Түркістан қаласының қазақ хандығы тарихында алатын орнын зерттеу және қала тарихын көрсету


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі . Орта Азия мен Қазақстан аумағында тарих түкпірінде пайда болып, түрлі шапқыншылық кезеңдерде басқа елді-мекендер сияқты өшіп кетпей, қазіргі уақытқа дейін өмір сүріп келе жатқан саусақпен санарлық қалалардың бірі-Түркістан.
Есім хан билік құрған кезден бастап, екі жүз жылдай астана болған деген дерек бар. Бір кезде саяси-әкімшілік орталық болған көне шаһар рухани-мәдени орталық дәрежесін бүгінге дейін сақтап қалды. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары Түркістан «рухани астана» аталды. Қазақтың рухын күшейтіп, ұлттық санасын оятуда Түркістан шаһарының орны бөлек.
Қазақ хандығы (1470-1847) құрамына Түркістан аймағы, яғни Сырдарияның орта сағасы ХVІ ғ. соңында түпкілікті қарады. Бұл өңір әдетте ұлы дала аумағында үстемдік құрған түркі мемлекеттеріне қараған. Түркістан қаласын алғаш астана еткен қазақ хандарының бірі Есім хан (1598-1614; 1627-1628) болды. Хиуа хандығының ханы, айтулы тарихшы Әбілғазы өзі хан болмай тұрып Есім ханның Түркістан қаласындағы ордасын үш ай бойы паналағанын жазып кеткен.
Түркістанға билік жүргізген қазақ хандарының бірі Тұрсын Мұхаммед (1613-1627) болды. Шығыстанушы П. Лерх, Түркістан аумағына 1867 жылғы барған іссапарының барысында Қожа Ахмет Йасауи ұрпағының қолында билеушілер артықшылықтар берген он бес құжат ішінде Тұрсын ханның һижра бойынша 1035/1625-26 жылғы жарлығын көргенін жазады.
Түркістан қаласында қазақ хандары түрлі елшіліктер қабылдады. Орыс деректерінде 1694 ж. 22 шілдесінде Тәуке ханның (1652-1717) орыс елшілерін қабылдағаны сипатталады. Осы кезде өткен келіссөздер барысында қазақ ханы тең дәрежелі қатынастар болуын талап еткен. Тәуке хан түрік сұлтаны мен қызылбас (парсы) патшасын өзінен ешбір жоғары санамайтынын мәлімдейді.
1719 ж. бастап 1724 ж. дейін қазақ хандарының басшысы болған Әбілқайыр (1718-1748) Түркістан қаласын өзінің астанасы етті. 1724 ж. Әбілқайыр әскермен келіп Түркістан қаласын қалмақтардан азат етті. Бір жылдай ол қаланы және оның айналасындағы елді мекендерді жау қолына бермей тырысып бақты. Алайда 1725 ж. басында сан жағынан басым болған қалмақтардың қысымымен Оңтүстік Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болды.
Түркістан қаласында қазақ билеушілерінің хан көтеру салтанаттары өтті. Абылайды қазақтың ұлы ханы етіп сайлау жөніндегі дерек назар аударарлық: « . . . 1771 ж . . . біздің барлық текті және даңқты кісілеріміз, Үш алаш - қазақ жұртының хандары, қалалар мен далалық аймақтар, және Түркістан жұртының текті кісілері мені хандардың басшысы етіп қоюды келісті. Біздің дәстүрімізге сай және алдыңғы хандардың жолымен, біздің әулие Әзірет Қожа Ахмет Йасауи дүние салған Түркістан қаласында, оның қабірі басында Фатиха сүресі оқылып, мені хан етіп көтерді . . . ». Сонымен кейінгі ортағасырлық дәуірде Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қазақ ханын ақ киізге көтеріп сайлайтын орын болды.
Қазақ хандарының Түркістан қаласына келуі үлкен салтанатпен атқарылды. 1744 ж. 24 маусымда жазылған хабар бойынша: «Әбілмәмбет хан қалаға жақындай түскенде қала ішінде бір адам қалмай қарсы алуға шықты . . . сонымен қоса өз дәстүрімен ұзындығы сажыннан асатын мыс кернейлар ойнатылды және қыш табақтарға тері тартылғандай етіп жасалғандай даңғыраларды ұрды. Бұған қоса оған аса қуанышты қабылдау белгісі ретінде үш сиырды үш мәрте айналдырды . . . Хан қалаға бөлек кетті. Қалаға енген кезде біріншіден олар әулие жатқан бас мешітке барды . . . ».
Түркістан қаласы қазақтың бетке тұтарлары мен ақсүйектерінің мәжіліс өткізетін орны болды. Бір деректе қазақтың атақты биі Төле Әлібекұлының 1744 шілдесінде келгені көрсетіледі: « . . . Түркістанға Әбілмәмбетпен кездесуге ұлы жүзден Ташкентте ханнан жоғары құрметтелетін қазақтың ең атақтысы Төле би келді».
XVIII ғ. 60-жылдары Қазақстан мен Орта Азия аумағына қытай басқыншылығы қаупі пайда болды. 1762 ж. Әбілмәмбет хан (1734-1771) мен Абылай сұлтанға Қытай елшілері келіп, қытай билеушісі көктемде арнайы әскер жіберіп, Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барып құрбандық шалу жасамақ ойы барын жеткізеді. Осыған байланысты Түркістан қаласында 1763 ж. қазақ даласының ықпалды 6 мың тұлғасы қатысқан құрылтайы өтеді. Онда Қытай империясы тарапынан Орталық Азия елдерін жаулап алу қаупі төнуіне орай көрші мұсылман мемлекеттерімен, әсіресе, Ауғанстан патшасы Ахмад-шах Дурранимен (1747-1773) бірге әскери одақ құру мәселесі қаралып мақұлданады. Орталық Азия мұсылман мемлекеттерінің бірігуі Қытай империясының Қазақстан мен Орта Азия жерлерін басып алу ниетінен бас тартуға мәжбүр еткен.
Тақырыптың тарихнамасы . Қазіргі Түркістан қаласының байырғы тарихын зерттеу тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Әуелі Иасы, кейін Түркістан атанған қаланың тарихы тереңде жатыр. Ертедегі Иасының орны - Күлтөбе, қазіргі Түркістан айналасындағы басқа да көне және ортағасырлық мекен құлаңдылары: Сидақ ата, Шойтөбе, Қарашық I, II, Төрткүлтөбе I, II атты ескерткіштер археологиялық тұрғыдан зерттелу үстінде. Осымен қатар Иасы - Түркістанның XV-XVIIІ ғасырлардағы тарихын зерттеу өте қажет. Себебі бұл кезеңде қала айтулы өзгерістерге тап болған. Қазақ хандығы тұсында Иасы бір аудан орталығы дәрежесінен Түркістан атты тарихи аймақтың астанасына, ал кейін Қазақ хандығының бас қаласына айналды. Қаланың осы кездегі тарихын зерттеу арқылы ортағасырдағы төл мемлекетіміздің тыныс-тіршілігшің қыр-сырларын тануға болады.
Мұнда ел тағдырын шешкен мәслихаттар өткен, хан сайлаған құрылтайлар болған. Әйгілі Абылайдың бүкіл қазақ ханы болып сайлануы, Шәді төре айтқандай, осы қалада өткен.
Қазақтың Есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай, басқа белгілі хандары, батырлары, билері Ахмет Иасауи кесенесінде және оның айналасындағы мазаратта жатыр. Түркістан қаласының Қазақ хандығының негізгі саяси, діни, сауда орталығы болды. Яғни Түркістанның XV-XV1II ғасырлардағы тарихын зерттеп-танымай Қазақ хандығының, Қазақстанның тарихын білеміз деп айтуға болмайды.
Түркістан аумағындағы ортағасырлық қалаларды зерттеу жұмыстары 19 ғ. басталады. Жалпы осы зерттеу жұмыстарын үш кезеңге бөлуге болады. Атап айтсақ:
І кезең 19 ғасырдан ХХ ғ. 17 жылына дейінгі уақыт мерзімін қамтиды.
ІІ кезең 1917 жылдан 1991 жылға дейінгі уақыт мерзімін қамтиды.
ІІІ кезең Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан басталады.
Түркістан әуесқой археология үйірмесінің құрылу қарсаңында орыс нумизматикасы саласында И. Н. Березин, В. В. Вельяминов, Зернов, В. В. Григорьев, Б. А. Дорна, П. И. Лерх, В. Г. Лихачева, П. С. Совальева, О. И. Сенковский, Г. С. Каблукова, В. Г. Тизенғаузен, Н. В. Ханыкова, Х. Д. Френ т. б. іргелі еңбектері жарық көрген еді [2] .
А. Л. Кун 1865 жылы Петербург университетін тәмамдап Орынборға қызмет етіп жүрген тұсында В. В. Григорьевтің ұсынысымен Ресей ғылыми қоғамдары үшін деректер мен коллекция жинауға тапсырма беріліп Орта Азияға жіберіледі. 1868 жылы ол Түркістанға келіп, содан 80-ші жылдардың бас кезіне дейін өз міндетін тамаша табыстармен атқарады. Оның жергілікті көне ескерткіштер жайлы мәліметтері ғалымдар мен қалың жұртшылықтың назарын өзіне аударды [2, 47 б] .
В. В. Бартольд 1893-1894 жылдары Талас-Шу-Сырдария өңірі ескерткіштерін аралап, соның нәтижесінде «Есебін» жазды [3] .
Орта Азияға В. В. Бартольдтің келуі өлкетану жұмысын жандандырды. Бұған Түркістан археологиялық әуестенушілер үйірмесінің құрылуы көп әсер етті. Сырдария өзені бойындағы ескерткіштерді есепке алып, жоспар құрып жазуда В. А. Каллаурдың мақалаларының маңызы зор болды.
Түркістан өлкесінің археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде орыстың көрнекті ғалымы П. И. Лерх ерекше орын алады.
А. Ю. Якубовский: "Сырдарияның төменгі ағысын зерттеуді XIX ғасырдың талантты шығыстанушысы П. Лерх 1867 жылы бастаған болатын" деп жазды [9] .
1860 жылдан бастап П. И. Лерх Ресей археология қоғамының мүшесі, ал 1873 жылдан бастап, оның хатшысы болып тағайындалды. Орта Азияға ол 1867 жылы Сырдария бойындағы Жанкент тағы басқа қираған ескерткіштерді зерттеуге жіберіледі. Бұл сапардың материалдары 1870 жылы басылымдарға шықты [5] .
ІІ кезең қазан төнкерісінен кейінгі ұйымдастырылғын археологиялық-өлкетанулық экспедициялардың жұмыстарымен басталады. Түркістан өлкесінде осы кезде кеңес дәуірінің атақты археологтары М. Массон, А. Н. Бернштам секілді ғалымдары еңбек жасайды. Осының нәтижесінде бірнеше ғалыми мақалалар жарық көреді.
Әсіресе А. Н. Бернштамның «Проблемы древней истории и этногенеза Южного Казахстан» деп аталатын ғылыми еңбегі өте құнды болып есептеледі [6] .
1946 жылы Қазақ ССР-нің ғылыми академиясының ашылуы және оның құрамында тарих, археология және этнография институтының құрылуы Түркістан аумағының археологиясын зерттеуге өте маңызды түрткі болды. Осы кезеңге жататын Е. И. Агеева мен Г. И. Пацевичтің. А. Г. Максимованың еңбектерін атап өтуге болады [7] .
Ал Отырар жұртының зерттелуінің басталуы бүкіл Оңтүстік Қазақстанның археологиялық зерттеу жұмыстарының қарқынды дамуына негіз болып келді. 70-шы жылдары жарық көрген К. А. Акишевтің, Л. Б. Ерзаковичтың, К. М. Байпаковтың еңбектері өте маңызды болып табылады [8] .
ІІІ кезең Қазақстанның тәуелсіздігін алуымен басталады. 90 жылдары экономикалық тоқырауға ұшыраған мемлекет ғалымдардың зерттеу жұмыстарына айтарлықтай көмек көрсете алмады. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен Түркістан оазисінің археологиялық картасын жасау мақсатымен Тұран археологиялық экспедициясы ұйымдастырылады. Соның нәтижесінде ғылымға белгісіз бірнеше жүз археологиялық ескерткіштер ашылады [9] .
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Гуманитарлық ғылымдар факультетінің тарих кафедрасының оқытушыларының 2015 жылы «Қазақ хандары энциклопедиясы» жарық көрген еңбегінде атап өту қажет болып табылады. Еңбекте Түркістан қаласында билік жүргізген хандары көрсетілген . Осы еңбектің авторлары профессор Әбдібеков У., Е. Абдраманов, Л. Динашова, Э. Зұлпыхарова, М. Тастанбеков және т. б. қазақ хандығы тарихына байланысты құнды деректер келтіреді [10] .
2004 жылы тұнғыш президентіміз жариялаған «Мәдени мұра» бағдарлмасының ашылуы Түркістан аумағындағы археологиялық ескерткіштерінің зерттелуіне жаңа мүмкідік тұғызады. Осы кезде жаңа ғылыми жаңалықтар ашыла бастайды.
Диплом жұмысының жаңалығы. Жоғарыда айтып өткендей, биылғы жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толды. Диплом жұмысын жазу барысында Түркістан қаласы туралы көптеген ғылым әдебиеттер мен мақалаларды оқып шығуға тура келді. Ғалымдардың барлығы Түркістан қаласының Қазақ даласында, сонымен қатар, Қазақ хандығы дәуірінде орны ерекше болғанын атап өтеді. Сонықтан, менің негізгі мақсатым, Түркістан қаласынының ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі орнын анықтау болып табылды. Қала пайда болғаннан бастап ерекше саяси-экономикалық орынға ие болды. Осы қалада кәсіпшіліктің дамуы, егін шаруашылығының өсуі қазақ даласына үлкен әсер көрсеткені анық. Түркістан қаласында қазақ даласына байланысты көптеген шешімдер қабылданғанын да көрсетіп шығу өте маңызды деп шештім. Сонымен қатар, оның рухани маңызы да ерекше болды деп айтуға болады. Осы қалада мұсылман дәуіріне дейін уақытына жататын христианство дінінің ескерткішінің табылуы, қаланың ерте дәуірден бастап рухани орнын айқындайды деп ойлаймын. Ал мұсылман діні Түркістан қаласынан бастап қазақ даласына таралды деп айтсақ дұрыс болады.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты Түркістан қаласының Қазақ хандығы тарихында алатын орнын зерттеу және қала тарихын көрсету болып табылады. Сонымен қатар, Түркістан қаласы Қазақ хандығының алғашқы астанасы болғаны бәріне мәлім. Ал биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болғанын ескерсек, диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақ хандығы дәуіріндегі Түркістан қаласының саяси-экономикалық, рухани қызметін ашу болып табылады.
Диплом жұмысының міндеті . Түркістан қаласынының тарихы ежелгі дәуірден басталады. Түркістанның Қазақ хандығы дәуіріндегі саяси-экономикалық, рухани қызметін ашу үшін, міндетті түрде, оның ежелгіден бастап тарихын қарастыру қажет болып табылады. Өйткені, қаланың тарихының сабақтастығын айқындау өте маңызды болып табылады. Түркістан қаласының астаналық қалаға айналуы, оның сол кездегі маңыздылығына тікелей байланысты. Оңтүстік Қазақстан аймағында Түркістанның қызметі әр кезде өзгеше болғаны анық. Сондықтан, осы мәселені ашу өте маңызды болып табылатыны белгілі.
Зерттеу пәні. Түркістан қаласының тарихы және Қазақ хандығы дәуіріндегі оның саяси-экономикалық, рухани орны мен маңыздылығы.
Жұмыстың зерттеу объектісі . Ежелгі заманнан белгілі атақты Түркістан қаласының тарихы және Қазақ хандығы дәуіріндегі оның атқарған саяси-экономикалық, рухани қызметі зерттеу объктісі болып табылады.
Дереккөздері шолу. Диплом жұмысын жазу барысында Тұркістан тарихына байланысты көптеген ғылыми әдебиетте кездесетін құжаттар қарастырылды. Сонымен қатар құнды ақпарат көздері, көптеген авторлардың Түркістан тарихы туралы мәліметтерін пайдаландым.
Зерттеу жұмысының метологиялық негіздері. Диплом жұмысы әлемдік ғылымдарға ортақ жалпы танымдық, тарихи-салыстырмалық жүйелеу, тарихи-хронологиялық түрғыдағы зерттеу әдістеріне сүйеніп жазылған. Зерттеу методологиясы объективтік, жүйелік талдау және жинақтау принциптеріне негізделді. Зерттеу жұмысын жан-жақты ашуда жаңа ғылыми тұжырымдамалармен қоса, отандық және әлемдік ғылыми еңбектерге сүйенілген.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттелу хронологиялық шеңбері Қазақ хандығы дәуірінің уақыт мерзімін қамтиды.
1 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН
1. 1 Түркістан қаласының тарихы
Археологиялық зерттеулер Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын көрсетіп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта табылған тас дәуірі ескерткіштері - Шоқтас I, II, Қосқорған I, II бұл өңірді әуелгі адам 500 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетті [12] . Түркістан қаласы төңірегінде қола дәуірінің қонысы, құрал-саймандары да табылып отыр. Яғни б. з. б. 2 мың жылдықтан бастап бұл аймақта Қазақстанның басқа да жерлеріндегідей андронов мәдениеті кең тараған.
Темір дөуірінде Түркістан қаласы орналасқан Сырдың орта ағысы аймағын көне парсы деректерінде "сака" аталған, ал - "Авестада" - "тура" деп аталған тайпалар мекен еткен. Осыдан сақ-тұр тайпалары мекен еткен өлке Тұран деп аталған. Түркістан қаласының әуелгі атауын осы сақ тайпасының атауымен байланысты деуге негіз бар. Себебі, XVII ғасырдың белгілі тарихшысы Махмуд ибн Уәлидің "Бахр ал-асрар фи манахиб ал-ахиар" атты кітабында мынадай мәлімет бар: "Қазіргі Түркістан - бұл Сакси қаласы, қара халық оны Иасы деп атайды" [12] . Қаланың ежелгі Сакси атауының, сақ атауымен үндестігін байқауға болады. В. И. Абаевтың пікірінше, "сака" атауын "тура" терминінің баламасы деп қарастыруымыз қажет, тіпті, бұл тайпалар "тура-сақтар" деген біріккен атаумен де аталған. Қаланың ежелгі атауы, бұл елді мекеннің тарихының терендігін көрсетеді.
Ертедегі Сакси-Иасының орны қазір Күлтөбе деп аталатын ескерткішке телінеді. Бұған қоса Түркістан қаласы төңірегінде біздід заманымыздың басында негізі қаланған Сидақ ата, Шойтөбе, Қарашық, Төрткүлтөбе атты көне қоныс-қалашық орындары бар. Түркістан аумағында орналасқан осы қалашықтар тарихтың түрлі кезендерінде алма-кезек осы аймақтың бас қаласы міндетін атқарған.
Тарихи деректерге қарағаңца VIII-XII ғасырларда бұл өңірдің бас қаласы Шауғар болды. "Шауғардың" қазіргі қазақ тіліне аудармасы Қаратау. Шауғар-Қаратау-Қарашоқы сөздері бір-бірінің баламасы. Сондықтан бұл қала қазіргі Түркістан қаласы шетінен ағып жатқан Қарашық (Қарашоқының өзгерген үлгісі) өзені бойында болуы тиіс. Шауғар қазіргі Шойтөбе деген пікір дәлелсіз. Шауғар мен Фараб өңірлері Тарбад деп аталған бір иелікгің құрамдас бөлімі еді. Сондықтан Махмуд Қашқари "Дивани лұғат ат-Түрік" атты еңбегінде "Карачук-Фарабтың басқа аты" деп жазады. Бұл иелік түркі қағанаттарына қарады.
IX ғасырда Шауғар қарлүқ, оғыздар қол астыңда болды. Хорасан
әкімі Әл-Мамұн (809-818жж) кезінде Фараб-Шауғар иелігіне жорық
ұйымдастырылып, қарлүқтардың шекаралық басшысы өлтірілді,
джабғудың әйелдері мен ұлдары тұтқынға алынды. X ғасырдын
аяғыңда саманилік Насыр ибн Ахмед (864-892жж. ) Шауғарға үлкек
өскермен жорық жасады. Дерекгерге қарағанда осы жорық кезінде
Шауғар өңіріңце мыңцаған түркілер қаза тапты.
Араб географы әл-Макдисидің сипаттауынша X ғасырдың аяғында: "Шауғар айналасында елді мекендері бар, қорғанмен қоршалған үлкен қала. Мешіті базар шетінде". Араб деректері бұл қаланы Шауғар десе, түркі деректері Қарашық деген. "Оғыз қаған" дастанында Салар Қазанды "Қарашықтың қабланы" деп жырласа, қазақ жыр-дастандарында, аңыз-әфсаналарында "Қырық қақпалы Қарашық" деп атайды. Бұл түркі халықтарының тарихи тағдырында Қарашық орнының қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
X ғ. аяғы - XI ғ. басында Шауғар-Қарашық қарахандықтарға
қарады. XII ғасырдан бастап ортағасырлық жазба деректерде Шауғар
атауы кездеспейді де, тек Қарашық атауы қалады.
XII ғасырда түркі халықтарының пірі, шайқы Қожа Ахметтің Қарашыққа жақын жерде орналасқан Иасы елді мекеніне орнығуы, осы қалашықтың дәрежесін өсіріп, оның бірте-бірте осы өңірдің діни, экономикалық, саяси орталығына айналуына септігін тигізді.
Иасыда Қожа Ахмет қылуеті, мешіті бой көтерді. Қожа Ахмет дүние салған соң XIІғ. оның қабірі үстінен сәулетті кесене тұрғызылады. Кесененің сыртқы беті оюлы қыштармен әрленген . Көп уақыт өтпей-ақ Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің айналасына атақты адамдарды жерлеу дәстүрі қалыптасып, басқа да діни құрылыстар бой көтерді. Бұған осында табылған XII-XIV ғасырларға тән сырсыз және шыңылтырланған терракоталар куә бола алады. Олардың кейбіреулерінің теріс жағыңда сирек кездесетін құрылыс жазулары бар. Жарияланып отырған терракоталар 90-шы жылдардың басында Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің төбесін жөндеу жұмыстары кезінде археолог А. Мырзабаев тапқан.
XIII ғасырдың басында-ақ Иасыда күміс теңге соғылды. 1255 жылы армян патшасы Гетумның моңғол хаңдары Бату мен Мөңке қабылдауына барған жолсапары жөніндегі жазбасында Сауран мен Отырар арасында Харчух, Асон, Саври атты үш елді мекен аталады. Бұл жердегі Харчух - Қарашық қаласы, Асон - Иасы, Саври - Сүйірі.
Бұл елді мекендер атауы Қожа Ахмет Иасауиге қатысты аңыздарда айтылады. Хафиз Таныш "Шараф-наме-и шахи" кітабында Абдаллах ханның Түркістанға жасаған жорығын суреттегенде Сүйірі туралы айтып кетеді. Әскердің Халадж-Қарасманнан (қазіргі Арыс бойындағы Қараспан төбе) шығып, жолда Сүйіріге келгенін ескерсек, бұл мекен Түркістанның оңгүстігінде болған болу керек. Түркістан қаласының. XX ғасыр басында жасалған картасында қаланың оңтүстік шетінде Сүйірі каналы көрсетілген. Сондықтан біз Сүйіріні қазіргі Сор-төбемен байланыстыруға негіз жоқ деп санаймыз. Қожа Ахмет Иасауи туралы бір аңызда оның баласын Сүйірі тұрғындары егістік суына талас кезінде өлтіргені айтылады. Осыған қарағанда Иасы мен Сүйірінің суландыру жүйесі ортақ болған деуге болады.
Иасы қаласы өмір Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы соғыстар барысында аталады. Екі жақта Сырдың орта ағысындаіы қалаларды жүргізеді. 1388 жылы Тоқтамыс Сауран қаласын басын ала алмаған соң, Иасыны тонағаны жөнінде хабар бар.
1397 жылы Темір Иасыдағы Ахмет Иасауи қабіріне зиярат етуге барады. Темірдің осы сапарын жазған Шараф ад-дин Иезди Иасыны шағын елді мекен деп атайды. Осыған қарағанда Иасының әлі қорған-қамалы болмаған сияқты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz