Дебат технологиясының оқушылардың интеллетуалды ой-өрісін, шығармашылығын дамытудағы және жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

дебат технологиясының оқушылардың интеллетуалды ой-өрісін, шығармашылығын дамытудағы және жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі

Жүнісбаева Қалқа Хамитқызы

Павлодар қаласы, №35 жалпы білім беру мектебі, тарих пәні

Қазіргі егеменді еліміздің ағарту жүйесінің мақсаты - өркениетті елдермен деңгейлес дамуымызға мүмкіндік беретін жаңа ағарту жүйесін қалыптастыру. Ол үшін оқу-тәрбие үрдісін жаңартып, оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды қолданып, оқытушы мен оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту, арттыру қажеттігі туып отыр.

Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде.

Жаңа педагогикалық технологиялар білімді демократияландыруға және ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға, басқару тиімділігін жетілдіруге, оқушылардың дамуына бақылау жасауға негізделген. Шәкірттерді өзгермелі өмірде еркін өмір сүруге, өмірде еркін бағдар алатындай және өз ойы мен пікірі бар етіп тәрбиелеуде инновациялық технологиялардың ролі ерекше.

Осы педагогикалық тәжірибе оқушылардың білімі, ізденушілік қабілеті, шығармашылығын дамытудың тиімді тұстарын ұсынады. Тәжірибенің жаңашылдығы оқушылырдың білімді жүйелі меңгеруін, интеллектуалдық және логикалық ой-өрісін дамыта отырып, оларды жоба құруға, проектілеуге және модельдеуге үйретуінде. Тәжірбиенің теориялық базасы ретінде «Дебат технологиясының оқушылардың шығармашылығын дамытуда даралап, саралап, жіктеп оқытудағы тиімділігі» тақырыбында әдістемелік құрал жасалды Бұндағы басты педагогикалық идея негізінен мынаған саяды:оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, ұтымды ұсынуга үйрету және жеке тұлғалық ұстанымын қалыптастыру Осыған байланысты бұл педагогикалық технология қандай міндеттерді шешеді деген сұрақ туады. Технологияның басымдығы мынадай бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі деп есептеймін:

1. Оқушыны ізденіске жетелейді

2. Сөйлеу шеберлігін қалыптастырады

3. Дүниетанымын, көз қарасын кеңейтеді.

Жалпы бұл педагогикалық тәжірибені жүзеге асыру үшін жұмыс барысын мынандай негізгі кезеңдерді ажыратып алған жөн:

1. Мұғалімнің теориялық базасы мен кәсіби шеберлігінің шыңдалу кезеңі

2. Кешенді бағдарлама және оқу-әдістемелік және көмекші құралдар жасау

3. Оқушыларды бейімдеу, жетелеу және нәтижеге бағыттау

Тәжірибе тұтастай нәтижеге бағытталған. Себебі: 1. Оқушылардың ғылыми жобалар, конференцияларға қатысуда белсенділігі артады

2. Оқушылардың жетістерін облыстық, қалалық семинарларда көрсету мүмкіндігі артады

3. Қалалық, облыстық турнирлерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып тәжірбие алмасу жолға қойылады

4. Мектепте сабақтастық жалғасып, жоғары сынып оқушылары мен орта буын оқушылары арасындағы байланыс кеңейеді

Тәжірбиенің практикалық маңызы: Бұл технология сабақта да, сабақтан тыс тәрбие жұмысында да қолдануға өте қолайлы. Тақырыптардың мәнін терең ашып, дидактикалық материалдар жасап шығаруға болады

Мысалы, сабақтарда «Қоршаған ортаның ластанбауы үшін экономиканың дамуына шек қою қажет», «Қазақстанда табиғатты қорғау жұмыстарын күшейту керек», «Адамзаттың ғаламдық проблемалары шешіледі, шешілмейді», «Ғылыми-техникалық революция адамзатқа қауіп төндіруде» деген тақырыптарда пікір-сайыс өткізіп, балалардың географиялық, экологиялық, саяси және экономикалық білімдерін тереңдетуде де көмегі мол.

Бағдарламаны сабақтан басқа сыныптан тыс жұмыстарда, тәрбие сағаттарында кеңінен қолдануға болады. Мектепте дебат клубын құрып, оның мүшелері мен президентін, жылдық жұмыс жоспарын бекітіп, жүйелі жұмыстың арқасында шығармашылық табыстарға жетуге болады.

Пікірсайыс бағдарламасын оқу үрдісіне енгізілуі оқушының тұлға, адамзат ретінде жетілуіне, білім алуға деген қызығушылығының артуына зор ықпал етуі сөзсіз.

Сонымен бірге пікір-сайыс бағдарламасы жаңа орта білім беру жүйесінің идеяларымен толық үйлеседі деуге болады. Сондықтан оқушылырдың БАҚ-рын, сөздіктерді қолдана білуі, оқушылардың сөздік қорының кеңеюі, өз ойын жүйелі және ұтымды жеткізуі, жоспарлауға, проектілеуге, кейс құруға үйренуі, оқушылардың ой қорыта білуі, оқушылырдың логикалық ойлауы басты назарда болады. Сонымен бірге мұғалімге оқушыларды даралап, саралап, жіктеп оқытуға көмектеседі және оқушының алған білімін әділ бағалауға көмектеседі.

Педагогикалық тәжірибені іске асыру үшін басты негізделген болжам:

«Егер тарих сабақтарында дебат технологиясы тиімді қолданылса, онда оқушылардың білім деңгейімен қоса, сөйлеу, ұсыну шеберлігі, интеллекиуалды-логикалық ой-өрісі дамытылып, шығармашыл жеке тұлға қалыптасады» Осыдан келіп концептуалды идея тұжырымдалды:

«Оқушыларды нәтижеге бағытталған әрекетке үйрету және алған білімді тәжірибеде қолдана білуге үйрету әр мұғалімнің міндетіне айналуы тиіс»

Бұл технология бойынша оқушы білімін мына критерийлерге сәйкес бағалауға болады:

1. Оқушының нақты білімді, фактілерді меңгеруі

2. Оқушының сөздік қорының деңгейі

3. Деректерді қолдана білуі

4. Баяндау стилі

5. Тұжырым жасау, ой қорыту шеберлігі

6. Өз көзқарасын білдіре алу дәрежесі

Тақырып бойынша жұмыс кезеңдері мына кестеде көрсетілген:

Тәжірибенің кезеңдері: Кесте-1

1. Теориялық кезең:: 1. Теориялық кезең:
2. Практикалық кезең:: 2. Практикалық кезең:
1. Теориялық кезең::

А) Технологияны меңгеру

Ә) Бағдарлама құру, әдістемелік-дидактикалық кешен жасау

Б) Техникалық жабдықтау жұмыстарын жүргізу

2. Практикалық кезең::

А) Оқушыларды бейімдеу, әдіс-тәсілдерді меңгерту

Ә) Сабақтарда қолдану

Б) Клуб жұмысын алға қою

В) Нәтижеге жету, Тәжірибе алмасу

Дебат технологиясын жүзеге асыруда сынып оқушылары жан-жақты зерттелуіне де назар аудаған жөн. Сыныптың даму деңгейі, интеллектуалдылық деңгейі, мектеп мотвациясы мен сыртқы мотивация деңгейі, сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау деңгейі, эмоционалдық көңіл-күйі, оқушылардың мазасыздық деңгейі сияқты мәселелер мектеп психологымен бірлесе отырып жұмыс істеуді қажет етеді.

Облыстық, қалалық семинарларда мектебіміздегі дебат клубы өз жұмысын жыл сайын көрсетіп отырды

Озық педагогикалық тәжірибені таратудың формалары жөнінде қысқаша мағлұмат:

  1. Облыстық, қалалық семинарларда оқушылардың жетістіктерін көрсету
  1. Кешенді бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдар жасау
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
В.М. Манаховтың оқыту технологиясы
Мектептегі оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Дебат технологиясының негізгі түсінігі
Балалардың жаңа біліммен қаруланудағы белсенділіктері
Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары
Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары
Әдебиет сабағында қазақ тілін дамыту ерекшеліктері
2-сыныпта қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz