Жаңа технология үрдісінде математика сабағында ойын элементтерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту


ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ҮРДІСІНДЕ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ОЙ - ӨРІСІН ДАМЫТУ
Қоғам тыныс тіршілігінде болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да жанарту үстінде. Болып жатқан өзгерістер бұрын салада өткен талай реформалармен салыстырғанда ерекше. Өйткені бұл өзгерістер білім беруді соның ішінде жалпы білім беру жүйесін түбегейлі жаңартуға бағытталған.
Қазіргі қоғамның жалпы білім беру мазмұнына қоятын талабы жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім беру, олардың ойын, мүмкіндігін жетілдіру, шығармашылық тәжірибесін, дүниеге деген қарым - қатынас нормаларын қалыптастыру болып отыр.
Бірінші сынып оқушыларының мектепке дейінгі негізі, іс әрекеті - ойын, оқытып үйрету барысында олар біртіндеп ойын іс әрекетінен таным іс әрекеттің орындауға бейімделеді. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық, интелектуалды және қызықты тапсырмалар, санамықтар арқылы жүзеге асырылады.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты - білім, білім және дағдылар жайында түсінік беріп оларды қалыптастыру, тиянақты және бікіту, қайталау және пысықтау, тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып белсенділігін арттырады, оның сабаққа, білімге деген ынта жігерін құлшындыра түседі. Ойнатқаның жөні осы екен деп әр түрлі ойынды кез - келген сабақтың кезеңінде ойната беру де тиімсіз.
Жалпы білім беретін мектептерде оқу - тәрбие жұмыстарының түрлері мен әдістерін орындауға баса назар аударылған. Дидактикалық ойын оқушылардың ақыл - ой белсенділігін тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларына арналған математикада түрінде және қызықты тапсырмалар бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұлар балалардың математикаға ықылас қоюына баулиды. Оқушылардың зейінің, ойлау процестерін дамытады. Біз өзіміз құрастырған және түрлері әдебиеттерден әр түрлі әдебиеттерден іріктеліп алған барлық ойындардың құрылымы бойынша екі топқа: сюжеттік - рольдік ойфндардың құрамында рольдік ойынның барлық элементтері: сюжет, роль, ойындық іс - әрекет, ойын ережесі бар. Ондай ойындарға жататындар «Кеменің маршрутын анықта», «Космос корабльдері қайда тұрады», «Доп кімге беріледі», «Телефон», «Телеграф» т. б. Бұл ойындардың басым көпшілігі жаттығу ойындарынан тұрады. Мысалға жұмбақ, ойындық іс әрекет немесе ереже. Бұл топқа жататындар мұғалімдерге белгілі «Тізбек», «Тымпи», «Ойлан тап», «Математикалық эстафета», «Дөңгелек мысаллдар құрастыр», «Сандарды үйшіктерге орналастыр» және т. б. ойындар. Екінші топты құрайтын ойындардың өзгешілігі - оларды өткізуге аз уақыт жұмсалады.
Адамзат ойынның санжылға тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Оған балалық кезеңдегі ақыл - ойды дамыту ойындарынан бастап, мәдениетіне, бизнеске және басқарудың барлық салаларына мамандар даярлауға байланысты бағдарлаларды игеру барысындағы ойындар жатады. Ұлттық мазмұнды есептің сырын ашу үшін оның құрылымын да білу керек.
Халықтық математика - біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе қара сөз, біресе ертек, біресе тәжікелесу, біресе ілмек пен тұзақ шешу, ұйқас табу, ұсақ заттармен ойын көрсету сиқырлы ой айту түрінде ұшырасады. Бұл халық аузындағы есептердің әдеби сипаты мысалға:
Бір емен, жеті терек, алты қайың,
Бұтағы толып жатыр дайым, дайым
Ішінде шынар терек үш қарағай,
Өзгесін айта беріп не қылайын.
Жауабы: Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан, Үштараз.
Немесе бәйге алу ойыны:
Қатты қағазға жіп арқылы бекітілген екі атпен жарысады. Межеде еліміздің туы тұр. Екі бағанаға жазылған екі оқушы шығады. Ойын шарты түсіндіріледі. Кім бұрын шығарса, сол оқушы туды алып жеңген болып есептеледі. Бұл жағдайда тіпті ең қарапайым ойындарды ойнаудың өзі оқудан, білімнен басталатынын көрсетеді.
Заттың атын дербестеу арқылы дерексіз санау туғандығы белгілі. Бала бір десе түсіне бермейді.
Бір жылқы, бір кітап, бір конфет десе тез түсінеді. Мұны қазақ ерте байқап, баланы дерексіз санға үйрету үшін мына жолдарды ойлап тапқан.
Бір дегенім - білеу,
Екі деген егеу,
Үш дегенім - үскі,
Төрт дегенім - төсек,
Бес дегенім - бесік,
Алты дегенім - асық,
Жеті дегенім - желке
Сегіз дегенім - серке
Тоғыз дегенім - торқа
Он дегенім - оймақ.
Он бір қара жұмбақ.
Мұнда бір мен білеудің, екі мен егерудің, сондай - ақ білеумен егеудің үндестігін пайдаланып, санды еске түсіру үшін, затты еске алудың керектігін не нұсқай отырып, онға дейінгі санды үйрету. Өзі күнбе - күн ұстап тұрып жүрген заттарды пайдаланып, онға дейінгі санауды үйрете, көрнекілік негізінде іске асыру керектік қағидасына тіреледі.
Мысалға:
Кітапхана - он бөлме
Әр бөлмеде он шкаф
Әр шкафта - он сөре
Әр сөреде - он кітап
Санай алсаң егерде
Айтып берші анықтап
Барлық - барлық сөреде,
Қанша дана бар кітап
Немесе
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым - папам,
Балаң үйрек - анам,
Ортан терек - ағам
Шылдыр шүмек - мен
Титтей бөпе - сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Сабақта және сабақтан тыс уақытта дидактикалық ойындар мен қатар математикалық ребустарды, сөз жұмбақтарды шешу, қызықты әзіл есептерді шығару логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл - ой қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың бірде - бір тәсілі. Үйретудің көрнекілік қағидасы ұлттық мазмұны бар есептердің барлығына тән. Есептің ұғымын меңгеру үшін оның негізгі сипаттарын білу, қажетіне баланы баулиды, тілін дамытады. Ол үшін қазақтар жұмбақтар шешуге, жаңылпаштар айтуға қалыптастырады, мақал мен мәтелдің, шешендік сөздердің сырын білуге тәрбиелейді.
Мысалға
Екі сегіз - он алты,
Және сегіз және алты
Жинап жүрген бір алшы,
Барлығы қанша?
Ескісіз жаңа болмайды
Есепсіз дана болмайды?
Немесе:
Сәл дем алып тыным ал,
Тақпақ айтам, ұғып ал,
Апта деген атайдың,
Жеті бірдей ұлы бар.
Біріншісі - дүйсенбі,
Екіншісі - сейсенбі,
Үшіншісі - сәрсенбі,
Төртіншісі - бейсенбі.
Жұма деген - бесінші ұл.
Жетіншісі - жексенбі.
Алшы аға демалыстан,
Сабағынан қалмастан
Алты тәулік оқиды.
Зердесіне тоқиды.
Бұл есептерде философиялық ой жатыр. Жаңаны ашу үшін ескіні бул, ата мұраны білу керектігі көрсетілген.
Бірінші кезеңде ойшыл тұрып есептеу тәсілдеріне берілген ойындар пайдаланады. Осы уақытта 1 сыныпта белгілі «Тізбек» ойынын пайдалануға болады. 10 көлемде қосуды және азайту есептеу дағдыларын дамыттыру мақсатымен саяхатқа шығу» ойының пайдалануға боалды. Саяхатшы мен машина жүргізуші отырған суретті тақтаға ілу. Тақтаға машинаның суреті бекітіледі. Біреуі жүргізуші, екіншісі саяхатшының рөлін атқарады. Олар номерлері металдармен шифрланған қалаларға саяхат жасап келеді. Магнит тақтаға бір - біріне белгілі қашықтықтың 10 көлемінде қосуға және азайтуға берілген мысалдар жазылған. Саяхатшы қалалардың нөмірлеріннің аузына түскен біреуін ойша салауы, ал жүргізуші оны бір қаладан екінші қалаға келеді (машинаның суретін орын ауыстырып басқа малға ауыстырады) .
Қалған оқушы тексерушінің рольін атқарады, егер маршрут дұрыс болса жасыл дөңгелек, ал дұрыс болмаса - қызыл дөңгелекті көрсетеді. Егер саяхатшы қателессе, оны басқа оқушы ауыстырады. Ойын осылайша жалғаса береді. Сабақта ойын элементтерін дұрыс пайдалана берсе сабақ тартымды, қызықты өткені сөзсіз.
Сюжеттік - рольдік ойындардың құроамында іс - әрекет, ойын ережесі бар. Осыдай ойындарға жататындар: Кеменің маршрутын анықта, Космос корабльдері қайда түседі? Доп кімге беріледі? Телефон, телеграф т. б.
100 көлеміндегі сандар нумерациясын оқып үйренгенде көзделетін мақсат - сандарды оқуды және жазуды үйрету. 100 көлеміндегі ауызша пысықтау үшін «Тізбек», «Тымпи» ойынын ойнаған тиімді.
Цифрлардың орындық мәнін принципін терең түсініп білу үшін «Цифрлар айтысы», «Сарсен қалай шатасты» - деген суретті әңгімелер пайдаланады.
100 көлемде қосу азайту ІІ сынып програмасының қиындау бөлігі. 100 көлемінде қосуға және азайтуға арналған есептеу әдістерін оқып үйренуден бұрын қосудың терімділік қасиеті өтіледі. Қосылғыштарды топтаудың қасиетін түсіну үшін «Не өзгерді?», «Ойыншықтар қалай қойылған?» ойындарын өткізуге болады. ІІ - сынып оқушылары алғаш көбейту мен болумен танысады. Бұнда Телефон, Телеграф, Есептеу машиналары ойындары төрт амалмен есептеу дағдыларын қалыптастыруға арналған.
Көрші сыныптың оқушылары поштаға экскурсияға барып, «пошташы» деген ойын ойлап тапты, ойынның мазмұны мынадай - дейді.
Балалар пошташының поштадан бірінші үйге дейінгі жүрген жолын мысалмен шифрлады. Басқа үйлердің астына тек екі сан ғана жазады. Ойында шифрды табу (+, - таңбасын қою) керек сонда мысалдардың жауабы үйлердің номеріне тең болуға тиіс.
Таңба дұрыс қойылса, келесі телеграмма қай үйге жолданғанын білуге болады.
12 . . . 12 49…14 27…14 50…5 51…14 27…19
50 . . . 12 83…39 19…17 94…50 28…15 70…28
Бірінші мерекенің телеграммасы №35
(17+18) =35 (1 үй)
27+12=39 (3 үй) т. б.
17+18
19+17
Көптеген фокустардың құпиясын бұл жастағы балалардың шкамасы жете бермейді. Екінші сыныпта олардың тек кейбірлеулерін ғана шеше алуы мүмкін.
Құпияны ашу үшін мынадай фокустарды ұсынуға болады. Қай қолымда қандай тиын бар? Үй номерін табу? Қандай цифр кімде? Бұндай жұмыстарды сабақтан тыс ұйымдастыруға болады. Тапқырлыққа берілген тапсырмаларды және ойұшқырлығына берілген есептерді өзіндік жұмыс ретінде ұсынған жөн. Мысалға ой ұшқырлығына берілген есептерді алайық. Сенің сатып алған кітапшаларың қанша тұрады? - деп сұрады жолдасты Қанаттан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz