Менеджмент пәнінен дәрістер


- ЛЕКЦИЯ. ТАЌЫРЫБЫ: БАСҚАРУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСІ
Жоспары:
1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
2. Теория мен практика бірлігі, менеджментті зерттеудегі тарихи және логикалық тәсілдер
3. Менеджмент оқу пәнінің басқа пәндерімен байланысы
4. Басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі
Лекция маќсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі
Лекция мєтіні
1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
Қазіргі таңдағы менеджмент ғылымының өзекті мәселелерімен бұған дейін онымен тығыз байланыста болған басқа ғылымдар айналасып келген. Осы арада біз, араға бармай-ақ заң ғылымының салаларымен байланысты мәселелерге тоқталайық. Бұрынғы кезеңдерде заң ғылымы жалпы адамдар арасына әділеттілікті үгіттеумен айналасатын еді. Заң ғылымы әділеттіліктің орнығу шеңберінде адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, тапшы ресурстар мен шексіз қажеттіліктер арасында әділ тепе-теңдік орнатуға тырысқан еді. Уақыт өте келе заң ғылымының қарастыратын мәселелерінің аясы кеңейіп күрделене түсті. Аталмыш мәселелердің барлыгымен бір уақытта тек бір ғылым саласының айналысуы қиынға соқты. Осындай жағдайда жаңа бір ғылым саласы пайда болып заң ғылымы мәселелерінің ауқымды бір бөлімін өз зерттеу объектісі етіп алды. Бұл, жаңа ғылым, тапшы ресурстармен шексіз адам қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және оны жүзеге асыру барысында заң принциптері мен оның белгіленген көлемінен аспайтын экономика ғылымы болып табылады. Экономика ғылымы ұзақ уақыт бойы заң саласынан қабылдаған шексіз адам қажеттіліктерін қамтамасыз ету міндетін атқарды. Сондықтан да ең алдымен қолда бар шектеулі ресурстар мен мүмкіндіктерді пайдаланды. Бұлардың жеткіліксіз болуы салдарымен адам қажеттіліктерін қамтамасыз етуді одан әрі жақсарта түсу үшін өзге жаңа ресурстар (тауар және қызмет көрсету) өндіре бастады. Бұлармен қолда бар ресурстарды қосып қажеттіліктер мен ресурстар арасында одан да әділ тепе-теңдік құру жолында барынша күш салды. Экономика ғылымы бір жағынан адам қажеттіліктерін қамтамасыз ететін тауарлар мен қызмет көрсетулерді арттырса, келесі бір жақтан адамдардың оған деген қажеттіліктерін де арта түсті. Қажеттіліктер мен ресурстар арасында тепе-теңдікті сақтау мүмкін болмады. Бұл тепе-теңдікті қамтамасыз етуді мақсат тұтқан экономика ғылымы мәселесінің аумағы барған сайын кеңейіп, маңызы арта түсті. Экономика ғылымы бұл мәселелерді жеке өзі зерттеп үлгере алмайтын жағдайға жеткен кезде, жаңа бір ғылым саласы қалыптасып, экономика мәселелерінің бір бөлімін өз зерттеу объектісіне алды және өзіне дейінгі заң ғылымының жалпы принциптері мен шектеу шеңберінде осыларды жүзеге асыру үшін қызмет етті. Бұл жаңа ғылым саласын менеджмент деп атаймыз. Оның қарастыратын мәселелеріне адам қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында тауар және қызмет өндіру жатады. Бұл іс-шараларды жүзеге асыру барысында осы салада өзіне дейінгі экономика және заң ғылымдары тарапынан қабылдаған заңдылықтар, принициптер (қиғидалар) және шектемелерге тәуелді болады. Менеджменттің тарихи дамуы мен заң және экономика ғылымдары арасындағы ара-қатынастарын. Батыс елдерінің тарихы тереңге жайлаған білім беру мекемелерінің құрылымы мен ұйымдастырылуынан көруге болады. Мысалы, Франция университеттерінде бұрындары тек заң факультеттері ғана болатын. Экономика мен менеджмент салалары осы факультет бөлімдерінде оқытылатын. Ғылымның дамуымен бірге кейінгі жылдары заң факультеттері. Заң және экономика факультеті болып өзгеріп, бір құрылым аясында әрі заң, әрі экономика және менеджменттік бағдарламалар жүйесінде оқытыла бастады.
2. Теория мен практика бірлігі, менеджментті зерттеудегі тарихи және логикалық тәсілдер
2. Басқару тарихы адамзат тарихымен бірге келеді. Адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты алғашқы дәуірден бастап, мамандану мен автоматтандыру ең маңызды элемент ретінде, пайда болуы қазіргі кезеңге дейін әрбір топ пен қоғамдарда “басқарушы - бағынышты және бағыну” болған. Басқаша айтқанда, адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылған ұйымдар ескіргендіктен, бұл ұйымдардағы басқару әдістерінің де ескергендігі сөзсіз. Басқару адамзат тарихымен бірге басталғанымен, басқару туралы ой-пікірлердің пайда болуы барынша жаңа болып табылады. Сондықтан да, басқаруды “өнердің ең көнесі, ғылымдардың ең жаңасы” деп те айтуға болады. Ал жаңашыл басқару туралы ой-пікірлерінің бір ғасырлық тарихы бар.
Басқарудың өз алдына өзгеше бір қызмет көрсету саласы болып түбегейлі зерттелуі өткен ғасырдың туындысы болып табылады. Жазушылардың көбі осы жаңа ұғымның 1900 жылы F. W. Taylor мен көмекшілерінің ғылыми басқару нәтижесінде пайда болды деген пікірде. Басқару теориясындағы сатыларды тарихи эволюция негізінде төмендегідей етіп қарастыруымызға болады.
Дәстүрлі басқару кезеңі
Дәстүрлі басқару кезеңі, алғашқы және орта дәуірдегі ойшылдардың іс- әрекеттері, сауда-саттығы және басқаруы туралы ой-пікірлер мен көзқарастары арқылы басқарушылардың құрған ұйымдарды да қамтиды. Дәстүрлі басқару ой-пікірді туғызған мәліметтер жиынтығы, көбіне ақыл мен логикалық талдаулармен байланысты болғандықтан, бұл философиялық сипатқа ие.
Дәстүрлі басқарудың көбіне “Автократиялық” және бақылаумен байланысты белгілі бір ерекшелігі бар. Қытай қамалының, Мысыр пирамидаларының және Рим амфитеатрларының құрылысында толығымен зорлық-зомбылыққа сүйенген басқару әдісі қолданылған.
1. Көне Мысырдағы басқару: Пирамидаларды көне мысырлықтар қамшы мен шынжыр арқылы басқалар тарапынан салдырған. Көне мысырдағы пирамидалардың белгілі бір тұтқындар тарапынан тиімді үйлесім үшін салынғандығы сөссіз. Пирамидалардың салынуы үшін қажетті жабдықтардың қамтамасыз етілуі, жұмысшылар арасындағы үйлесім, олардың азық-түлік мәселесі бойынша жеткен табысы, көне мысырлықтар басқарудың негізгі принциптерінің кейбіреулерін білетіндігін атап көрсетуде.
2. Месопотами я дағы басқару: Бабылдық алғашқы кәсіпорын үлгісі ретіндегі ғибадатханалар, б. э. б 3000 жылдыққа байланысты басқарудың оларға тиісті екендігін көрсетуде. Жоспарлар жер қойнауында жасырылатын еді. Жоспарлар жасалатын және жасалған жұмыстар жоғарғы басшылар тарапынан бақыланатын еді. Месопотамиядағы сауданың немесе осыған байланысты саудалық керуендердің пайда болуы, тек белгілі бір басқару әдісінің қолданылуы арқылы ғана мүмкін еді.
3. Көне қытайдағы басқару: Қытайда басқарумен байланысты көптеген жұмыстардың жүзеге асырылғандығы көрінуде. Әйгілі ең көне әскери тәртіп, б. э. б. ХVІ ғасырда Қытайлық Сун Цу генералының ойлап тапқан жүйесі болатын. Орданы бөлімдерге бөлуді, ту мен таңба арқылы байланыстың жасалуын ең бірінші болып қолданған.
4. Иудейліктер: Көне иудейліктер белгілі бір лидер болу үлгісін жасауға тырысқан. Иудейліктердің көсемдері адамдар мен күш- қуатты бір жерден басқаруға тырысқан. Әр түрлі лидерлердің арасындағы хазіреті Мұсаның орны ерекше. Ол мемлекеттік басқаруда, заң шығаруда және адамдар арасындағы қарым-қатынастарда басым лидер болғандығы туралы қасиетті кітаптарда жазулы. Мысалы; Мұсаның жасаған жоспарлары, құрған ұйымы арқасында Мысырдан қашуды табысты түрде басқаруы, иудейліктерді Мысыр ықпалынан құтқаруы, басқару қабілеттілігінің ең жоғарғы дәрежеде екендігін көрсетуде.
5. Көне Римдегі басқару: Көне Римдегі өркениеттің қазіргі кездегі кәсіпорынды басқару туралы көзқарасқа, қажет болса саудалық немесе әскери салаларда жетілдірілген еңбек бөлінісі мен ұйымдастыру көзқарастарынан басқа ешбір үлес қоспаған; тек қана сауданың дамуы нәтижесінде кішігірім кәсіпорындар және тек қана әскердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын ірі кәсіпорындар осындай өркениетпен дамыған.
6. Христи я н дініндегі басқару: Християн діні кедейлерге үміт, құлдарға бас бостандық және барлығына өлгеннен кейін игі үміттер беріп отыруы, басқару түсінігінің өз қалпында қалуының да басты себебі болған. Хазіреті Исадан ресессансқа дейін ХV ғасыр бойы басқарудың орталықтан немесе бөлімшелер тарапынан іске асырылуы керек деген ой-пікірлер жалғасып келген. Католик және православ мектептері өзінің мекен-жайындағы барлық елдерге толығымен үстемдік еткен. Бұл жағдай, осы елдердің басқаруларының шіркеу басқаруларына ұқсас түрде түрленуіне де жол ашқан. Алайда, шіркеу өзінің орталықтан басқару әдісін қолданып нығайтқан кезде, сонымен қатар елдер мүмкіндігінше бөлімше тарапынан басқару әдісін қолдана бастаған. Осылайша бетпе-бет кездесетін белгілі бір күштердің пайда болуына кедергі жасаған.
7. Мұсылман дініндегі басқару: Мұсылман мемлекеттеріндегі жалпыға ортақ басым көзқарас, бас бостандық пен күшті орталықтан басқару болып табылады. Бас бостандық мұсылман қоғамдарын сана-сезімнің өсуіне және дамуына бағыттаған, ал күшті орталықтан басқару болса территорияның кеңейтілуіне, жаулап алуға және ұйымдастырылуға бағыттаған. Бірақ мұсылман дінінің әлеуметтік жағының төмендеуі және талап етпеушілік философиясы басым болуы себебінен, сауда-саттық әскери табыстармен бірге паралелді түрде дамыған, бұндай тепе-теңсіздік және християн дініндегі сияқты мұсылман дінінде де өлгеннен кейінгі жағдайлар үміттердің жалғасуына әсерін тигізіп тоқтатқан, сондықтан да өркениеттің дамуын баяулатқан.
Басқарудың діни, парасаттылық және адамгершілік негіздерін қалаумен байланысты жасалған іс-әрекеттерді барлық қасиетті кітаптардан көруге болады. Осы тұрғыдан ең алдымен Құран Кәрім, Тәурат және Інжілде басқарумен байланысты көптеген үкімдер бар. Сонымен қатар, Өтүкен кітаптарында басқаруға байланысты түсініктер де бар.
Басқару туралы ой-пікірдің дамуы, ауыл шаруашылықтан өнеркәсіпке, шағымнан үлкенге, бірлік өндірістен сериялық өндіріске өту кезеңінен басталған. Дәстүрлі басқару кезеңінде басқарушы тек жауапкершілікті болу қажеттілігін ғана сезер еді. Бұл кезеңдегі жауапкершілік - әлеуметтік және экономикалық жүйеде қуат пен бақылауға ие болу деген сөз. Дәстүрлі басқару кезеңінде кәсіпкер алғашқы деңгейде болса да өндірісті өзі бақылайды, маркетингті, бухгалтерлік есептерді де өзі жүргізеді. Яғни кәсіпкерлік пен басқарушылық функциясы бір-бірінен айрылмайтын.
3. Менеджмент оқу пәнінің басқа пәндерімен байланысы
Кәсіпорындар белгілі бір заңды жүйе бойынша жұмыс істейді. Жүйенің шегін заң белгілейді. Кәсіпорындар өз жұмысын осы шектің шеңберінде атқарады. Егер бір іске заңмен тыйым салынса, кәсіпорындар заңның салған тыйымын бұзбау үшін жұмыстың формасын өзгеретеді. Кәсіпорындар заңмен тығыз байланысы отырып, жұмыс істейді. Әртүрлі жағдайларға қарамастан заңды жауапкершіліктерін орындауға тиіс. Кәсіпорындар заңның қарыздар заңы, сауда заңы, фирмалар заңы, тәсіл, орындау және банкроттық туралы заң, еңбек туралы заң сияқты бірнеше салаларымен тығыз байланысты.
Менеджмент және экономика
Экономика ғылымы адамдардың мұқтаждықтары мен олардың мұқтаждықтарын өтейтін тауар мен қызметтердің арасындағы байланыстарды зерттесе, ал менеджмент адамдардың қажеттіліктерін өтейтін тауар мен қызмен өндіретін кәсіпорындармен айналысады. Экономика ғылымының барлық салаларында менеджмент кездеседі және оның жұмыс шеңбері мен негізгі принциптерін белгілейді. Кәсіпорындардың тарихи дамуын сөз еткенде менеджменттің заңмен тығыз байланыста болғанын және одан бөлініп жеке бір ғылым саласына айналған экономика ғылымынан бөлініп шыққан және оның жалпы айналысқан бір бөлімін экономиканың қағидаларына бағына отырып егжей-тегжейлі қарастырғанын көреміз. Осы тұрғыдан алып қарағанда менеджмент пен экономика ғылымы өте тығыз байланысты. Сонымен бірге заң ғылымы мен экономика ғылымы сияқты емес одан бір саты жоғары, бірақ басқа ғылымдарға қарағанда бір саты жақынырақ. Анығырақ айтатын болсақ, заң мен менеджменттің арасында ата мен бала арасындағы байланысы сияқты жақындық бар.
Менеджмент және социология
Социология қоғамдық мәселелерді зерттеумен айналысады. Ол қоғамдағы шындық пен оған байланысты мәселелерді қарастырады. Заң қоғамға қатысты жазбаша ережелерді шығарады. Ал, социология ғылымы болса заң сияқты қоғамды реттейтін, бірақ заңды түрде белгіленбеген, сонымен қатар қоғам қабылдаған және қоғамдық өмірді бір жүйеге келтірген жазылмаған ережелерден тұрады. Кәсіпорындар қоғамдағы заңмен тыйым салынған шектеулерге сай жұмыс істеуге қандай міндетті болса, социологияның ережелеріне де бағынып, соған қарай жұмыс істеуге міндетті. Сол себепті де социология мен менеджменттің арасында тығыз байланыс бар.
Менеджмент және психология
Психология адамның іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым. Әлеуметтік психология болса, қоғамдағы тұлғаның іс-әрекеттерін зерттеумен айналысады. Басқару немесе ұйымдастыру психологиясы болса, бір ұйымда қызмет істейтін адамдардың іс-әрекеттерін зерттейді. Өндірістік немесе еңбек психологиясы болса, өндірісте немесе кез келген жұмыс орнында еңбек ететін адамдардың іс әрекеттерін зерттейтін ғылым саласы.
Кәсіпорындардың құрылымын зерттегенімізде олардың адамдардан құралған жүйе екенін байқаймыз. Өндіріс факторын зерттегенде табиғт пен капитал факторларынан тыс, тағы да үш фактор: еңбек, кәсіпкерлік, басқару және адам қарым-қатынастарынан тұратынын көреміз. Кәсіпорындардың істейтін жұмысы мен мақсатын зерттеген кезде кәсіпорындар адамдардың жеке басының немесе қоғамдағы қажеттіліктерді өтейтін тауар және қызмет өндіру үшін жұмыс істейтінін және осы тауар мен қөызметті оларға ұнайтындайетіп өндіруге міндетті екендігін көреміз. Міне, кәсіпорында істейтін жұмысшы, басқарушы мен тұтынушылардың барлығының іс-әрекеттері кәсіпорындардың пайдалылығына қатты әсер тигізетіндіктен, кәсіпорындар осы адамдардың іс-әрекеттерін зерттеп, оларды өз мақсатына сай пайдалана білу үшін психология, әлеуметтік психология, өндірістік психология, ұйымдастыру және еңбек психологиясымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Менеджмент және технология
Кәсіпорындардың өндіріс факторларының бірі болып саналатын капитал бүгінгі күнде компьютерлендіруге байланысты еңбек факторларының да орнын басатындай дәрежеде кеңейтілген әрі соншалықты маңызды болып табылады. Қазіргі кездегі кәсіпорындар бәсекелестік ортада жұмыс істей алуы үшін алдыңғы қатарлы технологияны пайдаланып, бір жағынан жүргізілген зерттеулер және жетілдіру жұмыстарының негізінде пайдаланған технологияны одан әрі дамыту үшін тырысуда. Ендігі жерде кәсіпорындар қарапайым өндіріс факторларынбір жерден басқаратын ұйымнан шығып, өндіріс факторларының бірі болып саналатын капиталмен бірге еңбек факторы машиналардың алмастыруы, күрделі технологиялар жиынтығын басқаратын күйге көшті. Осы анықтамалардан ұқққанымыздай қазіргі кездегі кәсіпорындар техника және технологиямен тығыз байланысып, технология көптеген қызметтерді қамтитын құрылым жағдайына жеткен.
Технология және статистикалық математика
Динамикалық құрылымы бар мекеме экономикалық тауар және қыхмет өндіру кезінде жасалған әрбір операция кәсіпорынның мақсатына, пайдасына және зиянына әсер етеді. Кәсіпорынның жұмысының, оның мақсатына тигізетін әсерін, мөлшерін білу, қадағалау және осы күрделі жұмыстарды барынша жақсы жүргізе білу үшін кәсіпорын басшылары шешім қабылдаған кезде бірнеше статистикалық және математикалық тәсілдерді қолданады және сол арқылы өте жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысады. Осы статистикалық және математикалық тәсілдер кәсіпорын басшысы қолданатын ең маңызды құрал болып табылады.
Осыған дейін жасаған зерттеулерімізді былайша қорытуға болады. Менеджмент - өз алдына жеке ғылым болмағанымен, бірнеше ғылым әсері негізінде пайда болған (мысалы: заң, социология, психология, экономика, электроника, медицина, математика, статистика, физиология, биология, эргономия және т. б. ) білім салаларынан тұратын жүйелі бір білім саласы болып табылады.
4. Басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі
4. Менеджер дегеніміз- басқа адамдарды бағыттау арқылы жұмыстың орындалуын қамтамасыз ететін адам. Менеджер- қызіргі тәсілді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адам. П. Друкердің пікірінше менеджер 2-міндетті атқаратын адам:
Біріншісі: қолда бар ресурстарды нағыз тұтас өндіріс құру. Бұл жағынан алғанда ол оркестр дирижеріне ұқсайды. Алайда дирижердің қолында композитор жазған партитура болады. Ал менеджер әрі композитор, әрі дирижер қызметін атқарады.
Екіншіден : кез-келген шешімді қабылдап іске кіріскен кезде бүгінгі талаптарды ескерумен қоса келешектегі кәсіпорынның болашағын ойлауы қажет.
Менеджер ұйымдар мен топтардың жұмыстарын жүргізеді. Яғни менеджер басқару туралы қызметтерді атқарады. Олар:
- Менеджерлер ең алдымен мақсаттарды анықтайды. Мақсаттың қай бағытта болу керектігіне шешім қабылдайды. Бұл мақсаттардың жүзеге асып орындалуында өзіне көмек көрсететін мамандармен бірлесе отырып ойлаған ниеттеріне жетеді.
- Менеджер мақсатқа жету үшін атқарылатын іс шараларды жоспарлайды. (стратегиялық, оперативтік және тактикалық) .
- Менеджер жұмыстарды ұйымдастырады. Қажетті әрекеттерді, шешімдерді, қатынас-байланыстарды зерттейді және жұмыстарды топтастырады. Бұл жұмыстар басқаруға болатын істерге бөліп орындалады. Бұл бөлшектермен мақсаттарды бір ұйымға жинайды. Бұл бөлшектердің басқарушылмасы және жұмыстардың жүргізілуі үшін жауапкершілікті мойнына алатын адамдар шешіледі.
- Менеджер жігерлендіреді және байланысты нығайтады.
- Сараптау және өлшеу қабілетін рационалды пайдаланады. Әр ұжымның және оның ішінде жұмыс істегендерді өнімі үшін маңызды мақсаттарды, елементтер мен белгілерді топтастырады. Басқа жағынан айтар болсақ ұжымның өнімді әрі тиімді жұмыс жасауы үшін және жұмысшылардың өзді-өздерін жетілдіру үшін жағдайларды жасайды.
- Менеджер әрі өзін, әрі басқаларды жетілдіруі керек. ы
Ли Якока менеджерлер жұмысын ұйымдастырудың мынадай қағидаларын алға тартады:
- айналаңа жақсы жандарды орналастыр, интелегенттерге және қабілетті адамдарға сүйен;
- өзіңнің бірінші кезектегі мүддеңді айқында, күнделікті іс-әрекетіңнің жазбасын жазып жүр;
- қалай айтсаң солай жаза біл. Жүргізілген талдаулвр материялдарға негізделсін және кімге арналғаны белгілі болсын;
- әркімнің билік аясын нақты айқында, адамдардың дербес жұмыс істеуіне мүмкіндік бер;
- сын ескертпелерді, әртүрлә көзқарастарды ескер, оларды дұрыс пайдалан;
- өз жұмыс стиліңді тап және қолдан.
Ағылшын консультанты М. Вудкок пен Д. Френсистің пікірінше менеджерлерге мынадай қабілеттің болуы керек:
- өзін меңгере білу;
- жеке басының бағалы қасиеттері;
- жеке өзінің айқын жоспарлары;
- өзін үнемі жетілдіріп отыру;
- проблеманы шешуге дағдылану;
- өнертапқыш пен инновацияға қабілеттілік;
- қарамағындағыларға ықпал ете білу қабілеті;
- қазіргі басқару әдісін талдай білу;
- персоналды баулу және жетілдіру;
- тиімді жұмыс топтарын қалыптастыру және дамыту қабілеті.
Баќылау с±раќтары:
1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
2. Теория мен практика бірлігі, менеджментті зерттеудегі тарихи және логикалық тәсілдер
3. . Менеджмент оқу пәнінің басқа пәндерімен байланысы
4. Басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі
Әдебиеттер:
- Басқару негіздері. Оқу құралы, Экономика, 1997.
- Менеджмент негіздері. Ахметов А., 2005.
- Менеджмент ( лекциялар курсы) . Бердалиев К. Б., Алматы, 2006.
- Р. С. Каренов. Менеджмент негіздері: Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1999
- Кубаев К. Е. Теория постоения систем управления.
- Кубаев К. Е. и др. Теория и практика менеджмента.
- Ахметов К. Ғ., Сағындықов Е. Н., У. С. Байжомартов, Б. А. Жүнісов, Ж. Ж. Жұмаев. -Ақтөбе, Орал, 2005 ж Менеджмент.
2- ЛЕКЦИЯ. ТАЌЫРЫБЫ: МЕНЕДЖМЕНТІҢ МӘНІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ
Жоспары:
- Менеджмент туралы түсінік
- Менеджмент түрлері: өндіріс менеджменті, қаржы менеджменті, инновация менеджменті, инвестиция менеджменті, дағдарысқа қарсы менеджменті, халықаралық менеджмент және басқалар
- Басқарушы және басқарылушы кіші жүйелер, олардың бірлігі мен әрекеттестігі
- Менеджер және оның функциялары
- Америкалық және Жапон менеджменті: ерекшеліктері мен өзгешеліктері
Лекция маќсаты: Менеджмент туралы жалпы түсінік
Лекция мєтіні
1Менеджмент туралы түсінік
Менеджмент өнердің ең ескісі ғылымның ең жаңасы болып есептелген Менеджмент жалпылама процес болып есептеледі және мұны қоғамдық көне өнер сияқты бағалап дамып келе жатқан ғылым деп те қарайтындар бар. Процесс ретіндегі Менеджмент түрлі қызметкер мен тапсырмаларын, ал өнер түріндегі басқару жұмысты іске асыруды, білім түріндегі басқару болса жүйелілік пен ғылыми білім қоғамын білдіреді. Мұны, яғни басқаруды басқа ғылым салалары өзінше түсіндіреді.
Басқаруды жалпыламалы түрде “Біреулер арқылы жұмыс жасау” деп айтуға болады. Бұны біраз кеңейтетін болсақ Менеджмент ұйымдардың көздеген мақсаттарын жүзеге асыру үшін, кәсіпорын қызметтерінің рационал жүйесін дамыту, пайда болған мәселелерді басқалар арқылы шешу үшін шешуші процес деп сипатталады.
Басқару процесі туралы сөз ету үшін төмендегі шарттардың болуы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz