Батырлар және батыршылдық



1 Батырлар және батыршылдық
2 Көшпелілердің соғыс жүргізу әдістері
3 Жеке қарулар түрін қолдану әдістері
Қазақ халқы батырлық жырларға бай халық. Бүкіл көшпелі түркі халықтарына ортақ, көне заманда тасқа жазылған Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері, оғыз заманында пайда болған «Оғызнаме», «Қорқыт ата кітабы», ноғайлы дәуіріне жататын «Қобланды батыр», «Ер Тарғын» эпостары, Жоңғар шапқыншылығы кезінде елін қорғаған Қабанбай, Бөгенбай батырлар туралы тарихи жырлар, отаршылдыққа қарсы күрескен Қенесары, Сырым, Исатайға арналған дастандар сияқты мол қазынамыз бар.
Батырлық жыр-эпостардың көркемдік ерекшелігі, тілі, шығу тарихы, ондағы батырлар бейнесі туралы Ш. Уәлихановтан бастап, осы уақыттағы зерттеушілерімізге ДЕЙІН бірталай еңбектер жазылған. Олардың ішінде А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Р. Бердібаев, т. б. еңбектерін атауға болады.
Бірақ осы кезге дейін батырлар тек жеке тұлға ретінде қарастырылып, батырлық адамның жеке басының қасиеті саналып, бұл ұғымдардың тарихи және қоғамдық мәні зерттеліп келді. Еліміздің тарих, этнография ғылымдарында да оларға нақтылы анықтама берілген жоқ. Қазақ тілінің көп томдық, түсіндірме сөздігінде де «батыр» сөзінің мағынасы: 1)«...тарихи қаһарман, эпостық жырлардың геройы (кейіпкері), 2) ер жүрек қайтпас, қайсар алам», ал «батырлық» сөзінің мағынасы «өжеттік, ер жүректік» деп көрсетілген (КТТС, 2 том, 153 б, 156 б.).
Ал Қазақ ССР-ның 4 томдық қысқаша энциклопедиясында: «Батыр — жаугершілік кездер мен әскери жорықтарда жеке ерліктермен көзге түскен ер жүрек, қаһарман адамдарға берілетін құрметті атақ. Батырлық — жеке адамға тән патриоттыққасиет» — деп түсіндіріледі (Қазақ ССР. 1 том. 89 б.).
Міне екі үлкен ғылыми анықтамада да батыр деп соғыста ерлік көрсеткен жеке адамды айтса, ал батырлық деп адамның жеке басының қасиеттерінің бірі деп түсіндірілген. Шынымен бұл сөздердің мағыналары осындай түсініктермен шектеле ме? Шын мәнісінде, «батыр» деген кім, «батырлық» деген не? Біздер бұл сөздерді дұрыс түсініп жүрміз бе?
Сонғы екі-үш ғасырда Еуропалық мемлекеттердің, еуропалық өркениеттің ықпалында қалған көшпелі халықтардың (оның ішінде қазақтардың да) тарихи жадында көптеген ақтандақтар пайда болып, өз тарихымыздағы біраз құбылыстарға теріс көзқараспен қарап келдік.
Ерекше (көшпелі) шаруашылық негізінде құрылған, отырықшылар қоғамына ұқсамайтын көшпелі халықтар қоғамын Еуропалық ғылым рулық-тайпалық деңгейдегі, дамымаған қоғам санағандықтан олардың тарихын дұрыс түсіндіре де, түсіне де алмады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Батырлар және батыршылдық

Қазақ халқы батырлық жырларға бай халық. Бүкіл көшпелі түркі халықтарына ортақ, көне заманда тасқа жазылған Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері, оғыз заманында пайда болған Оғызнаме, Қорқыт ата кітабы, ноғайлы дәуіріне жататын Қобланды батыр, Ер Тарғын эпостары, Жоңғар шапқыншылығы кезінде елін қорғаған Қабанбай, Бөгенбай батырлар туралы тарихи жырлар, отаршылдыққа қарсы күрескен Қенесары, Сырым, Исатайға арналған дастандар сияқты мол қазынамыз бар.
Батырлық жыр-эпостардың көркемдік ерекшелігі, тілі, шығу тарихы, ондағы батырлар бейнесі туралы Ш. Уәлихановтан бастап, осы уақыттағы зерттеушілерімізге дейін бірталай еңбектер жазылған. Олардың ішінде А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Р. Бердібаев, т. б. еңбектерін атауға болады.
Бірақ осы кезге дейін батырлар тек жеке тұлға ретінде қарастырылып, батырлық адамның жеке басының қасиеті саналып, бұл ұғымдардың тарихи және қоғамдық мәні зерттеліп келді. Еліміздің тарих, этнография ғылымдарында да оларға нақтылы анықтама берілген жоқ. Қазақ тілінің көп томдық, түсіндірме сөздігінде де батыр сөзінің мағынасы: 1)...тарихи қаһарман, эпостық жырлардың геройы (кейіпкері), 2) ер жүрек қайтпас, қайсар алам, ал батырлық сөзінің мағынасы өжеттік, ер жүректік деп көрсетілген (КТТС, 2 том, 153 б, 156 б.).
Ал Қазақ ССР-ның 4 томдық қысқаша энциклопедиясында: Батыр —жаугершілік кездер мен әскери жорықтарда жеке ерліктермен көзге түскен ер жүрек, қаһарман адамдарға берілетін құрметті атақ. Батырлық —жеке адамға тән патриоттыққасиет —деп түсіндіріледі (Қазақ ССР. 1 том. 89 б.).
Міне екі үлкен ғылыми анықтамада да батыр деп соғыста ерлік көрсеткен жеке адамды айтса, ал батырлық деп адамның жеке басының қасиеттерінің бірі деп түсіндірілген. Шынымен бұл сөздердің мағыналары осындай түсініктермен шектеле ме? Шын мәнісінде, батыр деген кім, батырлық деген не? Біздер бұл сөздерді дұрыс түсініп жүрміз бе?
Сонғы екі-үш ғасырда Еуропалық мемлекеттердің, еуропалық өркениеттің ықпалында қалған көшпелі халықтардың (оның ішінде қазақтардың да) тарихи жадында көптеген ақтандақтар пайда болып, өз тарихымыздағы біраз құбылыстарға теріс көзқараспен қарап келдік.
Ерекше (көшпелі) шаруашылық негізінде құрылған, отырықшылар қоғамына ұқсамайтын көшпелі халықтар қоғамын Еуропалық ғылым рулық-тайпалық деңгейдегі, дамымаған қоғам санағандықтан олардың тарихын дұрыс түсіндіре де, түсіне де алмады.
Бірақ, адамзат қоғамының даму заңдылықтары барлық халықтарға ортақ. Көшпелілер қоғамы да сол заңлықтармен дамып отырған болатын.
Адамзат қауымы қоғам, ел, мемлекет болып қалыптасқаннан бастап жаңа заманға, капитализмге дейін барлық халықтарда қоғамның негізін үш үлкен қоғамдық жіктер құрап келді. Олар —әскерилер (әскери) дін қызметшілері (діни сословие) және түрлі кәсіби еңбек иелері, яғни саудагерлер, қолөнершілер, шаруалар т. б. Еуропада бұлар үшінші сословие еоп аталды. Аламзат қоғамының бұндай үлкен үш негізгі жікке бөлінуі қоғамның негізгі қажеттіктерінен туындаған болатын. Осы үш негізгі жіктің қоғамдық қызметіне қарай, олардың қоғамдағы орның бір-бірімен ара қатынасын, сословиелік ерекшеліктерін реттейтін салт-дәстүрлер, заңдар қалыптасты. Бұл үш қоғамдық жіктер кейбір халықтарда бір-бірімен араласпайтын каста түрінде (мысалы Индиядағы кшатрийлер) әскерлер), брахмандар (динилер) және ваншилер (жай халық) кастасы, қазақ қоғамындағы қожа, төрелер немесе өкілдері бір-біріне ауысатыны болатын сословие түрінде (мысалы Еуропадағы сословиелер) дамуы мүмкін. Әскери сословиенің қоғамдық қызметі елді қорғау, ішкі тәртіпті сақтау, мемлекеттік функцияны атқару болғандықтан, елді билеуші монархтар (патшалар, корольдер, хандар) осы әскери сословиенің өкілі болатын, яғни саяси билік, мемлекеттік билік әскерилерде болды. Мысалы Индияда раджалар кшатрийлер кастасынан, Еуропа корольдері рыңарлар сословиесінен, Иран шахтары пехлевандар әскери әулетінен, Жапон императорлары самурайлардан шығатын.
Діни сословиенің міндеті адамның құдаймен қатынасын реттеу, діни рәсімдерді атқару болатын. Сондықтан білім, оқу, жазу ұстау дін қызметшілерінің қолында болды. Ал үшінші сословиенің өкілдері қоғамның тұрмыстық қажетіне қызмет ететін (Ястребицкая, 115 б,).
Халықтың, қоғамның осылайша негізгі үш жікке бөлінуі, олардың қоғамдық функциясының ерекшеленуі көптеген халықтардың мифтерінде, аңыздарында көрініс тапқан. Мысалы көне үнді мифологиясында үнді халқының негізгі үш бөлігі, үш қоғамдық жігі (сословиесі)-брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскерилер) және вайшиилер (дихандар, еңбекшілер) ең алғашқы адам —Пурушаның дене мүшелерінен
пайда болады. (Темкин. 33 бет.). Көне иран қоғамындағы негізгі үш сословиеге жіктелу де көне мифтік құдайлармен байланыстырылған
(Дюмезиль. 25-29 бет).
Қоғамның үш жігінің пайда болуын түсіндіретін мифтік аңыздар көшпелі халықтарда да бар. Көне грек тарихшысы Геродоттың кітабында мынадай көне скиф аңызы айтылады. Патша Құдай Зевстен және Борисфен (Днепр) өзенінің қызынан туған алғашқы адам-Тарғытайдың Арпоксай, Липоксай, Колоксай есімді үш ұлы болады. Бір күні оларға
аспаннан үш зат —алтыннан жасалған айбалта, тостаған және соқа мен мойынтұрық түседі. Оны көрген үлкен ұл Арпоксай алғысы келіп жақындағанда алтын заттардан от шығып алғызбайды. Ортаншы ұлы Липоксай жақындағанда да сол жағдай қайталанады. Тек кіші ұл Колоксай жақындағанда ғана от өшіп, ол алтын заттарды алады. Сондықтан патшалық билік кіші ұлға тиеді. Әр ұлдан бір тайпа ел тарап, барлығы қосылып бір халық болады. Гректер оларды скифтер деп атаған (Геродот IV. 5-10 б.) Арпоксай -су патшасы дегенді, Липоксаи- тау патшасы, ал Колоксай —күн патшасы дегенді білдірген.
Тағы бір көне грек авторы Валерий Флактың айтуынша Колоксай қызыл байрақ ұстаған жауынгерлер басшысы болған да, Липоксай басына ерекше бас киім киген, үстіне ақ киім киетін діні абыз болған, яғни кіші ұлмен әскерилер сословиесі және қызыл түс, ал ортаншы ұлмен діни сословие және ақ түс байланыстырылады. Үшінші үлкен ұлдың ұрпақтарымен көк не сары түс және еңбекшілер сословиесі байланыстырылады. (Кузьмина, 93 б.). Ал патшалық билік кіші ұлға- жауынгерлер (әскерилер) сословиесін тиеді де құдайдың қалаулысы саналып, қоғамда ерекше орынға ие болады. Үш қасиетті заттарда от жанып басқараларға алғызбай, кіші ұл келгенде оттың сөнуі осы қалаулықтың белгісі. Рим тарихшысы Квинт Курций Руфтың жазуынша, сақтарда да осындай аспаннан түскен қасиетті сый туралы аңыз болған. Егіншілер үшін —соқа мен өгіз мойынтұрық, жауынгерлерге —найза мен жебе, абыздарға —тостаған. Сақтар: Өгіз, соқамен азық өсіреміз, тостаған мен құрбандық шарабын құямыз, найза, жебемен жаумен соғысамыз —дейді екен. (Кузьмина, 93 б.)
Геродот келтірген тағы бір аңызында Геракл мен жылан денелі қыздан туған Ағафирс, Гелон, Скиф атты үш ұлдан скиф халқы тарайды. Бұл аңызда да Геракл ұлдарына үш зат —белдік, жақ және тостаған қалдырып кетеді. Гераклдың айтып кеткен талабы бойынша жақты керуге күші жеткен жауынгер кіші ұл Скиф осы үш затқа ие болып, патша болады. Скиф патшалары осы кіші ұлдан туған (Кузьмина, 93 б.).
Сақтар мен скифтердің бұл аңыздарында халық бір атадан туған үш ұлдың ұрпағы саналып, үш ұл көне көшпелілер қоғамындағы басты үш қоғамдық жіктің негізін қалап, үлкен ұлдан еңбекпен айналысатындарлы (малшылар, диқандар), ортаншы ұлдан діни абыздар (діни қызметкерлер), кіші ұлдан әскерилерді (жауынгерлер, патшалар) таратады. Әр қоғамдық жіктің кәсіптік ерекшелігіне қарап, оның белгісі ретінде, оларға өзіндік кәсіп құралы беріледі. Жауынгерлерге соғыс құралы (жақ, айбалта, найза мен жебе), дін қызметшілеріне –діни рәсімді атқаратын құрал тостаған, еңбек адамдарына —еңбек құралы соқа, мойынтұрық, белдік) арналады. Патшалық билік жауынгер болғандықтан кіші ұлға тиеді.
Және көшпелі халықтардың көне космогониялық, мифтік түсінігі бонынша үш ұл (үш қоғамдық жік) әлемнің үш дүниесімен жоғарғы, орта және төменгі дүниемен) байланыстырылғаның байқауға болады: кіші ұл Колоксай (Күн патша) жоғарғы аспан дүниесімен, Липоксай (Тау патша), ортаншы ұл, жер беті дүниесімен, орта дүниемен, ал үлкен ұл Арпоксай (Су патшасы) жер асты дүниесімен, төменгі дүниемен. Көне мифологиялық ұғым бойынша су (теңіз, мұхит, өзен) төменгі дүниеге жатады.
Бұл мифологиялық түсінік, мифтік аңыз кейін көне түркі, ғұн замандарында да аздап өзгерген күйде сақталып келгенін көреміз. Оғыз хан туралы көне түркі аңыздарында Оғыз ханның ғажайыппен үленген бірінші әйелі, көк аспаннан түскен жарықтан (жоғарғы дүниеден) жаралған қыздан Күн, Ай, Жұлдыз деген үш ұл, ал көл ортасындағы ағаштың қауашағынан тапқан қызға үйленгеннен кейін, одан үш ұл —Көк, Тау, Теніз туады. Өскеннен кейін Күн, Ай, Жұлдыз аңға барғанда алтын жақ тауып алып әкесіне әкеледі, ал Көк, Тау, Теңіз күміс үш оқ, тауып алып, олар да әкесіне әкеліп береді. (Оғызнаме, 38-49-беттер). Оғыз хан алтын жақты сындырып үш ұлы —Күн, Ай, Жұлдызға береді, ал үш оқты бір-бірден Көк, Тау, Тенізге береді. Оғыз хан ұлдарына тағы былай дейді: Сіз, үлкен үш ұлым, алтын жақты әкелдіңіздер және оны бұзып алдыңыздар, сондықтан бүгіннен бастап, қиямет-қайым болғанша сіздерді Бұзық десін, Үш оқ тауып келген кіші ұлдарым сіздерді Үш оқ десін. Жақты және оқты тапқандарын —адамның ісі емес, тәңірінің ісі. Бізден бұрын өмір сүрген халық жақты патшаға теңеп. өздерін оқпыз деп түсінген. Керілген жақпен оқты қалай қарай атса, оқ сол жаққа барар. Мен өлгеннен кейін Күн хан менің тағыма отырсын. Одан соң халық Бұзық нәсілінен кімді қабыл қылса, сол патша болсын. Ақыр заман болғанша Бұзақтың бір жақсысы патша болып, өзгелері тақтын он жағына отырсын. Үш оқтар сол жағына отырсын. Өмір бойы дүние таусылғанша нөкерлікке разы болсын. (Әбілғазы, 23 б.). Бұл аңыздарда да оғыз халқының пайда болуы мен ондағы патшалар әулетінің шығуы мифтік тұрғыда түсіндірілген. Аңызда айтылатын ағаш —көне мифологиядағы үш дүниені —жоғарғы дүниені (аспан әлемі), ортаңғы дүниені жер беті және төменгі дүниені (жер асты, су әлемі қосып, жалғап тұратын әлем ағашы (мировое древо). Сондықтан осы әлем ағашынан шыққан қыздан үш ұл —Көк, Тау, Теңіз туады да олардан бүкіл халық тарайды, яғни скиф, сақ аңыздарындағыдай үш ұлдан тараған халықтың, қоғамның үш жігінің пайда болуын мензейді. Ал енді көк аспаннан шыққан жарықтан жаралған қыздан (аспан әлемінен) Күн, Ай, Жұлдыз туады, патшалар әулеті тарайлы. Бұлардың ішінде ең бірінші Күн хан патша болады, кейін басқалары таққа отырады. Скиф, сақ аңыздарындағы аспан әлемімен байланысты ұлдан патша әулетінің тарауымен салыстырыңыз. Скиф халқын тудырған Су патша (Арпоксай, Тау патша (Липоксай) және Күн патша (Колоксай сияқты оғыз халқын (Үш оқты) тудырған Оғызханның үш ұлдары да кейде Көк хан, Тау хан, Теңіз хан деп аталады. (Рашид ад-дин, т. 1. кн. 1. стр. 80). Скиф аңыздарында кіші ұл —Күн патшадан (жауынгер ұлдан) патшалар әулеті тарап, патшалық билікке ие болса, және оның есімі аспан әлемімен байланысын көрсетсе, оғыз патшалары тараған Күн, Ай, Жұлдызхандар да аспан әлемімен байланысты, яғни олар алғашқыда аспан әлеміне (жоғарғы дүниеге) жататын Көк ханмен байланысты болғанын байқаймыз.
Әрине, мұсылман заманында қағазға түскен оғыздар аңызында көне мифтік сипат өзгеріске түскені түсінікті.
Халықтың бір атадан туған үш ұлдан тарап, үш түрлі қоғамдық жікке бөлінуін түсіндіретін көне мифтік аңыздың қалдығы қазақтарда да сақталған. Олар қазақтың үш жүзіне қатысты аңыз әнгімелер.
Қазақ халқының үш жүзге бөлінуін ғалымдар түрліше түсіндіріп жүр. Бұл туралы аз жазылған жоқ. Бірақ бұл мәселе көбіне көшпелілердің әскери құрылымымен байланыстырылып немесе лингвистикалық талдау арқылы шешуге тырысып, үш жүздің мәнін түсіндіретін қазақтың өз ауыз әдебиетінің материалдары ескерілмейді. Өзі тудырған құбылысты халықтын өзінен артық кім түсіндіре алуы мүмкін, сондықтан қазақтың өз аңыз-әңгімелеріне үңілейік.
Қазақтар өздерін шежіре бойынша бір атадан —Қазақтан туған үш ұлдың Ақарыстың (Ұлы жүз), Жаңарыстың (Орта жүз) және Бекарыстың (Кіші жүз) ұрпағымыз деп санайды. Бір аңыз әңгімеде Түлкі есімді жігіттің Үш жүз деген кім? — деген сұрағына Төле би: Үш жүз —Қазақтың ағайынды үш баласы —деп жауап береді. (Ел аузынан. 23 б.) Жүздердің ағайындылығы көне олардың үлкен-кішілігі халық санасында терең сақталған. Бұл түсінік бұлжымайтын заң ретінде, ал арасындағы дауды шешуде билер сөзінде жиі қолданылады. Бір дауда төбе билікке таласқан Ұлы жүз адамы Біз боламыз, өйткені жасымыз үлкен ағамыз, —десе, Кіші жүз Біз боламыз, өйткені қара шанырақтағы кенжелік жолымыз үлкен —дейді. Ал Орта жүз адамы Айбар қылар алдында ағасы бар, қаймығарлық артында інісі бар, екі жағынан да қаупі зор, сол себепті билікті дұрыс айтатын төбе билік ортаншы ұлға лайық- —деп жеңіп кетеді. (Ел аузынан, 38 б.) Тағы бір жесір дауын Ұлы жүз Төле би мен Орта жүз Қазыбек би айтысып, Қазыбек би Аға болып алдымен туасың, жылқымды неге қуасын? —дейді. Оған Төле би ашулана Артымнан ерген еркемсің, ағаңның көзі тірісінде жеңгеңді неге ертесін? —десе, оларға Кіші жүз Әйтеке би: ...кісі бір туыспау керек туысқан соң сөз қуыспау керек —деп басу айтады. (Сонда, 43 б.). Мұндай мысалдарды ауыз әдебиетінен көптеп келтіруге болар еді.
Ал енді осы үш арыстың, үш ұлдың ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіретін аңыз сөздер де қазақта бар. Аңыз бойынша Ұлы жүзді, Ақарысты туарда анасы қойдын етіне, Орта жүзді -Жаңарысты туарда балға, ал Кіші жүзді, Бекарысты туарда бөрінің жүрегіне жерік болған екен. Қазақ ұғымында қой —малшылықтың, бал —тілінен бал тамған шешендік, білімділікті, қасқыр ержүректілік, батырлықтың белгісі. Қазақтарда: Ұлы жүзді қауға беріп малға қой, Орта жүзді қалам беріп дауға қой, Кіші жүзді найза беріп жауға қой, —деген сөз де бар. Мұнда да қауға —мал бағу құралы, қалам —білім, жазу құралы, найза —соғыс құралы. Қазіргі үш жүзге кіретін қазақ руларының арасынан әрқайсысынан да жау жүрек батыр да, атақты шешен де, малшы да шыққан. Бірақ қазақтар неге үлкен үл Ақарыстың ұрпақтарын малмен, ортаншы ұл Жаңарыстың ұрпақтарын, оған кіретін руларды, тіл жазу өнерімен, ал кіші ұл Бекарыс ұрпақтарын, Кіші жүз руларын, жауынгерлікпен, соғыс ісімен байланыстырады?
Егер де қазақтың үш жүзге қатысты әңгімелерін көне грек авторлары жеткізген скифтер мен сақтардың аңызымен және мұсылман дінінің ықпалы тиген оғыз (түркі) аңыздарымен салыстырсақ мұның сыры түсінікті болады. Олардың арасындағы бірнеше тікелей ұқсастықтарды көруіге болады. Біріншіден, сақ скиф, түркі, қазақ аңыздарында да халықтың пайда болуын түсіндіретін мифологиялық сарын анық байқалады. Екіншіден, халық бір атадан туған үш ұлдың ұрпағы саналады. Үшіншіден, осы үш ұлдан туылған ұрпақ қоғамның үш негізгі жігін: 1) эскерилерді, 2) абыздарды (дін иелерін), 3) еңбекшілерді (малшы, дихан т. б.) тудырады. Төртіншіден, осы үш ұл (үш қоғамдық жік) мифтік түсінік бойынша әлемнің үш дүниесімен байланыстырылады. Бесіншіден, үш ұлдың ұрпақтары өздеріне ғана тән үш түрлі кәсіппен айналысады. Үлкен ұл (скифтерде Арпоксай, қазақтарда Ақарыс) ұрпақтары еңбекпен, ортаншы ұл (скифтерде Липоксай, қазақта Жаңарыс) ұрпақтары біліммен (діни білім, шешендік, жазу), кіші ұл (скифтерде Колоксай, қазақтарда Бекарыс) ұрпақтары әскери кәсіппен, жауынгерлікпен. Түркі-оғыз аңызындағы Көк, Тау, Теңіздің ұрпақтарының осылай кәсіппен ерекшеленуі болған сияқты. Алтыншыдан, скифтерде кіші ұл Колоксайға (Күн патша) патшалық билік тисе, Оғызнамеде де Күн ханға хандық билік тиіп. Күн, Ай Жұлдыздан (Бұзықтар) патшалар нәсілі шығады. Жетіншіден, әр ұлдың ұрпақтарына өзіне тән кәсіби құралдары беріледі. Үлкен ұлға —еңбек құралы, сақ-скиф аңызында —соқа, мойынтұрық, қазақ аңыздарында қауға кіші ұл ұрпағына —соғыс құралы, сақ-скифтерде жақ, жебе, найза, айбалта, қазақтарда —найза, оғызнамеде де жақ, жебе. Ортаншы ұлға —діни ырымға қатысты құралдар, сақ-скифтерде тостаған, қазақтарда —қалам. Ерте замандарда білім, жазу дін иелерінің қолында болып, патша сарайларында мемлекеттік істе, сот ісінде жазу жұмысын абыздар атқарған. Көне түркілерде, қазақтарда бұрынғы кезде түрлі ырым-жораларда (ақ құю, отқа май құю сияқты) тостаған да қолданылғаны белгілі. Мұсылман заманында қағазға түскен Оғызнаме дастанында көне абыздың дінге қатысты детальдардың жоқ болуы түсінікті. Мінеки, кейбір ұсақ детальдары болмаса, негізгі мағыналарында барлық аңыздар бір-бірін қайталап отыр. Басқа халықтардың айтуында және тарпхи даму барысында өзгеріп бізге жеткен бұл аңыздардың түп негізінде көшпелілерде адамзат қоғамының пайда болуын түсіндіретін ортақ бір көне мифі жатқаның байқауға болады. Кәсіби заттардың аспаннан түсуі үш жүздің анасының үш түрлі асқа жерік болуы да мифтік сарын, яғни бұл аңыздар көшпелілер қоғамында негізгі үш қоғамдық жіктін (сословиенің) пайда болуы мифтік тұрғыда көрсетіледі. Бұл мифтік түсінік адамзат қоғамының дамуының тарихына да сәйкес келеді. Адамзат алдымен түрлі еңбекпен айналыса бастады (мифте үлкен ұлдың еңбекпен айналысатыны), кейін діни ұғымдар пайда болып, дін қалыптасты (мифте ортаншы ұл туып, оның абыз болуы), ең соңында кәсіпқой әскерилер пайда болып, мемлекеттік құрылым қалыптасты (кіші ұлдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтардың ұлттық қару-жарақтары
Қазақ халқы батырларға да, батырлық жырларға да бай халық
Барымтадан – батыршылдық дәстүрге
Қазақстан жылқының жаратылған жері-отаны екенін полеозологиялық, археологиялық, тарихи-этнографиялық материалдар негізінде дәлелдеу
Ер бағынан ат бағы артық
Ғұндардың атпаздығы мен жылқышылдығы
Алматы қаласы музейлеріндегі ат әбзелдері мен қару-жарақ қоры коллекциялары
Еуразия аумағындағы мемлекеттер қоғамында Батырлар институтының пайда болу тарихы
Қазақ қоғамындағы батырлар институты
Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны (Бөкенбай батыр әулетінің негізінде)
Пәндер