Көптеген кәсіби және әуесқой суретшілерді жаңадан шығарылған материалдарға гравюра салу әдістерімен таныстыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Композиция жұмысын орындаудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Композициялық портреттің нұсқасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Композицияны оқытудың міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3 Тақырыптық натюрморт және композициялық нобай ... ... ... ... ... ... ... ... .6

2. Графика жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Офорт жасау үшін жеңіл әдіс. жұмсақ лакты пайдалану ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Адам басының бейнесі және динамикада отырған қалпын суреттеу ... ...19

3. Бейнелеу өнерінің ерекше түрі . графика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Осы жұмыстың мақсаты – көптеген кәсіби және әуесқой суретшілерді жаңадан шығарылған материалдарға гравюра салу әдістерімен таныстыру.
Жаңа материалдарда жаңадан шығарылып, тексерілген гравюра жасау әдістері сияқты, оқырманды қызықтыруы мүмкін, өйткені оларды оңай өндіруге болады.
Қазіргі гравюраның екі түрі – биік және терең – тақтада ойылу әдісімен және эстамп суреттеу әдісімен айыруға болады.
Биік гравюрада сызықтар, сызықшалар, нүктелер тақта бетінде анық көрсетіледі (рельеф). Олардың үстіне бояу біртұтас болып жағылады да, одан қағазға бастырылады. Биік гравюрның ойылуы маманнан үлкен шеберлікті талап етеді.
Терең гравюра техникасы одан оңайлау. Терең гравюрада барлық сызықтар тақта бетінде ішіне қарай ойылады. Бояу ойылған жерлерге әртүрлі мөлшерде, кесіктердің енділігіне және тереңдігіне қарай жағылады және қағаз бетіне әртүрлі болып сызықшалар, нүктелер түрінде түседі.
Терең гравюраның оңайлығын және көп бейнелеу мүмкіндігін ескере отырып, автор ең анық және жалпыға түсінікті әдістер ізденісінде осы техниканы жаңа материалдармен жұмыс істегенде пайдалануды жөн көрді.
Осы кезге дейін терең гравюра жасауға металл пайдаланып келді. Бірақ металл өңдеу зиянды қышқылдарды пайдалануды және арнайы кәсіби базаны талап етеді.
Соңғы жылдары гравердың жұмысын жеңілдететін басқа материалдарды пайдалану мүмкіншілігі пайда болды. Гравюралаумен кәдімгі суретшінің шеберханасында немесе үйдегі жұмыс столында айналысуға болады.
Мысалға, сол материалдардың бірі – гравердың инесіне оңай берілетін органикалық шыны (плексиглас-акрилат), мөлдір зат. Ол – гравюра жасауда өте маңызды роль ойнайды.
Органикалық шыныны 1944-1949 жылдары сәулет жобаларын және ғылыми еңбектерді суреттеуде пайдаланған. 1945 жылы көбейтуге арналған эстамптар осындай шыныдан жасалған формаларда басылған.
Органикалық мөлдір шыныны пайдалану тәжірибесі 1953 жылдан бастап әртүрлі мөлдір қағаздарды – кальканы, пергаментті, т.б. пайдалануға негіз болды.
Жыл сайын өткізілетін көрмелерде, оның ішінде 1957 ж. Бүкілодақтық көрмеде және дүниежүзлік жастар мен студенттер фестиваліндегі көрмеде органикалық шыныда және қағаз формаларында жасалған жұмыстар көрсетілді.
1. «Изобразительное искусство Казахстана» изд АК Каз ССР им. М.О. Ауезова Алма – ата 1963.
2. Балтабаева Ж.К. « Бейнелеу өнері» Алматы «Мектеп» 1987.
3. Беде Г.В. Сұңғат Москва 1988.
4. Болдырев Н.И. « Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы 101-104 бет
5. Ғалымбаева А. « Өнер» алматы 1981.
6. Ералин К.Е. Бейнелеу өнерінің сабақтары Шымкент, ШПИ, 1992- 45 б.
7. Ералин К.Е. Қазақ совет бейнелеу өнері эстетикалық тәрбие беру Алматы, 1988 -31 б.
8. Ералин К.Е. Қазақстан бейнелеу өнері шеберлері Алматы, М – Талант 1997 -105 б.
9. Ильина Т.А. « Педагогика» 429 – 431 бет.
10. Кенбаев М.С. Камаков А.О. « Бейнелеу өнері» Алматы «Мектеп» 1987.
11. Крупская Н.К. « Таңдамалы педагогикалық шығармалары» 574 – 578 бет.
12. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Бас ред. М.К.Каратаев Алматы 1975 6 том.
13. Қазақстан акварелі «Өнер» Алматы 1989 5 -20 бет.
14. Очерк изобразительного искусства Казахстана Отэмсона Б.В.
15. Левитан И. И. изд. «Советский художник» Москва 1963 стр 3-9.
16. Советтік Қазақстанның бейнелеу өнері « Өнер» 1990.
17. Харламов И. Ф. Педагогика Москва Высшая школа 1990.
18. Шишкин изд. «Аврора» Ленинград 7-14стр.
19. Щипанов А.С. «Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілерге» Алматы «Мектеп» 1989.
20. Тәңірбергенов М.Ж. «Гравирлеу» Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2006.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Композиция жұмысын орындаудың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .4
1. Композициялық портреттің
нұсқасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. Композицияны оқытудың
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
..5
1.3 Тақырыптық натюрморт және композициялық
нобай ... ... ... ... ... ... ... .. ...6

2. Графика
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .10
2.1 Офорт жасау үшін жеңіл әдіс- жұмсақ лакты
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. 11
2.2 Адам басының бейнесі және динамикада отырған қалпын
суреттеу ... ...19

3. Бейнелеу өнерінің ерекше түрі -
графика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...26

Кіріспе
Осы жұмыстың мақсаты – көптеген кәсіби және әуесқой суретшілерді
жаңадан шығарылған материалдарға гравюра салу әдістерімен таныстыру.
Жаңа материалдарда жаңадан шығарылып, тексерілген гравюра жасау
әдістері сияқты, оқырманды қызықтыруы мүмкін, өйткені оларды оңай өндіруге
болады.
Қазіргі гравюраның екі түрі – биік және терең – тақтада ойылу әдісімен
және эстамп суреттеу әдісімен айыруға болады.
Биік гравюрада сызықтар, сызықшалар, нүктелер тақта бетінде анық
көрсетіледі (рельеф). Олардың үстіне бояу біртұтас болып жағылады да, одан
қағазға бастырылады. Биік гравюрның ойылуы маманнан үлкен шеберлікті талап
етеді.
Терең гравюра техникасы одан оңайлау. Терең гравюрада барлық сызықтар
тақта бетінде ішіне қарай ойылады. Бояу ойылған жерлерге әртүрлі мөлшерде,
кесіктердің енділігіне және тереңдігіне қарай жағылады және қағаз бетіне
әртүрлі болып сызықшалар, нүктелер түрінде түседі.
Терең гравюраның оңайлығын және көп бейнелеу мүмкіндігін ескере
отырып, автор ең анық және жалпыға түсінікті әдістер ізденісінде осы
техниканы жаңа материалдармен жұмыс істегенде пайдалануды жөн көрді.
Осы кезге дейін терең гравюра жасауға металл пайдаланып келді. Бірақ
металл өңдеу зиянды қышқылдарды пайдалануды және арнайы кәсіби базаны талап
етеді.
Соңғы жылдары гравердың жұмысын жеңілдететін басқа материалдарды
пайдалану мүмкіншілігі пайда болды. Гравюралаумен кәдімгі суретшінің
шеберханасында немесе үйдегі жұмыс столында айналысуға болады.
Мысалға, сол материалдардың бірі – гравердың инесіне оңай берілетін
органикалық шыны (плексиглас-акрилат), мөлдір зат. Ол – гравюра жасауда өте
маңызды роль ойнайды.
Органикалық шыныны 1944-1949 жылдары сәулет жобаларын және ғылыми
еңбектерді суреттеуде пайдаланған. 1945 жылы көбейтуге арналған эстамптар
осындай шыныдан жасалған формаларда басылған.
Органикалық мөлдір шыныны пайдалану тәжірибесі 1953 жылдан бастап
әртүрлі мөлдір қағаздарды – кальканы, пергаментті, т.б. пайдалануға негіз
болды.
Жыл сайын өткізілетін көрмелерде, оның ішінде 1957 ж. Бүкілодақтық
көрмеде және дүниежүзлік жастар мен студенттер фестиваліндегі көрмеде
органикалық шыныда және қағаз формаларында жасалған жұмыстар көрсетілді.
Қағаз тақталарында гравюра орындалғанда оны көбейту мақсаты
қойылмаған. Гравюра жасау шеберлілігіне басты мән берілді. Өйткені қазіргі
кезде көбейтуге арналған әртүрлі техника көп, қолдан көбейту өз
маңыздылығын жоғалтқан.
Үйрету мақсатында жұмыстың әртүрлі кезіндегі шамасын көбейту
мүмкіншілігі кеңінен пайдаланылған. Ондай баспалар суретшінің жұмысының әр
қадамын зерттеп, оның жетістіктері мен кемшіліктерін байқау үшін өте
маңызды.
Терең гравюраның жаңа түрлері бойынша жұмыс істегенде классикалық
әдістер пайдаланылады; формалардан бастырылып алынған эстамп классикалық
әдіспен орындалғаннан айнымайды.
Келесі тараудан оқырман осы өнерде пайдаланылатын әртүрлі әдістермен
таныса алады.

1 Композиция жұмысын орындаудың әдістемесі
1.1 Композициялық портреттің нұсқасы

Портрет жұмысын орындау алдында образды түрде адамның мінез-құлқының
ерекшелігіне тоқталу керек. Портретпен алғаш жұмыс жасағанда таныс адамды
бейнелеуге кеңес беріледі.
Образдық ойды жетекшілікке ала отырып бірнеше бейнелерді іздену қажет.
Бейнелердің орналасуы, жарық көлеңкесін форматқа бейнелегенде адам
бейнесінің шешімінің мақсатын іздену жолдарын қарастыру. Жұмысты орындау
барысында бейне нобайын жарық көлеңке шешімін сызықтар көмегімен шешеміз.
Орындалған нобайдың ең ұтымдысын бояуда орындауға ұсынылады. Ізденіс
нобайлардың әр түрін нұсқасыз ізденуге болады.
Үйлесімді табылған композицияның шешіміне қажетті кеңістікті ұтымды
пайдалану жолдарын іздену. Автордың орналастыруы бойынша жарық көлеңкесінің
түсіне қарай, формаларына қарай ең ұтымды нобайы тоқталу.
Жарыққа қатысты етіп нобайды жазықтың алдынғы көрінісінде
орналастырмау керек. Бейне кескіндерінің жарықтық байланысын айқын көрсету.
Портрет қойылымын әрлеп болғаннан кейін майлы бояуда орындауға
әзірленеді. Портрет нұсқасының өзіне ыңғайлы композициясының
структурасына: портрет форматының түс бояуы, әшекейлерінің коларистикалық
шешімін орындау. Композициялық шешімнің бірнеше түрлерін іздену керек. Адам
нұсқасының психологиялық басының жағдайы, тұлғасының қозғалысының образы.
Адам бейнесін бейнелегенде бас бұрылысын, дене тұлғасы, қол қимылы, мінез
құлқының ерекшеліктері психологиялық жағдайының шынайылық бейнесін
бейнелеуді түсіну қажет.
Толық образдағы композициялық қолайлығына тоқталғаннан кейін жұмысты
үлкен форматқа салуға кіріседі.
Автор толық тоқталған жұмысын қатесіз клеткалы кенепке этюд
бейнесінің композициясын тұрғызады. Бейнеленген негізгі бейнені нұсқаға
қарап жұмыс жасау. Бұл сатыда әр бөлшек формаларын суреттеу негізделеді.
Сырттай оқитын студенттерге күрделі тапсырманың бірі портрет орындау-
тиісті уақыт аралығында бір сағат өзін нұсқа болуда төзімін байқау. Бұл
жағдайдың шешімін табу ол өзінің авто портреттерін орындау. Авто портрет
жұмысын орындағанда студент қиындыққа қалыптасады. Айнаға бір сәт
қарамастан есте қалған сызықтарды, формаларды бейнелеуге көптеген күш
жігерін жұмсау қажет.
Автопортрет салғанда жарық көлеңкесімен барлық композициялық
заңдылықтарын ұстана отырып ізденіс нобайларының этюдін жасау.
Автопортретті бастап орындаған суретшіге күрделілігі, нұсқа
бейнесінің мінез құлқын дәлме-дәл бейнелеу т.б.
Автопортретті кеудеге дейінгі бейнесін бейнелегенде жалпы композиция
заңдылықтарын пайдалана отырып портрет тұрғызады. Форматтың жартысынан
көбірек бөлігіне адам басының бейнесін орналастырады. Бастың артқы бөлігіне
қарағанда бет бейнесінің алдыңғы бөлігіне көбірек орын қалдырады.
Мүмкіндігінше артқы кеңістікті жарығырақ етіп алу керек. Бейне анық болу
үшін, киімнің түстерін таңдағанда түстік ерекшеліктеріне аса көңіл бөлу
қажет. Мысалы, қою түсті комзолға ашық түсті көйлек кию қажет ал галстукты
болса көйлектің түсімен үйлестіре таңдаған жөн. Ақ түсті дақтар жұмысты
ашық етіп немесе қоюлық салыстырмалылығын айқын бенесін бейнелейді. Ашық
түсті гаммасы басқа түстер үйлесімділігін айқындайды. Негізгі тапсырма
формасының жаңалығы- портрет қойылымының мінез ерекшелігінің образын
көрсету. Қаламмен салынған жұмыс этюдттері ұсынылады. Жалпы композициялық
этюдттері ізденіс жұмыстарының ішінен біреуіне тоқталып суретші өзінің
шығармасын іске асыруға кіріседі.

1.2 Композицияны оқытудың міндеттері

Педагогикалық институтарының көркем-графика факультетінің композиция
курсының бағдарламасына композицияның теорияфсы мен танысу, оның
заңдылықтарын оқып үйрену, өнердің барлық түрлері мен жанрының жалпылығы
олардың түрлеріне қарай анықтаушы қасиеттері енгізілген. Студенттердің
практикалық композиция сабақтарында жұмыс істеудегі шығармашылық дағдысы
қалыптасады.
Көркем шығарманың маңыз бәрінен бұрын тақырыптың көлемі мен мәнділік
маңыздылығына шарттастырылған . шығарманы туғызудың ең қажетті шарты
суретшінің тақырыптық мәнін түсінуде, оны терең дүниесін аша ала білуде.
Сюжетті ойлай отырып, суретші ол шығарманың сапасына байланысты
композицияға жүгінеді композиция шығарманың идеясымен сюжеті шынайы түрде
үйлестіруі қажет. Жұмыс барысында ойдың жалпы шешімін іздеу жұмысы арқылы
іске асырылады. Негізгі ойды жарыққа шығару үшін шығармаға кіргізілетін
элементтерді (бұйымдарды,фигураларды) мақсатқа сай іріктеп алу, олардың
өзара орналасу заңдылығы, сезімдік-әсерлік белгілерін бөлу (пішіні, бояуы,
пропоциясы т.с.с.) міндетті түрде қосымша элементтердің бастысына
бағынуы, кеңістікті және сызықты ескере отырып композиция бөліктері
теңесуі тиіс. Мұның барлығы идеялық мазмұнда беруге анық мүмкіндік
туғызады. Айтып өтілген мәселелерді шешу шығарманың композициясы бойынша
жүргізілетін алуан түрлі аспектілерді толық аша алмайды.
Суретші педагогты қалыптастыруда композиция теориясына үлкен мән
беріледі. Композицияның теориясы мен практикасын меңгеру өмірдегі жаңа,
прогресті өмір шындығын образды қабылдауға, тіпті көруге және бейнелеуге
мүмкіндік туғызады. Композиция сабақтарында студеттер ойлап тапқан немесе
берілген тақырыпқа композиция ойлап табуға және конструкторлық- пластикалық
және түрлі- түсті пішінге салып бейнелеуге үйренеді, соңынан әдістемелік
тәсіл бойынша натюрморттың интерьердің, табиғат көрінісінің т.с.с. аяқтаған
композицияларды орындайды.
Бейнелеу өнерінің мұғаліміне композиция көлеміндегі білім мен іскерлік
өте қажет. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытушы
композиция мәселесін шеше білу керек және өз білімін практика жүзінде
пайдалана білуі қажет.Композиция теориясын білмейінше шығарманың туу
принціпін айқындауға және тақырыптық сурет сабағын жүргізу мүмкін емес.
Композиция заңдылықтарын меңгеру және практикада пайдалана білу
дегенімізоқушының шығармашылық белсенділігін оятуға, тақырыптық суреттерді
орындауда көркемдік шешім іздеуге ұмтылысын оятуға мүмкіндік береді.

3. Тақырыптық натюрморт және композициялық нобай.

Ең таңдаулы нұсқаның негізінде нобайға интерьнрдің бір бөлігін соңғы
жоспарда көрсетіп табиғи болмысын ашатын натюрмортты бейнелеуге талап
қойылады. Натюрмортты адамның қызметін айқындайтын нақты заттан құрайды.
Тапсырманы орындау барысында студент қағидасы мен құралдарын пайдалану
шеберлігін, машықтығын көрсету керек. Бәрінен бұрын тапсырма жаттығуларын
табу керек, ол күнделікті бақылауды білдіретіндей қатынас болуы тиіс.
Композиция өзінен-өзі шешіледі немесе бұл тақырыптың ережелері белгілі
деген ойдан аулақ болғаны жөн. Тапсырманы тиянақты орындау үшін суретшілер
шеберханасында, конструкторлық бюрода, мұғалімнің жұмыс және әдістемелік
дәрісханаларында болып, бақылау жүргізуге кеңес беріледі. Заттарды,
материалдарды қалай пайдалануды бақылау керек. Бұл ең керекті заттарға
назар аударуға, олардың мінездемелік жағдайын белгілеуге өте қажет және
сол сияқты т.б. Екінші кезектегі негізгі емес жанама заттар-нақты
композициялық міндетпен шарттасқан жағдайда ғана есепке алынады.
Толықтырушы элементтерді әртүрлі мақсатта кіргізуге болады, мысалы түсі,
пішіні,фактурасы жағынан контраст алу үшін; кеңістік аралығын есепке ала
отырып қойылымның элемен құрылымдарының көлемдік-кеңістік тығыздығын
теңестіруде және с.с. Тұрмыстық заттардан тысқары бұйымдардан натюрморт
құрастыру мүмкін емес. Егер жұмыс үстелінде сервиз,сервант сөресінде жұмыс
құралдарын жайғастырса, натюрморт көркемдік мәнін жояды, ақылға сиымсыз
болып шығады.
Натюрморт міндетті түрде заттардың қойылымына (кіргізілген) енгізілген
адамның мамандығын және мәдени дәрежесін айқындап көрсетуі шарт сондықтан
онда ештеңе артық болмауы тиіс, сол мамандық немесе басқа кәсіп иесінің
мәдениетін, бағыт-бейнесін, жұмыс стилін мінездейтін заттарды ғана таңдап
іріктеп алған жөн. Композициялық орталығының аймағында ең негізгі элементі
қабылдау туралы ойлану керек: олар өткір пішінді форма, түрлі-түсті және
мәнерлі контраст болуы мүмкін.
Қойылымды элементтердің азғантай санымен шектеу керек: натюрморт
үшін алты жеті зат жеткілікті. Оларды екі үш топқа бөледі. Осыларды есепке
ала конструктивті ашық, терең-кеңістік құрылыммен натюрморт құрайды.
Заттарды кездейсоқ, жоспарланбаған жобада орналастырылады. Бұл сенімді,
нанымды және дәлелді, шындықты бейнелейді.
Өмірлік шын қойылымды ойлап шығара отырып, болашақ композицияның
формасын ұстану керек. Қағазды жұмыс басталиас бұрын негізгі қойылымға сай
таңдайды. Ол композицияның барлық элементтерімен және оймен, мазмұнымен
құрастырылған. Көлденең қойылған қағаз композицияны әңгімелеуге жарайды,
онда заттардың топтамасы динамикалы түрде қойылады. Квадратты қағаз
статистикалық композицияға шақталған,ал тіке қойылған тік қағаз
композицияға динамика береді, жоғары немесе төменге бағыттай отырып, ол
көлденең (көлденеңділік) деңгейін және сюжетті байланысты болады.
Барлық дайындық жұмысы мазмұнына байланысты болу керек, мұда автор
натюрморт жасау процесін іске асырады. Қойылымды бақылай отырып заттар
бетінде жарық пен көлеңке қалай түсіп тұрғанын белгілеу керек.
Композицияның құралы ретінде жарық сәуле натюрморттың көркемдік мәнін
ашады. Жоғары жиек сызығы заттарды айналасымен бітістіріп жіберетін
сияқты,адамның күнделікті өміріне тиісті, көңілге қонымды жайтты ұялатады.
Орташа жиек сызығы заттарға күш, салтанат береді, бірақ өте төменгі
көлемде бұлардың орнына орнына жасандылық пайдав болады. Ең соңғы төменгі
жиегі заттың бейнесін көрсетеді, олардың динамикасы перспективалық
қысқартулармен күшейеді.
Бақылау нүктесін таңдаған соң натюрмортты бір қарап шығу керек,
көрерменнің назарына композициялық орталықтан шетке шегіне бірте-бірте
өсіре отырып жеткізу үшін қандай шешім табу керек ? Бір жақ шеткі бетінен
композицияның ырғағы бағытымен екінші жағына заттарды белгісіне қарай
топтауды ұйымдастыру арқылы, олардың қарама-қарсы және ырғақтық қайталануын
үдету арқылыжетуге болады.Бұл жерде натюрмортты кеңестікке созылуға кеңес
берілмейді. Ырғақ заттардың қою көлеңке тығыздығын және олардың арасындағы
кеңістікті теңестіреді. бұл шартты орындау форматқа қатысты заттардың
өлшемін таңдаудың жеңілдетеді.
Қойылымды қарап болған соң натюрмортты қағаз бетіне топтастыра түсіре
бастауға болады. Жоғарыда айтып өткендей, бірінші әбден пісіп жетілген ой
болу керек ол қағаз және жиек (горизонт) деңгейін орналастыру.Негізгі
идеяны бірінші нобайын түсіре бастайды.Қарындаш немесе қылқалам мен жұмыс
істегенде пропорциялық құрылымына ұқыпты болу керек, ойдағы бейнені
бейнелеу керек. Сулы бояу (акварель) нұсқасын шығару үшін бояу
ерекшелігінің мүмкіндігін ойланған жөн. Сол немесе басқа композициялық
қабылдауды пайдалануда шығармашылық ой ұмтылысы мен біріктіру қажет. Өз
таңдауларына қарай отырып, көп тапсырмаларды студенттерге өздігінен шешуге
мүмкіндік беріледі.

2 Графика жұмысы.

Көптеген кәсіби және әуесқой суретшілерді жаңадан
қолданысқа шығарылып жатқан материалдарға гравюра салу әдістермен
таныстыру арқылы, жастарымыздың өнерге деген шығармашылық қабілетін және
іскерлігін дамыту үшін мынандай графика үйірме бағдарламасының жүйесін
ұсынамыз.
Бұл бағдарламаның мақсаты - мектеп қабырғасынан графикалық
сурет салуға, қабілетті, дарынды балаларға бағыт беру, екіншіден кәсіптік
бағдар бере отырып графика саласын дамыту.
Бұл үйірмеде мектеп оқушыларынан графикалық сурет салуға икемі,
қызығушылығы бар оқушылар іріктеліп алынады. Ұсынып отырған бағдарламада 7-
10 сыныптарға арналған, әр сынып оқушыларына жыл бойы меңгеруге тиісті
тақырыптар жинақталған. Сабақтар теориялық және практикалық сабақ түрінде
өтеді. Әр жарты жылдың соңында жасалған жұмыстардан бақылау көрмелері
ұйымдастырылады.
Сабаққа қажетті материалдарды оқушылар өздері алып келеді, олар:
қалам, қағаз, түрлі-түсті бояу түрлері, типографиялық бояу, планшет, кескіш
пышақтар, қайшы, табиғи материалдар, мата қалдықтары, желім т.б..
7-сыныпта графика саласының даму тарихы, түрлері, сурет салуды меңгеру
жолдары, құрал- жабдықтары, қарапайым геометриялык денелер мен үй заттарын
салудан бастап, бірте - бірте күрделене түсіп, өнер түрлерін, графика
техникасын меңгере бастайды.
8-сыныпта бағдарлама біршама күрделене түседі. Бұл сыныпта оқушылар
графиканың ерекшеліктері, техникасы мен технологиясымен танысады.
Сабақтарда оқушылар безендіру жұмыстарының қазіргі нарықтык экономикалық
жағдайда қажеттілігін түсінеді, өз қолдарынан графикалык жұмыстар жасап,
линолеуммен жұмыс жасау технологиясын үйренеді.
Мұғалімнің көмегімен тарихи, экологиялық, саяси тақырыптарға нобайлар
жобасын жасап, композициялық тақырыпта көркем шығарма жұмыстарын орындайды.
Халқымыздың қолдаыбалы қол өнері туралы, олардың жасалынуы,
қолданылуы туралы мәліметтермен танысады. Сондай-ақ халқымыздың
өнер қайраткерлері жайында олардың шығармашылық жолдарынан мәліметтер
жинайды. Қазақ суретшілерінің шығармалары мен танысып қана қоймай шетел
сүретшілерінің шығармаларымен танысып отырады. Қазіргі заманға сәйкес
графика туралы түсінік алып, әр түрлі көрмелерді тамашалау
ұйымдастырылады.
9 сыныпта графиканың түрлерінің техникасымен (ксилография, офорт,
линогравюра, литография) танысып, практикалық жұмыстар орындайды.
9-10 сынып жоспарында практикалық жұмыстарға көбірек сағат бөлінеді.
Себебі бұл сыныптарда оқушылар төменгі сыныптан бастап алған білімдерін
шыңдай түсіп, өзіндік шығармашылық жұмыстар жасайды. Мысалы,
көптеген мерекелі күндерге арнап нобайлар жасап, қабырға газеттерін
шығару, мектепте өтетін сайыстар , мектеп өміріне тақырыптық
кештер өткізуге, мектепті безендіруге өз үлестерін қосады.
Бейнелеу өнері мұғаліміне қолөнер шеберлерімен, педагог
ғалымдарымыздың еңбектерін үнемі пайдаланып, еліміздің жас мамандарын
тәрбиелеуде аянбай еңбек етуді қажет етеді.

2.1 Офорт. Офорт жасау үшін жеңіл әдіс- жұмсақ лакты пайдалану.

XVI ғасырдың ортасында қатал пластикалык сурет өзгеріп, еркін бейнелер
пайда болды. Өңнің мағынасы өсті.
Суреттердің жаңа бағыттарының пайда болуы суретшілерді жаңа гравюралау
әдістерін іздеуге мәжбүр етті, тек қана пластикалық формаларын емес, жарық
пен ауаны да көрсету керек болды. Бұл талапқа сай офорт болды, оны
орындауға ине пайдаланылды.
Офорт мыста жасалған терең гравюра, тек оның гравюрадан айырмашылығы,
ол кесілмейді, ол химиялық жолмен ойылып жасалады. Сурет еркін қозғалатын
инемен салынады. Ине мыста сызбай, тек бояуға түседі де, пайда болған
сызықтар қышқыл әсеріне ойлады. Қышқылдың күштілігіне және химиялау
ұзақтығына байланысты тақтада әртүрлі тереңдікті және енді сызықтар пайда
болады.
Офорттың басқа гравюра түрлерінің алдындағы басылымдылығы -ол еркін
қимылды инемен икемді бояуға түсірілуі.
Суреттің анық түсуіне сызықшалардың еркін тығыздықпен орналасуы әсер
етеді. Қағаз басылған сурет жоғары көркемділігімен ерекшеленеді.
Офорт өнері ең биік шыңына XVII ғасырда Голанд суретшісі Рембрандт ван
Рейін (1606-1669) жетті. Ол офорт дамуын бірнеше жыл алға ілгерілетті. Орыс
мәдениетінде офорт кескіндік мыста орындалған гравюрамен қатар Петр
реформаларында маңызды рөлін атқарды. XVIII ғасырда офорт техникасы
Россияда ғылыми және техникалық кітаптарды суреттеуде және көркем әдебиет
шығармаларын көбейтуде кеңінен пайдаланды.
XIII ғасырда әсіресе Францияда Акватинта әдісі кеңінен пайдаланылды.
Ол орындалу әдісі перомен салынған, сиямен толықтырылған. Акватинта
техникасының ерекшелігі тақта бетін ұсақ шайыр, канифоль немесе асфальт
нүктелерімен жабатын түрлі бояу қолданылды. Ол тақтаға жабысу үшін баспа
формасын жылытады, түрлі бояумен боялған металл әлсіз қышқыл ерітіндісімен
химияландырылады. Химияландыру үзақтылығына байланысты тақтада көптеген
майда нүктелері бар дақтар пайда болды. Химияландыру ұзақтығын жайлап соза
беріп, суреттің ашық жерлеріне қорғайтын лак жағып тұрса, түрлі түсті
гравюра жасауға болады.
Түрлі бояуды ірі немесе ұсақ түйіршікті шайыр қосу арқылы дайындауға
болады. Түйіршіктердің ірілігі суреттің композициясына байланысты.
Сызықтарды алдын ала құрғақ инемен ойып, жұмсақ лакқа қаламмен салуға
болады. Акватинтаны бірнеше тақтадан түрлі түсті эстамп жасауға пайдалануға
болады.
Бірнеше тактадан көшірілген түрлі түсті акватинта үлгілері өте аз,
өйткені ол өте көп қиындықтарды кешуді талап етеді. Бір тақтаны қолдан бояп
жасау көбірек пайдаланады Ең жақсы Акватинта түрлі-түсті суреттер болып
табылады. Қалам үлгісінің мақсаты- қалам боямасы офорт бояуына тақта
үстіне тиісті рулеткамен нүктелер түсіріледі кейін олар
химиялық жолмен жасалады. Қалам үлгісінде жасалынған гравюралардан
істелінген көшірмелер түсті бояулармен басылады. Эстамптың суретпен
ұқсастығы өте жақын болған.
Сызықшалы суретті гравюраны топпен толықтыру ұмтылысында XV ғасырда
пунктир сызықты гравюра кеңінен таралады. Тегістелген мыс тақташасында
көптеген нүктелер түсірілетін. Ол үшін пунсок (зергерлік аспап)
пайдаланған. Ол үшкір құрыш инесіне немесе кішкентай балтаға ұқсайды.
Пунсон пайдалануда гравюралар тушпен салынған суретке ұқсата алмаған,
өйткені жекелеген нүктелер ьлғи көрінетін. Пунсонмен гравюра жасау көбіне
сызықшалы суретте (кескішпен тақтайда немесе офорт әдісімен) пайдаланған.
Қара үлгі, немесе меццио-тинто Голландияда, әсіресе Англияда кеңінен
тараған. Бұл үлгіде көбіне қара бір түсті гравюра жасалған, ал Англияда
түрлі-түсті көшірмелерде жасалынған, олар үшін көптеген трафареттер
қолданылған. Қара үлгі техникасы тақтаны ерекше өңдеуді талап етеді. Ауыр
өткір тісті күрекшелермен жэне шатурамен-домалақ көптікенекті аспаппен,
оларды пайдалану арқылы тақташаның үстінде көптеген майда сызықшалар пайда
болып, құрғақ инемен жасалынған сияқты. Тақтайдың ашық жерлерін шүңқырларды
тегістеп (үш жүзді өткір пышақпен-шабермен, үтіктегішпен және ворониламен)
жасайды.
Әр түстің бір-біріне өтуі, мыс тақтасының беті неғұрлым көп өңделсе,
солғұрлым әдемі болып түседі. Бір суретпен 15-20 көшірме жасауға болады.
Үзын сызықшалар қара үлгіде, тек кейде құрғақ инемен жасаса, сызықшалар
пайда болады.
Ине ең қарапайын және көп кездесетін, пайдаланылатын қүрал.
Тегістеліп,таза мыс тақтасының бетінде өткір ине із қалдырады. Жай басып
істеген кезде иненің ізі таза, бүдірсіз туседі химияландырылған офорт
немесе кескішпен жүргізген із сияқты болып көрінеді.
Қатты басып істеген кезде ине материалға кіріп кетіп, терең және
шеттері жырыладыда, көтеріліп түратын із қалдырады. Әртүрлі күшпен басылып
инемен ойылған суреттер жіңішке қылқаламмен жағылған бояу сияқты көрінеді.
Құрғақ ине сызықтары ерекше болып көріну себебі ине іздерінің және
шеттерінің боялғанына байланысты. Гравюра жасау үшін інені әртүрлі
материалдарда пайдалануға болады. Мысалы: тақтайда инемен жасалынған
гравюрадан көп көшірме жасауға жарамайды. Мыстың, жасалған гравюра
сапасына қарай , оны 50-70 рет көшірмесін алуға болады.
Литография қаламының сызықшаларына ұқсас дақтар немесе сызықшалар
кальканы ұстарамен немесе басқа өткір құралмен қырған кезде пайда болады.
Ал басқа формасының әртүрлі беті планшеттің әртүрлі өңдеуі арқылы
істелінеді (калька, қағаз, картон). Осындай фактураның өңделуі эстампты
байытады.
Қағаздың ашық беті картон сияқты бояуды сорып алады да оны жеңіл
көшірмеге береді. Калька мен қағаздың бетін тырнау арқылы тақта бетін
әртүрлі жасауға болады. Оны инемен қосымша өңдесе, әртүрлі фактуралы
көшірмелер жасауға болады. Басылым формасы көп болса, көшірме түрлері де
көп болады.
Пунсонмен, рулеткамен жасалынған қосымша сызықтар, сызықшалар
әртүрлі тереңдікте және әртурлі көлемде жасалынады. Олар және ірі
түйірлі түйіншіктер, қабықшалар керекті жерлерге тақтай бетіне қойылады
және балғамен соғылады. Енді бастап жатқан граверге айтылар кеңес гравюра
жасау алдында бірнеше сынақ жұмыстарын калъкаға инемен және пышақпен
әртүрлі көлемде және тереңдікті сызықтар жүргізіп, әртүрлі түсті дақтар
түсіру жаттығуларын жасау керек.
Терең гравюраның баспа формасы ретінде бетіне фотосезімді эмульсия
қабаты жазылған фотокартон немесе фотоқағаз пайдалануға болады. Суреттің
түп нұсқасы баспа формасына фотосурет әдісімен түсіру полиграфияда және
ағаш гравюрада кеңінен қолданылады. Бұл жерде суреттің көлемі өзгеріліп,
айна бейнесімен түсірілуі мүмкін. Айна бейнесін жасау үшін негативтің
жылтыр бетін объективке қарай қою керек.
Эмульсия жағылған фотоқағаз калькада қолданылғандай, ине мен пышақ
қолдану мүмкіндігін туғызады. Баспада кұрғақ (суланбаған)
қағаз пайдаланады, көшірме тиражы 50-ден асады. Гравюра жасауға тек түп
нүсқадағы суреттерді пайдаланған жөн.
Тақтадағы гравюра көшірмемен басылады. Сапасыз басылған гравюра өз
көркемдік кескінің жоғалтады, ал жақсы орындалған басылым өз сапалығын
эстампта көрсетеді.
Терең гравюра жасаушы гравер өзі бояуды дайындап, сынақ көшірмелерін
жасай білуі тиіс. Баспагер жұмыс көлемін тек қана көп тиражды басылым
жасаған кезде сұрау керек.
Органикалық шыныда және қағаз формаларында жұмыс істеу офорттың
алдындағы артықшылығы, онда гравюра жасау және сынақ көшірмелеуді параллель
жүргізуге болады, бояуды жуу, кептіру, майсыздандыру, қайта бояудың қажеті
жоқ.
Жұмыстың орындалу барысын білу үшін (гравюра жасалган кезде),
тікелей немесе керісінше көшірме жасау керек болады. Тікелей сынақ
көшірмесін - тақтаның айна бейнесін беру үшін- жасалынған жұмысты тексеру
керек. Керісінше көшірмеде сурет гравюрада дәл түседі. Осындай
көшірмеде барлық қателерді түзулеп, тақтаға түсіруге болады.
Станоктың талеріне қойылған жаңа көшірмеге жұқа қағаз жапсырылып,
оның үстінен картон қойылып екі валдың арасынан қатты қысыммен жүргізіледі.
Жоғарыда айтылған классикалық гравюралау әдістері терең гравюра да бес
ғасыр бойы металл бетінде жасалынып келді: мыста, құрышта, цинкте, т.б.
Барлық гравюралау техникасына еңгізілген жаңалықтар қаламмен, перомен сурет
салудың жасалу әдістерін көбейтуге және жеңілдетуге бағытталған.
Гравюраға пайдаланылған органикалық шыны мөлдір
термопластик сияқты, кәдімгі терезе шишасынан айнымайды, оңай сығылады,
қыздырған кезде тесіледі және оңай кесіледі. Органикалық шыны пластмасса
заводтарында 2-3мм және әртүрлі жуандықта болып шығады.
Органикалық шыны мөлдір болғандықтан гравердің жұмысын өте
жеңілдетеді, өйткені оған айна бейнелеуін жасау керегі жоқ. Өзінің
бірыңғайлығы және серпінділігіне байланысты органикалық шыны бұзылып
жарылмайды.
Органикалық шыны үйкеліске шыдамды, осы мүмкіншілігін эстамп баспасын
жасаған кезде цинк пен мыста жасағандай, қатты баспа станок валының
қысымына салса болады. Органикалық шынының жеңілдігі де суретші үшін
қолайлы.
Органикалық шыны ацетонда және дихлорэтанда ерітілу ерекшелігі
суретшінің тақтада жіберген қатесін түзелту үшін өте ыңғайлы қызмет етеді.
Ал оның әртүрлі атмосфера құбылыстарына төзімділігі ашық ауада істей беру
мүмкіншілігін туғызады.
Органикалық шыны таңдаған кезде оның өте мөлдірін, сызылмаған немесе
жарылмаған бетін алу қажет.
Тақтаны дайындау. Гравюра жасалынатын тақта фаска мен рантаның (тақта
шетіндегі бос орын) енділігін ескере отырып қойылады.
Соңғы көшірмесін жасаған соң анықталады да, ранта өзгеріп немесе
жоюға болады, ал фасканы жаңадан істеуге болады. Фаска жоқ тақта станокта
басуға жіберілмейді, өйткені өнделмеген шыны шеттері қысымға түскенде,
эстамп жасалатын қағаз жыртылып кетеді. Тақта 3-4мм. болса, фасканың еңі
7мм-ден аз болмау керек. Ал жұқа, 2мм тақтаны фаскасыз қолдануға болады,
тек шеттерін өңдеу керек. Тақтаны листтен кесіп алу. Тақтаның көлемін
анықтап, оны үлкен беттен жуан құрыш инемен кесуге болады. Иненің қимылына
қарай үстау керек. Бетте бірінші ұзынынан кесіп, бірнеше тақта дайындауға
болады. Кейін әртақтаны кесуге болады. Сызғышпен 5-6 рет қатты кесу және
фанер арасына салу арқылы бөлуге болады. Осы жерде шеттерінің кесілуін көру
керек, өйткені ол сызықтың соның кеспей қалуы мүмкін.
Фаска жасаудан бұрын, шынының шеттерін көріп, түзу емес жерлерін
түзулеу керек. Фаска өткір пышақпен немесе шабермен орындалады (жоңылады).
Шыны беті тазаланады, ол жылтырайды, оны тегістеудің керегі жоқ. Фасканың
бүрыштарын 2мм. тақта 1-1,5см. радиуспен тегістеу керек. Одан жұқа тақтада
бұрыштарын ғана жонса болды, өйткені үшкір бұрыштарға ілініп су эстамп
қағазы жыртылуы мүмкін
Фаскалар түзу болу үшін, оның сызықшаларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таза картонда гравюра жасау
гравюра салу әдістері
Гравирлеу
Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына графикалық суреттерді салдыру жолдары
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау
Графика өнері жайлы жалпы баяндау
Пейзаж жанры туралы түсінік және оларды живопись технологиясында бейнелеудің теориялық ерекшеліктері
Қазақ бейнелеу өнерінің тарихы
Көркемдік білім туралы түсінік
Пәндер