Қазақстанның XX ғасыр басындағы оқу ағарту ісі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанның XX ғасыр басындағы оқу ағарту ісі.

Мақсаты: Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты. Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров қурастырды. Қазақстанда ең алғаш оқу ағарту ісіне үлес қосқан ғалым зиялылардң жемісті жетістіктеріні баяндап жеткізу.

Мазмұны: 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды. XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді . Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады. Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің «Шахнамасынан» «Рұстем-Зұхраб» поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады. XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынов болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы - «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, казақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты. А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазак тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз «Қазақ» газетінің редакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады. Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропа мәдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. Лермонтов, А. Чехов, В. Короленко, Л. Толстой, А. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді. Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығын терең зерттеді, бірінші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тірлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді. XX ғасырдың бас кезінде талантты қазақ жазушысы әрі драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылык жолы басталды. Ол ауыл мектебін бітіріп, білімін орыс-қазақ мектебінде жалғастырды, 1914 жылы Семейдегі мүғалімдер семинариясына түсті. Оның негізгі шығармалары кеңестік уакытта жазылды. Дегенмен Ж. Аймауытов 1917 жылдың өзінде «Абай» журналының жұмысына да араласты.

Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыкка үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып түрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шық- ты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.

  1. тапсырма. Блиц сұрақтары?

1. XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлеріні атаңыз?

.

2. Қазақ романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы?

.

3. И. А. Крылов мысалдарының жинағы - «Қырық мысал» қазақ тіліне кім аударды?

.

4. М. Жүмабаев түтқын- далып, қай жылы ату жазасына бұйырылды?

.

5. С. Көбеев кімнің мысалдар жинағыны аударды?

.

  1. тапсырма. Кестені толтырыңыз?

3 - тапсырма. Ойды толықтырыңыз?

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тірлғалардың бірі . . . М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде . . . , өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді . . . ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - . . . авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов . . . , М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі . . . болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен . . . енгізді.

Қазақ баспасөзінің қалыптасуы.

Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. XIX ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петербургте редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаметжан Сералин болды. Журнал өдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектеп- терге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы: Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалары да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсыновтың редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, казақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Газет беттерінде Ә. Бөкейхановтың ауыз әдебиеті мен А. Байтұрсыновтың қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі еңбектеріне көп орын берілді. 1913 жылы қыркүйектен Петропавловскіде татар және қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газеті шыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К. Тоғысов басшылық жасаған апталык «Алаш» газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін әр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады: маусым айынан бастап Семейде «Сарыарқа» апталық басылымы, «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Оралда - «Ұран» газеті, Ташкентте пантүріктік жене жәдит бағытындағы екі басылым - бас редакторы Мұстафа Шоқай болған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті, Ақмолада «Қазақ газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шыға бастады.

Қазақ баспасөзінің шығу тарихы

Бір жарым ғасырға таяу ғұмыры бар қазақ баспасөзі халқымыздың тағдырымен біте қайнасып, бірге жасасып келеді. Осы мезгіл ішінде түрлі кезеңдерді бастан кешіп, біресе алға басып дамыса, енді бірде жүрісін баяулатып, тіпті тоқыраған тұстары да болмай қалған жоқ. Бір кереметі, қандай жағдайда да қоғамдық ойдың қозғаушы күші қызметін адал атқарып келеді. Ұлтымыздың кейінгі жүз жылдан аса тарихының сырлы шежіресі - қазақ баспасөзі 19- ғасырдың екінші жартысында “Түркістан уалаятының газеті”, “Дала уалаятының газеті” болып патшалы Ресей үкіметінің үкімімен дүниеге келді. Бұл басылымдар отарлаушы елдің жыртысын жыртып, жырын жырлау мақсатында шығарылғанымен, шын мәнінде, сол шеңбермен тұйықталып қалмай, ұлтымыздың жоғын түгендеу бағытын да едәуір көп еңбек сіңірді. Халқымыздың саяси - әлеуметтік, әдеби, мәдени ой - пікірін оятып, қалыптастыруға септігін тигізген “Түркістан уалаяты газеті”, қазақ баспасөзінің көне бастаушы басылымы болып саналады.

4 - тапсырма. Терминдармен жұмыс?

“Түркістан уалаятының газеті"(“Туркестанская туземная газета”) 1870 жылы Ташкент қаласында өзбек, қазақ тілдерінде шыға бастады. Газет о баста Түркістан генерал - губернаторының органы - “Туркестанские ведомоти” газетіне қосымша ретінде жарық көрсе де көп ұзамай жеке газетке айналды. Бұл жалпы Орта Азия халықтарының тұңғыш газеті еді. Газет өзінің үкімет бекітіп берген бағдарламасы бойынша жергілікті халықтарға қатысты Түркістан генерал - губернаторы мен облыстық әскери губернатордың бұйрықтарын, сот орындарының шешімдері мен сауда хабарларын Ресей мен өзге мемлекеттердегі ірі - ірі оқиғаларды, шаруашылық жаңалықтарын жазып отырды. Алайда газет бара - бара өз бағдарламасынан едәуір тысқары шығып, қазақ халқының мәдениетіне, тарихына, әдебиетіне қатысты материалдарды жиі жариялады. Газет айына төрт рет, екі тілде (өзбек, қазақ) он үш жыл бойы үзбей шығып отырды. 1883 жылы Түркістан генерал - губернаторының бұйрығы бойынша, газетті қазақ тілінде шығару тоқтатылып, ол аптасына бір рет өзбек тілінде шығатын газетке айналды. Біраз уақыттан кейін, 1885 жылдан бастап газет өзбек және орыс тілдерінде шыға бастады. Жалпы бұл газет 47 жыл бойы, 1918 жылға дейін шығып тұрды. Дегенмен, газет негізінде өзбек тілінде шыққанымен осы 1883 жылдан кейін де қазақ тіліндегі мақалалар мен қазақ елі жайындағы мағлұматтар жиі жарияланып тұрды. 19 - ғасырдың 60 - жылдарының орта кезінде Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуына байланысты газет бетінде қазақ елінің экономикасындағы прогрестік өзгерістер егіншілік пен отырықшылықтың бұрынғыдан гөрі дами бастауы жағдайындағы мағлұматтар көбірек орын алған. Солардың бірінде егін шаруашылғының пайдасы жөнінде айтылып келеді де, Жетісу облысының таулы жерлерінде егін өсірген Ларионов дегеннің тәжірибесі жергілікті халыққа үлгі ретінде ұсынылады.
Газет беттерінде қазақ елінің басқа елдермен қарым - қатынасы, экономикасын өркендетудегі темір жолдың рөлі, алғашқы телеграф сымын жүргізу, почта қатынастарын қалыптастыру жөніндегі мәліметтер аз емес.
Газет халықаралық жағдайларға да үлкен көңіл бөліп, көлемді мақалалар жазып отырды. Соның бірінде Қытайда болған ұйғыр мен дұнғандар көтерілісі, олардың феодалдық және ұлттық езгіге шыдамай отанына қоныс аударып, Жетісу бойына көшіп келгені хабарланады. 1970 жылы болған Маңғыстау көтерілісі жайындағы деректер де назардан тыс қалмапты. Бір топ мақалалардың қазақ елінің тарихына, оның шыққан тегін ажыратып, ашуға арналғанын айта кеткен жөн. Үш жүздің құрамындағы тайпалар жайында айтылып келеді де бұл мақалаларда қазақ елінің шыққан тегі жөніндегі халық аузындағы аңыз - әңгімелер келтіреледі. 1875 жылғы 16 - санында жарияланған мақалада қазақ пен қырғыз елдерінің айырмашылығы туралы мағлұмат берілген. Қазақ елінің әдет - ғұрпы, салт - санасы туралы жазылған мақалаларда қызды қалың малға жас кезінен айттыру әдетінің зияны айтылыпты. 1877 жылғы 3 - санында Семей қаласынан жазылған хатта “Түркістан уалаяты газетінің” қазақтың зиялылары мен оқытушыларының білімін көтерудегі маңызы сөз етілген. Осы газеттің редакторы - Н. П. Остроумов “Түркістан уалаяты газетінің” Орта Азия халықтарының мәдени өміріндегі рөлі, Россия үшін Петр біріншінің “Ведомоствосымен” бірдей деген пікір айтқан. Қазақ баспасөзінің іргетасын қалаған «Түркістан уалаяты газетінің» соңын ала Орта Азия халықтарының тіліндегі газет - журналдар шыға бастады. Соның бірі «Дала уалаяты газеті» еді
1888 жылдан 1902 жылға дейін Омбыда шығып тұрған «Акмолинские областные ведомости» газетінде қосымша ретінде орыс және қазақ тілдерінде жарық көрген «Дала уалаятының газеті» халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін, тұрмыс - тіршілігін қалың жұртқа танытудағы бірден - бір басылым болды. Орыс тілінде «Особые прибавление к Акмолинским областным ведомостям» деген атпен шыққан осы газет 1894 жылдан бастап орыс тілінде «Киргизская степная газета» деген атпен жарық көре бастады. Жалпы бұл газет 1888 жылдан бастап 1902 жылы наурыз айында басылып, содан кейін «Сельскохозяйственный листокқа» айналды. Газетте әр жылдары редактор болғандар: И. Козлов, К. Михайлов, Г. Абаза, А. Попов, Д. Лавров. Газетті қазақша шығару ісін басқарушылар: Еммұхамед Абылайханов, Дінмұхамет (Дінше) Сұлтанғазин, Рақымжан Дүйсенбаев. Өзінің бағдарламасына сәйкес газет ресми түрде патша үкіметінің бұйрық - жарлықтарын, заң - закондарын, әкімшілік басқару істерін жариялайтын басылым болды. Сол кездегі басқа газеттер сияқты «Дала уалаяты газетінің» ресми және ресми емес бөлімдері болды. Соңғы бөлімінде көбінесе көпшілікке, пайдалы, ғылымға, білімге қатысты мақалалар жариялады. Бұл газет үкімет тарапынан шыққан ресми басылым болғанымен, бостандықты, теңдікті көксегені, прогресшіл көзқарастары үшін Сібірге жер аударылып келген адамдардың ықпалымен газетіне ұқсайтын еді. Бұл ретте газетке дұрыс бағыт берген Г. Н. Потаниннің, Н. М. Ядринцивтің, Л. К. Чермактың ролі аса зор. «Дала уалаятының газеті» басқа жергілікті газеттерге қарағанда, қазақ бұқарасының тұрмысын, оның шаруашылық жағдайларын, мәдени тіршілігін толығырақ көрсетіп отырған газет болды. Бұрынғы Сібір әкімшілігіне қараған Семей, Ақмола, Тобыл, Жетісу қазақтары өнер - білім жаңалықтарын алғаш рет осы газеттен оқу мүмкіндігіне ие болды. Газет қазақ жұртшылығын орыс халқының әдебиетімен таныстырды. Сондай - ақ газетте қазақ елінің тұрмысын, әдебиетін, мәдениетін зерттеуші орыс ғалымдары өздерінің мақала хабарларын жиі бастырды. Газет негізінде жергілікті отаршылдық - әкімшілдік орындардың ресми ұйымы болғанымен, халықты отаршылдыққа, мәдениетке шақырып тәрбиелеуде едәуір роль атқарды, қазақтың жазба әдеби тілінің дамуына зор ықпал жасады.
Оның бетінде қазақ тілінде бұрын болғанмен қоғамдық - публицистикалық, ресми іс - қағаздарын жүргізу жөніндегі мақалалар жарияланды, ғылыми стильдің негізі қаланды, аударма тәжірибесінің алғашқы қадамы жасалынды, араб графикасына негізделінген қазақ жазбасында тұңғыш рет тыныс белгілері қолданылды Ұлттық баспасөздің қарлығаштарының бірі - «Дала уалаяты» газетінің дүниеге келуі қазақ халқының өткен ғасырдағы мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. «Дала уалаяты» газетінде басылған шығармаларда қазақ халқының әр кезеңіндегі өмірі, тұрмыс - тіршілігі, күрделі жағдайлар мен оқиғалар толық, тұтас қамтылғанымен, тарихымызда болған ұлы өзгерістер, халық өмірінің жеке- жеке суретері алғаш осы баспасөз бетінде жарияланып, ұлттық әдебиеті мен мәдениетінің негізін қалауға көмектесті. «Дала уалаяты газетінде» басылған көркем шығармалардың бір тобы қазақтың өз туындысы болса, енді бір тобы орыс тілінен аударылған немесе шығыс әдебиетінен ауысқан үлгілер еді. Бұлардың бәрі мазмұн, көркемдік жағынан бір - біріне ұқсамағанымен, жалпы қазақтың жазба әдебиетінің дамуына ықпал етті.

5 - тапсырма. Жылдарда сөйлейді?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық ғылымның институциализациясы
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі
Айқап журналы және XX ғ. басындағы Қазақстанның қоғамдық- саяси өмірі
XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі қазақ әдебиетінің тарихы, журналистика бойынша монографиялар және оқулықтар
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы (ХХ ғасырдың басы – 1940 жж.)
Алашорда үкіметі және мемлекеттік тіл саясаты
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Қазақ баспасөзінің пайда болу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz