Қазақстанның зардап шеккен аудандары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
*** Қазақстанның зардап шеккен аудандары
және экологиялық мәселелері
*** Экологиялық факторлар себептен аурулар
*** Қоршаған ортада қажет емес физикалық химиялық факторлар. Қауіп қатердің еркінді
факторлары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстанның зардап шеккен аудандары
және экологиялық мәселелері
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай -2, 925 км (Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін) . Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1. 601) км. Батыс сібір жазығы мен Орал тауларынын жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін Қазақстанның жалпы ауданы (2, 7 млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт (18'7), шөлді (40%) .
Қазақстанның Оңтүстік және шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн-нан астам адамды құрайды.
Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.
Атырау аймағы - Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәссле- табиғи ортаның мұнаймен ластануы.
Атырау аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндірушілері
болып табылатын Атырау және Маңғыстау облыстары жатады.
Халқының саны 1, 47 млн. адам, немссе халықтың 5 %-ынан кем
бөлігін құрайды. Ал ұлттық өнімнің шамамен 16 %-ын береді.
Каспий маңы аймағында мұнайгаз өнеркәсібінің айтарлықтай
дамуы жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай
қоры -3-3, 5 млрд. Тонна және газ - 2-2, 3 м3 Ағымдағы мұнай өндіру барлық қордың 1 % құрайды. 1996 жылы елдің мұнай өндіру садасын қаржынандыру жүргізілді, жақын жылдары одан да артады.
Экожүйелердегі түрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы, тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. Қазіргі кезде экологиялық жағдай бүкіл жер шарындағы адамзат баласын толғандырып отырған қоршаған ортамызды аман сақтап қалу мәселесі кезек құттірмейтін актуальды проблемаға айналып отыр. Осы экологиялық апатта болдырмау үшін әлем халықтары болып, біріге жүмылып күресуіміз керек.
Қазіргі заман талабында қоршаған ортаны қорғау проблемасы қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Біздің облыс орталығының экологтары да біраз игі істер тындырған секілді. Бірақ сонда да облыс экологиясы барған сайын нашарлап барады. Ауаның, судың бұлінуі, судағы тіршілік қорының азаюы, өсімдік пен жануарлар әлемінің жойылу қаупі төнуде.
Экологиялық факторлар себептен аурулар
Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6, 5-теи 12 ЗЖЖК-ге көтерілуі балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы - 1, 4 есеге артуына әкеледі.
Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7-8, Жапонияда - 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24-25 болған.
Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:
1) концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir - рак, генезис - шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а) пирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер, асбест және т. б. жатады;
2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio - өзгеру) - хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а) пирен, колхицин, кейбір вирустар және т. б. жатады;
3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos - құбыжық) - жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т. б. ластаушылар жатады.
Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогеидер (грек тілінен аударғанда embryo - ұрық) эмбрионалдық даму кезінде зақымдануларға әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т. б. ) жатады.
Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен (“минамата”) және т. б. уланудан пайда болған аурулар жатады.
Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар
Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді.
Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті.
Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорды бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид), тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен (еріткіштер) . Бұл топқа өте улы зат - диоксиндер де жатады.
ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін, тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануынан көрінетін винилхлоридтік ауруды туғызады. Ұзақ уақыт бойы винилхлорид қауіисіз деп есептеліп келді. Оны аэрозоль баллондарында газ-тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданып келген. Тек 70-жылдары ғана оның улы қасиеттері анықталды.
Қоршаған ортада қажет емес физикалық химиялық факторлар. Қауіп қатердің еркінді факторлары
Қоршаған ортаны ластау - адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде - қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың және т. б. пайда болуы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы санитарлық-гигиеналық нормативтердің асып түсу деңгейімен сипатталады.
Елдегі экологиялық жағдаяттың нашарлауы да алаңдаушылық туғызады. Экологиялық мәселелер адамзат үшін маңыздылығымен-ақ елеусіз алдыңғы шепке шықты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz