Жер бетінің тектоникалық белдеулері
1 “Литосфералық плиталар тектоникасы” туралы теория
2 Литосферанын, негізгі плиталары
3 Мантиялық конвекция ағындарының бағыттық өзгерістері
4 Сығым күштерінің азаюы
5 “Плиталар тектоника.сы” атты концепция

Плиталар тектоникасының негізгі мазмұнын схема түрінде бұлай түсіндіруге болады: литосфералық плиталар су бетінде қалқып жүрген “айсбергтер” тәрізді планетамыздың ішкі “астеносфера” қабатының бетімен өзінше бір ансамбль құрып, көлденең бағытта көшіп-қонып жүреді. Әрбір плита өзіндік шекаралық ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар дивергенттік, конвергенттік және трансформалы болып үшке бөлінеді. Ман-тиялық заттар плиталардың дивергенттік (ажыраған) шекарасында пайда болған өте терең жарықтарды (рифттік) бойлап, жоғары қарай көтеріледі. Олар біртіндеп суынып, қатая келе Жер қыртысының мұхиттық тегін құрады. Литосфералық плиталардың арасындағы шекара алшақтаған сайын (жүздеген км) жаңа мұхиттық ойпаттар пайда болу мүмкіндігі арта түседі. Плита-лардың конвергенттік (қосылған) шекарасында (мұхиттық литосфераның басқа бір плитамен соқтығысуы кезінде) ірілі-ұсақты жарықтар мен жарықшақтар пайда болады. Соған байланысты аралдық доғалар астында сейсмикалық қозғалыстар күшейіп, вулкандық әрекеттер жиі байқалады.
Пән: Геология, Геофизика, Геодезия
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
Жер бетінің тектоникалық белдеулері
“Литосфералық плиталар тектоникасы” туралы теория 1967—68 ж. ж. төрт
түрлі мобилистік ұғымдарі негізінде қалыптасады.
Атап айтқанда: материктері дрейфі; литосфералық плиталардың аралдық
доғаларі астына сүңгіп, мантия қабатына батып кетуі (субдукция); мұхит
түбінін, (рифт жарықтарын бойлап) ұлғайып кеңеюі (спрединг); литосфералық
плиталардьщі трансформалы жарылыстар бойымен көлденең бағытта жылжып, орын
ауыстыруы жөніндегі пікірлер.
Плиталар тектоникасының негізгі мазмұнын схема түрінде бұлай түсіндіруге
болады: литосфералық плиталар су бетінде қалқып жүрген “айсбергтер” тәрізді
планетамыздың ішкі “астеносфера” қабатының бетімен өзінше бір ансамбль
құрып, көлденең бағытта көшіп-қонып жүреді. Әрбір плита өзіндік шекаралық
ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар дивергенттік, конвергенттік және
трансформалы болып үшке бөлінеді. Ман-тиялық заттар плиталардың
дивергенттік (ажыраған) шекарасында пайда болған өте терең жарықтарды
(рифттік) бойлап, жоғары қарай көтеріледі. Олар біртіндеп суынып, қатая
келе Жер қыртысының мұхиттық тегін құрады. Литосфералық плиталардың
арасындағы шекара алшақтаған сайын (жүздеген км) жаңа мұхиттық ойпаттар
пайда болу мүмкіндігі арта түседі. Плита-лардың конвергенттік (қосылған)
шекарасында (мұхиттық литосфераның басқа бір плитамен соқтығысуы кезінде)
ірілі-ұсақты жарықтар мен жарықшақтар пайда болады. Соған байланысты
аралдық доғалар астында сейсмикалық қозғалыстар күшейіп, вулкандық
әрекеттер жиі байқалады.
Литосфера қабатының қалыңдығы мүхит түбінде бірнеше км ғана болса, ал
ескі платформалар мен қалқандар (щиттер) астында жүздеген км-ге дейін
жетеді.
Литосфералық ірі плиталар саны бар-жоғы 8—1О ғана. Олардың алтауы
мүхиттық және континенттік литосферадан (Евразия, Солтүстік Америка,
Оңтүстік Америка, Африка, Үнді-Австралия және Антарктида) құралған.
Мұхиттық плиталардық ішіндегі ең ірісі — Тынық мүхит плитасы, ал одан
кішілері Наска атты плита. Одан да гөрі кішірек плитаны Кокос, ал соған
шамалас материктік плитаны Аравия плитасы деп атайды. Осы плиталардың
барлығын қосып есептегенде олар жер бетінің барлық ауданының 85%-ін алып
жатады (XIII. 1-сурет).
Ірі плиталардан басқа (геоморфологиялық және сейсмологиялық зерттеулер
негізінде) шамамен оншақ-
Литосферанын, негізгі плиталары:
1 — мұхиторталық жоталардық рифттік зоналары, 2 — плиталар-дың жылжү
бағыты.
ты кішігірім (шағын) плиталарды ажыратуға болады. Ұсақ плита-лардың
көпшілігі планетарлық белдеулер бойында (Альпі—Гималай және Циркум—Тынық
мұхит белдеулері) орналасқан. Олардың шекарасында (сығым күштеріне
байланысты) сырғанау немесе сырғу процестері байқалады.
Мұхиттық плита төмен шөгіп, мантиялық заттармен араласу барысында оның
құрамындағы тез балқығыш компоненттер одай бөлініп шығып, жоғары қарай
көтеріледі. Соның нәтижесінде, құрамы андезиттік және қышқыл жынысты
магмалық ошақтар құралады. Мұхиттық плиталардың ауыр компоненттері төмен
шөгіп, ал олардың шеткі бөліктері (мантиялық) қызу әсерінен біртіндеп балқи
бастайды.
Конвергенттік шекараның басқа бір түрі плиталардың континент-тік шеткі
бөліктерінін, қысылып, сығылуы кезінде байқалады. Жер қыртысының
континенттік бөліктері (мантиямен салыстырғанда меншікті салмағының
жеңілдігіне байланысты) литосфера құрамында калқып жүрген “қалтқының” ролін
атқарады. Сондық-тан да олар мантия қабатына терең батып кетпей, оның ,
беіінде қалқып жүреді. Континентальдық литосферада қысылу немесе сығылу
әсерінен әр түрлі жарықтар пайда болып немесе бірінің үстіне бірі шығып
кететін жағдайлар байқалады.
Бүйірлік шекараның үшінші бір түрі трансформалы жарықтар мен жарылыстар
болып саналады. Көрші орналасқан екі плитаның шеткі бөліктері трансформалы
жарықтар бойымен сырғып отырады. Мұндай жарықтар плиталардың дивергенттік
және конвергенттік шеткі бөліктерін біріктіреді. Бұл жерде “Плиталар
тектоникасы” атты концепцияның (неомобилизм) Вегенер болжамының классикалық
вариантымен салыстырғанда өзіндік айырмашылық-тары болатындығын айта кеткен
жөн.
Вегенер айтқандай жердің жоғарғы қабаттары, “Мохо” жазықтығының бетімен
емес “астеносфера” беті арқылы (200 км-дей тереңдікте) жылжып, орын
ауыстырады; базальтты жыныстар есебінен, мүхиттық литосфера қабатының
қалыңдыры (рифттік терең жарықтар арқылы шығып жатқан) бір жағынан көбейіп
жатса, екінші жағынан олардың артық үлестері (порциялары) аралдық доғалар
астында және континенттердің шеткі аудандарында төмен шөгіп, мантия
қабатына араласып жатады. Соның нәтижесінде компенсациялық тепе-теңдік
байқалады;
жердің терең қабатында мантиялық заттармен араласып жатқан мұхиттық
плитаның әрі жеңіл және тез балқығыш компоненттері жоғары қарай көтеріліп,
құрамы андезиттік магмалық ошақтар пайда болады. Соған сәйкес, жер
қыртысының континенттік тегі құралады.
Вегенер айтқандай, плиталардың қозғалыс механизмі Жердің өз осінен айналу
жылдамдығына тәуелсіз, ал мантия қабатын түгел қамтитын конвекциялық
ағындарға тәуелді болады деп саналады. Мұндай ағындар мантиялық заттардың
дифференциациялық жіктелу (ауыр және жеңіл компоненттерге) процестерімен
тікелей байланысты. Ауыр элементтер төмен сарқылып ядро қабатын толықтырса,
ал жеңіл компоненттер жоғары көтеріліп жер қыртысына, гидросфера және
атмосфера қабаттарына қосылып жатады (Сорохтин, 1974—1979; Ушаков, 1974).
Мантиялық конвекция ағындарының бағыттық өзгерістері материктердің
бөлшектенуіне, сонымен қатар кейбір жерлерде мұхиттардың жаңа орындарының
пайда болуына, ал кейбір аудан-дарда ескі мұхиттардың жабылуына әкеліп
соғады. Осындай әрекеттердің нәтижесінде континенттердің (шеткі
бөліктерінің) бір-бірімен соқтығысуы кезінде қатпарлы тау жоталары құрылады
(мысалы, Альпі—Гималай).
Осы уақытқа дейін іргелі деп саналып келген геосинклиналды-платформалық
теорияның көп жағдайлары соңғы кездерде жаңа мобилистік болжам негізінде
қайта қаралуда. Бұл болжам литос-фераның эволюциялық даму ерекшеліктерін
және геотектоникалық режимнің цикл сайын ауысып және қайталанып
отыратындығын өзінше түсіндіреді. Геотектоникалық циклдері “Уилсон циклі”
деген атпен белгілі (\Уі1зоп, 1966) болып, геологтар арасында кең таралып
кетті.
Бұл циклдің алғашқы стадиясында материктерде жиі байқалатын дөңес пішінді
құрылымдар (мысалы, ¥лы Африкалық рифттік зоналар) қалыптасады; келесі
стадиясында материктер бөлшектеніп, мұхиттардың жаңа орындары айқындалады
(мысалы, Қызыл теңіз және Аден шығанағы); үшінші стадия кезінде мұхит түбі
кеңейіп, оның жалпы көлемі ұлғаяды. Сонымен қатар, мұхит түбінің шеткі
(перифериялық) бөліктерінде шөгінді жыныстарынын. қалың (15—18 км)
қабаттары жиналады (мысалы, Атлант мұхитының көпшілік бөлігі және Үнді
мұхиты-ның солтүстік-батыс бөлігі). Мұхит түбінід кеңеюі оның көлемінің
азайып, қысқару стадиясымен алмасып отырады Соған байланысты, мұхиттық
литосфераның шеткі бөліктері төмен шөгіп, аралдық доғалардың және
материктердің шеткі бөліктері мен шеткі теңіз-дердің қарқынды дамуы
байқалады (мысалы, Тынық мұхиты және Үнді мұхитының солтүстік-шығыс
бөлігі). Мұхит көлемінің қыс-қаруы аралдық доғалардың және материктердің
шеткі бөліктерінің бір-бірімен соқтығысуына әкеліп соғады. Соның
нәтижесінде литосфера сығылу әрекеттеріне ұшырап, ғаламдық көлемде тау
белдеулері құралады Ең соңында, мұхит орындары түгелдей жабылуға дейін
барады.
Сығым күштерінің азаюы (мантиялық конвекция ағындарының бағыттарының
өзгерістері нәтижесінде) сығылмалы белдеулердің даму қарқынының бәсеңдеуіне
әкеліп соғады. Соның нәтижесінде платформалық режим қалыптасып, олар
плиталық ішкі режимге ауысады.
“Плиталар тектоникасы” атты концепция тұрғысынан қарағанда, әрбір ескі
геосинклиналдық зона бір кездегі ірілі-ұсақты мұхиттар-дың құрылымдық
жапсарлары болып саналады. Осындай жапсарлы зоналарда бір-бірімен көрші
орналасқан аудандарда кездесетін тау жыныстарының әр түрлі құрылымдық-
фациальдық комплекстері бір-бірінен жүздеген немесе мыңдаран км қашықтықта
да құралуы мүмкін.
Неомобилистік позиция, фиксистердің позициясымен салыс-тырғанда,
палеотектоникалық реконструкция жұмыстарын орындауда алгоритмдердің дәлірек
және айқын болуын талап етеді. Тек ең басты геотектоникалық оқиғалардың
болған уақытын рет-ретімен реконструкция жасап қана қоймай (индикаторлық
тау жыныстарын пайдалана отырып) олардың қандай жерлерде болған-дығьш да
анықтай білу керек. Материктер мен мұхиттардың (көне дәуірлердегі) бұрынғы
орындарын дәл анықтау үшін, палеомагнит-тік зерттеулер пайдаланылады.
Палеомагниттік геофизикалық зерттеу жұмыстары (тарихи геологияның дамуына
көп әсерін тигізіп) планетамыздьщ эволюциялық даму кезеңдерінің өзіндік
ерекшеліктерін айқындап реконструкциялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz