Банклік іскер


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Банклік іскер»
орындаған:
тексерген:
Жоспар
Кіріспе
І. Негізгі бөлім.
1. Бухгалтерияда іс қағаздарын жүргізу, оның мазмұны және құжаттарды ресімдеу
1. 1 Құжаттар, мазмұны және оларды ресімдеу
1. 2 Бухгалтерия қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулары
1. 3 Бухгалтерлік құжаттар және оларды сақтау
ІІ. Бухгалтерлік құжаттармен жұмысты ұйымдастыру
2. 1 Бухгалтерияның жұмысын реттеу
2. 2 Бухгалтериядағы іс қағаздарды жүргізудегі құжаттардың түрлері
Кіріспе
Шаруашылық жүргізудің бүгінгі жағдайларында бухгалтерия субъектінің қаржы стратегиясын анықтайтын және оның шаруашылық қызметінің дамуына әсер ететін маңызды бөлімшелердің біріне айналып отыр. Сондықтан да, бухгалтерияны ұйымдастыруды және қызметін ұдайы жетілдіріп, оның кадрлық құрамын үнемі жақсартып, ақпарат өңдеудің алдыңғы қатарлы технологияларын үздіксіз енгізіп отыру қажет. Бухгалтерия қызметкерлері еңбегінің жемісі - ол қаржылық, есеп айырысу-ақша құжаттары, бастапқы, · есептік-статистикалық, ұйымдық-өкімгерлік және басқа да күжаттарынан шаруашылық жургізуші субъектінің өміршеңдігі және бұдан былайғы қызмет ету мүмкіндіктері көрінеді.
Бухгалтерия жумысын жақсартудың маңызды бағыты ұйымдастыруды жетілдіру және іс қағаздарын жургізу болып табылады.
Іс қағаздарын жүргізу - субъектінің құжаттармен жумыс істеудегі басқарушылық қызметімен байланысты ерекше саласы.
Барлық күжаттар сипатына және маңыздылығына қарай бөлінеді. Олар аиғактама құралы больm табылады, оны жеке тұлғалар да, сондай-ақ заңды тұлға субъектілері де пайдаланады. Қызмет бабьrnдағы құжаттармен қатар, шаруашылық жургізуші субъектіге азаматтардың ұсыныстары, арыздары мен шағымдары да келіп түседі.
Кәсіпорындар қызметі әкімшілік те, сондай -ақ арнайы құжаттама жүйесінде де көрінеді. Әкімшілік құжаттамада - басқарушылық қызметінен, ал арнайы қүжаттамада - бухгалтерлік және статистикалық есеп, жоспарлау және басқа да субъект қызметінің атқарымдық жағынан көрінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есепті және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруы мычадай нормативті күжаттардын көмегімен анықталады: қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 Заңы; Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі У лттық комиссиясының 1996 жылғы 13, 14, 15 қарашадағы №3, 4, 5 қаулыларымен бекітілген бухгалтерлік есеп стандарттары; қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесі департаментінің 1997 жылғы 31 желтоқсандағы №455 бүйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік қызметті үйымдастыру» 24 бухгалтерлік есеп стандарты; қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі У лттық комиссиясынь 1996 жылғы 18 қарашадағы №6 қаулысымен бекітілген Субъектілердің қаржы-шаруашылық әрекетінің бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары; Субъектілердің қаржы - шаруашылық бухгалтерлік есеп шоттарының Бас пайдалануға нұсқау; бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік нұсқаулар;
Субъектілердің қаржы-шаруашылық. қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары принцитері негізінде жасалған шоттардың жұмыс жоспары;
нормативтік актілер, жоғарыда аталған құжаттарға әдістемелік үсыныстар, нұсқаулар және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша басқа да нормативтік актілер;
шарушылық жүргізуші субъектінің есеп саясаты. қызметінің жоспарын ның келісіміменмен уәкілетті орган бекіткен бухгалтерлік есепке алуды жүрпзу мен бухгалтерлік есепке алу стандарттары бойынша қаржылық есеп беруді жасаудағы оңайлатылған нысанын қолдануға құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын ұйымдaр қаржылық есеп беруді жүрriзген кезде осы Заңның 2-1. бабының ережелерін басшылыққа алуға құқылы.
Қаржылық есеп беруге ұйымның басшылығы және бас бухгалтері (бухгалтері) қол қояды. Бухгалтерлік есепке алуды мамандандырылған бухгалтерлік ұйым немесе маман бухгалтер жүргізетін ұйымдардың қаржылық есеп беруіне уиымньщ басшылығы, сондай-ақ мамандандырылған бухгалтерлік ұйымның басшылығы немесе маман бухгалтер қол қояды. 16-l-бап. Шоғырландырьтған қаржының есеп беру.
Еншілес ұйымдарымдары бар ұйымдар, негізгі ұйымның қызметі бойынша қаржылық есеп беруден басқа, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасына Және бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есеп беруді жасауға және ұсынуға міндетті.
17-бап. Есепті кезең
1. Жылдық қаржылық есеп беру үшін есептік ҚР Заң 1 каңтардан бастап 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл болып табылады.
2. Жаңадан құрылған үйым ушін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанымен аяқталады.
18-бап. қаржылық есеп6еруді табыс ету
1. Ұйымдар қаржылық есеп беруді:
І) құрытай қужаттарына сййкес меншік иелеріне;
2) Қазақстан Республикасының статистика органдарына;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының кұзыретіне сәййкес соларға табыс етеді.
2. ұйымдар жылдық қаржылық есеп беруді есепті жылдың ( кейінгі жылдың 30 сәуірінен) кешіктірмей табыс етелі.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім шегін іс меншік иесі қаржылық есеп беру мерзімін анықтауға бірақ жылына бір реттен асырмай басқа мерзім берілуге хақылы.
4. Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді табыс ету осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
Қорытынды ережелер 19-бап. Қазақсган Республикасының бухгалтерлік есепке өту мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заң актілерімен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. 20 және 21-бaптар
24. 06. 2002 ж. №329-1I ҚР Заңымен алып тасталған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назар6аев
1. 1 ҚҰЖАТТАР, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ РЕСІМДЕЛУІ
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық құжаттарын былай бөлуге болады:
Ұйымдық-өкімгерлік құжаттар
Ұйымдық:
жарғы;
штат кестесі;
нұсқаулықтар.
Өкімгерлік:
қаулылар;
өкімдер;
шешімдер;
бұйрықтар.
Анықтамалық-ақпараттық:
хаттамалар;
қызмет бабындағы хаттар;
телеграмма, телефонограмма, факстер:
баяндама және түсіндірме хаттар, куәліктер, қолхаттар, актілер.
Жеке құрамға байланысты құжаттар
өтініш, арыздар;
еңбек кітапшалары, жеке еңбек шарттары.
Қаржылық- есептік операцияларға байланысты құжаттар:
есептік шоттар;
ақшалық, есептік чек кітапшаларын беру туралы өтініш;
есептік шоттар бойынша жазбаларды тексеру нәтижелері туралы хаттар;
фактура-шоттар;
шот акценттерінен, төлем талап-тапсырыстарынан бас тарту туралы хат алмасулар;
кассир міндеттемесі;
кассаны түгендеу актісі;
төлем тапсырысы;
дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулы салыстыру актісі;
дебиторлық және кредиторлық берешекті өтеу туралы хаттар;
енбек келісімдері, келісім-шарттар, атқарылған жұмыстарды өтеу туралы өтініш-шоттар.
Шарттар, жабдықтау мен өнімді өткізуге байланысты құжаттар:
тұрмыстық тапсырыс шарты;
толық материалдық жауапкершілік туралы шарт;
жеткізу шарты;
шарттарға қатысты келіспеу хаттамалары;
тауар-материалдық бопсалы қорларды алуға берілетін сенімхат;
коммерциялық актілер;
реніш-хаттар;
куыным арыздары.
Құжаттарды: жазбаша (қолжазба және машинкаға басылған) ; графикалық (сызбалар, схемалар, жоспарлар, т. б. ) ; фотокиноқүжаттар; ұйымдық-өкімгерлік; қаржыесептік операцияларға байланысты; жабдықтау және өнімді өткізуге байланысты; жасалу мекені бойьшша (ішкі және сыртқы) ; мазмұны бойьшша (қарапайым және күрделі) ; міндеттілік деңгейі бойынша - директивалық және ақпараттық; нүсқасы бойьшша (трафаретгік, типтік) ; орындалу мерзімі бойьшша (жедел - мерзімі белгіленген, жедел емес - мерзімі белгіленбеген) ; шығу тегіне байланысты (қызмет бабындағы, жеке) ; арналуы
бойынша (түпнұсқа - бірінші рет жасалған, көшірме _ «көшірме» деп белгі соғып түпнүсқаны дәл сол қалпында қайталау. Түпнұсқаны жөнелту кезінде көшірмені міндетті түрде жөнелтуші-субьект істерінде қалдырады; белгілі бір істерден - үзінді көшірме, иесі түпнұсқаны жоғалтып алған жағдайда - Дубликаті деп бөлуге болады.
Бұдан басқа, құжаттар зандық күшіне қарай - шынайы (өкілетті қызметкер барлық тәртіптерді сақтай отырып берген) және мазмұны немесе деректемелері шындыққа сай келмейтін жалған болуы мүмкін. Шынайы құжаттар өз кезегінде - жарамды және жарамсыз, яғни заңдық күшін жойған (жарамдық мерзімі өткен шарт) болуы мүмкін.
Барлық құжаттар редакциялаудан және корректурадан (қателерін түзету) өтеді.
құжаттармен жүмыс істеуді ГОСТ 6. 39 - 72 мемлекетгік стандарт едәуір жеңілдетеді; бұндағы формуляр үлгіге сәйкес бланкілер жасалады (бланкілердің екі түрі қарастырылған: хаттарға арналған және жалпы) .
Барлық құжаттар мемлекеттік стандартта көрсетілген көлемдегі қағазға жасалуы керек.
Құжаттар деректемелер деп аталатын, оның мазмұнын бейнелейтін жекелеген элементтерден тұрады.
Белriленген тәртіппен орналасқан деректемелер жиынтығы - құжаттың формуляры деп аталады.
Негізгі деректемелер тізімі:
субъектінің эмблемасы;
салық төлеушінің тіркелу нөмірі;
басқарушылық құжаттама классификаторы бойьшша құжат нұскасының коды;
министрлік, ведомоство, субьект атауы;
байланыс мекемесінің индексі, пошта адресі, факс, телетайп, телефон, банкідегі шот нөмірі;
құжат түрінің атауы;
жасалу күні;
іс индексі, құжат нөмірінің тіркелуі;
кіретін кұжаттың индексі мен күніне сілтеме жасау;
құжатқа қол жеткізуді шектеу таңбасы (қызмет бабында пайдалану үшін) ;
адресат;
бекіту белгісі;
резумация;
мәтін тақырыбы;
бақылау жасалатыны туралы белгі;
мәтін;
қосымшаның бар болуы туралы белгі;
қолтаңба;
келісілу белгісі;
рұқсатнамалар;
мөр;
көшірмені растау туралы белгі;
орындаушьrnың аты - жөні және телефон нөмірі; құжатrың орындалғаны және іске жіберілгені туралы белгі;
келіп түскені туралы белгі.
Ұйымдык құжаттар. Өкімгерлік және аклараттык күжаттарға қарағанд бұлар жоғары заң кұшіне ие, өйткені бұл субъектілерд, құқықтары мен міндеттерін реттейтін күжаттама болып табылады. Ол бөгде және қарамағындағы субъектілеі, мен қарым-қатынасына қатысы бар, оның көмегімен өндірісті басқару процесі жүзеге асырылады.
Жарғы - субъектінің занды ту лға ретіндегі күкык тық мәртебесін анықтайтьrn қурылтайшылық құжат болып табылады және субъектіні мемлекеттік тіркеу ке зінде кұрылтайшылық құжат ретінде қарастырылады. Ол құрылайшылар немесе серіктестікке қатысушыларды қолы қойылып, нотариус бекітіп (куәландырып), заң оргаңдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Жарғыда мынадай жағдайлар қарастырылуы керек:
қоғам (серіктестік) типі;
субъектінің толық және қысқартылған атауы (қазак, орыс, ағылшын тілдерінде) ;
мекен - жайы;
жарияланған жарғылық капиталдың мөлшері жайлы мәлімет;
шығаруға жарияланған акциялар саны жөнінд мәлімет (акционерлік қоғамдар ушін) ;
субъектіні басқару органдарының қалыптасу тәртібі мен құзыреті;
шешім қабылдау тәртібі;
жалпы жиналысты әзірлеу мен өткізу реті;
сақтық (резервтік) капиталды құру мен пайдалану реті;
қызметті тоқтату шарттары және т. б.
Ереже - бұл субъектінің құрылу ретін және оның құрылымдық бөлімдері мен лауазымды тұлғаларының құқықтары мен міндеттерін анықтайтьrn құқықтық акт.
Ережелер индивидуальды (жеке) және типтік (үлгілі) алуы мүмкін. Ереже формуляры төмендегідей деректемелерден тұрады: субъект атауы, бекіту таңбасы, ереже тауы, шығарылу (басылу) мерзімі мен орны, индекс, ақырып, келісім белгілері, түрі және мәтін (І-қосымша, -нүска, 2-нұсқа),
Ұйымдық-өкімгерлік құжаттар ішінде маңызды орындарын бірін штат кестесі алады Ол ЖШС қатысушылар киналысында бекітілуге тиісті еңбекақы корының пайдаланылуын тексеру кезінде аудиторға (тексерушіге) міндетті түрде көрсетілуі тиіс (l-қосымша, З-нұсқа), Қазақстан Республикасында құнсыздану процесі және субьект қызметкерлерінің еңбекақысын ұдайы индекстеу жүріп жатқандықтан, штат кестесіне өзгерістер енгізіп отыру қажет, ол үшін басшының бұйрығы шығарылады (І-қосымша, За-нұсқа) .
Нұскаулық (инструкция) - басқару органы субъект, оның құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды түлғаларынын және азаматтар қызметінің арнаулы тараптарын реттейтін ережелерді белгілеу мақсатымен шығаратын құқықтық акт.
Нұсқаулық міндетті түрде арнаулы бүйрыкпен немесе «Бекітемін» деген графада басшының қолы койылу арқылы бекітіледі, Енгізу мерзімі (бұйрықта немесе нұсаулыктың өзінде) белгіленеді.
Мысалы: «Әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу тәртібі туралы» №46 нұсқаулығы қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің 1999 жылғы 10 ақпандағы №49 0999 жылы 19 мамырда №519, 1999 жылы 4 тамызда ''№929, 2000 жылы 15 наурызда №210 түзетулер мен толыктырулар енгізілген) бұйрығымен БЕКІТІЛДІ.
Нұсқаулық формуляры төмендегідей деректемелерден тұрады: нұсқаулықты шығарып отырған субъект атауы, құрылымдык, бөлімше атауы, нұсқаулықтың атауы, бекіту таңбасы, мерзімі, тақырыбы, индекс, басылым орны,
Қолтаңба.
Өкімгерлік құжаттар. Олардың пайда болуьrньщ заңды негізі:
үкімет органдарының заңдары, жарлықтары, қаулылары
І субъектінің атқарушылық және өкімгерлік қызметінің өзіне жүктелген мiндeттepдiң орындалуы үшін жүзеге асырылуы;
басқару аппараты жүмысын, құқықтық ретте қажеттігі.
Маңызды мәселелер қаулы, шешім, бұйрық, өкім, нұсқау сияқты құжаттарда баяндалады. Басқаларын қарағанда, басқару тәжірибесінде субъект басшысы шығаратын бұйрық жиі қолданылады. Бұйрық жобасы құрылымдық бөлімше немесе осы құрылымдық бөлім, шені басқарып отырған лауазымды адам дайындайды Жобаға бұйрық жазушьrның рұқсатнамасы қойылады ол бұйрық жолданатын құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды адамдарды да өзі анықтайды. Жобаға заң кеңесшісінің рұқсатнамасы қойылады, өйткені ол бұйрық шығарудьщ орындылығын, бұйрық жобасьrньщ қолда-. ныстағы заңдарға сәйкестігін анықтайды.
Руқсатнама қойылған бұйрық жобасы қол қою үшіь басшыға жөнелтіледі. Бұйрықпен онда аттары аталған адамдардьщ бәрі танысуы тиіс, олар бұйрықтың бір данасына немесе арнаулы бланкке қол қояды.
Анықтамалық-ақпараттық қужаттар. Құжаттардың бұл тобына мыналар жатады:
Хаттама - жиналыстар, кеңестер, конференциялар және мәжілістердегі мәселелер талқылануы мен шешім қабылдау барысы тіркелетін ұйьгмдастырушылық өкімгерлік құжат, немесе мәжіліс, жиналыс барысьrнда болып жатқанның бәрі жазылған құжат.
Мәжіліске дайындық жұмыстары барысында хаттамаға қосымша бір топ құжаттар жасальrnады: күн тәртібі, мәжіліске қатысушылар тізімі және шақырылғандар
ізімі, баяндамалар немесе негізгі баяндамалар тезистері, алкыланатын мәселелер бойынша анықтамалар, әр мәселе бойынша шешімдер (немесе қаулылар) жобалары. Хаттама мәжіліс кезінде жүргізіледі. Мәжіліс барысы тенографияланып немесе магниттік дыбыс таспасына түсірілген жағдайда, хаттаманы олардың шартты белгітері ашылғаннан кейін жасауға болады.
Хаттаманы хатшы немесе арнайы тағайыцдалған адам күргізуі тиіс. Хаттама ортақ бланк формасы бойынша ресімделеді. Оньщ формулярына мыналар кіреді: субьект кұрылымдык бөлімше атауы, құжат түрін көрсету (хаттама), мәжілістің өту күні, нөмір, мәжіліс орны, бекіту таңбасы (егер ол бекітілуі қажет болса), тақырып (күн тәртібі), мәтін, шешім, қолтаңбалар.
Хаттамада оның толық аяқталып, қол қойылған күні емес, мәжілістің өткен күні жазылады. Егер мәжіліс бірнеше күнге созылса, оның басталған және сызықшадан соң аяқталған күндері көрсетіледі. Хаттама нөмірі мәжітістің реттік нөмірі болып табылады. «Мәжіліс орны» іеректемесінде қала аты көрсетіледі.
Хаттаманың бас тақырыбында алқалық қызмет түрі мәжіліс, жиналыс) және алқалық орган атауы ілік сепгі гінде көрсетіледі (комиссия мәжілісі, еңбекші ұжым жиналысы) .
Хаттама мәтіні екі бөлімнен тұрады:
мәжіліс төрағасы, хатшы, қатысушылар және күн тәртібі көрсетілетін кіріспе бөлім;
мәжіліс барысы тіркелетін негізгі бөлім.
Қатысушылар алфавиттік ретпен тізімделіп, одан кейін лауазымдары көрсетіліп, шақырылғандар жазылады.
Кеңейтілген жиналыстар мен мәжілістерде қатысушылар саны мөлшерлі түрде көрсетіледі, ал аты-жөндері бойынша тізім хаттамаға қосымша жүреді, және ол туралы хаттаманың өзіне сәйкес жазылады.
Күн тәртібінде: алқалық орган қарастыруына шығарылып отырған мәселелер санамаланады. Әр сұрақ нөмірленеді және « . . туралы» деген сөзбен аяқталады.
Хаттаманың негізгі бөлімі күн тәртібінің тармақтарына сәйкес бөліктерден тұрады. Әр тармақ бойынша мынадай бөлімдер болуы мүмкін:
Тыңдалды
Сөйлегендер: сөздің қысқаша жазбасы
Шешім (қаулы) қабылданды:
Бұлар мәтінді көрнекті етіп бөліп тұрады. Егер баяндама мәтіндері немесе сөйлеген сөз тезистері бар болса, олар хаттамаға жазылмайды, тек баяндамашының аты-жөнінен кейін сызықша қойылып, «баяндама» (ха барлама. сөйленген сөз) мәтіні қоса беріліп отыр» деп көрсетіледі.
Әрбір сөйленген сөзден кейін сұрақтар мен жауапта бар болса, олар келіп тусу ретіне қарай жазылады.
Қорытынды бөлімде талқыланып отырған мөсел бойынша қабылданған шешім (қаулы) жазылады. Ол нақты болуы және мынадай кұ рамдас бөліктерден тұруы тиіс: кім және қай күнге дейін не істеуі керек.
Лауазымды тұлғаларды сайлау кезінде әр кандидатура бойынша дауыс беру нәтижелері көрсетіледі.
Мәжілістерде мәселе талқылану барысын қамтуына қарай хаттамалар толық және қысқартылған балып бөлінеді.
қысқа хаттамада баяндамашының аты-жөні, баяндама тақырыбы, сөйлегендердің аты-жөндері ғана жазыла ды (ескертулер сипаты, талқылау барысы, айтылған пікірлер, т. б. жайлы толық мағлұмат алу мүмкін емес) . Мұндай хаттама тек стенограмма бар болса немесе баяндама мәтіндері хаттамаға қоса берілгенде ғана жаса лады. Басқа жағдайлардың бәрінде хаттама толық болуы тиіс. Толығымен дайын болған хаттамаға төраға немесе хатшы қол қояды
Алқалық органдар шешімдері атқарушыларға дербес құжаттар - қаулылар, шешімдер, бұйрықтар түрінде еткізіледі. Басқа жағдайларда бұйрықтардан үзінді көшірме жасалады (І-қосымша, 4-нұсқа) .
қызмет бабындағы хаттар - бұл занды және жеке тұлғалармен қатынас жасау, бір нәрсені хабарлау, бір әр нәрседен хабардар ету құралы болып табылатын басқарушылық құжаттардың үлкен тобының жалпы атауы.
Хат мәтіні екі бөлімнен тұрады:
біріншісінде құжатты жасауға мәжбүр қылған себептер баяндалады, сондай-ақ бүнда жоғарғы органдардың, салық инспекцияларының хатты жазуға негіз болған шешімдеріне сілтеме жасалуы мүмкін;
екіншісінде құжат жасалуының басты мақсаты болып табылатын негізгі бөлімі баяндалады: тұжырымдар, тілектер, үсыныстар, ескертулер, т. б.
қызмет бабындағы хаттың басты мақсаты: әрекетке пақыру, сендіру, дәлелдеу, түсіндіру .
Ақпарат сипатына қарай хаттар былай бөлінеді: жөнелтпе хат (ілеспе хат) - адресатқа оған қоса берілген құжаттар жіберілгенін хабарлау үшін жасалатын құжат;
шақыру-хат - адресатқа қандай да бір өткізілетін шараға қатысуды үсынады (семинарға немесе конференцияға шақырту) ;
ақпарат-хат - адресатқа қандай да бір факт немесе шара жөнінде хабарлайды;
хабарлама-хат (ақпараттық және шақыру хаттарға жақын) - нақты бір адресат ушін жазылады және көбіне сұранысқа жауап болып табылады; қуаттау-хат - қандай да бір жөнелтілудің (хат, жеделхат) алынғандығы жөнінде, қандай да бір бұрын жасалған қүжаттың әлі де күшінде екендігі туралы хабарламадан түрады;
еске салу хаты - қандай да бір міндеттемені орындалу немесе шараның өткізілу мерзімі ж: кындағанын немесе өтіп кеткенін көрсету; кепілдік - хат - өзінде көрсетілген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құжат (төлемге кепілдік беру) ;
бастама - хат - жауап талап етуші (адресат қандай да бір мәселені шешу үшін тілек, ұсыныс, сұрау салу) ;
жауап-хат - мазмүны бойынша бастама-хатқа тәуелді сипатқа ие, өйткені оның мәтінінің тақырыбы беріліп қойған, енді тек бастама хатпен көрсетілген мәселе шешімінің сипатын қабылдар ұсыныстан бас тарту, тілекті орындау - баяндама.
Жеделхат - телеграфтық байланыс арналары бойынша ақпарат беретін құжат түрі. Ақпарат беру жылдамдығының нақты қажеттігіне байланысты жеделхат түрін құрастырушы оның жеделдігін көрсетеді: «кезектен тыс», «үкіметтік», «жедел», т. б.
Қызмет бабындағы жеделхат мәтіні мөрмен бекітіліп, екі дана етіп жасалынады. Біріншісі, қол қойылып, жөнелтуге жіберіледі, екіншісі іске тігіледі.
Факс - кез келген құжат түрін жеткізу. Факс арқылы жеткізілген құжаттардың жалған еместігі дәлелденбейтін болғандықтан, ол тек жылдам, жедел акпаратты жеткізу үшін ғана қолданылады.
Телефонограмма - телефон арқылы жеткізілген хабарлама, жедел нұсқаулар, хабарламалар және басқа да мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылады.
Телефонограмма деректемелері:
Тақырьп. Телефонограмма нөмірі. Жіберілу күні.
Телефонограмманы жіберушінің атауы. Телефонограмманы қабылдаушының атауы.
Мәтін.
Телефонограммаға қол қойған лауазымды тұлғаны көрсету.
Телефонограмманы жіберген лауазымды тұлғаның аты-жөні (сол адамның телефон нөмірі көрсетіледі) .
Телефонограмманы қабылдап алған лауазымды тұлғаның аты-жөні (сол адамның телефон нөмірі көрсеті леді) .
Телефонограмманы жіберу-қабылдау уақыты (есеп арнайы журналға жүргізіледі) .
Баяндау жазбахат - бұл құжатта субьект қызіеткері қандай да бір мәселеге байланысты өз пікірін ілдіре алады. Ол (мазмұнына қарай) бастамалык, ақпараттық немесес есеп беруші (бір дана етіп жасалады) болуы мүмкін.
Анықтама - қаңдай да бір деректі растайтын құжат.
Куәлік - нақты фактіні (мынадай тұлғаға аудит күргізу қүқығы берілген, т. б. ) белгілейтін құжат. Ол әрдайым субьект бланкісіне жасалады. Кейбір жағдайларда мөр басылған фотосурет пен куәлік иесінің қолы қажет Юлады. Оңда куәліктін (жеке бас куәлігі, іссапар куәлігі, т. б. ) жарамдылық мерзімі көрсетіледі. Куәлік міндетті түрде тіркеледі және қолхат арқылы беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz