Дене мәдениеті оқытушысының педагогикалық шеберлігін жетілдіру негіздері


Дене мәдениеті оқытушысының педагогикалық шеберлігін жетілдіру негіздері
Педагогикалық қызметтің басты мақсаты -тәрбиеленушінің жеке тұлғасын, оның оқытып, үйрету үдерісінде өзін-өзі жетілдіруіне бағыттылығын қалыптастыру.
Педагогикалық қызметтің мақсаты - бұл студенттерді оқытып, үйрету барысындағы олардың сұраныстары, рухани және табиғи мүмкіндіктері ескерілген әлеуметтік және экономикалық даму талаптары.
Оқу жұмысындағы педагог қызметінің мазмұны - жеке тұлғаны дамытудың негізі және жағдайы ретінде олардың пәндік әлеуметтік мәдени тәжірибелерін меңгеруіне бағытталған қызметін ұйымдастыру үдерісі тәрбие жұмыстарының мазмұны тәрбиеленуші мен педагогтың бірлескен қызметі барысындағы оқып, үйренушілердің жеке тұлғалық сапалары мен тәрбие құралдарын қалыптастырумен байланысты.
Оқытушының (жаттықтырушының) оқу және тәрбие жұмыстары тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын социялизациялауға, олардың әлеуметтік тәжірибелерді игеруіне бағытталған. Педагогтың оқытушылық (жаттықтырушылық) қызметінде тәрбиеленушілерге әлеуметтік тәжірибесін беруі оқу-тәрбие жұмыстарының әдістері мен тәсілдері арқылы іске асырылады.
Педагогтық қызметтің нәтижесі - бұл студенттердің оқып, үйрену және тәрбиелену деңгейінде айқындалған олардың оқытып, үйрету барысында қалыптастырылған жеке тәжірибесі.
Дене мәдениеті мен спорт саласы бойынша тәрбиеленушілердің оқып, үйрену деңгейі - олардың креативтік және дене қабілеттері мен мүмкіндіктерінің даму көрсеткіші. Оқып, үйренушілердің (студенттер оқытушылар) тәрбиеленгендік деңгейі дегеніміз қоғамдық қатынастармен белгіленген сәйкес келетін нормалар мен ережелерге келетін мінез-құлық, іс әрекет үлгісі болып табылады.
Педагогикалық қызметтің барлық қасиеттері соның жәрдемімен көрінетін негізгі қызметтік бірлік педагогикалық әсер ету болып табылады. Педагогикалық әсер етуді жүзеге асыруды талдау педагогикалық қызметтің логикасын айқындауға мүмкіндік береді. Оқытушының (жаттықтырушының) педагогикалық іс әрекеті (қызметі) дидактикалық мақсаттарды тұжырымдаумен, мазмұнын, құралдарын, оған жету жолдарын және ұсынылған әрекет нәтижесінен бастау алады.
Педагогикалық үдерісті табысты іске асыру үшін оқытушыға (жаттықтырушыға) мыналар қажет:
• оқытып, үйрету мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оқу материалдарын меңгеру деңгейін жоспарлау;
• оқып, үйренушілердің жас және жеке ерекшеліктерін есепке алып педагогқа өз қызметіндегі нысанын және пәнін анықтау;
• оқытып, үйрету мотивациясын қалыптастыру және оқып, үйренушілердің қызметін жандандыру;
• дене мәдениеті мен спорт саласындағы қызметтің негізгі құрылымдық копоненттерін тәрбиеленушілердің меңгеруін қамтамасыз ету;
• оқу-тәрбие үдерісінің жүруін бақылауды және түзетуді іске асыру.
Педагогикалық қызмет тиімді болуы үшін, оқытушыға (жаттықтырушыға) мыналарды білу қажет:
• қызметтің психологиялық құрылымын, оның даму заңдылықтарын;
• оқып, үйренушілердің қажеттілік табиғатын және олардың қызмет мотивін;
• адамның әртүрлі жас кезеңдеріндегі басты қызмет түрлерін;
• ұжымдағы (командадағы) жұмыстардың ерекшеліктерін.
Дене мәдениеті сабағында оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерісінде оқып, үйренушілер (студенттер, оқушылар) көру, бұлшық ет-қозғалыс, сезім органдары арқылы сезіну және қабылдау негізінде өз әрекеттерін реттеу жолдарын меңгереді.
Бұл кезеңде оларда әсіресе жад (естесақтау), ойлау, ереік-жігер және психикалық жағдайын өзі реттеу қабілеттері қарқынды дамиды. Бұл тұрақты жүктеме кезіндегі жүйелі сабақ барысында дене сапалары мен қозғалыс әрекеттерінің жетілдірілуіне жәрдемдеседі. Мінездің ерік-жігер сапаларының (табандылық, батылдық, шешімшілдік және т. б. ) жоғары дәрежеде дамуы барынша күрделі қозғалыс әрекеттерін меңгеру және қиындылықтарды жеңудің маңызды алғы шарты болып табылады.
Оқытып, үйрету және тәрбиелеудегі шешуші мәселелердің бірі - жаттығулардың орындалу әдістері мен тәсілдерін меңгеру. Бұл үдеріс көбінесе нақтылы жаттығу түрін тән қозғалысты реттейтін психикалық үдерістердің (психомоторлық реакциялар, көру, есіту, түсіну және әсіресе бұлшық ет-қозғалыстық сезіну, қабылдау, елестету, ойлау және назар аудару) даму деңгейіне байланысты.
Мұнда ақпаратты алумен, сол сияқты тәрбиеленушінің қимылдық әрекеті тәуелді психомоторлық сапаларына (сенсомоторлық реакциялар мен қозғалыс шапшаңдығының дәлдігі) байланысты барлық операциялар қамтамасыз етілетін перцептивті сапалар маңызды рөл атқарады.
Психомоторлық қызмет пен танымдық психикалық үдерістерді жетілдіруді әртүрлі бейнедегі жаттығуларды орындау бойынша, сол сияқты басты қозғалыс сапаларын дамыту жолымен жүзеге асыруға болады. Қарқынды жаттығу кезеңдері мен жарыстарда дене мәдениеті нәтижелерінің психикалық үдерістерге тәуелділігі ерекше байқалады.
Оқу сабақтарында, жарыстарда студенттер объективті және субъективті қиындықтар түйісіп қалады. Объективті қиындықтар мыналарға байланысты: гимнастика, суға жүзу, жеңіл атлетика, шаңғы спорты бойынша бағдарламалық талаптарды меңгерумен; студенттердің дене даярлықтарын тексеру және бағалау барысында міндетті бақылау жаттығуларын орындаумен; сабақты ұйымдастыру және өткізу жағдайымен.
Субъективті қиындықтар мыналармен байланысты: оқып, үйренушілердің (студент, оқушы және т. б. ) жас ерекшеліктерімен; нақтылы сабаққа және сабақты өткізудің жалпы жағдайына қатынасымен; ерік-жігер сапаларын тәрбиелеуге бағытталған жаттығуларды орындаудың дербес мүмкіндіктерімен.
Практикада «психологиялық дайындық» - деген ұғым бар. Спортшының табысты нәтижелері жақсы психологиялық дайындықпен, ал сәтсіздік, жолы болмау жеткіліксіз психологиялық дайындықпен байланысты. Семестр соңында дене мәдениетінің оқу тараулары бойынша оқуын аяқтап, студенттер сынақтарды тапсыруға өздерін алдын - ала психологиялық тұрғыда өзін бейімдейді, яғни бұл жалпы психологиялық дайындық болады. Мысалы, суға жүзу бойынша бөлек жарысқа дайындалу арнайы психологиялық деп аталады. Кез келген жағдайда туындаған жағдайға байланысты психологиялық дайындықты түзетіп отыру қажет, әрине тәртіп бойынша мұны оқытушы (жаттықтырушы) жүзеге асырады.
Қабілетті студентке қабілеті төмендеу студентті қарсы қою және алғашқысына басқаларға қарағанда көбірек құқық беру үлкен қателік болып табылады, яғни бұл ұжым ішінде іріткі тудырады. Оқу тобы - күрделі дүние, яғни онда тікелей қатынас нәтижесінде пайда болатын, өзара әрекеттестікте және үнемі қозғалыста болатын әлеуметтік-психологиялық құбылыс.
Барынша маңызды әлеуметтік-психологиялық құбылыстарға мыналар жатады: өзара талап қою және бағалау, өзін-өзі бекіту, бәсекелестік пен жарыстастық, өзара түсіністік, әріптесінің мұңына ортақтасу және жаны ашу, өзін-өзі сендіру (ұйыту) және еліктеу ұжымдық көңіл-күй мен дәстур.
Педагог қызметі белгілі мына күрделіліктермен байланысты: спорт залдағы, су бассейініндегі, стадиондағы жағдайлардың үнемі өзгеруімен, сол сияқты дұрыс әртүрлі пайдаланбау нәтижесінде жарақат алыну мүмкін, әртүрлі бейнедегі спорттық құрал-жабдықтар мен қондырғыларды пайдалану.
Сабақтар барлық уақытта студенттердің жоғары қозғалыс белсенділігімен жүреді және оның өту барысында олардың тәртіп бұзушылықтары да көрінуі мүмкін. Студенттердің дене дайындықтарының бірдей болмауы және оқу сабағының жоғары моторлық тығыздығы барысында оқытушы (жаттықтырушы) бірнеше кіші топтармен әртүрлі спорт қондырғыларындағы орындалатын жаттығуларды бір мезгілде басқарады. Оқытушының өзінің қозғалыс құрылымы бойынша қарама-қайшы келетін, яғни бір дағдыларды дамыту басқаларының қалыптасуын қиындататын әртүрлі жаттығуларды орындауда жақсы қалыптасқан дағдылары болуы тиіс. Оқытушы жоғарыда аталған қиындықтарды өзінің жеке тұлғалық қалыптасқан сапалары және оларды жүйелі дамыту нәтижесінде жеңді. Оның тәжірибесі сабақта кең ауқымдағы көру аясы, үлкен көлемдегі назар аударуы, зеректігі, оларды тез пайдалана білудің нәтижесінде дәл және тез бағдарлауымен қорытындыланады. Қызметін жаңадан бастаған педагог барынша әртүрлі қимылдық әрекеттер бейнесі өзінің жадында сақталуы мүмкін ақпараттар көлемін жинақтайды. Ол көргенін жадында сақтауды, сабақтың өзгермелі динамикалық жағдайын үнемі назарда ұстайды, қажетті шешімді тез және дұрыс қабылдауға, сезім күйінде байсалдылық көрсетуге, ұстамдылыққа, бастамашылдыққа және табандылыққа қалыптастыруға үйренеді.
Педагогикалық мәдениеттің басты өнегелілік критериі адалдық, принциптілік, табандылық, адамдарға деген сүйіспеншілік, әдептілік және т. б. болып табылады. Педагогикалық қызметке оқытушының бейімділігі жеке тұлғаларға, кәсіби міндетіне қатынасында көрінеді.
Оқытушы жоғары өнегелілік мотивтерін басшылыққа ала отырып, өз кәсібіне деген сүйіспеншілікпен, қоғам үшін оның мәнділігін ұғынумен, өзінің білімі мен тәжірибесін шәкірттеріне беруге ұмтылуымен өз кәсібін таңдайды. Оның қызметі негізінде адамгершілік, өнегелілік және адамдарға деген сүйіспеншілік, жатыр. Дене мәдениеті және спорт саласы педагогының еңбегі барлық уақытта сұраныста, әсіресе ұлттың денсаулық деңгейіне, салауатты өмір бейнесін ұйымдастыруға қажеттілікті қалыптастыруға арттырылған назар аудару қажет.
Дене тәрбиесі педагогының педагогикалық мәдениеті оның кәсіби шеберлігінде, кең ауқымдағы білімдарлығында, жеке тұлғаның тұтастығы мен үйлесімділігінде, педагогикалық тәсілінде, студенттердің сеніміне ие болу және олардан өзінің пікірлестерін көруінде байқалатын жоғары жеке мәдениеттілігінен бастау алады.
Оқытушының (жаттықтырушының) педагогикалық мәдениетінің табысты қалыптасуы онда жеке тұлғалық мына сапалардың болуымен байланысты:
• оқып, тәрбиеленушілердің тағдырына шын қызығушылық, адамдық абройлылық сезімін сыйлау, нәзік сезімталдық, психологиялық қырағылық;
• әрбір нақтылы педагогикалық жағдайда ұтымды шешім қабылдай білу, өзінің психологиялық-педагогикалық біліміне сенімділігін нығайту және т. б.
Студенттермен және оқушылармен өзара әрекеттестік барысындағы шараларды сақтау оқытушының педагогикалық әдептілік көрсетуімен маңызды мәдениеті көрсеткіші болып табылады.
Педагогтың мәдениеттілігінің көрінуінің бірі оның сөйлеу мәдениеті болып табылады.
Оқытушының (жаттықтырушының) сөйлеу мәдениеті- оқу сабақтары барысында, сол сияқты спорттық жарыстар жағдайында ерекше тәрбиелік маңызы бар жалпы мәдениеттің қозғаушы күші.
Дене мәдениеті мен спорттық қызметтің өзінің меншікті қарым-қатынас тілі бар. Ерекше спорттық сөз ұғымдары (терминология), айтылу, йммен, бет қимылымен (мимика) және т. б. Мұндай қарым-қатынастың мәні бұл тілдің жалпыға бірдей қабылданғандығымен, яғни оны педагогта, оның тәрбиеленуші шәкіртіде ұғына алуымен қорытындыланады.
Сөздің мағынасы ғана емес оның айтылу сарыны, қандай тұрғыда айтылғаны да маңызды. Кей жағдай да мазмұнынан бөлек сөздің айтылу әуені маңыздырақ болады. Қарым-қатынас кезінде күшейтіліп айтылуы және дауыстың ашық айқындығы ерекше рөл ойнайды.
Дене мәдениетінің сөзіне әсіресе сезімге берілу күйін көрсету қатынасында жоғары талап қойылады, өйткені оған стандартты емес жарыстық жағдайда жиі әрекет етуге тура келеді.
Адамның ойлауы мен сөзі бірлікте дамиды. Сөздің негізгі екі қызметі айырмаланады: қатынастық (коммуникативтік), яғни адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы және семантикалық (сөздің мәні), ойды көрсету, оның пайда болуы мен дамуы болып табылатын тілдік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz