Көпұлтты мектептегі патриоттық тәрбие


КӨПҰЛТТЫ МЕКТЕПТЕГІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ
Елімізде бейбітшілік пен ұлтаралық бірлік, ішкі және сыртқы саясат мәселелері, соның ішінде ұлтаралық мәдениетті қалыптастыру мен патриоттық тәрбие беру мәселесі негізгі орын алады. Сондықтан да, біздің алдымызда тұрған негізгі міндет ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті өзара сабақтастыра отырып бүгінгі ХХІ ғасыр ағымына лайықты тұлға қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің ұлттық моделі әлемдік білім кеңістігінде болып отырған өзгерістерге сәйкес, 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған білім берудің Халықаралық стандарттық классификациясына сәйкес жасалды. «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасына және «Білім туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік білім беру жүйесінің құрылымы, білім берудің мазмұны айқындалды. Бүгінгі әлемдегі жаһандандыру үрдісінде жастарды жалпы адамзаттық құндылықтармен қаруландыратын Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына әр жылдары жолдаған жолдаулары, «Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасы», т. б. құжаттар негізгі орын алады.
Көп ұлтты Қазақстан халқы үшiн Отансүйгiштiк сезiмiнiң рухани саладағы тату-тәттi тiрлiгі, азаматтық келiсiмге ғана емес, мемлекеттiң материалдық негiзiн нығайтуға да тiкелей ықпалы бар. Отансүйгiштiк рух - қазақ елiнiң әлемдiк өркениеттi елдер көшiне қосылып, дүние жүзiлiк қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн бiрден-бiр күш.
Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда жастарды Қазақстандық патриотизм арқылы Отансүйгiштiкке баулуға үлкен мән берiлiп отырғандығы үкiметтiң қаулы-қарарларында, ғылыми-зерттеу жұмыстарында және күнделiктi басылым беттерiнде айқын аңғарылады.
Философиялық тұрғыда патриотизм - адамгершiлiк және саяси принцип, сезiм, оның мазмұны - Отанға сүйiспеншiлiк, оған адалдық, оның өткенi мен қазiргiсiне деген мақтаныш, Отан мүддесiн қорғауға құлшыныс. Патриотизм - адамның мыңдаған жылдар бойы бекiген ең терең сезiмдерiнiң бiрi“.
Педагогикалық тұрғыда “Патриотизм әдетте Отанға сүйiспеншiлiк деп аталатын, нақты бiр әрекет бейнесiнде және қоғамдық сезiмдердiң күрделi жиынтығында көрiнiс беретiн, балаларының Отан-анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершiлiк принцип.
Психологиялық тұрғыда ″Патриотизм тұлғаның бойында - ″Отанға деген сүйiспеншiлiк, бойындағы күш қуаты мен бiлiмiн Отан игiлiгi мен мүддесiне жұмсау, туған жерiн, ана тiлiн, елдiң әдет-ғұрпы мен дәстүрiн құрмет тұту.
Жоғарыда берiлген анықтамаларды саралай келе әр кезеңде де патриотизм ұғымы Отанға деген сүйiспеншiлiк тұрғысынан қарастырылады. ХХІ ғасырдағы жаһандандыру процесi бүкiл әлем халықтарын бiрiктiру арқылы өркениеттiлiктi сақтап қалу барысында бар күш жiгерiн жұмсап отырған тұста патриотизм ұғымы кең тұрғыда тек Отанға деген сүйiспеншiлiк емес, әлемдiк тұрғыда қарастыруды қазiргi қоғамдағы және әлемдегi даму үрдiсi талап етедi. Бүгiнгi жаһандану процесi тұрғысынан алатын болсақ “патриотизм ұғымы халықтар мен ұлттардың өз Отанына, мемлекетiне деген сүйiспеншiлiгiмен қатар, әлемдiк дамудың тыныштығы мен бейбiтшiлiгiн сақтау үшiн барлық күш жiгерiн жұмсау”-деген мағынаны бiлдiредi.
Қазiргi таңда “ұлттық патриотизм”, “қазақ патриотизмi” және “Қазақстандық патриотизм”ұғымдары қолданылады.
Ұлттық патриотизм ұғымына әр түрлi көзқарас бар. Ұлттық патриотизмдi жекеленген, оқшауланған ұғым деп қабылдауға тырысады. Жоқ, ұлт бар жерде, ұлттық патриотизм бар. Қазақ халқының жер бетiнен жойылмай сақталуы да ата-бабаларымыздың ұлттық рухының жоғары болуында десек артық айтпаған болар едiк, яғни бұл тарихи шындық.
Ұлт дегенiмiз - адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтiк-этникалық, қауымдық бiрлестiгiнiң жоғары түрi. Ұлт болып қалыптасу үшiн оның құрамына кiрген адамдар тобының материалдық, территориялық және экономикалық жағдайлары, тiлi мен әдебиетiнiң, әлеуметтiк хал-ахуалының, мiнез-құлқының сол ұлтқа тән кейбiр этникалық ерекшелiгiнiң ортақтығы болып табылады.
Ұлттық патриотизм дегенiмiз - елi мен жерi, халқының бостандығы және мемлекет ретiнде жер бетiнде сақталуы үшiн, ұлт намысын жоғары дәрежеде ұстау. Ұлттық патриотизмдi қазақ патриотизмi деп те қарастыруымызға болады. Ұлттық патриотизм - ұлт бостандығы, елi мен жерiнiң тәуелсiздiгi, бiлiм мен ғылым, мәдениет, спортта әлем сатыларының биiк шыңынан көрiнуi негiзгi ұстаным болып табылады.
Қазiргi таңда елiмiз өзiнiң тәуелсiздiгiн алуымен әлемдiк жаһандандыру үрдiсiнен орын алып отыр. Қазақстан бiлiм беру жүйесiнiң Болон декларациясына сәйкес әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне кiруi, экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ұмтылысы жас ұрпақты тәрбиелеуде бiздiң алдымызға үлкен маңызды мiндеттердi жүктейдi. Қазақтанның қарқынды дамуы, әлемдiк кеңiстiкте танылуы патриоттық тәрбие мәселесiн тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк тұрғыда бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтауға бағыттау тұрғысында iске асырмақ. Қазақстандық патриотизм әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының алғашқылардың бiрi болып ядролық қарудан бас тартуы, сынақ алаңдарын жабуы бұл әлемдiк бейбiтшiлiктi сақтауға жасаған негiзгi қадам болып табылады.
Қазақстандық патриотизм - Қазақстанды мекендейтiн барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетiнің әлемдiк биiктен көрiнуі үшiн бiлiм, мәдениет, экономика, әлеуметтiк тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, елiмiздегi бейбiтшiлiк, бiрлiк пен тәуелсiздiктi сақтау үшiн барлық күш жiгерiн жұмсауы. Дегенмен, көптеген баспасөз беттерiнде Қазақстандық патриоизм ұғымы кешегi “кеңестiк патриоизм“ ұғымына пара-пар деп бағалау да бар. Бұл жерде екi ұғымға тән идеология екi басқа. Кеңестiк дәуiрде бiр орталыққа бағындырылған, бiр ғана саясаттандырылған идеология болды.
Қазақстан көп партиялы мемлекеттер қатарына жатады. Яғни, көп партиялық бар жерде бiр ғана идеология болуы мүмкiн емес. Әр партияның өзiндiк идеологиясы бар. Барлық партиялардың бағдарламалары мен тұжырымдамаларында негiзгi мiндеттердiң бiрi болып - Қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру, ұлттық экономиканы дамытуға өз үлестерiн қосу деп атап көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстандық патриотизм - әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну, барлық отандастардың ұлты мен конфессиясына қарамастан жете құрметтеу, олардың салтын, дәстүрін, тарихымен мәдениетін құрметтеу, мемлекеттік рәміздеріне, мемлекеттік тілге құрметпен қарау. Туған жерге деген махабаты, Қазақстанды барлық азаматтардың біріңғай Отаны ретінде қабылдауы» деп түсіндіреді.
Расында да, Қазақстандық патриотизм көп ұлтты Қазақстан үшiн бiрлiк пен елдiктi сақтай отырып, демократияландырылған, әлемдiк өркениеттен орын алу идеологиясы негiзгi дiңгек болып табылады. Бұл жерде ел президентiнiң тұжырымы бойынша “Қазақстандағы ұлтаралық жарастықты негiзгi атамекеннiң иесi - қазақ халқы өз мойнына алуы керек. Өйткенi халқымыз ұлтаралық жарастықты, сыртқы дүниемен өзара тиiмдi ынтымақтастықта жүзеге асыра алса ғана өзiнiң өркениеттi мемлекетiне ие бола алады”, - деп қазақстандық патриотизмдi қалыптастырудың негiзгi тiрегi қазақ халқына үлкен үмiт артады.
ХХІ ғасыр ұрпағын тәрбиелеуде ұлттық мәдениет пен өркениеттiк даму үрдiсiн өзара сабақтастыра отырып тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыруымыз керек. Құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы және педагогикадағы негiзгi құбылыстардың бiрi болып табылады. Мәселен, философияда құндылық қоршаған дүниедегi объектiлердiң әлеуметтiк ерекшелiктерiн, олардың адам мен қоғам үшiн, қоғамдық өмiр мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнiн (игiлiк, жақсылық пен жаманшылық, әсем және көрiксiздiк) түсiндiру үшiн қолданылады.
Мәдени-тарихи тәжiрибе дәлелдегендей жалпыәлемдiк құндылық болып саналатын: қайырымдылық, сүйiспеншiлiк, еркiндiлiк дегендер педагогикада адамгершiлiк өлшемдердiң көрсеткiшi болып табылады. Тәрбиенiң негiзi болып саналатын жалпыәлемдiк құндылықтардың бiрi - тәрбиенiң басқа адамға деген қажеттiлiгi, басқа адамдарды сүйе бiлуi. Әр адамның тағдыры әрқашан әлемдiк дүниемен, адамдармен, ұжыммен байланысты. Сондықтан демократияландыру, адамның құқығы мен бостандығын сақтау жағдайларында ұжымдағы қарым-қатынас мәселелерi бұл күнде ерекше маңызға ие болуда.
Жалпы тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылық - адамдар арасындағы бiр-бiрiне деген түсiнушiлiк, iзгiлiк, мейрiмдiлiк, шыншылдық, кiшiпейiлдiлiк қатынас арқылы көрiнiс беретiн адамның бойындағы рухани қасиеттердiң жиынтығы. Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықты айқындауда жоғарыда патриотизмге берiлген анықтамаларға және құндылық, адамгершiлiк құндылық ұғымдарын философия, педагогика ғылымы тұрғысынан саралайтын болсақ, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық дегенiмiз - қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi ұлттық тілді дамыту, елi мен туған жерiн, Отанын сүю, мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiн сақтау үшiн күресу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz