Ірі су қоймаларынан келетін зардаптар


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
І Кіріспе . . . 3
ІІ Негізгі бөлім
- Ірі су қоймаларынан келетін зардаптар . . . 5
- Каспий теңізі суқоймасының зардаптары . . . 6
- Қазақстан тау жыныстары . . . 7
- Тау-кен өндірісі . . . 9
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12
Кіріспе
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Іле - Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле - Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле - Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Іле - Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Іле - Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1, 5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т. б. құстар қазір өте сирек кездеседі.
Іле - Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары - Алматы, Талдықорған, Жаркент.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозерск, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды.
Ірі су қоймаларынан келетін зардаптар, алдымен Қазақстан тартады.
Қытайдың Батыс аймақты игеруде немесе Шыңжанды қауырт игеруде трансшекаралық Қара Ертіс пен Іле өзендерінен жаңа каналдар салу мен ірі су құймаларын жасуы, қалайда ол өзендерден Қазақстанға келетін су мөлшерін азайтатындығы сөзсіз. Тек су мөлшері азайып қана қоймайды, сонымен қатар, ол өзендер бойындағы кәсіпорындардан шығарылатын ылас сулар ол өзендерге құйылып кетпеуіне кепілдік жасалмаған. Сонда одан келетін зардапты алдымен Қазақстан тартады. Бұл мәселе екі ел қатынастарына жағымсыз жағдай тудыруы әбден мҝмкін. Оны Қытай басшылары жақсы тҝсінеді. Сондықтан өткен жылы мамырда Қазақстан Республикасының призеденті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапармен барып Ху Цзинтаомен (Ху Жинтау) кездескенде, Қытай президентінің: «Қытай трансшекаралық су ресурстарын әділетті әрі тиымды пайдану жағында» (9) деп, алдын-ала ескерткендей болуы сол себептен екені белгілі. Әрине бұл мәселе Нұрсұлтан Назарбаевтың назарынан қашанда тыс қалған емес. Осы реткі тарихи сапарында трансөзен мәселесін «Елбасы ҚХР төрағасы Ху Цзинтаомен болған жоғары дәрежелі кездесуінде көтерген» (10) . Бұл мәселе бойынша екі жақты келісімді жҝзеге асыру ҝшін құрылған арнайы комиссия жұмыс істемек көрінеді. Оның нәтижесін уақыт өзі көрсетер. Илайым Қазақстанға келер зардап аз болғай деп тілейік.
Каспий теңізі суқоймасының зардаптары
Каспий теңізі - Қазақстанның батысын жуып-шаятын дүние жүзіндегі ең үлкен жабық су қоймасы. Теңіздің атауы көне заманда жағалауда қоныс тепкен Каспий тайпасымен байланысты. Ол бұрын Гиркан, Хазар, Хвалын теңізі болып та аталған. Каспий теңізі және оның тайпалары туралы Геродот жазбаларында айтылған. Ресей теңізшілерінің Каспий теңізіне келуі жайлы құжат IX-X ғасырларға жатады. XVIII ғасырдың басында 1-ші Петр Каспий теңізін зерттеуді бастады (Бекович-Черкасский экспедициясы және т. б. ) . Содан кейін Семенов И. Ф., Иванышев Н. А., Паллас П. С., Гмелин С. Г., Карелин Г. С. және басқалар Каспий теңізін зерттеді.
Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге созылған, ортасы 320 км, жағасының ұзындығы шамамен 7000 км (оның 6000 км Ресей және басқа мемлекеттер территорияларында) . Су көлемінің аумағы 371000 шаршы км, теңіз деңгейі мұхит деңгейінен 28, 5-ке (1971) төмен. Максималды тереңдігі - 1025 м (оңтүстігінде), Қазақстан жағы терең емес, солтүстік Каспийдің тереңдігі - 15-20 м. Ең үлкен шығанақтары - Комсомолец, Мангышлакский (Маңғыстау), Кендерлі, Қазақ, Қара Боғаз Гол және т. б. 50 аралдың толық ауданы 350 шапшы км. Еділ, Жайық және Ембі өзендері Каспий теңізіне солтүстік жақтан құяды. Теңіз түбі рельефі және гидрологиялық сипаттарына байланысты Каспий теңізі Солтүстік, Орта және Оңтүстік болып бөлінеді.
Каспий теңізінің түбінде мұнай және газ кеніштері бар.
Каспий теңізі көптеген ауа рай зоналарын қиып өтеді: солтүстігінде - континенталды, батысында - бір қалыпты жылы, оңтүстік-батысында - ылғалды субтропикалық, шығысында - құрғақ. Солтүстік ауа температурасының қауырт өзгеруімен және атмосфералық жауын-шашынның аздығымен өзгешеленеді. Қазан айынан бастап сәуір айына дейін солтүстік пен орталықта жел шығыс жақтан соғады, мамыр айынан қыркүйек айына дейін муссонды жел солтүстік батыстан оңтүстікке қарай соғады, орталық шығыста, солтүстік батыста және солтүстікте желдің жылдамдығы 24 м/с-тан асып кетеді. Шілде және тамыз айларындағы орташа температура +24+26’C, ал максималды температура шығысында +44’C-ке дейін жетеді. Қыс айларында температура солтүстіктен батысқа қарай -10’C -12’C болып өзгереді. Шамамен 200 мм атмосфералық жайын-шашын теңізге түседі. Судың орташа булануы жылына 1000 мм. Жазғы уақытта су бетінің орташа температурасы - +24+26’C, оңтүстікте - +29’C. Қыс кезінде судың орташа температурасы -0, 5’C, орталықта -3’C-тан -7’C-қа дейін, оңтүстікте -8-10’C. Солтүстікте су беті қараша айынан бастап наурыз айына дейін қатып тұрады, мұздың қалыңдығы - 2 м. Судың орташа тұщылығы - 12, 7-12, 8%, шығыс жағалауда - 13, 2%, Еділ мен Жайық өзендерінің құяр аясында 0, 1-0, 2%. Теңіз деңгейі кей уақытта 2-2, 5 м-ге дейін көтеріліп, 2 м-ге дейін түседі. Маусым кезіндегі жалпы ауытқу - 30 см. Ең төмен су деңгейі VII-XI ғасырларда болғаны белгілі (қазіргі кезден 2-4 м-ге төмен) . Су деңгейінің соңғы төмендеуі 1929 және 1057 жылдар аралығында болды. Су деңгейі құрғақ ауа рай, өзен жағасында ірі гидротехникалық және суғару құрылғыларын салу нәтижесінде төмендейді. Каспий теңізіндегі флора мен фауна, салыстырмалы түрде, өте аз. 500-ден астам өсімдіктер, балықтар мен жануарлардың 854 түрі және су құстарының кейбір түрлері бар. Каспий теңізінің маңайында Атырау, Ақтау, Ералиев, Балықшы, Ганюшкино және т. б. сияқты ел көп қоныстанған мекендер бар.
Қазақстан тау жыныстары
Ауа мен судың әсерінен тау жыныстары мен судың арасында химиялық алмасу үрдістері жүріп, жыныстардың ішкі байланыстарына зақым келтіріп, олардың ыдырауына, бұзылуына әкеліп соғады. Бұл химиялық қарым - қатынас тау жыныстырында ауаның әсерінен үнемі жүріп отырады. Ауа мен су үздіксіз қозғалыста болады. Жердің бетімен қозғала отырып, олар бұзылған тау жыныстарын да қозғалысқа келтіреді. Тау жыныстарының бұзылу процестері ауырлық күшімен тікелей байланыста болғандықтан, ауа мен су оларды жердің жоғары орналасқан аймақтарынан төмен орналасқан аймақтарына қарай тасымалдайды. Ерте ме, кеш пе, бұл бұзылу өнімдері бірінің үстіне бірі тұрған қабаттар түрінде қалыптасады.
Жердің бетінде жыныстардың көрсетілген үш түрі - шөгінді, метаморфозданған және магмалық жыныстар кездеседі. Олар Жердің бетінде әртүрлі себептермен - вулкандардың атқылауы, таулардың түзілуі, сондай ақ балқыған магманың жердің терең қабаттарында орналасқан жыныстарды сыртқа шығаруы нәтижесінде пайда болады.
Геологтардың мәлімдеуі бойынша, осы тектоникалық белсенділіктің жоғары кезеңдерінде магматизм де жоғарылайды. Вулкандардан бөлінген жыныстардың жастарын анықтау арқылы қысқа миллиондаған жылға ғана созылған тектоникалық-магмалық кезеңдердің анағұрлым ұзақ, 150-500 млн жылға созылған салыстырмалы тыныштық күйдегі эралармен кезектесіп отыратындығы дәлелденді.
Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле алмайды. Топырақтың Түзілу үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады. Бұл құбылысқа табиғат күштерінің әсіресе температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше.
Тау жыныстарының үгілуінің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Физикалық жолмен үгілу деп - тау жыныстарының химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге негізгі күштер - температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі әсерінен тау жынысынын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір біріне соғылған тастар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады.
Химиялық үгілу - тау жыныстары құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық және химиялық үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүреді. Бұлардың өту жылдамдығы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда, әр аймақтың климат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда басым болады. Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді.
Физикалық және химиялық угілулердің нәтижесінде таулар бұзылып, шыңдар мүжіледі. Құм мен балшық жуылып- шайылып, су күшінің кемуіне және жер бедерінің ыңғайына қарай шөгеді. Жел күшімен ауаға ұшады, шаңданады. Бұл ғасырлар бойы үздіксіз құбылысты ештеңе де тоқтата алмайды. Нөсерлетіп құйған жаңбырдан қатты соққан желден жер беті шамалы өзгеріске түседі. Ескі дәуірде тірі жәндіктер мен өсімдіктер болмаған кезде майда ұнтақталған жыныстарды біріктіріп, желімше ұстап тұратын
Тау-кен өндірісі
Қазақстанда өнеркәсіп орындарының дамуы, осы салада кәсіпкерліктің қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Кәсіпкерлер ең алдымен, тау-кен өндірісі маңына шоғарланды. Ресей мемлекеті үшін қазақ даласының қойнауындағы қазба байлықтар үлкен қызығушылық туғызды. Оларды іздестіру және оны игеру барысында патша әкімшілігі қазақ жерінде біртұтас іс-шаралар жүйесін жүргізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz