Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаты. Диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты кешенді түрде сарапталып, оны әрі қарай жетілдіру жолдары көрсетілген. Сондай-ақ, зерттеу жұмысында индустриалдық-инновациялық дамудағы Қазақстанның ғылыми-техникалық саясатының саяси-құқықтық, әлеуметтік, экономикалық аспектісіне және даму динамикасына ерекше назар аударылған. Диссертацияда дүниежүзілік ғылымның даму тенденцияларына сай Қазақстанда да ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттары (нанотехнология, биотехнология, ғарыштық қызмет салаларының) қалыптасып келе жатқандығы зерттелінген. Жаңа бағыттарды дамыту Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан көрінудегі алдына қойған стратегиялық міндеттерімен сәйкес келетіндігі талданған. Инновациялық дамудың негізінде ғылымды өндіріспен ұштастыру арқылы технологиялық кеңістік қалыптасырудың өзекті мәселелері қарастырылған. Зерттеу жұмысында өркениетті елдермен, индустриалды елдердегі ғылыми-техникалық саясатты дамыту тәжірибесіне талдау жасай отырып, оның Қазақстан үшін тиімді жақтарын көрсетуге бағытталған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. XXI ғасырда кез келген мемлекеттің дамуында ғылым мен техниканың алатын орны ерекше. Ақпараттық қоғамда озық технологиялар экономиканың басты қозғаушы күші болып табылады. Алдыңғы қатарлы технологияларға иелік етіп отырған мемлекеттердің әлемдік аренада саяси-экономикалық салмағы басым болуының басты себебі, бұл елдер ғылыми-технологиялық дамуда үлкен көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық. Бүкіл әлемдегі ішкі жалпы өнімнің 50% астамы ғылыми-техникалық өркендеу есебінен жүзеге асырылатыны осыны аңғартады. Бүгінгі бәсеке заманында ғылым мен техниканы жетілдірмей, дамыған елдер қатарына қосылу, шын мәнінде тәуелсіз ел болу мүмкін емес. Елдің саяси-әлеуметтік дамуын, мәдениетін, қорғаныс қабілетін жан-жақты дамыған ғылым ғана қамтамасыз ете алады. Осы мақсатта отандық ғылыми-техникалық саланы дамыту – Қазақстанның алдында тұрған өзекті мәселе. Өркениет көшінің алдыңғы шебінде тұрған бірқатар елдердің осындай табыстарға ғылыми-техникалық саясатты дамытудың арқасында қол жеткізгендігін әлемдік тәжірибеден білеміз. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке ұмтылғандығының айғағы.
Жаһандану жағдайында ғылыми-техникалық саясат жаңа бағыт алып, үлкен маңызға ие болып келеді. Әлемдік тәжірибеде жүйелі түрде жүзеге асырылған ғылыми-техникалық саясат мемлекеттің экономикалық дамуына үлкен серпін бере алатыны дәлелденген. Осыдан ондаған жылдар бұрын кедей мемлекеттердің қатарында болған Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің тез арада дамып кетуі бұған нақты мысал бола алады. Осы мақсатта ғылыми-техникалық саясатты зерттеу, оның дамыған елдердегі жүзеге асыру тәжірибесімен танысу Қазақстан сияқты жас ғылыми, өндірістік әлеуеті жоғары мемлекет үшін өте өзекті. Бүгінгі таңда отандық ғылыми-техникалық саясаттың мән мағынасын ашу, ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу оны дамытудың нақты жолдарын көрсету аса маңызды болып отыр. Ғылыми-техникалық саясатты жаһандану үрдістерінің талаптарына сай инновациялық негізде дамыту – Қазақстанның стратегиялық басым бағыттарының бірі. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі болып, жаһандық геосаясат жүйесінде өз орнын тапты. Еліміз дүниежүзінде болып жатқан үрдістерге бел шеше кірісіп, әлемнің көптеген елдерімен тұрақты саяси және экономикалық байланыс орнатып, халықаралық қоғамдық институттардың беделді мүшесіне айналды. Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілетілігі бұл күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет – білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру.
1. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. \ Егемен Қазақстан, 2007.- 1наурыз.
2. Назарбаев Н.Ә. Инновациялармен оқу білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына \ Еуразия ұлттық университетінде студенттерге оқыған лекциясы. -Астана 2006.- 27 мамыр.
3. Научно-техническая деятельность в Республике Казахстан за 2007г. \ Стат.бюл. – Алматы: Агенство Республики Казахстан по статистике, 2008.
4. Муханова Е. Единная научно-техническая политика: вопросы формирования и реализации. Москва ВНТИ центр 1990г.-156с
5. Фонотов А.Г., Блохин А.А. Научно-техническая политика проблемы формирования и реализации. М. Наука. 1990г.-250с.
6. Волошин П.В. Научно-техническая политика в странах СНГ: современное состояние и перспективы инновационного развития\ автореферат на соискание ученной степени кандидата экономических наук Москва 2007.30с
7. Артемов Е.Т. Научно-техническая политика в советской модели позднеиндустриальной модернизации Москва 2006.-254с.
8. Дежина И.Г. Интеграция науки и образования: оценка мер государственной политики \ Наука и власть: проблема коммуникаций (Материалы Всероссийской научной конференции) . Москва, 26 сентябрь 2008г.
9. Сәден О. Ғылым және ғылыми-техникалық саясат: парламентарий көзімен.-Алматы, 1993.-54б
10. Садыков Т.С. Интеллектуальный облик будущего.- Алматы,2005.-157с
11. Садыков Т.С. Теоретико – методологические основы модернизации системы образования в Республике Казахстан.-Алматы.-1997.-360с.
12. Ишмухамедов А.Ш. Проблемы становления и развития политической науки в Казахстане.- Алматы, 1999.-90с
13. Нұртазина Р.А. Образовательная политика Республики Казахстан в условиях глобализации.-Алматы.,НИЦ «Ғылым», 2004.-320с.
14. Нурмагамбетов А.А. Образовательная политика Республики Казахстан в контексте трансформации системы высшего образования,
-.Алматы., Қазақ университеті, 2002.-354б.
15. Кыдырбекұлы Д.Б. Обогащение бизнес-образования в условиях Казахстана.\ Вестник Бизнес-Образования. 2008 с.21-25
16. Акишев А.А. Региональная политика Республики Казахстан и ее влияние на национальную безопастность страны.- Павлодар, НИЦ, 2206.-260б.
17. Татимов М.Б. Қазақ әлемі. – Алматы: Қазақстан-Атамұра, 1993.-160б.
18. Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты.-Семей,1995.-160б
19. Романова Н.В. Этнополитические процессы в РК.-Алматы: 1998.-68с.
20. Джунусов А.М. Власть и оппозиция: историко-теоретические аспекты. –Алматы, 1997.-210с
21. Нарбаев Б. Военная доктрина и концепция национальной безопасности Исламской Республики Пакистан. \Поиск №3. 2005.-61-63с.
22. Симтиков Ж.Қ. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы жастар саясатының қалыптасуы мен жүзеге асу ерекшеліктері. 23.00.02- мамандығы бойынша саяси ғыл. докт. ғыл. дәр. алу үшін дайынд. дисс. – Алматы, 2005.-250б.
23. Абуева Н.А. Политическая элита в условиях модернизации государственного управления Республики Казахстан \ Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора политических наук по спец. -23.00.02-Алматы, 2007.-50с.
24. Әуелғазина Т.Қ. Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның саяси әлеуметтенуі., 23.00.02- мамандығы бойынша саяси ғыл. докт. ғыл. дәр. алу үшін дайынд. дисс.- Алматы-2007.-250б
25. Абсаттаров Р.Б. Национальные процессы: особенности и проблемы.-Алматы: Ғылым, 1997.-248с.
26. Иренов Г.Н. Идеологический потенциал политической консолидации и механизм его реализации в Республике Казахстан \ Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора политических наук по спец. -23.00.02-Павлодар: 2004.-55с.
27. Нугманова К.Ж. Ценностные аспекты формирования гражданского общества в Республике Казахстан (политологический анализ): дисс. на соис. уч. степ. докт. полит. н. по спец. -23.00.02-Алматы: 2004. -274с.
28. Нұрымбетова Г.Р. Қазақстан қоғамын жаңартуға азаматтардың саяси қатысуы: 23.00.02-мамандығы бойынша саяси ғыл. докт. ғыл. дәр. алу үшін дайынд. дисс.-Алматы:2006. -277б.
29. Рахимова А.У. Государственная экологическая политика Республики Казахстан: сравнительно-политический анализ: дисс. на соис. уч. степ. докт. полит. н. по спец. -23.00.02-Алматы: 2005. -259с.
30. Нысанбаев А.Н., Косиченко А.Г., Кадыржанов Р.К. Филосовский анализ науки в контексте социокультурной трансформации общества.-Алматы, 1995.-58с.
31. Есім Ғ. Қазақ ұлтшылдығы \ Егемен Қазақстан, 2007.- 31 қаңтар.- 24-27бб .
32. Бұрханов К.Н. Внедрение и использование инновационных технологий в системе социального образования в Казахстане: проблемы и перспективы \ Материалы первого Всероссийского научно-педагогического социального конгресса. М.:2001.-328-336 с.
33. Кадыржанов Р.К. Консолидация политической системы Казахстана: проблемы и перспективы.-Алматы: Инс-т философии и политологии МН и ВО РК, 1999.-166с.
34. Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философиялық талдау.-Алматы: 2000.-180б.
35. Қошанов А. Наука как стратегический приоритет формирования инновационной экономики. \ Саясат 2007 №1, 4-6 с.
36. Сабден О. Проблемы развития науки Казахстана в условиях становления экономики инновационного типа \ Инновации.-2007.-№ 8.-35-38с.
37. Днишев Ф. Особенности технологической политики на этапе перехода к экономическому росту. \ Экономика и статистика № 1. 2002.-10-14с.
38. Кажмуратов К., Кошанов К. Научно-техническая политика суверенного Казахстана. \Свободная мысль 1992г.№8.23-30 с.
39. Жұрынов М. Болашағымыз болжаулы \ Егемен Қазақстан 25 сәуір 2008ж.
40. Сулейменов Е.З. О состоянии развития науки в Республике Казахстан. \ Наука и Вызовы времени. Материалы Международной научно-практической конференции 1 том.-Алматы, 2008.105-110с.
41. Кульевская Ю.Г. Состояние исследований в Казахстане по приоритетам научно-технологического развития. Нанотехнологии: Аналитический обзор.-Алматы, 2008.2-6с.
42. Воронин А.А. Периодизация истории и проблема определения техники \ Вопросы филлософии. 2001. № 8. 17-28 с.
43. Ф.Бэкон. Әлемдік саясаттану Антологиясы.- Алматы, Қазақстан 2005ж.-33-40б.
44. Қазақстан Республикасының Ғылым туралы заңы.- Алматы, 2001.
45. Политическая энциклопедия. В 2т. Т.2.-М.: Мысль, 2000.-701с.
46. Насырова М.Р, Токсанбай С.Р. Современный экономический русско-казахский толковый словарь-справочник. \ Алматы, 2003.-123с.
47. Мельник В.А. Современный словарь по политологии. \ Минск, Книжный дом 2004.-250-252с.
48. Социологическая энциклопедия том 2. \ «Мысль», Москва 2003.-24-25с.
49.Сәбден О., Тоқсанбай С.Р. «Қаржы-экономика энциклопедиялық сөздігі. – Алматы: ҚР БжҒМ Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007.- 455-458 б.
50. Новейший философский словарь. \ Сост. А.А.Грицанов, 1998.68-70с.
51. Степин В.С. ГороховВ.Г.Философия науки и техники.М.,1996-124с
52. Нанотехнологии: Казахстан может стать мировым лидером \ Литер-Медиа. info@liter/kz| (www.liter/kz)
53. Раманқұлов Е. Биотехнология: бүгін және ертең. \ Егемен Қазақстан 2007ж 5 ақпан.
54. Е.З.Сулейменов, Ю.Г.Кульевская. Состояние исследований в Казахстане по приоритетам научно-технологического развития. Космические исследования. – Алматы, 2008.-56-64с.
55. Каминский А. Космический путь Казахстана \ http://www.express-k.kz
56. Кембаев Б.А., Комлев Ю.В. Управление научно-техническим развитием США \ Наука и Высшая школа Казахстана. 2001, 15.09.
57. Иноземцев В. Парадоксы индустриальной экономики \ Мировая экономика и международные отношения.-200.-№3.-3-11с.
58. Иванов А.И., Казанцев В.О. Приоритетные национальные проекты – идеология прорыва в будущее. \ Сборник. Москва: Издательство «Европа», 2007.-73-77с.
59. «Нұр-Отан» саяси партиясының «Қазақстанның бәсекелі ғылыми әлеуеті үшін» атты Республикалық ғылыми форумның материалдары. \ Дала мен Қала. 27 сәуір, 2007 ж.
60. Перечень правовых документов по вопросам научно-технической политики Республики Казахстан.-Алматы, 2007.3-5с.
61. Укрепление научно-технической инфраструктуры Республики Казахстан. \ Отчет о мировых трендах в научно-техническом развитии и потенциальных возможностях Республики Казахстан на проведение передовых научных исследований по конкретным направлениям. 2006г.4-8с.
62. Түймебаев Ж.Қ. Ғылым мен білімдегі біліктілік – ел болашағы. \ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірі Ж.Қ.Түймебаевтың «Дала мен Қала» газетіне берген сұхбаты.
63. Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы. 2004.08.01
64. Иманбекова Б.И. Қоғамдағы инновациялық саясат. \ Саясат 2005, №3 34-39б.
65. Сулейменов Е.З., Васильева Н.В. Динамика научно-технического потенциала Республики Казахстан за 2000-2007гг. \ Алматы 2008.-6-9с.
66. Сулейменов Е.З., Кульевская Ю.Г. Состояние и тенденции развития научно-технического потенциала в Республике Казахстан. \ Алматы 2008.-58-61с.
67. Н.Ә.Назарбаев жас ғалымдармен болған кездесуінде сөйлеген сөзі: «Шашылып кеткен миымызды жинап алу» біз үшін бүгін аса өзекті мәселе. \ Алматы ақшамы. №39, 5сәуір 2007.
68. Түймебаев Ж.Қ. Ғылым мен білімдегі біліктілік – ел болашағы. \ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірі Ж.Қ.Түймебаевтың «Дала мен Қала» газетіне берген сұхбаты.
69. Кажымурат К., Кравцов А., Даримбетов Б. Индустриально-инновационное развитие Казахстана: проблемы и их решение. \ Саясат 2003, №6.- 61-74с.

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ
1. Инновационно-технологическое развитие Казахстана. \ Наука и власть: проблема коммуникаций: Материалы Всероссийской научной конференции (Москва, 26 сентября 2008г.).-Москва.: Научный эксперт, 2009.754-772 бб.
2. Қазақстанда ғылымды дамыту – стратегиялық басымдықтардың бірі. -/Ақиқат.-2009. - №1. 40-44 бб.
3. Инновациялық үрдіс ғылыми - технологиялық дамудың негізі. \ Гуманитарные науки: межвузовский сборник научных статей. Часть I. – Караганда, 2009.-322с. 78-83бб.
4. Қазақстан ғылымының тарихы және қазіргі кезең. - /Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы. Вестник. - 2008.- №1(1) Халықаралық өмір және саясат сериясы. 32-37бб
5. Қазақстан Республикасы Конституциясының саяси мәні.-/Материалы международной научно-теоритической конференции.-Алматы.-2008. 92-95бб.
6. Социокультурные аспекты развития науки. - /Вестник Кыргызского государственного университета им. И. Арабаева. Серия: общественные науки. Выпуск.-2008. 382-384 бб.
7. Қазақстандағы ғылымды білімді интеграциялау мәселелері.\ Жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйесінің даму мәселелері. Алтынсарин оқулары халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Алматы.-2008. 135-137 бб.
8. Научно-технологическое развитие Казахстана. /Вестник Кыргызского государственного университета им. И. Арабаева. Серия: общественные науки. Выпуск:12.-2008. 358-360 бб.
9. Мәдени мұра-ұлттық ғылымды өркендетудің негізі. /Рухани-ғылыми мұра: республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Алматы.-2008. 212-218 бб.
10. Алаш қайраткерлерінің ұлттық ғылыммен білімді өркендетудегі демократиялық идеялары. - /Алаш және Тәуелсіз Қазақстан: идеялар мен ұстанымдар сабақтастығы: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.-2008. 410-414 бб.
11. Ғылыми-техникалық прогрестің концептуалды негізі. - /Жоғары білім мен ғылымды модернизациялау, инновациялық дамудың жолдары мен перспективалары: ҚР ҰҒА академигі Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықовтың 70 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми конференция материалдары. 18 қазан 2008ж. 753-758 бб.
12. Тәуелсіз Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты.-/Евразия Университетінің Хабаршысы. – 2008. 80-85 бб.
13. Қазақстанның индустриялдық-инновациялық стратегиясының саяси мәні.- /Қазақстан жоғары мектебі.- 2008. - №1. 223-226 бб.
14. Ғылыми-техникалық саясатты дамыту – стратегиялық басымдықтардың бірі. - /Қайнар университетінің Хабаршы. Вестник Университета Кайнар. – 2008. -№3(1). 41-44 бб.
15. Индустриялдық-инновациялық саясаттың негізгі бағыттары. - /Әл-Фараби. – 2008. - №1. 75-80 бб.
16. Индустриялық қоғам.- /Ізденіс.Поиск – 2008. - №1. 83-87 бб.
17. Құқықтық мемлекет және ғылыми-техникалық саясат.- /Материалы международной научно - теоретической конференции, посвященной 80-летнему юбилею академика М.С.Беспаева.- Алматы.- 2008. 115-120 бб.
18. Саяси әлеуметтік мәселелер және терроризммен күрес /Қазіргі жағдайдағы терроризммен күресу проблемалары: Материалы международной научно-практической конференции. – Алматы,- 2007. 205-206 бб.
19. Индустриалдық дамуымыздың ғылыми базасы.\ Пути реализации основных приоритетов продвижения Казахстана числа наиболее конкуретноспособных и динамично развивающихся государств мира в контексте задач, поставленных Президентом Республики Казахстан Н.А.Назарбаевым в послании народу Казахстана: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.-Алматы-2007.- 24 сәуір. 301-304 бб.
20. Қазақстанда ғылыми-техникалық саясатты дамытудың басты басымдықтары /Социально-экономические и правовые в условиях вхождения Республики Казахстан в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира: Материалы международной научно-практической конференции – Алматы – 2007. – 11 июня. 399-403 бб.
21. Ғылыми потенциал-саяси әлеуметтік феномен ретінде /Новый этап демократизации Казахстана – ускоренное развитие свободного демократического общества: Материалы международной научно-практической конференции – 2007. - 30 мая. 84-89 бб.
22. Ғылыми-техникалық саясатты дамыту-экономикалық өрлеудің басты факторы /Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Вестник. Серия Международная жизнь и политика. -2007.- №1 (12). 54-59 бб.
23. Ғылыми-технологиялық даму бәсекеге қабілеттіліктің басты факторы - /Актуальные проблемы международного права в свете послания Президента Республики Казахстан. Н.Ә.Назарбаев «Новый Казахстан в новом мире»: Материалы международной научно-практической конференции. – 2007. - 18 апреля. 938-947 бб.
24. Жаһандану жағдайындағы ғылыми-техникалық саясат - /Тұлға Таным. Шығармашылық: Материалы международной научно-теоретической конференции: Проблемы устойчивого развития Казахстана в условиях глобализации: опыт состояния и перспективы исследования» посвященный 70-летию академика НАН РК А.Н.Нысанбаева. – 2007. 395-402 бб.
25. Қоғамдағы ғылыми - өндірістік орталықтандыру орны мен рөлі (саяси сараптама) - /Адам әлемі – 2007. - №1 (31)-11-12бб.
26. Қазақстандағы ғылымды интеграциалау мәселесі. - /Әл-Фараби – 2007. - №1. 86-92 бб.
27. Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясаттың дамуы мен қалыптасуы.- /Ізденіс – 2007. - № 2. 143-147 бб.
28. Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясаттың дамытудың саяси құқықтық негіздері. - /Высшая школа Казахстана. – 2007. - №2. 234-238 бб.
29. Индустриалдық - инновациялық дамудағы ғылыми техникалық саясат. - /ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының маңызды бағыттарын жүзеге асыру міндеттері: Материалы международной научно-практической конференции.-2007.- 24 апрель. 90-92бб.
30. Ғылыми потенциал – инновациалық дамудың негізі. - /ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының маңызды бағыттарын жүзеге асыру міндеттері: Материалы международной научно-практической конференции.-2007.- 24 апрель. 92-94 бб.
31. Қолданбалы саясаттану және инновациалық даму. Оқу құралы. – Алматы. - 2007 – 68 бет
32. Қазақстанда ғылыми-техникалық саясаттың дамытудың басты басымдықтары.- /Социально-экономические и прововые проблемы в условиях вхождения Республики Казахстан в число 50-наиболее конкурентоспособных стран мира: Материалы международной научно-практической конференций.-2007.-11 мая. 399-403 бб.
33. Ғылыми-техникалық прогресс-инновациялық дамудағы басты фактор. - /Қазақстанның даму жолы оның ерекшеліктері, проблемалары және перспективалары: Халықаралық ғылыми практикалық конференциясының материалдары.- Алматы. – 2007.93-98 бб.
34. Ғылыми – техникалық саясат зерттеу объектісі ретінде / Саясат – 2007. - №5 60-62 бб.
35. Ғылым әлеуметтік жүйедегі басты институт / Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Вестник. - 2006. - №2(14) Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. 51-55 бб.
36. «Қазақстан–2030» Стратегиясының саяси мәні / Егемен Қазақстанның дамуы: тәжірибе үрдістері мен болашағы: Материалы международной научно-практической конференции.–Алматы-2006.-7 желтоқсан. 91-94 бб.
37. Технологиялық парктер – ғылым мен өндірісті ұштастырудың басты кепілі \ Пути реализации основных приоритетов продвижения Казахстана число наиболее конкуретноспособных и динамично развивающихся государств мира в контексте задач, поставленных Президентом Республики Казахстан Н.А.Назарбаевым в послании народу Казахстана: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.-Алматы-2006.- 21 сәуір 2006ж. 293-300 бб.
38. Қоғамдағы инновациялық саясат /Саясат. – 2005. - №3. - 34-40 бб.
39.Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясат//Саясат.-2005.№9.-53-57бб.
40. Инвестициялық саясат / Ізденіс. Поиск.- 2005. - №5. 72-77бб.
41. Қоғамның саяси жүйесіндегі ғылыми-техникалық саясаттың рөлі / Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Вестник. – 2003. - №3(5) Халықаралық өмір және саясат сериясы. 82-87 бб.
42. Ашық қоғам және құқықтық мемлекет /Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы. Вестник. Халықаралық өмір және саясат сериясы.-2002.№1(1).34-37 бб.
43. Қазақстан Республикасындағы демократияның даму ерекшеліктері - /Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Вестник.-2001. №1(2) Общественные и исторические науки 20-25 бб.
44. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің дамуы /Политика демократизации общественной жизни в Республике Казахстан: МежВузовский сборник научных трудов.- Алматы. –2000. 5-8 бб.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 330.341.1:32 (574)
Қолжазба құқығында

ИМАНБЕКОВА БИБІГҮЛ ИЛИЯСҚЫЗЫ

Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты

23.00.02 – саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және
саяси процестер мен технологиялар

Саяси ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның

Авторефераты

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
теориялық және қолданбалы саясаттану кафедрасында орындалды

Ғылыми кеңесшісі: саяси
ғылымдарының докторы,

профессор

Бұрханов К.Н.

Ресми оппоненттері: саяси
ғылымдарының докторы,

профессор

Нұртазина Р.А.

саяси ғылымдарының докторы

Қыдырбекұлы Д.Б.

саяси ғылымдарының докторы

Акишев А.А.

Жетекші ұйым: Қазақстан
Республикасы Білім

және ғылым министірлігі

Философия және саясаттану

институты.

Диссертация 2009 жылы 3 шілдеде сағат 14.00 Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетіндегі 23.00.02 – саяси институттар, этно саяси
конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар мамандығы
бойынша саяси ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар
қорғалатын Д 14.21.03 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады. Мекен
жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, конференц – зал.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің кітапханасында (050010, Алматы қаласы, Қазбекби көшесі, 30)
танысуға болады.

Автореферат 2009 жылы 3 маусымда таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, саяси
ғылымдарының докторы
Жабина Ж.Р.
КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаты. Диссертациялық жұмыста Қазақстан
Республикасының ғылыми-техникалық саясаты кешенді түрде сарапталып, оны
әрі қарай жетілдіру жолдары көрсетілген. Сондай-ақ, зерттеу жұмысында
индустриалдық-инновациялық дамудағы Қазақстанның ғылыми-техникалық
саясатының саяси-құқықтық, әлеуметтік, экономикалық аспектісіне және даму
динамикасына ерекше назар аударылған. Диссертацияда дүниежүзілік ғылымның
даму тенденцияларына сай Қазақстанда да ғылыми-техникалық дамудың жаңа
бағыттары (нанотехнология, биотехнология, ғарыштық қызмет салаларының)
қалыптасып келе жатқандығы зерттелінген. Жаңа бағыттарды дамыту
Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан көрінудегі
алдына қойған стратегиялық міндеттерімен сәйкес келетіндігі талданған.
Инновациялық дамудың негізінде ғылымды өндіріспен ұштастыру арқылы
технологиялық кеңістік қалыптасырудың өзекті мәселелері қарастырылған.
Зерттеу жұмысында өркениетті елдермен, индустриалды елдердегі ғылыми-
техникалық саясатты дамыту тәжірибесіне талдау жасай отырып, оның Қазақстан
үшін тиімді жақтарын көрсетуге бағытталған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. XXI ғасырда кез келген мемлекеттің
дамуында ғылым мен техниканың алатын орны ерекше. Ақпараттық қоғамда озық
технологиялар экономиканың басты қозғаушы күші болып табылады. Алдыңғы
қатарлы технологияларға иелік етіп отырған мемлекеттердің әлемдік аренада
саяси-экономикалық салмағы басым болуының басты себебі, бұл елдер ғылыми-
технологиялық дамуда үлкен көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Қазіргі таңда
кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық
игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің,
мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық. Бүкіл әлемдегі ішкі
жалпы өнімнің 50% астамы ғылыми-техникалық өркендеу есебінен жүзеге
асырылатыны осыны аңғартады. Бүгінгі бәсеке заманында ғылым мен техниканы
жетілдірмей, дамыған елдер қатарына қосылу, шын мәнінде тәуелсіз ел болу
мүмкін емес. Елдің саяси-әлеуметтік дамуын, мәдениетін, қорғаныс қабілетін
жан-жақты дамыған ғылым ғана қамтамасыз ете алады. Осы мақсатта отандық
ғылыми-техникалық саланы дамыту – Қазақстанның алдында тұрған өзекті
мәселе. Өркениет көшінің алдыңғы шебінде тұрған бірқатар елдердің осындай
табыстарға ғылыми-техникалық саясатты дамытудың арқасында қол
жеткізгендігін әлемдік тәжірибеден білеміз. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі
мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің
даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған Қазақстан
Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму
стратегиясының жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке
ұмтылғандығының айғағы.
Жаһандану жағдайында ғылыми-техникалық саясат жаңа бағыт алып, үлкен
маңызға ие болып келеді. Әлемдік тәжірибеде жүйелі түрде жүзеге асырылған
ғылыми-техникалық саясат мемлекеттің экономикалық дамуына үлкен серпін бере
алатыны дәлелденген. Осыдан ондаған жылдар бұрын кедей мемлекеттердің
қатарында болған Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің тез арада дамып кетуі бұған
нақты мысал бола алады. Осы мақсатта ғылыми-техникалық саясатты зерттеу,
оның дамыған елдердегі жүзеге асыру тәжірибесімен танысу Қазақстан сияқты
жас ғылыми, өндірістік әлеуеті жоғары мемлекет үшін өте өзекті. Бүгінгі
таңда отандық ғылыми-техникалық саясаттың мән мағынасын ашу, ғылыми-
теориялық тұрғыдан зерттеу оны дамытудың нақты жолдарын көрсету аса маңызды
болып отыр. Ғылыми-техникалық саясатты жаһандану үрдістерінің талаптарына
сай инновациялық негізде дамыту – Қазақстанның стратегиялық басым
бағыттарының бірі. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы
әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі болып, жаһандық геосаясат
жүйесінде өз орнын тапты. Еліміз дүниежүзінде болып жатқан үрдістерге
бел шеше кірісіп, әлемнің көптеген елдерімен тұрақты саяси және
экономикалық байланыс орнатып, халықаралық қоғамдық институттардың беделді
мүшесіне айналды. Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси
міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды
құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси
тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр
білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның
бәсекеге қабілетілігі бұл күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті
мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби
шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму
мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында
тұрған басты міндет – білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру.
Жаңа ғасырда адамзат аса жоғары ғылыми-технологиялық жетістіктерге қол
жеткізіп отыр. Бұл жетістіктердің қоғамның дамуына халықтың әл ауқатының
көтерілуіне әсері зор. Осы мақсатта Қазақстан үшінде ғылыми-техникалық
саясатты дамытудың саяси стратегиялық маңызы жоғары. Қазіргі кезеңде
Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарынан көріну
ұлттық стратегиясын жүзеге асыруға кірісті, бұл ғылыми салаға үлкен
жауапкершілік жүктейді және зор білім мен күш-жігерді талап етеді. Осы
міндеттерді шешу нысаналы ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыруды қажет
етеді. Осыған байланысты тікелей үкімет тарапынан ғылыми-техникалық
саясаттың перспективалық бағыттарын айқындау, өнеркәсіпті дамытудың, жаңа
технологиялық базасын жасау, ғылыми саланы өркендетудің нарықтық
экономикаға тән жаңа тетіктерін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі.
Ғылыми-техникалық саясат қазіргі кезеңде теориялық және қолданбалы
зерттеуді қажет ететін өзекті тақырыптардың бірі. Қазақстан 2030
стратегиясына сәйкес еліміздің технологиялық артта қалуын еңсеру үшін
ғылыми-техникалық саясатты дамыту қоғамдағы кезек күттірмейтін мәселелердің
бірі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты
жолдауында, Қазақстан саяси-әлеуметтік-экономикалық дамуда әлемдік
стандартқа сәйкес инновациялық негізде дамуы тиіс. Білім экономикасына өту
адамзат дамуының жаңа кезеңі, осы өркениет көшіне ілесу үшін елімізде
инновациялық дамуды жеделдету, маңызды стратегиялық міндеттердің бірі- деп
атап көрсетілген [1].
Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан көрінуі
күрделі де ауқымды міндет. Ол ғылыми жетістіктермен ізденістердің
инновациялық дамудың арқасында ғана жүзеге асырылады. Инновациялық ғылымды
дамыту туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылы Еуразия университетінің
студенттеріне оқыған дәрісінде Ғылыммен білімді ұштастырғанда ғана келер
ұрпақтың кемел тағдырын жасай аламыз. Еркін елдің ертеңі-кемел біліммен
ғылымда екенін-баса атап көрсетті [2]. Инновациялық және технологиялық
серпіліс үшін, еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның
басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның
жетістіктерін өндіріске белсенді енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.
Еліміз өзінің даму жолын айқындаған бүгінгі жағдайда ғылыммен техниканың
саяси-әлеуметтік-экономикалық дамудағы маңыздылығына ғылыми тұрғыдан
объективті түрде баға беру қоғамдық қажеттілік. Елімізде инновациялық-
технологиялық кеңістікті қалыптастыру мақсатында отандық ғылымға басым
мүмкіндіктер беріліп, ғылыми жаңалықтардың өндіріске енгізілуін қамтамасыз
ететін орталықтарды құрудың да стратегиялық маңыздылығы зор. Қазақстанның
болашақтағы даму бағытын айқындайтын маңызды факторлардың бірі - ғылыми-
техникалық саясаттың дұрыс әрі нәтижелі жүргізілуі болып отыр. Соңғы
жылдары елімізде ғылыми-техникалық салаға мемлекет тарапынан көңіл бөлініп
басқару құрылымында біршама өзгерістер болды: Жоғары ғылыми-техникалық
комиссия ЖҒТК (ВНТК) құрылды, оны Премьер-Министр басқаратын болды.
Дүниежүзілік ғылымның даму тенденцияларына сәйкес Республиканың ғылыми-
техникалық дамуының перспективалық басым бағыттары белгіленді (1-кесте).
Олар: биотехнология, нанотехнология, ғарышты игеру, көмірсутекті және тау-
кен металлургиялық өнеркәсіп үшін қажетті технологиялар, ақпараттық
коммуникациялық технологиялар. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым
Министірлігі жанынан негізгі және қолданбалы ғылымдар саласында жүргізіліп
жатқан тәжірибелерді тікелей қадағалап отыратын, тұтастай алғанда ғылыми
жетістіктердің өрісін реттейтін құзырлы орган – Ғылым Комитеті құрылды.
Ғылыми ізденістерді қолдауға арналған Ғылым Қоры қалыптасты. Жоғары ғылыми-
техникалық комиссия жанынан ғылым дамуының әлемдік тәжірибесін сараптау
үшін Халықаралық Сараптамалық Кеңес құрылды (2-кесте) [3]. Оның құрамына
отандық және шетелдік ғалымдар кірді. Қазақстанда ғылыми-техникалық дамуды
жеделдету мақсатында инновациялық экономиканы қалыптастырудың нақты
қадамдары жасалды. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған
индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы, Қазақстан ғылымын дамытудың
2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясатты дамыту мәселесі қазіргі кезеңдегі
қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осы мақсатта бұл тақырыпты зерттеудің
саяси-теориялық, қолданыстық маңыздылығы жоғары.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ғылым мен техниканың саяси жүйедегі орны
мен рөлін зерттеу тек ХХ ғасырда ғана емес, одан әлдеқайда ертерек
басталғанын көреміз. Ғылыми-техникалық саясат мәселесін зерттеу, батыстық
және ресейлік зерттеушілер тарапынан кеңінен жүргізілгендігін байқауға
болады. Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріне сүйене отырып жазылды. Ел басы өз еңбектерінде
ғылыми-техникалық, инновациялық саясатты дамытудың стратегиялық
маңыздылығын ерекше айтып жүр. Қазақстан – 2030, Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан, Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті
экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, Инновациялармен оқу
білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына, Дағдарыстан дамуға атты
еңбектерінде Қазақстанның ғылыми-технологиялық дамуының негізгі бағыттарын
айқындап берді. Сондай-ақ өткен ғасыр ойшылдары Э. Канн және Л. Нуаре,
Хайдеггер, К.Ясперс, А.де Токвиль, О.Шпенглер, ДЖ.Бернхэм, Г.Лассуэл,
Т.Дай, Р.Дарендорф, К.Дойч, Х.Зиглер, Д.Истон, О.Тофлер, Д.Арон, У.Ростоу,
Ф.Бэкон еңбектерінің қосқан үлесі зор. Индустриалды қоғам теориясының
негізін салушы Д.Арон, Бел, У.Ростоу, А.Тузендермен О.Тофлер, Мемфоре, Хосе-
Ортего, Гассет еңбектерінде ғылым мен техниканың дамуы өнеркәсіптік
төңкеріс кезеңімен бірге қоғамдағы саяси-әлеуметтік құбылыс ретінде
зерттеледі. Біз аталған тақырыпты зерттеуде, кеңестік кезеңдегі ғылыми-
техникалық саясаттың зерттелуіне тоқталмай кете алмаймыз. КСРО-да ғылыми-
техникалық саясатты теориялық тұрғыда зерттеу, ғылымның жетістіктерін
қарулануға жұмсау, сол кездегі партия саясатының жекеленген бағытының бірі
болатын. Кеңестік кезеңде ғылыми-техникалық саясат негізінен коммунистік
партияның идеологиясы ауқымында ғана қарастырылған. Кеңестік кезеңде бұл
мәселені зерттеуге атсалысқан ғалымдардың еңбектеріне тоқталар болсақ.
Е.Муханованың [4] Единная научно-техническая политика, вопросы
формирования и реализации деп аталатын зерттеу жұмысын атауымызға болады.
Одан кейінгі зерттеушілер А.Г.Фонатова, А.А.Блохиннің [5] Научно
техническая политика: проблемы формирования и реализации атты зерттеуін
айтуға болады. Кеңестік кезеңде жазылғандығына қарамастан, бұл екі еңбекте
ғылыми-техникалық саясатқа жан-жақты анықтама беруге тырысқан. Алайда, бұл
екі зерттеуде де ғылыми-техникалық саясаттың мәні мен мазмұнын гөрі,
коммунистік партияның рөліне барынша назар аударылған.
Қоғамдағы саяси-әлеуметтік жаңартулар, инновациялық даму ғылыми-
техникалық саясаттың дамуына да барынша әсер етті. XXI ғасырда ғылыми-
техникалық саясаттың зерттелуі ТМД ауқымында жаңаша сипат алып келеді.
Соңғы жылдары жарық көрген ғылыми зерттеулер ғылыми-техникалық саясаттың
дамуында жаңаша көзқарас қалыптасып келе жатқандығын көрсетеді.
Инновациялық-технологиялық дамуда, өркениетті елдер тәжірибесіне талдау
жасап ғылымды, экономиканы дамытудың, саяси әлеуметтік өркендеудің негізі
ретінде зерттеген еңбектердің қатары көбейіп келеді. Осындай ғылыми-
техникалық саясатты зерттеуге арналған іргелі еңбектің бірі ресейлік ғалым
Н.С.Валошиннің [6] ТМД елдеріндегі ғылыми-техникалық саясат (Ресей,
Украина, Қазақстан, Беларусь) атты 2007 жылы қорғалған кандидаттық
диссертациясын айтуға болады. Бұл еңбектің жаңашылдығы ғылыми-техникалық
саясаттың дамуындағы ТМД елдеріндегі ортақ проблемалар мен қайшылықтарды
ашып көрсетуінде. Зерттеуде XXI ғасырда ииновациялық бағыт алып отырған
елдер Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстан деп көрсетілген. Ғылыми
зерттеу экономика ғылымдары саласынан жазылғандықтан экономикалық
көрсеткіштеріне ғана мән беріліп зерттеуде мәселенің саяси-әлеуметтік қыры
назардан тыс қалған. Жаңа зерттеудің бірі Ресейлік ғалым тарихшы
Е.Т.Артемовтың [7] Научно-техническая политика в совесткой модели
позднеиндустриальной модернизации атты 2006 жылы жарық көрген
монографиясында Ресейдегі ғылыми-техникалық саясаттың дамуымен
қалыптасуының кеңестік құрылымын өзгерту, осы саланы модернизациялау
қажеттілігі көрсетілген. Монографияның хронологиялық ауқымы екінші
дүниежүзілік соғыстан бастап, 1960 жылдар аралығын қамтиды. Келесі ғылыми-
техникалық саясатты инновациялық негізде қарастырып жүрген ресейлік ғалым
И.Г.Дежина [8] еңбектерінде ғылымды дамытудың жаңа тенденциялары, әлемдік
ғылыми кеңістікке кіру мәселелері және ғылымды интеграциялау жолдары
қарастырылған. Ғылыми-техникалық саясаттың Қазақстанда зерттелуіне келетін
болсақ, жағдай күрделірек. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері отандық
саяси ғылымда ғылыми-техникалық саясатты зерттеуге арналған бірде-бір
ғылыми еңбектің жоқтығына көз жеткіздік. Тақырыптың баспасөз беттеріне
жарық көрген мақалалармен ғана шектелуі мәселенің саяси ғылымда жан-жақты
зерттеу нысаны болмағандығын көрсетеді. Мұның басты себебін ғылыми-
техникалық саясат мәселесінің жаңашылдығынан іздеу керек. Осы тақырыпта
экономика ғылымдар саласынан жазылған белгілі ғалым э.ғ.д., профессор
О.Сәбденнің [9] Ғылым және ғылыми-техникалық саясат: парламентарий
көзімен деп аталатын 1993 жылы жарық көрген монографиясын айтуға болады.
Ғалымның бұл еңбегінде ғылыми салада нарықтық қатынастарға бейімделген
реформалар жасаудың қажеттілігі қарастырылған. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі
ғылыми-техникалық саясат тақырыбында жазылған тұңғыш еңбек болғандықтан,
бұл зерттеуі құнды еңбектердің бірі болып саналады. Бұл еңбекте
индустриалдық-инновациялық дамудағы ғылыми-техникалық саясатты дамытудың
саяси стратегиялық маңыздылығы назардан тыс қалған. Осы тақырыпты зерттеу
барысында тақырыптың өзектілігін анықтауда саяси-әлеуметтік-экономикалық
процестерді қоғамның жаңаруымен тығыз байланыста қарастырып жүрген отандық
ғалымдарымыздың еңбектерінің қосқан үлесі зор. Белгілі ғалым Ұлттық Ғылым
Академиясының академигі Т.С.Садықовтың [10] Интеллектуальный облик
будущего атты еңбегінде отандық ғылым мен білімді модернизациялаудың
негізгі бағыттарын елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық даму идеяларына
сәйкес, өркендетудің жолдары мен Қазақстанның әлемдік ақпараттық білім
кеңістігіне кіруінің басты мәселелері қарастырылған.
Жаһандану жағдайындағы саяси әлеуметтік жаңартулардың ғылым мен
білімге тигізген әсерін, осы үрдіс ауқымында ғылым мен білімді
модернизациялау мәселелерін зерттеген Т.С.Садықов [11], А.Ш.Ишмухамедов
[12], Р.А.Нұртазина [13], А.А.Нұрмағамбетов [14], Д.Б.Қыдырбекұлы [15],
А.А.Акишев [16] еңбектерін айтуға болады. Сондай-ақ Қазақстанда ғылыми-
техникалық саясатты дамытудағы ұлттық ерекшеліктердің ықпалын көрсеткен
М.Б.Тәтімов [17], С.М.Борбасов [18], Н.В.Романова [19], Ә.Н.Жүнісов [20],
Б.Н.Нарбаев [21] еңбектерінің орны ерекше. Ғылыми-техникалық саясатты
дамытудағы маңызды факторлар болып табылатын жастар саясаты мен саяси-
әлеуметтік мәселелерді және саяси элитаның орны мен рөлін зерттеген
Ж.Қ.Симтиков [22], Н.Ә.Абуева [23], Т.К.Әуелғазина [24] еңбектерінің де
маңызы зор. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократиялық даму
үрдістерінің ғылыми-техникалық саясатты дамытуға әсерімен саяси жаңартудың
ғылым мен білімді өркендетуге тигізген ықпалын зерттеген ғалымдар
Р.Б.Әбсаттаров [25], Ғ.Н.Иренов [26], Қ.Ж. Нұғманова [27], Г.Р. Нұрымбетова
[28] зерттеулерінің де маңызы жоғары. Ғылыми-техникалық саясаттың маңызды
қырларының бірі қоршаған орта мен экология мәселелерін зерттеген
Ә.Ө.Рахимова [29] еңбектері де құнды. Отандық белгілі ғалымдар А.Н.
Нысанбаев [30], Ғ.Е.Есім [31], К.Н.Бұрханов [32], Р.К.Қадыржанов [33],
С.Е.Нұрмұратов [34] еңбектерінің Қазақстан қоғамындағы саяси-әлеуметтік
мәселелердің жаһандану үрдістерімен тығыз байланыста қарастырып осы
процестердің дамуын инновациялық негізге бағыттауға қосар үлесі ерекше.
Сондай-ақ, осы тақырыпты зерттеуде айтарлықтай көмек көрсеткен, ғылыми-
техникалық саясаттың экономикалық қырын қарастырып жүрген экономист-
ғалымдар А.Қошанов [35], О.Сәбден [36], Ф.Днишев [37], К.Қажымұрат [38],
М.Жұрынов [39] зерттеулері де құнды болып табылады. Қазіргі кезеңдегі
ғылыми-техникалық даму динамикасындағы статистикалық көрсеткіштерді анықтап
отырған Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының мәліметтерімен Е.З.
Сулейменов [40], Ю.Г. Кульевская [41] еңбектерінің де орны ерекше.
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясатын зерттеу негізінен
Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру, тұрмыс деңгейін көтеру, ел
экономикасын өркендетудің нақты мүмкіндіктерін айқындау талаптарынан
туындап отыр. Бұл зерттеуіміз ғылыми-техникалық саясат тақырыбындағы саяси
ғылым тұрғысынан зерттеліп отырған алғашқы еңбек.
Зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық
саясатын ғылыми сараптамалық тұрғыда кешенді түрде зерттеу.
Зерттеудің міндеттері. Диссертациялық зерттеу жұмысының алдына қойған
мақсатына сәйкес келесі міндеттер айқындалады:
- саяси институттар мен процестер жүйесіндегі ғылыми-техникалық
саясаттың алатын орнын айқындау;
- тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы ғылыми-техникалық саясатты
дамытудағы жаңа құрылымдық өзгерістердің мәнін ашу;
- әлемдік ғылымның даму тенденцияларына сәйкес, Қазақстандағы
ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттарының (биотехнология,
нанотехнология, ғарышты игеру салаларының) саяси стратегиялық
мәнін ашып көрсету;
- кеңестік кезеңдегі ғылыми-техникалық саясаттың саяси-
әлеуметтік сипатын ашып көрсету;
- адамзат үшін ғылымды дамытудың гуманистік сипат алуының
маңыздылығын айқындау, ғылымның жетістіктерін тек бейбіт
мақсатқа, тіршілікке қауіп төндіріп отырған ғаламдық
мәселелерді шешуге жұмсау қажеттілігін айқындау;
- саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттарының ғылыми-
техникалық саясатты жүзеге асырудағы рөлін зерттеу;
- ғылыми-техникалық саясаттың теориялық негіздеріне, мәні мен
мазмұнына, оның қалыптасу жолдарына сараптама жасау;
- салыстырмалы саяси және тарихи тәсілдерді қолдана отырып,
әлемдік тәжірибедегі ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру
жолдарын және оның Қазақстан үшін тәжірибелік маңызын
айқындау;
- индустриалдық-инновациялық өркендеудегі ғылыми-техникалық
саясатты дамытудың стратегиялық маңыздылығын ашып көрсету.
Диссертациялық зерттеудің пәні Қазақстан Республикасындағы ғылыми-
техникалық саясаттың дамуын сарапқа салу таңдалды.
Зерттеудің нысаны саяси-әлеуметтік құрылымдар жүйесіндегі ғылыми-
техникалық саясатқа саяси талдау жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін
алғаннан кейінгі ғылыми-техникалық саясатқа саяси ғылым тұрғысынан кешенді
талдау жасалынған және жүйелі түрде зерттелінген алғашқы еңбек. Зерттеу
еңбегінде төмендегідей нақты ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:
- ғылыми-техникалық саясат ұғымына авторлық анықтама берілген,
индустриалдық-инновациялық даму сатысындағы Қазақстан үшін ғылыми-
техникалық саясатты дамытудың стратегиялық маңыздылығы айқындалды;
- отандық саяси ғылымда алғаш рет ғылыми-техникалық саясат күрделі
саяси процесс ретінде қарастырылды;
- ғылыми-техникалық саясат түсінігі және оның саяси ғылымдағы
зерттелуі бойынша көзқарастар талданып, жүйеленді;
- ғылыми-техникалық саясаттың мәні мен мазмұны анықталынып, саяси-
әлеуметтік процестегі орны мен рөлі талданып, ашып көрсетілді;
- кеңестік тоталитарлық қоғам тұсындағы ғылыми-техникалық саясаттың
қайшылықты тұстары анықталынып, сарапталды;
- ғылыми-техникалық саясаттың дүниежүзілік ғылымның даму
тенденцияларына сәйкес гуманистік сипат алып отырғандығы анықталды;
- ғылыми-техникалық саясатты дамытудың әлемдік саяси тәжірибесіне
талдау жасалынып, оның Қазақстан үшін маңыздылығы көрсетілді;
- Қазақстанда ғылым мен өндірісті ұштастыру мақсатында технологиялық
парктер мен инновациялық орталықтар құру арқылы технологиялық кеңістікті
қалыптастырудың қажеттілігі дәлелденді;
- Қазақстандағы ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттарының
(нанотехнология, биотехнология, ғарышты игеру салаларының ) қалыптасқандығы
дәлелденді;
- сараптау негізінде Қазақстанда ғылыми-техникалық саланы басқаруда
жаңа құрылымдық өзгерістер анықталынып, ЖҒТК (ВНТК), Ғылым Қоры, Ғылым
Комитеті, Халықаралық Сараптау Кеңесі құрылғандығы дәлелденді;
- ғылыми потенциал-ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы шешуші фактор
ретінде қарастырылып, мемлекет тарапынан материалдық, қаржылық қамтамасыз
етудің қажеттілігі дәлелденді;
- Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан көрінуіндегі
ғылыми-техникалық дамудың басты рөлі айқындалған.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Диссертациялық зерттеу
барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері,
Қазақстан халқына жолдаулары, Қазақстан-2030 стратегиясы, Қазақстан
Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму
стратегиясы, Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы Еуразия
ұлттық университетінің студенттеріне оқыған дәрісі, 2007 жылғы жас
ғалымдармен кездесуінде сөйлеген сөзі, Ұлттық ғылым академиясының 60 жылдық
мерей тойында сөйлеген сөзі, Қазақстан Республикасының заңдары мен құқықтық
актілері, Қазақстан даму институтының зерттеу нәтижелері мен мәліметтері,
Қазақстандық саяси партиялары мен қоғамдық қозғалыстардың құжаттары,
бағдарламалары, ғылыми-энциклопедиялық және қоғамдық саяси анықтама
сөздіктер, зерттеу тақырыбына байланысты Қазақстандық және шетелдік
авторлардың іргелі ғылыми еңбектері, әр түрлі мерзімдік басылымдар мен
арнайы әдебиеттер пайдаланылып, оларға талдау жасалынды. Сондай-ақ,
диссертацияда Қазақстан Республикасының Ғылыми және ғылыми-техникалық
саясатының тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-
2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қолданылды.
Өркениетті және индустриалды елдердегі ғылыми-техникалық саясатты
дамытудың жолдары мен бағыттарын анықтау контент-анализ негізінде талданды.
Зерттеудің хронологиялық ауқымы. Қазақстанның ХХ ғасырдың 90
жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі ғылыми-техникалық саясаттың дамуы мен
қалыптасу кезеңін қамтиды.
Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Зерттеу нәтижесінде
алынған теориялық қорытындылар саясаттану саласында ғылыми-техникалық
саясат мәселесін терең зерттеуде өз септігін тигізеді. Мемлекеттегі ғылыми-
техникалық саясатты дамытудың саяси-әлеуметтік тұстарын айқындауға
көмектеседі. Зерттеудің ой-тұжырымдары мен қорытындылары жоғарғы оқу
орындарында тақырыпқа сәйкес арнайы курс оқығанда, саяси ғылыми-
технологиялық даму бойынша дәрістер өткізуге, ғылыми-техникалық саясатты
дамыту туралы ғылыми ізденістерді жетілдіруде негіз бола алады. Сонымен
қатар, ғылыми еңбектің басты қағидаларын мемлекеттік құрылымдар жүйесі,
саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, ғылыми зерттеу институттары,
ғылыми-техникалық орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. саясат
субъектілері іс жүзінде өз қажеттеріне жарата алады.
Қорғауға ұсынылып отырған негізгі тұжырымдар
1. Ғылыми-техникалық саясаттың дамуы еліміздің саяси-әлеуметтік,
экономикалық өркендеуінің негізі. Билік пен қоғам арасында және
ғылыми ортаның өзара сұхбаттық қарым-қатынас жағдайында ғана
демократиялық принциптерге негізделген ғылыми-техникалық
саясатты қалыптастыруға болады. Ғылыми-техникалық саясаттың
өзекті мәселелері туралы республикалық деңгейде ғылыми форумдар
өткізумен кешенді ғылыми-техникалық бағдарламалар қабылдаудың да
мәні зор.
2. Еліміздегі ғылыми-техникалық саланың заңнамалық негізіндегі
қарама-қайшылықтар ғылыми-техникалық саясаттың дамуына едәуір
кедергі келтіріп отыр. Ғылым туралы заңдағы кемшіліктер ғылыми
потенциалдың осы саладағы шешуші фактор болуына толыққанды,
субъектісіне айналуына бөгет жасап отыр.
3. Қоғамда ғылыми-техникалық дамуға жаңаша көзқарас қалыптастыру
керек. Ғылыми-техникалық саланы басқаруда, шешім қабылдауда
ғылыми жұртшылыққа барынша мол мүмкіндіктер берілуі тиіс.
4. Соңғы жылдарға дейін мемлекет тарапынан ғылымды қаржыландыру
мардымсыз болып келді, қазіргі ғылымға бөлініп жатқан қаржының
өзі бұл саланы толыққанды қамтамасыз ете алмай отыр. Осы
олқылықтың орнын толтыру үшін ғылымды қаржыландырудың қосалқы
механизмдерін іске қосу керек.
5. Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп отырған ғылыми-техникалық
саясат жаһандану үрдісінің талаптары мен толыққанды үндеспей
отыр, сондықтан елімізде инновациялық даму мен саяси жаңару
үрдісіне сай, ғылыми-техникалық саясаттың теориялық-
концептуалдық негізін жетілдіру қажет. Сондай-ақ, арнайы ғалым
мәртебесі туралы Заң қабылдаудың да қажеттілігі зор.
6. Ғылым - инновациялық процестің басты негізі. Елдің инновациялық
дамуы, бәсекеге қабілеттілігінің артуы, қоғамның демократиялануы
ғылыми-технологиялық дамумен тығыз байланысты. Осы мақсатта
ғылыми-техникалық саясатты мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі
ретінде қарап, оны барлық аспектіде зерттеуді жетілдіру оңды
болмақ.
7. Тәуелсіз Қазақстанның ғылыми-техникалық саясатын дамыту және
оның демократиялық, құқықтық жүйесін жетілдіру ісі ғылыми
әлеуметпен саяси партиялардың ғылыми қоғамдастықтың, үкіметтік
емес ұйымдардың біріккен іс қимылының нәтижесінде ғана жүзеге
асатыны анық. Сондықтан, ғылыми қоғамдастық пен саяси билік
арасында ұлттық консенсусты қалыптастыру керек.
8. Қазақстанда ғылым мен өндірісті ұштастыру үшін технологиялық
парктер мен ғылыми өндірістік орталықтардың жоғарғы оқу
орындарының жанынан құрылуы мемлекет үшін тиімді. Мұндай
орталықтар жоғарғы оқу орны түлектерінің жұмыспен қамтамасыз
етілуіне өз ықпалын тигізеді.
9. Ғылыми-техникалық саясаттың гуманистік бағытта дамуының маңызы
ерекше. Қазіргі кезеңде әлемде қоғамдық білім, ғылым және
мәдениетті дамыту гуманистік идеялар негізінде жүзеге асырылып
отыр. Ғылымның жетістіктері қоғамның басты қазынасы адам
игілігіне жұмсалуы басты шарт. Осы бағытта жалпы адамзатқа қауіп-
қатер төндіріп отырған ғасыр дерті қатерлі ісік, туберкулез,
ЖҚТҚ (СПИД) ауруларының алдын алуға және қоршаған ортаның
ластануы, атмосфера тазалығы т.б. ғаламдық мәселелерді шешуге
жұмсалуы тиіс. Осы мақсатта отандық ғылымда гуманистік негізде
дамуға бағытталуы тиіс.
10. Ғылыми-техникалық саясат мемлекеттік құрылымдағы сан алуан
саяси-әлеуметтік, мәдени қатынастардың құрамдас бөлігі болып
табылады. Себебі, бұл процесс қоғам өмірінің барлық саласымен
тығыз байланыста жүзеге асырылады.
11. ТМД ауқымында ғылымды, білімді интеграциялау процесін кеңейту
маңызды мәселе. Осы елдерде ғылыми-техникалық ынтымақтастықты
нығайту үшін ғылыми-инновациялық орталық қалыптастыру, осы
саладағы барлық мемлекеттерге ортақ мәселелердің түйінін
тарқатудың негізгі жолы.
12. Еліміздегі ғылыми-техникалық дамудың басты басымдықтарының
санатына Қазақстан үшін аса қажетті ғылыми бағыттар – экология,
денсаулық сақтау, аграрлық салаларды енгізу керек. Қазақстан
бүгінде ірі аграрлық мүмкіндіктерге ие ел. Дүниежүзілік рынокта
астық, мақта, көптеген мал шаруашылығы өнімдерін ұсыну, өндіріс
ресурстарын игеру арқылы елімізді ірі индустриалды және аграрлық
мемлекетке айналдыруға толық мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен мақұлдануы. Диссертациялық жұмыс
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің теориялық және
қолданбалы саясаттану кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға
ұсынылды.
Диссертациялық жұмыстың негізгі қағидалары мен қорытындылары, Ресейде
өткен Наука и власть: проблема коммуникации (материалы Всероссийской
научной конференции. Москва, 26 сентября 2008 г.) атты конференция
материалдарында, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі
ғылыми-теориялық және саяси семинарлар мен конференцияларда баяндалды.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауында көрсетілген Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының маңызды
бағыттарын жүзеге асыру міндеттері атты Халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияда (Алматы, 24 сәуір, 2007 ж.), Алаш және тәуелсіз Қазақстан:
идеялар мен ұстанымдар сабақтастығы тақырыбындағы халықаралық ғылыми-
практикалық конференцияда (Алматы, 21 қараша, 2008 жыл), Рухани ғылыми
мұра атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 7 қараша,
2008 ж.), Жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйесінің даму
мәселелері атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2008
жыл), Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы, экономикалық, құқылық
және әлеуметтік жайы тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияда (Семей, 27-28 наурыз, 2009 ж.), Қазақстан Республикасының
әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуінің әлеуметтік
экономикалық және құқықтық мәселелері атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияда (Алматы, 11наурыз, 2007 ж.), Тұлға, Таным, Шығармашылық
Ұлттық Ғылым Академиясының академигі А.Н. Нысанбаевтің 70 жылдығына
арналған Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның орнықты дамуының мәселелері,
зерттеу тәжірибесі, жағдайы мен болашағы атты халықаралық ғылыми-теориялық
конференцияда (Алматы 2007 ж. 5 мамыр), Абай атындағы Ұлттық педогогикалық
Университетінің Актуальные проблемы международного права в свете послания
президента президента республики Казахстан Н.Ә.Назарбаева Новый Казахстан
в новом мире атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы
2007 жылы 18 сәуір), Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі -
демократиялық қоғамның дамуын жеделдету атты халықаралық ғылыми -
практикалық конференцияда (Алматы, 2007 жыл 30 мамыр), Қазақстан
Республикасының бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан көрінуінің
негізгі міндеттері атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда
(Алматы, 2006 жыл 21 сәуір), Егеменді Қазақстанның дамуы, тәжірибе
үрдістері мен болашағы атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда
(Алматы, 2006 жыл 7 желтоқсан), Қазіргі жағдайдағы терроризммен күресу
проблемалары атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы,
2002 жыл 10-12 желтоқсан), Правовое государство, от идеи до
материализации тақырыбындағы академик М.С. Беспаевтың 80 жылдық
мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы,
2008жыл), Жоғары білім мен ғылымды модернизациялау, инновациялық дамудың
жолдарымен перспективалары атты ҚР ҰҒА академигі Тоқмұхамед Сәлменұлы
Садықовтың 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияда (Алматы,
2008ж 18 қазан), 2007жылы Конституциялық реформаны жүзеге асырудағы
Қазақстан Республикасындағы демократиялық институттардың дамуы (Алматы,
2008ж 29ақпан) тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда,
Орталық Азия Университтетінде өткізілген Қазақстанның даму жолы, оның
ерекшеліктері, проблемалары және перспективалары халықаралық ғылыми
практикалық конференция материалдарында (Алматы, 2007ж), Политика
демократизации общественной жизни в Республике Казахстан, Гуманитарлық
ғылымдар (Қарағанды, 2009ж) атты ғылыми еңбектердің ЖОО-аралық жинағында
(Алматы, 2000ж), Қолданбалы саясаттану және инновациялық даму атты оқу
құралында (2007 ж.), Саясаттану курсы бойынша оқу-әдістемелік
бағдарламасында (2008 жыл.), Қазақстан Республикасында ғылыми техникалық
саясаттың дамуы мен қалыптасуы (2008 жыл) атты монографияда баяндалып
талқыланды.
Сондай-ақ, дисертациялық зерттеудің негізгі мазмұны мен теориялық
қағидалары И.Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік Университтетінің
Жаршысында ( қоғамдық ғылымдар сериясы - № 12.2008ж) Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысында (әлеуметтану және саяси
ғылымдар сериясы), Еуразия гуманитарлық университетінің хабаршысында,
Қайнар университетінің хабаршысында (саяси ғылымдар сериясы), Саясат
(информационно аналитический журнал), Адам әлемі (философиялық және
қоғамдық-гуманитарлық журнал), Әл-Фараби (философиялық-саясаттанулық және
рухани-танымдық журнал.), Ізденіс (гуманитарлық ғылымдар сериясы),
Қазақстан жоғарғы мектебі (Халықаралық ғылыми-педагогикалық басылым),
Ақиқат ұлттық қоғамдық – саяси журналында жарияланды. Сол сияқты
диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен ұстанымдары
бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
халықаралық қатынастар факультетінің Саясаттану және халықаралық
қатынастар бөлімінің студенттеріне арнайы курс оқылды.
Зерттеу нәтижелерінің жариялануы. Диссертация тақырыбы бойынша
автордың 44 мақаласы жарық көрген. Жұмыстың жалпы көлемі 250-бет
компьютермен терілген мәтінді құрайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігімен зерттелу деңгейі
қарастырылып, мақсаты мен міндеттері, пәні мен объектісі, ғылыми жаңалығы,
әдіснамалық және теориялық негіздері, хронологиялық ауқымы, қорғауға
ұсынылатын негізгі тұжырымдары, сонымен бірге зерттеу жұмысының сыннан өтуі
мен мақұлдануы және құрылымы айқындалады.
Диссертацияның Ғылыми-техникалық саясатты зерттеудің теориялық-
әдістемелік негіздері атты бірінші бөлімінің 1.1. Мемлекет саясатындағы
ғылыми-техникалық саясаттың орны мен рөлі атты тақырыпшасында ғылыми-
техникалық саясаттың теориялық-әдіснамалық қыры қарастырылады.
Диссертацияның теориялық және әдістемелік негізін классикалық және қазіргі
замандық теориялар мен саяси – әдістемелік тұжырымдар құрайды, өткен ғасыр
ойшылдары Э.Кан және Л.Нуаре, Хайдеггер, К.Ясперс, А. де Токвиль,
О.Шпенглер, Дж.Бернхэм, Г.Лассуэл, Т.Дай, Р.Дарендорф, К.Дойч, Х.Зиглер,
Д.Истон, О.Тофлер, Д.Арон, У.Ростоу, Ф.Бэкон және т.б. еңбектері зор үлес
қосты. Бұл тақырыпшада ғылыми-техникалық саясаттың дамуымен қалыптасуындағы
мемлекеттің рөліне саясаттанулық талдау жасалған. Автордың пікірінше ғылыми-
техникалық саясат мәселесін саяси аспектіде қарастыру, ғылым мен техниканың
саясат әлеміндегі орны мен рөлін, жаңаша бағалауға, қоғамдағы ғылыми-
техникалық саясаттың стратегиялық саяси мәнін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекет саясатындағы ғылыми-техникалық саясаттың маңыздылығын,
инновациялық өркендеумен саяси жаңартуға байланысты стратегиялық саяси мәні
зерттелінген. Диссертанттың пайымдауынша Қазақстан үшін ғылыми-техникалық
саясатты дамыту – дағдарыстан шығудың тиімді жолдарының бірі. Ғылым мен
өндірісті ұштастыру, озық технологияларды игеру жаңа жұмыс орындарын ашуға
мол мүмкіндіктер туғызады. Мұның өзі саяси-әлеуметтік мәселелерді шешудің
бір жолы. Сондай-ақ, бұл тақырыпшада саясат пен ғылымның, экономиканың
тығыз байланыстылығы қарастырылған. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
өркендеуі тікелей ғылыми-техникалық саясаттың дамуымен байланысты.
Диссертациялық жұмыста ғылыми-техникалық саясат мемлекеттің жаңа басым
бағыттарының бірі ретінде зерттеледі. Саяси-әлеуметтік, қоғамдық
құрылымдағы ғылыми-техникалық саясат күрделі саяси процесс ретінде
қарастырылып, оның демократиялық механизмдерінің объективті және
субъективті алғышарттары талданған.
Автордың пайымдауынша ғылыми-техникалық саясат көпқырлы кешенді
процесс, ол қоғамдағы барлық саяси-әлеуметтік, экономикалық үрдістерімен
тығыз байланыста дамиды. Сондай-ақ, бұл тақырыпшада кеңестік кезеңдегі
ғылыми-техникалық саясаттың зерттелуіне де талдау жасалынған. Автордың
пайымдауынша кеңестік кезеңде ғылыми-техникалық саясат КСРО-ның жүргізген
саясатының ауқымында ғана зерттелінген. Сол кездегі зерттеу еңбектерінің
басым көпшілігі партияның рөлін көрсетуге тырысқан – деген тұжырым жасайды.
Батыс саяси ғылымында ғылыми-техникалық саясат ерте енген танымал
ұғымдардың бірі. 1777 жылы жарық көрген И.Беккманның Технология бойынша
жетекшілік немесе қолөнерді фабрикалар мен мануфактураларды тану- деп
аталатын еңбегінде, қоғамның экономикалық өркендеуі тікелей ғылым мен
техниканың өзара бірлікте дамуымен байланысты – деп тұжырымдаған [42].
Ғылымды – өндіргіш күш ретінде танып, зерттеудің негізгі ХVII-XVIII
ғасырға тән деп айтуға болады. Ғылым мен техниканың қоғамдық қатынастар
жүйесіндегі ықпалын зерттеуге ағылшын философы, әрі саяси қайраткері
Ф.Бэкон зор үлес қосты. Жаңа Атлантида мемлекеті туралы әйгілі еңбегінде
ол қоғамның өндіргіш күштері ғылым мен техниканың көмегімен дамыған
мемлекеттерді атап көрсетті. Ф.Бэкон барлық қоғамдық проблемаларды ғылымның
көмегімен шешуге болады – деп түсіндіреді [43].
Жалпы ғылыми-техникалық саясат түсінігінің ғылыми айналымға енуі
ХХ ғасырдың 50-жылдарына тән. Алғашқыда батыстың ғалым-экономистері ғылыми
салаға жаңа термин ретінде енгізіп, кең қолданған. Бұл түсінік бірте-бірте
қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың зерттеулерінде белсенді түрде қолға
алынып, дербес зерттеу саласы ретінде қалыптасқан.
Бірінші тараудың 1.2. Ғылыми-техникалық саясаттың мәні мен мазмұны,
қалыптастыру принциптері атты тақырыпшасында ғылыми-техникалық саясаттың
мәні мен мазмұны, оны қалыптастыру қағидаттары зерттелінген. Зерттеуші бұл
тақырыпшада ғылыми-техникалық саясатқа берілген анықтамаларды топтастырып,
жүйелеп, көптеген ғылым салаларының тоғысуынан тұратын, бұл саясатқа
авторлық анықтамасын берген. Автордың пікірінше бүгінгі таңда ғылыми-
техникалық саясат тек экономикалық ұғым ғана емес, саяси салмағы бар
түсінік болып отыр. Сондай-ақ, бұл тақырыпша ғылыми-техникалық саясат
түсінігінің көп өлшемді, кең мағыналы ауқымын зерттеуге бағытталған.
Диссертанттың пайымдауынша ғылыми-техникалық саясат қоғамның саяси-
әлеуметтік, экономикалық дамуымен тікелей байланысты күрделі де кешенді
процесс. Саяси ғылымнан бастап, көптеген ғылымдар саласының тоғысуынан
тұратын ғылыми-техникалық саясатқа бір ғана ғылым саласының негізінде
анықтама беру мүмкін емес. Автордың пайымдауынша ғылыми-техникалық саясат –
саяси биліктің ғылым мен техникаға қатынасын білдіретін, мемлекеттің ғылыми-
техника саласындағы даму бағыттарын анықтайтын, мемлекеттің экономикалық-
әлеуметтік саясатының құрамдас бір бөлігі болып табылатын, стратегиялық іс-
қимылдарының кешенді жиынтығы деп тұжырымдайды. Ғылыми-техникалық саясаттың
мақсаты - елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайту, өндірістің осы заманғы
ғылыми-технологиялық базасын құру, елдегі ғылыми-техникалық потенциалды,
рационалды орналастыру және тиімді пайдалану, мемлекеттің экономикалық
дамуы мен өркендеуіне ғылым мен техниканың қосатын үлесін арттыру болып
табылады. Қазақстан Республикасының 2001 жылы қабылданған Ғылым туралы
заңында [44] мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат, әлеуметтік-
экономикалық саясаттың құрамдас бір бөлігі, ол мемлекеттің, әртүрлі
ұйымдардың ғылыми-техникалық жетістіктерді іске асыру мен жаңа
технологиялар жасау жолындағы, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету мақсатындағы қызметінің негізгі бағыттарын, принциптерін, нысандары мен
әдістерін белгілейді-деп көрсетілген. Ғылыми әдебиеттерде ғылыми-
техникалық саясатқа әртүрлі анықтамалар берілген. Соңғы шыққан кейбір
зерттеулерде ғылыми-техникалық саясатты инновациялық саясатпен қатар
қарастырып жүр. Ғылыми-техникалық саясатты теориялық түрғыдан зерттеу
бірінші кезекте мемлекеттің өзіне тиімді болмақ. Қазіргі кезеңде ғылыми-
техникалық саясаттың мазмұнына материалдық өндірістің тиімділігімен
бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экологиялық жағдайды жақсарту, мемлекеттік
ақпараттық ресурстарды қорғау, ғылыми саланың нарықтық экономикаға тән жаңа
тетіктерін қалыптастыру мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру, ғылым мен
өндірісті, білімді интеграциялау, адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жатады.
Ғылыми-техникалық саясат ұғымына анықтама беру қоғамдық және жаратылыстану
ғылымдарының барлық саласында орын алған. Бірқатар ғылыми, қоғамдық-саяси
сөздіктер мен әдебиеттерде ғылыми-техникалық саясатқа түсініктер берілген.
Саяси энциклопедияда: Ғылыми-техникалық саясат дегеніміз қоғамда ғылымды
қажетсінетін салалардың өсуі, ғылыммен өндірістің өзара ұштасуы[45] деген
анықтама негізделсе, экономикалық сөздікте: Қоғамдағы ғылыммен техниканың
өркендеуі, экономикалық дамудың негізгі көзі[46] – деген пайымдау
ұсынылса, саяси сөздікте: Ғылыми-техникалық саясат – ғылымның әртүрлі
салаларының басын қосатын көп қырлы кешенді процесс[47] деген анықтама
берілсе, әлеуметтік энциклопедияда: Ғылыми-техникалық саясат – мемлекет
саясатының құрамдас бір саласы қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық
дамуымен тығыз байланыста өрбитін кешенді процесс [48]-делінген. Жаңа
экономикалық сөздікте: Қоғамның өндіруші күштерін жетілдіру, материалдық
өндірісте және адамның тіршілік қызметі аясында ғылыми-техникалық
жетістіктерді модернизациялау негізіндегі еңбек нәтижесі[49] - деген
анықтама ұсынылады. Берілген анықтамаларға сүйене отырып, ғылыми-техникалық
саясат саяси жүйедегі саяси-әлеуметтік, экономикалық процестермен тығыз
байланыста дамитын, мемлекет саясатының ажырамас, құрамдас бөлігі болып
табылатын көпқырлы кешенді процесс деп қорытындылауға болады. Ғылыми-
техникалық саясаттың мәні мен мазмұнын ашып көрсету үшін осы ұғымға тікелей
қатысты техника және технология түсініктеріне анықтама берген жөн.
Қазіргі кезеңде жиі қолданылып жүргендігіне қарамастан техника, технология
ұғымдарына ғылыми негізделген нақты тұрақты анықтама әлі қалыптаспаған.
Техника ұғымына жаңа филлософиялық сөздікте: Өндіріс құралдарының
жинағы, алдыңғы қатарлы озат техника, қандай да бір процесті жүзеге асыруда
қолданатын тәсіл -деген анықтама берілген [50]. Автордың пайымдауынша
техника (зат) құрал-жабдық, машина материалдық еңбектің жемісі, технология
– (процесс) әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Көптеген зерттеулерде бұл екі
ұғымды да бірдей шеберлік, өнер жасай білу деп түсіндіреді. Бұл ұғымның
қолданыста пайда болу тарихына үңілетін болсақ, алғашқы қауымдық
құрылыстағы құрал-жабдықтардың пайдалануынан, бірте-бірте күрделі құрал
жабдықтарға өту, қоғамға техниканы енгізген. Техника мен технология
қоғамның жедел дамуының маңызды факторына айналды, бүгінде техника ықпалын
тигізбеген адам өмірінің бірде-бір саласы жоқ. Технология – белгілі бір
заттың (шикізат-материал) жай-күйін, қасиетін, формасын өзгерту үшін
қолданылатын тиімді өңдеу әдістерінің жиынтығы [51]. Технология XX ғасырдың
аяғынан бері ғана кең түрде қолданылып келе жатқан жаңа саяси ұғымдардың
біріне саналады. Мән-мағынасы бойынша қоғамдық-саяси-әлеуметтік процестерді
шешудің әдіс-тәсілдері – дегенді білдіреді.
Диссертанттың пікірі бойынша ғылыми-техникалық саясаттың мазмұны
ғылым, саясат, техника, технология, ғылыми техникалық прогресс
түсініктерінің кешенді жиынтығын құрайды. Осы ұғымдардың өзара тығыз
байланыста дамуы ғылыми-техникалық саясаттың толық қанды мазмұнын ашып
көрсетеді. Ғылыми-техникалық саясатты қалыптастырудың негізгі принциптері:
ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарын ұлттық мүддеге, елдің әлеуметтік-
экономикалық дамуының қажеттілігіне сәйкес ынталандыру және мемлекеттік
қолдау ресурстарды басым ғылыми бағыттарға шоғырландыру; ғылым мен техника
жөніндегі мемлекеттік тапсырыстарды конкурстық негізде қалыптастыру; саяси
билікпен ғылыми жұртшылықтың өзара іс-қимылын демократияландыру, ғылыми-
техникалық шығармашылықтың еркіндігін қамтамасыз ету және ғылыми
қызметкерлердің қоғамдағы статусын көтеру болып табылады. Ғылыми-техникалық
саясаттың негізгі мақсаты – шикізатқа бағытталған экономиканы біртіндеп
технологиялық, ал технологиялықты инттелектуалдық-ақпараттық экономикаға
ауыстыру және осы мақсат үшін білікті мамандар даярлау, өмірдің сапасын
арттыруға бағытталған зерттеулерді дамыту, ресурстарды үнемдейтін және
экологиялық жағынан таза өнімдер өндіру болып табылады.
Осы тараудың 1.3 Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы
жаңа бағыттар (нанотехнология, биотехнология және ғарыш салалары) атты
тақырыпшасында дүниежүзілік ғылыми-техникалық саясаттың даму
тенденцияларына сәйкес, Қазақстанда да ғылыми-техникалық саясатты дамытудың
жаңа тенденциялары мен бағыттары қалыптасып келе жатқандығы зерттелінген.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың атап айтқанындай әлемдік рынокта
Қазақстан жоғары технологияларға ие болуы тиіс, сондықтан нақты нәтижелерге
қол жеткізуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттары
белгіленді. Олар биотехнологиялар, нанотехнологиялар, ғарыш саласы,
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен көмірсутекті және тау-кен
метталлургиялық өнеркәсіп үшін қажетті технологиялар.
Жаңа басым бағыттардың бірі нанотехнология саласына қысқаша тоқталатын
болсақ, нанотехнология си өлшем жүйесінде нано миллиардтың бір бөлігі
деген үлесті білдіреді [52].
Нанотехнологияның басты жетістіктерінің бірі атомның ішіндегіні көруге
болатын микроскоптардың қолданысқа енуі. Нанотехнология арқылы иненің ұшына
ағылшын сөздігінің 28 томын сыйдыруға болады. Нанотехнологияларды дамытудың
арқасында медицинада мүлдем таңғажайып дүниелер орын алып отыр. Бұлар
осыған дейін көзге көрінбеген тың білімдерді ашатын мүлде жаңа
технологиялар нәтижесінде, іс жүзінде жаңа әлем, жаңа өлшемдер ашылды.

1-кесте. Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы жаңа
бағыттар.
Қазақстандағы перспективалы ғылыми-техникалық басым
бағыттар

БИОТЕХНОЛОГИЯ НАНОТЕХНОЛОГИЯ ҒАРЫШТЫҚ ҚЫЗМЕТ

КӨМІРСУТЕКТІ ЖӘНЕ ТАУ-КЕН АҚПАРТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ӨНЕРКӘСІП ҮШІН ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ҚАЖЕТТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

2-кесте. Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың жаңа құрылымы

ЖОҒАРЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИССИЯ
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР К.Х.Мәсімов

ҒЫЛЫМ ҚОРЫ ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПТАУ
КОМИССИЯСЫ

3-кесте.
ҒЫЛЫМИ ПОТЕНЦИАЛДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРДЫ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДАМЫТУ

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ ЖЕТІСТІГІН
БАҒЫТТАР ӨНДІРІСТЕ ТОЛЫҚТАЙ ҚОЛДАУ

ЖОҒАРҒЫ ҒЫЛЫМҒА ҚАЖЕТТІЛІК ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКАНЫ
ПЕН ӘДІСТЕМЕЛІКТІ ҚАТАР ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕМДІК ТАЛАПТАРҒА
ДАМЫТУ САЙ БОЛУЫ

Нанотехнологияның Қазақстанда қалыптасуы мен болашағы туралы
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Жаңа Қазақстан-ұлттың ұлы идеясы атты
сұхбатында бұл бағыттардың Қазақстан үшін саяси стратегиялық маңыздылығын
тұжырымдап көрсеткендей, 10-15 жылдан кейін нанотехнологияларды пайдалану
арқылы триллион доллардың өнімдері шығарылады. Бүгінде дүниежүзінің
көптеген елдері нанотехнология мен биотехнологияны дамытуға кірісті. Ресей
үкіметі нанотехнологияны дамытуға миллиард қаржы бөліп, жаңа
лабораториялардың негізі қаланса, Қазақстанда нанотехнологияны игеруге
кадрлар дайындау туралы жаңа бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Демек,
елімізде нанотехнологияны дамытудың іргетасы қаланды.
Келесі ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттарының бірі биотехнология
болып табылады. Биотехнология әлемде ерекше саяси сипат алып отыр.
Дүниежүзінің көптеген елдерінде биотехнология ғылым мен саясаттың басын
қосатын жаңа салалардың бірі, ғылыми-техникалық саясаттың маңызды бөлігі
ретінде қарастырылады. Автордың пайымдауынша Қазақстанда биотехнология
бағытын дамыту перспективалы болып табылады, себебі біздің елімізде бидай
және басқа да дақылдар көп өсіріледі. Ғылыми-техникалық дамудағы
биотехнологияны дамытудың саяси стратегиялық маңыздылығын елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуге және қайта
қалпына келмейтін энергия қорын үнемдірек пайдалануға мүмкіндік береді–деп
тұжырымдағанындай биотехнология стратегиялық маңызды бағыттардың бірі.
Ұлттық биотехнологиялық орталық Қазақстанда алғаш рет құс тұмауына қарсы
Қазақстан – 15 ауыл шаруашылығы вакцинасын жасап шығарды[53]. Бұл
қазақстандық ғалымдарымыздың ғылыми саладағы үлкен жетістіктерінің бірі
болды. Биотехнологиялық орталықтың ендігі мақсаты – ғасыр дерті болған
туберкулез, қатерлі ісік тағыда басқа аурулардың алдын-алу, одан адамдарды
сақтандыру мақсатында жұмыс істейді. Ұлттық Биотехнологиялық Орталық
отандық ғылымды әлемдік деңгейге жеткізуге өзіндік үлес қосатын халықаралық
маңызы бар ғылыми зерттеу орталығы ретінде қалыптасып келе жатыр. Автордың
пайымдауынша Қазақстан үшін биотехнология саласын дамытудың саяси
стратегиялық маңыздылығы зор. Себебі бұл сала адам денсаулығынан бастап,
азық-түлік, қоршаған орта, жанар-жағармай тағыда басқа тұрғындар
қажеттілігін өтеуге керек өнімдерді өндірумен айналысады. Біздің елімізде
биотехнологиялық саланы әрі қарай дамыту үшін – қомақты қаржыландыру, осы
заманғы құрал-жабдықтар ең бастысы сауатты ғылыми потенциал керек.
Қазақстанда ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттарының бірі ғарышты
бейбіт мақсатқа игеру, ғарыш кеңістігін зерттеу болып отыр. Ғарышты игеру
де – осы заманғы ғаламдық мәселелердің бірі. Қазақстан әлемдік
косманавтикада сирек кездесетін ғарыш кешенінің иесі, оны жалға беруші ғана
емес өзінің ғарышкері, ғылыми-ғарышты игеру бағдарламасы бар ел. Ғарыштық
қызметті дамыту – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды
факторы. Дүниежүзіндегі ең ірі ғарыштық кешен болып саналатын Байқоңыр
Қазақстанның ғылыми-техникалық дамуына үлкен жол ашады [54]. Еліміз
тәуелсіздік алғаннан кейін, Байқоңыр айлағында төрт ірі кешенді ғарыштық
зерттеулер жүзеге асырылған. Отандық ғарышкерлердің қатысуымен қоршаған
ортаны қорғау, төтенше жағдайларды бақылау, ауыл шаруашылық дақылдарының
жаңа түрлерін өндіру мақсатында ғарыштық кең көлемді ғылыми бағдарламалар
жасақталып жүзеге асырылуда [55]. Қазақстандағы ғарыштық қызметті дамытудың
саяси стратегиялық мәні зор. XXI ғасырда Қазақстан ірі ғарыштық
державалардың қатарынан көріне алатын зор мүмкіндікке ие.
Диссертацияның Ғылыми - техникалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Германия Федеративті Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде орталық азиялық бағытының басымдылықтарын көрсету
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қазақстан Республикасының аймақтарының инвестициялық-инновациялық әлеуеті
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты үлгілері
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының салық саясаты
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және әлеуметтік-экономикалық дамудың 2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері
Экономиканы мемлекеттік реттеу: қағидалары мен үлгілері
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты
Пәндер