Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму жолдары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
Кіріспе
Тарау І. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері.
1. 1. Кәсіпкерліктің әлеуметтанулық мәселелері.
1. 2. Кәсіпкерлікті қолдау - елдегі әлеуметтік мәселелерді шешудің негізгі жолы.
Тарау ІІ. Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы.
2. 1. Ауылдағы кәсіпкерліктің даму қарқыны.
2. 2. Кәсіпкерлік - жұмыссыздық мәселелерін шешудің негізгі жолы.
2. 3. Кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі.
Қорытынды.
Сілтеме.
Әдебиеттер.
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Кәсіпкерлік қазіргі таңда біздің еліміздің экономикасында кеңінен дамып келе жатқан салалардың бірі. Менің бұл тақырыпты таңдауымның себебі, Қазақстандағы кәсіпкерлік ортаның дамуын ашып көрсету еді. Мен өз диплом жұмысымды жазу барысында кәсіпкерлік әлеуметтанулық мәселелері ретінде жыл сайынғы қабылданып отыратын бағдарламалар жайында біраз мағлұматтар жинадым. Бірақ сол бағдарламалар іс жүзінде жүзеге асып жатыр ма? деген сұраққа жауап іздеуді жөн көрдім. Бірқатар дамыған елдерде осындай бағдарлама қабылданбас бұрын, сол бағдарлама, заңдардың жүзеге асу жолдарын қарастырады екен. Өкінішке орай, біздің әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың кеш дамуына байланысты бізді тек мұндай шаралар тек қағаз, сөз жүзінде болады. Осы тұста айта кететін жайт кешегі наурыз айының 24-25 жүлдызында Астана қаласында өткен кәсіпкерлер конгресінде тілге тиек болған мәселелерді айтқым келіп отыр.
Елімізде өнеркәсіпшілердің, кәсіпкерлердің алғашқы қоғамдық бірлестіктері пайда болғанына 12 жылдан асып барады. Өмірдің өзі көрсеткендей, мұндай бірлестіктер құру кәсіпкерлік құрылымның қызметі үшін тиімді екенін дәлелдеп берді.
Жыл өткен сайын кәсіпкерлік қызметінің еліміздің жалпы ішкі өніміндегі үлесі қомақты бола түсуде. Бұған кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік институттардың құрылуы жәрдемдесті. Олар кәсіпкерліктің белсенді дамуына серпін берді. Алайда бизнестің дамуын тежейтін проблемалар әлі де жеткілікті. Сондықтан оны шешу үшін бізге, жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер бірлестіктерін, мемлекеттік органдармен бірлесіп Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, «шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзу» қажет.
Шынымен де, елімізде экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру жүзеге асырылып жатқан кезде кәсіпкерлік қызметті дамытуда жаңаша көзқарас талап етіледі. Сонымен бірге экономиканың жаһандануы мен сауданы ырықтандыру жағдайында бизнес-қауымдастық өз мүдделерін қорғау мақсатында біздегі заңнамалық актілерді өзгеріп отырған жағдайға бейімдеу мәселелерімен неғұрлым белсендірек айналысуға мүмкіндік алуы тиіс. Өкінішке орай, бұл ретте бүгінгі күнге дейін мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер ұйымдарының қатысуынсыз жүргізіледі. Тіпті, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, салалық бағдарламаларды талдап жасау сияқты аса маңызды мәселелерді қарау жұмыс берушілер, кәсіпкерлер ұйымдарының қатысуынсыз болады. Біздің өнеркәсіп саясатына, білім беруге, БСҰ-ға өтер кездегі қорғаныш саясатын жасауға қатысты бірқатар мәселелер бойынша ұсыныстарымыз министрлік кеңселерінде ізім-қайым жоғалып кетеді. Бұл кәсіпкерлік құрылымдар мен билік арасында ынтымақтастық иедологияның жоқтығынан болып отырған жәйт екені анық. Бұған қоса жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер ұйымдарының бытыраңқылығы салдарынан билік құрылымдары оларды тек құқылы әріптес ретінде қарамайды, сөйтіп олар шешімдер қабылдауда нақты процеске тартылмайды.
Сондықтан бизнесінің ауқымы мен оның қай салаға жататынына қарамастан барлық кәсіпкерлердің мүддесін білдіретін, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынаста номиналды емес, тең құқылы әріптес ретінде әрекет ететін жұмыс берушілердің біртұтас бірлестігін құру аса көкейкесті және уақыты жеткен іс болып табылады.
Жұмыс берушілер конфедерациясы 2004 жылы қарашада өткізілген әлеуметтік әріптестер форумында үш жақты жұмысшы комиссиясына мүше болып табылатын жұмыс берушілер ұйымдарына жұмыс берушілердің біртұтас үйлестіруші органын құруды ұсынды. Алайда, біз өз әріптестерімізден, атап айтқанда, Евразиялық өнеркәсіп қауымдастығы мен Қазақстан тауар өндірушілер мен экспорттаушылар одағынан әлгіндей ұсынымызға жауап алған жоқпыз. Бұған қарап жұмыс берушілер конфедерациясы жоғарыда аталған ұйымдар біздің бірігуге деген ұсынысымызды қолдамады деген тұжырым жасады. Біз биліктің қолдауынсыз әрекет еттік, жұмыс берушілердің үйлестіру кеңесін құру жөніндегі ойымыздың жүзеге аспауы да мүмкін. Осы деректердің өзі бізде қоғам басшылары мүддесінен гөрі, өз мүдделерін көбірек күйттейтін қоғамдық ұйымдардың едәуір екендігін қуаттайды. Бірақ уақыттың өзі бірігу процесіне алып келері анық.
Біртұтас жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер ұйымын құру бизнес пен билікті тиімді ынтымақтастығы жолындағы нақты қадам болар еді. Өйткені, жұмыс берушілердің қоғамдық ұйымдарының топтасу деңгейі жалпыұлттық ауқымдағы міндеттерді шешу жөнінде келісілген іс-қимыл жүргізуге жеткіліксіз екені анық.
Бизнес қауымдастығы алдында беделге ие және мемлекеттік органдар тарапынан қолдаумен қамтамасыз етілген жалпыұлттық одақ ыңғайындағы кәсіпкерлердің ұйымдастыру орталығын құру, сөз жоқ, кәсіпкерлік құрылымның бірігу процесін жеңілдетіп, олардың қызметін сындарлы арнаға бағыттайды. Ондай бірлестік бизнестің экономика және құқықтық проблемаларын заң жолымен шешу әлеуетін іске асыруға қабілетті болады. Бұл кәсіпкерлердің айтарлықтай үлкен бөлігінің өз проблемаларын құқық аясында шешу мүмкіндіктеріне сенбеушілік көңіл-күйден арылуына жәрдемдеседі.
Кәсіпкерлердің жаңа бірлестігінде бизнеске қатысушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған қызметімен қоса, халықты еңбекпен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, кедейшілікпен күрес, гендерлік теңдік, білім беру жөніндегі және басқа да бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуі аса маңызды. Өйткені, түрлі халықаралық ұйымдарға мүше болу арқылы дүниежүзілік қауымдастыққа қосыла отырып, мемлекет аталған салаларда әлемдік қауымдастық алдында өзіне белгілі бір міндеттемелер алып отыр. Бірақ оларды жүзеге асыру тек мемлекеттің ғана емес, кәсіпкерлік құрылымның да алдында тұрған міндет. Бұл міндеттемелерді іске асыру үшін жұмыс берушілер ұйымдары, қызметкерлер мен үкімет органдарының арасындағы әлеуметтік диалогтың негіздерін одан әрі күшейтіп, нығайтуды қамтамасыз ету керек. Жұмыс берушілер ұйымдарының, атқарушы органдар мен Парламенттің тығыз ынтымақтастық жасауы ғана біздің қоғамда бар әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік әріптестердің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламаларын талдап-жасау мен жүзеге асыруды пәрменді және оған тұрақты қатысуы үшін үш жақты жұмысшы комиссиясының ролі мен нақты қызметін күшейту керек. Экономиканың салалық сараланымында тұрақты әлеуметтік диалог жүргізуді тәжірибеге енгізген жөн. Сондықтан жұмыс берушілердің салалық бірлестіктің қызметін жетілдіру талап етіледі. Бұл олардың еңбек нарығы реформасы, техникалық қайта жарақтандыру, кәсіби кадрлар даярлау сияқты мәселелер мен кәсіпкерлік қызметті дамытуға қатысты басқа да көптеген мәселелерді қарауға тиімді әрі белсенді қатысуға қабілетін күшейту үшін қажет.
Кәсіпкерлер, жұмыс берушілер ұйымдары әрекет ететін құқықтық ортаны жақсарту да маңызды. Бұл үшін жұмыс берушілер ұйымдары мен сауда-өнеркәсіп палаталардың атқарып отырған роліне айқындық беру, ұжымдық келіссөздерге ерікті түрде қатысуды қамтамасыз ету және де ең ақырында жұмыс берушілер бірлестіктері қызметтерінің тиімділігін арттыру үшін жұмыс берушілер ұйымына мүшелік жарна мөлшерін салық салынатын сомадан шегеріп тастау жөніндегі мәселені шешу қажет. Біздіңше, бұл мәселелерді шешу кәсіпкерлердің, жұмыс берушілердің қоғамдық бірлестіктері атқарушы органдары қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Проблеманың ғылыми зерттеу деңгейі.
Бұл проблема бойынша қазіргі кезде жан-жақты зерттеулер жүргізіліп жатыр. Мәселен, айтатын болсақ, кәсіпкерлік қызметтің даму ерекшеліктері, оның даму стратегиялары, даму тәжірибелері бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Кәсіпкерліктің шетелдік тәжірибелерінің отандық кәсіпкерлер үшін қаншалықты маңызы екені көпшілікке аян. Өзіміз көріп отырғандай еліміздегі бірқатар ірі кәсіпорындардың басым көпшілігін шетел азаматтары басқарып отыр. Мен бұл мәселеге қарсы емеспін, бірақ . . .
Бірақ неге біздің отандық кәсіпкерлеріміз де солар сияқты кәсіпорындарымызды өздері басқармайды немесе шетелге барып үлкен фирма немесе заводтар ашпайды? деген менің санамды уландырып тастады. Рас, олар мен біздің кәсіпкерлеріміздің тәжірибе алмасып жатқаны, бірақ біздің қазақстандықтарға тиер үлесі ¼ бөлігі ғана. Сонда біздің байлықтарымыз қайда кетіп жатыр? Ол ақша ретінде ме, әлде тауар ретінде шетелге кетіп жатқаны анық. Бірақ бұған ешкім кепілдік бере алмайды. Елбасымыздың «Кәсіпкерлік - азаматтық қоғамның тірегі, тұрақтылықтың кепілі» деген ұраны жүрекке жылу ұялатады [3] . Өткен наурыз айында Астана қаласында өткен кәсіпкерлер конгресінде де елбасымыз осы ұранды тереңінен түсіндіріп кетті. Және осы конгресте республика Премьер-Министрінің орынбасары, Индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев баяндама оқыды. Баяндамада кәсіпкерлердің әлеуметтік жағдайлары, оларды дамыту жолдары нақты дәлелдермен берілген.
Уақыт кәсіпкерлерге тың міндеттер жүктейді.
24-25-інде өткен Астанадағы Кәсіпкерлер конгресіне байланысты республика Премьер-Министрінің орынбасары, Индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаевтың баяндамасы бойынша:
Экономиканың ойдағыдай дамуы үшін бәсекелестіктің басты роль атқаратынын айта келіп, вице-премьер бұл мәселеге мемлекет басшысының айрықша назар аударып отырғанын көрсетті. Кәсіпкерлік ортадағы бәсекелестікті дамытуда соңғы жылдары атқарылған жұмыс аз емес. Мемлекет басшысының Жолдауына орай биылғы жылдың өзінде ғана кәсіпкерлікті капиталдандыруға қосымша 10 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттік даму институттары құрылып, олар қазіргі кезде өңдеуші өнеркәсіптегі нақтылы жобаларды әзірлеуге кірісіп те кетті. Бүгінде оның портфеліндегі қаржы 1 млрд. АҚШ долларына жуықтайды.
Дегенмен, С. Мыңбаев атап көрсеткендей, шапшаң өзгеріп отыратын өмір шындығы алға тың міндеттер қоюда. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президентінің үстіміздегі жылдың 18 ақпанындағы халыққа Жолдауында алғышарттары 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясының негізіне қаланған кәсіпкерлікті дамыту дамытудың жаңа талаптары мен идеологиясы белгіленді. Оның негізгі мақсаты - ел экономикасының өсуін жаңа сапаға көтеру, яғни, қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін артыру.
Вице-премьер осы орайдағы бірқатар проблемаларды айта келіп, оларды болдырмаудың қарапайым шешімдерінің жоқтығын атап көрсетті. Ол үшін не істеу қажет? Баяндамашының айтуынша, қазір де жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер ассосиациялары, ал олардың саны 200-ге жақындайды, жүйелі жұмыс жүргізе бермейді, бір-бірін жиі қайталауға ұрынады. Кәсіпкерлікті дамытуда келісілген бірегей бағдарламалары жоқ.
Саладағы орын алған көптеген проблемаларға тоқтала келіп, С. Мыңбаев кәсіпкерлердің (жұмыс берушілердің) жалпыұлттық одағын құру қажет деген өз пікірін ортаға салды. Ол, яғни кәсіпкерлердің бірегей бірлестігі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі өкілетті органда тіркелетін болады.
Сол сияқты, С. Мыңбаев өз сөзінде шағын кәсіпкерлікке ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бұл субъектінің өзінде кәсіби есепшілерді, заңгерлерді, экономистерді, қауіпсіздік техникасы жөніндегі, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі маманды ұстауға мүмкіндігі жоқ. Соған қарамастан кәсіпкерлердің қай түріне де болмасын қойылар талаптар ортақ. Осы ретте шағын бизнес субъектілеріне тиісті қызметтер көрсетілген маманданған құрылымдар құру мемлекеттің міндеті болуға тиіс. Шағын кәсіпкерлік жөнінен республикалық оқу орталығын құру туралы ұсыныс та осы тұрғыда айтылды.
Баяндамада отандық бизнесті БСҰ-на енгізуге дайындау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Баяндамадан кейін сөз тізгіні кәсіпкерлік ұйым жетекшілеріне тиді. Олар Қазақстан іскерлерінің жалпыұлттық одағын құру жөніндегі ұсынысты толықтай қолдады. Кәсіпкерлер жолында кездесетін кедергілерді осындай ортақ ұйым құру арқылы шешуге болады деген үміттерін білдірді.
Біз мемлекет тарапынан мұндай қадамды ұзақ уақыттардан бері күткен едік - деді өз сөзінде жұмыс берушілер конфедерациясының төрағасы Қадыр Байкенов, - Енді бұл үлкен ұйым кәсіпкерлерінің халықаралық қауымдастықпен де қарым-қатынас орнатып, өскелең тәжірибелерді бойына сіңіре білуі керек.
Қазақстан Кәсіпкерлер форумы кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов құрылатын жаңа ұйымды «ассосиациялардың ассосиациясы» деп атады. Оның ойынша, осы ұйым аясында министрліктер мен әкімдіктерде аккредитацияланған сарапшылар кеңесінің жұмыс істеуі өте маңызды мәселе болып табылады.
«Ұйымның нақты бағдарламаларын белгілеуіміз қажет. Ол заңдар мен демократиялық қағидаттар аясында жұмыс істеуге тиіс. Еріктілік қағидаты сақталғанда ғана ол өміршең бола алады» деп түйіндеді сөзін.
Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі астаналық ассосиациясының жетекшісі Павел Казанцев отандық іскерлік ортаның проблемаларына кеңінен тоқталды. Оның пікірінше, қазіргі қаптап кеткен бірлестіктердің бір-бірімен байланысы өте нашар, осы уақытқа дейін дұрыс жүйе қалыптаспай келеді. Екіншіден, кәсіпкерлік ортаның өзінде жақсы идеялар мен жобалар тапшы. Себебі, кәсіпкерлік сауаттылық деңгейі төмен болып отыр. Қажетті инфрақұрылым да толық қалыптасып болған жоқ. Көптеген кәсіпкерлер білікті заңгерлерге, бухгалтерлер көмегіне зәру. Бүгінде кәсіпкерлік салада үлкен табыстарға жетіп отырған Сингапур, Малайзия секілді елдер жұмыста қажетті инфрақұрылымдарды қалыптасқан бастаған болатын. Салалық кәсіпкерлік ұйымдар жетекшілері: Серік Ақанов, Николай Радостовец, Анатолий Попелюшка да осындай пікірлер білдірді. Сөйтіп, кәсіпкерлік орта өкілдерінің дені Үкіметтің аталған мәселедегі ұсынысын қолдады. Мұның өзі осы бастаманың көпшіліктің көңіліндегі мәселе екендігін аңғартты.
Осы басқосу соңынан құрылтайшылық конференция өтіп, онда 29 адамнан тұратын үйоестіру кеңесі құрылды. Атқарушы директор болып Серік Ахметов сайланды.
Дипломдық жұмыс мақсаты:
Менің жұмысымның негізгі мақсаты - кәсіпкерлік - орта ұғымын кеңінен ашу. Оның ішінде кәсіпкерліктің негізгі проблемалары, оны шешудің жолдары, кәсіпкерлікті дамытудағы кездесетін қиыншылықтар, бөгеттер жайында.
ҚР-ның рыногқа көшуінің басталуы кәсіпкерліктің шағын нысандарының өндірістік-ткхникалық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық функцияларына қайта баға беруді қажет етті. Бірқатар елдердің тәжірибесі экономикалық реформаларды асыруда және дағдарысты жағынан шығу кезінде шағын кәсіпкерліктің үлкен роль атқаратынын көрсетті. Алайда, шағын кәсіпкерлік өз жолында көптеген қиыншылықтарға тап болуда, оларды жоюға ең алдымен оны дамытудың мемлекеттік концепцияларының жоқтығы бөгет болып отыр. Осы категорияның методологиялық мәні де жеткіліксіз негізделген күйінде қалып отыр, мұның өзі бұл мәселені арнайы қарауды қажет етеді.
«Кәсіпкерлік» термині және кәсіпкерлердің өзі бізде қоғамдық практикаға тек 80-жылдардың ІІ жартысында ғана енді. Кәсіпкерлік ұғымы ең алдымен меншікке деген көзқарастың өзгеруімен байланыстырылды. Субъект (кәсіпкер) қызметінде басты назар пайда алу жағына қарай ойыса бастады. Социалистік экономикаға да белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлік элементтері тән болғанын айта кету қажет, бірақ олардың негізгі мәні болған жоқ. Сол жылдары басты назар пайда алуға емес, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделді. Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік элементтері экономиканың мемлекеттері секторына да тән. Осы орайда, Кәсіпкерлік Орта ұғымының зор маңызы бар. Қазақстанда ол қазір тек іс жүзінде енді ғана қалыптасуда. Кәсіпкерлік Орта қоғамдық институттар мен жағдайлардың, құқықтық нормалардың, мемлекеттік қолдау жүйелерінің жиынтығы. Ол сондай-ақ, белгілі бір мемлекеттік ахуал, қауіпсіздік шарттары, кәсіпкерлік қалыптасуы мен одан әрі дамуын қамтамасыз ететін нәрселердің барлығы. Шағын кәсіпкерлердің қазіргі жағдайын көптеген факторлармен, ең алдымен, шағын кәсіпкерлікке соңғы жылдарға дейін мемлекет тарапынан қолдау болуымен, экономикалық стимулдардың әлсіздігімен, сондай-ақ экономиканың жалпы зәрулігімен түсіндіруге болады.
Қазақстанда шағын бизнесті қалыптастырудың басқа да маңызды проблемаларына мыналарды жатқызуға болады:
1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамытудың нақты концепцияларының, оған мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімді шараларының жоқтығы;
2. Шағын кәсіпкерлік құрылымдарды тіркеу және рәсімдеу, үй-жайлар, жер учаскелерін беру ісінде бюрократтық кедергілердің қойылуы;
3. Қаржылық ірі кәсіпкерлік бизнес пен шағын кәсіпкерлік саласы арасында қарама-қайшылық байқалуы;
4. Шағын кәсіпкерлік қызметі секторы қызметінде төменгі деңгейді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жүйесінің жоқтығы.
Өткен жылдар тәжірибелердің көрсеткеніндей, жоғарыда аталған проблемаларды шешу тек шағын кәсіпкерлік жөніндегі қолдау және реттеу қызметі мемлекеттік және аймақтық деңгейде тиімді ұштастырылған жағдайда ғана мүмкін болатын нәрсе.
Кәсіпкерлік - азаматтық қоғамның тірегі, тұрақтылықтың кепілі.
Экономикалық өсудің жоғары қарқынын орнықтыру, экономиканы белсенді ету және кедейлікті еңсеру - бұл мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерліктің алдында тұрған үш басты міндет осындай. Ал оларды бізге бірлесе отырып шешу керек. Қоғамның, бизнес пен биліктің мүдделерін жақындастыру - біздің прогреске қарай алға басуымыздағы аса маңызды арналардың бірі.
Диплом жұмысындағы мәселелер:
Диплом жұмысын жазбас бұрын кез келген жұмысты бастау алдында алдымен сол жұмыстың, яғни, тақырыптың негізгі ерекшеліктері, пәні мен объектісі, оның арнайы қарастырылатын мәселелері болады. Менің дипломның жұмысымның қарастыратын негізгі мәселелері - кәсіпкерліктің әлеуметтанулық мәселелері, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыссыздық проблемасы, ауыл-аймақтық кәсіпкерліктің дамуы, кәсіпкерлердің шетелдік кәсіпкерлермен тәжірибе алмасуы.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы күн санап өсіп келе жатыр. Нарықтық экономикға өту барысында кәсіпкерлік қызметтің маңызды екенін ұмытпағанымыз жөн. себебі, сол арқылы ғана жарқын болашақ есігін айқара аша аламыз.
Зерттеудің міндеті:
Менің диплом жұмысымның тақырыбына орай кәсіпкерліктің негізгі зерттейтін міндеттері жоғарыда атап көрсеткендей, кәсіпкерлік қызмет проблемаларының шешу жолдарын іздеу болып табылады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің ең өзекті мәселелерінің бірі іс-тәжірибелерге байланысты заңсыздық пен немқұрайлылықты көруге болады. Осы мәселелерді қарастырғанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағыттауымен 2000 жылдан бастап Үздіксіз Даму Ұлттық Кеңесі, әлеуметтік-экономикалық мәлімет және болжау институты, Қоғамдық ой-пікірді зерттеу орталығының ынтымақтастығымен жүзеге асырылған нәтижелерін пайдалануға болады. Мұның ішінде қаржыландыру мәселесі маңызды орын алады. Мұндай зерттеуде Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 643 шағын кәсіпкерлердің, секторлардың жағдайларына қатысты бағалауларды қолға алынып, мәселелер анықталған.
Зерттеу объектісі мен пәні:
Кез келген жұмысты бастамас бұрын, ең алдымен оның зерттеу объектісі мен пәніне үлкен мән беріледі. Мәселен, мен өз жұмысымның зерттеу объектісі ретінде жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, олардың атқаратын қызметтері, біріккен серіктестіктер, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, олардың құрылымын көрсетер едім.
Ал кәсіпкерліктің пәніне мынадай анықтама беруге болады: кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу адамның белсенділігі және іскерлігі. Кәсіпкерлік - ел экономикасының жандануы мен одан әрі қарай дамып, тұрақты өсуінің қамтамасыз етілуін іске қосушы тұтқасы ретінде бизнестің әр алуан түрлері мен ұйымдық формаларынан тұратын нарықтық шаруашылықты қалыптастыру мен оның жұмыс істеуінде үлкен маңызға ие. Ол өзінің икемділігіне және өзгермелі нарықтық жағдайларға тез бейімделуіне байланысты теңдессіз артықшылықтарының негізінде нарықтық экономиканың мобильді және нәтижелі секторына, сонымен қатар маңызды құрылымдық және бәсекелестік нарықтық механизмінің маңызды интеграциялық элементіне жатады. Осыған сәйкес, кәсіпкерлік адамдардың өз тұрмыс деңгейінің шектелу шегі деуге болады.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz