Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Мемлекет нысаны.
2. Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мемлекет нысаны – бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы.
Басқару нысаны мемлекетті сипаттайтын басты көрсеткіштердің қатарына жатады.Басқару нысаны – бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес , басқарудың негізгі түрлері болып монархия мен республика болып табылады.
Монархия – бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана , монархта, болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монарх билікті мұрагерлік бойынша өмір бойына иеленеді.
Басқару нысаны ретінде монархияға мынадай қоғамды-саяси және мемлекеттік-құқықтық ерекшеліктер тән:
1. Монарх (король, император, патша, хан, шах) бейнесінде
мемлекеттің дара басшысының болуы.
2. Монарх өзінің функциясын мұрагерлік жолмен, туыстық құқығы
жолымен, кейде – сайлау жолымен алуы.
3. Монархтың өз қызметін мерзімсіз, яғни өмір бойы атқаруы.
4. Монархтың ішкі және сыртқы қатынастарда мемлекетті кепілдік
(мандат) бойынша емес, өз құқығы бойынша көрсетуі.
5. Монархтың өзінің әрекеті мен қылығына заңмен көзделген
жауаптылығының болмауы.
Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен басқа бір органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген деп аталады. Шектелген монархиялар , өз кезегінде, өкілдік (дуалистік) және парламентарлық болып екіге бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылық билікті жүзеге асыра алады, ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау, вето және парламентті тарату құқықтарын иеленеді. Ал парламентарлық монархияда монархтың құқықтық жағдайы әлдеқайда шектелген болады, монарх тағайындаған министрлер парламенттің сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монарх заңда көзделгенжекелеген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.
Республика үшін басқару нысаны ретінде мемлекеттегі жоғарғы биліктің заңмен белгіленген мерзім ішінде қызмет ететін бір немесе бірнеше сайлау органдарының қолына шоғырлануы тән. Олар әдетте жоғары заң шығару органы (парламент, конгресс, ұлттық жиналыс) және мемлекет басшысы (президент, төраға, кейде алқалы президиум) болып табылады.
Республиканың қоғамды-саяси және мемлекеттік-құқықтық ерекшеліктерімен мына жағдайлар басқару нысаны болып табылады:
1. Мемлекеттің жоғарғы органдарының сайланатындығы.
2. Бұл органдардың қызметінің дәл мезгілдік параментрлермен
(мерзіммен) шектелуі.
3. Мемлекет басшысының кейбір әрекеттеріне жауапкершілік белгілеу.
4. Мемлекеттің жоғарғы органдарындағы билікті жеке құқығы
бойынша емес, халықтың тапсыруы бойынша жүзеге асыруы.
5. Азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттің азаматтар алдындағы екі жақтан жауапкершілік.
1. ҚР Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж. – Алматы: Жеті жарғы,1996.
2. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы., 2001.
3. Н. Дулатбеков., С. Амандыкова., А. Турлаев . Мемлекет және құқық негіздері. Алматы., 1999.
4. Н.А. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы., 2001
5. ҚР Азаматтық құқығы . А. Төлеуғалиев. Алматы: «Жеті Жарғы»., 2001., I-II том
6. Учебное пособие. Основы государства и права. Алматы., 1999.
7. Котов А.К. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. Алматы., 1997.
8. С.А. Ынтымақов., Т.Д. Карпунина Отбасы құқығы. Алматы., 2003
9. Ғ. Сапарғалиев Мемлекет және құқық негіздері. Алматы. 2004.
10. Зиманов С. Конституция, Парламент Республики Казахстан. Алматы., 1996.
11. Кудрявцев В.Н. Причины правонарушений. Москва., 1976
12. Д.А. Булгакова Мемлекет және құқық теориясы. Алматы., 2000.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Мемлекет нысаны.
2. Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Мемлекет нысаны.
Мемлекет нысаны – бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым
және саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы.
Басқару нысаны мемлекетті сипаттайтын басты көрсеткіштердің
қатарына жатады.Басқару нысаны – бұл мемлекеттік биліктің жоғары
органдарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу
тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы
алқалық органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес ,
басқарудың негізгі түрлері болып монархия мен республика болып табылады.
Монархия – бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана ,
монархта, болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монарх билікті мұрагерлік
бойынша өмір бойына иеленеді.
Басқару нысаны ретінде монархияға мынадай қоғамды-саяси және
мемлекеттік-құқықтық ерекшеліктер тән:
1. Монарх (король, император, патша, хан, шах) бейнесінде
мемлекеттің дара басшысының болуы.
2. Монарх өзінің функциясын мұрагерлік жолмен, туыстық құқығы
жолымен, кейде – сайлау жолымен алуы.
3. Монархтың өз қызметін мерзімсіз, яғни өмір бойы атқаруы.
4. Монархтың ішкі және сыртқы қатынастарда мемлекетті кепілдік
(мандат) бойынша емес, өз құқығы бойынша көрсетуі.
5. Монархтың өзінің әрекеті мен қылығына заңмен көзделген
жауаптылығының болмауы.
Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл
монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен басқа бір
органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген деп аталады. Шектелген
монархиялар , өз кезегінде, өкілдік (дуалистік) және парламентарлық болып
екіге бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылық билікті жүзеге асыра
алады, ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау, вето және парламентті
тарату құқықтарын иеленеді. Ал парламентарлық монархияда монархтың құқықтық
жағдайы әлдеқайда шектелген болады, монарх тағайындаған министрлер
парламенттің сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монарх заңда
көзделгенжекелеген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.
Республика үшін басқару нысаны ретінде мемлекеттегі жоғарғы
биліктің заңмен белгіленген мерзім ішінде қызмет ететін бір немесе бірнеше
сайлау органдарының қолына шоғырлануы тән. Олар әдетте жоғары заң шығару
органы (парламент, конгресс, ұлттық жиналыс) және мемлекет басшысы
(президент, төраға, кейде алқалы президиум) болып табылады.
Республиканың қоғамды-саяси және мемлекеттік-құқықтық
ерекшеліктерімен мына жағдайлар басқару нысаны болып табылады:
1. Мемлекеттің жоғарғы органдарының сайланатындығы.
2. Бұл органдардың қызметінің дәл мезгілдік параментрлермен
(мерзіммен) шектелуі.
3. Мемлекет басшысының кейбір әрекеттеріне жауапкершілік
белгілеу.
4. Мемлекеттің жоғарғы органдарындағы билікті жеке құқығы
бойынша емес, халықтың тапсыруы бойынша жүзеге асыруы.
5. Азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттің азаматтар
алдындағы екі жақтан жауапкершілік.
Қазіргі республикаларды парламентік және президенттік деп екіге бөледі.
Парламенттік республикада жоғары билік органдары жүйесіндегі
түйінді орындардың бірін парламент иеленеді, ол заңдар қабылдайды және
жалпы мемлекеттік маңызды мәселелерді шешеді. Ол елдің мемлекеттік бюджетін
бекітеді. Өзінің алдында жауап беретін үкімет қызметін бақылап отырады.
Егер парламент үкіметке сенімсіздік вотумын шығаратын болса, соңғысы
отставкаға кетеді. ( Үндістан, Италия)
Президенттік республиканың ерекшелігі – мемлекет басшысының
өте күшті билігі болып табылады. Мұнда президент парламенттен тек премьер-
министрді тағайындауға келісімін ала отырып үкіметті тағайындайды.
Сондықтан үкіметтің парламент алдындағы бақылауға алынуы мен есеп
берушілігі босаңдау, ал мемлекет басшысы алдында парламенттік республикаға
қарағанда әлдеқайда күшті.
Президенттік республикада мемлекет басшысын әдетте халық тура
(тікелей) немесе жанама (сайлаушылар алқасы) сайлаулар жолымен сайлайды.
Мемлекет басшысының сондай-ақ парламентті мерзімінен бұрын тарату құқығы,
мемлекетте маңызды лауазымды тұлғаларды тағайындау, кешірім жасау құқығы,
қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы өкілеттігі және т.б. құқықтары бар.
Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің аумақтық
құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің және осы бөліктерді әрбірінің
мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты. Барлық мемлекеттер өздерінің
мемлекеттік құрылымы бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.
Жай немесе біртұтас мемлекет – бұл өз ішінде бөлінбейтін тұтас
мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды, бұл
мемлекетте жоғары органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманың ортақ жүйесі,
ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі
болады.
Күрделі мемлекет – бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие
жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі
мемлекеттерге империялар, федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен
одақтастықтар жатады.
Империялар күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер,
бұларда құрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныстылық деңгейі әр түрлі
болған. Империялардың басты ерекшелігі – олардың құрамдас бөліктерінің
ешқашан ортақ мемлекеттік-құқықтық мәртебесі болмаған.
Конфедерация империяға қарағанда ерікті негізде құрылады. Бұл
нақты бір тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсатарға жету үшін құрылған
мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құраған егеменді мемлекеттер
халықаралық-құқықтық қатынастар субъектісі болып қала береді, оларда өз
азаматтығы, билік, басқару және сот әділдігі органдарының жүйесі болады.
Федерация – бұл күрделі, одақтас мемлекет, оның бөліктері
мемлекеттік құрылымдар болып табылады және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік
егемендікке ие болады; федерацияда жоғарғы федералдық органдар мен
федералдық заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен
заңнамасы да болады; федерацияда салықтың екіканалды жүйесі пайдаланылады,
оның белгілерінің бірі болып қосазаматтық табылады. Федерациялар аумақтық
немесе ұлттық-мемлекеттік қағида бойынша құрылуы мүмкін.
Достастық – бұл ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір
деңгейімен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі. Оларды
біріктіретін белгілер экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге
қатысты болуы мүмкін. Достастықтың мүшелері – бұл толығымен тәуелсіз,
егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.
Одақтастық – бұл қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы
нысан. Одақтастықтың негізінде көп жағдайда мемлекетаралық шарт болады. Ол
одақтастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейте
түседі және оларды конфедеративтік бірлестікке қарай итермелейді.
Мемлекеттік нысанның соңғы элементі саяси қолданады. Бұл режим деген
сөзді 2 мағынада қолданады. Бірінші-саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси
жүйесіне таратады, ал оның екінші жағына саяси режимді тек мемлекеттің
қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси режимді мемлекеттің
қолданатын әдістері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының
институттарды қолдану.
Демократиялық режим. Бұл халықтың құқықтарына кепілдік берген,
демократиялық әдістердің көбін мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің құрылым нысаны
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері. Мемлекеттің пайда болуы
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Басқару нысаны
Қазақстан Республикасының мемлекеттінің құрылымы
Мемлекетің құрылым нысаны
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi
Пәндер