Геодинамикалық процестер


ГЕОДИНАМИКАЛЫҢ ПРОЦЕСТЕР '

Жердің ішкі құрылысы мен құрамын және оның рельеф (беткі қабаттардың бедері) пішіндерін табиғи жағдайда өзгертуші күштерді геологиялық процестер деп атайды. Геологиялық процсстер (орскеттер) Жер бетінде және оның ішкі қойнауында (жер қыртысымен жоғарғы мантия қабаттарыида) тоқтаусыз жүріп жатады. Осындай геодинамикалық әрекеттердің нәтижесінде қалыптасқан алғашқы жер қыртысы, өзінің даму барысында күрделі өзгерістерге ұшырап отырады. геологиялық даму тарихында орын алған ірі оқиғалардың сақталған іздері - Жер бетінің бедерін және оны құрайтын тау жыныстарын зерттеу арқылы анықталады. Сонымен қатар, қазіргі кезде жүріп жатқан геологиялық процестерді бақылап-зерттеу жұмыстарыныңда маңызы өте зор.

Геологиялық процестердің кейбірі өте тез қарқынды түрде, бірақ анда-санда (жер сілкіну, вулкан атқылау және т. б. ) ғана байқалады. Ал кейбіреулері өте баяу, бірақ ұзақ (миллиондаған) жылдар бойы үздіксіз жүріл жатады. Мысалы, жер қыртысының тербелісті қозғалыстары, езен суларының геологиялық әрекеттері және т. б. Геологиялық өзгерістер енгізетін процестердің энергия көздеріне: Күн сәулесімен байланысты жылу; Жер бетіндегі гравитациялық күштер; Күн мен Айдын, өзіне тарту күштері; Жердін, өз өсінен айналуы; радиоактивтік элементтердің ыдырауы (жердін, ішкі қойнауында) жәнс т. б. химиялық реакциялар кезінде белінетін жылу; Жсрдіц құрамын құрайтын заттардың гравитациялық жіктелуі және т. б. жатады. Барлық геологиялық процестср энергия көздеріне сәйкес экзогендік (грекше «эксо» - сыртқы) және эндогендік (грекше «эндон» - ішкі) болып екіге ажыратылады.

Экзогеидік процестер жер бетінде және жер қыртысының жоғарғы қабаттарында атмосфера, гидросфера және биосфера қабаттарымен тығыз байланысты жағдайда жүріп жатады. Бұл процестердің нәтижесінде құрлықта кездесетін тау жыныстары үгіліске ұшырап, үгілу заттары атмосфералық ағын сулар мен тасқын сулардыц және т. б. экзогендік агенттердің (мүздықтарды, соққан желдің) әсерінен алғашкы орындарынан ба'сқа ортаға тасымалданып жер бетінің төмен иіліп майысқан ойық аудандарында шөгіп, қабатталып жиналады. Ал эндогендік процестердің нәтижесінде жер қойнауындағы магмалық балқымалар жоғары қарай кете-ріліп, жолшыбай салқындай келе қолайлы бір жағдайларда әр түрлі тереңдікте жер бетіне жетпей кристалданып, интрузивтік тау жыныстары қүралады. Кейде магма жердің бетіне жетіп ақтарылады. Мүндай жағдайда магма тез суынады да салқындағаннан кейін жетілген пішінді кристалдар құрап үлгермейді. Соның нәтижесінде, шала кристалданған эффузивтік тау жыныстары түзіледі. Олар кейінірек геотектоникалық козғалыстарға байланысты иіліп, қатпарланады немесе жарылысқа ұшырайды. Ең соңында қатпарлы-жақпар тасты тау жоталары түзіледі.

Сонымен, жер бетінің бедері, яғни бедер пішіндері экзогендік және эндогендік процестердін, нәтижесінде қалыптасады. Эндогендік әрекеттерге байланысты түзілген тау жоталары экзогендік күштердің әсерінен үгіліп, ал үгілу заттары белгілі бір бағытта биік шыңдардан ойыс жерлерге, құрлықтан сулы ортаға қарай ауысады, біртіндеп тегістеледі.

Қысқаша айтқанда, эндогендік және экзогендік прсцестер бір-бірімен өте тығыз байланыста болып, бірак қарама-карсы бағытта дамылсыз жүріп жатады.

ЭКЗОГЕНДІК ГЕОЛОГИЯЛЫҢ ПРОЦЕСТЕР

Экзогендік процестердің негізгі энергия көзі, жоғарыда айтылғандай, Күннің жылу энергиясы және гравитациялық күштер болып саналады. Олар төрт топқа: 1) үгілу; 2) үгілу өнімдерінің жаңа орынға тасымалданып: кешуі, яғни орьш ауыстыруы; 3) аккумуляция (шоғырланып жиналу) ; 4) диагенез (шөгінділердің таска айналуы болып ажыратылады.

Үгілу (выветривание-немісше «всттер» - ауа райы деген мағынада) процесі деи, жер қыртысын құрайтын алғашқы заттардың (магмалық, метаморфтық және шөгінді жыныстардың) жер бетінде табиғи жағдайда үз-діксіз жүріп жататын (фпзикалық, химиялық және биохимиялық) әр түрлі әрекеттердің нәтижесінде (ыстық-ауа мен салқын ауаның кезек алмасуы, жауын-шашын, су мен жел, ауадағы оттегі мен көмір қышқыл газынын, және әр түрлі қышқылдардың химиялық әсері, күн радиациясы, тірі организмдер мен өсімдіктердід әрекеттері) байқалатын өзгерістердің жиынтығын айтады.

Денудациялық (латынша «денудацио» - ашылу) процесс - үгілу заттарының депудациялық агенттердін -(гравитациялық күштер, мұхиттар мен теңіз сулары және атмосфералық сулар мен құрлық сулары, мұздықтар-мен соққан жел әрекеттері) күшімен жаңа орынға тасымалданған тау жыныстарының орын ауыстыру әрекеттерін қамтиды. Бұл әрекеттердің нәтижесінде~жер беті. тегістеліп, тегіс пішінді бедер түрлері қалыптасады.

Аккумуляцияльщ (шөгінді қабаттардың жиналуы) процестердің нәтижесінде, алғашқы жыныстардың (магмалык, метаморфтық) үгілу заттары жер бедерінін ойыс немесе шүңғыл аудандарында (өзен аңғарларында, көлдер мен батпақтарда, мухиттар мен теңіздерде) тұнбалар түрінде шөгінді қабаттар түзіледі.

. Диагенез - борпылдақ шегінді кабаттардың цементтеліп, шөгінді тау жыныстарына айналуына әсерін тигізетін термодинамикалық күрделі процесс. Мысалы, құмнан - құмтас, жумырланған малта тастан - конгломерат; су жәндіктерінің қалдықтарынан - қабыршақтас (ракушняк), өсімдіктер қалдықтарынан- торф, тас көмір қабаттары пайда болады, ал құмға араласқан ізбесті лайдан ізбестас түзіледі.

Экзогендік геологиялык процестердің барлығы да бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұл әрекеттердің қарқындылығы әр тұрлі геологиялық, физикалық-географиялық және т. б. көптеген факторларға тәуелді.

Олардың ішінде жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары, климаттық жағдайы мен геологиялык, құрылыс ерекшеліктері, бедер пішіндері және уақыт мерзімдері маңызды роль атқарады. Экзогендік процестердің арқасында жер қыртысының топырақ қабаты және әр турлі пайдалы казбалар құралады. Пайдалы қазбалардың дуниежүзілік мөлшерінің - 60%-і экзогендік процестерге байланысты түзілген кен-орындарынан өндіріледі.

Сонымен қатар өзен, көл және теңіз жағалауларыныц бұзылуы, құлама жарқабақтардың опырылып қүлауы немесе сырғып-жылжуы, қар кешкіндері, тау беткейле-рінің бүзылып-шайылуы, терең сайлардың үлғаюы және кейбір аудандардың батпаққа айналуы секілді қолайсыз жағдайлар экзогендік геологиялык. процестердің нәтижесі болып саналады. Әрине, мұндай күтпеген оқиғалардың халық шаруашылығына тигізетін зияны орасан зор.

VII 1. 1. Гипергенез және үгілу қыртысы

Гипергенез деп, жер бетіндегі және жер қыртысының жоғарғы бөліктерін құрайтын минералдық заттардың физикалық-химиялык, әрекеттердің нәтижесінде өзгеруін айтады. Бұл әрекеттер атмосфераның, гидросфераның және тірі организмдердің қатысуымен жүріп жатады.

Гипергендік процестерге байланысты химиялық ажырау, еру, гидратация (су қосып алу, жұту), карбонаттану (көміртегімен қосылу) процестері байқалады. Үгілу қыртысының, тотығу зонасының, топырақ қабатының пайда болуы, өзен, көл, теңіз, мұхит суларының химиялық құрамының калыптасуы, хемогендік (химиялык туындылар) және биогендік шөгінділердің түзілуі гипергендік процестермен тікелей байланысты. Бүл процестердіц жүруіне химиялық ортаның қышқылдығы мен сілтілігі, тотығу мен тотықсыздану көп әсерін тигізеді. Бұлармеп қатар сорбция (жұтып бойға сіңіру), гельдердід кристалдануы, қайта тұну, иондық алмасу, биохимиялық әрекеттердің маңызы зор. Бұл құбылыстардың климат ерекшеліктеріне байланыстылығын алғаш рст В. В. Докучаев айтқан еді.

Үгілу қыртысы - жер бетіндегі тау жыныстарын құрайтын минералдардың өзгеру, бұзылу немесе ыдырау әрекеттеріне байланысты кұралады

Үгілу процестері физикалық (механикалық), химинлык және биохимия-лык болып ажыратылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Литосфераның экологиялық функциясы және оның систематикасы
Геологиялық ортаның антропогендік өзгерістері және оны kopғау
Геологиялық ортаны қорғау
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
Географиялық ландшафт
Климаттық мониторинг
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмін қалыптастыру
Теңізшевройл және қоршаған орта
Геодезиялық жұмыстың құнының есебі
Атмосфералық өзгерістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz