Шағын және орта бизнес дамуының теориялық негіздемесі



Жоспар

Кіріспе

І. Шағын және орта бизнес дамуының теориялық негіздемесі
1.1 Шағын және орта бизнестің түсінігі
1.2. Экономикалық өсудің түсінігі мен үлгілері

ІІ. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы және оның экономикалық өсімдегі рөлі.
2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің
пайда болуы мен қалыптасуы
2.2. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуын статистикалық талда
2.3. ОҚО.ғы шағын және орта бизнестің 2004.2006 статистикасы.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Еліміздің экономикасын қайта түлететін, әлеуметтік – экономикалық әлеуетті еселей дамытуда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы жолдауындағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» бүгінде өз жұмыстарын жүзеге асырылып жатыр. Бұл жолдау 30 бағыттан қамтылған, яғни онда экономиканы дамытуға бүкіл іс - әрекеттер қарастырылған.
Жұмысымның мақсаты – шағын бизнестің тиімді, әрі жылдам дамуы үшін оны ұйымдастыру формаларына кедергі болып жатқан мәселелерді анықтап, оларды статистика арқылы талдай отырып, онды ұсыныстар беру.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау дегеніміз әрбір кәсіпкердің толыққанды әрі нәтижелі жүмыс істеуіне барынша мүмкіндік туғызу. Олардың қүқықтары мен мүдделерін заңмен қорғау. Қаржылай көмек көрсету. Сайып келгенде, кәсіпкерліктің тігізін жаңадан қолға алған азаматтарға істері оңтайланып, бір бағыт алып кеткенше демеу болу.
Жұмыстың мазмұнына тоқталып өтсек:
Бірінші бөлімде, шағын және орта бизнеске теориялық түсініктеме, яғни оның экономикалық мәні мен маңызы, қызметі оны ұйымдастырудың ұйымдық құқықтық формалары, шетелдік іс тәжірибелер қарастырылған.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасы бойынша және Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің статистикалық дамуына талдау жасалынған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Мамыров Н.Қ. Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. – Алматы:Экономика, 2004.
1 Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика. – М.: Дело и сервис, 1999. – 407с.
2 Макконнелл К., Брю С. Экономикс. – М.: Республика, 2002. – 800с.
3 Дорибуш Р., Фишер С. Макроэкономика. – М.: Экономика, 2002. – 405с.
4 Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі./ Егемен Қазақстан. 19 қаңтар 2006ж.
5 Қазақстанның даму қарқыны бәсеңдемейді / Егемен Қазақстан. 20 қаңтар 2006ж.
6 ҮЕҰ : кедейлік мәселелерін шешу./ БҰҰДБ. Алматы, 2004ж.
7 Социальная ответственность бизнеса и корпоративное гражданство/ Мировая экономика и международные отношения, 2005, №11, с. 3-13.
8 Жаңа экономика, инновация және бәсекеге қабілеттілік / Егемен Қазақстан. 16 қыркүйек 2006ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
І. Шағын және орта бизнес дамуының теориялық негіздемесі
1.1 Шағын және орта бизнестің түсінігі
1.2. Экономикалық өсудің түсінігі мен үлгілері

ІІ. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы және оның экономикалық
өсімдегі рөлі.
2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің
пайда болуы мен қалыптасуы
2.2. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуын
статистикалық талда
2.3. ОҚО-ғы шағын және орта бизнестің 2004-2006 статистикасы.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Еліміздің экономикасын қайта түлететін, әлеуметтік – экономикалық әлеуетті
еселей дамытуда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы жолдауындағы Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан бүгінде өз жұмыстарын жүзеге асырылып жатыр. Бұл
жолдау 30 бағыттан қамтылған, яғни онда экономиканы дамытуға бүкіл іс -
әрекеттер қарастырылған.
Жұмысымның мақсаты – шағын бизнестің тиімді, әрі жылдам дамуы үшін оны
ұйымдастыру формаларына кедергі болып жатқан мәселелерді анықтап, оларды
статистика арқылы талдай отырып, онды ұсыныстар беру.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау дегеніміз әрбір кәсіпкердің толыққанды әрі
нәтижелі жүмыс істеуіне барынша мүмкіндік туғызу. Олардың қүқықтары мен
мүдделерін заңмен қорғау. Қаржылай көмек көрсету. Сайып келгенде,
кәсіпкерліктің тігізін жаңадан қолға алған азаматтарға істері оңтайланып,
бір бағыт алып кеткенше демеу болу.
Жұмыстың мазмұнына тоқталып өтсек:
Бірінші бөлімде, шағын және орта бизнеске теориялық түсініктеме, яғни
оның экономикалық мәні мен маңызы, қызметі оны ұйымдастырудың ұйымдық
құқықтық формалары, шетелдік іс тәжірибелер қарастырылған.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасы бойынша және Оңтүстік Қазақстан
Облысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің статистикалық дамуына талдау
жасалынған.

І. Шағын және орта бизнес дамуының теориялық негіздемесі

1. Шағын және орта бизнестің түсінігі

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың “өз ісіне” деген табиғи
ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында
бұл қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына
әкеп соғады.

Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің
белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге
бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын
көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға,
экономикалық және ұйыдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа
байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай 2
жағдайға: біріншіден, комерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық
пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен
кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада ұйымдастыру ісінде
тапқырлық пен жаңашылдық тантуға, ҒТП-ке жетуге тікелей қатысты.

Экономикасы нарықтық бағытталады. Қазақстан үшін кәсіпкерліктің
даму мәселесі-өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені,
нарықтық экономиканың өзі - кәсіпкерлік орта. Кәсіпкерлікті дамыту –
нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік
төңірегінде көптеген мәселенің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы
ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Қазақстан Республикасы
Конституциясында былай деп жазылған : “Әркімнің кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін
пайдалануға құқығы бар”.

Кәсіпкерлер саны артып, олар өндіретін тауарлар түрі өскен сайын
халық сұранымы да барынша қанағаттандырылып, бюджетке салық
төлеушілер қатарының көбейе түсетіні мәлім. Ал мұның өзі қазір бір
күн сайын газет беттерінен оқып та, теледидар, радиодан естіп те
келе жатқан жалақы мен зейнетақының уақытылы төленіп отыруына да
себебін тигізетіні сөзсіз.
Еңбекке деген қабілетін адам екі жолмен пайдалана алады:
-не кәсіпкер ретінде
-не басқа кәсіпкерге жалдамалы жұмыскер ретінде.
Нарықтық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлік—бұл өнім өндіру,
белгілі бір жұмыстарды, қызметтерді орындауға байланысты ерекше
әрекет. Оның негізгі белгілері:

-шаруашылық әрекетінің бостандығы (өндіріс құралдарын пайдалануды,
өндіріс түрлері мен тәсілдерін таңдауды);
-осы экономикалық әрекетке, оның нәтижесіне, сондай-ақ оған
байланысты пайда болатын қателерге жеке басымен толық жауап беру;
-коммерциялық табыс пайда түсіруге бағытталады.
Сонымен қатар, кәсіпкердің ең ерекше қасиеті—ұйымдастырушылық
қасиеті. Жалпы алғанда кәсіпкер кәсіпорынның әрекетін бағыттайтын
және көптеген жағдайда осы әрекетті басқарушы кәсіпорынның негізгі
қолдаушысы және ұйымдастырушысы болып табылады. Ол еңбек құралдарының
иесі де болуы мүмкін, сондай-ақ өз иелігіне жатпайтын мүлікті жалға
алу арқылы пайдалануы да мүмкін.
Кәсіпкердің қызметін бағалай отырып, А.Смитт “Өзінің жеке
мүдделерін көздей отырып, ол қоғам саналы түрде қызмет еткісі
келгенінен де артық еңбек сіңірді”,- деп атап көрсетті.
Кәсіпкерлік белсенділік субъектінің негізі - кәсіпкерлік функцияны
атқарушы, яғни кәсіпкерлердің өзі. Кәсіпкерлік процесті қозғаушы
субъект. Кәсіпкер кәсіпкерлік процесті мүмкін болатындай етуші
байланыстар орнатып, олардың ортасында орналасады. Бірақта кәсіпкер
бұл процестің жалғыз субъектісі емес, кәсіпкерлік функцияны атқара
отырып, идеяны іске асруға тартылатын капитал иесімен және идеяны
тиімді іске асыру процесін басқаруға қажет маман-менеджерлермен
байланыс орнатады. Кез-келген жағдайда кәсіпкер өндірістік процестің
мүмкін не мүмкін еместігі және оның жалғасуы, соған байланысты
тұтынушымен әрекеттесуі керек.
Тұтынушы кәсіпкер тарапынан негізгі серіктес ролінде
қарастырылады. Тұтынушыға көңіл қою, оның мүддесі үшін жұмыс істеу-
кәсіпкерге қойылатын маңызды талап. Бірақ та одан маңыздырағы, ол -
тұтынушы әрқашанда кәсіпкерлік процестің субъектісі, оның қатысуынсыз
мұндай процес мүмкін емес. Кәсіпкердің серіктестерінің басқа
категорияларымен жағдайы дәл осылай анықталады—кәсіпкер кооперациялық
байланысқа түсуге мәжбүр болған тұлғалар, яғни өндірістік процесті
ұйымдастыруға қажеттінің барлығын жеткізушілермен (шикізат, босалқы,
жабдықтар, электр энергиясы және т.б.). Осы секілді серіктестермен
байланыс орнатпаса, өндірістік процессті ұйымдастыру идеясы “ауада
қалықтап”, оны іске асыру мүмкін болмайды. Бұдан кейін жеткізіп
беруші кәсіпкерлік процестің міндетті түрдегі қатысушы субъектісі
ролінде болады.
Кәсіпкердің өзіндік ұйымдастыру принципінің мәні, тұтынушылар
және жеткізуші серіктестермен қажетті байланыстарды орната алуда.
Осындай байланыстарды орната алмау, не орнатуды қаламау адамға
кәсіпкер болуға жол бермейді, ол талант. Осындай әрекеттерге табиғи
бейімділік кәсіпкерлік процесті жоғары тиімділікпен ұйымдастыруға
алып келеді.
Бірақ та кәсіпкерлік процес әрқашанда қандай да бір нақты
өндірістік процеске негізделе бермейді. Егерде мұндай процесті іске
асыруға өз күші жетпесе , онда жалдамалы жұмысшылар тартылады, олар
негізінде кәсіпкердің пікірлестері болуға тиіс. Ал егер бұлай болса ,
онда оларда кәсіпкерлік процестің субъектілері болады.
Кәсіпкерлік процестің субъектілерінің құрылымы түгелімен
төмендегі суретте көрсетілгендей болады.

1.2. Экономикалық өсудің түсінігі мен үлгілері.

Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең
маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың “мәңгі”
проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін
іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі.
Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік
шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында
өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ
мерзімді өзгерістерін білдіреді.
Осы (жаңа) заманғы теория мен практикада “экономикалық өсу” термині
елдің Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) немесе Жалпы Ұлттық Өнімнің (ЖҰӨ) нақты
көлемінің ұлғаюын көрсетеді, яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда
есептеледі және өткен жылғымен немесе қайсыбір базалық жылмен
салыстырғанда, ЖІӨ (ЖҰӨ) көрсеткішінің өсімін сипаттайды. Экономикалық
өсуді анықтау кезінде, ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар
бойынша немесе осы көрсеткіші есептеуде баға факторы және өзге де
құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.
Дүниежүзілік банктің ресми анықтамасына сәйкес Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ) –
нақты елдің аумағында бір жылдың ішінде өндірілген барлық тауарлар мен
көрсетілген қызметтердің жиынтық құндылығы. ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен айырмасы
(өзгешелігі), Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ), сондай-ақ ел азаматтарының
шетелдерден алған табыстарын да қосып, шетелдіктердің елден әкеткен
табыстарын шегеріп тастайды.
Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру
қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық
мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория “экономикалық
өсу” категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады? Экономикалық өсу ұлғаймалы
ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің
сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну
құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы
ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің
интенсивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстесивті типінде өнім шығаруды екі есеге
арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс
күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста
немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі
жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде
барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал
техникалық жарақтандыру мен еңбек өніміділігінің өсуі, ресурстарды
қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.

Экономикалық даму, әдетте, келесідей іс-әрекеттердің нәтижесінде
орындалуы мүмкін.

– Жұмыс күшінің санын көбейту. Егер жұмыс күшін құратын
адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде
артады. Мысалға, соңғы жылдардағы еңбек ресурстарындағы әйелдердің санының
өсуі АҚШ-тың өндіріс қуатын арттырады.
– Еңбек өнімділігін арттыру. Егер әрбір жұмысшы көбірек өндіре
бастаса (кез-келген), онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі.
– Техникалық деңгейін көтеру. Техникалық сипаттамалары
жақсартылған машиналарды қолдану еңбек өнімділігін арттырудың ең негізгі
және маңызды жолы болып табылады. Алайда, бұл шартты орындау үшін ғылым мен
техниканы үдемелі дамыту қажет.
– Капитал жинақтау. Өндірісті дамыту үшін тек қана тұтыну
тауарларын өндіріп қоймай, онымен қатар қоғам өзінің ресурстарының бір
бөлігін тиімді машиналар, станоктар, фабрикалар және т.с.с. сатып алу үшін
жинап, оны сатып алып, оларды өндірісте қолдану керек.
– Кәсіпорынның ақша қаражатын жұмасуын өсіру. Кәсіпорын еңбек
өніміділігін арттыру үшін жаңа сапалы құрал-жабдықтар алу, ғылыми
зерттеулер мен дайындықтар жүргізу, жұмысшыларды оқыту және басқа да
жолдарын пайдалануға қаржыны тиімді жұмсауға міндетті. Оған қосымша бұл
тұста үкімет тарапынан кәсіпорындарды еңбек өнімділігін арттыруға
ынталандыру мақсатында бөлінетін қаржыларды да қодану қажет.
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына
шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі
кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауды
ескерсек те,ұзақ мерзімді экономиканың тренді ұлғаймалы. Сондықтан
экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі - бұл
экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде
соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ,
ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
2. Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы
құрлымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі
және т.б ) Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге
ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш
бағытты атап өтуге болады.
– Неокейнстік
– Ноеклассикалық
– Тарихи-әлеуметтік
Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде
қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының
көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен
құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра
алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу
ресурс шектелуінің ахуалын жеңілдетеді.

а) Экономикалық өсудің (модельдері)

Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар:
1. Ұсыныс
2. Сұраныс
3. Бөлу
б)Ұсыныс факторлары болып табылатындар:

– Елдегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы
– Елдегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы
– Негізгі капиталдың көлемі
– Технолгия
Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс
факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері
шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан
әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір
біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды.
Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика
соған бейімделуі, қайта жаңғыру (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы
тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп
отырады.
Экономиканың нақты өсуі, сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты
болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін
анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарына тұтынушылық, инвестициялық,
мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен
экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы
бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.
Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың бөлу факторлары
да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға
жататындар:
– өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елді аймақтар
бойынша нақты бөлу;
– шаруашылық қызмет субъектілірнің арсында табыстарды
бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.
Экономикалық өсуге екі жол арқылы жетуге болады:
экономикалық қызметке жаңа жұмыс күшін тарту және экономикалық белсенді
халықтың бұрынғы сондай санын анағұрлым тиімді пайдаланудың есебінен, яғни
экстенсивті және қарқынды даму жолдарының көмегі арқылы қол жетеді.
Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған үдайы өндірістің ең
қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс
күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің
мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық
тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту
техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы,
материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз
деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның
себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың
жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары
солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайды ұдайы өндіріс жағдайлары шарасыздан
нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ
мерзімде бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.
Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің басты айрықша белгісі-
техникалық прогресс базасында өндіріс факторларының тиімділігін арттыру.
Өндірісті қарқынды ұлғайтудың шүбәсіз құндылығы табиғи ресурстардың
шектеулілігінен туындайтын экономикалық өсу тосқауылдарын жеңетіні болып
табылады. Қарқынды экономикалық өсу кезінде өндіріс ауқымын ұлғайту
анағұрлым ілгерішіл техниканы, озақ технологияларды, ғылым жетістіктерін
қолданудың, сондай-ақ кадрлардың біліктіліктерін арттырудың есебінен
жүреді. Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің ерекшеліктері мынада, мұнда
экономикалық өсу қарқынының өте жоғары болуы мүмкін емес, ал ғылыми-
техникалық прогресс жұмыссыздықты тудыру мүмкін.
Сонымен, экономикалық өсу қарқынды және экстенсивті сипат алу ықтимал.
Бұл ретте мемлекеттің экономикалық дамуы өндіріс ресурстарын пайдалану
тиімділігін ұдайы өсу жағдайларында, яғни өндірістің қарқынды сипат кезінде
қамтамассыз етіледі.
Экономиклық өсуді сипаттайтын индикатор болып табылатындар: ЖІӨ нақты
өсу, халық табыстарының нақты өсу, инфляция деңгейі, валютаның айырбас
бағамы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және ЖІӨ қатысты үкіметтің сыртқы
борышының деңгейі, елдің сауда балансы (экспорт, импорт және сауда
сальдосы),экономикаға тартылатын инвестициялардың нақты өсуі, сондай-ақ
экономика салалары мен экономикалық қызмет түрлері бойынша тауарлар және
көрсетілетін қызметтер өндірісінің өсу қарқындары.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы
мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизімнің
сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті түрін
алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті
қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта
экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге
табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.
Бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген,
қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу ретінен жабылады және бұл ресурстарды
қымбаттады. Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі
өнімнің өсуіне өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендігінде экономикадағы
пропорциональдық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық
шектеулері бар. Мұндай жағдайда тап болған қоғам өзінің бағыт - бағдарын
өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды
интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық
процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға- материалды
сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам
масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің
ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсткіші: жалпы
ішкі өнімі (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ)
болып табылады. Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы мөлшерде
өлшенеді.
Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі
(Кейнс кресі, IS-IM үлгісі). Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде
қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы және циклдік тербелістерге
байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық
саясаты тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді
ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен
берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты.
Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы,
жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның
факторларының және заңдылықтарының талдауы экономикалық теорияның басты
сұрақтарының біреуі болып табылады.
Жекеленген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен
анықталады. ЖҰӨ-нің өсу қарқынан анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін
алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы
нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз тұрінде көрсетеді.
Жалпы ұлттық өнімнің ЖҰӨ біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы
көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға яғни экономикалық
дамудың бағытын анықтауға болады. Экономикалық өсу экономиканың бір
қалыпты алға қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық прогресін
көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критериі өндіргіш күштердің даму денгейі
болып табылады. Кез келген басқа сияқты, экономикалық прогресттің қозғаушы
күші қайшылық болмақ. Өндіріс пен тұтыныс арасындығы қайшылық жалпы негізгі
және күш болып табылады. Тұтыныстар өндірісті ынталандырады, екінші жағынан
өндірістің өзі жағынан өндірістің өзі жаңа тұтыныстарды қалыптастырды -
сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық – оның қоғамдық түріне
тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі. Кез келген
қоғамда тұтынысты дәріптеу экономикалық заңы бар. Жыл сайын тұрындардың
саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп тұрады. Олардың тұтыныстарын
қанағаттыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді камтамасыз
ету қажет. Осыдан байқалатындығы экономикалық жүйе осы мәселені қандай
дәрежеде шеше алатын мүмкінділігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады.
Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің
интенсивті типі қолайлылау. Себебі материалдық игіліктер мен қызмет
көрсетудің артуына ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек
өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізеді. Әрине, бұл барлық өндіріс
факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол мынамен
байланыстырылады: оның артта қалуы XX-шы ғасырдың 50-шы жылдары басталған
ғылыми - техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық өсу
сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында әндірістің
интенсификациялау негізінде жүзеге асады.
ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып (70-80
жылдары басталды), мынаны байқатады:
-еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни
робототехниканы кеңінен қолданатын.
Экономикада нақты пайданың өсуі “Экономикалық өсу” деп түсіндіріледі
және әрібір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады.
Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты
өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер
қолданылады. Мысалы:

(Ү=Үt –Yt-1 немесе Yt =(Yt Yt-1,
t- уақыт индексі.
Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан
жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол
экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс факторларының
жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі
нәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде
өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе
интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына
немесе экономиканың өсуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.
Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен
топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал
интенсивтіге-технологиялық прогресс, масштаб арқылы үндемеу, білімді және
маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның
қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық
сұраныс үрдісінің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің
дербес факторы ретінде бөлінеді.
Экономиканың өсуін шектеп тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға
болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың
ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты.
Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты
өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік
түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдалынылатын болжамдар нақты
үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі
құбылыстың заңдылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.
Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс
факторларының өсу ықпалымен. Яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда
болады.
Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік
факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы
сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше,
инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе,
капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза
инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі
бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы – халықтың жағдайын көтеруге
негіз болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін,
тұтыну бағасының динамикасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес-жоспардың теориялық және практикалық аспектілері
Шағын және орта бизнес дамуы
Шағын және орта бизнестің түсінігі
Құрылымдық бөлімдердің бизнес - жоспары
Экономикадағы несиенің ролі
Несиенің мәні және оның айналым капиталын басқарудағы рөлі
Қазақстандағы франчайзинг
Бизнес-жоспарлардың мазмұны
Туризм және ішкі туризм индустриясының дамуының теориялық негіздемесі мен Қазақстандағы туризм индустриясының құрылымы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы
Пәндер