Қаржы құралдары


ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ
Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім. Қаржы құралдары туралы
1. Қаржы құралдары ұғымы.
2. Қаржы құралдарының түрлері.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Адамзат тарихында тұлғалар арасындағы қарым-қатынастардың негізгі нысаны шарт болып табылады. Белгілі бір келісімшарттың өзара қатынастарды көрсететін немесе белгілі бір құқықтарды білдіретін заңи құжаттар қатарына қаржы құралдары жатқызылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеті қаржы құралдары нарығын құру және оны одан әрі өрістеу мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең тиімді механизмдерінің бірі - акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен айналысады.
Қаржы құралдары кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберілді, яғни оларды нарық жүйесіндегіең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрыламдық ерекшелігіне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұдай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-жылдардың басында құрыла бастады.
90-жылдардың экономикалық тәжрибесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншік акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері - халықтың меншігіне айналдыру мүмкін.
ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Қаржы құралдары - нарықта сатуға және сатып алуға болатын қаржы активтері (қоғамдық байлықтың барлық түрлері) мен пассивтері (бухгалтерлік баланстың бөлігі) . Жасалган капитал осы активтер мен пассивтер арқылы бөлінеді және қайта бөлінеді. Айналысқа түсетін, ұсынылатын құрал басқа тұлғаға сатуға немесе беруге арналған.
Қаржылық қатынастар ҚР салық және бюджет заңнамасымен, сондай-ақ Азаматтық кодекспен реттеледі. ҚР Азаматтық кодексінде мынадай анықтама берілген: қаржы құралы - операциялар нәтижесінде бір ұйымның қаржылық активімен бір мезгілде басқа ұйымда қаржылық міндеттеме немесе үлестік құрал туындайтын ақша, туынды құнды қағаздарды қоса алғанда, құнды қағаздар, туынды қаржы құралдары мен басқа да қаржы құралдары (128-1-б. 1-т. ) . Бұл дегеніміз, қаржы құралдары активтермен қатар міндеттемелер, үлестік құралдар болып табылады.
Қаржылық актив - ақшасын, басқа ұйымның үлестік құралын білдіретін кез келген актив, басқа ұйымнан ақшасын немесе өзге де қаржылық активті алуға немесе өзі үшін ықтимал тиімді жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен алмасуға шарттық құқық немесе есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін және бұл ретте, ұйымның меншікті үлестік құралдарының ауыспалы санын алатын немесе алуы міндетті болатын туынды құрал немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтің белгіленген сомасын алмастыру жолынан гөрі есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарының белгіленген санына кез келген өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін туынды құрал болып табылатын шарт.
Қаржылық міндеттеме - ақшасын немесе өзге де қаржылық активті басқа ұйымға беру немесе өзі үшін ықтимал тиімсіз жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелерімен алмасудың шартты міндеттемелерін білдіретін кез келген міндеттеме немесе есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін және бұл ретте, ұйымның меншікті үлестік құралдарының ауыспалы санын беретін және беруге міндетті болатын туынды емес құрал немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтің тіркелген сомасын алмастыру жолынан гөрі есеп айырысу ұйымның меншікті үлестік құралдарының тіркелген санына кез келген өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін туынды құрал болып табылатын шарт.
Үлестік құрал - ұйымның барлық міндеттемелері шегерілгеннен кейін қалатын оның активтеріндегі қалдық үлесіне құқығын растайтын кез-келген шарт. (ҚР АК 128-1-бап)
Қаржы құралдары спотгық (кассалық), мерзімді және опциондық (ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаган) нарықтарда айналысқа түседі.
Қаржы құралдары туралы мәселелер 7-ші Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандартында (ІFRS 7) айқындалған. Осы Стандартты барлық ұйымдар қаржы құралдарының барлық түрлеріне қолдануға тиіс. Бірақ қолдануға жатпайтын қаржы құралдары да бар. Олар: шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі, қызметкерлерге берілетін сыйақылар, сақтандыру келісімшарттары, акциялар негізіндегі төлемдер.
ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қаржылық қатынастарда қаржы құралдары негізінде туынды қаржы құралдары пайдаланылады. Туынды қаржы құралдары - болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүргізуді көздейтін, құны шарттың базалық активінің мөлшеріне (мөлшердің ауытқуын қоса алғанда) тәуелді шарт (ҚР АК 128-2-бап 1-т. ) . Тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстер, проценттік ставкалар және нарықтық құны бар басқа да активтер, болашақтағы оқиғалар немесе жағдайлар, туынды қаржы құралдары туынды қаржы құралдарының базалық активтері болып табылады. (3-т)
Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және осы белгілерге сай келетін басқа да туынды, оның ішінде жоғарыда аталған туынды қаржы құралдарының комбинациясы болып табылатын қаржы құралдары жатады. (128-2-б. 2-т. )
Опцион.
Опцион (ағылш. optіon, лат. optіo - таңдау, тілек, қалау) - иесіне келешекте қайсыбір активтерді тиянақталған бағамен (орындалған бағамен) сатып алу немесе сату құқығын беретін бағалы қағаз. Яғни, опцион - оған сәйкес бір тарап (опцион сатушысы) екінші тарапқа (опционды сатып алушы) болашақта келісілген жағдайларда пәтуаласқан баға бойынша базалық актив сатып алу немесе сату құқығын сататын туынды қаржы құралы. Опционды сатушы өзіне міндеттемелер алады, ал сатып алушы құқыққа ие болады. (АК 128-3-б. 1-т. )
Опционды сатушы опционды сатып алушыға сыйлықақы деп аталатын сыйақыға опционды сатады. Опционның келісілген жағдайлары деп мынадай міндетті шарттарды келісу түсініледі: базалық активтің түрі, базалық активтің жалпы құны (опцион жасалатын сома), базалық активтің бағасы (страйк - опционды орындау бағасы), опционның сыйлығы, опционның мерзімі (опционның қолданылу кезеңі), опционның түрі. Егер опционды сатып алушы өзі сатып алған құқықты іске асырса, онда опцион орындалды деп есептеледі. (ҚР АК 128-3-б 2-ші және 3-ші тармақтар)
Опциондық келісім - алдын ала жасалған лицензиялық келісім, бұл келісімге сәйкес лицензиат өзі назар аударған техника объектісімен неғұрлым ұзақ танысу құқығын алады. Әдетте, келісім ноу-хау беру кезінде жасалады, мұнда лицензиар лицензиялық келісімге қол қойылғанға дейін өндірістің құпиясын ашқысы келмейді, ал лицензиат мәні өзіне мәлім емес ғылыми-техникалық жетістікті сатып алғысы келмейді. Белгілі бір соманы төлегеннен кейін лицензиат техника объектісімен танысу, оны сынақтан өткізу құқығын алады.
Фьючерс.
Фьючерс (лат. futurum - болашақ) - уағдаласылған сұрыптағы тауарды белгілі бір мөлшерде келісілген бағамен көрсетілген кезең бойына жеткізу жөніндегі келісімшарт. Фьючерстік шарт бойынша міндеттемелер барлық жағдайда дерлік нақты тауарды жеткізу жолымен емес, төлеу немесе бағадағы айырманы алу жолымен орындалады.
Фьючерс - сатып алушы (немесе сатушы) ұйымдастырылған нарықта белгіленген стандартты шарттарға сәйкес базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгіленген мерзімі өткеннен кейін міндеттемені өзіне алатын тек ұйымдастырылған нарықта айналымға түсетін туынды қаржы құралы (АК 128-6-бап) .
Фьючерстік келісімшарт - биржа активін мәміле жасасу сәтінде тараптар белгілеген баға бойынша келешекте белгілі бір сәтте сатып алу-сату (жеткізу) жөніндегі стандарттық биржалық шарт, яғни келешектегі тауар жеткізілімі туралы келісім.
Мұнда іс жүзінде барлық талаптар, атап айтқанда, жеткізілім сапасы, мөлшері, талаптары, төлем талаптары, буылып-түйілу, таңбалану, тауарды қарау тәртібі, форс-мажор, т. б. бір ізге түсіріледі. Фьючерстік келісімшарт биржадағы сауда тақырыбы болып табылады. Фьючерстік келісімшарт туынды қаржы құралдары тобына жатады. Фьючерстік келісімшарт үшін базистік активтер - валюта бағамы (валюталық фьючерс), жетекші компаниялар акцияларының бағамы (қор фьючерсі), пайыз нысанында табыс әкелетін активтер - депозиттер, облигациялар (пайыздық фьючерс), тауарлар (тауар фьючерсі), биржалық индекстер (индекстік фьючерс) . Тараптардың міндеттемелерді өтеуіне биржа толық кепілдік береді.
Форвард.
Форвард(ағылш. forward - алға, алдағы, асығушы) - мәміле жасалғаннан кейін әрі кеткенде 2-3 күн өткен соң жүргізілетін мерзімді есеп айырысу нысаны. Валюталардың бағамы мен биржадағы бағаның ауытқуынан болатын ықтимал залалдан құтылу мақсатымен жүзеге асырылады. Форвардтық мәміле, әдетте, тараптар болашақта белгілі бір күні тауар жеткізіліміне келіскенде қолма-қол ақшаға жасасылады, сөйтіп есеп айырысу мәміле жасасылған сәтте жүргізіледі.
Форвард - сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келісілген шарттарда базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгіленген мерзімі өткеннен кейін міндеттемені өзіне алатын туынды қаржы құралы. (АК 1278-5-бап 1-т. ) Форвард ұйымдастырылмаған нарықта жасалады.
Форвард-келісімшарт - болашағы бар мерзімде келісімшартта келісілген мәміле бағасы бойынша енімді сатып алуға - сату жөнінде сатып алушы мен сатушы арасында жасалатын екі тараптық келісімшарт.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz