Командада жұмыс істеудің принциптері, нормалары, сипаттамалары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Командада жұмыс істеудің принциптері, нормалары, сипаттамалары.

Жоспар

Кіріспе

  1. Команда туралы түсінік
  2. Командадағы жұмыс
  3. Команданың құрылу кезеңдері
  4. Командалық әрекет қағидалары
  5. Командалық әрекет нормалары
  6. Командалық әрекет мінездемелері

Пайдаланылған әдебиеттер

Топтағы қағидалар, әрекеттер мен нормалар . Топтағы табысты жұмыс жасау үшін төмендегі әрекеттер мен қағидаларды білу керек

  • Команда құрамының мүшелерінің тәжірибесі мен қабілетіне қарай іріктер алынуы
  • Команда мүшелерінің ортақ мақсаттағы, (қатаң ережелерін сақтай білуі) бірігіп жасаған жұмыстарында белгілі бір ережелерді сақтай білуі.
  • Команда мүшелерінің барлығының өз құқықтарымен таныс болуы
  • Команда мүшлерінің қарым - қатынаста болуы, жаңа ақпараттармен алмасу үшін арнайы уақыт бөлуі
  • әріптестердің арасындағы жақсы қарым - қатынас орнауын қамутамасыз ету. Марапаттау, құттықтау шараларын жүргізу.

Топтық әрекет түрлері (Л. Ушинский)

  1. Бірігіп және өз бетінше жұмыс. Әр адам өзіне тиесілі жұмыс жасайды және ол қалғандарынан тәуелсіз болады.

  1. Ортақ және өрбу түрінде жүреді. Ортақ тапсырма бірігіп үрдісімен жүреді.

  1. Бірігіп ықпал жасау әрекет ету. Бір уақытта барлық мүшелердің тапсырманы орындау.

  1. Бірігіп әрекет етудің ерекше түрі.

Бірігіп шығармашылық тұрғысында жұмыс жасау.

Командалық - топтық нормалар бұл ережелер мен шарттардың

жиынтығы топ мүшелеріне тікелей қатысты және айналасында болып жатқан іс - әрекеттер және қағидалар жинағы. Топтық нормалар командада рұқсат етілген және тиым салынған дұрыс немесе бұрыс жәйттерлі анықтайды. Нормалар топтың дамуы барысында өзгерістерге ұшырауы мүмкін, әсіресе қиындықтар туған кездерде бірақө топ мүшелерінің тіл табусынсыз олар ұйымдасқан түрде белсенді бола алмайды. Этикалық топтық аспектілер психотерапевттік нормаларға ұқсас келеді.

  1. «Қазір және осы жерде» қағидасындағы қарым - қатынас

Көпшілікке тән мінез, бұл бұрын болған оқиғаның және т. б. жағдайларды ойлау барысынла ортақ пікірмен санаса кету. Бұл жағдайда психологиялық қорғаныш механизмі іске қосылады. Бірақ тренингтің басты мақсаты, топ мүшесінің әрбірі өзін жаңа қырынан танылуы кезінде көруі және тани білуі. Бұл дегеніміз топтағы мүшелердің арасындағы қарқынды байланыс бар екендігіне көз жеткізу.

  1. Өз пікірін жеткізе білу қағидасы. Оның мәні әр тұлғаның өз пікірін жасырудағы, таңдау еркіндігі. Нақтырақ айтсақ «ол негізі . . . » «біреулер ойлайды» деген ойлардан арылып «мен ойлаймын» «мен есептеймін . . . » деген жөн.
  2. Сезім қағидаларына жүгіну әдісі. Әр қатысушы өзінің және әріптесінің эмоциясына көңіл бөлуге тиісті. Және қарама - қарсы қатынас жасаған кезде, өзінің және жолдасының күйін ескере білгені жөн. Мысалы: «Сенің сөйлеген сөздерің дөрекі болғандықтан, менің жүйкеме тиіп жатыр» деген сенімді және т. б.
  3. Белсенділік қағидасы. Белсенділік - тренингтегі тәртіптің негізгі нормасы және команданың беріктілігін нығайта түсетін, әр қатысушының қатысуын керек ететін талаптардың бірі.
  4. Қарым - қатынастағы сенім қағидасы. Сенімді қарым - қатынас бұл тапсырманың нәтижесін беруге көп ықпал жасайды. Қолайлы жағдай қалыптастыру үшін жетекші ең лдымен қатысушыларды өздерін еркін ұстауға үйрету керек. Сенімді қарым - қатынас орнату үшін «Ешқашан өтірік айтпау, әрдайым шындықты айту» ережесі сақталады. Алайда медициналық әріптестер арасында бұл ережені сақтанғанда мұқият болу керек. Ол субердиноцияны бұзуы мүмкін.
  5. Жасыру қағидасы. Бұл қағиданың мәні топта болған жасырын жағдайларды оқытылу барысында алған ақпаратты басқа жағдайда жария етпеу.

Сондай-ақ психотерапевттік нормаларға төмендегілер жатады.

  • Эмоциялық шынай болуы жеткізу.
  • өз пікір көзқарасын ашық түрде жеткізу.
  • Басқа мүшелердің де көз қарасымен, пікірімен санасу және оларға төзімділікпен сабырмен қарау.
  • Белсенділік
  • Этикалық нормаларды сақтай білу (дөрекі сөйлемеу, зорлық көрсетпеу т. с. с. )

Соңғы кезекте командада топ мүшелерінің жұмысы тиімді болуы үшін жеке мүдделердің үш жиынтығы сақталуы қажет.

  • өзіңе баға беру
  • айнала мен айналадағы қарым - қатынасқа, ортақ көзқарастарға баға беру;
  • тапсырма мен жұмысқа баға беру;

Команданы білікті маман иелерінеайналдыру процессі команда құрылымы деп аталады. Көптеген топтарға өзін толыққанды нәтижеге қол жеткізу үшін оған көмек керек. Көп жағдайда командаға әсерлі коммуникацияны пайдалану үшін және шешім қабылдау әдістерін меңгеру үшін, ұрыс - керістен аулақ болу үшін бір адамның көмегі қажет. әдетте бұл функцияларды топтың сапасын жақсарту жөніндегі жаттықтырушы жасайды, бірақ көбінесе бұл процесстерді медициналық оқу орнының топ жетекшісі орындайды.

Командадағы жұмыс барысындағы ең маңызды мінездемелер:

  • ойлау барысында командадағы жұмыс әлдеқайда қолайлы себебі көптің пікірі жалғыз адамның пікірінен өнімдірек. Топтағы басқа да мүшелерінен жаңа идеялар туындауы мүмкін.
  • Топтағы көпшіліктің қабылдаған шешімдері, команданың жалғыз мүшесі қабылдаған пікірден дұрысырақ.

Алайда көп командалардың жұмысы нәтижелі бола бермейді. Бұл командалардан нәтижелі жұмыс істейтін топтардың айырмашылығы неде?

  1. Жұмыс барысына қатысты:

Қызығушылықты көбірек білдіру. Топ мүшелерінің барлығы ортақ мақсатқа жетуді көздейді және сол мақсатқа қол жеткізу үшін аянбай жұмыс жасай біледі.

Команда жұмысына қатысты жақсы көзқарас. Команда жұмыс істейтін мекеме, топтың жұмысын сыйластықпен қабыл көреді.

Сенімділік ортасы . Команда мүшелері бір - біріне сенеді және бір - біріне сенім артады. Бұл барлық мәселеге қатысты негізгі элемент болып табылады.

Топтағы әр қызметкердің жұмыстағы жетістігін мойындау: Команда әр адамның пікірімен санасады. Ал қателіктер кеткенде ол алдағы күнге сабақ болады.

Жақсы қарым - қатынастар. Бейресми жайлы қарым - қатынас және жолдастық қалып. Топтағы жұмыс оның мүшелеріне қызықты себебі командада ауызбіршілік бар. әр қызметкердің мұқтаждығы мен пікіріне көңіл бөлу. Команда мүшелері әр қызметкерлің көзқарасына құлақ салып, оның ой - пікірін құрметтейлі. Команда өзіне кедергі жасайтын жұмысына шек қоятын ережелерді ұстанбауы керек.

Ұйымға мәселелеріне қатысты сұрақтар

Тапсырмаларды нақты көрсету. Топтағы мүшелердің барлығы қанлай қызмет атқаратынын және алдағы мақсатына жету үшін қаншалықты йжұмыс істеу керек екенін біледі. Командадағы тапсырмалар теңдестірілген және жұмыс тиімділігін арттыру үшін үйлестіріледі. Көбінесе тапсырмалар команда мүшелерінің арасында, әрқайсының ортақ жұмысқа қосар тапсырмаларлы болуы үшін үйлестіріледі.

Уақытты мұқият қадағалау. Жиналстар уақытылы басталып дер кезінде аяқталады. Уақытты ұсақ - түйекке шығындамай тиімді қолдану және тапсырмаларды орынлауға жіберу қажет. Жұмысқа қажет мәліметтер алдын ала дайындалады және ертерек үлестіріледі.

Командалық үзіліске аз уақыт кетіруі керектігін жеткізу. Команда мәселені шешу үшін, және т. б. мәселелерге алаңдамай жұмыс жасауы қажет.

Тіркеулер мен жазбаларды жүргізу. Бұрын соңды қабылданған шешімдерді еске алуға тетірмей, әрдайым тіркеулер қолда болуы қажет. Команда жұмысының ағымдағы бағалары. Топ мүшелерінің өз жұмыстарының бағалануына қызығушылық білдіреді және қиындықтарды шешуге атсалысады.

Командадағы коммуникация. Коммуникация бұл - хабаруламаларды алу және жіберудегі акт. Коммуникацияның мақсаты - ой-пікірлермен аямау (жіберу, қабылдау, талқылау ) және оны түсіну мүмкіндігі. Коммуникациядағы практика маңызды рөльге ие. Жіберілген ақпарат пен қабылданған мәліметтер екі жақтың білім деңгейін, машықтанғандығын көрсетеді. Тығыз қарым - қатынастағы өзін - өзі бағалау әдісінде, әр адамда таңдау және «Мен білмеймін» немесе «Мен түсінбедім» деп айтуға құқығы бар. Оған қоса қателесуге, сол қатемен жұмыс жасауға осы жағдайларда мен білетініме сенімді емеспін бірақ сонымен жұмыс істеп көргім келеді деуге де мүмкіндік бар.

Мұндай көз жеткізу өзін - өзі бағалауды күшейте түседі және қарым - қатынастағы қиындықтардың алдын алады. Хабарлама жіберуші хабарламаны алушыға деген жақсы көзқараста болса, қарым - қатынас тиімділігі арта түседі. Бірақ бұл әрдайым бола бермейді. Сондықтан, нашар көзқарас қалыптасқан әріптестермен қарым - қатынас орнатуда ешқандай қорқыныш жоқ екенін түсіну қажет.

Тыңдау және қабылдау шеберлігі де, хабарлама жеткізу сенімді маңызды.

Тыңдау сөйлеп тұрған адаммен әрекеттестік үдерісі. Бұл үдеріс ой - әрекетін, сөз шеберлігін, бет икемділігі, дауыс ырғағы, ишаратты қажет етеді. Бөлек, дара сөздерді емес бүтін бір ойды тыңдау маңызды.

  • бөгде тірліктерді ысырып қою (телефон қоңырауларына алаңдамау және т. б. )
  • өз эмоцияларыңды бақылау. Жиреніштік, ашу, және т. б. сезімдер тыңдау үдерісіне кедергі жасайды, қарым- қатынасты қиындатады.
  • Команда мүшелерінің өзін - өзі қадірлеуіне қолдау көрсету
  • Тілектес болу
  • өзіңіздің дұрыс түсінгеніңізді, әңгіменің не туралы айтылып жатқандығын тексеру (қосымша түсініктемелер сұрау)
  • Қарым - қатынас жақсарту барысында ұсыныстар қосу.

Тиімді қарым - қатынас орнатуға не кедергі болады?

• мезгілсіз тұжырым мен ертерек баға беру. («Сізге былай істеу керек еді . . . », «Сіз дұрыс айтпадыңыз . . . », «Сіздің міндетіңіз бұл емес» деген секілді мезгілсіз тұжырымдар тиімді қатынасты бұзады)

• Кеңес беру секілді жауап қайтару («Сізге былай . . . дұрыс болар еді», «Сіз мынаныф . . . істеп көрсеңіз қалай болады?», «Менің сізге берер кеңесім . . . ») сұраған жағдайда әңгіме аяқталған соң берілген кеңес дұрысырақ.

• Басқаның білімін, тәжірибесін елемеу («Бұл дұрыс бо лмады, сіздің пікіріңіз қате», «Сіздің орныныңда мен болсам . . . т. с. с. ) Мұндай амалдар, сөйлеп отырған адамның назарын кері аударады.

• Диогнастикалық, психоаналитикалық тәсіл. («Сіздің мәселеңіз мынада . . . », «Мұның себебі, сіз . . . » т. б. ) Көпшілік адамдар өздерінің мәселесін талдағанын ұната бермейді.

• Сұраққа сұрақ ретінде жауап қайтару немесе жауапты сұрақ ретінде беру. («Неге . . . », «Кімге . . . », «Қалай . . . » және т. б. ) Бұл қарапайым сұрақтар, бірақ кей кездерде адамды «тергеуде» отырғандай сезінуге мәжбүрлейді, сол арқылы әсерлі, тиімді қатынасқа бөгет жасайды. Мұндай сұрақтарды қосымша ақпарат үшін қолданған жөн.

• Бұйрық беру, бопсалау ретінде жауап қайтару. («Сіз мұны жасамасаңыз . . . », «сіз міндеттісіз . . . » «Тез арада кірісіңіз» және т. б. ) әдетте мұндай жауаптар жағымсыз әсер тудырады.

• Дәріскерлік ықпал жасау. «Сіз қала түсінбейсіз, қазір мен сізге түсіндіремін», «Алынған деректер басқа . . . » және т. б. ) Мұндай амалдар сөйлеушіні төмендетеді. Басқа адамдардың да дұрыс шешім қабылдайтынына сену керек.

Бағалаушылыққа беталыс. «Барлығы жаман емес», «Бұл маңызды емес», «Бұл сізге солай көрінген шығар» және т. б. ) Бұл сөздер сөйлеушінің көңіліне нұқсан келтіреді.

Төмендегі жаттығулар тілдесу барысында шешім қабылдауға ой түйуге, іштей ойды қорытындылауға мүмкіндік береді.

І кезең. Тілдесу барысында адам әлдеқайдағы ойларға түседі. Ол іштей сөйлеу кезінде кідіріп, өз сезімдерін, осы кездегі өз әрекетін бақылайды өзінен іштей «Мен не сезіндім?» деген сұрақ береді. Бұл эмоциялардың құбылысы. Осы арқылы өзіне керегін әрдайым алуға болады.

ІІ кезең. Келесі сауал өз- өзіне қойылуы керек: «Бұл сезім менде неден туындады? артынша - «сөйлеушінің айтқанынан ба? әлде сөздің айтылуынан ба? Мүмкін мен бұл сауалмен жұмыс істегісі келмей тұрған шығар?»

ІІІ кезең. Тұлға өзінің қалай жауап беретіндігін шешеді.

Коммуникация үдеріс, өте қиын, сол секілді мәселені шешудегі өзара қатынастағы мәселеде өте маңызды. Ол айқын көзқарасты, білімді, түрлі - тәсілдерді коммуникацияны жақсартудағы ықылас пен ақылды талып етеді. Бұл әрдайым жетілдіруді тоқтаусыз қажет ете алатын үдеріс.

Кері байланыс. Топтың жұмыс істеуді үйрену әдісінің бірі - бұл тәжірибесін сараптау. Егерде өз тәжірибеңді талдап тұрмасаң жұмысты жақсартуға ешқандай шара қолданылмайды. Кері байланыс - бұл қабылдаушыгың жіберушіге жұмыс барысын жақсарту үшін ақпаратты өңдеп жіберудің бір түрі. Кері байланыстың көмегімен команда мүшелері өз жұмыстарының әлсіз және жақсы жақтарын талдайды, ашық түрде өз - өзіне баға береді, сынды жағымды қабылдайды. Бұл процесс топ мүшесінің өзін басқа команда мүшелерінің қабылдағанын сезінгенле ғана мүмкін болады. Мұнсыз жоба нәтижесіз және қауіпті болуы да мүмкін. Жиі кездесетін жағдайларда команда бір тапсырмадан екінші тапсырмаға өздерінің істеген жұмысын талдамай - ақ өтіп кетеді. Командалардың көшбасшылары мұның артық екеніне және кері байланыстың керек еместігіне сенеді, бұған уақытты да жеткізе алмайды сондықтан команда бұл жіберген қателігін қайтадан, бірнеше рет қайталауы мүмкін және бұл команда мүмкіндігін толық жүзеге асыруға кедергі болады.

Кері байланыс нәтижелі болуы үшін және жетістікке жету үшін команда айқын өлшемдер орнатуы керек. Талдау барысы, команда мүшелерінің алға қойған мақсаттарын, жеткен жетістіктерін айқындап алуынан басталады. Олар өз жұмыстарын ең нәтижелі немесе ең нашары деп баға береді.

Келесі маңызды қадам: жұмысты жақсартудың себептерін, ол үшін не істеу керектігін алдағы жоспарын айқындап алуы қажет. өз жұмыстарын талдау барысында, команда келесі сұрақтарға жауап беруге міндетті:

  • Алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткіздік пе?
  • Жетпеген болсақ, неліктен?
  • Сәтсіздікке ұшырауымыздың себебі біз болдық па әлде біздің болмауымыздан тыс нәрсе ме?
  • Жетістіктердің барлық өлшемдеріне қол жеткіздік пе?
  • Барлық табысқа жетудің көздері, алға қойған тапсырмаларға қатысты болды ма, олар қол жетімді болды ма?
  • Олай болмаса, ол неліктен?
  • Қажетті қордың ең азын пайдаланудық па?
  • Қажетті қор тепе - тең жұмсалды ма?
  • Басқа топтардан осындай тапсырманы алып қойып, оны орынлай, бізден жақсы орындай білді ме?
  • Олай болса біздің жұмысымыздың кемшілігі неде?
  • Жұмысты сараптау кезінде біз не байқадық?
  • Алдағы кезде біздің не істеуміз керек?

Кері байланыстың екі түрі бар: жақтаушы жағы және түзету жағы. Жақтаушы жақ кері байланыстың жақсы жағы ретінде қарастырылады. Ал түзетуші түрі жақсы болып саналмайды. Себебі жұмыс барысын тапсырманы ойдағылай орындау үшін өзгертеді. Кері байланыс тек көп нәрсе орындалмай жатқан кезде қажет деген басшының қате пікірінен олар ешқашан жақтаушы жақтағы кері байланысты қолданбайды. Негізінде ол түзетуші байланыстан гөрі маңызды болып анық саналады, себебі жұмыстағы тәртіптің қандай болу керектігін анық көрсетеді. Кері байланыстың түзетуші жағы көбінесе ескерту ретінде, тәртіптің қандай болу керектігін түзету ретінде қолданылады. Ол көбінесе сенімділіктің барысда, жылы ниеттің бар кезінде тепе - теңдік ретінде қабылданады. Жағымсыз жағдайларда команда мүшесі ескерту алған болса ол адам ұялу сезімін сезінеді немесе қорғаныш әрекетін түзеді.

Кері байланыстың жақсы немесе жаман жағын абайлап қолданған жөн. Шамадан тыс дәріптеулер жұмысты орындаудағы жауапкершіліксіздікке, ал сын көзімен қаралған ескерту жанжалға әкеп соқтырады.

Әрқашан есте сақтау қажет, сын айтылғаннан кейін жақсы көзқарастар айтылуы керек, олай болмаған жағдайда команда жұмысын жақсарту үшін ынталана алмайды. Анық сынға алу команданың тәжірибелі мүшесіне кері әсерін тигізуі мүмкін, себебі ол болып жатқан жәйттерге көбірек жауап береді.

Кері байланыс үшін уақыт пен орамды дұрыс таңдаған абзал. Нәтижелі кері байланыс кейінге қалдырылмаған кезінде ғана бола алады. Себебі оны ұзақ күткен сайын ол маңызды жоғалта береді. Байланыс үздіксіз әрі тоқтамайтын процесс болып саналмайды, ол кезекпен болатын жүйелі түрдегі жоспарланған болуы керек. Жақтаушы және түзетуші байланысты кері байланыстың қажеттілігін кезінде қиыстырып отыру қажет. Алғашында қандай байланыс қолданылса да, соңында бәрібір жақсы нәрсе есте қалатынын ескерген пайдалы.

Тұтас алғанда команда - бұл әр түрлі маман иелерінен құралған. әр қайсысының белгілі бір міндеттері бар, ортақ бір мақсатқа жету үшін атсалысып жүрген адамдардан тұратын қауымдастық. әр командада ішкі үйлесімділік болады, бұл дегеніміз әр адамның тұтас топқа қосатын үлесі, әр қатысушының өз рөльдері болады, олар әртүрлі және ауыспалы.

Команда көшбасшысы - көшбасшы қалған мүшелер секілді қызмет атқарады, сонымен қатар ұйымдастыру шараларын орындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топпен жұмыс жасау
Қызметкерлер үшін команда құру ойындары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты
Инновациялық сабақты ұйымдастырудың (жоспарлаудың) қазіргі формасы
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
STEM технологиясының негізгі ұғымдары
Иондаушы сәулелердің негізгі гигиеналық нормалары
Жоба бойынша кезеңдер
Molte Denaro ресторанының имиджін бағалау
Есептегіш программа жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz