манкеева Ж. А. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. Алматы: Жібек жолы, (2008. 13-бб) . Қайдаров Ә. Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі(1998, 304-б) Адамбаева Ж. Қазақ жұмбақтарының әдеби-стилистикалық және тілдік ерекшеліктері Алматы, (1996. 16-б) . Оңғарбаева Н. «Қазақ жұмбақтарының тілі» Алматы(1997, 57- б)

Керім Ш. Қазақ жұмбағы. Алматы: (Арыс, 2007. 156-б) .

Сағидолдақызы Г. Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны. Алматы «Ғылым» 2003(98-б. б) Алмауытова Ә. Б. Қазақ тіліндегі киім атауларының этнолингвистикалық табиғаты. Ф. ғ. к., дисс. Алматы, 2004. 128-б.

Сағынова Б. Ұ. Қазақ тіліндегі адам интеллектісіне қатысты лексика Филол. ғыл. канд. дисс. Алматы(1999, 125-б) . Уызбаева Б. Б. Қазақ тіліндегі соматикалық етістік фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты: Филол. ғыл. канд. дисс. Алматы (1994, 203-бет)

Жаубасова Т. Б. Музыкалық аспаптар атауларын этнолингвистикалық тұрғыдан сипаттау. «Академик Ә. Т. Қайдар және тіл білімінің мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдарынан. А., 2004. (185)

Сейітова Ш. Өсімдікке байланысты тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамасы. Ф. ғ. к. дисс. Алматы, (1999, 147-бет)

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы Зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымдары тіл мен мәдениет, тіл мен ұлт, тіл мен дүниетаным, тіл мен ойлау сабақтастығын қарастыратын этнолингвистика саласының теориялық негіздерін белгілі дәрежеде толықтыра түсіп, қазіргі «этнолингвистика» бағытындағы зерттеулерге өзіндік үлес қосуға талпыныс жасалды.

Жұмыстың негізгі теориялық және практикалық мәні - осы зерттеудің теориялық тұжырымдары мен нәтижелері негізінде қазақ жұмбақтарына байланысты ұғым-түсініктерді әлі де зерттей отырып, бір жағынан, қазақ тіліндегі жұмбақтардың орны мен рөлін, екінші жағынан, қазақ жұмбақтарының адам мен табиғат, тіл мен мәдениет, заттық мәдениет пен рухани мәдениет сабақтастығы арқылы этнос болмысын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеуінде.

Зерттеу барысында қол жеткізген тұжырымдар мен тілдік фактілерді жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде семинар және практикалық сабақтар өткізуде, сондай-ақ, жас ерекшеліктеріне байланысты, әсіресе, мектеп оқушыларын - балаларды ұтқырлыққа дайындау, тәрбиелеу барысында дәрістерде, мектепішілік сайыстарда пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

- қазақ тіліндегі жұмбақтардың этнолингвистикалық және тілдік табиғатын танып-білуге қажетті теориялық тұжырымдар мен зерттеу принциптеріне шолу жасай отырып, жұмыстың нақтылы өз нысанын анықтау;

- қазақ халқының ата-бабасынан қалған жұмбақ жанры - этностың өткен және қазіргі өміріндегі тұрмыс-тіршілігінің айнасы, ғасырлар бойғы мәдениетінің тұнып тұрған мұражайы;

- жұмбақтар ұлттық сөздік қорымыздың ауқымды қабатын құрайтын күрделі қазына болып табылады;

- қазақ жұмбақтарының этнолингвистикалық сипаты - шектес ғылым салалары деректерін пайдалана отырып, кешенді зерттеу арқылы анықталатын этномәдени туынды;

- қазақ жұмбақтарының этнолингвистикалық сипатын анықтауда жұмбақ болмысын этноспен, этномәдениетпен тұтастықта сипаттайды;

- жұмбақтарға байланысты этнографизмдер мен фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді айқындайды;

- жұмбақтардың этнос өміріндегі, мәдениетіндегі орны, оның этнос тілінің балаң кезінде пайда болып, ұзақ дәуірлер бойында қалыптасып, содан сақталған фольклорлық жанрдың бірі ретінде, өміршең құбылыстар қатарына жататындығын этнолингвистикалық талдау көрсетеді.

Зерттеудің әдістемелері мен тәсілдері Диссертацияның зерттеу нысанына қарап, қазақ жұмбақтарының тамыры тереңде жатқанын, пайда болуы адам баласы тіршілік ете бастағаннан, яғни этнос тілінің балаң дәуірінен басталғанын, бүгінде кіші жанр бола тұрып, ауқымы кең тақырыпқа айналғанын, салыстырмалы-тарихи, әрі баяндау әдістері арқылы зерттелді. Кейбір деректерді терең ашып көрсету үшін ғалымдар зерттеулеріне сүйене отырып, материалдарды жинақтау, топтау, жүйелеу сияқты лингвистикалық әдіс-тәсілдер, этимологиялық, статистикалық және этнолингвистикалық тәсілдер мен этнографиялық талдаулар қолданылды.

Диссертация құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Жұмыс соңында тақырыпқа қатысты слайдтың электронды нұскасы қоса берілді.

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы

Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен материалдары бойынша

екі рет семинар өткізілді.

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білімі институты.

Султанбекова Ж. Е. Оспанова Б. О, Қазақ жұмбақтарының зерттелуі // «Профессор Қ. Қ. Жұбанов және қазіргі тіл білімі, әдебиеттану және әдістеме саласындағы ғылыми-әдіснамалық зерттеулер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (26 ақпан Алматы, 2015. 265-б)

2. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабаршысы №1 (93) қаңтар-ақпан 2015. Султанбекова Ж. Е. /Жан-жануарларға байланысты жұмбақтардың этнолингвистикалық сипаты. 61-65б 3.

1 ЭТНОЛИНГВИСТИКА - ҒЫЛЫМ САЛАСЫ

1. 1 Қазақ этнолингвистикасының зерттелу тарихы мен қазіргі

бағыт-бағдарына шолу

Белгілі бір ұлттың тілін зерттеу арқылы сол тілді қолданушы халықтың салт - дәстүрлерінен, тұрмыс - тіршілігінен, рухани - мәдени өмірінен, әдет - ғұрпынан, ауыз әдебиеті үлгілерінен, этностық таным ерекшеліктерінен, қайталанбас кейбір қасиеттерінен көрініс алуға болады.

Осыған байланысты мәселелерді зерттейтін ғылым саласын тіл білімінде этнолингвистика деп атайды.

Тіл білімінің бір саласы этнолингвистика - тілді сол тілдің иесі - халықтың ауыз әдебиеті үлгілерімен, салт - дәстүрімен, мәдениетімен байланыстыра зерттейді.

Объективті болмыстағы заттар мен құбылыстардың табиғатын, тылсым сырын танып-білудің екі түрлі жолы бар, оның бірі - тілдегі барша атауларды хатқа түсіріп, алфавит тәртібімен қарастыру да, екіншісі - олардың мән-мағынасына, қолданылатын тақырып сәйкестігіне, өзара байланыс-қатыстылығына қарай топтастыра зерттеу - этнолингвистикалық зерттеудің басты мақсаты болып табылады.

Тілдердің сөздік қорында ғасырлар бойы қордаланып, шоғырланып тұратын лексикалық байлықты жүйелеп, топтастыра қарастыру - түркі тілдеріндегі зерттеулерде өте ертеден келе жатқан құбылыс.

ХХІ ғасырда Шығыстың ғұлама ғалымы Махмұт Қашғари өзінің «Дивану лұғат ат-түрк»атты түркі тілдерінің сөздігінде сол кездегі түркі тайпаларының лексикалық байлығын жинақтай келе, оны:

-түркілердің өмірі туралы;

- түркілердің материалдық-мәдени заттары туралы;

- ру-тайпа туралы;

- жер-су аттары туралы;

тағы басқа осы сияқты көптеген тақырыпшаларға бөліп, топтастыру арқылы жасаған зерттеуі 30 тақырыптық топқа жіктеліп қарастырылады. [1, 12-б]

«Әлішер Науаи өз еңбегінде түркі тілінің классикалық парсы тілінен артық болмаса, бірде-бір кем еместігін, сондай-ақ әр саладағы тақырыптық топтардың (ан-құстарға, жылқының жасы мен түр-түсіне т. б. қатысты) жұмбақтардың барлығын келтіру арқылы дәлелдейді»- дейді ғалым Насилов. Д. Н. [2, 151-б]

Тіл байлығын жалпы этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу - тіл ғылымында ежелден-ақ қалыптасқан, яғни XV111-ғасырдың соңы мен X1X ғасырдың басында жасалған И. Г. Гердер, В. Гумбольдт, М. Бреал, В. Вунт, Г. Шухардт, Фердинандт де Соссюр, Бодуэн де Куртэнэ, Ж. Гримм сияқты ғалымдар еңбектерінен көруге болады. Олар этнолингвистика идеясын әр қырынан және әр деңгейде қарастырды.

Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қайнар көзі, шығу арнасы Еуропада В. Гумбольдттың этнофилософиялық тұжырымдары негізінде пайда болса, Америкада Ф. Боас, Эдуард Сепир, Бенджамин Уорфтардың тілдің ойлауға негізделген «лингвистикалық ықтималдық концепциясы» сияқты ғылыми көзқарастарының негізінде бастау алғандығы белгілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫН ЗЕРТТЕУ
Қазақ жұмбақтарының жанрлық және тақырыптық топтары
Нар түйеге байланысты тілімізде мадақтау сипатындағы фразеологизмдер баршылық
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасуы және қолданылуы
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі
Қазақ және ағылшын мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық негізі
Ағылшын, қазақ мақал-мәтелдерін салыстырмалы түрде зерттеу (еңбекке баулу тақырыбы).
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалану
Фразеологизмдерді аудару тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz