Нашақорлықтың алдын - алу


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Есірткі туралы элегияға қоғамның үйреніп
алғаны сонша, тіпті селт етпейтін де болды. Бұдан он шақты жыл бұрын
«нашақор», «наша сатушы», «наша шегіп ұсталыпты» дегенді естігенде дүрлігіп қалушы едік.

Тарихты түгескен Геродот өзінің бір жазбасында Қара теңіздің
солтүстігінде Дон мен Дунайдың арасын жайлаған скиф тайпаларының
тіршілігіне тамсанатындығы белгілі. Сонда ғой, олардың ортаға от жағып,
оған қара сора дәнін тастап, оның иісіне елітіп «ләззат» алғандығын жазады.

Мұны қазіргі тілімізде марихуана дейміз. Оның атақ-даңқы әлемнің 120-дан
астам еліне мәлім, «құрмет тұтады». Пайдаланушылардың жақсы көретіндігі
сонша, оны тіпті еркелетіп кейде «жеңіл есірткі» деп те атайды.

Химия ғылымының ашылуымен өмірге атын естімеген, кейбіреуіне
тіпті тілің күрмеліп қалатын есірткі тұрлері келді: кокаин, героин, ЛСД,
амфетамин, бензидрин, фенамин, перватин, МДМА, крэк, барбитурат секілді
болып шұбатылып кете барады.

Әрине, о баста бұлар есірткі ретінде ашылған жоқ. Дәрігерлердің
мұндағы мақсаты науқастың ауруын басатын, әсері күштірек дәріні ойлап
табу болғандығы айтпаса да түсінікті. Бір қызығы сол, химиялық жолмен
алынатын есірткілердің барлығының дерлік иелері аян. Мәселен, 1803 жылы
неміс ғалымы Фридрих Сертюртер апиыннан морфий алуды ойлап тапса, ал
1898 жылы оның отандасы Генрих Дрезер әсері есті тандыратын героинді
дүниеге әкелді. Ал героин дегеніміз апиыннан жүз есе күшті екендігін еске
сала кетелік. Әрине, ойлап тапқыштардың бұл жерде ешқандай да кінәсі жоқ.
Кезінде, медицина үшін үлкен жаңалық болған дәрі-дәрмектердің ертеңгі
күні әлемді шарлап, миллиондаған адамдардың одан зардап шегетіндігін олар қайдан білсін.

Нашақорлық жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымының тапсырысы
бойынша 1997 жылы Оксфорд университеті жүргізген зерттеулердің
нәтижесі әлемде 200 миллион адам (ресми тіркелгендері) есірткі қолданатындығын көрсетіп берді. Оның ішінде 8 миллионы героин
тұтынады. Бұл көрсеткіштен басқа есірткелер қалысып отырған жоқ.
Мәселен, 13, 3 миллион адам - кокаинды, 141, 2 миллионы - марихуананы, 280
миллионы - синтетикалық есірткіні тұтынады. Деректер бойынша, көршілес
Ресейде 2 миллионға жуық адам есірткі азабын тартуда. Соңғы он жылда
одан жастай қайтыс болғандардың саны 12 есеге көбейген. Қазақстан
Республикасының Бас Прокуратурасы жанындағы құқықтық есеп және
ақпарат орталығының 2006 жылдың басындағы деректер бойынша 47
мыңдай адам есірткі заттарын тұтынғандығы үшін есепке алынған.

Әлемді жайлаған есірткі дерті адамзат баласын түгел алаңдатып отыр.
Оның жолына тосқауыл боларлық не қамал, не дуал, не қорған жоқ, көктей
өтіп, дендей еніп барады. Осы бір қатерлі жүлынқұрт жылжып отырып
елімізге де жетті. Балаққа жабысып, енді төске өрлеп бара жатқан жайы бар.
Бұл туралы таяуда өткен Қауіпсіздік кеңесінде Мемлекет басшысы да қадап
айтты. Демек, есірткі дертімен табанды тұрде күресетін уақыт әбден келді.
Бұған қоғам болып ат салысуымыз қажет.

Қазақстандағы есірткі жағдайының ахуалы, негізінен Орталық Азия
аймағында оның орасан өршігендігіне байланысты болып отыр. БҰҰ
мәліметіне қарағанда, үстіміздегі жылы Ауғанстанда өндірілген апиын
көлемі 5 мың тоннаға, ал героин қоры 500 тоннаға жеткен. Соның үштен бірі
Ресей мен Еуропа елдеріне Қазақстан арқылы тасымалданғанда қаншасы
еліміз аймағында қалып қоятындығын ойлаудың өзі үрей туғызады. Бұған
қоса Ресей мен Еуропа елдерінен әзір зат тұрінде «Экстази», ЛСД дегендерді
әкелу ұлғайып барады. Соңғы уақыттары бұларды жасау қарқыны да күшейе
түсуде. Әрине, сонымен қатар жағдайды одан әрі қиындата түсуге әсерін
тигізетін өзіміздің Шу бойындағы есірткі алқабын айтпай қала алмаймыз.
«Ауруын жасырған өледі» дегендей, бүгінде есірткіге тәуелді жандар қатары
күннен күнге арта түсуде. Мәселен, қазір 54 мыңның үстінде нашақорлар
тіркеліп тұр. Оның көбі 14-тен 30 жасқа дейінгілер, соның ішінде 5 мыңы кәмелетке толмағандар болса және арасында осыншама қыз-келіншектер де
бар.

Міне, жағдайдың осыншама күрделене түсуіне байланысты біздің
министрлік және оның аталған комитеті, ең алдымен есірткі саудасымен
күрес жүргізу үшін ұйымдық және практикалық шараларды қолға алып отыр.
Мәселен, ішкі істер орғандарының жедел-іздестіру бөлімшелері есірткі
жолдарын жабу, ірі көлемде есірткі тасымалдаушылар әрекетінің алдын алу
мен оларды анықтау қызметімен айналысады. Бір сөзбен айтқанда, есірткі
бизнесіне жол бермеу керек. Ал бұған қол жеткізу мақсатында үстіміздегі
жылы шет елдік әріптестермен бірге «Тасымалды бақылау» деген шартты
атаумен 19 арнайы шара өткізілді. Соның нәтижесінде бірнеше халықаралық
есірткі трафигі жолдары жойылды. Бұл, әріне Ресей, Тәжікстан және
Қырғызстан секілді елдердің арнайы бөлімшелерімен бірге атқарылып
жатқан жұмыстар екені анық. Осы өзара байланыстағы қызметті одан әрі
жандандыра түсу үшін өткенде Шымкент қаласында шекарааралық
ынтымақтастық жөнінде Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның арнайы
бөлімшелерінің басшылары бас қосқан жиын өткізілді.

Медициналық мекемелер мен өндірістік кәсіпорындарда есірткі
заттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында үстіміздегі жылы
«Допинг» атты үш сатыдан тұратын сауықтыру шарасы өткізілді. Есірткі
заттары мен прекурсорлардың нақты жағдайда қозғалысын бақылауға
мүмкіндік беретін Ұлттық әлектрондық мәліметтер қоры енгізілді. Үнемі
түнгі ойын-сауық клубтары, барлар мен би орындары тексеріліп тұрады,
мұндай көңіл көтеру орындарының 383-і бақылауда тұр. Үстіміздегі жылы
мұнда да 53 есірткі пайдалану мен оны тарату дерегі анықталды. Осыған
орай 23 қылмыстық іс ашылып, 24 мекеменің қожайыны әкімшілік
жауапкершілікке тартылды. Олардың кейбіреулерінің кәсіпкерлік қызметке
алған рұқсат қағаздары кері қайтарылды.

Президенттің Жарлығымен бекітілген 2006-2014 жылдарға арналған
нашақорлық және есірткі саудасына қарсы күрес стратегиясы жасалды. Оның 2008 жылға дейін бірінші сатысын жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің
бағдарламасы да қабылданды.

Зерттеудің жаңалығы деп нашақорлық мәселесін әлеуметтік қызмет
тұрғысында шешудің жолын көрсеткендігімізді айтуға болады. Нашақорлық
мәселесін зерттеген ғалымдар социология, экономика, философия,
политология, заң ғылымдары есебінен жол көрсетсе, біз осы еңбегімізде
жоғарыда аталған ғылымдар негізінде нашақорлықпен күресудің мазмұны
мен әдістерін ашып бердік.

Зерттеудің объектісі - Қазақстан қоғамындағы және Оңтүстік
Қазақстан облысындағы нашақорлықтың жәй-күйі мен оның алдын-алу
жолдары болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстан қоғамындағы және
Оңтүстік Қазақстан облысындағы нашақорлық деңгейін анықтау, сонымен р
қатар бұл проблемамен күрес яғни алдын-алу жұмыстарын қарастыру.

Зерттеу жұмысының материалдық базасы нашақорлық мәселесімен
айналысқан отандық ғалымдар - Казымбетова Д. К., Қосымбаева Л.,
Жамбылов Д., Гилинский Я. И., Афанасьев В., Смельзер Н., Джаманбалаева
Ш. Е., Селлин Т., т. б. басқалардың және шет ел ғалымдары еңбектерінен
алынды. Сонымен қатар Қазақстандағы Статистика Агенттігі, Стратегиялық
болжау институты секілді қоғамдық ұйымдар материалдары да зерттеу
жұмысымызға пайдаланылды. Нашақорлық мәселесіне арналған
халықаралық және республикалық конференция материалдары, баспасөз,
интернет деректері де зерттеу жұмысымызға арқау болды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден,
тиісті параграфтарға бөлінген екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Сонымен қатар, жұмысымызға арқау
еткен қосымшаларды соңғы бетке орналастырдық.

1. 2. Нашақорлықтың алдын - алудың теориялық алғы шарттары.

Нашақорлық мәселесі қазіргі таңда тек қана біздің мемлекетімізді ғана
емес бүкіл әлемді мазалап отыр. Әлемдік статистика көрсеткіші бойынша
нашақорлардың көбеюін көрсетеді. Әсіресе бұлардың қатарында қоғамның жас
мүшелері өсуде. Сонымен қатар, наркотиктердің жаңа түрлері шығуда және
олардың пайдаланудың жаңа әдіс-тәсілдері шығуда. Осының барлығы
шетелдік және отандық ғалымдарды мазалауда. Айтып өтетін нәрсе бұл
мәселе жайлы өткен ғасырларда да көп жазылды.

ХІХ ғасырда Францияда ең алғаш рет атақты социолог, ғалым
Э. Дюркгейм девианттық мінез-құлық ұғымын зерттеді. Одан кейін де
көптеген зерттеуші ғалымдар, социологтар, атап айтсақ К. Маркс,
американдық сациологтар Р. Мертон, Э. Сатерленд, француздық ғалым,
психолог және криминолог Г. Тард, австриялық психолог З. Фрейд,
Я. И. Гилинский және т. б. Ал демократ ағартушы ғалымдар А. Құнанбаев,
Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин мен отандық социологгардан
Ш. Жаманбалаева, Д. Қазымбетова т. б ғалымдарымыздың көптеген еңбектерін
қалай айтпасқа. Бірақ, біршама зерттелгеніне қарамастан девианттық мінез-
құлық ұғымының әлі күнге дейін нақты анықтамасы жоқ.

Девианттық мінез-құлық ұғымы бір қарағанда тұсінікті секілді. Ал шын
мәнінде бұл ұғымды анықтауда біршама қиындықтар кездеседі. Мысалы, кісі
өлтіру жағымсыз, қоғамымызға жат әрекеттер болып саналса, соғыс кезінде
ерлік деп есептелді. Сондықтан да бұл ұғым әр кезеңге сәйкес түсіндіріледі.
Міне, осыдан келіп, ғалымдарымыздың пікірлерінің арасында біршама
айырмашылықтар, алшақтықтар кездеседі.

Дегенмен, әлеуметтанушы үшін ауытқуды кісі типінің ерекшелігі
ретінде қарастырғаннан гөрі әлеуметтік ахуалдың немесе әлеуметтік жүйенің
негізгі қасиеті ретінде қарастырған әлдеқайда абзал. Жоғарыда айтып
өткеідей, ауытқудың түп мәні туралы нақты анықтама жоқ. Сондықтан
кейде тіпті кісі өлтіру немесе қан араластыру (бауырлар арасындағы жыныстық қатынас) ауытқу деп қабылданады. Дегенмен, осынау құбылысты
сипаттауға көмектесетін өзара байланысты екі қасиет бар.

Олардың біріншісі-ауытқуды норма бұзудың үлгісі ретінде қарайды да,
нормалар шеңберін белгілейді. Нәтижесінде құқықтық нормалар
қылмыскерлерге, денсаулық нормалары науқастарға, мәдениет нормалары
эксцентристерге жол ашады. Нормалар әлеуметтік ахуалдардың көпшілігінде
туындайтындықтан, мұндай анықтама бәрін де қамтиды және әлеуметтік
өмірдің әрбір саласына енеді. Мысалы, таптық психологияның нормативтік
үлгілері орындалмаса, таптық ауытқу, немесе достар арасында қалыптасқан
нормалар бұзылса, ахуалдық ауытқу туралы айтуға болады.

Екінші қасиет ауытқуды белгілі бір мінез-құлық түрлеріне жататын,
кейін құнсызданып, мәнінен айырылатын және көбіне қолданудан қалатын
масқаралық таңба деп белгілейді. Бұл сипаттаманы да әмбебап деп
қарастыруға болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас олардың әдет-
қылықтарының бір-біріне жақпауынан алшақтауы мұмкін. Мысалы, көп
сөйлеу, балағаттау сияқты жағымсыз қасиеттер. Ауытқуды зерттеу бұл арада
ең алдымен масқаралық таңбаларының құрылымымен, қолдануымен және
ықпалымен байланысты.

Әрбір дәстүрдің, нормалардың бұзылуы және масқаралық үлгісі
шеңберінде ауытқу өзгеріп отыратын екі ұшты және аңғарыла қоймайтын
ұғым болып табылады. Ауытқитын мінез көрсеткен адамның шыққан
әлеуметтік табының нормалары мен белгілерін сол адамның іс-әрекеті
арқылы анықтауға болады. Терминді зерттеумен байланысты орасан зор
әлеуметтанушылық әдебиет жасалды. Енді осыған тоқталып өтейік.
Біздің әдебиеттерімізде мейлінше жиі кездесетін анықтама, яғни жоғарыда
айтып өткеніміздей, девианттық мінез-құлық (ауытқу) - қоғамдық нормаларға
сай келмейтін іс-әрекет. Алайда бұл анықтама мүлдем жалпылама (шектен
тыс абстрактылы) және нақтылауды қажет етеді. Бұл жерде сөз кез-келген
әлеуметтік норманы бұзу туралы болып отыр.

Сондықтан да кейбір зерттеушілер бұл ұғымның анықтамасына
қосымша, нақтылайтын белгілер енгізуге ұмтылады. Оларға мыналар
жатады:

1. Девианттық мінез-құлық дегеніміз - нормадан ауытқу әсерінен түрмеге қамалатын немесе құқық бұзушылықтың басқа да жазаларын алуға
әкеліп соқтыратын ауытқушылық.

2. Девианттық мінез-құлық-заңсыз құралдар арқылы мақсатқа жету.

3. Чикаго мектебінің мүшелері ауытқуды мәдениетті сіңіру жөніндегі
қалыпты оқу процесінің бір бөлігі ретінде зерттейді.

Сонымен, девианттық мінез-құлық дегеніміз - ұқсас жағдайлардағы кең
таралған, көпшілікке танымалдығымен сипатталатын әлеуметтік
нормалардың бұзылуы. Басқа да пікірлер көп кездеседі. Тар мағынада
девиация, яғни ауытқушылық деп жеке адамның немесе адамдар тобының
мінез-құлқының нормаларынан ауытқушылық екендігі айтылады. Н. Смелзер
былай деп атап көрсетті: «топтың нормасынан ауытқыған деп есептелген
мінез-құлық емделу, өзгелерден бөлектеп ұстау немесе басқа да жазалау
түрлерін қолдануға мәжбүр етеді.

Ал, американдық социология түсінігі бойынша, девианттық мінез-
құлық деп тек қылмыс пен құқық бұзушылықты айтып қана қоймайды.
Сонымен бірге кез-келген қоғамдық нормалар мен ережелерді бұзатын мінез-
құлықты айтады. Бұған сыбайлас жемқорлық пен заңга қайшы, этикаға жат,
сот пен полиция, үкіметтің лауазымды тұлғаларының мінез-құлқы айтылады.
Девианттық мінез-құлық социологиясының атасы болып есептелетін француз
социолога Э. Дюркгеймнің еңбектері тереңдігімен және өзектілігімен
ерекшеленеді. Ол өзінің «Қоғамдық еңбектің бөлінісі туралы»,
фундаментальды монографиясында мінез-құлық нормаларының мазмұнына
ықпал ететін факторлар мен олардың даму көздерін, бағыттарын талдайды.
Э. Дюркгейм қоғам мен жеке адамның өзара қатынасының социологиялық
түйінді мәселесін капиталистік қоғамның қайшылықтарын талдау барысында
бірге алып қарайды. Бұл мәселе жөніндегі оның көзқарасы К. Маркстың тұжырымдамасына көп жағынан сай келеді. Э. Дюркгейм қоғамның дамуы
мен гүлденуі адамды қанаумен, оны машинаның қосалқы бөлшегіне
айналдырып кәсіби кемтарлыққа мәжбүр етуімен бірге болуы мүмкін
еместігіне сенімі берік еді. Қоғам нашарласа, адам да, дара түлға да
нашарлайды. Осыдан келіп таптық күрес, теңсіздік, қылмыс, өзін-өзі өлтіру
туындайды. Дюркгейм қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік дағдарыс
кезеңінде қылмыскерліктің оршіп кетуі заңды құбылыс дейді. Яғни, қоғам
мен дара тұлға арасында орын алып отырған қарама-қайшылық әлеуметтік
ауытқушылықтың кері түрі (девиациялық көрініс) болып табылады. Мұның
себебін ескінің жойылып, жаңа талаптардың дүниеге келуімен түсіндіруге
болады. Э. Дюркгейм ешқандай қоғам жалпыға ортақ нормаларды бір
қалыпты жағдайда қамтамасыз ете алмайды және ауытқу (девиация) табиғи
болгандықтан оны керек деп көрсетеді. Өйткені қоғам әр кезде әр түрлі
өзгерістерге дайын болуы және қоғам барынша икемді болуы керек деген
тұжырым жасайды.

Ауытқудың (девиацияның) себебі неде? Егер девиация мен
конформизм бір нәрсенің екі жағы болатын болса, онда біріншісіне неге көп
көңіл бөлінеді деген сұрақ қояды. Бұған Дюркгейм былайша жауап береді:

Біріншіден, девиацияның өте бір өзгеше құбылыс болуынан және
оның көңілін өзіне тартқыштық қасиетінен деп көрсетсе, екіншіден, оған
назардың басым болуын оған деген халықтағы, мемлекеттегі
қобалжулықтардың көтеріңкі болуымен байланыстырады.

Басқа ғалымдар девиацияның себебін әртүрлі жолдармен түсіндіреді.
Енді осыларға тоқталып өтейік.

Туриңдік профессор Ч. Ламбразо жаңа ғылым-қылмыстық
антропологияны негіздеуге ұмтылды. Оның негізгі идеясы, қылмыскер
айыптыдан гөрі аурулы айрықша табиғи тип. Қылмыскер болмайды, ол
туылады. Қылмысты адамды бірқатар белгісі бойынша тауып, бөлектеу
қажет дейді. Мысалы, XIX ғасырдың аяғында Ч. Ламбразо адамның
физикалық қасиеттері девиацияға себеп болады дегенді айтады. Оның пікірінше адамдар өзінің биологиялық құрылымына қарай белгілі бір мінезге
ие болады. Ол «криминалды типке» жататын адамдарды әдетте адам
қалыптасу эволюциясының алғашқы сатысына ұқсас болатындығымен
байланыстырады. Мәселен, ондай адамның астыңғы иегі шығыңқы, сирек
сақалды және ауруға деген сезімі төмен болып келеді деп көрсетеді. Сондай-
ақ Ч. Ламбразо қылмыскердің сипатты белгісін маңдай, бойы, салмағын
өлшеу, дене құрылысының дұрыс еместігін табу т. б жолымен суреттеуге
ұмтылады. Кейінен итальяндық ғалым осындай бастапқы ережелерді
басшылыққа ала отырып, тағы да, оның ойынша, қылмысына ықпал ететін
факторлардың 16 тобын атады. (метеорологиялық, климаттық, географиялық
факторлар, өркениет деңгейі, тұрғындар тығыздығы, эмиграция, туу,
экономикалық даму, тәрбиенің жетіспеушілігі, т. б) . Бұл концепцияны
жақтаушылар өте көп болды.

Мәселен, атақты Уильям X. Шелдон девиацияға байланысты адамның
дене бітімінің маңызды орын алатындығын айтқан болатын, мысалы
эндоморфты адамдар, яғни, денесі мығым, сымбаттылығымен ерекшеленетін
адамдар мазасыздыққа бейім, белсенді, әрі сезгіштік қасиеті төмендеу болып
келеді. Ал эктоморфты адамдар, яғни, денесі жіңішке, нәзік адамдар өзіне-өзі
талдау жасай алу қасиеті басым, сезімтал және тез көңілі қалғыш келеді деп
көрсетеді. Осындай адамдар нашақорлыққа бейім келеді деп есептейді
ғалымдар.

Көптеген зерттеулердің негізінде Шелдон мезоморфты ауытқуларға
бейім (девиацияға бейім) болады, бірақ олар әр кезде қылмыскер бола
бермейді дейді. Тағы да осындай зерттеулерге сүйене отырып, басқа да
кейбір тұжырымдар жасайды. Мәселен, ер баланың бойының аласалығын
бетіне баса беретін болса, ол өзінің эмоциялық күйзелісін қоғамға қарсы
қояды, содан ол балада девиантты мінез пайда болуы мүмкін деген
қорытынды жасайды.

Алайда биологиялық фактор девиациялық құбылыс үшін көп
себептердің бірі ғана болады, бұнымен бірге, психологиялық және әлеуметтік факторлар да болуы мүмкін. Сондықтан девиациялық құбылыстың себебін
анықтау үшін көптеген күрделі факторлардың жүйесіне сүйену керек.

Девианттық мінез-құлықты зерттеудің (культурологиялық)
мәдениеттанулық негізіне Р. Мертонның социомәдени аномия теориясы,
Т. Селлиннің шиелініс (конфликт) мәдениеті теориясы, және т. б
жатқызылады.

Атақты социолог, психолог Р. Мертонның аномия теориясы бойынша
бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа ауыса отырып, бүкіл қоғамды
қамтитын қылмыскерлік түрлері өте жұқпалы дерт ретінде көрсетілген.
Соның бірі соңғы кезде қыздардың шылым шегуге, жезөкшелік сияқты
аномиялық дертке ұшырау проблемасы ойландыратын жәйт. Э. Дюркгеймнің
енгізген аномия концепциясына сүйене отырып, Р. Мертонның пікірінше,
девиация - қоғам мүшелерінің мәдени және әлеуметтік жетістіктерге жетуге
ұмтылуына байланысты пайда болады.

Көптеген адамдар сапалы білім алуға төлемақы төлей алмайды, мықты
кэсіпорындар да шектеулі мамаңдарды қабылдайды т. с. с. Демек, Мертон
ілімі бойынша адамдар жетістіктерге дұрыс жолмен қол жеткізу мүмкін емес
екенін түсінеді. Осыдан келіп заңсыз іс-әрекеттерге бару көбейеді, мәселен,
рэкет, наша сату, ұрлық, т. б.

Т. Селлиннің мәдени шиеленіс (конфликт) теориясының мәні көзқарас,
дағды, адамдардың өзара ұғынысуын қиындататын ойлау мен тәртіптің
стереотипі, басқа мәдениет өкілдеріне қатысты сезімін, ұғынысуын және
алдын алуын ауырлататын көзқарастар деп тұжырымдалады. Жекелеген
жағдайларда қоғамда үстемдік ететін құқықтық және моральдық нормалар
белгілі бір әлеуметтік топтармен ғана тиімді ретінде бағалануы мүмкін.
Сондықтан қоғамның басқа қабатында таралған құндылықтардың жоққа
шығарылуы тек тиімді ретінде бағалана алады. Түрлі қауымдастықтардың
мәдени құндылықтары арасындағы шиеленіс (конфликт) теориясы түрлі
әлеуметтік топтардың арасындағы қылмыстық қарама-қайшылықтарды
ашуға мүмкіндік берді. Мәні бойынша, Селлин Маркстік таптық қайшылықтар теориясын оның мейлінше өткір және революциялық
дәйектерін жолға қойып, оның ауқымын тек қоғамның екі бөлігінің қарама-
қайшылығына ғана емес, сонымен бірге, мейлінше ұсақ әлеуметтік
құрылымдардың қарама-қайшылығына қолдануға мүмкіндік беретіндей
бірнеше рет тарылтып өзгертті.

Иллиндік университеттің профессоры Э. Сатерленд ғылымға елеулі
үлес қосты. Оның қылмыстық тұжырымдамасының мәні төмендегідей:

• Адам өзінің оқуға қабілетінің арқасында ғана қылмыскер болады.

• Адам қылмыстық тәртіпті ерекше қылмыстық қасиеті болғандықтан
емес, қылмыстық үлгілер оның көзіне жиі тұсіп, қылмыскерлермен тығыз
байланыс орнатып, қылмыстық көзқарастар мен біліктілікті үйреніп алады.
Егер сол жеткіншік балалық шағынан басқа қауым тобына қосылғанда, ол
мүлде басқа адам болып өсер еді деп тұжырымдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар мен жасөспірімдердің есірткілік заттарға әуестену мен тәуелділікке шалдығу жағдайларына әкеп соқтыратын жағдайлар
Нашақорлық - қоғамдық дерт
Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу шаралары
Маскүнемдiкке, алкоголизмге, нашақорлыққа және есiрткi құмарлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы
Есірткі заттарынды қолдану туралы жасөспірімдердің қызығушылығы
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы
Жастарға ғасыр індетінің психологиялық – педагогикалық әсер ету аспектілері
Нашақорлық пен есірткі
Жастар ортасындағы нашақорлық
Қылмыстың заты есірткі заттар және психотроптық заттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz