Индустрияға дейінгі экономиканың мәні және негізгі сипаты


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Индустрияға дейінгі экономиканың мәні және негізгі сипаты

  1. Алғашқы қауымдық өндіріс тәсілі
  2. Азиялық және антикалық өндіріс тәсілдерінің сипаты
  3. Феодалдық және көшпенді өндіріс тәсілі

1. Алғашқы қауымдық тарих - адамның пайда болуынан мемлекеттің қалыптасуына дейінгі кезең: адамның, тілдің пайда болуы, шаруашылық іс-әрекеттің, материалдық және рухани мәдениеттің қалыптасуы, еңбек, меншік бөлінісі. Алғашқы қауымдық құрылыс - өндіргіш күштерінің қалыптасу дәуірі: еңбек құралдарын жасау үшін басты материал тас болды, ал тастан тек қарапайым құрал- саймандар жасауға болатын еді. Алғашқы адамдардың техникалық әлсіздігі тек олардың ұжымдық бірлесуімен ғана толтырылуы мүмкін еді. Алғашқы қауымдық қоғам жеке меншікті, мүліктің дифференциясы және қоғамнан шеттетілген мәжбүрлік билікті білмеген.

Алғашқы қауымдық өндіріс тәсілі - бұл ең ұзақ формация, оның басы мен соңы қазіргі күнге дейін анықталмаған (бүгінде оның диапазоны б. ғ. д. 1, 5 млн. Жылдан 5 мың жылға дейінгі аралықта деп қабылдап отыр) . Оның дамуын келесі кезеңдерге бөледі: алғашқы адамдар табыны - алғашқы рулық қауым - алғашқы көршілік қауым.

Қоғам тарихының басы - адамның биологиялық қалыптасуының аяқталуымен ұштасады. Адамның жануарлардан айырмашылығы мен адамның тіршілік етуінің негізгі шарты еңбек құралдарын өндіруге бағытталған іс- әрекет болып табылады.

Еңбек өнімділігі өсуінің екі салдары болды: ұымдастыру тұрғысынан өндірістің даралануы жүрді, ал экономикалық тұрғыдан қосымша өнімнің пайда болуы. Бұл бірінің өндірген қосымша өнімін екіншілердің иемденуіне әкелді. Ал қоғамдық еңбек бөлінісі тауар өндірісін туғызды. Нәтижесінде еркін шеттетілетін жеке меншік пайда болып, оның рулық кезеңдегі жеке меншікпен ерекшелігі эксплуатацияға мүмкіндік берді.

Алғашқы қауымдық өндіріс тәсілінің өндірістік қатынастарының негізгі сипаттары:

  1. алғашқы ұжымдардың өндіріс құралдарына ортақ меншігі
  2. таптардың болмауы
  3. адамның адамды қанауының болмауы
  4. өндірілген өнімдердің теңгермелі бөлінісі

I - кезең- иемденуші шаруашылық (негізінен, дайын табиғат өнімдерін иелену кезеңі) ;

ІІ - кезең - ұдайы өндіруші шаруашылық (мал шаруашылығы мен егіншілік жүргізу кезеңі), адам әрекеті көмегімен табиғат өнімдерін көбейту әдістерін меңгеру кезеңі.

2. Құл иеленушілік қоғамдағы өндірістің кез-келген нысанына тән меншіктің басым формалары - өндірістің барлық жағдайларына: жер, өндіріс құралдары, еңбек заттары және еңбек етуші адамға ұжымдық та, жеке де меншік болды. Құл иеленшілік қоғамда еңбекке күшпен мәжбүрлеу орын алды. Құлдарды қанаудың ең көп тараған түрі құл иеленушілердің оларды өз шаруашылықтарында тікелей пайдалануы еді.

Азиялық өндіріс тәсілінің негізі - әлі ыдырамаған тікелей өндірушілер қауымы болған еді. Мүндағы қосымша өнімді иемдену формалары - алым-салық және қоғамдық жүмыстар. Ежелгі шығыс мемлекеттері антикалық құл иеленушілік мемлекеттерден айтарлықтай ерекше болатын:

  1. Шығыста құлдар материалдық игіліктерді өндіруші болған жоқ, ауыл шаруашылығымен және қолөнермен негізінен, ерікті деп саналатын адамдар айналысатын.
  2. Жер шығыста мемлекеттік немесе мемлекеттік- қауымдық меншікте болды.
  3. Шығыстағы мемлекет шығыстық деспотия формасына ие болды, яғни тұрғындардың мемлекет арасында ешқандай құқығы жоқ еді.

Өндірістің антикалық тәсілінің ерекшелігі - құлдық бүкіл өндіріс негізіне айналды. Антикалық құл иеленуші мемлекеттерде жеткілікті көлемде үлкен қосымша өнімді билеуші топтардың пайдасына алу, оны тікелей өндірушілерден тартып алу мүмкін емес еді. Құл иеленушілік қоғамдық экономикалық формация антикалық және азиялық әлеументтік- экономикалық өндіріс тәсілдері негізінде қалыптасқан топқа дейінгі қоғамның алғашқы тарихи дәуірі.

Құл иеленушілік өндіріс тәсілінің өндірістік қатынастарының негізгі сипаттары:

  1. Құл иеленушілердің өндіріс құралдарына тікелей өндірушілер - құлдарға толық меншігі.
  2. Құлдар еңбегі - қоғамдық еңбектің негізгі түрі, еңбекке тікелей зорлық пен мәжбүрлеу қоғамның антогонистік таптарға - құл иеленушілер мен құлдарға бөлінуі.

3. Феодализм - негізін жер меншік және тікелей өндірушілер - шаруаларды сыртқы экономикалық мәжбүрлеу құрайтын қоғамдық құрылыс. Феодализм тұсында шаруалардан барлық құралдар шеттетілмеген, бірақ басты өндіріс құралы - жер шаруаларға тиесіл емес еді. Ең қарапайым түрі - жұмыспен өтеу рентасы болып табылады. Шаруа қажетті өнімді қожайын иелігіндегі жерлерде өндірді.

Батыс Еуропа елдерінде феодализм V-ғасырдан XVII-XVIIIғ. ғ. буржуазиялық революцияларға дейін, Ресейде IX ғасырдан 1861 жылғы реформаға дейін, Орта Азия елдерінде VII-VIII ғ. ғ. 1917 ж. Қазан төңкерісіне дейін өмір сүрді.

Азиялық әлеуметтік-экономикалық өндіріс тәсілі:

  1. Географиялық кеңістігі - Вавилон, Ежелгі Египет, Ежелгі Үндістан, Ежелгі Қытай;
  2. Экономиканың негіздері және сипаты:

а) табиғи шаруашылық, қарапайым тауар шаруашылығы және капиталистік тауар шаруашылығының әлсіз дамуы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индустрияға дейінгі экономика мәні және негізгі сипаты
Индустрияға дейінгі экономика, өндіріс тәсілдері
Экономикалық жүйе, мәні, элементтері
Туристік құқықтың жалпы сипаттамасы
Өндіріс концентрациясы және өнеркәсіптегі кәсіпорындар мөлшері
Экономикалық жүйенің мәні мен тұрпаты және оның салыстырмалы тиімділігі
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайлы
ТАРАУ РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайында
Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz