Мемлекеттік басқару экологиялық мемлекеттік-құқықтық механизм ретінде



Кіріспе
1.1. Мемлекеттік басқарудың Конституциялық қағидалары
1.2. Конституция, және оның құрылымы
1.3. Конституциялық кеңес
Қорытынды
Мемлекеттік басқару саласындағы туындайтын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқықтың реттейтін пәні болып табылады. Жалпы басқарудың:
1. Машиналар мен технологиялық үрдістерді басқаратын механикалық; 2. Тірі организмдердегі басқарылатын биологиялық; 3. Адамдардың мінез-құлығы мен ұжымдарды басқаратын әлеуметтік басқару сияқты бірнеше түрлері бар. Басқару нақты бір нәтижеге жету мақсатында, екі не одан да көп адамдардың келісілген іс-әрекеті. Басқару адамзат қоғамында объективті түрде қалыптасады. Сондыктан да басқару алғашқы қауымдык, құл иеленуші, феодалдық құрылыстардың барлығында болып келген. Қоғам дамуы барысында тек қана басқарудың типі, әдістері, мақсаты және түрпішіндері өзгеріп отыратындығымен, өмірдің сан-саласын басқару қажеттілігі сақ-талады.
Мемлекеттік басқару коғам дамуының барысында қоғамдық, қатанастарды реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің істерін басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады. Мемлекеттік басқару дегеніміз: а) зандарды орындау барысындағы іс-әрекет; 6) объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет.
Барынша тар мағынасында мемлекеттік басқару деп экономиканы, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси салаға практикалык және тікелей басшлық жасауға бағытталған атқару, бөлу, зандық күші бар, бір-біріне бағынышты мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетін айтуға болады.
Мемлекеттік басқарудың қағидаттары — басқару, басқару аппараты сүйенетін, белгілі бір ереже түрінде қалыптасуы мүмкін, негізгі басшылық бастамасы. Мемлекеттік басқарудың қағидалары зандарда және басқа да зандық күші бар нормативтік актілерде бекітіледі. Мемлекеттік басқару қағидаттары әлеуметтік-құқықтык, және ұйымдастырушылық сияқты екі топқа бөлінеді. Әлеуметтік-құқықтыққа жататындар: 1) жоғарғы мемлекеттік лауазымдар мен органдардың қабылдаған нормативтік актілерін, жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыруға мүмкіншілік беретін, демократиялык негізде орталықтанған, демократиялық орталықшану.
1. Мухитдинов Н.Б., Есеналиев А.Е. Қазақстан Республикасы нарық жағдайында қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының құқықтық негіздері. – Алматы, 2000 ж.
2. Робинсон Николас А. Правовое регулирование природопользования и охраны окружающей среды в США. – М.,1990 ж.
3. Стамқұлұлы Ә. ҚР Экология құқығы. – Алматы, 1995 ж.
4. Бринчук М.М. Экологическое право. – М., 1998 ж.
5. Байдельдинов Д. Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы – Алматы
2005 ж.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Мемлекеттік басқару саласындағы туындайтын қоғамдық қатынастар әкімшілік
құқықтың реттейтін пәні болып табылады. Жалпы басқарудың: 
1. Машиналар мен технологиялық үрдістерді басқаратын механикалық; 2. Тірі
организмдердегі басқарылатын биологиялық; 3. Адамдардың мінез-құлығы мен
ұжымдарды басқаратын әлеуметтік басқару сияқты бірнеше түрлері бар. Басқару
нақты бір нәтижеге жету мақсатында, екі не одан да көп адамдардың
келісілген іс-әрекеті. Басқару адамзат қоғамында объективті түрде
қалыптасады. Сондыктан да басқару алғашқы қауымдык, құл иеленуші, феодалдық
құрылыстардың барлығында болып келген. Қоғам дамуы барысында тек қана
басқарудың типі, әдістері, мақсаты және түрпішіндері өзгеріп
отыратындығымен, өмірдің сан-саласын басқару қажеттілігі сақ-талады.
Мемлекеттік басқару коғам дамуының барысында қоғамдық, қатанастарды реттеу
мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-
әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің істерін
басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады.
Мемлекеттік басқару дегеніміз: а) зандарды орындау барысындағы іс-әрекет;
6) объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға
міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен
байланысты іс-әрекет.
Барынша тар мағынасында мемлекеттік басқару деп экономиканы, әлеуметтік-
мәдени, әкімшілік-саяси салаға практикалык және тікелей басшлық жасауға
бағытталған атқару, бөлу, зандық күші бар, бір-біріне бағынышты мемлекеттік
басқару органдарының іс-әрекетін айтуға болады.
Мемлекеттік басқарудың қағидаттары — басқару, басқару аппараты сүйенетін,
белгілі бір ереже түрінде қалыптасуы мүмкін, негізгі басшылық бастамасы.
Мемлекеттік басқарудың қағидалары зандарда және басқа да зандық күші бар
нормативтік актілерде бекітіледі. Мемлекеттік басқару қағидаттары
әлеуметтік-құқықтык, және ұйымдастырушылық сияқты екі топқа бөлінеді.
Әлеуметтік-құқықтыққа жататындар: 1) жоғарғы мемлекеттік лауазымдар мен
органдардың қабылдаған нормативтік актілерін, жергілікті жердің
ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыруға мүмкіншілік беретін,
демократиялык негізде орталықтанған, демократиялық орталықшану...

1. Мемлекеттік басқарудың Конституциялық қағидалары

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған
Конституция, Ата заң — мемлекеттің Негізгі Заңы, елдегі барлық басқа
заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция
осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси
және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы
кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция
жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша
сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте
елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Болжалды қолданылу мерзіміне қарай
Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша
Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет
болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген
жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның
қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа
Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда,
Конституцияныпарламент, құрылтай жи налысы, референдум қабылдайды немесе
аралас тәсілдермен қабылданады.  Украинаның, Молдованың, 
Грузияның, Өзбекстанның қолданыстағ ы Конституциялары парламенттік жолмен
қабылданды. Болгарияның, Румынияның , Камбоджаның, Бразилияның, Колумби яның К
онституциялары Құрылтай жиналысында қабылданды. Қазақстанның
(1995 жылғы), Ресейдің Конституциял ары, сондай-ақ Беларусьтің Негізгі
Заңының қазіргі редакциясы мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп,
бүкілхалықтық референдумда қабылдан ды. Арменияның, Әзербайжанның,Литва ның, Т
әжікстанның Конституцияларын парламент қабылдап, кейін референдумда
бекітілді. 1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда
қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық
заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни
мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен
(98 баптан) тұрады.

Қастерлі құндылықтарымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде,
біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекеттігімізді орнатып, тәуелсіздігімізді
тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде
біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік
тұтқасы болды, - деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы ҚР
Конституциясының 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференцияда сөйлеген сөзінде. Президенттің пайымдауынша, Конституция -
мемлекеттік биліктің қайнар көзі - халықтың өзі екенін айқындады. 
- Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Бұл
оқиғаның біздің халқымыз үшін зор маңызы бар. Негізгі Заңды қабылдау
жөніндегі бүкілхалықтық референдум жаңа елдің негізгі қағидаттары мен
құндылықтарын бекіткен Қазақстан халқы бірлігінің бірегей тарихи актісіне
айналды. Әрине, біздің Конституцияға әлемдегі бағзы конституциялар секілді
ғасырлық мерейтойларға әлі алыс, бірақ та орындалған міндеттердің ауқымы
жағынан біздің Ата Заңымызды олармен салыстыруға әбден болады. Біздің
Отанымыздың 15 жылдағы барлық жетістіктері - бұл Конституцияның және соның
негізінде қабылданған заңнаманың іс-әрекетінің нақты нәтижесі, - деп атап
өтті Нұрсұлтан Назарбаев. 
Енді Ата Заңымыз жөнінде молырақ мағлұмат берелік. Қазақстан
Республикасының Конституциясы - Қазақстан мемлекетінің Ата (негізгі) заңы.
Ол 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдум өткізу (бүкілхалықтық
дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан
халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі - өзінің егемендік құқығын баянды
етті. Ата заң қабылданған күн - мемлекеттік мереке - ҚР Конституциясының
күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы
(1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан,
көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары
заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Мұның
өзі Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтік құқықтық
актілердің нормаларынан үстем екендігін көрсетеді. Кейінгі екі
Конституцияның алдыңғы екеуінен елеулі айырмашылығы сол - бұлар тұңғыш рет
мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық
билігін бекітіп, одан әрі орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекетті
қалыптастыру бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның
ішінде жеке адамның жан-жақты еркіндігі, идеологиялық және саяси әр
алуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық
ақпарат құралдары, сондай-ақ қоғамдық қозғалыстар бірлестігін құру
еркіндігі), халық билігін жүзеге асыратын демократиялық амалдар,
экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға
сәйкестендірілген. 
Ата заңымыз барлық заң салаларының негізі болып табылады, ал оның нормалары
басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі. Конституцияның
кіріспесінде Ата Заңды қабылдаудың себептері мен мақсаттары былай
түсіндірілген: Біз, ортақ тарихи тағдыры біріктірген Қазақстан халқы,
байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік
және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына
отырып, дүниежүзілік қауымдастықта лайықты орын алуды мақсат етіп, қазіргі
және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершілігімізді сезіне отырып,
өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны
қабылдаймыз. Ата Заңның бұл бөлігі саяси және идеологиялық тұрғыдан
алғанда аса маңызды. Өйткені бұл Ата заң ҚР-да демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негізін қалады.
Осыдан келіп, ҚР-ның мынадай негізгі мақсаты туындайды: өзінің ең қымбат
қазынасы ретінде адамды және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын
айқындап, бекіту; өз елінде және мемлекеттер арасында азаматтық
бейбітшілікті, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдістерін
орнықтыру; байырғы қазақ жерінде мемлекеттік бірлікті сақтау; республиканың
тәуелсіздігін сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демократиялық негіздерінің
мызғымастығын бекіту. Осыған орай, мемлекет қызметінің түпкілікті
қағидалары айқындалады. Олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл
халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм,
мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның
ішінде республикалық референдумда немесе Парламенттік 
дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ). 
Ата заңымызда барлық қазақстандықтарға ортақ, қастерлі құндылықтар заңның
тілімен нақтыланып, айқын жазылған. Мысалы, негізгі заңымызда тайға таңба
басқандай көрсетілген құндылықтың бірі - 130-дан астам этностар мен 40-тан
астам діни қауымдастық өкілдері өзара достық пен келісімде өмір сүретін
ортақ Отанымыздың жері біртұтас және ешкім де оған қол сұға алмайды. Сондай-
ақ жынысына, нәсіліне, ұлтына, дініне және басқа да белгілеріне қарап
азаматтарды кемсітуге қатаң тыйым салынады. Қазақстан - адам құқықтары мен
бостандықтары, этникалық және діни төзімділік, өзара сыйластық, барлық
азаматтар үшін тең мүмкіндік беру сияқты құндылықтарға ие бір жұдырыққа
жұмылған халқы бар гүлденген көпұлтты мемлекет. Қазақстан халқы ассамблеясы
(ҚХА) - этникааралық салада мемлекеттік саясаттың маңызды құралы болып
табылады. Қоғамдық институтты құру идеясын мемлекет басшысы 1992 жылы
Қазақстан халқының тұңғыш форумында жария етті. Ал қазіргі таңда ассамблея
Қазақстанды мекендейтін 140-тан астам этностардың өзара іс-әрекетін
қамтамасыз ететін диалог алаңына айналды. ҚХА-ның конституциялық мәртебесі
және Мәжіліске 9 депутат сайлауға құқығы бар. Қазіргі кезеңде аталған
институт 800-ден астам этномәдени бірлестіктерді біріктіреді және
мәдениетаралық диаологты дамытудың негізгі звеносы болып табылады. 
Ата Заңның негізгі бөлігінде (І - VІІІ бөлімдер) азаматтардың құқықтары,
бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құрылыс жайлы,
мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі
туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот
төрелігі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы)
нормалар тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелі ережелер мазмұндалған соңғы
ІХ бөлімде Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі,
конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсімі сөз болады.

2. Конституция, және оның құрылымы

Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негіз болған конституциялық
идеялардың айқын көрінісін береді. Жалпы ережелер деп аталатын 1-бөлімде
жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берілген, яғни Конституция
бойынша республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар
негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөліну,
олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл
жасау қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлімде осыған орай
конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және
азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негізгі қағидалар
тұжырымдалған. Олар: Қазақстан халқының толық билігі (егемендігі);
Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; мемлекеттік билікті жүзеге
асыру барысындағы пікір еркіндігі; Конституцияның үстемдігі (жоғары
тұратындығы); мемлекет билігінің бөлінісі; адам құқықтары мен
бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдығы; мемлекеттік тіл
саясатының кепілдігі, т.б. 
Азаматтық қоғамда мемлекет адам мүддесі үшін жұмыс істейді. Мем-лекеттік
билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлініп, олардың
тежемелік, тепе-теңдік жүйесі пайдаланылады. ҚР конституциялық құрылысының
мазмұны саяси, экономикалық негіздерден, әлеуметтік саясат негіздерінен,
ішкі саясат негіздерінен құралады. Олар Конституцияның 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8,
12, 14, 26-баптарында тұжырымдалған. Конституцияның 1-бабының 1-тармағында
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп тайға таңба басқандай анық
жазылған. Мұның өзі Конституцияның 2-бабының 1-тармағында көрсетілгеніндей,
Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет екендігінен туындайды. Яғни біріншіден, Президент мемлекеттік
билік тармағының ешқайсысына жатқызылмайды; екіншіден, Президентті халық
сайлайды және ол Парламентке тәуелсіз; үшіншіден, Президентке зор
өкілеттіктер беріледі және ол Конституцияға сәйкес мемлекеттік биліктің
барлық тармақтарына, олардың өз өкілеттіктерін тиімді жүргізуіне
көмектеседі, олардың өзара қарым-қатынастарына сындарлы ықпал ете алады;
төртіншіден, ұлан-байтақ қазақ жері ұлттық-аумақтық бөліністерге бөлінбей,
тек әкімшілік-аумақтық бөліністерге - облыстарға, қалаларға, аудандарға,
ауылдарға ғана бөлінеді және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалануды басқарудың теориялық негіздері
Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтың механизмі
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері
Экологиялық сақтандыру туралы
Алматы облысы обл
Аймақтық даму проблемасы
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандыратын, жауапкершілігін артыратын экономикалық механизм мен тетіктер жүйесі
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу ұйымдық-құқықтық нысандары. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері
Жер заңдарының принциптері мен міндеттері
Экологиялық құқықта жер кадастры құқық нормаларының алатын орны мен атқаратын қызметі
Пәндер