Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4

І тарау. Ұлы Жібек Жолы және оның қызметі ... ... ... ..5.32
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... .5.7
1.2.Батыс пен шығысты байланыстырудағы
Ұлы Жібек Жолының рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.11
1.3. Ұлы Жібек жолы бойындағы керуен жолдары ... ... ... ..12.18
1.4. Ұлы Жібек жолымен таратылған діни сенімдер мен дін жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.32

ІІ тарау. Ұлы Жібек Жолы бойындағы пайда болған
ортағасырлық қалалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33.52
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі
болған Түркістан алқабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33.42
2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы ... ... ... ... ... ... ..43.49
2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50.52

ІІІ тарау. Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан
территориясындағы қалалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53.69
3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және
Шымкент қалалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53.58
3.2. Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54.69

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70.72

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... 73.74
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: «Ұлы Жібек Жолы» - Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, ол сонау ежелгі дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Жалпы адамзат тарихы бойынша Шығыс пен Батыс халықтарының арасында қалыптасқан бейбіт қарым – қатынас сырын жан-жақты зерттеп білу қазіргі таңдағы мәдениетті өркендетуде маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда Жібек жолын көктей өтетін елдердің ғылыми және мәдени топтарының өзара пікір алысуына, мемлекеттер арасында мәмілеге келу байланыстарын орнатуға әсер ететін өзекті мәселе.
Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі күні осы жол бойындағы жатқан халықтардың өзара пікір алысуды қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара түсінісудің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихи мән маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу.
Зерттеудің мақсатын жүзеге асыру барысында келесі міндеттемелер алынып отыр:
1. Ұлы Жібек жолы тақырыбын жан жақты зерттеу барысында ғылыми деректерді және бұхаралық хабарлама құралдары мен баспасөз материалдарын барынша тиімді қолдану.
2. Ұлы Жібек жолының кесіп өтетін негізгі жолдарын анықтау
3. Келешекте адамгершілік, ынтымақтастықты жолға қоюдың тиімді құралы болуы ықтимал «Ұлы Жібек жолының» қыр-сырын жан-жақты зерттеу

Тақырыптың ғылыми жаңашылығы: жаңа деректер мен оқу құралдарын пайдалана отырып Ұлы Жібек жолының тарихына толық зерттеу жүргізуге тырысу.
Зерттеудің ғылыми құндылығы: зерттеу барысында қолданылған материалдар мен қорытындылар тақырыптың өзектілігін аша түседі.
Зерттеу барысында қолданылған деректер: тақырып бойынша негізгі оқулықтар мен қатар қосымша монографиялар және баспасөз құралдары негізінде жазылды.
Жұмыстың мазмұны мен құрылымы: диплом жұмысы кіріспе мен қорытындыдан басқа үш негізгі тараудан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты, міндеттері, ғылыми құндылығы және пайдаланылған деректер көрсетілген.
І тарауда Ұлы Жібек жолының пайда болуы, оның Батыс пен Шығысты байланыстырудағы рөлі, сол жолмен таратылған керуен жолдары мен дін жолдары мәселелері қаралған.
ІІ тарауда Жібек жолы бойындағы пайда болған ортағасырлық қалалар, соның ішінде Отырар, Түркістан және Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы жайлы айтылған.
ІІІ тарауда Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қалалар шежірелі Сайрам (Испиджаб) сондай-ақ сол кездегі маңызды роль атқарған Тараз қалалары жайында айтылған.
Қорытындыда зерттеу бойынша нәтижелер шығарылады.
Автор диплом жұмысын жазу барысында тек негізгі оқу құралдарымен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар монографиялар, баспасөз қүралдарын өте тиімді пайдалана білді.

І тарау. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы

«Жібек жолы» дегеніміз не, ол қашан пайда болып, қандай кәдеге жарады, қай жерлерді басып өтті - әркімді – ақ толғандыратын алғашқы сұрақтар осындай.
Бұтқа табынушы (будда дініндегі - ауд) қажы Сюань-Цзан 629 жылы «Будданың қасиетті қалдықтарын көзбен көру және дін ілімін шыңдап зерттеу үшін» Қытайдан Үндіге сапар шекті. Ол Қытайды Батыспен байланыстырып жатқан және техникалық жаңалықтарға дінге мұраттар мен мәдени жетістіктерге мұрындық болып тұрған осы халықаралық жолмен жүрді.
Чань-Анань шыққан саудагерлердің қоспақ-түйелі керуенімен атақты Гоби шөлін жағалап Дунхан арқылы «Ұлы айдаһар құмы» аталатын сортаң шөлейтті Хами мен Тұрфан алқаптарын, Тянь-Шаньның солтүстік бөктерімен мұздақ тауларын шамасы, Музур-Ола жоталарын басып өткен Сюань-Цзян түрік қағаны тұрған Суяб қаласына келді. Сюань – Цзян түрік қағаны мен оның жанпеліндегілер жөнінде былай сипаттайды: «Бұл қателіктердің аттары керемен екен. Қаған үстіне жасыл жібек шекпен киген, жолақ басына ұзындығы чжан (3,2м) ұштары желкесіне түскен Жібек шолпа орап алған. Оған оқалы – зерлі жібек шапан киіп, шаштарын айдар – тұлындап өрген екі жүзден астам тархан (нөкер) еріп жүрді. Өзге жауынгерлер тері астарлы киімдер киіп, айбалта, садақ асынып ту көтеріп жүреді. Түйеге, атқа мінгендердің көптігі сонша, көзбен шамалаудың өзі мүмкін емес».[1]
Бұл әңгіме барысында ежелгі дәуір мен орта ғасырда халықаралық қатынастың күретамырына айналған ұлы жолға өз атауын берген және Шығыс пен Батыстың негізгі сауда затына айналған жібек бірнеше рет аталады. Ал бұл жол қай кезден «жұмыс істей бастады» деген сұраққа күні бүгінге дейін әрқилы жауап беріліп келеді.
Әдебиеттер тізімі
1. Зуев Ю.А. Китайские сведения о Суябе /Известия АН Каз.ССР.Серия истории, археологии и этнографии. Вып.3,1960г. С.87-89
2. Лубо - Лесниченко Е.И. Великий Шелковый путь 372-373
3. Бартольд В.В. Очерк истории Семиречья. Соч. Т.П.4.2М 1963г. С.31
4. Байпақов К.М. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың орта ғасырдағы қалалық мәдениеті.-Алматы:1986,9-92б.
5. Горячев В.Д. Город золотого верблюда. Фрунзе,1988с.62-68
6. Байпақов К.М. Ерте Орта ғасырдағы Отырар қаласының кейбір тарихи этнографиялық мәселелері. 1985 68-65б.
7. Алтын Орда тарихына жататын материалдардың жинағы, ІІт., М-Л,1941ж. 129б.
8. Пищулина К.А. СЫРДАРИЯ өңіріндегі қалалар және олардың қазақ хандықтары тарихындағы маңызы. Алматы,1969, 17б.
9. Фазлаллах ибн Рузбихан Исфагани. Михман-наме-йн Бухара. Аудармасы алғысөз және ескертулері Р.П. Джалалилованікі М.,1976, 116б.
10. Лерх П.И. Түркістан өлкесіне 1867 жылғы археологиялық сапар. СПб,1870,14,21,31б.
11. Бернштам А.Н. Ертедегі тарих және оңтүстік Қазақстан халықтарының шығу проблемалары, ҚазССР ҒА хабарлары, археолог.сериясы, 1950ж. 82б.
12. Андрианов Б. Арал өңіріндегі ежелгі суарту жүйесі. М.,1969, 41-б. 10-сурет
13. Акишев К.А. Байпақов К.М. Сауранның кариздері. Қаз.ССР. ҒА хабаршысы, 1973, 76-78бб.
14. Акишев К.А. Сауранның кяриздері. Қаз.ССР. ҒА хабаршысы, 1973, 76-78бб.
15. Балдырев А.Н. Зайнаддин Васифи. 335-б.253-ескерту
Қазақ ССР тарихы. ІІт. Алматы, 1979, 64-68бб.
16. Толстов С.П. Оғыз қалалары С.Э., 1947, 58-62бб.
17. Зуев Ю.А. Китайские известия о Суябе. ИАН Каз.ССР, сер.ист.археол.и этнограф. Вып.3, 1960г. 91с.
18. Волин С.Л.Сведения арабских источников о долине р.Талас и смежных районах. ТИИАЭ АН Каз.ССР. Т.8 1960 с.78-80
19. Валин С. Сведения арабских источников. ТИИАЭ, АН. Каз.ССР, Т.8 1960г. с.82
20. Валин С. Сведения арабских источников... с.78
21. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Соч. Т.Т. М-Л.: 1963г. с. 518
22. Бартольд В.В. К истории о решения Туркестана. Соч.т.Ш.М.1965, с.223
23. Ф.Назаров Записики о некоторых народах и землях средней части Азии М.1968г. с.33
24. Лаврентьев В. Әулиеата қаласының шеңберінде жатқан төбелердің қысқаша тізімі. Ташкент, 1900ж. 39-45бб.
25. Каллаур В.Әулие атадан батысқа қарай Шымкент уезінің шекарасына жүрген ескі Керуен жолындағы Әулие-ата уезінің ежелгі қоныстары. ПТКЛА ІҮ том, 1899, 53б.
26. Сенигова Т. Орта ғасырлық Тараз. Алматы, 1972, 71-76бб.
27. Волин С.Л. Талас өзені аңғары мен оған жанама алқаптар туралы араб деректерінен мағлұматтар, 84бет.
28. Акимжанов С.М. Кыпчаки в историй средневекового Казахстана Алма-Ата,1989
29. Баласағұн Ж. Құтты Білік Алматы,1986, 414б.
30. Айтматов Ч. Мой Чудо-город «Огонек», 1966, №11
31. Агаджанов С.Г., Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии ІХ-ХІІІ вв. Ашхабад, 1969 с.122-125
32. Ежелгі Қазақстан А.Сәрсенбаев «Аруна» баспасы, Алматы,2002
33. Қазақстан тарихы ССР, Алма-ата, 1977 Іт. 287-291бб.
34. Орбели И.А. Баня и скоморох ХІІв. В кн. Помятники эпохи Руставлли Л.: 1938г. С.159
35. Толстов С.П. Оғыз қалалары С.Э.1947 №3, 58-62бб.
36. Кляшторный С.Г. Древнетюрские руднические памятники с.164
37. ҚазақССр тарихы ІІт. Алматы,1979, 64-68бб.
38. Каллаур В. Уәлие атадан батысқа қарай Шымкент уездінің шекарасына жүрген ескі керуен жолындағы Әулиеата уездінің ежелгі қоныстары. ПТКЛА ІҮт. 1899,53б.
39. Большаков О.Г. Ислам тыйым салады. Ғылым және дін 1967ж., №7, 41б.
40. Мец А. Мұсылмандық қайта өрлеу 129б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Археология және этнология кафедрасы

студенттің аты-жөні

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы:
Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар

Ғылыми-жетекші:

Рецензент
Жұмыс қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі:

Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .3-4

І тарау. Ұлы Жібек Жолы және оның қызметі ... ... ... ..5-32
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... .5-
7
1.2.Батыс пен шығысты байланыстырудағы
Ұлы Жібек Жолының рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-11
1.3. Ұлы Жібек жолы бойындағы керуен жолдары ... ... ... ..12-18
1.4. Ұлы Жібек жолымен таратылған діни сенімдер мен дін жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...19-32
ІІ тарау. Ұлы Жібек Жолы бойындағы пайда болған
ортағасырлық қалалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33-52
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі
болған Түркістан алқабы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33-42
2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы ... ... ... ... ... ... ..43-49
2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50-52
ІІІ тарау. Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан
территориясындағы қалалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53-
69
3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және
Шымкент қалалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..53-58
3.2. Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
4-69
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70-72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... 73- 74

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Ұлы Жібек Жолы - Жерорта теңізінен Қытайға
дейін Евразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан
торабы, ол сонау ежелгі дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және
мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Жалпы
адамзат тарихы бойынша Шығыс пен Батыс халықтарының арасында қалыптасқан
бейбіт қарым – қатынас сырын жан-жақты зерттеп білу қазіргі таңдағы
мәдениетті өркендетуде маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда Жібек жолын көктей
өтетін елдердің ғылыми және мәдени топтарының өзара пікір алысуына,
мемлекеттер арасында мәмілеге келу байланыстарын орнатуға әсер ететін
өзекті мәселе.
Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі күні осы жол бойындағы жатқан халықтардың
өзара пікір алысуды қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара
түсінісудің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихи
мән маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу.
Зерттеудің мақсатын жүзеге асыру барысында келесі міндеттемелер
алынып отыр:
1. Ұлы Жібек жолы тақырыбын жан жақты зерттеу барысында ғылыми
деректерді және бұхаралық хабарлама құралдары мен баспасөз
материалдарын барынша тиімді қолдану.
2. Ұлы Жібек жолының кесіп өтетін негізгі жолдарын анықтау
3. Келешекте адамгершілік, ынтымақтастықты жолға қоюдың тиімді
құралы болуы ықтимал Ұлы Жібек жолының қыр-сырын жан-жақты
зерттеу

Тақырыптың ғылыми жаңашылығы: жаңа деректер мен оқу құралдарын пайдалана
отырып Ұлы Жібек жолының тарихына толық зерттеу жүргізуге тырысу.
Зерттеудің ғылыми құндылығы: зерттеу барысында қолданылған материалдар
мен қорытындылар тақырыптың өзектілігін аша түседі.
Зерттеу барысында қолданылған деректер: тақырып бойынша негізгі оқулықтар
мен қатар қосымша монографиялар және баспасөз құралдары негізінде жазылды.
Жұмыстың мазмұны мен құрылымы: диплом жұмысы кіріспе мен қорытындыдан басқа
үш негізгі тараудан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты,
міндеттері, ғылыми құндылығы және пайдаланылған деректер көрсетілген.
І тарауда Ұлы Жібек жолының пайда болуы, оның Батыс пен Шығысты
байланыстырудағы рөлі, сол жолмен таратылған керуен жолдары мен дін жолдары
мәселелері қаралған.
ІІ тарауда Жібек жолы бойындағы пайда болған ортағасырлық қалалар,
соның ішінде Отырар, Түркістан және Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы жайлы
айтылған.
ІІІ тарауда Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан
территориясындағы қалалар шежірелі Сайрам (Испиджаб) сондай-ақ сол кездегі
маңызды роль атқарған Тараз қалалары жайында айтылған.
Қорытындыда зерттеу бойынша нәтижелер шығарылады.
Автор диплом жұмысын жазу барысында тек негізгі оқу құралдарымен
шектеліп қана қоймай, сонымен қатар монографиялар, баспасөз қүралдарын өте
тиімді пайдалана білді.

І тарау. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы

Жібек жолы дегеніміз не, ол қашан пайда болып, қандай кәдеге
жарады, қай жерлерді басып өтті - әркімді – ақ толғандыратын алғашқы
сұрақтар осындай.
Бұтқа табынушы (будда дініндегі - ауд) қажы Сюань-Цзан 629 жылы
Будданың қасиетті қалдықтарын көзбен көру және дін ілімін шыңдап зерттеу
үшін Қытайдан Үндіге сапар шекті. Ол Қытайды Батыспен байланыстырып жатқан
және техникалық жаңалықтарға дінге мұраттар мен мәдени жетістіктерге
мұрындық болып тұрған осы халықаралық жолмен жүрді.
Чань-Анань шыққан саудагерлердің қоспақ-түйелі керуенімен атақты Гоби
шөлін жағалап Дунхан арқылы Ұлы айдаһар құмы аталатын сортаң шөлейтті
Хами мен Тұрфан алқаптарын, Тянь-Шаньның солтүстік бөктерімен мұздақ
тауларын шамасы, Музур-Ола жоталарын басып өткен Сюань-Цзян түрік қағаны
тұрған Суяб қаласына келді. Сюань – Цзян түрік қағаны мен оның
жанпеліндегілер жөнінде былай сипаттайды: Бұл қателіктердің аттары керемен
екен. Қаған үстіне жасыл жібек шекпен киген, жолақ басына ұзындығы чжан
(3,2м) ұштары желкесіне түскен Жібек шолпа орап алған. Оған оқалы – зерлі
жібек шапан киіп, шаштарын айдар – тұлындап өрген екі жүзден астам тархан
(нөкер) еріп жүрді. Өзге жауынгерлер тері астарлы киімдер киіп, айбалта,
садақ асынып ту көтеріп жүреді. Түйеге, атқа мінгендердің көптігі сонша,
көзбен шамалаудың өзі мүмкін емес.[1]
Бұл әңгіме барысында ежелгі дәуір мен орта ғасырда халықаралық
қатынастың күретамырына айналған ұлы жолға өз атауын берген және Шығыс пен
Батыстың негізгі сауда затына айналған жібек бірнеше рет аталады. Ал бұл
жол қай кезден жұмыс істей бастады деген сұраққа күні бүгінге дейін
әрқилы жауап беріліп келеді.
Егер Жібек Жолының жекелеген бөліктерінің сыңарлары жөнінде айтар
болсақ, ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстары біздің дәуірімізге
дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда басталған. Мұндай байланыстар Бадахшан
тауынан лазурит (көк лағыл) кені, ал Хотан аймағындағы Яркент (Жаркент) –
Дарияның жоғарғы ағысынан нефрит (көк минерал) кені ашылуына орай жолға
қойылды.
Бадақшаннан шығарылған лазурит Иранға, Месопотамияға, Анатолийге,
Египет пен Сирияға тасылып жатты. Бадахшан лазуриті, І мыңжылдықтың
жартысында Қытайға да жеткізіле бастады.
Орта Азия мен Орта шығысты Жерорта теңізімен және Үнді мен жалғастырып
жатқан Лазурит жолымен қатар дүниеге келген Нефрит жолы Шығыс
Түркістанды Қытаймен жалғастырды.
Біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдықтың орта кезінен Дала жолы
деген жол болғаны белгілі. Егер тарихтың атасы Геродоттың жазбаларына
жүгінсек, бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз: Қара теңіз
жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы
етегінен Ертіске, Алтайға, сонан Жоғары Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген
агриппийлер еліне қарай созылады. Бұл жолмен былғарылар мен терілер, иран
кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдар кең таралып жатты.
Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін
біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық саналып келеді.
Қымбат бағалы жібектерді тарату ісіне сақтар мен скифтердің көшпелі
әулеттері де атсалысты. Солардың қатынасаралық көмегімен сол кезде
қасқалдақтың қанындай қымбат тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізіне дейін
тарады.
Жібек жолы тек біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінен
бастап қана тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына айналды. Ал
осының бәрі император У – Дидің көрмеген Батыс елдеріне жұмсаған книязі
Чжон – Цзян бастаған елші керуенінің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни
138 жылы басталды. Чжон-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол осы күнгі
Ауғаныстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі аудандарынан
Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті. Содан соң жібек
тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға, Жерорта теңізінен,
Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып қайтты.

1.2.Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі
Жібек жолы ІІ-Ү ғасырларда, егер Шығыстан бастасақ Чаньниден басталып,
Ланчжоу ауданындағы Хуанхэ өткеліне беттейді, одан әрі Нан-Шаньның
солтүстік сілемдерін қуалай Ұлы Қытай қорғанының батыс беткейіне және Яшмо
қақпалары заставасына жетеді. Ол жерде жалғыз жол Такла-Макан шөлін
солтүстігі мен оңтүстігінен орап өтіп, үшке айрылады. Солтүстік тармағы
Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені бойына жетеді,
ортаңғы жол тармағы Чаочаннан Қарашәрге, Ақсуға және Ыстық көлдің оңтүстік
жағалауына жетеді, оңтүстіктегі тармағы Дунхан, Хотон, Яркент арқылы
Бактрияға, Үнді мен, Жерорта теңізіне жетіп, Оңтүстік жолы аталады.
Солтүстік жолы Қашқардан Ферғанаға, ал одан әрі Самарқан, Бұхара, Мерв
арқылы Хамадан Сирияға жетеді. [2]
Қытайдан Батысқа Ферғананың үстінен өтіп баратын бұрынғы қысқа да
қолайлы жолға қарағанда Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жаңа
жол ҮІ-ҮІІ ғасырларда барынша жандана түсті.
Біріншіден, Жетісуда Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын қадағалап
отыратын түрік қағандары отырды. Екіншіден, Ферғанадан өтетін жол ҮІІ
ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті жолға айналды. [3] Үшіншіден,
түріктің ауқатты қағандары мен олардың жанпеліндегілер теңіздің арғы
бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі тұтынушыларға айналды.
Сөйтіп бұл жол бас жолға айналды да ҮІІ-ХІҮ ғасырлардағы елшілер мен
сауда керуендері негізінен осы жолмен ғана өтіп жүрді. Алайда Жібек жолының
бұл бағыты да толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар көлемінде оның
анау, не мынау бөлігі, не жекелеген тармақтары жанданып, жоғарырақ мәнге ие
болды. Ал кейбіреулері, керісінше, мәнін жойып, жоғалып кетті де олардың
бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырай бастады. Сөйтіп, ҮІ-ҮІІІ
ғасырларда негізгі жол сорабы Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан
– Талас алқабы – ШУ алқабы - Ыстықкөл қазан-шұңқыры-Шығыс Түркістан арқылы
таратылды. Бұл жолдың тармақталған бір бұтағы, дәлірек айтқанда тағы бір
жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын – Маңғыстауды – Арал
жағалауын – Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғары аталған негізгі жолға
келіп қосылды.
Батыс Түркі қағанаты Византиямен сауда-дипломатиялық одақ келісім
жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы Сасанидтік Иранды айналып өтті.
Дегенмен ІХ-ХІІ ғасырларда Орта Азия, Орта және Таяу Шығыс, Кіші Азия
арқылы Сирияға, Египет пен Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол
тиімсіздеу пайдаланылды.
Жібек жолы шеңберіне ену қарсаңында Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу
қандай жағдайда еді дегенге келсек: Бұл жерде көшпелі түрік тайпалары мен
отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өркендеген болатын.
Оның үстіне этникалық жағынан алғанда көшпенділер де, отырықшы тұрғындар да
туыстас немесе біркелкі этникалық саяси қауымға бірлескен тайпалар еді.
Отырықшылар (жатақтар) мен көшпенділердің өз мәдениеттерінің бір-біріне
өзара әсер етуі мен байытып отыруы дүниежүзілік өркениеттің қызыл арқау-
күретамыры болды. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының бір-біріне осылайша
кірігуі, сондай-ақ олардың жерінде тұратын халықтардың дәстүр-салтының
үйлесімділігі өркениеттік көп жетістіктердің бастауы болды. Мәселен,
біздің дәуірімізге дейінгі ҮІ-ІІІ ғасырларда бұл жерлерді көшпелі және
жартылай сақтар мекендеді, ал көптеген қорғандарды қабірлерден, оның ішінде
Бесшатыр, Есік, Түгіскен, Үйгәрәк қабірлерінен табылған қазбалар бойынша
олардың мәдениеті жоғары болғаны баршаға мәлім. Сол кездің өзінде-ақ
сақтардың Қытаймен, Үндімен, Таяу және Орта Шығыспен байланысы болған.
Бұған сақ шонжарларының қабірлерінен табылған қытай айналары, Орта Азия мен
Ираннан әкелінен аса көркем безендірілген шетелдік бұйымдарда куә бола
алады.
ҮІ ғасырдың екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Кореядан
Қара теңізге дейінгі ұлан – ғайыр алқапты алып жатқан ірі көшпелілер
мемлекеті – Түрік қағанаты құрамына кірді.
Жібек жолы осы кезде жанданып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
қалаларындағы феодалдық мәдениеттің өркендеуінде маңызды роль атқарды.
Жетісуда ол талай қалалардың орталық негізгі қалануына мұрындық болып,
Қазақстанның оңтүстігінде тікелей осы жолдың ұзынна-бойында тұрған немесе
онымен сауда сораптарымен байланысып жатқан қалалардың тез өсіп,
өркендеуіне септігін тигізді.
Өзара талас-тартыстар мен жортауыл-жорықтар, сондай-ақ Қытайда теңіз
жолдарының игерілуі бұл жердегі қалалық мәдениетті титықтатып, күйдіруге
жеткізгенге дейін, яғни ХІҮ ғасырға дейін Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісу арқылы өтетін Жібек Жолынан кереуен арылған жоқ.
Батыстан Шығысқа қарай қозғалсақ, Жібек жолының қазақстандық бөлігінің
сыр-сипаты, міне, мынадай еді. Жол Шаштан Ташкенттен Турбат асуы арқылы
Испиджабқа өтетін. Бұған дейін айтқанымыздай, Қытай сапарнамасында Испиджаб
Ақ өзендегі қала аталды, ал ХІ ғасырда Махмуд Қашғаридің түсініктемесі
бойынша Испиджап деп аталған Ақ қаланың (Ал-мединат ал Байда) шын атауы-
Сайрам. Оны Сарьям деп те атайды. Ежелгі қаланың осы атауы күні бүгінге
дейін сақталып келеді. Шымкент іргесіндегі орта ғасырлық ірі қаланың
қалдықтары қалған қалашық та поселка осылай аталады. Оның орнында бұрын
Жібек жолындағы ірі орталықтардың бірі болған. Түрлі елдердің саудагерлері
осы жерге тоқтайтын, өйткені бұл қалада Бұхара, Самарқанд көпестерінің
сауда құрылыстары базарлар мен керуен – сарайлары болды, ал Испиджаб
көпестері Мерв Балх, Бұхара мен Хорезм көпестерімен бірге Бағдаттағы Харб
ибн Абдаллақ ал Балх рабадында өздерінің сауда-саттық орындарын ұстады.
Испиджабтан сыртқа құлдар мен ақ маталар, қару-жарақ, қылыштар, мыс пен
темір сатылатын.

1.3. Жібек жолы бойындағы керуен жолдары
Жібек жолындағы ең үлкен қала Талас алқабындағы Джувикат болатын,
Таразға сол арқылы жететін. Бұл сонау ҮІ ғасырдан белгілі Қазақстандағы ең
ежелгі қала еді. Түрік қағаны 568 жылы дәл осы жерде Иранға қарсы әскери
одақ шартын жасасу және жібек саудасы мәселелерін шешу мақсатымен
Византиядан әскери сарапшы стратег Замархтың бастауымен келген Юстиниан
ІІ-нің елшілігін қабылдаған болатын. Тарихи деректерде Тараз көпестер
қаласы деп аталады. Сонымен бірге ол кейін қарлұқтар мен қараханидтердің
де сауда-саттығының орталық астанасы болды.
Талас алқабындағы Таразға керуендер, сондай-ақ, Ферғана алқабынан
Шатқал жотасындағы Чанач, Алатаудағы Қарабура асулары арқылы өтетін
жолмен де жүретін. Жолдың бұл бөлігі Жібек жолының Ферғанаға және
Жетісу бағыттарын жалғастыратын.
Бұл қалалардың жұрты жатқан жерлерді археологтар таба білді: олар осы
күнгі Тоқмақ қаласына таяу маңда жатқан болып шықты және олардың бір-
бірінен 5 км жерде жатқан ескі Ақбешім, Боран қалаларына келетіні
анықталды.
Жібек Жолы Суябтан Ыстықкөлдің не солтүстік, не оңтүстік жағалауымен
өтеді. Жолдың оңтүстік тармағында керуен ірі Жоғарғы, Барысқан қаласын
басып өтетін, ал солтүстік тармағында атаулары бізге жетпеген шағын керуен
– сарайлардың қалдықтары кездеседі. Одан әрі бұл жолдар Бедел асуында
немесе сол арқылы Ташрабатта түйісіп, Жібек жолы Қашғар мен Ақсуға
апаратын.
Х-ХІІ ғасырларда Жібек жолының бір тармағы Іле алқабын оңтүстік-
батыстан солтүстік-шығысқа қарай көктей кесіп өтті.
Керуен жолы Испиджабтан Арыс жағалауындағы Арсубаникетке, Отырар-
Фарабқа және одан әрі Сырдария өзені ағысын қуалай отырып Арал теңізі
алқабына кетеді.
Сырдарияны жағалай созылған керуен жолындағы аса ірі қалалар Отырар-
Фараб пен Шавгар қалалары болды. Бірінші қаланың атауы Арыстың Сырдарияға
құяр сағасындағы қираған қаланың аты арқылы осы күнге дейін сақталып
келеді. Фараб сөзін тәжімалағанда арғы беттегі қала деген ұғым береді,
ал мұның өзі Сырдария өзенінің арғы бетінде тұрған қала атауына сәйкес
келеді.
Отырар маңында Х ғасырда Отырардың көгал алқабында болған басты
қаланың бірі – Кедер. Ол әр елден ағылған көпестер мекені ретінде
белгілі.
Отырар көптеген керуен жолдары тоғысқан түйін еді. Бір жол осы жерден
Шавгарға кетсе, екінші жол Сырдария өткелі арқылы Басиджа қаласына барады.
Соңғысы Шығыстың көрнекті ғұламасы Әбу Насыр әл – Фарабидің алтын бесігі
болды. Бұл қала ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Зернук аталады. Жібек жолы одан
Сырдарияны жоғары бойлап, оғыз қаласы – Сүткент арқылы Шашқа, ал төмен
қарай Жентке барады. Осы жерден жол Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішке,
одан Еділ жағалауымен Кавказға кетеді. Жібек жолының бұл бөлігі ХІІІ
ғасырда, яғни Еділдің төменгі ағысы сағасында Алтынордалық Сарай қаласы
салынған кезде қатты жанданды.
Бұл жол ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Сарайшық, Сарай-Бату және Каффа қалалары
арқылы өтті.
ҮІІІ ғасырдағы деректерден белгілі Шавгар қаласы осы күнгі Түркістан
маңындағы қираған ескі Чуйтөбе Шойтөбе қаласына сәйкес келеді. Шавгар
атауы Қаратау қаласы деген мағына береді, ол бұл Қаратау бөктерінде
орналасқан қалаға сайма-сай келеді. Х-ХІІ ғасырларда қазіргі Түркістанмен
қарайлас Шавгарға жақын маңнан Яссы қаласы ірге тепті. Бұл кәдімгі аты шулы
Темірдің бұйрығымен моласының басына күмбез мазар мавзолей орнатылған
атақты ақын Қожа Ахмет Яссауи туып, өз уағызын жүргізген қала еді.
Жібек жолы Шавгардан оғыздардың астанасы болған Янгикентке Жаңакент
баратын. Жол бұл жерден де Қызылқұм арқылы Хорезмге тірелетін. Бұл аралық
10 күндік жол еді.
ХІІ ғасырда Жент, оңтүстік-батысқа таман орналасқан Сығанақ тәрізді,
қыпшақ мемлекетінің орталығы болды.
Шавгардан, кейінірек Яссыдан Тұрлан асуы арқылы шыққан жол Қаратаудың
солтүстік бөктеріне жететін, ал дәл осы жерден Сырдарияны бойлай созылған
екінші жолмен иықтаса жарысып жататын. Ол жол әсіресе ХІІІ-ХІҮ ғасырларда
қатты жанданды. Аралдың солтүстік жағалауынан Монголияға бет алған армян
патшасы Гетум мен сопы Рубрук дәл осы жолмен жүрді. Бұл жолдың бойында
Созақ, Уростан, Құмкент, Сүгүлкент қалалары жатты. Ол Таластың төменгі
ағысына жетіп, өзенді жоғары өрлей көтерілетін немесе Билікөлдің батыс
жағалауын бойлап, Бүркіт-Паркет, Хутухнин арқылы Таразға апаратын.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек жолының негізі
сорабынан солтүстікке де, шығысқа да жол бұтақтары тармақталып жатты. Олар
Орталық және Шығыс Қазақстанды басып өтіп, кейін Сарыарқа ретінде баршаға
мәлім болған Дешті – Қыпшақ жеріне Ертіс жағалауына, Алтай мен Монғолияға
жетелеп кететін. Бұл жерде атты көпшелілер тайпалары жүретін дала жолы
болатын. Алайда, бұған қарап Қазақстанның далалық аймақтарын тек қана
көшпенділер мекендеген екен деп ойлауға болмайды. Мұндай егіншілікке
қолайлы жерлерде – Сарысу, Кеңгір, Жезді өзендері жағалауларында, Ұлытау
етегінде, Ертіс жағасында, орта ғасырда егіншілік және қалалық тіршілік
төңірегінде суармалы көгалдар алқаптар көбейе түсті. Оның үстіне мыс,
қалайы, қорғасын, күміске бай кен орындары сонау қола дәуірінен игеріле
бастады, ал көп кейінірек осы жерлерде кеншілер, метал балқытушылар,
мысшылар мен күміс бұйым шеберлерінің қалашықтары бой көтереді. Мал, жүн,
былғары, металл тәрізді шикізат қорына бай Орталық Қазақстан аудандары
сауда-саттық жүйесіне, оның ішінде халықаралық байланысқа тартылды және
көптеген керуен жолдарымен қоса Жібек жолы жүйесіне енгізілді.
Отырардан Арсубаникет, Арыстанды, Шаян арқылы, Қаратаудың аласа
жоталарынан асып, Тұрлан асуы арқылы Шавгар мен Яссыдан, Сауран мен
Сығанақтан, Янгикенттен шыққан жолдар Орталық Қазақстанның далаларын
шарлап, Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Есіл өзендері жағалауларына жетіп
жатты. Бұл жерлерде Болған-Ана, Жаман-қорған, Нөгербер-дарасы, Домбауыл,
Милы-құдық, Ормамбет тәрізді қабырғалары шөгіп кеткен, төрт бұрышты елді
мекен табылып, аршылды. Олардың айналасынан Жошы-хан, Алаша мавзолейлері
тәрізді сәулеткерлік ескерткіштер сақталған ауқымды зираттар кешендері
ашылды. Әл-Идриси Бақырлытаға, Махмуд Қашғаридің орта ғасырлық
жазбаларындағы деректерінде кездесетін Жұбын, Қоңғылыкент қалаларын, Ортау
мен Кейтау (Кейтаг) жайлауларын, Гарбин кен орындарын да осы жерлердің
шеңберіне енгізу керек.
Тағы бір сораб - Ханжолы. Жаңа дәуірге дейін кәдеге жараған, бұл
жол Тараздан шығып, Таластың ағысы бойымен төмен жүріп, Мойынқұм мен
Бетпақдала арқылы Атасу жағасына апарды.
Ибн-Бахра мен әл-Идрисидің мәліметтеріне қарағанда, сауда жолы
Тараздан басталып, Адахкес, Дех-Нуджикес қалалары арқылы Ертістегі
қимақтарға-қимақ қаханы ордасына, одан әрі Енисейдегі қырғыз еліне
жеткізеді екен. Жібек артқан керуен қырғыздарға әрбір үш жыл сайын қатынап
тұрған.
Іле алқабы Шу – Іле тауларын бөктерлей қуалап, Шу өзені сағасына қарай
төмендеп барып, Сарысу өзені жағасына жететін жол арқылы Орталық
Қазақстанмен ұласып жатты. Тағы бір маңызды жол негізгі солтүстік-Іле
жолынан Шеңгелді маңында бөлініп, Балхаш атырабындағы Көктал мен Бояулы
керуен – сарайлары арқылы, одан соң Іле өзенінің бойында Ақтам, Ағашаяқ
қалаларының қалдықтары жатқан Ортасу тармағын бойлай жүреді де Балхаш
жағасына жетеді, одан ені 8 километрден сәл ғана астам түбек қалдырып,
Өзеннің оңтүстік және солтүстік жағалауларын қосып жібере жаздап тұрған
Ұзынарал түбегімен кетеді. Міне, осы маңдағы мүйістен көп бөлігі су астына
қалып, қираған қала қалдығы табылды. Шамамен, керуендер бұғаздың кешу -
өткелінен өтіп, Тоқырау өзенінің құйылысынан шыққан, содан соң осы өзеннің
арнасын бойлап, Ұлытаудың етегіне қарай жүрген деп болжауға болады.
Жоңғар қақпасына қарай беттейтін солтүстік - Іле жолынан Алакөлді
батыс жағынан айналып өтіп, Тарбағатай арқылы қимақтар мемлекетінің
жеріндегі Ертіске шығатын бір жол бөлініп кетеді. Тарбағатай мен Ертіс
өзені жағалауларында Банджар, Ханаум, Астур, Сисан атты қимақ қалалары және
берік қорған қабырғалар мен қоршалған, темір қақпалары бар үлкен қала -
Қаһан астанасын қоныс тепкен. Қимақ қалалары Енесейдегі қырғыздармен
Монғолиядағы ұйғырлармен және Шығыс Түркістанның көкорай алқаптарымен сауда
жолдары арқылы байланысып тұрды.
Жібек Жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өтетін бөлігі
мен оның бұтақтарының жалпы бағыттары осындай еді.[4]

Сауда саттық және тауарлар.
Жібек Жолы, айтып өткенімдей, алғашында Қытай жібегін Батыс елдеріне
шығаруға қызмет етті. Сонымен қатар бұл жолмен Рим, Византия, Индия, Иран,
Араб халифатының, ал кейінірек Европа мен Русьтан сол елдерде өндірілген
тауарлар да тасымалданды.
Жібек жолымен Ферғананың қызу қанды арғымақтары, арап пен
нисситліктердің сәйгүліктері, түйелер мен пілдер, мүйіз тұмсықтар мен
арыстандар, қабыландар мен еліктер, қаршығалар мен қырандар, тауыстар мен
тотықұстар да, түйеқұс та сатылып жатты.
Жүзім, шабдалы, қауын дәмдеуіштер бұрыш, қалампыр т.б. мен қант,
көкөністер мен жидектер, көк мәуелер тәрізді мәдени өсімдіктер де осы Жібек
жолы арқылы кең тарады.
Жібек жолымен өтетін жібектер мен тауарлардың белгілі бір бөлігі осы
жолдағы Қазақстан қалаларында қалып жатқаны әбден табиғи нәрсе. Бұған
археологиялық қазбалар кезінде табылып жүрген сондай тауарлар айғақ бола
алады.
Жамбыл қаласында, Тараз орнының бір бетінде – дулыға киіп, найза мен
қалқан ұстаған император, екінші бетінде – қолына крес ұстаған Жеңіс әйел-
құдайы бейнеленген Юстиан І-нің византиялық алтын құйма теңгесі табылды.
Бұл жерде Византияның алтын теңгелері кең таралып, халықаралық өлшемпұл
валюта ретінде пайдаланылған.
Шетелдік бұйымдар олжасы қираған ескі Талғар қаласы жұртынан табылды.
Мұның өзі-құрамында көп жасау белгісі ретінде айшық – саңырауқұлақ тәрізді
медальондармен жиектелген сәбилер бейнесі түбіне өрнектеліп салынған
қытайдың төрт қыш тостаған кейіпіндегі қазына дерлік.
Шетелдік бұйымдар Сырдарияның орта ғасырлық қалаларының жұртын,
әсіресе жиырма жылға жақын зерттеліп жатқан Отырардың қалдығын қазу кезінде
табылуда.
Отырардан табылған күміс көмбесі халықаралық сауданы зерттеу үшін аса
маңызды, мәні жағынан өте сирек олжалардың қатарына жатады. Өзінің құрамы
жағынан олар ақшалай – заттай нәрселер. Көмбе жиынттығының теңгелер құрамы
өте құнды.
Отырарды қазған кезде табылған заттардың ішінде ХІІІ-ХІҮ ғасырдың қола
айналары болғанын айта кетуге болады. Олардың бірқатары Жібек жолымен Қытай
мен Парсыдан келіп, қалаға тап болған айналардан түсіріп алған үлгілер
бойынша құйылған.
Жібек жолымен бұйымдар ғана таратылып қойған жоқ, сонымен бірге
олардың көркемдік үлгідегі сәні де өріс алды. Сөйтіп олар жеткен жерлерінде
белгілі бір этникалық – мәдени ортаның әлеуметтік талғамына қарай
тапсырыстар жасауына жол ашты.

1.4. Ұлы Жібек жолымен таратылған діни сенімдер мен дін жолдары
Жібек жолымен діни сенімдер де таратылды, ал әр алуан дін уағызшылары
миссионерлер өздерінің діндерін теңіздің арғы бетіндегі елдерге де ала
барды. Үндіден Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы будда діні, ал
Сырдариядан, Иран мен Арабтан әуелі христиан діні, артынша ислам діні
таратылды.
Зерттеушілердің пікірлеріне қарағанда, будда діні Қытайға Үндіден
Орта Азия арқылы енген. Бұл діни ағым біздің дәуірімізге дейінгі 1 ғасырдың
орта шенінде тараған. Шығыс Түркістан мен Қытайда будда дінінің таралуында
орта азиялық діни хадисшылар мен дін уағыздаушылары, әсіресе соғдылар мен
парфяндар, қаңлылар маңызды роль атқарды. Шамасы Шығыстағы Қушан
мемлекетінің саяси мақсаттары әсер еткен болуы керек, будда діні біздің
дәуіріміздің ІІ-ІІІ ғасырларында өте белсенді түрде таралды.
Ерте орта ғасыр дәуірінде будда дінін тарату міндетін негізінен
соғдалық діни уағыздаушылар атқарды. Будда дінінің Орта Азияға таралуында
да, тұтастай алғанда: осы соғдылықтар маңызды жұмыстар жүргізді.
Бодисатва сөзі орта парсы, ұйғыр, қытай тілдеріне соғды тілінен енді.
Шығыс Түркістанның будда дініндегі түркі сөз тіркестеріндегі терминдерге
талдау жасап көргенде, олардың соғдылардың аралық дәнекерлігі арқылы алыс-
берістен туған сөздер екені көрінеді. Жапонның Нара астанасындағы будда
шіркеуі Кареджиден соғда жазуы табылған. Будда ескерткіштері Жібек жолының
Орта Азияның қиып өтетін күретамырларында тұрған қалалардың көпшілігінен
табылған. Қаратөбедегі Термезден І-ІІІ ғасырларда салынған будда сопыханасы
монастырь көп жылдан бері қазылып жатыр. Соғдының Санзар алқабында жеке
басқа дінге табыну ғимараты болған. Мервтегі ескі қираған Гуяр-қаладан да
будда ескерткіштері ашылды. Будда мозалының төбесі тегіс жабылған. Оның
шығыс жағындағы қақпа бетіне тұрғын және шаруашылық жайлары орналасқан.
Олардың құрамында төрт бұрышты жобамен салынған шағын шіркеу бар. Дәліздің
ұзына бойы қабырғасына орнатылған тас-табандар мен суфаларға монументті
мүсін салынған. Ғимаратқа кіреберістің екі жағында қосқатар баспалдақты
тұғыр-тастар болғанға, ал олардың үстінде аяғын еденге түсіріп жіберіп
отырған Будда мүсіндері болғанға ұқсайды. Ғибадатхананың еденінен Будданың
суреті бейнеленген, алтын жалатқан икон жапсырмасы табылды.
Төрт бұрышты үлгімен (38х38м) салынған Ақ-бешім ғибатаханасының есігі
солтүстік жаққа қаратылған. Крест тәрізді үлгімен салынған целланың
(10х10м) екі жағынан ұзынша дәліздер коридорлар таратылып, олар
төртбұрышты шағын аулаға шығарылған. Ғибадатхананың және дәліздерінің
қабырғаларында мүсіндерге арналған кертпе қуыстар бар, ал қабырғалардың
бәрі ою-өрнекті жазулармен безендірілген. Қыш мүрделері, оның ішінде будда,
Бодисатва, Докшита бейнелері бейнеленген.
Уақыты ІХ-Х ғасырларды көрсететін бірнеше Краснореченск шіркеуі Ақ-
бешімнен біршама өзгешелеу. Оның орта құжырасы целласы зал мен екі жағын
орап өтетін ұзынша дәліздерден тұрады, есігі оңтүстік-шығысқа қаратылған.
Орталық ғибадатхананың көлемі онша үлкен емес (3,2х3,2м). Оның
қабырғаларында ақ сылақтың үстіне көк, қызыл, қоңыр және қызыл бояулармен
жазылған ою-өрнектер аздап сақталған. Өрнектердің бірінің астына қара
сиямен жазылған жазу бар, бірақ бұл нашар сақталғандықтан оқуға келмеді.

Сырттан белдеулеп жатқан галерея ғибадатхананы үш жағынан орап жатыр,
дәліздерінің ені 2,3-тен 2,7 м-ге жетеді. Шіркеу кешені құрамында
ғибадатхананың екі қапталынан жапсарластыра салынған, аула жақтары ашық екі
жай бар.
Екінші Красноречинск шіркеуі құрылысы жағынан бірінші Ақ-бешім
ғибадатханасына ұқсас. Ғибадатхана қабырғасы ашық, оның қарсы бетінде шағын
аула, екі орама дәліздері бар. Орталық құжыра төрт бұрышты (6х6м), төбесі
күмбезделіп жабылған күмбез төбенің астыңғы жағынан бұрын арқа (ойық
қақпа) болғаны аңғарылады. Ғибадатхананың қабырғаларын ағаш бағандар мен
тіреуіштердің көмегімен кірпіштен бірге өріп жасалған күрделі мүсіндер
кешені безендіріп тұр. Осы бір кейін қосып салынған ірі мүсінді уақыт бізге
дейін сақтай алмаған, дегенмен құлаған ғимарат үйінділері астынан негізгі
мүсіндер өрнегімен үйлесімді майда оюлы сынақ тақталар қалдығы көп табылды.
Екі қыш мүсін қалдықтар орталық құжыраға кіреберістен көтеріп алынды.
Олардың екеуі де екі жақтаудағы тас-тұғырдан тұрған, олардың жекелеген
бүйір сынықтары мен бас пішіндеріне қарағанда қалпына келтірілетін
биіктіктері біржарым адамның бойындай. Мүсін сонау ежелгі заманда-ақ
қираған.
Орама дәліздерінің ұзындығы 1м болған. Қабырғаларда құрылысты қайта
салу кезеңдерінің бірінде сары сазға түсірілген көркемсуретті өрнектердің
қалдықтары сақталған.
Батыс беттегі дәлізде Нирвандағы будда атты мүсін болған басы мен
бүйірінің бір бөлігі сақталмаған. Оның ұзындығы 8м, тұлғасының ені 1,5м.
Мүсін қызыл түске боялған тас-тұғырда, оң жақ жамбасымен жатты. Будданың
киімі қыртыс-қатпар салынып, ол да қызыл түске боялған. Жетісудағы будда
қауымының мүсіндік таңбасында дәстүрге айналдырылған табынушылық белгілері
басым келеді. Будданың жүзі жалпақ, екі бетінде жұмсақ шұңқыры бар, қабағы
жартылай төмен қарай жабылған, құлақтарының ұшы кейін тартылған, көзінің
қиығы ұзынша, жұмық. Краснореченскідегі сазға салынған мүсінде көздің
жоғарғы аласы, мұрнының қыр үсті, ернінің езу тұстары қызылмен сызылған,
көздері шекеге дейін жететін қара бояумен әдіптелген. Қос доғасы мен шаштың
ірі бұйрасы көк және қара түспен ап-анық сызылған, шеке тұсында әшекей
ретінде жапсырып жасалған, жарты шар тәрізді қоңыраушалар, омырау
әшекейлері, қолының қос басында білезіктер бар. Кездейсоқ табылған олжалар
ішінде үнді заттары аса көп кездеседі. Бұлар – будданың, буддашылардың
алтын жалатып, құнды тастармен безендірілген мүсіншілер, қола таңбалар мен
жапсырмалар, бір кезде будда шіркеулері мен софыханаларының монастырь
табынатын тұлғасы және қасиетті әшекейлер санатын құраған майда тастар мен
металл қоспаларынан жасалған көрнекті де бедерлі бұйымдар. Әсіресе
Краснореченскідегі шіркеу кешенінен табылған будда құдайнамасының мазмұны
бойынша әшекейленген гранит стелла ерекше назар аударады. Металл құймасының
ұзындығы 60см, ені 35- 32см, ал тақтаның қалыңдығы 14см. Тақтаның беткі
жағы суреті үш бөлікке бөлінген. Ғимараттың сыртқы қабырғасының жоғарғы
жағына әміршілер үштігі – көпжылдық өсімдік сабағы үстінде отырған Будда
мен оның екі жағында тұрған буддиставтар пайғамбарлар бейнеленген.
Олардың беттері бүлінген. Орталық белдеуде екі қиял-ғажайып хайуандар екі
жақта отыр, төменгі белдеуде осы шіркеуді салушылар бейнеленіпті.
Жақтаудағы бөліктерінде асқан шеберлікпен оюлап салынған гүл өрім-
өрнектермен үнді сағанасының құдіретті қасиеті паш етілген. Құйманың сыртқы
бетінде үнді жазуының іздері безерленген. Сондай-ақ сырттан әкелінген
бұйымдардың қатарына Аджант өнері үлгісінен көшіріп жасалған көрініс
кішкене ғана тастан қашалған бедерлі өрнек те жатады. Мұның атауы: Будда
әлемге.
Арехологтардың соңғы табыстары қатарына орта ғасырдағы атақты
қалалардың бірі Испиджаб-Сайрам үйіндісіне жақын жерден табылған жерасты
софыханасы жатады.
Тау бөктеріндегі сары топырақты обалар бірнеше ұзынша, жіңішке жайлар
табу мүмкіндігіне қол жетті. Олардың күмбез төбелері ҮІ-ҮІІІ ғасырларға тән
тік бұрышы қам кірпіштерден өріліп жабылған. Сол кездегі жер үсті
құрылыстарына тән қабырғалардың әр жеріне қойылған қыш тіреулер қара
бояулар сырланған.
Жерасты софыханалары мен шіркеулер кешені будда дінінің әр түрлі
аудандарға кең тарағанын паш етеді. Мұндай ғимараттар құрылысы Шығыс
Түркістанда, әсіресе оның солтүстік жартысында-батысында Қашқардан Хамиге,
шығысында Қытайға, Дунхуанға дейінгі аралықта өте көп табылды. Міне, енді
солардың аралық бір буындары Оңтүстік Қазақстаннан табылып отыр. Үңгір
софыханалары кешендерінің осыған ұқсас түрлерін Муарь дәуіріндегі, Магадха
мен оған таяу жерде Осы күнгі Бихарда үңгірлік сәулет өнері дамыған
Үндіден іздеген жөн. Ертедегі Батыс үнді жеріндегі үңгірлік ғимараттар
софыханалар болды. Әрбір софыхана бір немесе бірнеше чатьялерден –
ғибадатханалардан және бірнеше вихаралардан – софылар тұратын жайлардан
тұрған.
Испиджаб маңынан табылған жай да вихара болуы мүмкін.
Жібек жолымен буддизмнен қатар Батыстан Шығысқа қарай христиан діні де
таралып жатты. Ү ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Рим империясына шерік
қатушылар сектасы, яғни әулие Несторийді пір тұтушылар сектасы келіп енді.
Бұл соңғы діни ағым қасиетті Мария құдайды туған жоқ, адам туды, сөйтіп
Христос тек қасиетті рух иесі, құдай өкілі ғана деп уағыздады.
Несторийдің пікірінше қасиетті Мария құдай туған жоқ, Христы туды, яғни
Мария құдай-тағаланы емес, адам – Христосты туды. Дәл осы күтпеген күрт
жаңалық бұхараның толқуын туғызды. Мұның өзі 325 жылы Никей соборында
Христостың ұласқан ұлы құдіретін-адам мен құдайдың ажырамас біртұтас
бейнесі құдайдан бөліп қарауға болмайтын қасиетті рух екендігіне сәйкес дін
символы ретінде қабылданған сенімге қайшы келетін күпірлік деп таныды алған
бетінен қайтпайтын шіркеудің әулие әкесі. Нестория ілімі 431 жылы Эфесс
соборында қатты сынға ұшырап, несторияшылар қатты қуғын-сүргінге салынды.
Сөйтіп, олар оның нәтижесінде Иранға қашып кетуге мәжбүр болды. Несторияның
жақтастары Персияда, шекаралық күштер басын біріктіретін мектеп ашты,
Константинопльдегі сауда орталығынан айырылған сириялық бай көпестер мен
қол-өнершілер Шығысқа қарай ағылды.
Бір таңғаларлығы, сонау бір қияндағы Азия аймақтарының сириялықтарымен
тығыз байланыста болғандығы. Олардың отарлары мен өз иелігіндегі сауда
орталықтары Жерорта теңізінен сонау Аспан империясына дейін қанат жайып
жатыр еді. Таулы аймақтар мен көгал ойпаттарды басып өтетін осы жолдың өн-
бойынан тамаша мәдениет ескерткіштері табылды. Осы жолдың бойына әлі де
тіршілік тынысы мен өнердің, түрлі діндерге және христиан дініне тән құмға
көміліп қалған ескерткіштері табылуда. Және осы жолдың басынан аяғына дейін
тұс-тұсқа таралуы өте ерте дәуірде басталған сириялық жазу мәдениетінің,
сириялық християн дінінің айғақ заттары табылады да жатады. Сириялықтардың
көпғасырлық экономикалық байланыстары олардың араб түбегінде де, Үндіге де,
иран мен түркі тілдеріне сирия тілінің белгілі бір дәрежеде әсері болған
Орта Азияға да өзінің мәдениеті ықпалын тигізбей қоймайды. Христиан дінінің
метрополийдегі және отарлардағы сияқты соғдаларға да таралуы соғдылардың
Сирия жазуымен танысуына мүмкіндік берді. Сирия жазуы соғды-христиандар
арқылы ұйғырлардың қабылдауымен ежелгі түркі тайпаларына да таралды:
сириялықтар дүниежүзілік ғылым мен мәдениетке аса зор үлес қосты. Олар
Шығысты антикалық ең ежелгі заманнан бастау алған дүние жүзілік мәдениеттің
даму сатысына көтерді.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларында ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда
несторияндық діни ілім кең етек алды.
Көптеген қалаларда христиан шіркеулері болды. Шамасы, христиан дінін
түрік патриархы Тимофей кезінде сірә қарлұқ жабғысы арқылы қабылдаған болса
керек. Өйткені ІХ-Х ғасырлар қарсаңында қарлұқтар айрықша көп аймақтарды өз
билігіне қаратып, Тараз бен Меркеде христиан шіркеулері жұмыс істеді,
Сырдария бойындағы қалаларда да християндар тұрды.
Іле алқабындағы Қаялықта өздерінің шіркеуі, сондай-ақ өз қонысы болған
христиандар жайлы Вильгельм Рубрук хабарлайды. ХІҮ ғасырда Ыстық көл
жағасында әулие Матфейдің денесі шірімей сақталған христиан софыханасы
болғаны мәлім.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалаларынан несториандарға байланысты
табылған олжалар жазба ескерткіштердегі мәліметтердің анықтығын жеткілікті
түрде айқындай түседі. Бұған ескі Ақ-Бешім қаласы жұртынан аршып алынған
христиан шіркеуінің қалдықтары жатады. Оның құрылысы тең төрт бұрышты
жобамен салынып, төбесі күмбезбен жабылған, тік бұрышты ауласы бар.
Жамукат және Навакат қалаларындағы мазарлар кешенін қазған кезде
күміс, қола крестерімен қоса жерлеген христиандар бейіттері табылды. Ал
Красная Речка атты ескі қала жұртынан кездей-соқ нефрит кресі табылғаны да
белгілі. Қираған ескі Төрткөл қаласынан табылып, Шараб қаласында жасалған
деп ұйғаруға келетін тас келі Шымкент қаласы музейінде сақтаулы тұр. Онда
христиан таңбалары – крест пен көгершін бейнеленген.
Тараз қаласы жұртын қазғанда ҮІ-ҮІІІ ғасырларға жататын топырақ
қабатынан бүйірінде Петр және Гавриил деген сириялық жазуы бар қыш
күрешке табылды. Ертедегі христиан икконамасы аңызының желісімен
өрнектеліп, Анаковтық және Григорьевтік деген атақпен мәшпүр болған екі
күміс ыдыстарды да несториан қолөнершілерінің қолынан шыққан бұйымдарға
жатқызуға болады. Григорьевтің күміс ыдыстағы (ІХ-Хғғ) бейнелер тегіс өрнек
түрінде қосымша оймышталып салынған. Ыдыстың жалпы көрінісі мен жекелеген
бөліктеріне алтын жалатылған. Бір-бірімен шеңберлесе айқасып жатқан үш
алқа үш түрлі аталған: Мадақтау, Табыт басындағы әйел, Қол-аяғы керіп
тасталған Иса, олардың ара-арасында Арыстан орындағы Даниил, Петрдің
безінуі және Қожайын табытының күзетшісі делінген.
Бұл өлкелерде христиан діні пайда болған ХІҮ ғасырдың аяқ шеніне
дейінгі кезеңде ортаазиялық түркі ұлтты христиандардың діни өнер мен діни
мәнді айшықтарының озық үлгілеріне қайрақтастар – несториандық жазулары
мен айшықты таңбалары бар құлпытастар болды. Олардың негізгі көпшілігі
Жетісу мен Шығыс Түркістанда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде
табылды, рас ондай олжалар қазір де ұшырасып қалады. Мәселен, ескі
Краснореченск Қызыл өзен жағасындағы қаласын қазғанда ХІ-ХІІ ғасырда
салынған құрылыстың іргетасынан сириялық жазулары бар ескі қайрақтас
табылды. Олар екінші қайтара пайдаланылған. Қайрақтастың бірінде 789 жыл
таңбаланса, екіншісі 909 жылды көрсетеді. Біріншісінде Иал-анч бикештің
аты жазылған. Мұның өзі өте ертеде сириялық құлпытастарға жазылатын
қабірнамаға Ү-ҮІ ғасырларда Сириядан табылған қайрақтастардың осыған ұқсас
үлгілерінің аралық буынына жатады, ал ХІІ-ХІҮ ғасырлардағы қайрақтастар,
жоғары айтқанымыздай, Жетісу мен Шығыс Түркістаннан табылды.
Навакетте христиан қауымы өмір сүргенін қабірлер құлпытастарындағы
сириялық жазулар ғана емес, сонымен бірге қыштарға, шарап құятын үлкен қыш
көзелердің гүлтәж өрнектеріне түсірілген соғды жазулары да айғақтай түседі.
Солардың бірінде былай деп жазылған: Бұл көзе Иарук-Тегін ұстазға
арналды. Шебер – Пастун ылайым ол көзе әрқашан толы болсын, әумин,
әумиін. Бұл жазуға ұстаз сөзі түрік- соғды құлпытаснамаларында
кездесетін ұстаз-тәлімгер сөздерімен мағыналас. Соңғы аминь әумиін
сөзі Иарук-Тегіннің христиан қауымының билеушісі болғанына күмән
қалдырмайды. Өзге біреуінде мынадай өте қысқа сөз жазылған: Бұл көзенің
шебері - Пастун. Ал Навакеттің батыс бетіндегі ескі Пакровка қаласы
жұртынан табылған тағы бір ыдыста екі жол соғды жазуы бар, тәжімалағанда
былай болып шығады: Бұл ыдыс – Пакап қауымының сыйы. Бұл шарапты қуаныш
үстінде ішкейсіз, тақсырым... Құдайдың қайырымына бөленген Әли-Білге тақсыр
әменда бақыт-берекетке кенелсін. Тараздан табылған көзе жақтауында Әмірші
Ильтаг деген сөздер ойып жазылса, ескі Қасымшы қаласындық көзенің гүлтәжі
өрнегінде Епископ Ширфон деген жазу бар. Сипатына қарағанда бұл
полеографияның уақыты ІХ-Х ғасырларға немесе тіпті ХІ ғасырдың бас кезіне
жатады.
Бұл жазулардың бәрі шарап ыдыстарына жазылғанына қарап, өздерінің салт-
дәстүрінде маңызды роль атқарған шарапты Жетісуда шығару билігі
христиандардың қолында болған деп жорамалдауға болады. Мұндай пікірдің
дұрыстығын Степнинскідегі ескі Ақтөбе қаласы жұртынан археологтар тапқан Х-
ІХ ғасырға жататын шарап жасау орыны да дәлелдей түседі. Оның түбі крест
таңбасы сызылып, күйдірілген кірпіштермен қапталған.
Сөйтіп, археологиялық және эпиграфиялық олжа заттар орта ғасырлық
жазба деректермен астата отырып, христиан дінінің таралу жолдарын көрсетіп
береді.
Жібек жолымен тараған тағы бір дін – манихей рух мен материяны
шендестіруге ұмтылыс діні. Ол Иранда ІІІ ғасырда пайда болып, тез
қарқынмен Италиядан Қытайға дейінгі аралықта көптеген өз жолын ұстаушылар
ықыласын жаулап алды. Оның өзі зороастризм мен христиан діндерінің тұтас
бір синтезін құрайтын еді. Сөйтіп, манихей діні христиан дінінен осы дінді
уағыздап таратушылық әдісін, ол зороастризмнен – жақсылық пен жамандық,
жарық пен түнек күресі идеясын алды.
Манихей дінін таратуда, сондай-ақ, соғдылар да жетекші роль атқарды.
ҮІІІ ғасырдың бас кезінде манихейшілерді басқарушының ресми орыны
Самархандта болды. Манихей діні Орта Азияда ұзақ уақыт бойы өмір сүрді және
буддизм манихей дінінің сағаналарына, терминологиясына, тіпті оның негізгі
көзқарасы жүйесіне де қатты әсерін тигізді.
Манихей діні Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде, ең алдымен,
отырықшы жұртшылық арасында өзінің жолын қуушылар тапты. Турфан алқабынан
табылған Қасиетті екі негіз кітабы атты манихей шығармасының ежелгі
ұйғырша қолжазбасында бұл кітаптың он оқ елінің дени сенімін ояту үшін,
Аргу-Талас қаласында жазылғаны жөнінде айтылады. Бұл жерде әйгілі Тараз
қаласы сөз болып отыр. Сондай-ақ, манихей тұрғындары Жетісудың басқа да бір
қатар қалаларында – Баласағұнда, Шігілбалықта тұрғаны мәлім.
Таразды қазу кезінде табылған манихей дінінің жұлдыз құдай айшығы
болып саналатын жарты ай мен әйел жүзі бейнеленген қол алқаны да манихейлік
қасиетті заттар қатарына жатқызуға болатын шығар.
Қазақстанның орта ғасырлық қалаларының бірқатар тұрғындары ежелгі Иран
жерінде біздің дәуірімізге дейінгі ҮІІ-ҮІ ғасырларда өмірге келген тағы бір
дүниежүзілік діннің зороастризмінің өкілдері болғаны хақ. Бұл діннің іс
жүзіндегі салт-дәстүрі сипатына тән нәрселер-Әлемнің төрт элементін – суды,
отты, жерді, ауаны қастерлеу. Зороастризмнің бұл элементтерін Орта Азиядан,
Соғдыдан, Сырдария қалаларынан және Жетісудан аңғаруға болады. Оттың
шалқи, сүйірлене көтерілген жалыны тәрізді сүйір күмбезді мұнара
құрылыстарының қалдықтары осыны еске салады. Олар ескі Қостөбе және
Қызылөзен қалаларының жұртында сақталған. Дегенмен Орта Азия мен
Қазақстанда зороастризмнің каконикалық түріне ұқсамайтын, айрықша бір түрі
ғана кең таралады. Оның өзі жергілікті пұтқа табынушылықпен, оның ішінде
отқа, ру, ата-баба аруағына, тіпті қой, жылқы, түйе тәрізді жануарларға
табынушылықтармен тығыз астаса сіңісіп кетті.
Бұл дінге байланысты ескерткіш деректер оссуарлық жерлеу түрінде –
сүйектер салынатын саз жәшіктер, хумдық жерлеу түрінде, жерден қазылған
сағана-лахаттарға өліктің қойылуы, өлік сүйектерін жинап жерлеу түрінде
кездеседі.
Зороастра діні Қазақстан қалаларына ҮІ-ҮІІ ғасырларда соғдылар арқылы
енді, алайда оның элементтері Оңтүстік Қазақстанда бұдан көп бұрын сақ-
массагет тайпалары кезінде-ақ қалыптаса бастаған болатын.
Осы таяуда ғана Сырдария қалаларынан Соғдыға байланысты айқын деректі
ескерткіштер табылды.
Отырар алқабындағы ескі Құйрықтөбе қаласының қамалын қазып ашқанда
ортасында аумағы 157,5 шаршы метрге тең салтанат залы бар сарай кешені
аршылды. Құрылыс кешені қатты өрт шығуы нәтижесінде күйреген. Құлаған сарай
төбесін, оның ішінде төбе астындағы оймыштап өрнектелген әшекейдің сынық
қалдықтарын салтанат залының күйреп түскен қаңылтыр жабындысы ұзақ уақыт
сүрлеп сақтаған. Өрт қалдықтары қабатынан табылған қыштан, күйдірген саздан
жасалған бұйымдар, екі түрлі теңге табылды. Теңгелердің бір бетінде
салынған жүріп келе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Жібек жолының тәуелсіздік жылдарында тарихнамалық тұрғыда зерттелуі
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Орта ғасырдағы қала мен дала
Ұлы жібек жолының Қазақстандық бөлігінің туристік әлеуетін бағалау және оның Қазақстан Республикасы туризмінің дамуындағы маңызын анықтау
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Жібек жолы одан
Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар
Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Пәндер