Жер шаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны, міндеттері мен кемшілішгі


Жер шаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны, міндеттері мен кемшілішгі
Топырақты өңдеу - өсімдіктің тамыр жүйесінің қалыптасуы және өсуі үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында, топыраққа машиналар мен құралдардың жұмыс мүшелерімен механикалық әсер ету.
Механикалық әсер ету мынадай технологиялық операциялармен шешіледі: қопсыту, аударыстыру, араластыру, тығыздау, тегістеу, арамшөпті отау, кескіндеу.
Толырақ өңдеу тәсілдері негізгі, жеңіл-желпі, таяз және арнаулы болып бөлінеді.
Негізгі өңдеу топырақты 20 см және одан да терең өңдеп, бүкіл өңделген қабатқа оңтайлы құрылыс және ұсақ кесекті құрылым қалыптастыруға бағытталған. Негізгі өңдеу тәсіліне жырту және терең қопсыту жатады.
Жырту кезінде төрт технологиялық операция атқарылады: аудару, қопсыту, үгіту және арамшөптерді жою. Суландырылатын егіншілікте жел эрозиясы қаупі болмаса топырақты өңдеудің негізгі тәсілі больш аудара жырту саналынады.
Жазық тілгіштермен терең қопсыту да топырақты негізгі өңдеуге жатады. Мұндайда топырақ аударылмайтындықтан, өсімдік қалдықтары оның үстінде қалады да, оны жел мен су эрозиясынан қорғайды және қыста қар ұстауға ықпал жасайды.
Топырақты жеңіл-желпі (үстіртін) және таяз өңдеу. Жеңіл-желпі ол топырақты 10 см дөңесті: ал таяз -10 см-ден 20 см тереңдікке дейін өңдеу.
Сыдыра жырту. Ол табақты жазық түренді сыдыра жыртқыштармен атқарылады. Деңесті табақты сыдыра жыртқыштармен өңдегенде қопсыту, аудару және арамшөптерді қырқу жүреді, ал жазық табақтымен өңдегенде аудару болмайды. Сыдыра жыртқыштарды ылғал жеткілікті жағдайда болғанда ғана қолданады.
Қопсыту. Бұл - қопсытуды, араластыруды және арамшөптерді жоюды қамтамасыз ететін тәсіл.
Тырмалау - қопсыту, араластыру, тегістеу жане арамшөптердің тамырларын, қатаймаған ескіндерін жою жұмыстарын орындайды.
Таптау (тығыздау) . Бұл тәсілмен топырақты тым құрғаудан қорғайтын тығыздалған қабат жасалынады. Тұқым егілгеннен кейінгі тығыздау - тұқым мен топырақ бөлшектерінің арасындағы тығыз жанасуды қамтамасыз ету, ірі кесектерді ұнтақтау, қабыршақтарды жою және топырақ бетін тегістеу.
Ылғалды, сортаң және тым құрғаған топырақты тығыздау қолайсыз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Шлейфтеуді топырақ бетін тегістеу үшін шлейфпен немесе сүйретпемен жүргізеді.
Малалау. Бұл тәсіл топырақ үстінің тегістігін және танапты суландыруға дайындағанда жоғарғы қабаттық тығыздалуын қамтамасыз етеді.
Топырақты өңдеудің арнаулы тәсілдері. Оларға фрезерлеу, плантажды және қат-қабатты жырту, саңылаулау, шұңқыршықтау, үңгілеу.
Фрезерлеу. Топырақтың жаңсы қопсытылуын, үгітілуін және араласуын қамтамасыз ететін тәсіл. Фрезерлегенде топырақ аорациясы жақсарады жене микробиологиялық процесс пәрменделеді. Бірақ, фреза топырақты күшті шаңдатады жене жұмыс өнімділігі төмен. Оны шымданған топырақтарды, торфты өңдегенде, сондай-ақ шабындық пен жайылымдықты түбегейлі жақсартқанда қолданады.
Плантажды жырту - топырақты плантажды соқамен 40 см терең (кейде 70 см дейін) өңдеу. Мұны жүзімдік, бақ дақылдарын және орман ағаштарын отырғызу үшін жүргізеді. Илантажды жыртуда қара шірінді қабат қарқынды үгітіледі және қол түбіне ауысады, ал төменгі құнарлылығы төмен қабаты жоғары көтеріліп, одан әрі мәдениленеді.
Қат-қабат жырту. Топырақ қабаттарының жартылай немесе толығымен өзара араласуын осылай атайды. Ол екі немесе үш қат-қабатты болуы мүмкін. Бкі қат-қабатты өңдегенде топырақтың жоғарғы және төменгі қабаттары араласады, ал үш қат-қабатты өңдеуде жыртылған үш қабат араласады. Мұндайда топырақтың аударылыстырылған жоғарғы қабаты орнына қалады, төменгі (үшінші) қабат екінші қабаттың орнына, екіншісі үшіншінің орнына ауысады. Осылай өңдеуді сортаң жерлерде жүргізу ұсынылады.
Саңылаулау. Судың ағып кетпей, топыраққа сіңіруін жаңсарту үшін қолданылады. Бұл тәсілдің артықшылығы - өсімдік қалдықтарының топырақ бетінде қалатындығында. Оны сүдігер жырту жүйесінде, көп жылдық шөптер мен күздік дақылдар егістігінде, суландырылатын жерде суландыру алдында, шабындық пен жайылымдықта қолданады. Өңдеуді әр түрлі конструкциялы (құрылғылы) саңылаулағыштарды қолданып жүргізеді.
Шұңқыршықтау. Су эрозиясымен күресу және танапта қар суын ұстап қалу үшін күзде арнаулы құрал - шұңқырлағыш ЛОД-10 көмегімен шұңқыршықтар жасайды. Тереңдігі 12-15 см сопақша келген шұңқыршықтың 1 га саны 13 мыңға жуық болады. Олар көктемде тырмамен немесе егу алдындағы өңдеулермен тегістеледі.
Үңгілеу. Ол ылғалы көп топырақтардың артық ылғалын қалыпты деңгейге жеткізу және аэрацияны жақсарту үшін қолданылады. Сыдыра жыртудың тереңдігі құрғақ жағдайда 8-12 см, ал ылғал жеткілікті болғанда 5-6 см болады. Атпатамырлы арамшөптермен ластанған танаптарды түренді сыдыра жыртқышпен өңдейді.
Сыдыра жыртқыш 15-20 күн өткеннен кейін, арамшөптер жаппай шыңданда, топырақты жыртады.
Өңдеу тереңдігіне өсімдіктер әр түрлі ықыластық білдіреді. Мысалы, қантқызылшасы, картоп, мақта, жоңышқа, беде, күнбағыс, мал азықтық бұршақ топырақтың терең өңделгенін қажет етсе, күздік бидай мен қара бидай, ас бұршақ, арпа, сұлы, т. б. орташа тереңдікте өңделгенді қажет етеді. Топырақтың терең өңделуіне шамалы ьщыласты дақылдарға жаздық бидай және зығыр жатады. Егін жинағаннан кейін күзі ұзақ, әрі жылы оңтүстік аудандарда жыртуды кеш көпжылдық арамшөптермен күресу үшін бірнеше сыдыра жыртданнан кейін жүргізеді.
Отамалы дақылдардан кейін танап арамшөптермеы шамалы ластанған болады және топырақ біршама борпылдақ келеді. Сондықтан, жыртар алдында сыдыра жыртқышты қолданудың, әсіресе кеш пісетін отамалы дақылдардан кейін қажеттілігі туындамайды. Мұндайда жыртуды дақылды жинап алысымен жүргізеді. Арамшөптен таза танаптары сыдыра жыртумен шектеледі.
Көпжылдық шөптер қыртысын өңдегенде мынадай міндеттер шешіледі: шымның тіршілігін тоңтату, оның ыдырауына және арамшөптердің жойылуына қолайлы жағдай жасау. Бұл міндеттер медени жыртудың нәтижесінде іске асырылады. Көгентамырлы және атпатамырлы арамшөптермен қатты ластанғанда жыртар алдында, вегетативтік көбею мүшелерін ұсақтау үшін танапты табақты тырмамен немесе сыдыра жыртқышпен екі бағытта өңдейді. Олар көктеп шыққаннан кейін мәдени жырту жүргізіледі. Жоңышқадан кейінгі танапты өңдерде оның тамыр тәжінің тіршілікке қабілеттілігін жою үшін оларды алдымен түренді сыдыра жыртқышпен қырқады. Тамыр тәжі құрғағаннан кейін өңдеу деңгейін бүкіл тереңдігіне жыртады.
Негізгі өңдегеннен кейін арамшөп шықса, оларды жеңіл - желпі өңдеумен жояды. Көп жылдық шөптерді бірінші орымнан кейін қыртысын жартылай сүрі типтес өңдеуге болады.
Ауыр топырақтарға қарағанда, шымы тез ыдырайтын жеңіл топырақтардағы көп жылдың шөптердің қыртысын жыртуды біршама кешірек жүргізеді. Бұршақ тұқымдас шөптер қыртысы, астық тұқымдас шөптердікімен салыстырғанда тез ыдырайтындықтан, дұрысы - кешірек өңдеу.
Сүрі жер емес алғы дақылдан кейін күздік дақылдар үшін жиын-теріннен кейінгі кезден ұзағырақ болса, топырақты жартылай сүрі жер түрінде немесе сыдыра жыртқыштан кейін жырту тиімді.
Мәдениленген топырақтарда бұршақ тұқымдас дақылдардан кейін, әсіресе ылғал жетіспегенде, дұрысы культиваторлармен жеңіл-желпі өңдеу. Эрозиялың процестер байқалатын далалық аймақтардағы күздегі топырақ өңдеуге келетін болсақ, топырақта жел эрозиясынан тиімді қорғайтын және қыста қардың жиналуына әсер ететін жазық тілгіштерді қолданудың артықшылығын айту керек.
Терең өңдеуді мезгіл-мезгіл топырақ дымқылдығы 22% және одан да жоғары болған жылдары жүргізу ұсынылады. Жылда терең 25-27 см өңдеу тек беткейлі жерлерде, тез тығыздалатын сортаң топырақтарда, көгентамырлы және атпатамырлы арамшөптермен қатты ластанған танаптарда және топырақтың ылғалдылығы жоғары болғанда тиімді.
Қара сұлымен қатты ластанған танаптарда олардың тұқымдарын топыраққа сіңіру мақсатында шанышқылы БИГ-3 тырмасымен өңдеген дұрыс.
Ерте жиналатын бір жылдык шөптерден кейін танапты алдымен шанышқылы тырмалармен 5-6 см тереңдікке, арамшөптер жаппай шыққаннан кейін, топырақтың тырыздығына және дымқылдығына қарай жазьщ тілгіш-қопсытқыштармен немесе терең қопсытқыштармен өңдейді.
Көпжылдық шөп (еркекшөп) қыртысын ОПТ-3-5 машинасымен бірнеше рет, ал күзде терең қопсытқыштармен 20-22 см өңдеу ұсынылады.
Көпжылдық шөптер қыртысының тығыз шымдарын БДТ-7 ауыр тырмасымен екі бағытта, ал кейіннен КПЭ-3, 8 немесе КТС-10-1 қопсытқыштарымен өңдейді. Өңдеу жұмыстарын терең қопсытқыштармен 25-27 см өңдеумен аяқтайды.
Ормандық-далалық аймақтарда көп жылдық шөптерді орғаннан кейін қыртысты дискілі құралдармен өңдеп, жыртумен жалғастырады.
Жыртқаннан кейін қажет болса, өңдеуді дискілі құралдармен жалғастырып жүргізеді.
Беткейлердегі топырақты өңдеудің белгілі ерекшеліктері бар. Қарапайым бір беткейлі жердегі топырақты беткейге көлденең өңдейді. Беткей күрделі болғанда өңдеуді жазықтың бойымен беткей контурын қайталай жүргізеді. Мұндай өңдеуді контурлы өңдеу дейді. Көлбеулі беткейлерде (0, 5-3°) ылғал жақсы сіңірілуі үшін топырақты терең жыртады немесе терең қопсытады. Қажет болғанда топырақ аралық су ағуды болдырмау үшін баспалдақтап жыртуды қолданады.
Беткейі тіктеу жерлерде жол жасау, бораздалау, шұңқыршықтау, саңылаулау және т. б. тәсілдер қолданылады .
Топырақтың өңдеу қабатын тереңдету тәсілдері . Өңдеу қабаты терең болғанда өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына жақсы жағдай қалыптасады, топырақтың су-ауа ережесі жақсарады, қоректік заттардың өсімдікке келуі пәрменделеді, микробиологиялық процестер күшейеді, арамшөптер, аурулар және зиянкестер тиімді жойылады. Өңдеу қабатын тереңдетудің ең қарапайым және тараған түрі өңделу қабатының бір бөлігін жыртып, өңделу бөлігімен араластыру болып табылады.
Өңделген қабат неғұрлым қуатты және мәдениленген болса, соғұрлым одан төменгі үлкен бөлігін жыртып араластыруға болады. Жағдайына байланысты қосымша жыртылатын қабаттың қалыңдығы 2-ден 5 см дейін болады. Өңделген қабатты тереңдетудің басқа тәсілі - топырақ тереңдеткіші бар соқамен жырту. Мұндайда төменгі жыртылған қабаты өз орнында қалдырылып, қопсытылады.
Генетикалық құрамы айқын қара топырақтар мен күңгірт қара-қоңыр топырақтарды тереңдету әр түрлі тесілдермен жүреді. Эрозиялық процестер туу қаупі болған жағдайларда жазықтілгіш терең қопсытқыштармен терең қопсытьш, топырақ бетінде қалдырады.
Қуатты өңделу қабатын жасаудың азырақ қолданыс тапқан бір тәсілі - фреза көмегімен және Мосолов-Ботов-Чижевекий-Дальский соқаларымен жырту.
Топырақ ерітіндісі сілтілі реакциясымен сипатталатын, дара шіріндісі аз және аэрофизикалық қасиеттері нашар кейбір топырақтарды тереңдету қажеттілігі туындаса, мелиорациялау қолданылады.
Топырақты жартылай, сүрі жер типтес өңдеу.
Күзгі ұзақ және жылы аудандарда ерте жиналатын дақылдардан кейін топырақты өңдеуді жартылай сүрі жер типтес өңдеу деп атауға келісілген. Онын, мәні мынада: алғы дақылды жинағаннан кейін арамшөптер шығуына қарай қара топырақты бірнеше рет жеңіл-желпі өңдеуді, сосын негізгі өңдеуді жүргізеді. Негізгі және жеңіл-желпі (үстіртін) өңдеулердін, кезектесуі қалыптасқан жағдайларға (топырақ дымқылдығы, арамшөптер өсуінің қарқындылыры, олардың түрлі құрамы, т. б. ) байланысты өзгеруі мүмкін. Көпжылдық арамшөптермен ластанған танаптарда ылғал жеткілікті болғанда егін жиналып алынысымен терең өңдеу жүргізіледі. Егер топырақ құрғап кетаен болса, алдымен таяз, сосын терең өңдеу қолданылады.
Жартылай сүрі жер ретінде өңдеу арамшөптермен, әсіресе көп жылдықтармен ластанғанда ең тиімді.
Топырақты тұқым себу алдында өңдеу. Топырақты себу егер алдында өңдеу ерте-көктемдік, аралық және нағыз себу алдындағы өңдеуден тұрады. Негізгі міндеті - топырақты себуге дайындау, ылғалды сақтау және арамшөптерді жою.
Ерте көктемдегі өңдеуді мүмкіндігінше ерте, топырақтың физикалық пісуінің басында, таңдап 4-5 см тереңдікке жүргізеді. Паялы танапта шанышқылы БИГ-3 тырмасы қолданылады. Ерте көктемдегі тырмалау, әсіресе тегістелмеген, кесекті сүдігерде, шойылғыш және тығыздалғыш топырақтарда, сондай-ақ топырақтан капиллярлы ылғалдын, булануы қарқынды болған жағдайда өте тиімді. Бірақ топырақ тым борпаң болғанда, ылғалдың жақсы сақталуы және топырақ бетінің тегістелуі шынжырлы-сақиналы таптағышты қолданғанда болады.
Күзде өңделмеген танаптарды ерте көктемде шанышқылы тырмамен өңдеп, кейіннен таптағышты қолдану өте тиімді. Тұқымдары күзде тырмамен топыраққа сіңірілген қара сұлымен ластанған танаптарда ерте көктемде тырма жүргізудің қажеттілігі болмайды.
Дақылдары кеш себілетін (бір жылдық шөптер, сұлы, арпа, т. б. ) танаптарда арамшөптерді жою үшін аралық жеңіл-желпі өңдеуді олар жаппай шыққаннан кейін жүргізеді. Батпақтанбайтын, кебір емес топырақтарда аралық қопсытуды таптағыштармен қосарландыра жүргізу керек.
Нақ себер алдындағы жүргізілген қопсытуда немесе сыдыра жыртқанда, арамшөптер жойылады және мәдени дақылдардың тұқымдарын сіңіретін және олардың тез өсіп шығуына жағдай жасалынады. Қопсыту немесе сыдыра жыртқыштан кейін қажет болғанда танапқа таптағыш жібереді (ұсақ тұқымды дақыл себілгенде) . Себер алдындағы еңдеуді тұқымның сіңіру тереңдігіне жүргізеді. Мұндай өңдеу үшін жақсы құрал болып ОП-8 қопсытқышы, ал топырақтың жоғары дымқылдығында ЛДГ-10 сыдыра жыртқышы саналады.
Арамшөптен таза, танап беті тегіс болғанда себу жұмыстарын топырақты өңдемей СЗС-2, 1, СЗС-6, СЗС-12 қопсытқыш-дәнсепкіштермен жүргізеді. Бұл құрамдар бір жүріп өткенде төрт технологиялық операция орындайды: қопсыту, себу, тықайтқыш енгізу және таптау. Егор тұқым сідіру қабатындағы (0-10 см) топырақ дымқылдығы 20%, ал арамшөп саны 70 дана/м 2 аспаса, мұндай қосарлану мүмкін болады.
Сүрі жерді өңдеу. Құрғақ аудандарда ауыспалы егістің тиімділігін арттырудағы сүрі жердің маңызы зор. Сүрі жер деп белгіленген мерзімге дақыл өсіруден бос және топырақтың физикалық-химиялық қасиетін жақсартатын, сондай-аң арамшөптерден, зиянкестерден, аурулардан таза жерді атайды. Сүрі жерде мынадай міндеттер шешіледі: 1) арамшөптерді жою; 2) ылғал жинау; 3) азоттың сіңімді түрін жинау; 4) топырақтың санитарлық күйін жақсарту; 5) топырақтың агрохимиялық, агрофизикалық қасиеттерін жақсарту.
Сүрі жерді күзде (қара сүрі жер), келесі жаз бойы (ерте сүрі жер) 4-5 рет өңдейді. Ерте сүрі жерді өңдеу мамырдың соңында маусымның бас кезінде басталып, 10-12 см жүргізіледі. Кейінгі 3, 4-і, әрбір 18-20 күннен кейін аталған тереңдікте өңделеді. Соңғы өңдеуді тамыздың 15-25-де 25-27 см-ге жүргізеді. Сүрі жердің тиімділігі өңдеумен қатар топыраққа қосатын тықайтқыштың есептелген мөлшерін енгізгенде және 2-ші немесе 3-ші өңдеу кезінде танапқа қышадан 2-3 қатарлы ықтырма еккенде арта түседі.
ТЫҚАЙТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖҮЙЕСІ
Тықайтқыштар деп құрамында мәдени өсімдіктерге қажетті қоректік элементтері бар минералды, органикалық және биологиялық заттарды айтады. Оларды минералды, органикалың және бактериялы деп бөледі.
Минералды тықайтқыштар . Минералды тықайтқыштарда қоректік заттар минералдың тұздар түрінде болады. Фосфорлы және калийлі тықайтқыштар химия өнеркәсібінде табиғи қазбаларды өңдеу арқылы алынады, ал азотты тықайтқыштардың өндірілуі негізінен ауа азотының сутегімен ерекеттесуінен аммиактың түзілуіне негізделген.
Барлық минералды тықайтқыштарды шартты түрде тікелей және жанама әсер етушілер деп бөледі. Алғашқысында қоректік заттар болады, ал кейінгісі топырақтың қасиетін өзгертіп, өсімдіктердің қоректену жағдайын жақсартады /әк, ғаныш/. Сонымен бірге тікелей әсер ететін тықайтқыштар, мысалы, аммиак селитрасы, суперфосфат жанама әсер етеді: топырақты қышқылдандырады, ал фосфорит ұны топырақты бейтараптандырады. Өк, ғаныш топырақ реакциясын өзгертумен қатар өсімдікті маңызды қоректік элемент - кальциймен қамтамасыз етеді.
Химиялық құрамы бойынша минералды тықайтқыштар қарапайым /бір ғана қоректік элементі бар/ және кешенді /2-3 элементі бар/ болады.
Физикалық күйі бойынша минералдың тықайтқыштар сұйық және қатты түрде шығарылады, соңғылары кристалды, ұнтақ және түйіршікті болады.
Азотты тықайтқыштар . Азоттың қосылыстардағы түрлеріне қарай азотты тықайтқыштар нитратты, аммонийлі және аммиакты, аммонийлі-нитратты, амидті болып бөлінеді.
Нитратты тықайтқыштарда азот нитратты түрде болады. Негізгі өкілдері натрий және кальций селитралары. Натрий селитрасында 16% азот бар. Ұсақ кристалды ақ түсті түз суда жақсы ериді бойына ылғал сіңіргіш, Бұл тықайтқыштың азотын өсімдік жеңіл сіңіреді, сондай-ақ, топырақ ылғалы жоғары болса оқай шайылады (әсіресе жеңіл топырақтарда) .
Кальций селитрасында 17, 5% азот бар. Кристалды, суда тез еритін тұз. Физиодогиялық сілтілі болғандықтан, топырақтың қышқылдығын төмендетеді.
Аммоний сульфатында 20% азот бар. Ұсақ кристалды, суда жақсы еритін ақ немесе сұрғылт түсті тұз, өсімдіктер жеңіл сіңіреді. Қышқыл топырақтарға әк немесе фосфарит ұнын қосып қолдануға болады.
Хлорлы аммонийда 24-25% азот болады. Ұсақ кристалды ақ немесе сарғылт қышқыл ұнтақ. Қолданылуы шектеулі, себебі хлордың картопқа, зығырға, көкөністерге, жеміс-көкніс дақылдарына кері әсер етеді. Хлор ионы біршама жуылуы үшін күзде топырақ өңдеген кезде енгізуді ұсынады.
Сұйық аммиакта 82% азотболады. Түссіз, жылжымалы, қайнау температурасы +34°С тең сұйық. Оны жоғары қысымға шыдайтьщ болат балондарда сақтайды және тасымалдайды.
Аммиак суының бірінші сортында 20, 5, екіншісінде 18% азот болады. Түссіз немесе сарғылттау аммиак иісті сұйық. Азот HN 3 және NH 4 OH түрінде болады. Бірақ аммонийлық азоттан аммиакты азот көбірек болады.
Аммиакты селитрада 34% азот болады. Кристалды ақ түсті зат - әр түрлі Дақылдарда қолдануға жарайтын әмбебап тықайтқыш. Көп жылдар бойы бір жерге қолданса, топырақты қышқылдандырады. Бұл тықайтқыштың қолайлы қасиеті - өсімдікке зиянды заттардың жоқтығы және тез әсер ететін нитратты және шабан қозғалғыш аммонийлы азоттың болуы.
Мочевинада (несеп нері) 46% азот болады. Ұсақ кристалды ақ түсті зат, суда жақсы ериді. Мочевина немесе карбамид топырақта бактерияның әсерінен аммонификацияны тез өтіп, физиологиялық қышқыл - көмірқышқыл аммоний тұзын бөліп шығарады.
Күкірт қышқылында калийде 46 % калий болады. Хлорға сезімтал (картоп, қарақұмық, темекі, жүзім) дақылдарға қолданылады.
Кешенді тықайтқыштар. Қоректік заттардың бірнеше (2 немесе 3) болады. Оларды үш топқа бөледі: араластырылған немесе қоспа (тықайтқыштар механикалық жолмен араласқан), күрделі (бір қосылыста бірнеше қоректік заттары бар), құрама (түйіршіктерде 2-3 қоректік заттар бар) . Бұлардан басқа сұйық және суслензияланған қойыртпаланған кешенді тықайтқыш та болады. Кешенді тықайтқыштарды тасымалдау, сақтау, қолдану шығынын азайтады.
Араластырылған (қоспа) тықайтқыштар. Араластырылған тықайтқыштардың маңызы ауылшаруашыльщ дақылдарын қарқынды технологиямен өсіргенде арта түседі. Қоспаны сақтаған кезде физикалық қасиеттері (кесектеліп қалуы, дымқылдануы) нашарлайтындықтан, оларды топыраққа енгізер алдында дайындайды.
Кең таралған қоспаларға аммиак селитрасының суперфосфатпен және хлорлы калиймен, мочевинаның сульфат аммониймен (түйіршікті), мочевинаның аммофоспен және диаммофоспен араластырылғандары жатады. Қоспаларды топырақтың қоректік заттармен қамтамасыз етілгендігін және мөдени дақылдардың қажет етуін ескеріп жасайды.
Күрделі тықайтқыштарға аммофос, диаммофос, калий селитрасы және т. б. жатады.
Аммофоста 10-12% азот, 40-60% фосфор болады. Жақсы физикалық-химиялық және механикалық қасиеттерге ие. Оны қоспалар жасауға және басқа тықайтқыштардың дым тартқыштығын азайтуға пайдаланады.
Диаммофоста 18-20% азот, 50% артық фосфор болады. Суда ерігіш, жақсы физикалық қасиетке ие.
Калий селитрасында 13-18% азот, 46% калий болады. Дым тартқыш жақсы себеленеді. Мұны хлорға сезімтал дақылдарға қолданады.
Құрама тықайтқыштар. Бұлардан кең тарағандарға нитрофоска, нитрофос, нитроаммофоска және т. б. жатады.
Нитрофоскада үпі қоректік элемент (азот, фосфор, калий) бар.
Нитрофоста екі элемент - азот пен фосфор 20% -дан болады.
Нитроаммосфада 17, 5%) азот, 52%-дан фосфор мен калий бар.
Органикалық тықайтқыштар және ауыспалы егісте тықайтқыштарды уолдану. Көң. Барлық қоректік заттар, оның ішінде микроэлементтер де бар, негізгі және ең тиімді органикалық тықайтқыш. Оны жүйелі түрде енгізгенде топырақтың физикалық-химиялық (сіңіру сыйымдылығы артады, қышқылдылығы төмендейді, ауысу катиондарынын, құрамы жақсарады және т. б. ) және биологиялық қасиеттері жаксарады.
Көң садрасында орта есеппен 0, 25% азот, 0, 5% калий, 0, 01 % фосфор болады. Ірі қара малдан қорада тұрған кез-де 2 т дейін садра жиналады.
Құс саңрығы - бағалы, тез әсер ететін тықайтқыш. Макроэлементтермен бірге микроэлементтер де (марганец, кобальт, мыс) болады. Негізгі тықайтқыш ретінде отамалы дақылдар плантациясына енгізеді.
Компостар (кордалар) . Бұл органикалың тықайтқыштардың жасанды қоспасы. Қоспалардың түрлеріне қарай шымтезеккөңді (торфкөңді, торфсадралы), шымтезек-садралы және т. б. компостар болады.
Торфкөңді (шымтезеккөңді) компосты танаптың мақайына дайындайды. Көктемде, жазда дайындағанда көңнің бір бөлігіне торфтың үш бөлігі, ал қыста дайындағанда торфтың бір бөлігі алынады. Дайындаудың кең тараған тәсілі - қабаттардың кезекпен салынуы: бір қабат (20-30 см) көң, бір қабат торф. Ертөленің (штабель) көлденеңі 4-5 м, биіктігі 1, 5-2 м болады. Компостың танапқа енгізу мөлшері таза көңдей (20-40 т/га) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz