Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары


ӘОЖ 378. 6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Мұсабекова Бағила Ибадуллақызы
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
(Педагогика және психология мамандығы негізінде)
6М010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика және психология ғылымдарының магистрі академиялық дәреже алу үшін дайындалған магистрлік диссертация
ТҮРКІСТАН - 2014
Қорғауға жіберілді:
«Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасының
меңгерушісі, п. ғ. к., аға оқытушы
А. Рысбекова
(қолы)
«___»20__ ж.
Магистрлік диссертация
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
(Педагогика және психология мамандығы негізінде)
мамандығы: 6М010300 - Педагогика және психология
Магистрант Б. К. Мұсабекова
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Ғылыми жетекшісі,
п. ғ. д., доцент Қ. Т. Атемова
(қолы) (аты-жөні, тегі)
ТҮРКІСТАН - 2014
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қоғамның қай кезеңінде болмасын адамзат баласы өзінің материалдық және рухани қажеттіліктерін өтеу мақсатында еңбек әрекетімен айналысып, өзін қоршаған ортамен, адамдармен жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас жасап келеді және сол арқылы дамып, жетіледі. Әсіресе, бүгінгі болашақ мамандар даярлау саласында бәсекеге қабілеттілікті қажет етіп отырған жаһандық талап ең алдымен маманның кез-келген ортада жоғары мәдениетті қарым-қатынас жасай алуын керек етуде. Бұл өз кезегінде білім беру мекемелерінде, соның ішінде жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда және білім мазмұны мен қарым-қатынаста іске асырылмақ.
Бүгінде тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетін көтеру мемлекеттік мәселеге айналып отыр. Оған дәлел елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болуымыз үшін сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деп айта келіп, оның өлшемдерін: «Өлшем біреу ғана - өте жоғары этика мен кәсібилік», - деп ерекшелеп көрсетуі бүгінгі мамандар даярлауда олардың кәсіби біліктілігін қалыптастырумен қатар жоғары мәдениеттілігін де естен шығармауымызды міндетімізге баршамызға жүктеп отыр[1] .
Әйтсе де, бүгінгі жас маманның мектеп табалдырығындағы оқушылармен, жоғары оқу орнындағы ұстаздармен және т. б. ортада тұлғааралық қарым-қатынасында көптеген қиындықтар мен кемшіліктер кездесіп жатады. Бұл тәжірибе арқылы келсе де, жоғары оқу орнында болашақ маманның қарым-қатынас мәдениетінің бастау алуын қамтамасыз ету ондағы оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға және кәсіби дамуды қарқынды етуге біршама септігін тигізеді. Сонымен қатар, бүгінгі бәсекеге қабілетті маманның кәсіби тұлғасының бір көрсеткіші - оның қарым-қатынастағы жоғары мәдениеттілігі болып табылады.
Тұлғааралық қарым-қатынас мәдениеті туралы ой-пікірлер ерте кезен ұлы ғұламалар:
- Қорқыт, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Кейкаус, Қ. А. Ясауи және т. б. еңбектерінен бастау алған [2, 3, 4, 5, 6] ;
Тұлғаның қарым-қатынас мәдениеті туралы Ресей ғалымдары:
- Коган Л. Н., Злобина Е. Г., Шмайлова Н. Д., Иванова Т. В., Панкратов В. Н. және т. б. қарастырса [7-12 б. ] ;
- Отандық ғалымдардан Омар Е., Қалиева Г. И., Исаева З. А., Төребаева К. Ж., Көшербаева Г. Н., Есенғұлова М. Н. және т. б. жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әртүрлі аспектілерін қарастырған[13-18] ;
- ал ғалымдар Канапин А. К., Яндаров А. Д., Қозыбаев Е. Ш., Тасбулатова Г. Н., Кашкимбаева З. Ж. және т. б. мектептегі жоғары сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдарын зерттеген [19-21] .
Болашақ маманның жоғары оқу орнында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға қатысты ой-пікірлер Отандық және ТМД елдері ғалымдары тарапынан кеңінен қарастырылып, айтылып жүрсе де, бүгінгі жастар болмысы мен мектеп оқушыларының даму ерекшеліктерін ескере отырып зерттеу өзекті әрі қажет деп білеміз. Себебі, бүгінгі мектеп оқушылары тіптен өзгеше. Ал жоғары оқу орнындағы болашақ мамандар сол балалармен жұмыс жүргізуде қарым-қатынасқа түсуге қаншалықты даяр және кездескен қиыншылықтар себептері мен шешу жолдарын біле ме? Осы тұста, қоғамның бүгінгі мамандарға бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін қасиеттерді бойында қалыптастыруды, соның ішінде жоғары мәдениеттіліктің болуын талап етуі мен жоғары оқу орындарында студент бойында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесінің жүйелі, мақсатты түрде қарастырылмайтындығы, жоғары оқу орнында студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды ұйымдастырудың қажеттілігі мен оның педагогикалық шарттарының нақты айқындалмағандығы арасында қарама-қайшылықтың бар екендігі айқындалды. Бұны психологиялық және педагогикалық мәселе деп біліп, оның шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын «Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары (Педагогика және психология мамандығы негізінде) » деп алуымызға негіз болды.
Зерттеудің обьектісі: Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениеті.
Зерттеу пәні: Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінде студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үрдісі.
Зерттеудің мақсаты: Жоғары оқу орнындағы «Педагогика және психология» мамандығы студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғыдыми-теориялық негіздерін айқындап, әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады, егер,
-студенттің болашақ маман ретіндегі қызметінің қарым-қатынас мәдениеті мен оның ерекшеліктері ғылыми-теориялық тұрғыда негізделіп, айқындалса;
- жоғары оқу орнындағы «Педагогика және психология» мамандығы студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалса;
- жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалса;
- жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдары әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе.
Зерттеудің міндеттері:
1. Жоғары оқу орнындағы студенттердің «Қарым-қатынас мәдениеті» ұғымының мәнін ашу және оны қалыптастыру ғылыми-теориялық негіздерін айқындау.
2. Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындау.
4. Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау.
5. Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға байланысты әдістемелік ұсыныстар беру.
Жетекші идея: Жоғары оқу орнындағы педагогика және психология мамандығындағы студенттердің кәсіби қарым-қатынас мәдениеттілігін қалыптастыру маманның кәсіби біліктілігін арттырады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне философия, әлеуметтану, педагогика және психология ғылымдарының жеке тұлғаны дамыту туралы iлiмдерi, іс-әрекет теориясы, жалпыадамзаттық және ұлттық-мәдени құндылықтардың диалектикалық өзара бiрлiгiне байланысты iлiмдерi, педагогикалық құбылыстарды зерттеудегi тұжырымдамалары, сондай-ақ, ұлы ғұламалардың, Қазақстандық ғалымдардың мәдениеттілік туралы ой-пікірлері мен зерттеулері алынды.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау; жинақтау, топтау, теориялық талдау, мамандардан интервью алу, сұхбат, сауалнама жүргізу, студенттердің зерттеу мәселесіне қатысты жазба жұмыстарына талдау жасау әдістері қолданылды.
Зерттеу көздері: Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, философия, педагогика, психология және т. б. ғылымдары саласындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы зерттеулер, Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Бiлiм министрлiгiнiң ресми-құқықтық құжаттары («ҚР Конституциясы», «Қазақстан Республикасының тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының Бiлiм беру туралы» Заңы) және т. б. алынды.
Зерттеудің негізгі кезеңдері. Ғылыми-зерттеу жұмысы бір-бірімен өзара байланысты үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбы анықталып, ғылыми- педагогикалық әдебиеттерде қарастырылған маманның кәсіби қарым-қатынасының мәдениеті туралы материалдар жинақталды; зерттеудің ғылыми аппараты айқындалып, проблема төңірегінде қарастырылған философиялық, педагогикалық, тарихи-педагогикалық және әлеуметтанушылық, мәдениеттану салаларындағы еңбектерге теориялық талдау жасалып, жүйеленді.
Екінші кезеңде Отандық және ТМД елдері ғалымдарының, сондай -ақ, ұлы ғұламалардың тұлға мәдениеті туралы көзқарастары мен ой-пікірлері талданып, жүйеленді. Сонымен қатар, болашақ маманның кәсіби қызметіндегі қарым-қатынас мәдениетінің мазмұны мен әдістері айқындалып, оны жетілдіру мен қалыптастырудың шарттары айқындалды.
Үшінші кезеңде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері қорытындыланып, жүйеге келтірілді. Зерттеу нәтижелері бойынша тұжырымдар қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар әзiрленді. Теориялық тұжырымдар схемалармен, кестелермен және суреттермен ықшамдалып көрсетілді, диссертация өңделіп, рәсімделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
1. Жоғары оқу орнындағы студенттердің «Қарым-қатынас мәдениеті» ұғымының мәнін ашып көрсетілді және оны қалыптастыру мәселесінің ғылыми-теориялық негіздері айқындалды.
2. Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды.
3. Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды.
4. Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға байланысты әдістемелік ұсыныстар берілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Зерттеу тақырыбы аясында «Педагогика және психология» мамандығының студенттері үшін «Болашақ маманның кәсіби қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру» атты арнайы курс бағдарламасы дайындалды.
Зерттеу нәтижелері ойынша жинақталған ғылыми материалдар мен ақпараттарды жоғары оқу орнындағы мамандар даярлау жүйесінде пән мазмұнында пайдалануға болады.
Зерттеу базасы: Зерттеу жұмысы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Педагогика және психология» мамандықтары студенттерімен жүргізілді.
Магистрлік диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, ғылыми аппараты: зерттеудің мақсаты, обьектісі, пәні, міндеттері, теориялық-әдіснамалық негіздері, жетекші идеясы, зерттеу кезеңдері, әдістері мен көздері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі баяндалды.
«Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми - теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда Отандық және шет ел ғалымдары зерттеулері жүйелі талданып, болашақ маманның қарым қатынас мәдениеті ғылыми тұрғыда негізделді. Болашақ маманның кәсіби қызметіндегі қарым- қатынас мәдениетінің мазмұны қарастырылды.
«Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдістемелік негіздері» деп аталатын екінші тарауда болашақ маманның қарым- қатынас мәдениетінің өлшемдері мен көрсеткіштері және оны қалыптастырудың тиімді жолдары көрсетіледі. Сонымен қатар, жоғары оқу орнында болашақ мамандарды даярлауда олардың қарым- қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалып, олардың мәдениетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар беріледі.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелері тұжырымдалып, нақтылы ұсыныстар беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде қарастырылып отырған мәселенің барлық аспектілерін қарастыратын жалпы саны ғылыми және ғылыми әдістемелік әдебиеттер қамтылған.
1 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ -ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ -ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесінің зерттелуі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz