Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретінде даму тарихы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретінде даму тарихы

Жоспар:

1. Әкімшілік құқықтың ғылым және құқық саласы ретіндегі түсінігі және

пәні.

2. Әкімшілік құқық ғылымының мақсаттары.

3. Әкімшілік құқық және полициялық құқық, ара қатынасы және даму

этаптары.

4. Әкімшілік құқық саласы мен ғылымының дамуының қазіргі

жағдайлары.

5. Глоссарий

6. Пайдаланылған әдебиет

1) Әкімшілік құқығының түсінігі және пәні.

Әкімшілік деген сөз латын сөзінен аударғанда, “басқару” деген мағынаны білдіреді. Яғни, әкімшілік құқық басқару саласындағы биліктік қатынастарды реттейді.

Әкімшілік құқық-конституциялық және азаматтық құқықтармен қатар Қазақстан құқық жүйесінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның мұндай орын алатын себебі - “әкімшіліктің” әрқашанда және қазір де сөзсіз үлкен қоғамдық, тіпті өмірлік зор маңызы бар деп айтуға болады.

Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Әкімшілік құқық - мемлекеттік басқару саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.

Заң энциклопедиясы әкімшілік құқықтың түсінігін мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастармен байланыстырады.

Әкімшілік құқықтық актілердің көпшілігіне жүйе құратындай белгілер бар: біріншіден, мұндай актілер қатынастардың белгілі бір жиынтығын реттейтін болғандықтан (органның, лауазымды адамның мәртебесін немесе өкілеттігін), оларда өзіндік маңыз болады; екіншіден, нақты мәселелерді шешудегі оның қызметінің шеңберін анықтау қажеттілігі; үшіншіден, мемлекеттік басқару органдарының заңдардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған ниеттері жан-жақты шаралардың қабылдануын талап етеді. Мұндай мән-жайлар әкімшілік заңнаманың бірқалыпты талассыз дамуын қамтамасыз етеді.

Әдебиетте әкімшілік құқықтың мәнін қалыптастыратын қатынастарды топтастырудың негіздемелерін анықтауда алшақтық бар. Мысалы, Д. Н. Бахрах: 1) аппарат ішіндегі қатынастарды; 2) әкімшілік биліктің азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара қатынастарын бөліп қарастырады.

Әкімшілік құқық өзінің мәні бойынша төмендегідей санаттардың қосындысы:

• әкімшілік құқық Қазақстан заңнамаларының саласы ретінде;

• әкімшілік құқық заң ғылымының бөлігі ретінде;

• әкімшілік құқық пән ретінде болып табылады.

Әкімшілік құқықтың пәні. ҚР-ның құқық жүйесінің ерекше саласы бар. Оның негізгі мақсат-міндеті - айрықша сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі: олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болады (тиісінше өзгертіледі және тоқтатылады) . Ал оларға реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша әкімшілік құқықты құрайтын құқықтық нормаларға жүктелген. Солай болғандықтан, аталған аядағы әр түрлі қоғамдық қатынастар жалпы түрде Қазақстан құқығының осы саласының пәнін құрайды деп айтуға болады. Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады.

Пән дегеніміз - ғылымның зерттейтін объектісі. Әкімшілік құқықтың пәні - бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар. Яғни, әкімшілік құқықтың пәні болып ол реттейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығы табылады. Олай болса, әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға қандай қатынастар жатады?

Әкімшілік құқықтың мәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:

-атқарушы билік органдарының ұйымдастыруымен байланысты;

-әкімшілік-билік өкілеттігін жүзеге асыру және әкімшілік-билік органдарының азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара байланысы барысында туындайтын;

-әкімшілік-деликтік сипаттағы (әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын) қатынастарды жатқызуға болады.

Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу әдісі деп әкімшілік құқық қатынасқа ықпал ететін тәсілдердің, құралдардың, амалдардың, жиынтығын түсінуіміз керек. Ол жиынтықты мыналар құрайды:

1. Рұқсат ету - адамдардың өздерінің белсенді әрекетін жасауға

құқық беру;

2. Тыйым салу - белгілі бірәрекеттерді жасаудан тартынуын талап

ету;

3. Позитивтік міндеттеу - адамдарға олардың тиісті мінез-құлық

көрсету міндетін жүктеу.

Жария мүдделерінің өрісінде өзіндік ерекшелік бар, ол қорыта келгенде, реттеудің тәсілдерін, құралдарын және амалдарын таңдауға ықпал етеді. Императивтік реттеудің әдістерін таңдау жекелеген азаматтардың өзара түсінік арқылы басқалардың мүдделеріне деген ойын еркін білдіруін, мемлекет әкімшілігінің әкімшілік құқықтың ұжымдық және жеке субьектілері мен ынтымақтастығын қамтамасыз етуді көздейді.

Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынстарға, яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері. Жалпы құқық теория сытұрғысынан Қазақстан құқығының кез-келген саласының құқықтық реттеу құралы ретінде төмендегі заңдық мүмкіндіктерді пайдаланатындығы жеткілікті түрде сенімді етіп дәлелденген: нұсқама(міндеттеу), тыйым, ерік беру . Олардың жиынтығы қоғамдық қатынастардың кез келген түріне құқықтық ықпал жасаудың мазмұнын құрайды.

Нұсқама (міндеттеу) - бұл тиісті құқық нормасымен осы нормада қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекет жасауға тікелей заңдық міндет жүктеу. Мысалы: заңды түрде бекітілген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады (Конституция, 35-бап) .

Тыйым
- шындығында бұл да нұсқама, бірақ заңдық мазмұны басқа. Оның мағынасы мынада, құқық нормасы өзінің адресаттарын(жолданатындарына) осы нормамаен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар белгілі бір іс-әрекеттерді жасаудан бас тартуға тікелей заңдық міндет жүктейді. Мысалы: Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады (Конституция, 26-б, 4-т) .

Ерік беру
- бұл осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекеттерді өзінің қалауы бойынша жасауға немесе оларды жасаудан бас тартуға заңды түрде рұқсат беру. Мысалы: Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі аықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы (Конституция, 19-б, 1-т)

2) Әкімшілік құқық ғылымының мақсаттары.

Ғылым саласы ретінде әкімшілік құқық - көптеген ғылыми теориялардың, тұжырымдамалардың, ой-пікірлердің және әртүрлі ғылыми көзқарастардың жиынтығы болып табылады. Әкімшіліқ құқығы ғылымына көп үлес қосқан ғалымдар: Е. Баянов, А. А. Таранов, Д. Н. Бахрах, А. М. Васильев, А. П. Алехин және т. б.

Әкімшілік құқық ғылымы - құқықтық нормалардың жиынтығын, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды, сол қоғамдық қатынастарды реттеу әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылым.

Әкімшілік құқық ғылымы заң ғылымының негізгі бөлігі болып саналады. Ол әкімшілік құқықтың даму заңдылыктарын зерттейді. Әкімшілік кұкық ғылым ретінде әкімшілік-құқықтық құбылыстар туралы ұғымдар, категориялар және тұжырымдар жуйесі болып табылады.

Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару сферасындағы қатынастарды

реттейтін құқықтық нормаларды зерттеп, мемлекеттік басқару аппаратының кұкықтық реттелу зандылығын қарастырады. Ол басқару қатынастарын талдап, мәнін ашып және тәжірибеде әкімшілік-құқықтық нормалардың кең қолданылуын дәрістейді. Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінін мәртебесін, басқарудың кұқықтық формалары мен әдістерін, мемлекеттік басқарудағы заңдылыкты, тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерін, әкімшілік процесс мәнін қарастырып, осылардың ғылыми жақтары бойынша мәселелерді қозғайды.

Осы заңдылықтарды терең, әрі жан-жақты талдау нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды өзгертуге, реттеуге, бастысы олардың тиімділігін көтеруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар, сілтемелер жатқызылады. Әкімшілік құқық ғылымының да құқық саласы сияқты өзіндік жүйесі бар және олар әкімшілік-құқықтық институттар арасындағы ішкі байланыстар негізінде қалыптаскан. Әкімшілік құқық ғылымы сондай-ак әкімшілік құқықтың даму заңдылықтарын және оның өзге де теориялық мәселелерін қарастырады. Әр
қоғарғы деңгейде дамыған әлеуметтік, демократиялык елдерде әкімшілік құқық қоғам дамуының ерекшелігін, деңгейін және басқару органдары қызметінің шынайылығын көрсетеді. Қорытындылай келе әкімшілік құқық дегеніміз Қазакстан Республикасының әкімшілік-құқықтық нормаларымен және нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген, жалпыға міндетгі нормалар жүйесі.

3) Әкімшілік құқық және полициялық құқық. Ара қатынасы және даму этаптары.

Тарихи анализ жүргізу арқылы, көптеген заңгерлер, философтар әкімшілік қүқықтың арғы атасы - полицей құқығы деген ұғымға келген. Бұл теорияның негізін қалаушы француз административисті Людовик XIV кезіндегі Н. Деламора, оның еңбегі «Мысли о полиции» (1707 ж. ) . «Полиция туралы ойлар» халықты қорғау саласындағы полицияның қызметі, меншік, жолдар, сауда, қаржы, кауіпсіздікпен камтамасыз ету мәселелерін қарастырады.

Сонымен катар Шарль Луи Монтескьенің «О духе законов», яғни «заңдар рухы туралы» атты еңбегінің алатын орны ерекше. Құқықтық ғылымның негізгі даму кезеңіне Гегельдің еңбектерін жатқызуга болады. Ол өзінің «құқық философиясы» деген еңбегінде мемлекетке философиялық тұрғыдан тереңірек түнісінік береді.

Әкімшілік құқық саласындағы ең ірі өкілдердің бірі неміс ғалымы, оқымыстысы Лоренц Штейн болып саналады, оның еңбектері XIX ғасырда жарыққа шыққан болатын. Ол өз еңбектерінде полицияға және полиция құкығына көбірек көңіл бөліп, сол саланы тереңірек зерттейді. Оның ең танымал еңбектерінің бірі «басқару туралы ілім» (1865 ж. ), онда мемлекеттің теориясы мәселелері, оның қоғаммен қарым-қатынасы, қоғамдық өмірдің ең негізгі 3 әлементінің «жеке, рухтық, және шаруашылық» әлементтерінің үндестігін қарастырады (личного, духовного, хозяйственного) . 1874 жылы Санк-Петербургте «басқару туралы ілім және басқару құқығы» деген еңбегі аударылып жарықка шықты. Бұл еңбек атқару билігін, оның ішінде басқару мен оның қызметін жан-жакты реттейтін саланы құқық саласы деп таныған. Құқық сонымен қатар мына басты институттардың қызметін ретке келтіреді: Үкімет, полиция, армия, жергілікті өзін-өзі басқару, сонымен қатар баскару органдарының жауапкершілігін анықтайды.

Революцияға дейінгі Ресейде кеден құқығы, медициналық құқық, білім беру құқығы бір тармаққа біріккен болатын. Ол полициялық құқық деп аталды. Оның қайнар көзі ретінде құқықтық әдет-ғұрып болған. Полициялық құқық - қоғамдық қауіпсіздікті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен институттарының жиынтығы. Сондай-ақ мемлекеттің қоғамның дәулеттілігі мен халықтың денсаулығын қамтамасыз ету қызметтерін тегін жүзеге асыруын реттейді.

Осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады: әкімшілік құқық пен полициялық құқық мәндері барабар болмаса да, тегі, мәні және қызметі ұқсас. Мәселен, бүгінгі таңда мекемелер мен лауазымдардың және әскерилендірілген жасақтардың жиынтығының бірі ретінде әкімшілік полиция жұмыс істейді. Әкімшілік полиция комитетіне жүктелген міндеттердің мазмұнын, сондай-ақ әкімшілік полиция қызметкерлерінің құзіреттілік өкілеттіктерінің мазмұнын, сипатын, көлемін, құқықтық тәртіпті орнатудың төмендегідей бағыттары айқындалады:

- азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- қоғамдық қауіпсіздікті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, тыйым салу;

- алдын ала тергеу міндетті емес қылмыстарды ашу, әрі жасалған қылмыстарды анықтау нысанында тергеу;

- өзінің құзіреті шегінде азаматтарға, лауазымды тұлғаларға, заңды тұлғаларға және қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету.

4) Әкімшілік құқық саласы мен ғылымының дамуының қазіргі

жағдайлары.

Қазіргі әкімшілік құқық- құқық саласы ретінде құқық жүйесінде жеткілікті деңгейде жеке тұлға құқығын нығайтатын және оны әкімшілік үстемдіктен қорғайтын нормалар пайда болған кезде калыптасты. Әкімшілік құқық жәй ғана аткарушы биліктің еркін ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар үлкен кұбылыс болып саналады. Әкімшілік құқық- өте маңызды, әрі күрделі сала, өйткені мемлекеттік әкімшіліктің қоғамдық мәні зор. Басқару қоғамның барлық саласында бар және оның қызмет көлемі үлкен, мазмұны әр қилы.

Әкімшілік құқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімшілік құқықтық реттелуін қарастырып, тәжірибеде (практикада) әкімшілік-құқықтық нормалардың орындалуын бақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың кұ-құқық әдістері мен нормаларын және олардың жүргізілу тәртібін айкындап, сонымен қатар басқарушы мен басқарылушы жақтардың қызметін құқықтық реттейді.

Әкімшілік құқықтың негізгі мақсат-міндеттері:

- қоғамның, мемлекеттік аппараттың, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты құрал ретінде әкімшілік биліктің тиімді қызмет етуіне жағдай жасау.

- атқарушы билікті демократиялық ұйымдастыру.

- атқарушы биліктің қалыптасуымен байланысты азаматтар мен олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандыктарының нығаюына оң әсер ету.

- азаматтар мен қоғамды - атқарушы биліктің бір жақты озбырлығынан қорғау.

- қоғамдық қатынастарды реттеу, нығайту.

- Конституция талаптарына сай немесе қоғамдық даму заңдарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыру.

- әкімшілік нормалармен, өзгеде құқық салаларымен реттелген

- қоғамдық қатынастарды қорғау.

- қоғам, мемлекет, азаматтар мүддесіне сай емес басқару сапасындағы катынастарды ығыстыру.

Қазіргі заманғы әкімшілік-құқықтық ғылымның ең маңызды міндеттерінің бірі әкімшілік іс жүргізу құқығы мен әкімшілік әділет контексінде әкімшілік құқықтық қатынастардың қалыптасу және дамуы мәселелерін зерттеу болып табылады.

Әкімшілік әділеттің дамуы Қазақстан Республикасы Президентімен қойылған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы міндеттерді іске асырудың қисынды заңдылығы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқық түсінігі
Құқық құрылымы және құқық жүйесі туралы түсінік
Азаматтық құқық қағидалары түсінігі
Мамандықтың пәндер каталогы
Қоғамның құқықтық жүйесін талдау
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Құқық жүйесі түсінігі және мәні
Құқықтың түрлері
Құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары
Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретіндегі даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz