Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
2.бөлім
Кіріспе . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу . . . . . . . . . .
Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің,
2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімдері бойынша атаулары
көрсетілген тізбесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Металмен қаптау және сырлау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

көрсетілген тізбесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Эмальдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Слесарлық және слесарлық .құрастыру жұмыстары . . . . . . . . . . . . . . .

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы басылымы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 15 қарашасында № 266-ө бұйрығымен бекітілген, бұған дейін қолданылған БТБА, 2-шығарылым негізінде әзірленді.
Оны әзірлеу қажеттігі өндірістегі технологияның өзгеруіне, өндірістік қызметте ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына және осының негізінде жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білім және кәсіптік дайындығына, өнім сапасына, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігіне қойылатын талаптардың күшеюіне байланысты туындады.
Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбек күрделілігіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талапты күшейтетін экстремалды жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне қарай белгіленді.
Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасының екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиіс жұмыстар сипаттамасынан тұрады.
«Білуге тиіс» бөлімінде жұмысшының арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс нұсқаулықтар басқа да нұсқау материалдары, әдістер мен құралдар ережелерін білуге қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.
Тарифтік-біліктілік сипаттамада жұмысшы кәсібінің осы разряды үшін үлгі болатын жұмыстар тізбесі беріледі. Бұл тізбеде жұмысшы істей алатын және істеуге тиіс барлық жұмыстар көрсетілмейді. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші Оларды орындау күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы тізбеге сәйкес келетін ерекшелігін ескеріп, жұмыстардың қосымша тізбесін жасай алады.
«Жұмыс сипаттамасы» деген бөлімде көзделген жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптар мен құралдарды тазалау, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттама жүргізу бойынша жұмыстарды атқаруға тиіс.
«Білуге тиіс» деген бөлімде жазылған теориялық және практикалық біліміне қойылатын талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызметтер) сапасына қойылатын талаптарды; ақаулық түрлері мен оның алдын алу және жою тәсілдерін; өндірістік сигнализацияны; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.
Неғұрлым жоғары біліктілігі бар жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстардан басқа, анағұрлым төмен біліктілігі бар жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстарды орындай білуге тиіс, сондай-ақ осы кәсіптің анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшылары басқара білуге тиіс. Осыған орай, әдетте, анағұрлым төмен разрядтағы кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстар неғұрлым жоғары разрядтар сипаттамасында көрсетілмейді.

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың
бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығы
2-шығарылым
2-бөлім
Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу, Металмен
қаптау және бояу, Эмальдеу,
Слесарлық және слесарлық–құрастыру жұмыстары тараулары
Астана 2009
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығы (БТБА), 2-шығарылымы, Құю жұмыстары, Дәнекерлеу жұмыстары,
Қазандық, суық қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары, Ұсталық-нығыздау
және термиялық жұмыстар, Металдар мен басқа да материалдарды механикалық
өңдеу, Металмен қаптау және бояу, Эмальдеу, Слесарлық және
слесарлық–құрастыру жұмыстары бөлімдері Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 343-ө
бұйрығымен бекітілген.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, осы бөлімдерде көрсетілген
өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және
ұйымдық–құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын
тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.
КІРІСПЕ

анықтамалығының (БТБА) осы басылымы Қазақстан Республикасының Еңбек және
әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 15 қарашасында № 266-ө
бұйрығымен бекітілген, бұған дейін қолданылған БТБА, 2-шығарылым негізінде
әзірленді.
Оны әзірлеу қажеттігі өндірістегі технологияның өзгеруіне, өндірістік
қызметте ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына және осының негізінде
жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білім және кәсіптік дайындығына,
өнім сапасына, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігіне қойылатын
талаптардың күшеюіне байланысты туындады.
Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбек күрделілігіне
әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талапты күшейтетін
экстремалды жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне қарай
белгіленді.
Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасының екі бөлімі бар.
Жұмыс сипаттамасы бөлімі жұмысшы орындай алуға тиіс жұмыстар
сипаттамасынан тұрады.
Білуге тиіс бөлімінде жұмысшының арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы
қолдануға тиіс нұсқаулықтар басқа да нұсқау материалдары, әдістер мен
құралдар ережелерін білуге қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.
Тарифтік-біліктілік сипаттамада жұмысшы кәсібінің осы разряды үшін
үлгі болатын жұмыстар тізбесі беріледі. Бұл тізбеде жұмысшы істей алатын
және істеуге тиіс барлық жұмыстар көрсетілмейді. Қажет болған жағдайда
жұмыс беруші Оларды орындау күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы
жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы тізбеге
сәйкес келетін ерекшелігін ескеріп, жұмыстардың қосымша тізбесін жасай
алады.
Жұмыс сипаттамасы деген бөлімде көзделген жұмыстардан басқа жұмысшы
ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптар мен құралдарды
тазалау, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық
құжаттама жүргізу бойынша жұмыстарды атқаруға тиіс.
Білуге тиіс деген бөлімде жазылған теориялық және практикалық
біліміне қойылатын талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік
санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын; жеке
қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызметтер)
сапасына қойылатын талаптарды; ақаулық түрлері мен оның алдын алу және жою
тәсілдерін; өндірістік сигнализацияны; жұмыс орнында еңбекті ұтымды
ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.
Неғұрлым жоғары біліктілігі бар жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік
сипаттамасында көрсетілген жұмыстардан басқа, анағұрлым төмен біліктілігі
бар жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстарды
орындай білуге тиіс, сондай-ақ осы кәсіптің анағұрлым төмен разрядтағы
жұмысшылары басқара білуге тиіс. Осыған орай, әдетте, анағұрлым төмен
разрядтағы кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген
жұмыстар неғұрлым жоғары разрядтар сипаттамасында көрсетілмейді.
Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде,
сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерткен кезде оның кәсібінің атауы БТБА-ға
сәйкес жазылады.
2-бөлім
Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу БӨЛІМІ
§ 1. Жетілдіруші-ЫСҚЫЛАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 11 - 13 квалитеттер бойынша плиталарда қолмен,
жетекті тұғырларда және бапталған бір типтік жетілдіру станоктарында
қарапайым бөлшектердің ішкі және сыртқы цилиндрлік беті мен жазықтығын
жетілдіру және ысқылау
Білуге тиіс: бір типтік жетілдіру станоктарының құрылғысын және
жұмыс істеу принциптерін; едәуір кең тараған әмбебап құралдар мен
көшіргіштердің атауын, міндетін және қолдану шарттарын; пайдаланылатын
бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын; ысқылағыштарды, ысқыш
пасталарды және абразивтік қайрақшаларды қолдану ережесін; өңделетін
материалдардың атауын және таңбалануын; шақтамалар мен қондырмалар жүйесін,
кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
§ 2. Жетілдіруші-ЫСҚЫЛАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 8-9 квалитеттер бойынша жетілдіру станоктарында,
жетекті тұғырларда және әмбебап әрі арнайы құралдарды қолдана отырып қолмен
күрделілігі орташа бөлшектердің ішкі және сыртқы цилиндрлік беті мен
жазықтығын жетілдіру және ысқылау, алмас құралдарының корпустарын, алмас
сақиналар мен қайрақшаларды ысқылау, алмас түйіршіктерін ашу. Ысқыш
материалдарды, жетілдіру қалпақшаларын іріктеу және даярлау. Арнайы
станоктарда бөлшек оймакілтектерін ысқылау. Тік тісті тістегершіктерді
ысқылау. Технологиялық карта бойынша өңдеу жүйелілігін және режимдерін
белгілеу.
Білуге тиіс: ысқылау машиналарының, тігінен жетілдіру және
жазықтығына жетілдіру қайрақ машиналарының құрылғысын және баптау ережесін,
станоктарды дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап және арнайы құралдардың
құрылғысын; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану
шарттарын; өңделетін материалдардың негізгі механикалық қасиетін;
абразивтік қайрақшаларды іріктеу ережесін және қолдану шарттарын; ысқыш
және ысқылау құралдары; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-
бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; құралда алмас түйіршіктерін ашу
әдісін, алмас және абразивтік ұнтақтардың фракциясын.
Жұмыс үлгілері
1. Конустық тістегершіктері бар біліктер – тістерді ысқылау.
2. Калибрлер (тығындар) тегіс – жетілдіру.
3. Кері сорғылардың клапандары – жетілдіру тұғырында цилиндрлерді
жетілдіру.
4. Мойынтірек сақиналары – шетжақтар мен жүгірткі жолдарын жетілдіру.
5. Отын сорғылары итергіштерінің корпустары – жетілдіру тұғыры бойынша
тесіктерді саусақпен жетілдіру.
6. Отын сорғысының корпустары – тесіктерді алдын ала ысқылау және
жетілдіру.
7. Бекіткіш арматуралардың крандары – ысқылау.
8. Дөңгелектер – түйіршіктерді ашу және радиалды соғуды жкесу.
9. Қатты қорытпа пластинкалары бар қалыпты кескіштер – қолмен жетілдіру.
10. Қатты қорытпа пластинкаларымен арматураланған бұрғылар – жетілдіру.
11. Шыны бұйымдарын жасауға арналған қалыптар – жетілдіру.
12. Бұлғақтар – тесіктерді жетілдіру.
13. Конустық тістегершіктер, жетекші – тістерді ысқылау.
§ 3. Жетілдіруші-ЫСҚЫЛАУШЫ
4-й разряд
Жұмыс сипаттамасы. 7-10 квалитеттер бойынша жетілдіру станоктарында
және әмбебап әрі арнайы құралдарды қолдана отырып қолмен күрделі
бөлшектердің ішкі және сыртқы цилиндрлік және конустық бетін жетілдіру
және ысқылау. Конфигурациясы күрделі алмасты қабатты қолмен ысқылау. Алмас
қайрақшаларымен жануыштау.
Білуге тиіс: суперфиништеуге арналған станоктардың, жануыштау,
күрделі және ысқылау машиналарының құрылғысын және баптау ережесін; әр
түрлідиаметрлі терең тесіктерді өңдеу кезінде қолданылатын әмбебап және
арнайы құралдардың, барлық жүйедегі жануыштау қалпақшаларының
конструкцияларын; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын;
шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен
параметрлерін; алмас ұнтақтарының қасиетін.
Жұмыс үлгілері
1. Реттығын букстері – жетілдіру.
2. Бүріккіш инелері – цилиндрді және жұмыс конусын толық жетілдіру.
3. Цилиндрлік, бұрандалы және конустық калибрлер (тығындар мен сақиналар)
– жетілдіру.
4. Клапандар – цилиндр қалпақшаларының ершіктеріне ысқылау.
5. Крейцкопфты блокты бағыттағыш компрессорлар – жетілдіру.
6. Сорғылардың өңделген клапандарының ершіктері – тесіктерді толық
жетілдіру.
7. Бұрамдық, бұрандалы фрезалар және басқа да кесетін саптамасы бар құрал
– тесікті жетілдіру.
8. Отын сорғысы бүріккіштерінің цилиндрлері мен корпустардың жұмыс
конустары – толық жетілдіру.
§ 4. Жетілдіруші-ЫСҚЫЛАУШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 1-5 квалитеттер бойынша жетілдіру, жануыштау және
басқа да станоктарда, қолмен әмбебап әрі арнайы құралдарды қолдана отырып,
күрделі бөлшектер мен тораптардың ішкі және сыртқы цилиндрлік, конустық
және сфералық бетін жетілдіру және ысқылау. Ұзындығы бойынша жетілдірілген
бетін өлшеп, бітелген тесіктерді жетілдіру. Спиральді тістері бар
тістегершіктерді ысқылау. Пневморотаметрді қолдана отырып, айналымы бойынша
бірнеше жерлерде және бірнеше жазықтықта алынған нақты өлшемді өлшеу.
Бірнеше бөлшекті бір уақытта өңдеген кезде жүрістерді реттеу.
Білуге тиіс: станоктардың кинематикалық тәсімін және дәлдікке
тексеру тәсілдерін; суперфиништеу үшін жануыштау, тік-көлденең жетілдіру;
диаметрі мен ұзындығы әр түрлі терең және бітеу тесіктерді бітеу кезінде
қолданылатын әмбебап әрі арнайы құралдардың, барлық жүйедегі жануыштау
қалпақшалардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану тәсілдерін;
күрделі бөлшектерді орнату және салыстыру тәсілдерін; шақтамалар мен
қондырмалар жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлері.
Жұмыс үлгілері
1. Иінді біліктер – жетілдіру.
2. Аммиакты және фреонды компрессорлардың гильзалары – жетілдіру.
3. Отын сорғыларының плунжері бар гильзалар – бірлескен ысқылау (парлау).
4. Трапецеидалды бұрандасы бар калибрлер (тығындар) – бұранданы
жетілдіру.
5. Күрделі кондукторлар, престер-қалыптар - әр түрлі бұрыштағы үш-төрт
жазықтықты тесіктерді ысқылау және жетілдіру.
6. Турбиналар мен турбосорғылардың (бұрамалы) қалақтары – берілген
радиус, қиякесік пен жанасулар бойынша ішкі өткелдерді ысқылау және
жетілдіру.
7. Ішкі радиустері мен конустары және лекальды беті бар күрделі
матрицалар – жетілдіру.
8. Қысқартуға арналған қатты қорытпаланған матрицалар, шеверлер,
эталонды тістегершіктер – ысқылау және жетілдіру.
9. Плунжер булары – стендте тығыздығын тексеріп, жетілдіру тұғырында
бірлескен ысқылау.
10. Отын сорғылары бүріккіштерінің тораптары – бірлескен ысқылау
(парлау).
11. Барлық модульдегі глобоидальды бұрамдықтар – тістерді ысқылау.
12. Шарлар және шар қосындылары – сфераны ысқылау және жетілдіру.
13. Спиральді тістері бар тістегершіктер – тістерді ысқылау.
14. Булау цилиндрлері, соғу және штампылау балғалары және компрессор
цилиндрлері – тесіктерді жануыштау.
§ 5. Жетілдіруші-ЫСҚЫЛАУШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 1 - 4 квалитеттер бойынша арнайы техникалық
шарттармен жетілдіру станоктарында және қолмен әмбебап әрі арнайы
құралдарды қолдана отырып, аспапты шарикті мойынтіректі бөлшектердің ішкі
және сыртқы цилиндрлік, конустық, сфералық әрі тороидальды бетін жетілдіру
және ысқылау. Бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып, алынған нақты
өлшемді және қалыптардың ауытқуын өлшеу.
Білуге тиіс: сфералық және тороидальды бетті суперфиништеуге,
цилиндрлік беті мен шариктерді жетілдіруге арналған станоктарының
құрылғысын және баптау тәсілдерін; дірілдің, температураның, тозаңданудың
өңделетін беттің дәлдігіне әсерін; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын;

1. Мойынтірек бөлшектері – жұмыс және орнықтыру бетін жетілдіру.
2. Екінші және одан жоғары ретте қисық пайда болған бетіне арналған
калибрлер (айналысы) – жетілдіру, ысқылау.
3. Шариктер – жетілдіру.
§ 6. ҚАШАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалыпты кесетін құрал мен әмбебап құрылғыларын
қолдана отырып, 12-14 квалитет бойынша қарапайым және күрделілігі орташа
бөлшектерді қашау станоктарында өңдеу. Өлшеуіш құралды және арнайы
құрылғыларды қолдана отырып, 11 квалитет бойынша қарапайым және күрделілігі
орташа бөлшектерді өңдеу. Бекітіп тұратын үшбұрыштарды, астарларды,
тақтайшалар мен болттарды қолданып, құрылғыларда, станок үстелінде
бөлшектерді орнату және тексеру.
Білуге тиіс: бір типтік қашау станоктарының құрылғысын және жұмыс
істеу принципін; бақылау-өлшеу құралдарының атауын, міндетін, құрылғысын
және қолдану шарттарын; өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануын;
шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен
параметрлерін.
Жұмыс үлгілері
1. Ашалар, тартқыштар, ұзындығы 100 мм дейін сырғалар мен алқалар –
тесіктер мен шетжақтарды жетілдіру.
2. Биіктігі 200 дейін мойынтірек ішпектері – ойықтарды баббит құймасы
бойынша қашау.
3. Айналтұтқалар, гайка және сыртқы кілттер, жұдырықшалар – қырларды
немесе ашаларды қашау.
4. Сына ысырмалардың сынасы – шток гайкалары бойынша терезелерді қашау.
5. Маховиктер, муфталар, күпшек биіктігі 100 мм дейін тістегершіктер –
кілтек ойықтарын қашау.
6. Бекіту механизмдерінің тақтайшалары – тура сызық бойынша жақтар мен
шетжақтарды қашау.
7. Азғана құймалар мен соғылмалардағы қосылмалар – кесу.
8. Биіктігі 100 мм дейін иінтіректер – контурды қашау.
9. Калибрлі қапсырмалар – контур мен ысқыштарды қашау.
§ 7. ҚАШАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалыпты кесетін құрал мен әмбебап аспаптарды
қолдана отырып, 11-13 квалитет бойынша күрделі бөлшектерді, сондай-ақ өлшеп
кесетін құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, 7-10 квалитет
бойынша күрделі бөлшектерді қашау станоктарында өңдеу. Бөлшектерді екі
жазықтыққа айналдырып орнату.
Білуге тиіс: әр түрлі типті қашау станоктарының құрылғысын; әмбебап
және арнайы аспаптардың құрылғысын; геометрия негіздерін және қалыпты әрі
арнайы кесетін құралды қайрау және орнату ережесін; бақылау-өлшеу құралдары
мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін; өңделетін материалдардың
негізгі механикалық қасиетін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-
бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін
Жұмыс үлгілері
1. Диаметрі 100 мм дейін борштангалар – квадратты тесікті қашау.
2. Иінді біліктер – иіндерді қашау.
3. Ашалар, тартқыштар, ұзындығы 100 мм артық сырғалар мен алқалар –
тесіктер мен шетжақтарды жетілдіру.
4. Биіктігі 200 артық мойынтірек ішпектері – ойықтарды баббит
құймасы бойынша қашау.
5. Созғылаушы орнақтардың жұлдызшалары – тістерді пішін бойынша
қашау.
6. Кілттер – жұлдызша ашаларын қашау.
7. Қырылдақ доңғалақтар – тістерді қашау.
8. Биіктігі 200 мм дейін мойынтіректердің корпустары және қақпақтары
– құлыптар мен контурдың қосылған жерін қашау.
9. Созғылағыштар корпустары – ойықтардықашау.
10. Ілмектер, маңдайшалар – қашау.
11. Маховиктер, муфталар, күпшек биіктігі 100 мм артық
тістегершіктер – кілтек ойықтарын қашау.
12. Жұдырықша муфталар – ішкі және сыртқы контурды қашау.
13. Біліктерге арналған қосу муфталары – белгі және калибр бойынша
кілтек ойықтарын қашау.
14. Т-тәрізді сағасы бар ішпектер – контур бойынша қашау.
15. Пресс-қайшылар мен илем орнағына арналған пышақтар – қашау.
16. Биіктігі 100 мм артық квадратты тесіктер (тік) және бітеу
тесіктер – қашау.
17. Сопақ фланецтер – қосылу жерін қашау.
18. Фрезалар – ось және шаблон бойынша кілтек кетіктерін қашау.
19. Қысатын цангалар – алтықырды қашау.
20. Сызықты және фасонды шаблондар, ұсақ – контурды қашау.
8. ҚАШАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үлгі және орны бойынша толық сызбаларға
сәйкес бірнеше жазықтықта құрамдалған бекіту мен айналдыруды талап ететін
күрделі бөлшектерді 7-10 квалитет бойынша қашау станоктарында өңдеу.
Білуге тиіс: әр түрлі типті қашау станоктарының құрылғысын,
кинематикалық тәсімін; әмбебап және арнайы құрылғылардың конструкциясын;
қалыпты және арнайы кесетін құралдың геометриясын, темоөңдеу, қайрау,
жетілдіру және орнату ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының
құрылғысын; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық
квалитеттері мен параметрлерін.
Жұмыс үлгілері
1. Балға тоқпақтамалары – ойық пен ішкі алаңды қашау.
2. Диаметрі 100 мм артық борштангалар – квадратты тесік қашау.
3. Вагон букстары – бағыттауыштарды қашау.
4. Ескекті бұрамалар – кілтек ойықтарын қашау.
5. Тісті тәждер, жұлдызшалар мен тістегершіктер – тістерді шаблон бойынша
қашау.
6. Биіктігі 400 артық мойынтірек ішпектер – ойықтарды баббит құймасы
бойынша қашау.
7. Шаржир – машина қалпақшалары – ойықтарды және контур бойынша толқы
өңдеу.
8. Бірнеше кілтекті бунақтары бар дискілер – бунақтарды қашау.
9. Ескек білектерге арналған конустық калибрлер – кілтекті бунақтарды
қашау.
10. Биіктігі 200 мм артық мойынтіректердің корпустары мен қақпақтары –
қашау.
11. Компаунд штампыларының матрицалары – оймакілтекті ойықтарды қашау.
12. Фигуралық терезесі бар бір штампының матрицалары – терезені қашау.
13. Паз штампылардың матрицалары – оймакілтекті ойықтарды қашау.
14. Матрицалар, пуансондар, эксцентриктер, күрделі конфигурациялы пресс-
қалыптар ендірмелері – контур бойынша қашау.
15. Блюминг қайшыларын бекіту муфталары – ішкі конусты қашау.
16. Иілгіш муфталардың сыртқы және ішкі жиектері – контурды қашау.
17. Пресс-қалыптар құрсаулары – фигуралық ішкі контур бойынша қашау.
18. Құралбіліктер – конустық тесіктерді қашау.
19. Құралбіліктер мен жастықшалар– бұрыштап сыртқы және ішкі контур
бойынша қашау.
20. Тұғырықтар және күрделі конфигурациялы штампылардың түсіргіштері –
сыртқы және ішкі контур бойынша қашау.
21. Илем орнағының қысу механизмінің тұғырлары – қашау.
22. Трансмиссиялы жартылай муфталар – ішкі тістің пішіні бойынша қашау.
23. Бөлгіш құралдар – модульдік тістерді алдын ала қашау.
24. Тісті төрткілдештер – тістерді алдық ала қашау.
25. Конверторды көтергіш төрткілдештер – шаблон бойынша тістерді қашау.
26. Секторлар – контур және тістер бойынша қашау.
27. Орташа және үлкен кеме рульдерінің күпшектері – кілтек ойықтарын
белгі және калибр бойынша қашау.
28. Үшжақты және жиынтықты пышақтары бар дискілі фрезалар – қашау, калибр
бойынша пышақтарға арналған ойықтарды бұдырлау.
29. Шатундар – ішпектерге арналған көп қырлы ұяшықтарды қашау.
30. Тістегершіктер мен муфталар – оймакілтек бунақтарын қашау.
31. Агломерациялық машиналардың артқы бөлігінің шиналары – шетжақтар мен
қиякесектерді қашау.
32. Домна пештерінің үлкен конусының штангалары – қашау.
§ 9. ҚАЙРАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап жабдықта 11-13 квалитет бойынша тура
сызықты кескіндермен берілген бұрыш бойынша қарапайым кескіш құралды
қайрау. Белгілі құралды қайрау үшін жасалған және бапталған арнайы жартылай
автоматты әрі автоматты станоктарда 8-11 квалитет және Ra 2,5 0,63
параметрі бойынша кескіш құралды қайрау және жетілдіру. Құрылғылар мен
көшіргіштерді қолдана отырып, станокта әр түрлі бұрыш бойынша өңделетін
құралды орнату.
Білуге тиіс: бір типтік қайрау станоктарының құрылғысын және жұмыс
істеу принципін; едәуір кең тараған әмбебап және арнайы құрылғылардың
міндеті мен қолдану шарттарын, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын;
ажарлау шеңберлерінің сипаттамасы мен қолдану шарттарын; ажарлау
шеңберлерін орнату және түзету ережесін; өңделетін материалдардың атауы
мен таңбалануын; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық
квалитеттері мен параметрлерін.
Жұмыс үлгілері
1. Үңгуіштер – қайрау.
2. Слесарлық және пневматикалық кескіштер – қайрау.
3. Қарапайым конфигурациялы сымдауыштарға арналған инелер – қайрау.
4. Жиынтық фрезаларға арналған пышақтар – қайрау.
5. Ұзындығы 500 мм дейін престердің пышақтары – қайрау.
6. Електердің барлық түрі – қайрау.
7. Кескіштер – қатты қорытпамен дәнекерлегеннен кейін алдын ала қайрау.
8. Диаметрі 2-ден 16 мм дейін спиральді бұрғылар – кесу бөлігін қайрау.
9. Электродтар – шетжақтарды қайрау.
§ 10. ҚАЙРАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қайрау станоктарында, оларды өздігінен баптаумен
8-11 квалитет және Ra 2,5 - 0,63 параметрі бойынша әр түрлі кескінді көп
кесу қырлары бар кескіш құралды қайрау және жетілдіру. Белгілі құралды
қайрау үшін жасалған әрі бапталған арнайы жартылай автоматты әрі автоматты
станоктарда 7-10 квалитет бойынша кескіш құралды қайрау. Азық-түлік және
темекі кесуге арналған әр түрлі құралдары, сондай-ақ кесетін және сол
сияқты машиналарға арналған құралдарды қайрау және түзету.
Білуге тиіс: қайрау станоктарының құрылғысын және баптау ережесін;
әмбебап және арнайы құралдардың құрылғысын; ажарлау шеңберлерінің қалып,
қаттылығы, түйіршіктілігі және байламдығы бойынша сипаттамасын;
температураның қайралатын құралдың деформациясына әсерін; өңдеу режимі
факторларының мәнін және олардың қайрау сапасына әсерін; бақылау-өлшеу
құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін; шақтамалар мен
қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
Жұмыс үлгілері
1. Үңгуіштер – кесетін қырын қайрау.
2. Күрделі конфигурациялы сымдауыштарға арналған инелер – қайрау.
3. Диаметрі 2 мм артық бұрандаойғыштар – тістерді қайрау.
4. Ұзындығы 500 мм артық престердің пышақтары - қайрау.
5. Жылдам кескіш болаттан және қатты қорытпалардан жасалған қырнағыш
пластиналар – алдыңғы және артқы қырлар, дуалдық конустар бойынша қайрау.
6. Диаметрі 2 мм артық дөңгелек плашкалар – қайрау.
7. Цилиндрлік үңгілер - қайрау.
8. Спиральді тістері бар конустық үңгілер – қайрау.
9. Аяқ киімнің үстіңгі бөлшектерін шабуға арналған кескіштер –
қайрау.
10. Токарлық кескіштер – толықтай қайрау.
11. Қатты қорытпалар пластинкалары бар кескіштер – алдыңғы және артқы
қырларды қайрау және жетілдіру.
12. Аралар сегменттері – тістердің кесу қырларын қайрау.
13. Баспалы және арнайы бұрғылар – кесетін қырын қайрау.
14. Қатты қорытпалар пластинкамен жарақтандырылған бұрғылар – қайрау.
15. Диаметрі 2-ден 16 мм артық спиральді бұрғылар – қайрау.
16. Штабиктерге арналған ойықты, ойыңды, қыздыратын, тегіс
сүргілеуге, фалецтерді іріктеуге арналған ағаш өңдейтін фрезалар – алдыңғы
қыр бойынша қайрау.
17. Алмалы-салмалы пышақтары бар дискілі фрезалар – кесетін қырын
қайрау.
18. Жарты шеңберлі пішінге арналған фрезалар, шығыңқы және батыңқы,
ойықты – алдыңғы қыр бойынша қайрау.
19. Ұсақ әрі ірі тістері бар цилиндрлік және конустық сағасы бар
соңғы әрі кілтекті фрезалар, оймакілтекті, кесетін, үшжақты дискілі,
цилиндрлік фрезалар, бұрышты және екі бұрышты – тісті алдыңғы және артқы
қырлары бойынша қайрау.
§ 11. ҚАЙРАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап әрі арнайы қайрау станоктарында әр түрлі
құралдарды қолдана отырып және беті айнадай жылтыр болғанша қайраудың бар
алаңы бойынша берілген конфигурацияны сақтай отырып, 7-8 квалитет және Ra
0,63 - 0,32 с параметр бойынша күрделі фигуралық кескінмен кескіш құралды
қайрау және жетілдіру.
Білуге тиіс: әр түрлі конструкциялы қайрау станоктарының құрылғысын
және кинематикалық тәсімін; конструктивті құрылғыларды және әр түрлі
құралдарды қолданудың ережесін; ажарлау шеңберлерін бекіту тәсілін және
теңгерімін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын;

1. Тіскескіш қашағыштар – алдыңғы қыры бойынша қайрау.
2. Диаметрі 2 мм дейін бұрандаойғыштар – қайрау.
3. Фасонды қырнағыш пластиналар – алдыңғы және артқы қырлар бойынша
қайрау және жетілдіру.
4. Диаметрі 2 мм дейін плашкалар, дөңгелек – қайрау.
5. Үңгілер мен үңгіштер, сатылы – шаблон бойынша қайрау және жетілдіру.
6. Бұрандаларды кесуге арналған кескіштер – қайрау.
7. Бұрандалы, бұрамдық, модулдық фрезалар – қайрау.
8. Диаметрі 250 мм дейін қатты қорытпалардың пластинкаларымен жарақталған
құрама фрезалар.
§ 12. ҚАЙРАУШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қайрау станоктарында 1-8 квалитет бойынша,
қайралатын беті көп, күрделі конфигурациялы, бірнеше орын ауыстыруды және
дәл салыстыруды қажет ететін әр түрлі типті күрделі және эксперименталды
кескіш құралдарды қайрау және жетілдіру. Алмас құралдарын және бағалы
қаттылығы жоғары қорытпалардан жасалған құралды қайрау және жетілдіру.
Қажетті есептеулерді орындап, қайрау станоктарын баптау.
Білуге тиіс: конструктивтік ерекшеліктерін және әр түрлі типті
қайрау станоктарын дәлдікке тексеру тәсілдерін; күрделі құралды қайрау және
айналдыру ережесін; қаттылығы жоғары қорытпалардың физикалық-механикалық
қасиетін; бақылау-өлшеу құралдарын баптау және реттеу ережесін.
Жұмыс үлгілері
1. Жылдам фрезерлеу үшін қатты қорытпалар пластинкалары бар кескіш
қалпақшалар – қайрау.
2. Алмасты құрал – қайрау және жетілдіру.
3. Құрамды тіскескіш қалпақшаларының оймакілтекті, модульдық, пішінді
тартқыштары – қайрау және жетілдіру.
4. Қатты қорытпа пластинкалары бар диаметрі 250 мм артық құрамды
фрезерлер – қайрау.
5. Спиральді тісі бар саусақты фасонды фрезерлер – тісті қолмен қайрау.
§ 13. Тіс кесуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бапталған бір типтік тіс кескіш станоктарда
цилиндрлік тістегершіктердің сыртқы тік тістерін, тісті доңғалақтарды алдын
ала кесу.
Білуге тиіс: бір типтік тіс кескіш станоктардың құрылғысын және
жұмыс істеу принципін, оның маңызды бөліктерінің атауы мен міндетін; едәуір
кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын;
бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын; қалыпты кесетін құралды орнату
ережесін; өңделетін материалдардың атауын және таңбалануын; шақтамалар мен
қондырмалардың жүйесін, дәлдік дәрежесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен
параметрлерін; салқындатқыш және майлағыш сұйықтықтың міндеті мен қасиетін.
Жұмыс үлгілері
1. Тісті муфталар – тістерді фрезерлеу.
2. Қарапайым пішінді тісті секторлар – тістерді фрезерлеу.
3. Барлық модульді тістегершіктер – арнайы бір-екі шпиндельді тісті
жұмырлағыш станоктарында тістерді жұмырлау.
§ 14. Тіс кесуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір типтік тіс кескіш станоктарында, оларды
өздігінен баптап, 8-9 дәлдік дәрежесі бойынша фрезерлеу, қайрау, көшіру
және домалату әдісімен цилиндрлік және конустың тістегершіктердің сыртқы
әрі ішкі тік тістерін кесу. Белгі бөлшектерді өңдеу үшін жасалған және
бапталған арнайыландырылған жартылай автоматты немесе автоматты станоктарда
тіс тістегершіктерін кесу. Көтергіш-көлік жабдықтарын басқару. Жүкті
көтеру, ауыстыру, салу үшін ілмектеу және байланыстыру.

баптау ережесін; жоғары білікті тіс кесушімен бірлесіп қызмет көрсетілетін
ірі габаритті станоктарды басқару ережесін; өңделетін материалдардың
негізгі механикалық қасиетін; ауысымдық тістегершіктерді есептеу ережесін;
кесетін құралдың едәуір кең тараған әмбебап және арнайы аспаптарының
құрылғысын; бақылау-өлшеу құралдарының міндетін және қолдану ережесін;
шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, дәлдік дәрежесін; кедір-бұдырлық
квалитеттері мен параметрлерін.
Жұмыс үлгілері
1. Тік тісті тістегершікті біліктер – тістерді сүргілеу.
2. Тік тісті тістегершікті біліктер – тістерді домалату әдісімен және
кескіш құралмен ойыстарды көшіру әдісімен кесу.
3. Тісті доңғалақтар – сыртқы тістерді қайрау және фрезерлеу.
4. Тік тісті цилиндрлік және конустық тістегершіктер – тістерді сүргілеу.
5. Тік тісті ішкі ілініс тістегершіктері –тістерді қайрау.
§ 15. Тіс кесуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типтік тіс кескіш станоктарда 7-8
дәлдік дәрежесі бойынша әр түрлі пішінді және қадам тістегершіктерінің,
секторлары мен бұрамдықтардың және оймакілтек біліктерінің тістерін кесу.
Станоктарды өздігінен баптау, тиісті есептеулерді жүргізу және кесу режимін
айқындау.
Білуге тиіс: әр түрлі типті тіс кескіш станоктардың құрылғысын және
кинематикалық тәсімін; әмбебап әрі арнайы құралдардың құрылғысын және
қолдану шарттарын; кесу құралының геометриясын және қайрау, жетілдіру,
орнату ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын;
шақтамалар мен қондырмалар жүйесін, дәлдік дәрежесін; кедір-бұдырлық
квалитеттері мен параметрлерін.
Жұмыс үлгілері
1. Тістегершіктер блоктары – тістерді кесу және қашау.
2. Оймакілтек білектері және шеврон тістегершіктері – оймакілтектерді
фрезерлеу және тістерді кесу.
3. Спиральді тісі бар тістегершік білектері – тістерді кесу.
4. Ұзындығы 1000 мм артығырақ шпиль мен брашпильдер біліктері –
тісерді кесу.
5. Көбірек кіретін бұрамдық – тістерді соңғы рет кесу.
6. Көп кіретін бұрамдық бұрандаларға арналған тістегершіктер –
тістерді кесу.
7. Диаметрі 4000 мм дейін тістегершіктер – тістерді кесу.
8. Шеврон тістегершіктері – тістерді сүргілеу.
§ 16. Тіс кесуші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті және модельді тіс кескіш
станоктарды күрделі бөлшектерге әр түрлі пішінді және қадамда тістерді
кесу. Тиісті есептеулерді жүргізе отырып, станоктарды баптау. Құрамдалған
бекіткіші бар бөлшектер мен құралдарды, индикатор әрі басқа да өлшеу
аспаптары бойынша дәл орнату.
Білуге тиіс: әр түрлі типті және модельді тіс кескіш станоктардың
конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру тәсілдерін; әмбебап
және арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін; бақылау-өлшеу
құралдары мен аспаптарын баптау және реттеу ережесін; кескіш құралдың
геометриясын, қайрау және жетілдіру ережесін; станоктың анықтамасы мен
паспорты бойынша кесу режимін айқындау ережесін.
Жұмыс үлгілері
1. Диаметрі 800 мм дейін қосарланған спиральді тісі бар тістегершік
біліктері – тістерді кесу және тісқыру.
2. Конустық доңғалақтар – тістерді сүргілеу.
3. Диаметрі 2000 мм дейін білікпен жиынтықталған редуктор
доңғалақтары – шеврон тістерін соңғы рет кесу және тісқыру.
4. Глобоидалды бұрамдықтар – айналымдарды соңғы рет кесу.
5. Диаметрі 4000 мм артық спиральді тісі бар цилиндрлік
тістегершіктер – тістерді кесу.
§ 17. Тіс кесуші

станоктарда 6 дәлдік дәрежесі бойынша күрделі бөлшектерге әр түрлі пішінде
және қадамда тістерді кесу. Күрделі пішінде және әр түрлі модельді тістерді
кесу үшін қажетті есептеулер жүргізіп, станокты баптау. Орнатылатын
бөлшектерді бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тексеріп, күрделі
аспаптар мен кескіш құралдарды орнату. Станоктың анықтамасы мен паспорты
бойынша дәлдік дәрежесіне, модульіне, тістердің санына және ілініс бұрышына
байланысты кесудің пайдалы режимін таңдау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін тіс кескіш станоктардың
конструкциясын, тәсілдерін және дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап әрі
арнайы құрылғылардың, жабдықтардың конструкциясын және қолдану шарттарын;
өңделетін бөлшектер мен құралды орнату тәсілдерін; әр түрлікесетін құралдың
геометриясын, қайрау және жетілдіру ережесін.
Жұмыс үлгілері
1. Диаметрі 800 мм артық қосарлы спиральді тістері бар
тістегершіктер біліктер – тістерді кесу және тісқыру.
2. Диаметрі 2000 мм артық білікпен жиынтықталған редуктор
доңғалақтары - шеврон тістерін соңғы рет кесу және тісқыру.
§ 18. ТІСАЖАРЛАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бапталған бір типті тісажарлағыш және
оймакілтекажарлағыш станоктарда 8 дәлдік дәрежесі және Ra 1,25 0,63
параметрі бойынша цилиндрлік және конустық тістегершіктердің әрі
тістегершік білікшелерінің тік және қисық тістерін ажарлау. Бапталған
тісажарлағыш және оймакілтекажарлағыш станоктарда 8-9 квалитет бойынша
диаметрі 100 мм біліктердегі оймакілтектерді ажарлау.
Білуге тиіс: бір типті тісажарлағыш және оймакілтекажарлағыш
станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін, олардың маңызды
бөліктерінің атауын және міндетін; едәуір таралған әмбебап және арнайы
құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын; бақылау-өлшеу
құралдарының құрылғысын; ажарлағыш шарықтастың түйіршіктілігі, байламдығы,
қаттылығы туралы негізгі түсініктерді, оларды қолдану шарттарын және түзету
ережесін; өңделетін материалдардың атауын және таңбалануын; ілініс жүйесі
мен тістерді өлшеу тәсілдерін; шақтамалар мен қондырмалар жүйесін, дәлдік
дәрежесін; кедір-бұдырлық квалиттетер мен параметрлерін; салқындататын және
майлайтын сұйықтықтың міндеті мен қасиетін.
§ 19. ТІСАЖАРЛАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір типтік тісажарлағыш және оймакілтекажарлағыш
станоктарда, оларды өздігінен баптап, 8-10 квалитет бойынша ірі
біліктердегі оймакілтектерді, сондай-ақ 8 дәлдік дәрежесі және Ra 1,25 -
0,63 параметрі бойынша тістегершіктердің тік және қисық тістерінің пішінін
ажарлау. Бапталған тісажарлағыш және оймакілтекажарлағыш станоктарда 7-10
квалитет бойынша диаметрі 100 мм біліктердегі оймакілтектерді ажарлау.
Білуге тиіс: бір типтік тісажарлағыш станоктардың құрылғысын және
баптау ережесін; едәуір кең таралған құралдардың құрылғысын; бақылау-өлшеу
құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін; ажарлағыш
шарықтастар сипаттамасын және олардың өңделетін беттің сапасына әсерін;
ажарлағыш шарықтастарды орнату және түзету тәсілдерін; ажарлау кезінде
температураның бөлшек өлшеміне әсерін; шақтамалар мен қондырмалардың
жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
§ 20. ТІСАЖАРЛАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тісажарлағыш станоктарда 7 дәлдік дәрежесі
бойынша әр түрлі пішінді және модульді тістегершіктердің тістерін және
7-8 квалитет бойынша біліктердегі оймакілтектерді, оларды пішіндеу
шарықтастарымен жиектеу әдісімен ажарлау. Станокты баптау, қажетті
есептеулерді жүргізу және өңдеудің пайдалы режимінің жүйелілігін айқындау.
Бөлшектерді аса дәлдікпен орнату.
Білуге тиіс: әр түрлі типті тісажарлағыш және оймакілтекажарлағыш
станоктардың құрылғысын және кинематикалық тәсімін; әр түрлі құрылғылардың,
бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын және қолдану шарттарын;
тістерді өңдеу сапасына қойылатын талаптарды; тіс ілінісітердің түрлерін;

§ 21. ТІСАЖАРЛАУШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 5-6 дәлдік дәрежесімен әр түрлі пішінді және
модульді, ассиметриялық пішінді, бұрыштық түзетілген эвольвенттік тісті
доңғалақтардың, түзетілген және ауыспалы қисық бұрандалы тісі бар
тістегершіктердің, ең төмен бүйір саңылауларын және тістерді
байланыстырудың ең жоғары алаңын жасай отырып, тісті қосақтардың тістерін
ажарлау.
Білуге тиіс: әр түрлі типті және модельді тісажарлағыш станоктардың

құралдары мен аспаптарын баптау және реттеу ережесін; кедір-бұдырлықтың
берілген квалитеттері мен параметрлеріне жету тәсілдерін; ілініс түрлерін;
станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша ажарлау режимін айқындау
ережесін.
§ 22. ТІСАЖАРЛАУШЫ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 4-5 дәлдік дәрежесімен әр түрлі пішінді және
модульді, жоғары түзетілген эвольвенттік доңғалақтардың, түзетілген және
ауыспалы қисық бұрандалы тісі бар тістегершіктердің, ең төмен бүйір
саңылауларын және тістерді байланыстырудың ең жоғары алаңын жасай отырып,
тісті қосақтардың тістерін ажарлау. 5 квалитеті және RA 0,32 - 0,04
параметрі бойынша бөлшектерді өңдеу үшін күрделі тісажарлағыш станоктарды
баптау. Бөлшектерді бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын қолдана отырып,
құрамды бекітуді және оларды әр түрлі жазықтықта дәл бұрап алуды қажет
ететін арнайы құралдарға орнату.
Білуге тиіс: әр түрлі типті және модельді күрделі тісажарлағыш
станоктардың, әмбебап және арнайы құрылғылардың конструктивтік
ерекшеліктерін, оларды өңдеу дәлдігіне тексеру тәсілдерін; ажарлағыш
шарықтастардың құрылымын және олардың байламының беріктігіне байланысты
рұқсат етілетін жылдамдықты: температураның өңдеу дәлдігіне әсерін.
§ 23. Станок және слесарлық жұмыстарды бақылаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрастыру операциясынан, механикалық және
слесарлық өңдеуден кейін бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын: табақты
құрастырылатын шаблондарды, бұрышты лекалолы сызғыштарды,
штангенциркульдерді, штангенрейсмустарды, индикаторларды, қуыс бұрғыларды,
кронциркульдерді, құралбіліктерді, ішпекті кондукторларды қолдана отырып,
қарапайым бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды бақылау және сызбалар мен
техникалық шарттар бойынша қабылдау. Құрастыру учаскесіне берілетін
бөлшектердің сапасын және техникалық шарттарға сәйкестігін анықтау.
Тораптар мен конструкцияларды оларды құрастырғаннан немесе орнатқаннан
кейін тексеру. Қабылданған және бракқа шығарылған өнімнің құжаттамасын
рәсімдеу.
Білуге тиіс: бөлшектер мен бұйымдарды механикалық, слесарлық және
құрастыру операциясынан кейін қабылдаудың техникалық шарттары; механикалық
өңдеудің негізгі түрлеріне және құрастыруға келіп түсетін бөлшектерге
арналған шақтамалардың өлшемін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының
құрылғысын, міндетін және қолдану шартын; тура сызықты және қисық сызықты
бетті қуыс бұрғылармен, сырға арналған штихмассаларды тексеру әдістерін;

1. Вагон доңғалақтарының бандаждары – механикалық өңдеуден кейін
бақылау.
2. Болттар, бұрандалар мен гайкалар – фрезерлеуден кейін бақылау.
3. Шапқылар, керндер, тесіктер, сызғыштар – механикалық өңдеуден
кейін бақылау.
4. Ашалар – ажарлаудан кейін бақылау.
5. Қуаттылығы 25000 кВт дейін турбиналарға арналған редуктор мен
тірек мойынтіректерінің біліктері – алдын ала өңдеуді және ажарлау бойынша
өңдеуді бақылау.
6. Айналтұтқалар мен бұрандакескіш тұтқалар – слесарлық өңдеуден
кейін бақылау..
7. Айналтұтқалар – токарлық өңдеуден кейін бақылау
8. Төлкелер, кронштейндер, келтеқұбырлар, күпшектер, үштіктер,
фланецтер – механикалық өңдеуден кейін бақылау.
9. Есік құлыптары, ішкі – қиюластырғаннан кейін бақылау.
10. Түйме ілгектері, ілгектер, тізбектер, топсалар – слесарлық
өңдеуден кейін.
11. Медициналық құрал, тіс және топсалы – механикалық өңдеуден кейін
бақылау және қабылдау.
12. Шетжақ кілттері, сыртқы және ішкі – токарлық өңдегеннен кейін
бақылау.
13. Ауа-су құбырларының крандары – корпус бойынша тығынның ысқылануын
бақылау.
14. Көтергіш шығырлар – құрыстырғаннан кейін бақылау.
15. Турбина қалақтары – фрезерлеуден кейін бақылау.
16. Матрицалар – токарлық өңдегеннен кейін бақылау.
17. Ауа және су құбырлары – құрастыруды бақылау.
18. Бәсеңдетілген сорғыш магистралда жұмыс істейтін сорғылар –
гидравликалық бөлігінің қосылу нығыздығын және герметикалығын бақылау.
19. Сырты – құрастырудан кейін бақылау.
20. Қарапайым кондукторлар, құрылғылар – құрастырудан кейін бақылау.
21. Өтпелі және тілімдейтін, біржақты дискілі кескіштер және
оймакілтекті фрезалар, цилиндрлік үңгілер мен үңгіштер – механикалық
өңдеуден кейін бақылау.
22. Роторлар, дискілер және турбинаның басқа да бөлшектері –
сыдырудан кейін бақылау.
23.метал өңдейтін станоктарға арналған фигуралық тұтқа сап – токарлық
өңдегеннен кейін бақылау.
24. Токарлық станоктардың құралкүймешіктері – құрастыруды бақылау.
25. Жылжымалы крандар механизмдерінің трансмиссиялары – құрастыруды
бақылау.
§ 24. Станок және слесарлық жұмыстарды бақылаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа бөлшектерді механикалық және
слесарлық өңдегеннен кейін, конструкция тораптары мен жұмыс механизмдерін
құрастыру операциясынан кейін бақылау және сызбалар мен техникалық
шарттарға сәйкес қабылдау. Құрастыру кондукторлары мен әмбебап
құрылғыларды: плиталарды, призмаларды, бұрыштықтарды, бұрандама
қысқыштарды, домкраттарды қолдана отырып, тораптарға, конструкцияларға және
машинаның бөліктеріне сынақтар жүргізу. Қажетті бақылау-өлшеу аспаптарының
көмегімен стендте жекелеген агрегаттарды тексеру және сынау. Қызмет
көрсетілетін учаскеде ақауларды түрлері бойынша сыныптау, оның туындау
себептерін белгілеу және оны жоюға уақытылы шаралар қабылдау. Сынау
журналын жүргізу, қабылданған және бракқа шығарылған өнімдердің сапасы мен
саны бойынша есеп жүргізу және есеп беру.
Білуге тиіс: құрастыру жұмыстардың технологиясын; бөлшектерді
қабылдаудың технологиялық шарттарын және слесарлық-құрастыру
операцияларынан, механикалық-слесарлық өңдеуден кейін күрделілігі орташа
тораптар мен конструкцияларға сынау жүргізу; тік сызық бетін оптикалық
аспаптармен, лекалолармен, шаблондармен, су айнабетінің, көмегімен, шекпен,
микроскоппен және индикатормен тексеру әдістерін; бақылау-өлшеу
құралдарының міндетін және қолдану шарттарын; құрастырылатын
кондукторлардың, аспаптардың, сынау аппаратуралары мен құралдардың
құрылғысын; қызмет көрсетілетін учаскеге келіп түсетін негізгі материалдар
мен жартылай дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар; құрастыру кезінде
көтеру және ауыстыру бөлшектеріне арналған аспаптардың құрылғысын
(бұрылатын немесе көпірлі крандар, пневматикалық көтергіштер, блоктар және
т.б.); шақтамалар мен қондырмалар жүйесін, дәлдік дәрежесін; кедір-бұдырлық
квалитеттері мен параметрлерін.
Жұмыс үлгілері
1. Су құятын бактар, есіктер, жолаушы вагондарының төбелері мен
рамалары, ауыспалы алаңдар, жылу құбырлары – құрастыруды бақылау.
2. Кран, көтергіш машиналар және экскаваторлардың барабандары – толық
өңдегеннен кейін бақылау.
3. Жер шаруашылығы және балшық илеуші сырғымалар – күрделі жөндеуден
кейін бақылау.
4. Іштен жанатын қозғалтқыш цилиндрлерінің блоктары – толық құрастыру
алдында гидравликалық қысыммен престеді бақылау.
5. Қуаттылығы 25000 кВт артық турбиналарға арналған редукторлар мен

6. Үлестіруші біліктер - өңдеуден кейін бақылау.
7. Бір рет кіретін және екі рет кіретін өткір ұшы мен тік ұшы бар
бұрамалы бұрандалар – толық токарлық өңдеуді бақылау.
8. Шарикті және роликті мойынтіректі бөлшектер – құрастыру кезінде
бақылау.
9. Бұрандалы домкраттар – токарлық өңдеуден кейін бақылау.
10. Вагон қос доңғалақтар – айналдыра жазу бойынша таза жұмырлауды
бақылау.
11. Поршенді сақиналар мен саусақтар – механикалық өңдеуден кейін
бақылау.
12. Кондукторлар, көшіргіштер – бақылау.
13. Матрицалар – ажарлаудан кейін бақылау.
14. Барлық жүйеде жазатын машинкалар – стендте және мәтінді теруді
тексеру.
15. Домна пеші мен кранның металды конструкциясы - қабылдау.
16. Тістехникалық төстер – токарлық өңдегеннен кейін қабылдау және
бақылау.
17. Осьтер – дүрсілді, параллелдігін, біліктестігін,
перпендикулярлығын тексеру.
18. Үш жұдырықшалы патрондар – фрезерлеуден кейін бақылау.
19. Дөңгелек плашкалар – ажарлаудан және қашап өңдеуден кейін
бақылау.
20. Фундамент плиталары – сүргілеуден кейін бақылау.
21. Токарь станоктары – жөндеуден және құрастырудан кейін жекелеген
тораптары бақылау.
22. Бу турбиналары – бір цилиндрлі – механикалық өңдеуден кейін
бақылау.
23. Турбосорғыларды реттеу тораптары, редукциялық клапан, жылдамдық
редукторы – саңылауларды тексеру.
24. Үшжақты дискілі, шетжақты фрезерлер – механикалық өңдеуден кейін
бақылау.
25. Цилиндрлік тістегершіктер – токарлық өңдеуден кейін бақылау.
26. Сыртқы тістері және оймакілтекті тесіктері бар цилиндрлік
тістегершіктер – механикалық өңдеуден кейін бақылау.
27. Құрамдалған шапқыш штампылар – механикалық өңдеуден кейін
бақылау.
§ 25. Станок және слесарлық жұмыстарды бақылаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі әмбебап бақылау-өлшеу құралдары мен
аспаптарын қолдана отырып, дайындау және құрастыру дәлдігіне тексерумен
күрделі бөлшектерді механикалық және слесарлық өңдеуден кейін, сондай-ақ
тораптарды, жиынтықтар мен конструкцияларды соңғы құрастырудан кейін
бақылау және қабылдау. Күрделі пішінді шекті, өлшейтін және кесетін
құралды тексеру. Қабысатын бөлшектердің өзара жай-күйін, бетінің жанасуын
және механизмнің шусыз жұмыс істеуін тексеру. Қабылданған өнім бойынша есеп
жүргізу және есеп беру.
Білуге тиіс: бөлшектерді механикалық өңдеудің түрлері; күрделі
бөлшектерді қабылдаудың, күрделі бөлшектерді құрастыру мен сынаудың
техникалық тораптарын; бөлшектерді қабылдау кезінде өлшеу үшін қажетті
координат нүктелерін есептеу ережесін; бақылау-өлшеу құралдарының,
аспаптарының және сынау аппаратураларының құрылғысын; құрастыруға келіп
түсетін бөлшектер үшін шақтамалар өлшемдерін; құрастырудың ақаулары;
шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, дәлдік дәрежесін, кедір-бұдырлық
квалитеттері мен параметрлерін; күрделі бөлшектерге белгі қоюдың ережесін
және тәсілдерін.
Жұмыс үлгілері
1. Иінді біліктер – магнитті дефектоскоптың көмегімен жарықшақтарға,
қылшықтарға бақылау.
2. Тірек біліктері – ажарлаудан кейін бақылау.
3. Төрт рет кіретін бұрамасы бар, ұзындығы 4000 мм дейін бұрандалар,
көп қолданылатын – бақылау.
4. Ішпектер – қашап өңдеуден және паспорт жасағаннан кейін бақылау.
5. Газды генераторлар – құрастыруды бақылау.
6. Қуаттылығы 1472 кВт (2000 л.с.) дейін іштен жанатын қозғалтқыштар
– жалпы құрастыруды бақылау.
7. Реттығын, барлық түрлері – токарлық, қырнау және ажарлау
операцияларынан кейін бақылау.
8. Картерлер – бұрыштық және ұзындық шамаларын тексеру.
9. Турбина клапандары – стендте құрастыруды және сынауды бақылау.
10. Ұзындығы 12000 мм дейін гидравликалық пресстің колонналары – таза
өңдеуді бақылау, тірек бұрамаларын жылтырату және кесу.
11. Бір иілгіш бүктегіш машина – бақылау, сынау және қабылдау.
12. Метал кесетін станоктардың мойынтіректері – бақылау.
13. Поршеньдер – ысқыланған құрастыруды бақылау.
14. Электрлік, булы және гидравликалық пресстер мен балғалар –
құрастыру мен монтажды бақылау.
15. Әмбебап құрастыру аспаптары – құрастырудан кейін бақылау.
16. Пуансондар – шаблондар бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz