Балабақша тәрбиешілерінің білімін жетілдіру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ

12 жылдық оқу мерзіміне көшу жауапты жұмыс екені даусыз. Мектепте білім берудің негізгі ұстанымдарына балалар енді жан-жақты дайындықпен келуі қажет дегенді білдіреді.

Балабақша білім беру жүйесінің бірінші сатысы ретінде балаларды мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады. Бала мектепке қаншалықты сапалы және уақтылы дайындалса, соғұрлым оның келешекте білім алуы нәтижелі болады.

"Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы" білім беру жуйесіне үлкен жаңалық және салмақты жауапкершілік әкелді. Онда "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес атауы - бастауышқа дейінгі білім беру) - баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толлыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін" құру талабы алдымызда тұр.

Осы тұжырымдәмаға сәйкес мектепке дейінгі мекеменің мақсаты: мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру, түзету болса; ал атқарылатын міндеттері:

- бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтуды қамтамасыз ету;

- мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігін қамтамасыз ету;

- баланың балабақшада оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру деңгейін - үздіксіз білім беру жүйесінің бастапқы буынын іске асырушы-тәрбиеші.

Тәрбиеленушілерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруші де тәрбиеші.

Ы. Алтынсарин "Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің журегі" деп бекер айтпаған. А. Байтұрсынов өзінің "Мектеп керектері" еңбегінде былай деп жазды; . . . мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім деп жазса, ал балабақшада - тәрбиеші.

Тәрбиеші - арнайы дайындығы бар жене педагогикалық іс-әрекетпен кәсіби айналысатын адам. Оның негізгі функциясы - оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару. Жалпы мұғалімнің (тәрбиешілердің) кәсіби даярлығының теориялық негіздерін ашып көрсететін зерттеулер баршылық (Ш. А. Амонашвили, В. С. Мухина, А. А. Люблинскзя, Б. Баймұратова, Қ. Меңдаяқова, М. С. Сәтімбекова, Р. Аралбаева, А. К. Меңжанова, Ф. Жұмабекова, Р. М. Жұмағожина және т. б. ), болашақ мұғалімдерді (тәрбиешілерді) даярлау мәселесі қарастырылып, онда кәсіби қабілетін анықтау бойынша жұмыстар жүйеленген.

Осыған сәйкес, қазіргі кезде жалпы ұстаздардың педагогикалық қабілеттеріне төмендегі талаптар:

- ұйымдастырушылық;

- дидактикалық;

- перцептивтік;

- комммуникативтік;

- суггестивтік;

- ізденушілік;

- ғылыми-танымдық қойылады:

Осыған орай, қазіргі таңда балабақша тәрбиешілеріне келесі бірыңғай әдістемелік талаптар қойылады: педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру; оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы жаңа педагогикалық технологияларын зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу; өз білімін көтеруге, шығармашылықпен жұмыс атқаруға ынталандыру; балалар табыстары мониторингісін жасау және оны диагностика қоюдың қазіргі тәсілдерін меңгеріп, қолдана білу; авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру; тәрбиешінің педагогикалық-кәсіптік оң көзқарастарының және құндылықтарының қалыптасуына жағдай туғызу.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие негізінен өткен жылдарда жинақталған тәжірибеге арқа сүйейді. Бүгінгі күннің талабы - баланы жан-жақты тәрбиелеу. Жаңа типті балабақшаларда оқыту мен тәрбиелеудің соңғы тәсілдерін игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік қолтаңбасы бар шығармашыл педагог-тәрбиеші қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдіскер мен тәрбиешілерді аттестациялаудан өткізу жолдары
Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы
Аңыз ертегілері
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың басты іс-әрекеті
Кәсіби педагогтың құзіреттілігін дамытуда қолданылатын шығармашылық жұмыстар
Қазіргі кездегі білім берудің деңгейлері және балабақшадағы тәрбие үрдісі
Балабақшадағы балалардың музыкасы
Тәрбиеші мен ата-аналар қарым-қатынасын ашып көрсету
Балаларға арналған көркем мәтіндердегі бейнелі сөздерді үйрету жолдары
Мектеп жасына дейінгі баланың ойын психологиялық іс-әрекетінің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz