«Египеттің туризмі»
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Египеттің территориялық құрамы және экономикалық. географиялық жағдайы мен туристік қалалары.
1.1.Египеттің халықтық жағдайы ... ... ... ... .4
1.2.Шаруашылығының жалпы сипаттамасы ... ... ...10
1.3 Египеттің туристік қалалары ... ... ... ... ... .13
2.Египет туризмінің қазіргісі және болашағы мен туристік орындары.
2.1. Египеттің туризміндегі туристік орындары ... ... ... ... 17
2.2.Египеттің Қазақстанмен ара.қатынасы ... ... ... ... .20
2.3. Египеттің қазіргі туризмі және болашағы ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Курстық жұмыс тақырыбы «Египеттің туризмі» болғандықтан, африка мемлекеттерінің және жалпы туризм тарихына тоқталып өтуді жөн көрдім. Египеттің туризм тарихы ертеден басталады.
Египеттегі туризм өз кезегінде әлемдік шаруашылықтың ең қарқынды және өз шығынын өзі өтей алатын түрі болып саналуын және туризм жүйесінің дамуы қарастырып, Египеттің халық шаруашылығындағы рөлі мен маңызын анықтау.
Аталған ғылыми жұмысымнан қазіргі таңдағы туризм саласының жай-күйі, туризмнің экономика саласына керемет әсері жайында, туризмнің ғаламдық экономикалық құбылыс екені, еліміздегі туризмге сұранып тұрған аймақтар жайында және бүгінгідей еліміз басынан кешіп отырған әлемдік қаржы дағдарысы кезінде туризмді дамыту қажеттілігінің туып отырғаны және туризмді дамытудың негізгі бағыттары жайында өте қызықты, ауқымды мәліметтер оқи аласыздар.
Жұмыстың мақсаты: Курстық жұмысты жазу барысында жалпы Египеттің мемлекетінің туризм саласының дамуы, мемлекет тұрғысынан алатын орны, туризм мәселесіндегі өзіндік саясатын ашып көрсетумен қатар халықаралық қарым – қатынастағы туризмнің даму барысын көрсет болып табылады.
Сонымен қатар курстық жұмысты жазу барысында қазіргі таңдағы ғылыми зеттеу саласындағы барлық стандартқа сай жазылуын қадағалау. Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субьектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, комуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты.
Жұмыстың құрылымы: Египеттің туризмінің индустриялық дамуы: Туризмнің дамуына әсер еткен факторлардың түрлері, Туристік индустрияға мемлекеттік қолдау көрсетудің түрлері; Египеттің халықаралық жағдайдағы туристік қызметі және туризміндегі туристік инфрақұрылымның рөлі: Египеттің туризміндегі туристік инфрақұрылымның рөлі, Египеттің халықаралық жағдайдағы туристік қызметі және курстық жұмысқа кіріспе, курстық жұмысқа қысқаша қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тірімі қарастырылған.Оның аумағында сақталған ежелгі мәдениеттің ештеңеге тең келмейтіндей ескерткіштері жер бетіндегі орасан зор туристерді өзіне тартып отыр.

1. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
2. GULNAR TOUR travel company − ЕГИПЕТ 2007
3. Trek travel international (since 1980) − Египет 2008
4. Путеводитель по Египту − Москва 2005г.
5. Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной Египты. – Ростов-на-Дону, 1988.
6. Ердавлетов С.Р. История туризма. Развитие и научное изучения. – Алматы, 2003. – 215 с.
7. Накатков Ю.С. История туризма Египта. – Алматы, 2001. – 196 с.
8. Шаповал Г.Ф. История туризма. – Минск, 1999. – 303 с.
9. Биржаков М.Б. Введение в туризм. М., СПб., 1999. 192 с.
10. Воронкова Л.П. История туризма и гостеприимства. Уч.пособие. – М.: ФАИР-ПРЕСС, 2004. – 304 с.
11. Дворниченко В.В. Развитие туризма. – М., 1985.
12. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. – Алматы, 2000. – 336 с.
13. Усыскин Г.С. Очерки истории египетского туризма. СПб., 2000. – 224 с.
14. Соколова М.В. История туризма. – М, 2002. – 352 с.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Египеттің территориялық құрамы және экономикалық- географиялық жағдайы
мен туристік қалалары.
1.1.Египеттің халықтық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.4
1.2.Шаруашылығының жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Египеттің туристік
қалалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...13
2.Египет туризмінің қазіргісі және болашағы мен туристік орындары.
2.1. Египеттің туризміндегі туристік
орындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2.Египеттің Қазақстанмен ара-
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3. Египеттің қазіргі туризмі және
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...26
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Курстық жұмыс тақырыбы Египеттің
туризмі болғандықтан, африка мемлекеттерінің және жалпы туризм тарихына
тоқталып өтуді жөн көрдім. Египеттің туризм тарихы ертеден басталады.
Египеттегі туризм өз кезегінде әлемдік шаруашылықтың ең қарқынды
және өз шығынын өзі өтей алатын түрі болып саналуын және туризм жүйесінің
дамуы қарастырып, Египеттің халық шаруашылығындағы рөлі мен маңызын
анықтау.
Аталған ғылыми жұмысымнан қазіргі таңдағы туризм саласының жай-
күйі, туризмнің экономика саласына керемет әсері жайында, туризмнің
ғаламдық экономикалық құбылыс екені, еліміздегі туризмге сұранып тұрған
аймақтар жайында және бүгінгідей еліміз басынан кешіп отырған әлемдік қаржы
дағдарысы кезінде туризмді дамыту қажеттілігінің туып отырғаны және
туризмді дамытудың негізгі бағыттары жайында өте қызықты, ауқымды
мәліметтер оқи аласыздар.
Жұмыстың мақсаты: Курстық жұмысты жазу барысында жалпы Египеттің
мемлекетінің туризм саласының дамуы, мемлекет тұрғысынан алатын орны,
туризм мәселесіндегі өзіндік саясатын ашып көрсетумен қатар халықаралық
қарым – қатынастағы туризмнің даму барысын көрсет болып табылады.
Сонымен қатар курстық жұмысты жазу барысында қазіргі таңдағы
ғылыми зеттеу саласындағы барлық стандартқа сай жазылуын қадағалау. Туризм
елдің тұтас аудандарының экономикасына әсер етеді. Туризм саласындағы
шаруашылық жүргізуші субьектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін,
сауданы, комуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді
дамытумен тығыз байланысты.
Жұмыстың құрылымы: Египеттің туризмінің индустриялық дамуы:
Туризмнің дамуына әсер еткен факторлардың түрлері, Туристік индустрияға
мемлекеттік қолдау көрсетудің түрлері; Египеттің халықаралық жағдайдағы
туристік қызметі және туризміндегі туристік инфрақұрылымның рөлі:
Египеттің туризміндегі туристік инфрақұрылымның рөлі, Египеттің
халықаралық жағдайдағы туристік қызметі және курстық жұмысқа кіріспе,
курстық жұмысқа қысқаша қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тірімі
қарастырылған.Оның аумағында сақталған ежелгі мәдениеттің ештеңеге тең
келмейтіндей ескерткіштері жер бетіндегі орасан зор туристерді өзіне тартып
отыр.
1.Египеттің территориялық құрамы және экономикалық-географиялық
жағдайы.
Египеттің халықтық жағдайы
Египет – тарихқа өзінше бай, қойнауы құпияға толы сұлу ел. Ежелгі Египетті
өркениеттің бесігі деп атау дәстүрі қалыптасқан. Бүгінде үш жүз жылдан
астам уақыт Нілдің ұлы жағалауында өркендеген мемлекет саяхатсүйер қауымның
үлкен сұранысына ие болып отыр. Перғауындардың таңғажайып әлемі мен мәңгі
пирамидалардың құшағына сапар шегуді сіздің де армандайтындығыңызға
сенімдіміз. Ендеше, танылмаған, ашылмаған әлем туралы қызықты мәліметтер
Әлемтаудың бүгінгі жазбасында... Бүгінгі күні Египеттің тұрғындары 70,5
млн.адамнан асады және жыл сайын 1,3 млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17
млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз 50-ші жылдардағы барлық елдің
тұрғындарының саны. Ежелгі египеттіктердің арабтанған ұрпақтары
тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар
бедуиндер және өзге де көшпелі тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% -
шаруалар (феллахтар) Египттің діні. Ресми деректер бойынша египеттіктердің
90% - мұсылмандар, 10% христиандықты дәріптейтін коптар. Замануи Египет.
Тарихтың иісі аңқып жатқан мекенде бүгінде сонау римдік құлдыраудан бері
келе жатқан араб халқы өмір сүреді. Египеттің жалпы халық саны 60 млн.
адамды құраса, оның 20 млн-ы ел астанасы Каирда тұрады. Халықтың ең тығыз
орналасқан жері – Ніл өзенінің жағалауы [1].
Осы уақытта Египет деп аталатын Араб Республикасы елінің жерінде бағзы
заманда қазіргі кездегі барлық адамдардың назарын өзіне магнитше тартқан
күшті және құпиялы өркениет пайда болған. Европа мен Америкада тас мен
жабайы аңшылық ғасыры үстемдік еткен сол бір замандарда ежелгі египет
инженерлері Ұлы Ніл бойында ирригациялық құрылыстар тұрғызып, ежелгі египет
математиктері Ұлы Пирамиданың негізінің тік төртбұрышы мен қисаю бұрышын
есеп шығарған, көне египет сәулетшілері маңыздылыңы мен мәнін уақыттың өзі
өшіре алмаған керемет шаһарлар тұрғызған.
Бүгінгі Египет – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі.
Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр.Екі континенттің
арасындағы шекара Суэцк каналының бойымен өтеді.
Египеттің миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек
кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты
бөлігі –құмды емес, таулы болып келеді.
Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 проценті әлі
күнге дейін өмір сүріп жатқан Нільдің алқабы мен атырауы.
Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот Египет – Нілдің сыйы деп айтқан
болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен,
Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің
жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр.
Нілдің бойындағы тіршілік жолағының арнауы оңтүстігінде бір километрден
Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді.
Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана
атауы түсінікті – сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір
түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.
Египет – төтенше қонақжай ел. Қонақтарын қашанда ашық көңілмен
қарсы алады. Сіздің жанұяңыз, жұмысыңыз, Египеттен алған әсеріңіз туралы
қызықтап сұрайды. Ең болмаса бір шыны шәй ішіп кетіңіз деп, ақ көңілімен
қонаққа шақырады. Египетке миллиондаған саяхатшылар келген – олардың
көптегені мұнда қайта-қайта келіп кеткен. Олардың ішіндегі ең танымалдары
Нілдің бойындағы ғажайып елді сипаттаған жол жазбаларын қалдырған:
математик Евклид, географ Страбон, жазушылар Гюстав Флобер и Агата Кристи,
Лоренс Даррелл и Э.М. Форстер. Тіпті жаугершілер де бұл елдің сұлулығына
жәйбірақат қала алмаған. Ұлы Александр оған Александрияны сыйлаған;
Наполеон, оның архелогтары Ежелгі Египетті ашқан, бір сапарында әскерлеріне
қарап, толқи тұра: Солдаттар, мына пирамидалардың биіктігінен сендерге
қырық ғасыр қарап тұр! деген сөздер айтқан.
Египеттің тарихы 7 мың жылды қамтиды. Оның аумағында сақталған ежелгі
мәдениеттің ештеңеге тең келмейтіндей ескерткіштері жер бетіндегі орасан
зор туристерді өзіне тартып отыр. Орасан зор пирамидалар және Үлкен Сфинкс,
Жоғарғы Египеттегі ұлылық шаһарлар, басқа да көптеген тарихи және
архитектуралық қайталанбас туындылар – осының бәрі мұндай таңқаларлық елмен
жақын танысқандардың бәрінің қиялын шарықтата түседі.
Халықтың өмір сүру ұзақтығы
Халықтың өмір сүру ұзақтығы : әйелдер – 93 жас, ерлер – 87 жас.Египетте ең
алғаш рет құлып пен кілт, шаштараз өнері, тарақ пен қайшы, макияж бен
дезодрант, тіс щеткасы мен тіс пастасы, жазу мен қағаз, сия, тас
толтырылған жастықтар, цемент, сыра, әйнек, жасанды шаш (парик), хат
таситын құстар, 24 тәулік пен 365 күнтізбелік күн ойлап табылды.
Көп адамдар шараптың отаны Франция деп санаса да, ең алғашқы шарап
қоймалары Египеттен табылып отыр. Египеттің ежелгі тұрғындары өздерінің
туған күндерін жасыратын болған. Тарихшылар мұның себебін әлі күнге дейін
білмей келеді.
Египеттегі көптеген үйлердің шатырлары соғылып бітпеген, кейбірінде тіптен
жоқ. Египет заңына сәйкес шатыры жоқ үй әлі соғылып бітпеген үйге жатады,
сондықтан адамдар оған салық төлемейді екен [2].
Арабтардың шөл даласында жаратылысы өте қызықты адамдар өмір сүреді. Халық
оларды бәдәуилер деп атайды. Бәдәуилер жерден жерге көшіп жүреді, олар
мемлекетке, заңға, шекараға назар аудармайды. Олардың төлқұжаты да,
ақшалары да жоқ. Балалары мектепке бармайды. Бүгінде оларды отырықшыландыру
жұмыстары қолға алынған. Бәдәуилерге арналып үй соғылып, мектеп ашылып
жатыр. Солай болғанымен, олардың көпшілігі көшпелі өмірін өзгерткілері
келмейтіндігін айтып, көмектен бас тартып отыр. Көптеген туристік фирмалар
тұрмысы ерекше халықпен келісімге отырып, көшпелі өмірді тамашалату үшін
туристерді әкеледі.
Египетте жылына 2-3 см ғана жауын-шашын түседі (Каир аумағында 28 мм).
Кейбір аудандарда жылына 100 мм ғана жауын-шашын байқалады.
Египет аймағында әлемдегі ең үлкен шөл дала жатыр. Сахараның аумағы
– 8700000-9000000 шаршы шақырым аралығында, оның 70%-ы – қиыршық тас, 30%-ы
– құм. Сахарада жылына 100 000 сағым байқалады.
Елдегі көптеген отбасы кедей өмір сүреді. Олар ауыл шаруашылығымен
айналысады екен.
Ислам.
Ислам, үш әлем діндерінің ішіндегі ең жасы. Оның негізін салушы
570 ж. Меккеде (бүгінде Сауд Аравиясы) дүниеге келген саудагер Абу әл-Қасым
Мұхаммед ибн Абд Аллах ибн Абд әл-Мутталиб ибн Хашим. Мұхаммед
пайғамбар арабтардың арасында Аллахтың жалғыз екендігі сенімін бекіту үшін
жіберілген болатын.
Библиядағы фактілер мен кейіпкерлер Мұхаммедтің миссиясы туралы,
мұсылмандық, христиандық және иудизмнің арасындағы байланысты ашып
көрсетеді. Мұхаммедке ақиқат хабарды Жебірейл (Гавриил) жеткізген. Исламда
Моисей, Иисус және Марияны дін тарихындағы қасиетті тұлғалар деп санайды.
Христиандар мен иудеилер Мұхаммедтің пайғамбар екендігін мойындамағаннан
кейін, ол исламды жеке дін ретінде танытты. Алайда, христиандық және
иудистік діни ілімдері исламның өздерінің ізін басушылар екендігін
мойындайды.
Ислам ілімінің негізі христиан дінінен негізгі мәселелер бойынша айрықша
болып келеді. Ол адамзаттың алғашқы күнәсін, Иисустың құдайдан туылуын,
оның айшықта өлуін мойындамайды, өйткені мұсылмандардың сенімі бойынша
құдай мәңгі өмір сүреді – туылуы да, тууы да мүмкін емес.
Ислам сөзін жие барлығы алладан, немесе барлығы алланың еркінде деп
аударылады. Ілімнің мәні мұнымен шектелмейді. Сенім бес парызға иек
артады: сыйыну Аллахтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед – оның елшісі
сөздерімен басталады; намаз – құдайға сенушілер күн сайын бетін Меккеге
қаратып, бес рет намазға жығылады; мұқтаждарға садақа тарату; рамазан
айында ораза ұстау; әрбір мұсылман өмірінде ең болмаса бір рет қаражаттық
және өзінің жағдайына қарай Меккеге хажылыққа бару. Өкінішке қарай, нағыз
мұсылмандар үшін бұл парызды өтеу қиыншылық туғызып отыр, себебі Мекке
қаласы барлық келем деушілерді қабылдай алмайды.
Дилетанттардың айтуы бойынша сенімнің алтыншы парызы джихад – нақтыланбаған
аудармасы қасиетті соғыс деп аталады. Негізінде алғанда соғыстың бұл жерде
ешқандай қатысы жоқ – бұл түсініктің негізінде аллаға адал берілу, жақсы
болу немесе ең жақсы болуға ұмтылыс жатыр. Мисионерлік исламның міндетті
мақсаттарына жатпайды.
Мұсылмандардың қасиетті кітабы Қоран (арабша – оқу, декламация (мәнерлеп
оқу өнері)) өзінің сүрелерінде (тарауында) Мұхаммедке жіберілген ғажайып
ашылуды (откровении) баяндайды. Қоранды аллах елшісінің айтқандары мен
істеген істерін қысқаша мазмұндайтын Хадис толықтырады. Хадис екі бөлімнен
тұрады:
бірінші бөлімінде Мұхаммед пайғамбардың айтқандарын өз құлағымен естіген
немесе қылықтарын өзі көрген адамнан бастап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырған
адамдардың аттары жазылған; екінші бөлігінде: әңгіменің өзі берілген. IX-Х
ғғ. белгілі теологтар таңдап алған және мойындаған Хадистің үзінділері
сүнна деп аталады, бұл мұсылмандардың қасиетті жеткізуі. Египетте
исламның негізгі екі бағыты – сүнниттер мен шииттер өмір сүреді.
Тұрғындардың көбі сүнниттер. Шииттер сүниттерге қарағанда діни және саяси
мағына жағынан радикалды, бірақ та олардың саны Египетте көп емес.
Ислам - қоғам мен жанұяға христиан дініне қарағанда өлшеусіз үлкен әсер
етеді. Египеттегі зиялы заңнаманың негізін мұсылмандық құқықтық норманың
жиынтығы – шариат құрайды, бірақ та жұмсартылған үлгісінде қолданылады.
Египетте ұрлық үшін қолын шабу сияқты қатаң жазалаулардан бас тартқан.
Шариат пен қазіргі уақыттағы заңнаманы жақындастыруға қадамдар жасалуда.
Копт христиандары.
Копт сөзі арабтың купт сөзінен, ал оның өзі гректің эгиптос сөзінен
шыққан. Бірақ түп тамыры одан да тереңіректе ежелгіегипеттік "Ха-Ка-Птах"
сөзінен таралуы да мүмкін. Коптар Ніл алқабын мекендеген алғашқы египеттік
христиандардың ұрпақтарымыз деп санайды. Египтегі христианшылдықтың пайда
болған жері Александрия, бұл жерден ол елдің ішіндеекі негізбен:
анахореттік және монаштық қоғамдастық ретінде тарады. Коптар Иисус
Христосқа екі – тәңірлік және адамдық табиғат емес, тек бір ғана тәңірлік
табиғат қана тән деген сенімді ұстады. Әлемдік Халкидон Соборы 451 ж.
монофизиттікті қате ілім деп айыптағаннан кейін, Египеттегі копт шіркеуі
ортодоксалды христиан шіркеуінен ажырады.
Египетті 641 жылы арабтар жаулап алғанға дейін бірнеше ғасырлар бойы
христиан елі болып келді. Енді коптар Египеттің 68-миллиондық
тұрғындарының ішіндегі шамамен 5-7 млн. деп саналады. Олар мұсылмандармен
қатиар өмір сүреді, тіпті кейбір уақытта шіркеудің қоңыраулықтары
мешіттердің минареттерімен көрші орналастырылған.
Копт шіркеуінің басында патриарх тұр, қазіргі уақытта Шенуда ІІІ,
резиденциясы Александрияда. Коптар ұқыпты сыйынады және пост (еттен және
сүт тағамдарынан бас тартады) ұстайды. Олардың литургиясы православия
ғұрыптарына жақынырақ.
Спаситель (құтқарушы), Богоматерь (құдайдың анасы) және великомученниктер
(ұлы азап шегушілер) мүсінделген икондарды христиандар үшін қасиетті
жерлерде ғана емес, жәй ғана қолөнершілердің дүкеншелері мен каирдың
дүкендерінің витриналарынан да кездеседі. Мұның өзі Каирда тек қана Ислам
дінін ғана емес, христиан дінінің қасиетті тұлғаларын құрметтейтінін
көрсетеді.
Египеттіктер әлемге монахтық өмірді – орыс мәдениетінің де бір
бөлігі болған дәстүрді сыйлады . Алғашқы монастырь египеттің Шығыс шөл
даласында ІҮ ғасырдың басында киелі Ұлы Антоний негізін қалаған.Ол қазіргі
уақытта да бар. Бір уақытта сол аймақты сол уақыттарда Қасиетті Павел
монастыры да бой көтерді. Нілдің жағасында осы уақытқа дейін орыстар ла
құрмет тұтатын киелі Египеттік Макарий, Қасиетті Екатерина, Египеттік
Мария сияқты қасиеттілер туып, өмір сүрген.
ІҮ ғасырда негізін қалаған Қасиетті Антоний моностыры Каир мен Хургаданың
арасында шамамен жарты жолдық Бенни-Суэйфуде. Әдетте, таң сәріден
монастырьдың қақпасының алдында, шіркеулердің бірінде сақталған бай
икондар коллекциясы мен ҮІІІ ғ. қолжазбаларын көру үшін келушілер жиналып
тұрады. ІҮ-ХІҮ ғасырлардың қолжазбалары сақталған кітапханада сонда.
Египет үкіметі Қасиетті Антония монастырын қайта жарақтандыру туралы
жоспарын жария етті.
Қасиетті Павел монастырының жасы Қасиетті Антония монастырынан қалыспайды.
Аңыз бойынша Қасиетті Антонияның өзі киелі Павелді үңгірдің ішінде
жерлеген, соның айналасынан монастырь тұрғызылған дейді. Қазір монастырьда
төрт шіркеу бар, ал ең ежелгісі Қасиетті Павелдің өлігі (мощи, церк. –
шірімей сақталған өлік) сақталған үңгірдің үстінде. Шіркеудің қабырғалары
жақсы сақталған орта ғасырлық фрескамен сәнделген. Басқа шіркеулер ХҮІІІ
ғасырда салынған. Синай тауының етегінде Қасиетті Екатериана монастыры
бар.
Тілі
Египтегі өзара сөйлесу тілі араб тілінің бір диалектасы, ресми тілі –
“жоғары” араб тілі деп аталатын тіл. Арабтар оңнан солға қарай жазады..
Бірақ сандары солдан оңға қарай жазылып, оқылады.
Египетте ағылшын тілі білімі өте көмектеседі. Қалалар мен курорттық
орталықтарда тұратын көптеген арабтар ағылшын тілінде тілдесе алады; жол
көрсеткіштерінде және көше атауларында жие-жие ағылшын және латын шрифтері
пайдаланылады.
Тұрмыс салттары мен ғұрыптары
Мұсылмандар діні египеттіктердің өмірінің ырғағын анықтайды. Бұл таза
сыртқы белгіден айқын көрінеді: мысалы күніне бес рет муэдзин дауыс
күшейткіштен дінге сенушілерді намазға шақырады.. Ал рамазан айында түн
күнге айналады. Күні бойы мұсылмандар ораза тұтып, күн батқаннан кейін
ғана ауыз ашады. Бұл уақытта қоғамдық өмір тұрып қалады, мемлкеттік
мекемелер тек 10.00-нан 14.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Саяхатшы, әрине египеттіктердің, алдымен ауылдық жерлерде айқын көрінетін,
бірақ та қала өміріне де бөтен емес ұлттық киімінің ерекшеліктеріне назар
аударады.Египеттіктер кең пішілген жейделер киеді, жәй адамдар әдетте ақ
түсті таңдайды, ал әйелдер әр түрлі түстегі элементтермен әрлендіреген,
қара түсте киінеді, арасында әшекеймен немесе шілтермен безендіреді.
Көптеген әйелдер мұсылмандық құндылықтарға бет бұра күйеулерінің немесе
жанұясының дегенімен хигаб – бетті жаппай, тек шашты жауып тұратын
паранджаның бір түрін, және ұзын кең көйлек – галабей киеді [3].
Табиғаты.
Ніл алқабында Египеттің бай өлкесі мен атырауында жердің әрбір текше метрі
барынша пайдаланылады. Мұнда бидай, арпа, қарақұмық, күріш, жүгері, мақта,
қант құрағы, көкөністер, маслина мен дәмдеуіштер өсіріледі. Орман,
тоғайлар мүлдем жоқ, бірақ та Нілдің жағалауында құрма пальмалары өседі.
Жеміс ағаштары, банан плантациялары мен жүзімдер Нілдің шұрайттары мен
атырауында өздерін өте тамаша сезінеді. Жерорталық жағалауларда негізінен
пальма тығыз өскен жағажайлар, Синай түбегінде – көлденеңінен кесілген
жатқалдар, барлық түске боялған тау ландшафтары көз тартады. Шөлейттің
ортасында шоқ тоғайлары мол өскен шұрайттар, плантациялар мен мол өнімді
дәнді дақылды егістіктері бар жасыл аралдар.
Климаты
Египеттің климаты ыстық, әрі құрғақ. Египеттіктерге қар, ылғалды күз немесе
жауынды көктем таныс емес. Бұл жер шарындағы басқа жерлерге қарағанда
шуақты күндер саны ең көп аймақ. Мұнда аспанда бұлттар сирек кездесетін
жағдай, ал әрбір жауған жауын газет беттеріне жазылатын үлкен оқиға. Жаз
маусымында (мамыр-қыркүйек) Каирдегі ауа температурсы күндіз +35 +40 градус
аралығында, қыс маусымында (желтоқсан-ақпан) +15 +20 градус ралығында
ауытқып отырады. Елдің оңтүстігінде сәл жылырақ, ал Жерорта теңізі
жағалауында салқындау болып келеді. Түнгі температура әдетте күндізгіден 10
градусқа төмен. Египетке сапар шегудің ең қолайлы кезеңі қазан, қараша
айларының екінші жартысы, сонымен қатар наурыз бен сәуір айларының екінші
жартысы. Наурыз бен мамыр айының ортасы аралығында 50 күн бойы құмды
борандар болып тұрады. Бұл кезең хамсин деп аталады. Египет − Африканың
солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елдерінің бірі. Оның бір
бөігі−Синай аралы Азияда орналасқан. Екі континент арасындағы шекара Суец
каналы арқылы өтеді. Египет территориясының 96% сирек оазисті таулы шөл
алып жатыр. Қалған бөлігі 70 миллион халықтың 98%-ы тұратын дала мен Ніл
дельтасы. Тереңдігі 2359м Қызыл теңіз солтүстіктен оңтүстікке 1932
шақырымға және шығыстан батысқа қарай 306 шақырымға созылып жатыр. Қызыл
теңіздің бір ерекшелігі−оған бірде-бір өзеннің келіп құймауында. Қыс
мезгілінде оның температурвсы +18 градустан төмен түспейді, ал жаз
мезгілінде оның температурасы +27 градусқа дейін жетеді [4].
1.2.Шаруашылығының жалпы сипаттамасы
Ежелгі египеттегі еңбекшілердің жағдайы
Мүліктік және әлеуметтік жіктелудің ұлғаюы. Шаруашылықтың, қолөнердің,
сауданың дамуы, басқыншылық соғыстар құлдық пен мүліктік жіктелудің одан
әрі ұлғаюын тудырды. Соғыс жорықтары мен сауда кездерінде қолға түскен әр
түрлі байлықтар: малдар, құлдар, әшекей бұйымдары, жер және баска да
олжалар халық арасында бірдей, тең бөлінбеген. Түскен олжа мен байлықтың
басым көпшілігі перғауынның және құл иеленуші ақсүйектердің қолдарына
жиналды. Сонымен бірге құл иеленуші шонжарлар патша сыйлықтарының арқасында
байи түскен. Перғауындарға жақын әкімдер құнарлы ірі қоныстарға ие болған.
Қарапайым халықтың жағдайы күннен күнге төмендей бастаған. Көпшілігі соғыс
жорықтарынан мүгедек болып оралған, сондықтан олар ешбір еңбекке жарамсыз
болды. Соның нәтижесінде кедейшілік пен қайыршылық жағдайда өмір сүрді. Бұл
мүліктік және әлеуметтік жіктелудің тереңдеуіне әсер еткен. Яғни, Ежелгі
Египетте бай және кедей адамдар тобы бөлінді. Ежелгі Египеттегі
еңбекшілерге құлдар, шаруалар, қолөнершілер және тау-кен жұмысшылары жатты.
Құлдардың еңбек жағдайы. Египет жауынгерлері жаулап алған елдердің мал-
мүлкін, бағалы дүниелерін ғана емес, адамдарын да айдап әкелген.
Египеттіктер тұтқындарды "тірі өліктер" деп атап, оларды құлға айналдырды.
Құлдар ең ауыр жұмыстарды атқарған. Олар егіс даласында, құрылыста,
шеберханаларда еңбек етті. Үлкен храмдар мен перғауындардың зираттарын
салған. Құлдар таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс істеген. Сонымен
бірге құл иеленушілердің, шонжарлардың егіс далаларында жер жыртып, егін
егіп, шөбін отап, суарып, егіннің өнімін жинап және бастыратын болған.
Құлдарға тек жұмыс күші ретінде қарайтын.
Шаруалардың жағдайы. Ежелгі Египет шаруалары егіншілікпен айналысты.
Шаруаның азырақ жері, малы және жеміс ағаштары болды. Егіншілік кәсібі
қыруар еңбекті керек етті.
Ніл аңғарында егін салу үшін жерді құмнан, батпақ пен бұталардан тазартып
алған. Олар бұталарды шауып, ол жерге қамыс пен саз балшықты араластырып,
бөгеттер жасаған. Бөгеттерге қақпалар орнатып, жеткілікті мөлшерде су
жіберген. Ал бау-бақшаларды арнайы жасалған шадуфтардың (құдық) көмегімен
суарған.
Шаруалар жерді теселермен, соқалармен жыртып, арпа, бидай еккен. Астық
піскен кезде оны бастыру үшін үстінен мал айдаған. Тазартылған дәнді
арнаулы қамбаларға төгіп алатын.
Египет шаруалары үшін ең ауыр міндеткерліктің бірі перғауын әскерінде
қызмет ету болған. Өйткені, олар әскери жорықтарда жүргенде жерлері
өңделмей, қараусыз қалатын. Египеттіктер құрма ағашын, арпа, бидай, жүзім
еккен.
Қолөнершілердің еңбегі мен халі. Ежелгі Египет суреттерінен қолөнердің
барлық түрінің дамығанын көреміз. Олар өзінің қолынан жасап шығарған затына
қарай белінген. Мысалы: мыс қорытушылар, тоқымашылар, балташылар, тері
илеушілер, кеме жасаушылар, құмырашылар және зергерлер.
Мемлекет күшейіп, нығайған сайын қолөнершілерді қанау да күшейген. Олардың
көпшілігі перғауындар мен бекзадалардың шеберханаларында жұмыс істеген.
Көбінесе әскерге қажетті қару-жарақтар әзірлеген. Қолөнершілер күндіз де,
түнде де жұмыс істеді. Олардың жұмыстарын бақылаушылар үнемі қадағалап
отырған.
Ежелгі заманғы Египет тұрғындарының бірі қолөнершілердің еңбегі мен
тұрмысын былайша сипаттаған: "Тоқымашы күні бойы өрмек басында бойын
жазбай, зығырдың шаңына түншығып отырады. Ол таза ауаға, жарыққа шығу үшін
бақылаушыға өзі жейтін нанын беруге мәжбүр болады. Егер тапсырманы уақтылы
орындай алмаса, бақылаушы оны аяусыз ұрып-соғады".
Қолөнершілердің киімі шоқпыт-шоқпыт болды, өзінің де, балаларының да
арқасынан дүре кетпеген. Әсіресе, ағаш ұстасының жағдайы өте ауыр болған.
Өйткені, оларды қолынан келмейтін заттарды да жасауға мәжбүр еткен. Ағаш
ұсталары сарай құрылыстарын салуға да қатынасып отырған. Олар өте ауыр
жағдайда еңбек етіп, кей кезде бір жапырақ нанға да зар болған [5].
Қолөнершілер жасап шығарған заттарын қажетті азық-түліктерге айырбастап
отырған.
Тас қалаушылар мен тау-кен жұмысшыларының еңбегі. Египеттің негізгі табиғат
байлығы тас болды. Әсіресе, Ніл аңғарының батыс және шығыс бөліктерінде
неше түрлі тастардың түрі болған. Египеттіктер әктастар, қиыршық, гранит,
диорит, базальт, порфир, малахит жөне бирюза тастарын қазып алған. Тау-кен
жұмысшылары тасты қазып алып, оны өңдеп, ұқсату үшін әр түрлі аспаптарды
(ағаш, тоқпақ, қайла, шапқы, бұрғы) қолданды. Бұл тастарды құрылыс
материалдары ретінде, мүсіндер жасауға, тастан бағалы ыдыстар, қымбат
зергерлік бұйымдарды әшекейлеуге пайдаланды. Мұның өзі тас өңдеу
қолөнерінің жоғары дәрежеде дамығандығын көрсетеді.
Ежелгі Египетте тас құрылысы кең өріс алды. Оған дәлел Египеттегі
пирамидалар, храмдар, сәулетті үйлер мен сфинкстер.
Тас өңдеушілер құрылыс пен қолөнерге пайдалану үшін тасты неше түрлі
қалыптарға келтіріп отырған. Мұндай жұмыс қыруар еңбекті, ептілікті жөне
төзімділікті қажет етті.
Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты.
Египттің экономикасы негізінен жер шаруашылығымен байланысты. Халықтың 30%-
ы ауылшаруашылығымен айналысады. Алайда, Египет мұнымен ғана айналысып
қоймай, сонымен қатар елде өткен ғасырдың соңғы ширегінде мықты өнеркәсіп
бастамасы құрылды. Қазір елдегі халық тұтынатын тауарлардың барлығы дерлік
жергілікті өнім болып табылады.
Египет Араб Республикасының басшысы және оның қарулы күштерінің
меңгерушісі президент болып табылады. Египетте парламент жұмыс атқарады,
сонымен қатар көппартиялық жүйе де бар. Елдің басты табыс көздері
бұл−салықтар, туризм, Суец каналы және өнеркәсіп.
Экономикасы
Барлық еңбекке жарамды тұрғындардың 30% ауыл шаруашылығымен айналысады.
Өнеркәсіпте тоқыма фабрикалары мен азық-түлік өндіру жөніндегі
кәсіпорындарының маңызы зор. Хелундағы орзан зор металлургиялық
комбинаттын өздерінің мол жерасты қазба байлықтары шикізатпен қамтамасыз
етеді. Электр энергиясын ең алдымен Асуан гидростансасы береді.Табиғи
газдың ірі жерасты қоры бар.
1979 жылдан щетел капиталдарының құйылуы анағұрлым өсті. Елдің барлық
аудандарын бірімен-бірін жалғастырып жатқан жол құрылысы кеңейді,
мектептер, емханалар салынды, телефон байланысы жаңартылып, кеңейді.
Египеттік фунт тұрақты валютаға айналды.Туризм индустриясы қарқынды дамуда
- ондаған жаңа қонақ үйлер бой көтерді, Қызыл теңізде жаңа курорт
орталықтары құрылды, көптеген ежелгі ескерткіштер қалпына келтірілді.
Мемлекеттік құрылымы
Египет Араб Республикасының Басы және оның қарулы күштерінің жоғарғы бас
билеушісі президент, “раис” деп аталады. Бұл лауазымды Хосни Мүбарак
атқарады.
Парламенттің бес жылға сайланған 448 депутаты (тағы 10 президент сайлайды)
бірдей үлесте шаруалар мен жұмысшылардың атынан сайланғандар. Билік етуші
Өосни Мүбарак төрағалық ететін Ұлттық-демократиялық партия.Шураның
(Парламенттің жоғарғы палатасы) 210 мүшесі кеңесу функциясын атқарады,
олардың ішіндегі 57-ін мемлекет басшысы тағайындайды.
Елдегі халықтың барлығы араб тілінің египеттік диалектісінде сөйлейтін
араб-египеттіктер болып табылады. Египеттіктердің басым көпшілігі дінді
терең ұстанады. Олардың 90%-ға жуығы мұсылман-сунниттер. Қалған барлық
египеттіктер христиандар.
Египетте ағылшын тілін білу өте тиімді. Қалаларда және курорттық
ротаоықтарда тұратын египеттіктер осы тіоде жтік сөйлей алады. Жолдағы
түрлі белгілнр мен көше атаулары араб және латын қаріптерімен жазылады
[6].
Мәдениеті және салт-дәстүрлері
Египеттіктердің мұсылман дінін ұстануы олардың өмір сүру үрдістерін
айқындайды. Күніне бес мәрте мешіттерде халықты намаз оқуға шақырады, ал
рамазан айында түн күнге айналып, күні бойы мұсылмандар ораза ұстайды. Бұл
уақытта қоғамдық өмір бәсеңдейді, мемлекеттік мекемелер тек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz