Ангиологияға кіріспе. Қан тамырларының құрылысының, тармақталуының, жіктелуінің негізгі принциптері. Жүрек дамуы және даму ақаулары


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ф КГМУ 4/3-04/02

ИП №6 от 14 июня 2007 г.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Анатомия кафедрасы

ДӘРІС

Тақырыбы : Ангиологияға кіріспе. Қан тамырларының құрылысының, тармақталуының, жіктелуінің негізгі принциптері. Жүрек дамуы және даму ақаулары.

Пәні : Анатомия - Аna 1203

Мамандығы: 5В130200 «Стоматология»

Курс: І

Уақыт (ұзақтығы) : 1 сағат

Қарағанды 2012

Тақырыбы : Ангиологияға кіріспе. Қан тамырларының құрылысының, тармақталуының, жіктелуінің негізгі принциптері. Жүрек дамуы және даму ақаулары.

М ақсаты : Студенттерге тамырлар жүйесі туралы қысқаша сипаттап, қан тамырлары қабырғаларының құрылысын, жіктелу принциптерімен таныстыру. Студенттерді жүректің дамуы және даму ақауларымен таныстыру.

Дәріс жоспары:

  1. Тамырлар жүйесіне кіріспе.
  2. Қан тамырлыры қабырғаларының құрылысы.
  3. Қан тамырларының жіктелуі.
  4. Артериялардың таралуының заңдылықтары
  5. Жүректің дамуы
  6. Жүректің даму ақаулары

Тамырлар жүйесі - сұйықтарды өткізгіш жолдар, туралы ілім ангиология деп аталады. Тамырлар жүйесі жүрек-тамырлық жүйе деп атайды. Артериялар. Артериялардың қабырғалары үш қабықтан тұрады. Ішкі қабық , тамырдың қуысы жағанан эндотелимен астарланған. Оның астында субэндотелі мен ішкі элатикалық жарғақ жатады; ортаңғы қабық, жазық салалы бұлшық ет талшықтарының екі қабатынан /сыртқы-ұзын бой, ішкі-айналмалы, циркулярлы/ тұрады. Олардың арасында эластикалық талшықтар болады; сыртқы қабық, дәнекер ұлпалық талшықтардан тұрады. Артерия қабырғасының эластикалық қаңқа құрап, артерия қабырғасына пружина тәрізді жұмыс істейтін серпімділік қасиет береді. /С. И. Шелкунов/ .

Капиллярлар алмасу қызметін атқаратын өте жіңішке қыл тамырлар болып табылады. Капиллярлардың бар екендігі туралы ғалымдар тек 1661 жылы, оларды италия ғалымы Марчелло Мальпиги ашқаннан кейін, ғана білді. Капиллярдың қабырғасы арқылы алмасудың негізгі процестері жүреді. Веналар қанды артерияларға қарағанда қарама-қарсы бағатта - мүшелерден жүрекке қарай тасиды. Веналардың қабырғаларының құрылысы артериялардікі сияқты, бірақ едәуір жұқа. Оларда эластикалық және бұлшық еттік ұлпалар аз, сол себепті бос веналардың қабырғалары қабысады, ал көлденең кесіндіде артериялардың қуысы ашылып үңірейіп тұрады. Қанның веналар бойымен жүруі: 1/ жүректің және ауаны ішке жұтқанда, қуыстардағы қысымдардың айырмашылығына байланысты көкірек қуысына пайда болатын төменгі қысымның сору әсерінен; 2/ мүшелердің көлденең жолақты және жазық салалы бұлшық еттерінің жиырылуының нәтижесінде т. б. әсерлерден іске асады.

Адамның жеке даму прецессінде, жас ұлғайған сайын, веналардың салыстырмалы диамерті мен сыйымдылығына қарағанда 18 есе үлкейеді. Вена жүйесінде қанның 80% артериялар - 15% және капилляр - 5% болады деген пікір бар.

Микроциркуляция - бұл тамырлар жүйесінің микроскопиялық бөлігіндегі қанның қозғалысы. Қанның микроциркуляциясы тамырлардың төменгідей схемасы бойынша іске асады: кішкентай артерия артериолаға айналады. Ол артериядан бір ғана бұлшық ет қабатымен /жазық салалы/ ерекшеленеді: артериола прекапиллярларға жалғасады. Прекапиллярдан тор құратын көптеген капиллярлар кетеді. Олардың қабырғалары эндотелилік клеткалардың бір қабатынан тұрады.

Капиллярлар одан әрі посткапиллярларлық венулоға немесе посткапиллярларға айналады. Ол барып венаға құятын венулоға айналады. Қанның микроциркуляциясының жолы осылайша аяқталады. Микроциркуляция артериялар мен артериолалардың бұлшық еттерінің, сондай-ақ, ерекше бұлшық еттік сфинктерлердің жұмысымен реттеледі. Мұңдай сфинктерлер прекапиллярлар мен посткапиллярларда болады, тіпті капиллярларда да кездесуі мүмкін. /Д. А. Жданов, 1964/.

Артериялар мен артериолалар көбінесе тарату /үлестіру/ қызметін атқарады, ал прекапиллярлар, капмллярлар, посткапилляр және венулалар көбінесе трофикалық қызмет атқарады.

  1. артериола
  2. прекапилляр
  3. капилля
  4. посткапилляр
  5. венула
  6. вена

Жүрек, cor, біздің барлық тіршілік әрекеттерімізге, әрбір қимылымызға, туғаннан бастап соңғы демге дейін “әрқашан бәріне” қатысатың таңғажайып мүше болып табылады. Жүрек-тамырлар жүйесіндегі орталық мүше. Қанды артерияларға айдап, веналардан қан қабылдайтын қуыс, бұлшық етті мүше, басқа мүшелермен бірге көкірек қуысында, алдыңғы көкірек аралықта орналасады Жүректің сыртқы пішіні конус тәрізді. Оның негізгі, basis жоғары, артқа әрі оңға бағытталған: дөңгееленген ұшы, apex төмен, солға және алға қараған. Жүректің екі бетін; төс-қабырғалық sterno-costalis және көкеттік, diafragmatica екі қырын: сол жақ-доғал және оң жақ-сүйір, ажыратады.

Жүректің 4 қуысқа /камераға/ бөлінуі сыртынан нашар байқалады.

Жүректің қабырғасы үш қабаттан тұрады. Сыртқы, эпикард, жүректің сір қабығы, жүрек қабының перикардтың, висцеральды табақшасы; ішкі эндокард, қан тамырларының қабырғасының ішкі қабатына сәйкес келеді. Ортаңғы, миокард, көлдеңжолақты бұлшық ет талшықтарынан тұрады; олардың жиырылуының арқасында жүректің жұмысы іске асады, бірақ жүрек бұлшық етінің жиырылуы біздің еркімізге байланысты емес, яғни жазық салалы бұлшық ет ұлпасы тәрізді қызмет атқарады.

Жүрек қабы /перикард/ - тұйық сірлі қашық. Оның ішкі сірлі және сыртқы фиброзды қабаттарын ажыратады. Ішкі сір қабат екі табақшаға бөлінеді: висцеральдық, немесе жоғарында аталған эпикард және париетальдық.

Висцеральдық және париетальдық табақшалардың арасында саңылау түріндегі қуыс - жүрек қабы /перикард/ қуысы бар. Онда шамалы мөлшердегі сірлік сұйық бар. Ірі тамырлардың бойында жүрекке жақын жерде висцеральдық және париетальдық табақшалар бір-біріне өтеді. Екі бүйір жағында жүрек қабы /перикард/ көкірек-аралық плевраға жанасып жатады, ал оның артқа жағында өнеш пен төмендеген қолқа ораналасқан. Қолқаның өрлеме бөлімі мен өкпелік сабау жүрек қабының жалпы табақшасымен барлық жағынан жабылады да, жүрек қабын ашқанда саусақпен оларды айналып өтуге болады.

Жүректің дамуының аномалияларын бірнеше топқа бөлуге болады:

1/жүректің санының; 2/ орналасуының; 3/ қуыстарының /камераларының/ санының және 4/ ірі тамырлардың.

2) Артериялық сабаудың дамуының қалыпты жағдайдан ауытқулары.

Кейде даму барысында артериялық сабаулық өкпелік сабау мен өрлеме қолқаға бөлінбейді. Онда балаларда бір ғана артериялық сабау болады. Бұл аномалия басқа ақаулармен қабаттасады: қарыншааралық қалқа болмайды. Мұндай ақаулармен балалар өмір сүре алмайды; кейде өкпелік сабаудың транспозициясы кездеседі: бұл жағдайда қолқақоң қарыншадан, ал өкпе сабауы сол қарыншадан басталады.

Өкпе сабауының аномалиялары: өкпе сабауының қуысының толық бітіп қалуы - стеноз немесе атрезия, өкпе сабауынан тек дәнекер ұпалық тартпа қалады. Бұл оң қарыншаның үлкейіп, сопақ тесіктің бітпеуі мен қабаттасады. Бұл аномалиярда тұңғыш рет Фалло деген ғалым сипаттады да Фалло триадасы (ұштағаны) деп аталады. Егер бұған қолқаның транспозициясы - қолқаның оң және сол жақ қарыншадан бірдей басталуы қосылса Фалло тетрадасы деп аталады. Егер бұл ауытқулармен қоса қарыншааралық қолқаның кемістігі болса Фалло пентадасы туралы айтуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүрекше аралық перденің мүкістігі
Даму ақаулары. Құбыжықтық
Жүрек қантамырлар жүйесін тексеру әдістері
Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері жайлы мәлімет
Балалар аурулары туралы
Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы
Жүрек қан тамырлардың ақаулары және оны емдеу профилактикасы
Балалардың жүрек қызметінің бұзылуы, оның себептері, алдын алу
ТУА БІТКЕН ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ
Жүйке жүйесінің гистологиясы - оқу құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz