Еркектер неге қысқа өмір сүреді?


Жоспар
- Еркектер неге қысқа өмір сүреді?
- Деректер
- «Неге ерлер бірінші көз жұмады?»
- Еркектер неге әлсіз?
ӘДЕБИЕТ
Еркектер неге қысқа өмір сүреді?
Статистикаға сай, әйелдер еркектерден ұзақ өмір сүреді. Неге? Негізі, ер адам физикалық тұрғыдан күшті және шыдамды болып келеді емес пе? Ал қыз-келіншектер әрдайым уайым мен стреске бейім, нәзік жан ғой. «Ерлер неге бірінші кетеді» деп аталған американдық зерттеу бұл жағдайдың себебін ашып, оны өзгертудің амалдарын тапты.
Деректер
Зерттеу авторлары ерлерге мұндай ақпаратты шошына қабылдамай, статистикаға назар аударуға кеңес береді:
Жүректің ишемиялық ауруы ерлерде 3 есе жиі кездеседі екен.
Әр жаста өз-өзіне қол салатын әйелдерден гөрі, еркектер басым көрінеді.
Адам өлтіру мен өз-өзін өлтіру 15 пен 34 жас аралығында ер азаматтар арасындағы үш негізгі өлім себебіне жатады.
85 жасқа жеткен әйелдер қатары еркектерге қарағанда, 2:1 қатынасына тең.
«Неге ерлер бірінші көз жұмады?»
Мамандар ерлер өмірін қысқартатын биологиялық, мәдени және жеке факторлар қатарын анықтаған.
Психологиялық фактор
Ерлер психологиялық тұрғыдан әлсіз және шыдамсыз болғандықтан, олардың арасындағы өлім-жітім де жоғары. Әйелдер өз сырқатымен табанды күресіп, денсаулығын мұқият қадағаласа, ерлер бұл мәселеде мұндай жауапкершілікпен мақтана алмайды.
Ер адамдар дәрігер кеңесіне құлақ аспай, тексеруден өтпей, сырқаттанғанда «өзі кетеді» деп, медициналық көмекке жүгінбейді.
Тәрбиенің денсаулыққа әсері
Ерлердің ауруға шыдап, дерттің айқын белгілеріне назар аудармауының себебі: оларға кішкентайынан: «Шыда, қиналып тұрғаныңды көрсетпе, шағымданба. Сен жігітсің ғой», - деп үйретеді. Статистика бойынша медициналық көмекке жүгінген еркектердің жартысынан көбі әйелі мен туысқандарының табанды ықпалының арқасында ғана немесе жағдайы қатты нашарлағанда ғана дәрігерге келеді екен. Осыған орай, тәрбие ерекшеліктері де еркектерді өлтіреді деуге негіз бар.
Ер адам өмірін қалай ұзартуға болады?
Мамандардың айтуынша, ер адам денсаулығын жіті қадағау қажет. Бқл орайда жақын адамдарының - әйелінің, анасының, апа-қарындасының, қызының рөлі маңызды. Әйелдер омырау қатерлі ісігін жеңе алса, өз еркегінің денсаулығын сөзсіз сақтай алады.
Дәрігерлер мезгілсіз өлімге әкелетін себептерді сараптай отырып, ерлер өмірін ұзартудың мынадай ережелерін ұсынады:
1. Әрқашан дәрігермен ашық сөйлесіңіз. Ұятты кабинеттің сыртында қалдырған жөн. Қыз-келіншектер жастайынан өз проблемаларын дәрігерге ашық айтып үйренеді. Ер адамға кей симптомдарды айту ыңғайсыз болуы мүмкін, бірақ оларды айтып өту қажет, себебі дәл сол белгі ауыр сырқатты анықтауға көмектесуі мүмкін. Дәрігер алдындағы мұндай жалған ұяңдық өміріңізден артық емес. Ер адамдар аталық жыныс безін жүйелі түрде тексеруден өткізіп тұру керек. Бұл ең жағымды әсер болмағанмен, простата қатерлі ісігі машақатынан жеңіл.
2. Тестостерон деңгейін тексеріңіз. Шамамен 30 жастан кейін ер адамның тестостерон гормонының деңгейі жыл сайын 1%-ға төмендеп отырады. Ал тестостеронның төмен көрсеткіші өмірлік тонус пен бұлшық ет салмағын азайтып, есте сақтау қабілеті мен зейінді нашарлатып, либидоны төмендетеді. Мұның барлығы жабығуға әкеп соқтырады. Ал одан еркек денсаулығы сыр беріп, ишемиялық ауру қаупін тудырады. Тестостерон шығынына диабетпен ауыратын адамдар көбірек ұшырайды. Өмірлік маңызды гормон жетіспеушілігін гель, пластырь, егу арқылы тез толтыруға болады.
«Ерлер денсаулығына ерекше назар қажет»
«Ерлер денсаулығы күндері» іс-шарасы аясында ерлер мен ұл балалар урологиялық, жүрек-қан тамырлары және эндокринологиялық аурулар бойынша Астанадағы республикалық диагностикалық орталықта аталмыш профессорлардан тегін кеңестер алуда. Шара ел Үкіметінің басты мәселелерінің бірі - халықтың өмірін ұзартуға байланысты өткізіліп отыр. Өкінішке орай, ел аумағындағы ерлер орташа есеппен әйелдерге қарағанда 12 жылға қысқа өмір сүретін көрінеді. Бұл көбінесе, сырқат ер адамдардың медицина көмегіне өте кеш жүгінетінінің нәтижесі екенін айтқан жөн. Яғни, заманауи диагностика арқылы ауруын анықтап, өмір сапасын жақсартуға еркектердің өзі құлықсыз көрінеді, иә, ер азаматтар ауруларын әбден асқынтып, соңғы стадиясында келіп, әбден титықтағанша жүре береді. Мырзакәрім Алшынбаевтың пікірінше, медициналық көмек мәселесіне келгенде еліміздегі еркектер психологиясын түбегейлі өзгертуіміз керек көрінеді. «Мемлекетімізде ана мен бала денсаулығын қолдауға бағытталған көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар да, ерлер денсаулығына байланысты бір де бір бағдарлама қабылданбаған. Барлығына келгенде қаржы табылады, ал еркектер денсаулығына қаражат бөлмейді. Бұл мәселені біз 2008 жылдан бері көтеріп келеміз, әзірше сеңнің бұзылатын түрі жоқ», - дейді профессор.
Урология ғылыми орталығы Қазақстанның барлық аумақтарында өткізілген іс-шараларды қорытындылай келе, ерлер арасында эректильді дисфункцияның, аденома, простатит, бүйрек тастары аурулары көп таралғанын анықтап отыр. Сонымен қатар, табиғи заңдылықтар мен ауа-райын байланысты оңтүстік және батыс аймақтарда өмір сүретін ерлер арасында бүйрек пен бүйрек тастары секілді ауру түрлері көп таралса, солтүстік пен шығыс аймақтардағы салқын ауа-райының әсерінен оларда қабыну аурулары жиі кездеседі екен.
Еркектер неге әлсіз?
Еліміздегі ер-азаматтардың денсаулығы мамандарды шындап алаңдатып отырған сыңайлы. Отағасылардың денсаулығын жақсарту және олардың ғұмырын ұзарту - денсаулық сақтау саласы шеңберінен шығып, ұлттық қауіпсіздікке әсер ететін әлеуметтік мәселеге айналды деп дабыл қаққан дәрігерлер, тағы да бас қосып, "еркектік" мәселені талқыға салды.
Осыдан біраз бұрын андролог дәрігерлер белсіздіктің кесірі бедеуліктен кем еместігін айтып, ер-азаматтарға өз денсаулықтарына немқұрайды қарамауға кеңес берген. Сонда біраз мәселенің шеті шығып еді. Мамандар бала сүю бақытынан айырылған отбасылардың тең жарымында кінәрат отағасынан болатындығын айтқан. Ал кеше өткен жиында Ұлттық урология институтының басшылары мемлекет әкелік құқықты заңнама деңгейінде қорғаудан бас тартып отыр деп мәлімдеді.
Ақ халаттылардың айтуынша, қазіргі кезде елімізде жүкті әйелдер мен аналардың мүддесін қорғайтын заңнамалық жүйе қалыптасса, ер-азаматтар мүддесін қорғауда тұйыққа тіреледі екенбіз. Халықтың репродуктивті денсаулығы деген кезде тек аналардың денсаулығы ескеріліп, әкелер шет қалып келеді. Бұл мәселе елдегі гендерлік теңдік туралы стратегияда да айтылған екен. Қазақстанда еркектердің денсаулығын сақтауға бағытталған жүйелі саясаттың жоқтығынан, денсаулық сақтау мекемелері бұл мәселені назардан тыс қалдырып келеді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Ұлттық урология орталығы "Ерлердің репродуктивті денсаулығы" деген бағдарлама жасап, ел бойынша 24 мың адамды тексеруден өткізіпті. Нәтижесі көңіл көншітерлік емес. Дәрігерлер әрбір екінші азаматтың денсаулығынан ақау тапқан.
- Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында түсінгеніміз - еркектердің денсаулығы тек уролог немесе андролог мамандардың қолында еместігі. Бұл салааралық ынтымақтастық арқылы кешенді түрде шешілуі қажетті өзекті мәселе. Сондықтан жақында уролог-андролог, эндокринолог, кардиолог мамандар бірлесе отырып, аталмыш бағдарлама аясында "Ерлердің денсаулығы күндерін" өткіздік. Әйелдер емханаға келген кезде, гинекологқа барады, ал еркектер урологтың есігінің жанына жоламайды. Өйткені біздің кардиолог, эндокринолог дәрігерлеріміз олардың еркектік жағдайын сұрамайды. Ал ер-азамат әрқашан еркек болып қалуы керек. Қазақтарда Жетпісбай, Сексенбайлардың көп болғаны бекер емес қой?! Сондықтан қазақстандық жігіттердің өмір сапасы өте маңызды. Аталған дәрігерлердің басын қосатын кешенді бағдарлама қажет. Аурудың алдын алу мен емдеудің нақты алгоритмін жасаған абзал, - деп пайымдайды Б. Жарбосынов атындағы Ұлттық урология орталығының директоры Мырзакәрім Алшынбаев.
Ерлердің денсаулығы күндерінің бірінші кезеңде түрлі жыныстық ауытқуларды анықтау мақсатында сауалнама жүргізілсе, екінші кезеңде тестостерон көрсеткішіне, еркектік безді ультрадыбыстық зерттеу, қандағы қант мөлшері, ЭКГ талдаулары жүргізіліпті. Нәтижесінде, үш күнде тексерілуге келген 1164 азаматтың 845-інде, яғни 72 пайызында уроандрологиялық ауытқулар анықталған.
- Бір жағынан, бұл мәселе қоғамда кең таралған, ол ер-азаматтардың өмір сапасына ғана әсер етпейді. Екінші жағынан, оған ешқашанда қажетті деңгейде назар аударылмаған. Науқастар өз денсаулығы туралы толық айтпаса, дәрігерлер табандап сұрамайды. Біз қараған адамдарда урологиялық аурулар емес, өзге де сырқаттар анықталды. Бұл бекер емес. Яғни ауруды ерте анықтап, дер кезінде ем қабылдау өте маңызды, - дейді медицина ғылымдарының докторы Михаил Зельцер.
Мәселенің маңыздылығына баса назар аударған мамандар "Репродуктивті денсаулық туралы" заң қабылдау қажеттігін айтады. "Министрлік, ғылыми мекемелер, қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық құрылымдардың басын қосатын бағдарлама әзірленіп, ер-азаматтардың денсаулығына назар аударатын кез жетті" дейді мамандар. Сонымен қатар дәрігерлер адамдардың психологиясы өзгеруі қажет деп есептейді. Салауатты өмір салтын ұстану да түрлі сырқаттың алдын алады.
Ерлерлердің және әйелдердің денасаулығы.
2010 жылдың 2 қарашасында «Ерлердің денсаулығы: ахуалы, проблемалары, шешу жолдары» тақырыбында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығымен ұйымдастырылған баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясының жұмысына: Сауле Диқанбаева - Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығының директоры; Тамерлан Хусаинов - Урология ғылыми орталығының андрология бөлімшесінің меңгерушісі; Тамара Джусубалиева - Репродуктивтік денсаулық институтының директоры; Булат Шалекенов - Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты урология және андрология кафедрасының меңгерушісі қатысты.
Біздің үкіметіміз қызметінің басымды бағыты Қазақстанның демографиялық саясаты болып табылады. Президент Қазақстан халқына Жолдауында «демографиялық ахуалды түбегейлі жақсарту бойынша кешенді шаралар әзірлеу қажет» деп атап көрсетті. Демография, халықтың репродуктивтік денсаулығы жайлы сөз қозғалғанда, әдетте, негізгі назар әйелдер денсаулығына аударылады. Ал «ерлер денсаулығының» мәселесі, атап айтқанда халық санын көбейтуге ерлердің қабылеттілігі турасында үнсіздік орын алады. Репродуктивтік қызметті іске асыруда және дені сау ұрпақ дүниеге келтіруде, ерлер атқаратын рөл, әйелдердікінен төмен емес.
ҚР Статистика Агенттігінің деректері бойынша 2010 жылдың 01. 01 Қазақстан Республикасы халқының саны 16 036, 1 мың адамды құрады, оның 7 738, 2 мыңы (48. 1%) ерлер, әйелдер - 8 297, 9 мың (51, 9%) . Басқа сөзбен айтқанда 1000 еркекке 1078 әйел келеді. Және бұл ара қатынас жылдар өткен сайын өзгеріп отырады. Мысалы, 50-54 жастағы 1000 еркекке - 1 185 әйел; ал 60-64 жастағы 1000 еркекке - 1390 әйел келеді. Қазақстанда қыздарға қарағанда, ұл балалар көп туылады. 2009 жылы 1000 адамға 20, 93 қыз және 24, 09 ұл туды.
2009 жылы Қазақстандағы туылған кездегі өмір ұзақтығы 68, 6 жасты құрады. Ерлерде - 63, 62 жас, бұл 73, 55 жасты құрайтын әйелдер өмір ұзақтығынан 10 жасқа дерлік аз. Мұндай гендерлік айырмашылықтар ұзақ уақыт бойына сақталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz