Миф



1 Миф
2 Аңыз
3 Ертегі
4 Құрылымы
5 Қалыптасу тарихы
6 Қазақ ертегілерінің қалыптасуы
7 Әңгіме
Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ежелгі Мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды. Алғаш рет Миф философиясын Дж.Вико (1668 – 1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдыңдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады.[1] Ағылшын мәдениеттанушысы Э.Б. Тайлор (1832 – 1917) “Алғашқы қауымдық мәдениет” атты еңбегінде Мифтер мен діни нанымдар негізінде анимизм жатады деп жазады. Г.Спенсер (1820 – 1903) Миф – таным құралдары мен мүмкіндігінің шектеулілігінен туындаған құбылыстардың сырын қате түсіну (түсіндіру) деп санады. Дж.Фрезер үшін Миф – магиялық әрекетті ақылға салып, әдеби тіл арқылы пайымдау.[2] Психологиялық мектеп пен оның өкілдері (В.Вунд, Л.Леви-Брюль, З.Фрейд, К.Юнг) Мифтік шығармалар негізінде алғашқы қауым адамының дүниені қабылдау ерекшеліктері жатыр, ол бір нәрседен туындаған сезімдерді, эмоцияларды сол құбылыстың немесе нәрсенің өзіне тән қасиеті ретінде қабылдады деп санайды. 20 ғасырдағы әлеуметтік антропологияда Б.Малиновский (1884 – 1942) мен К.Леви-Строс (1908) теорияларының ықпалы жоғары болды.[3] Малиновскийдің пікірінше, миф – құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, шындық ретінде пайымдалған сенімнің көрінісі. Леви-Стросс жеке мифті емес, олардың жиынтығын таңбалық модельдендіруші жүйе ретінде қарастырады. Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап көрсетеді: а) философиялық немесе түсіндірмелік мифтер; ә) нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер; б) тарихи және аңыз тұлғалар туралы мифтер; в) фантастикалық және метафоралық мифтер; г) әлеуметтік-саяси және тұрмыстық мифтер. Космогониялық мифтердің басты тақырыбы – “киелі тарих”, дүниенің, адамның, тағы да басқа жаратылуы.[4] Әдетте, мифте жаратылыс уақыты киелі сипатқа ие болып, үлгі ретінде құрметтеледі. Мифте әрбір объект, әрбір іс-қимыл басқа объектілермен, іс-қимылдармен ұштасып жатады. Мифтік бейнелер субстанциялық сипатта, нақты, шынайы нәрселер ретінде қабылданады. Мифке метафоралық тән емес, өйткені миф бәрін шындық ретінде бейнелейді. Тек кейіннен мифтің тілдік құрылымында метафоралық ерекшелік қабылданды. Миф архаикалық сана үстемдік еткен дәуірде пайда болғанымен, кейінгі мәдениеттерде де сақталып қалды. Мифтік уақыт туралы сөз еткенде оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеру қажет. Ұжымдық тәжірибе мен әдет-ғұрыпты арқау еткен қоғамның қуатты болжау мәдениеті болуы шарт. Бұл табиғатты, әсіресе аспан шырақтарын бақылауды міндетті түрде ынталандыра отырып, соған сәйкес теориялық танымның өркендеуіне әкелді. Кейін мифтік дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. Бірақ ол уақыт ағынында жоғалып кетпей, көмескі сана мен архетиптік жадынан орын алды. Қазақтың арғы ата-тектерінің дүниені мифтік тұрғыдан түсінуі әлемдік үлгілермен сабақтас. Көк Тәңірі, Жер-Су мен Ұмай ананы айтпағанның өзінде, түркі халықтарының арғы ата-тек туралы түсініктері тарихтың алыс қойнауларында қалыптаса бастаған. Көк бөрі туралы аңыздар, сондай-ақ көркем шығармаларда бейнеленген тотемдер мифтің әсерлі белгілері саналады. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде тотемдік ұғымдар сақталғанымен, олардың нақтылы көріністері өзгерді. Мифтік уақытты басқа типтер ауыстырған соң да тотемдік түсініктер халық жадында архетиптік қызметін атқарып, басқа рәміздер мен таңбаларға айналды. Мысалы, жаугершілік және бостандық үшін күрес заманында Көкбөрі қайсарлыққа шақырған рәміздік рөл атқарған.[5]

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Миф

Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ежелгі
Мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып,
олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп,
жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен
өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды. Алғаш рет Миф философиясын
Дж.Вико (1668 – 1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген
пікірде болды. Кейін 19 ғасырдыңдың ортасынан бастап Миф этнографиялық
материал ретінде зерттеле бастады.[1] Ағылшын мәдениеттанушысы Э.Б. Тайлор
(1832 – 1917) “Алғашқы қауымдық мәдениет” атты еңбегінде Мифтер мен діни
нанымдар негізінде анимизм жатады деп жазады. Г.Спенсер (1820 – 1903) Миф –
таным құралдары мен мүмкіндігінің шектеулілігінен туындаған құбылыстардың
сырын қате түсіну (түсіндіру) деп санады. Дж.Фрезер үшін Миф – магиялық
әрекетті ақылға салып, әдеби тіл арқылы пайымдау.[2] Психологиялық мектеп
пен оның өкілдері (В.Вунд, Л.Леви-Брюль, З.Фрейд, К.Юнг) Мифтік шығармалар
негізінде алғашқы қауым адамының дүниені қабылдау ерекшеліктері жатыр, ол
бір нәрседен туындаған сезімдерді, эмоцияларды сол құбылыстың немесе
нәрсенің өзіне тән қасиеті ретінде қабылдады деп санайды. 20 ғасырдағы
әлеуметтік антропологияда Б.Малиновский (1884 – 1942) мен К.Леви-Строс
(1908) теорияларының ықпалы жоғары болды.[3] Малиновскийдің пікірінше, миф
– құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, шындық ретінде пайымдалған
сенімнің көрінісі. Леви-Стросс жеке мифті емес, олардың жиынтығын таңбалық
модельдендіруші жүйе ретінде қарастырады. Тайлор мифтердің мынадай түрлерін
атап көрсетеді: а) философиялық немесе түсіндірмелік мифтер; ә) нақтылы,
бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер; б) тарихи және аңыз тұлғалар
туралы мифтер; в) фантастикалық және метафоралық мифтер; г) әлеуметтік-
саяси және тұрмыстық мифтер. Космогониялық мифтердің басты тақырыбы –
“киелі тарих”, дүниенің, адамның, тағы да басқа жаратылуы.[4] Әдетте, мифте
жаратылыс уақыты киелі сипатқа ие болып, үлгі ретінде құрметтеледі. Мифте
әрбір объект, әрбір іс-қимыл басқа объектілермен, іс-қимылдармен ұштасып
жатады. Мифтік бейнелер субстанциялық сипатта, нақты, шынайы нәрселер
ретінде қабылданады. Мифке метафоралық тән емес, өйткені миф бәрін шындық
ретінде бейнелейді. Тек кейіннен мифтің тілдік құрылымында метафоралық
ерекшелік қабылданды. Миф архаикалық сана үстемдік еткен дәуірде пайда
болғанымен, кейінгі мәдениеттерде де сақталып қалды. Мифтік уақыт туралы
сөз еткенде оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеру қажет.
Ұжымдық тәжірибе мен әдет-ғұрыпты арқау еткен қоғамның қуатты болжау
мәдениеті болуы шарт. Бұл табиғатты, әсіресе аспан шырақтарын бақылауды
міндетті түрде ынталандыра отырып, соған сәйкес теориялық танымның
өркендеуіне әкелді. Кейін мифтік дүниетанымды дін мен философия ығыстырды.
Бірақ ол уақыт ағынында жоғалып кетпей, көмескі сана мен архетиптік жадынан
орын алды. Қазақтың арғы ата-тектерінің дүниені мифтік тұрғыдан түсінуі
әлемдік үлгілермен сабақтас. Көк Тәңірі, Жер-Су мен Ұмай ананы айтпағанның
өзінде, түркі халықтарының арғы ата-тек туралы түсініктері тарихтың алыс
қойнауларында қалыптаса бастаған. Көк бөрі туралы аңыздар, сондай-ақ көркем
шығармаларда бейнеленген тотемдер мифтің әсерлі белгілері саналады.
Дәстүрлі қазақ мәдениетінде тотемдік ұғымдар сақталғанымен, олардың нақтылы
көріністері өзгерді. Мифтік уақытты басқа типтер ауыстырған соң да тотемдік
түсініктер халық жадында архетиптік қызметін атқарып, басқа рәміздер мен
таңбаларға айналды. Мысалы, жаугершілік және бостандық үшін күрес заманында
Көкбөрі қайсарлыққа шақырған рәміздік рөл атқарған.[5]

Аңыз

Аңыз, фольклор жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол
саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер
атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры
жайында Л. Соболевпен бірге жазған Қазақ халқының эпосы мен фольклоры
атты монографиясында, 1957 ж. шыққан Қазақ ССР тарихының 1-томында
жарияланған Қазақтың ауыз әдебиеті атты көлемді еңбегінде жан-жақты
айтқан. Алғашқы еңбектің Аңыз ертегілері деген тарауында: Қазақ
аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар
жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға
қоспалар қосылады да, халық творчествосының ерекше бір саласын құрайды деп
бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі
ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді
тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ
аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы
аңыздар мен кұй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан
Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те
талданған. Қазақтың ауыз әдебиеті мақаласында аңыз жанрын ертегілермен
бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын
болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен
аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі
жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де Бергі кезде Жамбыл жазған Өтеген
батыр поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты деп,
ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан. [1]
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық
прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.
Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру.
Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик.
әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан
көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша
тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа
бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге
тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады,
сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық,
мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да
қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі
тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне
сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп,
ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып
қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде
басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш
құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп
көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын
барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі
оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес,
сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде
қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик.
Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған.
ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі
артығырақ.[1]

Құрылымы

Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы
бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама,
әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның
дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады.
Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін
әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске
асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты
тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр
қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап
қалып, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның
шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі
көбірек көрініс тапқан.
Түрлері[

Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше
жанрға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі тарихи мифтер
Қазақ мифологиялық фольклорындағы ұлттық таным
Көркем әдебиеттегі аңыз және мифтің мәні
Миф терминінің анықтамасы
Қазақ халық прозасындағы әпсана-хикаят жанры
Көктүрiктер мифологиясындағы космогониялық әлем
Қазақ халқының мифологиясы мен оның өзіндік табиғаты
Қазақ мифтері мен мифтік аңыздары турал
Қазақ халық прозасын саралаудың шарттары
Мифтік ұғымдар және әдебиет
Пәндер