Алдын ала тергеудің нысандары мен түрлері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

І. Кіріспе

Алдын ала тергеудің жалпы шарттары. Алдын ала тергеу сатысының ұғымы, оны жүзеге асыру шаралары мен құралдары және маңызы. Алдын ала тергеудің жалпы шарттары ҚІЖК-нің 24-тарауының (191-205-баптар) ережелерімен реттеледі және қылмыстық сот ісін жүргізудің дербес сатысы - алдын ала тергеу сатысының мазмұнын анықтайтын қызметті реттеу болып табылады.

Т. Е. Сауранбаев пен А. Л. Хан этап көрсеткеніндей, ҚІЖК-нде көрсетілген ортақ шарттар - "оларда барлық қылмыстық ізге түсу органдары үшін бірыңғай және міндетті тәртіпті реттейтін, істің әділ жүргізілуінің кепілдігін және азаматтардың заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ететін талаптар болып табылады".

Жалпы шарттарға қарастырылатын сатыда туындайтын құқық қатынастарының мынадай жақтарын реттеу жатады:

а) тергеушілері қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізуге құқылы қылмыстық ізге түсу органдары: Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер органдары, салық полициясы органдары тізбесін қатаң белгілеу (ҚІЖК-нің 191-бабының 3-бөлігі) ;

ә) қылмыстық ізге түсу жеке тәртіппен жүзеге асырылатын істерді, сондай-ақ алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті болып табылмайтын істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу ісін жүргізудің міндеттілігі (ҚІЖК-нің 191-бабының 1, 2-бөліктері) ;

б) ҚІЖК-нде белгіленген тергелу ретін сақтау (ҚІЖК-нің 192-бабы) ;

в) алдын ала тергеу жүргізілетін жер (ҚІЖК-нің 193-бабы) ;

г) алдын ала тергеу жүргізудің басталуы және аяқталуы (ҚІЖК-нің 194, 195-баптары) ;

д) алдын ала тергеу мерзімі (ҚІЖК-нің 196-бабы) ;

е) алдын ала тергеу ісін жүргізудің ұйымдық нысандары (ҚБКК-нің 198, 199-баптары) ;

ж) алдын ала тергеу жүргізудің барысына іс жүргізу және ведомстволық бақылау жасау (ҚІЖК-нің 197, 199-баптары) ;

з) анықтау органдарның алдын ала тергеу жүргізу процесіндегі қызметі (ҚІЖК-нің 200-бабы) ;

и) тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері және олардың хаттамасы (ҚІЖК-нің 201-203-баптары) ;

к) алдын ала тергеу жүргізудің құпиясы (ҚІЖК-нің 205-бабы) .

Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттарының маңызы мынада:

  • оларда сотқа дейінгі қызметтің бүкіл кезеңі бойында күшіндеболатын іс жүргізу ережелері бар, олар алдын ала тергеу сатысында жүргізілетін барлық іс-әрекеттерге қолданылады; белгіленген ережелердің бұзылуы іс бойынша қылмыстық сот ісін жүргізудің нақты барысына теріс әсер ете алатын әр түрлі құқықтықзардаптар туғызуы мүмкін; қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін сақтауды қамтамасыз ететін өзіндік кепілдіктер болып табылады; алдын ала тергеу сатысының іс жүргізу шекараларын анықтайды; жалпы шарттар ретінде көзделген ережелерді сақтау, сотта істі дұрыс шешудің негізі болып табылады.

Алдын ала тергеу ісін жүргізу сатысының маңызы:

  • бұл саты қылмыстық іс қозғау сатысының қисынды жалғасы болып табылады және істің мәнін түбегейлі қарау және шешу жөніндегі сот қызметінің алдында жүргізіледі; дербес саты ретінде өзіне тән ерекше міндеттері бар, олар іс жүргізу әдістері мен құралдарының қатаң белгіленген жиынтығымен шешіледі; істі сотта шешудің заңдылығы мен дер кезінде алдын ала тергеу ісін жүргізуді жүзеге асырудың сапасына байланысты болады; алдын ала тергеу жүргізу сатысына кешу қылмыстық іс қозғаудың заңдылығын білдіре алады; алдын ала тергеу ісін жүргізбейінше, істі сотта қарауға болмайды.

Солай бола тұрса да, бұл сатының маңызын асыра бағалауға болмайды. Заңды негіздер анықталғанда қылмыстық іс оған іс жүргізудің кез келген сатысында (кезеңінде) тоқтатылуы мүмкін. Алдын ала тергеудің дербес сипатта болуы бұл сатыны істі сотта қарау жолындағы көмекші (немесе қызметтік) рөлін атқарудан босатпайды. "Алдын ала тергеу "деген терминнің езі тергеушінің іс жөніндегі қорытындыларының түпкілікті еместігіне бағдарлайды. Түпкілікті қорытындылар сот шешімі түрінде ғана шығарылады. Мұнда алдын ала тергеу дәлелдерінің сот үшін мшдетті сипаты болмайды.

Алдын ала тергеу сатысының маңыздылығы мынадай негізгі міндеттерден барынша толық байқалады:

  • қылмыстардың тез өрі толық ашылуы;
  • қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту; адамдарды негізсіз айыптаудан және айыпталушылар ретінде жауапқа тартудан қорғауды қамтамасыз ету; қылмыс жасаудың мән-жайларын анықтау, айғақтарды іс жүргізу барысында баянды ету; қылмыстан шеккен зиянның орнын толтыруды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау; кінәлы адамның одан әрі құқыққа қарсы іс-әрекет жасауының жолын кесу; қылмыс жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды анықтау, оларды жою жөнінде заңда көзделген шараларды қабылдау.

Алдын ала тергеудің нысандары мен түрлері

Ұғым аппаратының тазалығына жету мақсатында мынадай мән-жайларға назар аудару қажет,

  1. ҚІЖК-нің 7-бабының 16-тармағына сәйкес "алдын ала тергеу" ("алдын ала іздестіру") - бұл уәкілетті органдардың осы Кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, тиянақтау және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.
  2. ҚІЖК-нің 7-бабының 15-тармағына сәйкес "анықтау" - бұл анықтау органдарының осы Кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, тиянақтау және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.
  3. ҚІЖК-нің 7-бабының 28-тармағына сәйкес "қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" - бұл қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық іс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы.

Жоғарыда келтірілген түсініктемелерді талдау анықтау және алдын ала тергеу - бұл қылмыстық іс қозғау мен істі сотқа жіберу аралығында жүзеге асырылатын белгілі бір қызметтің әртүрлі нысандарының мәні, олар уәкілетті органдардың құзыретінің көлеміне қарай ерекшеленеді. Сондықтан алдын ала тергеу ісін жүргізудің жалпы шарттары туралы сөз еткенде, олардың қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудің нысандары ретіндегі анықтауға да, алдын ала тергеуге де толық қатысты екенін ескеру қажет.

Осы баяндалғандарга байланысты B. C. Чистякованың "Алдын ала тергеп-тексеру алдын ала тергеу немесе анықтау нысанында жүзеге асырылады. Алдын ала тергеп-тексеру нысанының атауы белгілі бір өкілеттікті атқаратын органның атауына сай келеді. Тергеуді - тергеу органы, тергеуші, ал анықтауды - анықтау органы, анықтаушы жүргізеді . . . Алдын ала тергеп-тексеру осы органдардың тергеп-тексеру сатылары шегінде өзара әрекет етуі арқылы бірлесе жұмыс жүргізуі жолымен де жүзеге асырылуы мүмкін" деген пікіріне сүйену орынды.

Барлық қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізудің міндеттілігі - алдын ала тергеп-тексеру сатыларының жалпы шарттарының бірі (бұл жөнінде осы тараудың 3-параграфынан толығырақ қараңыз) . Жасалған қылмыстық әрекеттердің қоғамға қауіптілік дәрежесінің әртүрлі болатынын, қылмыс субъектісінің ерекшеліктерін, қылмыстық ізге түсу органдарының уәкілеттіктері көлеміндегі айырмашылықтарды ескере отырып, заң шығарушы сотқа дейінгі қызметтің жоғарыда аталған екі нысанын көздеген:

  1. алдын ала тергеу (алдын ала іздестіру) ;
  2. анықтау.

Сотқа дейінгі қызметті тек осы екі нысанмен шектеу заңды органдардың құзыретін анықтап бөлуге байланысты барлық іс жүргізу қырларын толық көлемде көрсете алмайды. Сондықтан заң шығарушы әрбір нысан шегінде өз түрлерін ескерген. Мәселен, алдын ала іздестіру мынадай түрлерде жүзеге асырылады:

  1. өзінің лауазымына қарай тек тергеушілер ғана жүргізетін алдын ала тергеу. ҚІЖК-нің 64-бабының 1-бөлігіне сәйкес, лауазымды адамдар болып табылатын тергеушілерге мыналар жатады: ішкі істер органдарының тергеушілері, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушілері, салық полициясы органдарының тергеушілері;
  2. ҚІЖК-нің 288-бабының 3-бөлігінде көзделген жағдайларда анықтау органы жүргізетін алдын ала тергеу. Бұл анықтау органы сотқа дейінгі қызметіне алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылмайтын істер бойынша алдын ала тергеп-тексеру нысанында жүзеге асыратынын білдіреді. Мұндай жағдайларда алдын ала тергеу мынадай анықтау органдары арқылы жүзеге асырылады: ішкі істер органдары; салық полициясы органдары; кеден органдары; әскери полиция органдары; өділет органдары; шекара қызметі органдары; мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары; ұлттық қауіпсіздік органдары. Анықтау органдарының алдын ала тергеу ісін жүргізуі үшін мынадай негіздер болады: қылмыс жасады деген сезік туған адамның анықталмауы, жалпы ереже бойынша оған қатысты алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес; кәмелетке толмағандардың немесе дене яки психикалық кемістіктеріне байланысты өздерінің қорғану құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдардың қылмыстар жасауы.

Сотқа дейінгі іс жүргізудің дербес нысаны ретінде анықтау да екі түрге бөлінеді:

  1. алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын істер бой ынша анықтау (ҚІЖК-нің 65-бабының 1-бөлігінің 2-тармағы) . Бұл жағдайда анықтау органының қызметі ҚІЖК-нің 200-бабында белгіленген тәртіппен қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру әрекеттерін орындау ретінде анықталады. Бұл анықтау органы осындай істер санаты бойынша қылмыстық іс қозғауға және қылмыстың іздерін анықтап, тиянақтау жөнінде кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы дегенді білдіреді. Істі тергеушіге берген соң анықтау органы тек тергеушінің тапсыруымен тергеу іс-әрекеттерін және жедел іздестіру шараларын жүргізеді;
  2. алдын ала тергеу міндетті болып табылмайтын істер бойынша анықтау (ҚІЖК-нің 65-бабының 1-бөлігінің 3-тармағы) . ҚІЖК-нің 285-бабына сәйкес осындай істер санаты бойынша анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады. Анықтау сотқа дейінгі іс жүргізудің бірден-бір мүмкін болатын нысаны жағдайында көрінетін қылмыс жасады деген сезікті адамды дәлелдеу міндетті шарты болып табылады (ҚІЖК-нің 285-бабының 10-бөлігі) . Тұтас алғанда, істердің осы санаты бойынша анықтау ҚІЖК-нің 37-тарауының нормаларында белгіленген ережелер бойынша жүзеге асырылады.

Сотқа дейінгі іс жүргізудің нысандары мен түрлері схема түрінде былайша бейнеленеді:

Істің тергеуге жатуы

Қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы бөлімінде қылмыстық іс жүргізу заңының кеңістікте қолданылуы (ҚІЖК-нің 3-бабы) туралы мәселе қаралған, оның мазмұнына істің тергеуге жатуы ұғымы да кіреді. Заң былайша түсіндіреді: "Істің тергеуге жатуы" - бұл белгілі бір қылмысты тергеп тексеру белгілі бір алдын ала тергеу немесе анықтау органының құзыретіне жататын, осы Кодексте көрсетілген белгілердің жиынтығы (ҚІЖК-нің 7-бабының 17-тармағы) . Істің тергеуге жатуы ережелерін қатаң сақтау заңдылық принципіне байланысты ерекше маңызды болады (ҚІЖК-нің 10-бабы), оны бұзуға болмайды және бұзғандық үшін заңда белгіленген жауаптылыққа әкеліп соқтырады. Істің тергеуге жатуы туралы ережені бұзу үстірт қарағанда белгілі бір қылмыстық ізге түсу органының заң арқылы басқа қылмыстық ізге түсу органына берген өкілеттіктерін өзіне алуы ретінде бағалануы мүмкін. Ал әртүрлі қылмыстық ізге түсу органдары өкілеттіктерінің көлемі жөнінен бір-бірінен өзгеше болатындықтан, істің тергеуге жатуы туралы ереженің бұзылуы да қылмыстық процеске тартылған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.

Істің тергеуге жатуы ұғымын түсіндіре келе, М. С. Строгович былай деп жазады: "Істің белгілі бір тергеушінің немесе тергеушілер санаттарының қарауыла жататын қасиеті істің тергеуге жатуы деп аталады. Көріп отырғанымыздай, істің тергеуге жатуы соттылыққа ұқсайды". Соңы ескерте Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізудің Конституцияда баянды етілген принциптері жүйесіне қазіргі заман тұрғысылан қарағанда маңызды болып табылады. Бұл жағдайда ұғымды басқаша қолдану әдісі Конституцияға сілтеме жасауға мүмкіңдік береді, онда "өзіне заң-мен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды" (77-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы) деп жазылған. Осы тұрғыдан қарағанда істің тергеуге жатуы санатының маңыздылығы арта түседі. Сонымен бірге істің тергеуге жатуы мен соттылық өзара сәйкес келмейді.

Істің тергеуге жатуын саралауға мүмкіңдік беретін нысаналы (тектес), аумақтық (жергілікті), дербес және балама белгілерді ажыратады.

Энциклопедиялық тұрғыдан алғанда, істің тергеуге жатуын нысаналы (тектес) белгісі жасалған қылмыстың сипатымен анықталады, бұл оның саралануынан байқалады. Осы белгі бойынша алдын ала тергеудің қаңдай істер бойынша міндетті болатыны, іс бойынша тергеуді қандай алдын ала тергеу органы жүргізуге тиіс екені анықталады.

Істің тергеуге жатуының нысаналы белгісі барлық қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу ісін жүргізудің міндеттілігі секілді жалпы шартпен өзара байланысты. Жеке айыптау істеріне және алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті болып табылмайтын істерге қолданылатыл ерекше жағдай істердің басым көпшілігі бойынша алдын ала тергеу міндетті түрде жүргізілуін көздейді, ал ерекше істер бойынша заң іс жүргізу нұсқаларын қарастырады. Мәселен, кәмелетке толмағандар немесе дене яки психикалық кемістіктеріне байланысты өздерінің қорғану құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы істер бойынша жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына қарамастан алдын ала тергеу ісі міндетті түрде жүргізіледі. ҚІЖК-нің 33-бабында көзделген жеке айыптау істеріне келетін болсақ, егер қылмыс дәрменсіз немесе тәуелді жағдайда болған адамдардың немесе басқа себептерге байланысты өзіне тиесілі құқықтарын дербес пайдалана алмайтын адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, онда жәбірленушіден шағым түспеген жағдайда прокурор іс жүргізуді қозғауға құқылы. Бұл норманы ҚІЖК-нің 191-бабының (1, 2-бөліктерінің) және 192-бабының ережелерімен орайластыру істің тергеуге жатуының нысаналы мәнді белгісінің қаперге алынбауын күшейтеді.

"Істің тергеуге жатуы" санатының мәнін толық түсіну үшін алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті болып табылмайтын істер бойынша анықтау ісін жүргізу де қылмыс әрекетінің нысаналы немесе тектес белгісінің сипатына қарай істерді бөлуді ескеру керек. Сонымен, ҚІЖК-нің 285-бабына сәйкес, сотқа дейінгі қызметтің нысаны ретінде анықтау осы органдар үшін заңмен белгіленген қызметтің шегінде болады. Бұл мән-жай айрықша маңызды, өйткені мұнда анықтау ісі алдын ала тергеу жүргізу үшін белгіленген ережелер бойынша жүзеге асырылады (ҚІЖК-нің 285-бабының 11-бөлігі) .

Тектес немесе нысаналы белгі үшін мынадай жағдай тән болады: істің тергеуге жатуының белгіленуіне қарамастан, прокурор істі алдын ала тергейтін бір органнан екінші органға беруге құқылы (ҚІЖК-нің 197-бабының 12-бөлігі) .

Істің тергеуге жатуының аумақтык (жергілікті) белгісі ҚІЖК-нің 193-бабымен реттеледі. Алдын ала тергеу ісін жүргізетін орынды анықтау Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінуіне бағдарланған және алдын ала тергеудің уәкілетті органы қызмет көрсететін аумақтың қылмыс жасалған аумақпен (аудан, облыс) сай келуін көздейді.

Сонымен қатар, бұл нысан сотқа дейінгі қызметті оңтайландыруға бағытталған бірқатар ауытқушылықтарды көздейді. Мәселен, алдын ала тергеу ісін жүргізудің тездігі мен толықтығы үшін ол қылмыс байқалған жерде, сондай-ақ сезікті, айыпталушы немесе куәгерлердің көпшілігі тұрған жерде жүргізілуі мумкін (ҚІЖК-нің 193-бабының 2-бөлігі) .

Қылмыстық процеске көп адам қатысып, тергеуге қызығушылық туғызатын объектілер аумақ бойынша шашырай орналасқан көп оқиғалы қылмыстар тергеушіден жекелеген тергеу іс-әрекеттерін жүргізу үшін қызмет көрсететін аумақтан тысқары шығуды талап ететінін ескеру қажет. Заң мұндай жағдайлар үшін іс-әрекеттің екі нұсқасын көздейді:

  1. іс қозғалып, алдын ала тергеу ісі осы қылмыстық ізге түсу органының жерінде басталған жағдайда тергеуші басқа аудандағы тергеу іс-әрекеттерін жеке өзі жүргізеді;
  2. тергеу іс-әрекеттерін жүргізуді осы ауданның (облыстың) тергеушісіне немесе анықтау органына тапсырады.

Тергеушінің тапсырмалары іздестіру іс-әрекеттерін немесе жедел іздестіру шараларын жүргізуге қолданылуы мүмкін. Тапсырманы орындаудың шекті мерзімі - 10 тәуліктен аспауы тиіс (ҚІЖК-нің 193-бабының 3-бөлігі) . Тапсырма орындалған соң орындаушы материалдарды дереу тапсырушыға жіберуге міндетті. Заңда көрсетілген тапсырманы орындау үшін қандай да бір шектеулер қойылмаған. Алайда істің қисыны мынадай ой туғызады: егер тапсырманы орындаушы бұл үшін негіз тапса және оның бастамасы тергеудің жалпы барысына нұқсан келтірмейтін болса, оның орынды бастама жасауына болады. Басқа қылмыстың жасалғанын көрсететін мағлұматтардың немесе қылмыстың жасалғанын дәлелдейтін, бірақ тапсырманың құрамына кірмейтін әзге мән-жайлардың пайда болуы орындаушыдан белгіленген мәртебе бойынша өзіне берілген ҚІЖК-нің барлық нұсқауларын қолдануды талап етеді.

Істің тергеуге жатуының дербес белгісі қылмыс субъектісінің мынадай ерекшеліктерімен анықталады: адамның жасы, дене және психикалық күйі, әскери, жауаты мемлекеттік қызметте болуы және т. с. с.

Мәселен, нысаналы немесе тектес белгісіне қарамастан, барлық қылмыстар туралы істер (ҚІЖК-нің 192-бабының 1-бөлігі) Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеушілерінің жүргізуіне жатады:

- жауапты мемлекеттік лауазым иелерінің немесе әскери қызметшілердің, анықтау органы немесе алдын ала тергеу органы қызметкерлерінің, прокурорлардың, судьялардың қатысуымен ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстар;

-есірткі заттардың заңсыз айналымы жөніндегі немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған контробанда туралы істері бойынша.

ҚІЖК-нің 496-бабының 1-бөлігіне сәйкес республика Парламентінің депутатына қатысты қылмыстық істі, 497-баптың 1-бөлігіне сәйкес - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасына немесе мүшесіне қатысты қылмыстық істі анықтау мен алдын ала тергеуді жүзеге асырушы мемлекеттік органның басшысы ғана қозғай алады. Аталған санаттардағы адамдардың істері бойынша сотқа дейінгі іс-әрекет заңда олар жөнінде анықтау ісін жүргізу немесе жүргізбеу керектігін көздегеніне қарамастан, алдын ала тергеу нысаныңда жүзеге асырылады.

ҚІЖК-нің 498-бабының 1-бөлігіне сәйкес судьяға қатысты тергеу ісін ҚР Бас Прокуроры ғана қозғауы мүмкін, ол тергеп-тексеруді тиісті қылмыстық ізге түсу органына тапсырады. Мұндай жағдайда да заң міндетті түрде алдын ала тергеу ісін жүргізуді көздейді.

ҚІЖК-нің 499-бабының 1-бөлігіне сәйкес ҚР Бас Прокурорына қатысты қылмыстық істі оның бірінші орынбасары ғана қозғай алады, ол тергеп-тексеруді тергеу органына тапсырады. Бұл жағдайда сотқа дейінгі іс-әрекет алдын ала тергеу түрінде жүзеге асырылады.

ҚІЖК-нің 506-бабының 1-бөлігі бойынша істің тергеуге жатуының дербес белгісі психикасы бұзылып ауырған адамдар өздеріне немесе басқаларға қауіп-қатер төндіретін немесе өзге де елеулі зиян келтіруі мүмкін болатын жағдайларда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды қажет ететін адамдарға қатысты белгіленген (ҚІЖК-нің 505-бабының 2-бөлігі) . Осы санаттағы істер бойынша міндетті түрде алдын ала тергеу ісі жүргізіледі және оны едетте ішкі істер органдарының тергеушілері жүзеге асырады.

Істің тергеуге жатуының балама белгісі - бұл әр түрлі қылмыстық ізге түсу органдары тергеушілерінің белгілі бір санатқа жататын істер бойынша алдын ала тергеу ісін жүзеге асыру құқығын заң жүзінде қарастыруы. Мұндай істің тергеуге жатуы ҚІЖК-нің 192-бабының 4-бөлігінде аталған Қылмыстық кодекс баптарының тізбесімен анықталады, мұнда бастапқыда қай орган қозғағанына қарай істерді ішкі істер органдарының қызметкерлері немесе ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушілері тергеп-тексереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдын ала тергеудің мәні мен мазмұны
Алдын ала тергеудің аяқталуы туралы ақпарат
Алдын ала тергеу жүргізуге уәкілетті органдар
Қылмыстық ізге түсудің түсінігі
Тергеушінің процессуалдық дербестігінің түсінігі
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
ҚР қылмыстық іс жүргізу заң бойынша қылмыстық қудалау
ТЕРГЕУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ОРГАНЫ РЕТІНДЕ
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz