Бизнес жоспардың қаржылық бөлімінің жасау ерекшеліктері


ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: « Бизнес жоспардың қаржылық бөлімінің жасау ерекшеліктері »
Орындаушы: Момишов Б.
Тексерген: Өсербайұлы С.
Алматы-2007
I. Бизнес жоспардың қаржылық бөлімінің жасау ерекшеліктері
Қаржы жоспарының мақсаты - кәсіпорындар мен кәсіпкерліктің тиімді жұмыс қызметін қамтамассыз ету. Қаржы жоспарында келесідей мәселелерді қарастыру қажет:
- Қаржыандыру көлемі және оның қандай мақсаттарға жұмсалымы;
- Қаржыландырудың құралу көздері;
- Жалпы инвестицияға қажеттілік;
- Пайда көлемін анықтау;
- Ақша түсімдері мен шығыстарының балансын анықтау;
- Айналым капиталының қажеттілігін анықтау;
- Шығынсыздық нүктесін анықтау;
- Тәуекелдердің деңгейін анықтау;
- Инвестициялық жобалардың қайтарымдылық мерзімін анықтау;
- Негізгі қаржылық коэффициентін анықтау;
- Пайданы бөлу туралы есебі;
Қаржы жоспарының негізгі бағыттары мыналар: сату көлемі, өнімнің өзіндік құны, пайданың көлемі, айналым капиталының құрамы мен құрылымы және ақша қаражаттарының түсімі мен шығыстары. Қаржы жоспары 3 - 5 жылдарға жасалады. Ол негізінен үш бөлімді қамтиды:
- Табыс пен шығыстың жалпы көлемін болжау мен жоспарлау;
- Қолданыстағы ақша қаражаттарының көлемін болжау және жоспарлау;
- Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің баланстық жоспарын болжау;
Табыс пен шығысты болжау үш жылға жасалады. Оның ішіндегі бірінші жылы әр бір айлар бойынша жеке жеке жасалады. Бұл бөлім келесідей негізгі көрсеткіштерді анықтау керек. Олар: мүмкін болатын сату көлемін, сатылатын немесе өткізілетін өнімдердің өзіндік құны және т. б. шығындарын болжау.
Қаржылық жоспарға үш құжат жатады:
- Түсім мен шығындар туралы есеп;
- Жоспар-баланс;
- Ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп.
Пайда мен шығындар туралы есеп
Кәсіпорынның пайдалы жағын бағалау үшін мынадай ақпаратті міндетті білу қажет:
- Сату көлемін болжау;
- Тура шығындардың мөлшерлік көлемі;
- Үстеме шығындар көлемі.
Сату көлемін болжау. Бизнеске әсер ету факторын анықтауға мыналар жатады:
- Сату көлемінің маусымдық ауытқуы
- Тауарлардың жаңа түрін жасау
- Сауда айналымынан кейбір тауар түрлерін алып тастау
- Экономикалық жағдайдың жергілікті ерекшеліктері
- өндіріс алаңдарын кеңейту
- тауар сату ұйымдары және басқалар.
Тура шығындар. Тура шығындар дегеніміз - бұл тауар сату ұйымдарымен байланысты кеткен шығындар. Түсімді жоспарлау кезінде сату көлеміндегі пайыздық түрдегі шығындарды елестетіп көреу керек. Кей кездерде тауар қоры жоғарылап кетсе мұны да түсімді жоспарлау процесінде негізге алу қажет.
Үстеме шығындар. Көп жағдайларда үстеме шығындардың көлемі үстеме шығындар бағасын бір жылға бөлу арқылы анықталады.
Ереже бойынша, коммерциялық қызметті жасауға байланысты оларға мыналар жатады:
- арендалық төлем;
- еңбек ақы;
- көлік шығындары;
- салық төлемдері;
- іссапар шығыны;
- кеңсе қажеттілігі шығындары;
- байланыс қызметін пайдалану шығындары;
- банктік несие мен басқа да ақшалай төлемдердің проценттері;
- жарнамаға кететін шығын;
- амортизациялық бөлінулер.
Жоспар - баланс
Баланс активі екі негізгі бөлімнен тұрады:
- айналым қаражаты немесе ағымдық активтер, - олар жыл көлемінде қолма-қол ақшаға айналады.
- Негізгі қаражат немесе фиксациялық активтер, ереже бойынша бірнеше жылдан кейін қайтып оралады, демек фирмаға ұзақ мерзімде қызмет етеді.
Материалдық емес активтер патенттер мен лизингтерге кетеді, сонымен қатар «фирма бағалары» - «гудвилла» немесе оның сауда маркасының құндылықтары сауда-саттықтың негізгі құралы болуы мүмкін. Бүгінгі күні кейбір қазақстандық фирмалар ғана өз гудвиллін анықтай алса, шетелде бұл кең тараған.
Пассивтер өз несие берушілері мен жеке фирма капиталы алдындағы міндеттерді атқарады.
Міндеттеме өз кезегінде ағымдық және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Ағымдық - оны жыл көлемінде төлеуге болса, ұзақ мерзімді - одан да ұзағырақ мерзімде төленеді.
Есеп бер кезеңнің балансы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қызмет етеді.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (Cash Flow)
Ақша қаражатының қозғалысы жоспарының көмегімен кәсіпкер өзінің айналым қаражатын анықтау үшін кез келген уақытта қысқа мерзімді несиедегі қажеттіліктерін бағалай алады.
Түсім есептері туралы есептен ерекшелігі ақша түсімдері туралы есеп акция сату мен алынған ақша сияқты барлық қаржы көздерінен түскен ақшалық түсімдерді есептейді, сонымен қатар кейбір активтердің тарауы мен сатылуынан түскен қаржыны да есепке алады. Шығындауға келсек, ақша түсімдері туралы есеп барлық шығындарға кеткен ақшаны есептейді.
Ақша қаражатының айналымы жоспарын құру үшін екі маңызды көрсеткішті анықтап алу керек:
- Күтілген ақша түсімдері
- Күтілген төлемдер.
Түсім
Түсімге ағымдық есептегі және қолма-қол ақша төлемдері жатады. Түсім кәсіпорынның сауда қызметімен байланысты және тауар сату нәтижесі мен қызметі кезінде туады. Түсімнің басқа көздері болып мыналар саналады:
- Банктік несиелер;
- Басқа мекемелер мен жеке тұлғалардың несиелері;
- Арнедаға берілген сауда орындарының арендалық төлемдері;
- Қандай да бір керек емес кәсіпорындарды пайдаланғандағы төлемдер.
Төлемдер
Төлемдерге түрлі баптардың көптеген сандары жатады, яғниқосымша тауар қорын ұстау, жабдық сатып алу, үстеме шығындар мен ағымдық шығындар жатады. Ақша қаражаты туралы есепке амортизация жатпайды. . Ақша қаражатындағы болашақ қажеттіліктері сауда көлемін ұлғайтуға және жоспарланған барлық шығындарға жететіндей болуы керек.
Қаржылық жағдайдың бағасы
Қаржылық есептерді жасау қаржылық жоспарлаудың соңғы қадамы емес. Оның сапалық жағын да тексеру қажет, яғни компания жағдайының индикаторы болып табылатын жасалған нормалар мен нормативтерге сәйкестігін анықтау. Мұндай индикаторларға сыналар жатады:
- Жоспарды іске асыру барысында фирма қызметінің шапшаңдығын көрсететін қаржылық көрсеткіштер. Олар пайда көрсеткіштері, капитал ұтымдылығы, қаржылық қызметтің көрсеткіші.
- Нақты жобаларда инвестициялардың қолайлығын көрсететін инвестиция қолайлығының көрсеткіштері: салынған қаржыларды қайтарудың уақытын көрсететін өтемділік мерзімі; жаңа өнім мен жаңа қызметтің пайдалық жағына әсер ететін кіріс көлемі; кірістің ішкі нормасы мен инвестиция тиімділігінің нормасы.
Капиталдағы сұранысты анықтау
Капиталдағы сұранысты анықтау - бұл тұлғаның материалдық қаупінің ұлғаюы тұрғысында жеке бизнесті жоспарлаудың сатысы.
Ұзақ мерзімді капиталдық сұранысты ғана емес, сонымен қатар қысқа мерзімді қайтымды капитал сұранысын жоспарлау қажет (Мысалы, ғимарат салу мен жөндеу, т. с. с) . Бұл жерде дайын өнімдердің мен материал қорының жеткіліктігі туралы, дебиторлық қарыз бен кассалық банктік төлемдер туралы ойлау керек. Мұнымен бірге, құрылыс кезеңі мен жаңа кәсіпорынды жіберу кезіндегі қаржылық қиындықтар туралы мәселені естен шығармау қажет.
Ұзақ мерзімді капитал (инвестициялар)
Ұзақ мерзімді капиталдағы сұранысты негізгі капитал және өндірісалды шығындар деп екі инвестицияға бөлуге болады.
Негізгі капиталдағы инвестицияның типтік капиталы мыналар:
- Жер учаскесін алу және оны игеру;
- алаңдары мен ғимарттар салу немесе игеру;
- өндірістік және көмекші машиналар, жабдықтар алу;
- тазаланған ғимараттар салу;
- жобалы-конструкторлы жұмыстар.
Шығындар
Өндірісалды шығындар құрамына өндіру алдында жұмсалған шығындар кіреді. Олар мыналар:
- компания жасаумен байланысты шығындар;
- өндіріске дейін жалданған қызметкерлер мен басқару жұмысына төленетін ақы;
- арендалық төлемдер;
- іссапар және байланыс шығындары;
- кеңесшілерге төленетін ақы;
- жинақтар мен салықтар;
- банк қызметіне кеткен төлемдер;
- түрлі қала қызметтерімен келісім үшін шығындар;
- байқап көру шикізаты;
- кәсіпорынға жатпайтын білім үшін төлем;
- өндірісалды маркетингтік ұстам төлемдері.
Қысқа мерзімді капитал кәсіпорынды құрғаннан кейінгі қаржыландыруға, кеңейт жұмысына жұмсалады. Айналма капитал келесі активтерді біріктіреді: тауарлы-материалдық қорлар, айналма капиталдағы сұраныс көлеміне тауар-материал қоры капиталының бағасы ерекше әсер етеді. Мүмкіндігінше тауарлы-материал қорын төменгі деңгейге азайтуға тырысу керек.
Тауарлы-материал қорының көлемін анықтау үшін мынаны есте ұстау керек:
- өндіріс материалдары (көмекші материалдар мен шикізат көзіне назар аудару қажет. Мысалы:
- а) егер материал жергілікті, яғни жеткілікті мөлшерде тез жеткізілетін болса, онда шектеулі ғана қор сатау керек;
- б) егер материал импортталатын болса, жеткізу процедурасына көп уақыт қажет болса, онда біршама мөлшерде материалдық қор сақтау қажет) ;
- артық бөлшектер (атық қор мөлшері жергілікті қойылымдар, импорт процедурасы, сол аймақтағы техникалық қызмет пен кәсіпорын қызметіне байланысты) ;
- аяқталмаған кәсіпорын (аяқталмаған өндірісті жабудағы капитал сұранысын бағалауда әр кезеңде өткізілген түрлі метериалдық ресурстарды пайдалану барысында қол жеткен өңдеу дәрежесі мен технологиялық процеске жан-жақты талдау жасау қажет) ;
- дайын өнім (дайын өнім қоры кәсіпорынның сауда практикасы мен өнім сапасы сияқты факторларға байланысты) .
Қаржыландырудың мүмкін қателіктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz