Қауіпті ағымдардың қақпанынан аулақ жүр!



1 Исламдағы фундаментализм
2 Фундаментализм адам мен қоғамға, мемлекетке зиянды ілім
Алғашында Тәжікстан, Өзбекстан, кейіннен Қырғызстанның тынышын алған экстремистік әрекеттер, террористік актлер негізінен осы ислам экстремизмімен байланысты болып келеді. 90-жылдардың ортасынан бастап Қазақстанда тамырын жайған бастапқы кездегі фундаменталистік, кейіннен экстремистік идеялар біртіндеп қоғамды тұрақсыздандырушы факторға айналып отыр.
Жаңаөзендік бес жасөспірім қауіпті ағымдардың арбауына түсіп қалып, сол адасудың жетегінде Дағыстаннан бір шыққан. Олар бастапқыда мешітке барып жүреді екен. Ата-аналары да ештеңеден пәлендей сезіктене қоймаған. Сол Дағыстанда әлгі 5 жас жігіт мерт болып, қыршынынан қиылғанда әке-шешелері олардың жерлеуіне әрең қатысып үлгерген. Не деген қасірет! Осындай қасіретті оқиғаларды талдап қарасақ, оның артында бұғып жатқан экстремизм мен фундаментализм дегендерді көресіз.
Бұл ретте экстремизм мен фундаментализм екі ұғым болғанымен, бір-бірінен соншалықты ажырай қоймайды. Себебі фундаментализм идеялық жағынан исламның алғашқы дәуіріндегі мұсылмандар өмірін үлгі тұту, үш-төрт ғасыр бұрынғы исламды да емес, он төрт ғасыр бұрынғы пайғамбар мен әділетті төрт халифтің билік құрған кезеңіне қайта оралуға шақырады. Фундаментализмнің негізгі белгісі - исламды жаңалықтардан тазартуға ұмтылушылық. Оған тән басты нәрселер мыналар болып табылады: мұсылманның өмір салтын белгілейтін негізгі ережелер Құран мен Сүннет деп санайды, сондықтан мемлекеттің зайырлы заңдарын харам деп жариялайды. Исламдағы төрт құқықтық мектеп – мазхабтардың ешқайсысын мойындамайды және жиһадты да теріс түсіндіреді.
Исламдағы фундаментализмнің бірнеше атауы бар. Ислам елдерінде оны «салафизм», ал батыс елдерінде «фундаментализм», бұрынғы Кеңестер Одағында «ваххабизм» деп атайды. Енді аз-маз салафизмге тоқтала кетелік. «Салафизмде» екі негізгі ұғым бар. Бірі – күпір, екіншісі – джиһад. Негізі күпір деген – мұсылман бола тұра Құдайдың айтқанын істемеу, күмән келтіру. Бірақ, фундаменталистер «күпір» ұғымын өздерінше бұрмалайды. Кім де кім олардың шарттарымен келіспесе, ол күпір қылған боп саналады. Олар, әсіресе, халықтық, дәстүрлі исламның ғұрыптарын, яғни зияратты, тұмарды, батаны тағы басқа дәстүрлі ғұрыптарды шімірікпестен «күпірге» жатқыза-ды. Олар «джиһад» ұғымын да бұрып, өздерінше тәпсірлейді. Негізі «джиһад» дегеніміз – мәселен, жүректің джиһады, бұл – адамның өзінің жаман қылықтарымен күресуі, адамдарды күнәдан сақтандырып, Алланың бірлігін насихаттау. Ал фундаментализмнің өкілдері джиһад дегенді қолға қару алып, соғысу деп қате қабылдайды.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ҚАУІПТІ АҒЫМДАРДЫҢ ҚАҚПАНЫНАН АУЛАҚ ЖҮР!
Алғашында Тәжікстан, Өзбекстан, кейіннен Қырғызстанның тынышын алған
экстремистік әрекеттер, террористік актлер негізінен осы ислам
экстремизмімен байланысты болып келеді. 90-жылдардың ортасынан бастап
Қазақстанда тамырын жайған бастапқы кездегі фундаменталистік, кейіннен
экстремистік идеялар біртіндеп қоғамды тұрақсыздандырушы факторға айналып
отыр.
Жаңаөзендік бес жасөспірім қауіпті ағымдардың арбауына түсіп қалып, сол
адасудың жетегінде Дағыстаннан бір шыққан. Олар бастапқыда мешітке барып
жүреді екен. Ата-аналары да ештеңеден пәлендей сезіктене қоймаған. Сол
Дағыстанда әлгі 5 жас жігіт мерт болып, қыршынынан қиылғанда әке-шешелері
олардың жерлеуіне әрең қатысып үлгерген. Не деген қасірет! Осындай
қасіретті оқиғаларды талдап қарасақ, оның артында бұғып жатқан экстремизм
мен фундаментализм дегендерді көресіз.
Бұл ретте экстремизм мен фундаментализм екі ұғым болғанымен, бір-бірінен
соншалықты ажырай қоймайды. Себебі фундаментализм идеялық жағынан исламның
алғашқы дәуіріндегі мұсылмандар өмірін үлгі тұту, үш-төрт ғасыр бұрынғы
исламды да емес, он төрт ғасыр бұрынғы пайғамбар мен әділетті төрт халифтің
билік құрған кезеңіне қайта оралуға шақырады. Фундаментализмнің негізгі
белгісі - исламды жаңалықтардан тазартуға ұмтылушылық. Оған тән басты
нәрселер мыналар болып табылады: мұсылманның өмір салтын белгілейтін
негізгі ережелер Құран мен Сүннет деп санайды, сондықтан мемлекеттің
зайырлы заңдарын харам деп жариялайды. Исламдағы төрт құқықтық мектеп –
мазхабтардың ешқайсысын мойындамайды және жиһадты да теріс түсіндіреді.
Исламдағы фундаментализмнің бірнеше атауы бар. Ислам елдерінде оны
салафизм, ал батыс елдерінде фундаментализм, бұрынғы Кеңестер Одағында
ваххабизм деп атайды. Енді аз-маз салафизмге тоқтала кетелік.
Салафизмде екі негізгі ұғым бар. Бірі – күпір, екіншісі – джиһад. Негізі
күпір деген – мұсылман бола тұра Құдайдың айтқанын істемеу, күмән келтіру.
Бірақ, фундаменталистер күпір ұғымын өздерінше бұрмалайды. Кім де кім
олардың шарттарымен келіспесе, ол күпір қылған боп саналады. Олар, әсіресе,
халықтық, дәстүрлі исламның ғұрыптарын, яғни зияратты, тұмарды, батаны тағы
басқа дәстүрлі ғұрыптарды шімірікпестен күпірге жатқыза-ды. Олар джиһад
ұғымын да бұрып, өздерінше тәпсірлейді. Негізі джиһад дегеніміз –
мәселен, жүректің джиһады, бұл – адамның өзінің жаман қылықтарымен күресуі,
адамдарды күнәдан сақтандырып, Алланың бірлігін насихаттау. Ал
фундаментализмнің өкілдері джиһад дегенді қолға қару алып, соғысу деп қате
қабылдайды.
Жоғарыда айтылғандардың мысалын алыстан іздемей-ақ, Қазақстанның ішінде
болып жатқан, көбіне құпия, ешкімге елеусіз діни экстремистік сипаттағы
оқиғалардан көруге болады. Негізі, Қазақстанға діни экстремизмнің
төндіретін қаупіне жеткілікті назар аударылмай келді. Ал жекелеген
аймақтарда орын алып келген оқиғалар мәселеге тыңғылықты назар аударуды
талап етеді. Ғаламтордағы ақпаратқа сенсек, Қазақстандық жиһадшылардың
2004 жылғы Ташкенттегі жарылысты ұйымдастыруға қатысы барлығы анықталды.
2001ж. Шымкентте ислам дінін қабылдап, өзіне Абдул Ваххаб атын иемденген
Атырау қаласының тұрғыны Андрей Миронов 2005ж. тамыз айының соңында Атырау
қаласының әкімдігі мен қала әкіміне қарсы жарылыс ұйымдастырмақ болып, арам
ойының жүзеге асуына бүге-шүгесіне дейін дайындық жасайды. Алайда оның бұл
әрекетіне ІІД қызметкерлерінің жедел іс-қимылының арқасында тосқауыл
қойылады. Бұдан кейінгі оқиғалар тізбегі елді еркін жайлаған дін
тазартушылар қауіпті құбылысқа айналып бара жатқанын көрсетеді. Әйтпесе,
сол 2005ж. Шешенстан астанасы Грозныйда Ресей қауіпсіздік органдарына
қарсыласып оққа ұшқан террористер ішінде Қарағанды тұрғыны Жандос Ахметчин
отанын қорғап жүр дейсіз бе?! Яғни, бұлардың барлығы біреулердің арбауына
еріп, адасқандар. БАҚ мәліметтері бойынша, тек 2008-2009 жылдар аралығында
Қазақстанда жоғарыдағыдай алты оқиға тіркелген. Мұның ішінде, әсіресе,
Оралда лаңкестік әрекет жасауға адам тонап, кісі өлтіру жолымен ақша
жинаған Ринат Айтмұхаметовтың тобын айтпай кетуге болмайды. Сирияда
білімін жетілдіріп қайтқан оның топ құрып, Оралда халыққа рухани нәр
беруге тиіс қасиетті мекен – мешітте дінге жаңалық енгізгендерге қарсы
күрес жүргізу мен кісі тонап, кәпірлерді өлтіруді қатар алып жүргенін кез-
келген азамат біле бермейді. Бұдан кейінгі лаңкестік әрекеттер тізбегі
Қазақстандағы діни экстремизмнің қайда бағыт алып бара жатқанын аңғартады.
Дінсіздерге қарсы әділетті соғыс бастауды мақсат тұтқан жиһадшылар
қатарында Оңтүстік Қазақстандағы ҰҚКД ғимаратын жармақ болған
М.Мақұлбековтың тобын, Ақтөбенің Қандыағаш стансасында спирт зауытын жаруды
жоспарлаған діни фанатиктер де естіген жұрттың жағасын ұстатты. Бұл аз
болғандай үстіміздегі жылдың жазында Дағыстанда оққа байланған жаңаөзөндік
5 жасөспірімнің қазасы құзырлы органдар мен қалың көпшілікті дүр
сілкіндірді. Өйткені “бес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өмір мен жұмыс арасында теңгерім табудың 5 тәсілі туралы
Дәстүрлі емес діни ағымдар
Дәстүрден тыс діни ағымдар
Адвентизмнің негізінің қалыптасуы
Таблиғи жамағат ағымы
Әлемдегі діни экстремизм мен радикализм
Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері
Африка және Америка континенттернідегі ежелгі халықтар
Діни басқармаға филиал
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы діни ахуал
Пәндер