Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру



Мен сыйлар деп дүние, келдім міне, Бір жас деп есігіңнен ендім міне. Мен азатпын, мен ақпын, мен өсемін, Не қылсаң да басымды бердім міне! - деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, алдындағы мектеп табалды рығын алғаш аттаған бала психологиясының іргетасын қалап, күнделікті білім беруді шеберлікпен ұйымдастыра алу – әрбір бастауыш сынып мұғаліміне үлкен жауапкершілік, міндет. Бастауыш сыныптағы «әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларын білім, білік және дағдыларымен қатар, олардың әдеби сауатын ашу, көркем шығармаларға деген қызығушылы ғын арттыру, ұлтжандылық сана-сезімін дамыту, сөз өнерін шығармашылықпен игеруіне жағдай туғызу болса, алдымызда оны шешудің үлкен міндеттері тұр . Көзделген міндеттерді іске асыру үшін балалардағы оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру қажет. Оқу дағдысының қалыптасуы балаларға ұсынылатын материалдың түсініктілігіне, жеңілдігіне және қызықтылығына байланысты екендігі әрбір мұғалімге аян. Баланы дұрыс, түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуға үйрету мәтін бойынша жұмыс дұрыс жүргізілгенде ғана сабақ өзінің оң нәтижесін береді, тиімділігі артады, оқу сапасы жақсарады.
Оқу сапаларына оқу түрлері жатады. Оқудың алғашқы кезеңінен дұрыс оқу дың негізі басталады. Осы кезде жеке сөзді әріптеп оқытпай (а-ғ-а-ш,б-а-л-ы-қ) буындап буындарды жалғастырып оқуды ( а-ғаш, ба-лық ) меңгерту қажет. Буындармен ойын ұйымдастыру, оқушыға күн сайын бірнеше буындарды тізбекпен көрсете отырып оқыту пайдалы болмақ. Кейде оқушы әріп, буын, сөз қалдырып кетсе, кейде екі рет қайталайды, буынды жұтып қояды, әріптерді алмастырып айтады. Қате оқыған сөзді таптыру, талдау жасатып,сол сөзге мағынасы жуық сөздер таптырту,қайта оқыту, тыңдап отырған оқушыларға түзеттіру тәрізді жаттығу түрлері орындалады. « Түсініп оқу- оқушының оқыған мәтінінің мазмұнын анық, терең ұғынуы» деп түсінсек, түсініп оқуды жүзеге асыруда алғашқы кезде өздеріне түсінікті, қызықтыратын, ішінде қиын дық тудыратын сөздері өте аз сюжетті мәтіндерді таңдаған дұрыс.
Тиін.
Мынау-тиін(суреті). Оның үйі- ағаш қуысы (суреті). Ол жаңғақ(суреті) пен саңырауқұлақты(суреті) жақсы көреді. Адамдар тиінге тиіспейді. Балалар оны жақсы көреді.
Мұғалім түсініп оқуға жаттықтыруды балаға таныс: жануар, аң, тағам, жеміс,киім-кешек, құс жайлы жазылған жеңіл мәтіндерден бастау керек. Мұндай мәтіндерде заттың аты, сипаты, әрекеті және оқушыны адамгершілік ке тәрбиелейтін сөйлемдер болғаны дұрыс. 2,3,4 сыныптарда мәтін мазмұны мен ұйымдастырылатын жұмыс түрі қиындайды. 2 сыныпта өтетін Ыбырай Алтынсариннің «Ата-әжеме хат» мәтіні бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізуге болады.
1. Интерактивті тақта немесе мазмұнды суреттер арқылы пошта мекемесі, пошташы, хат түрлері, мекенжайына қарай топталған хаттар көрсетіліп, ауызша талданады. Не білесің? Қалай аталады? Қандай қызмет атқарады? Қызметі... Пайдасы... Айырмашылығы...(білімдерін көрсету)
2. Шығарманың түрін, жанрын анықтау. Жазушы хатын кімге арнаған? Қандай сөйлемдер қолданған? Әр бөлікте не туралы жазылған? Аяқталған ойды тауып, ат қою. Атасы қандай ақыл берген? Тірек сөздерді, кейіпкерді табу, оған мінездеме беру, автордың негізгі ойын анықтау үшін ауызша талдау арқылы түсінуіне жағдай жасалады. Сөздік жұмыс ұйымдастырылады.(мұғалімнің көмегімен түсінуі тиіс)
3. Хатты қолданып көрдің бе? Адамдар не үшін қолданады? Хат жазу арқылы оның түрлері мен ерекшеліктерін байқату. Ол тиімді ме екен ? Неліктен? Электронды поштаны естідің бе? Қайсысында жазылған хат жылдам жетеді деп ойлайсың? деп ізденіске түсіріп, ойларын дәлелдетіп, өмірмен байланысы анықталады.
4. Сипаттау, суреттеу, жалғастыру, электронды пошта мен жай поштаның ортақ белгілерін табу арқылы білімдері жинақталады.
1. «Ана тілі оқыту әдістемесі» – Атамұра , 2009 ж.
2. Мәтінмен жетсін ұлағат.Қарағанды 2001 ж.
3. Гин А.А. «Приёмы педагогической техники» , - М.,
«Вита-Пресс»,1999

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру
Дәрібаева Т.К.,
бастауыш сынып мұғалімі , № 32 ЖББОМ
Мен сыйлар деп дүние, келдім міне,
Бір жас деп есігіңнен ендім міне.

Мен азатпын, мен ақпын, мен өсемін,
Не
қылсаң да басымды бердім міне! -
деп ақын Сұлтанмахмұт
Торайғыров жырлағандай, алдындағы мектеп табалды рығын алғаш аттаған бала
психологиясының іргетасын қалап, күнделікті білім беруді шеберлікпен
ұйымдастыра алу – әрбір бастауыш сынып мұғаліміне үлкен жауапкершілік,
міндет. Бастауыш сыныптағы әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты – бастауыш
сынып білім алушыларын білім, білік және дағдыларымен қатар, олардың әдеби
сауатын ашу, көркем шығармаларға деген қызығушылы ғын арттыру, ұлтжандылық
сана-сезімін дамыту, сөз өнерін шығармашылықпен игеруіне жағдай туғызу
болса, алдымызда оны шешудің үлкен міндеттері тұр . Көзделген міндеттерді
іске асыру үшін балалардағы оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру қажет. Оқу
дағдысының қалыптасуы балаларға ұсынылатын материалдың түсініктілігіне,
жеңілдігіне және қызықтылығына байланысты екендігі әрбір мұғалімге аян.
Баланы дұрыс, түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуға үйрету мәтін бойынша
жұмыс дұрыс жүргізілгенде ғана сабақ өзінің оң нәтижесін береді, тиімділігі
артады, оқу сапасы жақсарады.
Оқу сапаларына оқу түрлері жатады. Оқудың алғашқы кезеңінен дұрыс оқу
дың негізі басталады. Осы кезде жеке сөзді әріптеп оқытпай (а-ғ-а-ш,б-а-л-
ы-қ) буындап буындарды жалғастырып оқуды ( а-ғаш, ба-лық ) меңгерту қажет.
Буындармен ойын ұйымдастыру, оқушыға күн сайын бірнеше буындарды тізбекпен
көрсете отырып оқыту пайдалы болмақ. Кейде оқушы әріп, буын, сөз қалдырып
кетсе, кейде екі рет қайталайды, буынды жұтып қояды, әріптерді алмастырып
айтады. Қате оқыған сөзді таптыру, талдау жасатып,сол сөзге мағынасы жуық
сөздер таптырту,қайта оқыту, тыңдап отырған оқушыларға түзеттіру тәрізді
жаттығу түрлері орындалады. Түсініп оқу- оқушының оқыған мәтінінің
мазмұнын анық, терең ұғынуы деп түсінсек, түсініп оқуды жүзеге асыруда
алғашқы кезде өздеріне түсінікті, қызықтыратын, ішінде қиын дық тудыратын
сөздері өте аз сюжетті мәтіндерді таңдаған дұрыс.

Тиін.

Мынау-тиін(суреті). Оның үйі- ағаш қуысы (суреті). Ол жаңғақ(суреті)
пен саңырауқұлақты(суреті) жақсы көреді. Адамдар тиінге тиіспейді. Балалар
оны жақсы көреді.

Мұғалім түсініп оқуға жаттықтыруды балаға таныс: жануар, аң, тағам,
жеміс,киім-кешек, құс жайлы жазылған жеңіл мәтіндерден бастау керек.
Мұндай мәтіндерде заттың аты, сипаты, әрекеті және оқушыны адамгершілік ке
тәрбиелейтін сөйлемдер болғаны дұрыс. 2,3,4 сыныптарда мәтін мазмұны мен
ұйымдастырылатын жұмыс түрі қиындайды. 2 сыныпта өтетін Ыбырай
Алтынсариннің Ата-әжеме хат мәтіні бойынша төмендегідей жұмыстар
жүргізуге болады.

1. Интерактивті тақта немесе мазмұнды суреттер арқылы пошта мекемесі,
пошташы, хат түрлері, мекенжайына қарай топталған хаттар көрсетіліп,
ауызша талданады. Не білесің? Қалай аталады? Қандай қызмет атқарады?
Қызметі... Пайдасы... Айырмашылығы...(білімдерін көрсету)

2. Шығарманың түрін, жанрын анықтау. Жазушы хатын кімге арнаған? Қандай
сөйлемдер қолданған? Әр бөлікте не туралы жазылған? Аяқталған ойды
тауып, ат қою. Атасы қандай ақыл берген? Тірек сөздерді, кейіпкерді
табу, оған мінездеме беру, автордың негізгі ойын анықтау үшін
ауызша талдау арқылы түсінуіне жағдай жасалады. Сөздік жұмыс
ұйымдастырылады.(мұғалімнің көмегімен түсінуі тиіс)

3. Хатты қолданып көрдің бе? Адамдар не үшін қолданады? Хат жазу арқылы
оның түрлері мен ерекшеліктерін байқату. Ол тиімді ме екен ?
Неліктен? Электронды поштаны естідің бе? Қайсысында жазылған хат
жылдам жетеді деп ойлайсың? деп ізденіске түсіріп, ойларын
дәлелдетіп, өмірмен байланысы анықталады.

4. Сипаттау, суреттеу, жалғастыру, электронды пошта мен жай поштаның
ортақ белгілерін табу арқылы білімдері жинақталады.

Мәтінді баяу оқыған бала оның мазмұнын түсінбейді. Кейде шапшаң
оқимын деп қате оқып жатады. Шапшаң оқуға жүйелі түрде күнбе-күн оқыту
арқылы ғана дағдыландыруға болады. Сабақта команда арқылы бір мезгілде
бастатып, 1минут өткенде тоқтатып, өздеріне санатып үйрету қажет. Қарындаш
пен неше сөз оқығанын түртіп алады, оқуды жалғастыра ды, тоқтап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының зерделеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдiстемесi
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастыруда биология мен информатиканы кіріктіріп оқытудың тиімділігін анықтау
Физика пәнінен оқушылардың эксперименттік зерттеу дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау әдісін қолдану
Пәндер