Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы: пәні мен әдістері, мақсаты мен міндеттері және тарихнамасы

Дәрістің мазмұн ы:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні және әдісі.
  2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы тарихнамасы.
  3. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсы кезеңдері

Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1991 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге дейін де бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп, өркендегенін, кейін тарих сахнасынан біржола өшкенін де білеміз. Бұл мемлекеттік бірлестіктер халқының басым бөлігі ежелгі түрік халықтары болды. Түрлі тарихи жағдайларға байланысты мемлекеттер пайда болып, жойылып отырды, ал халық жаңа жағддайға бейімделіп келді. Ежелгі сақ тайпалары, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттері мен түрік қағанаты дәуіріндегі мемлекеттер, Шыңғысхан шапқыншылығынан кейін өмір сүрген көптеген мемлекеттер Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың мемлекеттері болды.

Қазақстан атауымен аталған Қазақ хандығы 300 жылдай өмір сүрді. Міне осы мемлекеттердің бәрі де бүгінгі Қазақстан Республикасының байырғы халықтары - қазақтардың әр кезеңіндегі мемлекеттік бірлестіктер болған деп айта аламыз.

Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, оның саяси-әлеуметтік дамуы үшін еліміздің территориясында өмір сүрген түрлі мемлекеттер мен олардың құқықтық жүйелерінің ерекшеліктерін оқып үйренудің маңызы зор. Осы орайда елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: “Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиатының бастауларын түсінгеніміз жөн”, - діннің мәні ерекше. Қазақстан жерінде бұған дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың бүгінгі тәуелсіз республикамызға тікелей қатысы бар. Оларда қазіргі қазақтардың түпкі ата-бабалары өмір сүрді және осы территорияны болашақ ұрпақтары үшін жан-тәнімен қорғап, үлкен өркениетті іздер қалдырды. Қазақстан жерінде өмңр сүрген түрлі мемлекеттер белгілі бір заңдылықтарға сәйкес пайда болып, гүлденіп, содан соң дағдарыстарға ұшырап тарих қойнауынан кетіп отырды. Олардың пайдаға асар тәжірбиелері мен сабақ болар үлгілері ұрпақ үшін қасиетті, қажетті дүние.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні еліміздің территориясында өмір сүрген түрлі мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрслысы мен құқықтық қатынастарының даму ерекшеліктерін зерттейді. Бұл мемлекеттердің негізі бір қазақ халқы болғандықтан, олардың саяси-құқық тарихы бүгінгі Қазақстан Республикасына тікелей байланысты болмақ.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы тарихи және құқықтық ғылым болып табылады. Ол қоғам тарихының бір бөлігі болғандықтан мәдениет тарихы, әдебиет тарихы, техника тарихы, т. б. салалық тарихи ғылымдармен қатар тұрады, тарих ғылымының жалпы заңдылықтарын басшылыққа алады.

Құқық ғылым ретінде ол Қазақстандағы мемлекет пен құқық тарихын, олардың әрбір тарихи кезеңге сәйкес заңдылықтары мен ерекшеліктерін, пайда болуы мен жойылуын хронологиялық реттілікпен зерттейді.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясы, мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы т. б. салалық заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Заң ғылымының көрсетілген салалары тарихилық принципі тұрғысынан Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихынан бастау алады, әрі болашақта саяси-құқықтық тарихтың объектісіне айналады.

Осы оқу құралын жазу барысында бұған дейін жарық көрген “История государства и права Казахской ССР” Ч. 1. Алматы. 1982., Ч. 2: Алматы. 1984. атты екі бөлімді оқу құралын, бес томдық Қазақ ССР тарихын, т. б. көптеген тарихи және тарихи-құқықтық әдебиеттер пайдаланылды.

Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихы пәнi қоғамды зерттейтiн тарихи-құқықтық ғылым жүйесiне кiредi. Сипаты жағынан Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихы- тарихи-құқықтық ғылым. Бұл пәнiмiз жалпы тарих сияқты қоғамды толық зерттемейдi, ол өз алдына мемлекеттiк және құқықтық мекемелердегi тарихи процесстердi зерттейдi. Мемлекеттiк -құқықтық құбылыстарға, процесстерге көптеген тарихи фактiлер, саяси өмiрдегi оқиғалар, мемлекет қызметi, билiк, таптар және партиялардағы жағдайлар жатады. Пән тек өткендi ғана зерттеп, ол туралы бiлiм берiп қана қоймай мемлекет пен құқық дамуындағы заңдылықтарды ашуды алдына мақсат етедi.

Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихы - отанымыздың құқығы мен мемлекеттiлiгiн белгiлi бiр тарихи-нақты пайда болуы мен дамуы процесiнде зертейдi. Осы зерттеу барысында хронологиялық реттiлiк және тарихи заңдылық сақталады.

2. Заң ғылымдары жүйесiнде Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихы пәнiнiң алатын орны ерекше. Ол ерекшелiгi зерттеу объектiсiне байланысты.

Әрбiр заң саласы ғылымының зерттеу нәтижесi екiншiсiнде де құнды дерек бола алады. Мысалы, атап айтсақ Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихы мемлекеттiк құқықтық процесстi мерзiмдiк-кеңiстiкте зерттеп нақты тарихи заңдылықты ашып-анықтайды. Ал, мемлекет және құқықтық теориясы тарихи-құқықтық зерттеулердiң ғылыми нәтижесiне сүйене отырып мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуының және өмiр сүруiнiң жалпы заңдылықтарын қалыптастырады, ашады. Нәтижесiнде осы екi пән арасында тығыз байланыс орнайды.

Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихы саяси және құқықтық iлiмдер тарихы мен нақты қатынаста болады. С. Қ. I. Т тарихи нақтылық жағдайында және хронологиялық тәртiпте мемлекет және құқықтық iлiмнiң пайда болуын, дамуын және әлеуметтiк тиiмдiлiгiн зерттейдi.

Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихы мен шетелдер мемлекетi мен құқығы тарихы бiрлесе отырып тарихи-құқықтық ғылым алдындағы мiндеттердi шешедi, бiрақ пәнi жағынан бiр-бiрiнен ажыратылады.

Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихы маңызы:

- студенттердiң тарихи-теориялық қөзқарасын жетiлдiредi;

- салалық заң ғылымдарын игеруге жан-жақты көмекшi құрал бола алады;

- қоғамда болып жатқан құбылыстарға талдау жасауға мүмкiндiк бередi;

- тарихи, саяси-әлеуметтiк заңдылықтарды зерттей отырып болашақты болжауға жол ашады.

3. Тарихи-құқықтық ғылымның фундаментi болып табылатын тарихи фактiлердi (нормативтi құжат, тарихи процесс т. б. ) таңдау, топтау, зерттеудiң ғылыми тұрғыда болуына байланысты. Зерттеүшi мамандар жан-жақты анализ (талдау) арқылы тарихи фактордың нақты мәнiн ашады. Талдаудың дұрыс бағытта болуына әртүрлi зерттеу әдiстерi (методтары) қызмет етедi.

Соның iшiнде маңызды орынды диалектиқалық метод алады. Зерттеу объектiсiнiң теориялық мән-мағынасын түсiнуде осы әдiстiң орны ерекше. Диалектика (гр. болмыстың өзгеруi мен танымының әдiсi мен теориясы) .

Сонымен қатар мынандай өте қажеттi, әрi оқу пәнiмiзге қатысты арнайы зерттеу әдiстерiн атап өтейiн:

- тарихи әдіс, мемлекет және құқықтың пайда болуы мен дамуының нақты тарихи зерттеуін білдіреді;

- салыстырмалы - тарихи әдіс, анықталған тарихи фактілерді басқа да ұқсас фактілермен салыстыруға мүмкіндік береді;

- жүйелік-құрылымдық әдіс, элементтердін кұрылымдарын, оларға тән ішкі байланыстарды зерттеуді және жүйенің біртұтастығын қамтамасыз ететін элементтерді анықтауды білдіреді;

- статистиқалық әдіс, тарихи үдерістің сандық жақтарын зерттеуде, зерттеу обьектісіне сандық көрсеткіштер тән болған кезде қолданылады.

Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихы отанымыздың тарихын нақты хронологиялық шеңберде зерттейдi. Қәзiргi кезде ҚР тарихы кезеңдерiн мынадай тарихи қалыптасқан кезеңдерге бөлемiз:

- Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттiк құрылымдар (4-14 ғ. )

- Қазақ хандықтарының құрылуы мен даму кезеңi (15-18 ғ. )

- Қазақстанның Россия империясы құрамындағы кезеңi (18-20 ғ. басы)

- Кеңестiк Республикалар Одағы тұсындағы Қазақстан (1917-1991 ж. )

- Егемендi, тәуелсiз Қазақстан (1991 ж. берi)

Әрбiр кезеңдер өзiндiк әлеуметтiк-экономиқалық және мемлекеттiк-құқықтық процесстерiмен ерекшеленедi.

Қазақстан Республикасы мемлекетi және құқығы тарихын зерттеудің жоғары кәсіби заңгерлерді дайындаудағы маңызы зор. Ең алдымен, мемлекет және құқық тарихын зерттеу студенттерде мемлекеттік-құқықтық кұбылыстарға деген тарихи көзқарас сезімін қалыптастырады, оларға жалпы коғамдық өмірді, оның ішінде мемлекет пен құқықты ғылыми әдістемелік түрде тануына мүмкіндік береді. Мемлекет пен қоғамның кез-келген құбылысын олардың қалыптасу, даму алғы шарттарын анықтағанда ғана, бұл құбылыстың қалай пайда болғаны, қалыптасу барысында қандай кезеңдерден өткені және қандай бағытта дамып келе жатқаны зерттелген жағдайда ғана дұрыс түсінуге болады.

№ 2 дәріс

Тақырып : Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекетті бірлестіктердің пайда болуы және дамуы.

Дәрістің мазмұны :

  1. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекетті бірлестіктердің пайда болуы.
  2. Ежелгі ғұндар империясы.
  3. Үйсін және Қаңлы мемлекеттері

1) Алғашқы қауымдық құрылыс адамдардың тарихының ең ұзақ кезеңі. Адамдар тас дәуірі, мыс дәуірі, қола дәуірі сияқты ондаған мың жылдарға созылған кезеңдерді бастан өткізді. Тарихты бұлай дәуірлеу өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға және жетілдіруге байланысты болған.

Адамдар тас дәуірінде табиғаттың дүлей күшіне қарсы бірігіп күресу үшін тобыр ретінде өмір сүрді. Тобыр тәртіппен реттелмейтін адамдардың тобы. қажеттігі адамдарды біріктірді. Некенің түрі топтық неке болды.

Рулық қоғам туыстас адамдардың қауымдастығы. Экзогамиялық неке - ру ішінде некеге тыйым салыну. Рулық қоғамда биологиялық емес әлеуметтік көрсеткіштер үстемдік құра бастады.

Адамдар арасында тұрақты неке мен отбасы қалыптасты.

Жақын рулардың бірлестігінен тайпалар құрылды.

Адамдар игеруші өндірістен біртіндеп жер және мал шаруашылығына көшіп, өздері өнім өндірушілерге айналды. Артық өнімнің пайда болды.

Ру мүшелері бір-бірімен тең болды. Руды рулық қоғамдағы биліктің жоғарғы органы - халық жиналысында сайланған ақсақалдар басқарды.

Патриархалдық отбасы - ер адамның - әке билігінің үстем етуі.

Рулық қоғамда қатынастар моральдық, адамгершілік нормалармен, әдет-ғұрыптар және дәстүрлермен реттелді.

Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңі - әскери демократия кезең. Әскери демократияға тән ерекшеліктер: рулар мен тайпалар арасында соғыстар мен қақтығыстардың болуы, қоғам өмірі әскери-соғыстық сипат алды; әскери көсемдердің ролі артады. әскери көсемдер әлі де халық жиналысына тәуелді болды. Бірақ, меншіктің пайда болуы, байлықтың шоғырлануы, үнемі жалғасқан соғыстар жағдайында әскери демократия рулық қоғамның шеңберінен шығып, әскери көсемдер жеке билігін орната бастады. Әдет-ғұрып пен дәстүрдің орнына құқық пайда болып, рулық қоғамды мемлекет ауыстырды.

Б. э. д. 8-3 ғғ Қазақстан мен Орта Азия жерлерінде сақ тайпалары өмір сүрді. Бұл әскери демократияның гүлденуі және мемлекеттің қалыптасу кезеңі. Алғашқы мемлекеттік белгілер байқалды. Рулар тайпалар тайпалық одақтарға бірікті. Тайпалық одақ - алғашқы мемлекеттік құрылым. Оларды көсемдер немесе сақ патшалары басқарды. Сақ патшасы - әскери басшы, ол соғыс және бітім мәселесін, көшіп-қону, көрші елдермен қарым-қатынастарды реттеді.

Б. э. д. ІV- ІІІғғ. сақтарда мемлекеттіліктің ең басты белгілерінің бірі - жазу пайда болған.

Көшпелі өмірдің, сыртқы жаулармен күрестің ықпал етуімен сақтар бірлестігі әлі де буыны бекімеген, әскери демократиямен шектелген құрылым болды.

2) Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылымдардың бірі, көшпелі тайпалар мемлекеттігінің алғашқы көрінісі - ғұндардың мемлекеті.

Ғұндар туралы алғашқы деректер б. э. д. ІVғ. Қытай жазбаларынан кездеседі. .

Б. э. д. ІІІғ. басында ғұндар әскери көсем Тауманның басшылығымен үлкен көшпелі мемлекет құрды. Қытай деректері ғұндардың мемлекет басшысын шаньюй деп атаған. Ғұндардың өзі патшаларын тәңірқұты деп атаған. Ұлы Мөде тұсында мемлекет мейілінше күшейді.

Б. э. д. 59ж. ғұндар дағдарысқа ұшырап екіге бөлінді. Ғұндардың оңтүстік бөлігі Қытайдың қоластына кіруге мәжбүр болды. Сволтүстік бөлігі Қазақстан мен Орта Азияға, одан әрі Европаға қоныс аударды. Ғұндар соы өңірде алаңдармен, қаңлылармен және үйсіндермен араласты.

Ғұндардың империясы жоғарыдан төменге дейін түгелдей әскери және азаматтық билік жымдасқан үлгісі болды.

Мал отбасының меншігі болған. Әр отбасы мал бағатын белгілі бір территорияға ие болған. Ол территорияны бүкіл ру болып қорғаған. Ғұндарда әмеңгерлік жүйе өмір сүрген. Ұрлық жасағаны үшін отбасы мүшелері түгел жауап беретін.

Ғұндар көшпелі өркениетке енгізделген көшпелі мемлекеттік құрылымның негізін қалады. Алғаш рет әдет-ғұрыптарды заңдастырып, көшпелі әдет-ғұрып негізін салды.

3) Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдарды құрушы ежелгі үйсін және қаңлы тайпалары.

Үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түпкірінен Дұңхуаң және Чилан тауы аралығынан б. э. д. ІІғ. шамамен 160ж. көшіп келген. Ол кезде үйсіндерді Нәнді би басқарған. Жетісуда үйсіндер өз мемлекетін құрды.

Үйсін мемлекетінің басшысы күнбегі болды. Ол мемлекетті өзі тағайындаған әскери әкімшілік ұлықтар арқылы басқарды. Үйсіндерде тақ әкеден балаға мұрагерлікке беріліп отырды. Тақ үшін мұрагерлер арасында қанды күрестер жиі болып тұрған.

Ру мен тайпаларды күнбегі тағайындаған бектер басқарды. Бүкіл үйсін елі сол қанат, оң қанат және орта деп үш әкімшілікке бөлінді.

Үйсіндермен қатар бір кезеңде көрші болып Қаңлы мемлекеті өмір сүрді. Б. Э. Д. ІІІ-ғасырдан бастап қаңлылар Сырдарияның орта алқабы Қаратау өңірін мекендейді. Қаңлыларға Ташкенттен Хорезмге дейінгі өлкелер қараған.

Қаңлы елінің басшысын хан деп атаған. Кейбір деректерде оны яғбу, жабғу деп атаған. Ханның билігі азаматтық істерге де, әскерге де жүрген. Қаңлы мемлекеті өз ішінде бес иелікке бөлінген, оларды ханның өкілдері басқарған. Бұл иеліктер өздерінің орталық қалаларының атымен аталған.

Деректерде қаңлылардың жазба заңы болғандығы айтылады. Олардың заңы хан сарайында сақталады. Осы заң бойынша қылмыстыларды жазалайды. Заңда өрескел ауыр қылмыс жасағандардың тұқымы құртылады, одан соңғылары өлім жазасына үкім етіледі, ұрлық істегендердің қолы кесіледі делінген

Қаңлылар Қазақстан жерінде алғашқы мемлекеттік құрылым құрып, мәдениет пен өнердің, шаруашылықтың дамуына үлес қосты.

№ 3 дәріс

Тақырып : Қазақстан аумағындағы ертефеодалдық монархиялар. Түркі қағанаты

Дәріс мазмұны:

  1. Түрік қағанатының қалыптасуы.
  2. Түрік қағанатының батыс және шығыс қағанаты болып екіге жарылуы.
  3. Батыс Түркі қағанатының саяси құрлымы.

1) ІV-ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде Көне Түрік империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип - түрік тілдес халықтардың іргесі қаланды.

Бірінші қаған Құтлұқ болды. Оны Елтебер қаған деп атады. Оның жақын көмекшісі, әрі кеңесшісі түріктердің тамаша ерлік істері мен өсиеттерін құлыптастарға жаздырып қалдырған Тоныкөк болды. Қапаған қағанның тұсында (691-716) екінші Түрік қағанаты өзінің әскери-саяис қуатының гүлдену дәрежесіне жетті. Түрікте Қытайға бірнеше сәтті жорықтар жасады, қидандарды, Енисей қырғыздарын талқандап, Туваны бағындырды. Осылай Қапаған қаған Орталық Азияның билеушісіне айналды. Оның әскерлер Соғды жерлеріне дейін барды. Білге мен Күлтегін қағандардың тұсында да түріктердің қуаты артып тұрды. Ішкі соғыстардан 744 жылы екінші Түрік қағандығы құлап, Ашина әулетінің билігі тоқталды.

Ерте түрік мемлекеттері дамыған қоғамдық-саяси жағдайда өмір сүрді. Түріктердің қоғамында дамыған мемлекеттің барлық белгілаеі болды. Мемлекетті қаған биледі. Қаған- әскери қолбасшы саналды. Сондай-ақ қаған жайылымдарды бөлуге басшылық жасап, көшіп-қону бағыттарын анықтады. Қаған мемлекеттегі жоғарғы сот билігін жүргізуші де болды. Елдегі құқықтық тәртіптің ережелерін бекітті.

Түрік қағандары Ашина әулетінен (династиясынан) тарағандардан ғана сайланатын. Қағанның жанында қаған кеңесі болған. Қаған билігі билеуші әулет ішінде ағадан жасы үлкен ініге мұраға беріліп отырған. Түрік қағанатында қағаннан соң ұлығ, жабғу, тегін, шад, елтебер, тархан, бек, бұйрық, тұтық т. б. сияқты көптеген лауазым иелері болған. Осыған қарағанда қағандықта көп сатылы билі органдары болса керек. Жабғу, тегін, шад сияқты жоғары лауазымдарға қағанның балалары мен туыстары тағайындалды. Оларды қаған сайлап отырды.

Түрік қағандығында қағаннан бастап ру-тайпа бастығы бектерге дейін жиырма сегіз дәрежелі лауазым иелері болған.

Түрік қағанаттары сол кезең үшін дамыған мемлекеттік құрылыс жағдайында өмір сүрді. Түрік қағанаттары рулық-тайпалық құрылымдарды сақтап қалды. Көшпенді халықтардың құқығы әдет-ғұрыпқа негізделген құқық болды. Көшпелі мемлекеттің де әдет-ғұрып құқығының да алғаш рет кемеліне жеткен кезеңі түрік қағанаттарының дәуірі болды деуге толық негіз бар.

№ 4 дәріс

Тақырып : Түркеш және Қарлұқ қағанаттары

Дәріс мазмұны:

  1. Түргеш қағанатының пайда болуы.
  2. Түргештердін басқару жүйесі. Сары түргештермен Қара түргештердің күресі.
  3. Қарлұқ қағаңның құрылуы.
  4. Қарлұқтардың сыртқы саясаты. Қарлұқ қағаатыңын құлау себептері

Түрік қағанаттарынан соң Қазақстан территориясында Қарлұқ мемлекеті (756-940), Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қимақ қағанаты (ІХ-ХІ ғ-ң басы), Қарахан мемлекеті (942-1210), Қарақытайлар мемлекеті (1228-1213), Найман және Керей ұлыстары, Қыпшақ хандығы (ХІ ғ-ң басы - 1219) сияқты мемлекеттер өмір сүрді. Бұл мемлекеттерді Түрік қағанаттарының заңды жалғасы деуге болады. Себебі Түрік қағанатындағы халықтар кейін осы мемлекеттердің құрамына кірді. Олардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті, діни наным-сенімдері де ұқсас болды. Түргеш, сонан соң Қарлұқ қағандықтары кезінде Қазақстанға ислам дінін таратушы араб әскерлері кірді. Қарахан мемлекетінде ислам мемлекеттік дінге айналды.

Қарлұқ қағандығы (756-940) VІІІ ғасырдың ортасында түргештердің орнын басу үшін қарлұқ тайпалары мен оғыздардың күресі нәтижесінде пайда болды. Қарлұқ мемлекетінің басшысын жабғу, кейінірек қаған деп атады. Қарлұқтардың мемлекеттік жүйесі ұлыстық-тайпалық сипатта болып, орталық билігі күшті болмады. Орталықтың нашар болып, аймақтардың мықты болуы қарлұқ қағанының құлауына себеп болды.

№ 5 дәріс

Тақырып : Оғыз мемлекеті

Дәріс мазмұны:

  1. Оғыз мемлекетінің билік жүйесі.
  2. Жабғудын билігі .
  3. Оғыздардың заңдары.

Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғ-ң басы) тайпалары ІХ-Х ғасырларда оғыз тайпаларының одағы құрылды. Оғыздар 24 тайпадан тұрды. Өз ішінде оғыздар әрқайсысы 12 тайпадан тұратын екі бөлікке: бузуктарға және ұшықтарға бөлінді. Оғыздар Сырдарияның төменгі ағысынан Еділдің төменгі ағысына дейінгі жерде көшіп-қонды. Астанасы Жаңакент қаласы болды.

Оғыз мемлекетінің басшысы жабғу деп аталды. Жоғары билік мұраға қалдырылды. Күл-еркін - жағбудың орынбасарлары болды. Жабғуды тайпа өкілдерінен тұратын кеңес сайлады. Оғыз әскерлерінің қолбасшысын сюбашы деп атаған.

Оғыз басшыларының қатаң салық саясаты халықтың наразылығын тудырды. Бір жағынан селжұқтардың, екінші жағынан қыпшақтардық соққысынан оғыздардың мемлекеті ХІ ғасырдың басында құлады.

№ 6 дәріс

Тақырып : Қарахан мемлекеті

Дәріс мазмұны:

  1. Қарахан мемлекетінің құрылуы.
  2. Қарахан мемлекетінің саяси және әскери жүйесі .
  3. Қарахан мемлекетінің құқықтық жүйесі .

Қарахан мемлекеті бір жағынан селжұқтардың, екінші жағынан қарақытайлардың шабуылынан құлады.

Қарахан мемлекетінде әскери басшылық әкімшілік басшылықтан бөлінді. Мемлекеттің әкімшілік құрылымы көп сатылы (иерархиялы) принциппен құрылды.

Мемлекеттің жоғары билеушісінің құрметті атағы Арслан (арыстан) және Боғра (бура) деп аталды. Бүкіл елдің әскери, әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын басқаратын лауазым иелері бұғырыш, обғұ, туксин сияқты үш жүйеге жіктелді. Хан сарайындағы (аппаратындағы) қызметтердің белгілі штаты болды. Субаш (қолбасы), бек, ұлыққажин (бас кеңесші), ялауаш (елші), батықшы (хатшы), қабих (сарай күзетінің бастығы), хорұқшы (есік күзетшісі), ағшы (қазынашы), аспаз т. б. болды.

Қалалар мен қыстақтарды мехторлар, әкімдер мен райыстар басқарды. Пошта бастығын - саһипбарида, салықшылар бастығын - мустауфа деп атады.

Хан өзінің туыстары мен жақындастарына аймақтар мен қалаларды сыйға тарта алды. Мұндай сыйлықты “икта”, сыйлық иесін “иктадар” деп атады. Ханның келісімімен “иктадарлар” өзіне сыйға тартылған жерлерден бұған дейін мемлекет пайдасына алынатын салықты өздерінің пайдасына жинауға құқық алды.

№ 7 дәріс

Тақырып : Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері

Дәріс мазмұны:

  1. Қимақ мемлекетінің қалыптасуы.
  2. Қимақтардың әкімшілік - аумақтық бөлінісі . Қимақ мемлекетінің құлауы.
  3. Қыпшақ мемлекеттің тарих санасына шығуы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мемлекеттік құқық теориясы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Атқарушы билік органдары ұғымы және құқықтық мәртебесі
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Саяси жүйе теориясының авторы
ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Кәсіптік - еңбек тәрбиесі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz