Зат және энергия алмасулары



1. Зат алмасу туралы түсінік, маңызы.
2. Зат алмасудың кезеңдері.
3. Белок алмасуы, организмдегі маңызы.
4. Белоктардың биологиялық құндылығы жайлы түсінік.
5. Алмастырылмайтын амин қышқылдары, олардың организм үшін маңызы.
6. Азотты баланс.
7. Көмірсу алмасуы.
8. Глюкозаның организмдегі негізгі энергия көзі ретінде.
9. Көмірсу алмасуының реттелуі.
10. Белок алмасуының реттелуі.
11. Майдың организмдегі маңызы, оның энергиялық құндылы.ғы.
12. Су.электролит алмасуы.
13. Организмдегі су балансы қабылдаған және шығарылға судың мөлшерінен түзіледі. Адам тағаммен тәулігіне 750мл жуық
14. Натрий
15. Витаминдер, олардың организмдегі маңызы.
Зат және энергия алмасуы – физикалық, химиялық және физио-логиялық процестердің нәтижесінде заттар мен энергия айналып, сонымен бірге организм мен қоршаған орта арасында да алмасу жүреді. Зат алмасу процесі кезінде үздіксіз клетка құрылымдары жаңарып, бұзылып отырады, әр түрлі химиялық қосындылар синтезделіп әрі бұзылады. Организмде екі процесс – аноболизм (ассимиляция) және катаболизм (диссимиляция) бір-біріне тең болады. Анаболизм – органикалық заттардың биосинтезі, катаболизм – клетканың күрделі компоненттерінің ыдырауы. Анаболизмдік процестердің артуы нәтижесінде организмде өсу, дене массасының артуы, ал катаболизм процесі артса ткань құрылымдарының бөлімдерінің ыдырауымен, дене массасының төмендеуімен сипатталады. Осы процесс нәтижесінде химиялық қосылыстардан пайда болған энергия кинетикалық энергияға, немесе жылу мен механикалық энергияға, аз ғана бөлімі электрлік энергияға айналады.
Организмнің жоғалған энергиясын, дене массасын сақтау үшін қоршаған ортадан белоктар, липидтер, көмірсулар, витаминдер, минералды тұздар және су түсіп отыруы міндетті. Сонымен қатар, организм заталмасу өнімдерінің соңғы қалдықтарынан тазару процесі шығару мүшелерінің қызметіне тиесілі.
2. Зат алмасудың кезеңдері.
Негізінен заталмасудың үш кезеңін ажыратады. Бірінші кезеңде белоктардың, майлардың, көмірсулардың асқорыту жолдарында ферментативті ыдырап, қан мен лимфаға өтуімен сипатталады. Екінші кезеңі – аралас алмасу кезеңі. Үшінші кезең – зат алмасу процесінде пайда болған өнімнің сыртқа шығарылуы.
3. Белок алмасуы, организмдегі маңызы.
Белоктар органикалық заттардың ішінде жетекші орынға ие, себебі клетканың құрғақ массасының 50% белоктардың есебінде. Белоктардың атқаратын қызметтері:
1. Барлық организмдегі зат алмасу процесіне қатысатын ферменттер белоктар болып табылады (тыныс алу, ас қорыту, шығару).

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫБЫ: Зат және энергия алмасулары.

1. Зат алмасу туралы түсінік, маңызы.
Зат және энергия алмасуы – физикалық, химиялық және физио-логиялық
процестердің нәтижесінде заттар мен энергия айналып, сонымен бірге
организм мен қоршаған орта арасында да алмасу жүреді. Зат алмасу
процесі кезінде үздіксіз клетка құрылымдары жаңарып, бұзылып
отырады, әр түрлі химиялық қосындылар синтезделіп әрі бұзылады.
Организмде екі процесс – аноболизм (ассимиляция) және катаболизм
(диссимиляция) бір-біріне тең болады. Анаболизм – органикалық
заттардың биосинтезі, катаболизм – клетканың күрделі компоненттерінің
ыдырауы. Анаболизмдік процестердің артуы нәтижесінде организмде өсу,
дене массасының артуы, ал катаболизм процесі артса ткань
құрылымдарының бөлімдерінің ыдырауымен, дене массасының төмендеуімен
сипатталады. Осы процесс нәтижесінде химиялық қосылыстардан пайда
болған энергия кинетикалық энергияға, немесе жылу мен
механикалық энергияға, аз ғана бөлімі электрлік энергияға
айналады.
Организмнің жоғалған энергиясын, дене массасын сақтау үшін
қоршаған ортадан белоктар, липидтер, көмірсулар, витаминдер,
минералды тұздар және су түсіп отыруы міндетті. Сонымен
қатар, организм заталмасу өнімдерінің соңғы қалдықтарынан
тазару процесі шығару мүшелерінің қызметіне тиесілі.
2. Зат алмасудың кезеңдері.
Негізінен заталмасудың үш кезеңін ажыратады. Бірінші кезеңде
белоктардың, майлардың, көмірсулардың асқорыту жолдарында
ферментативті ыдырап, қан мен лимфаға өтуімен сипатталады.
Екінші кезеңі – аралас алмасу кезеңі. Үшінші кезең – зат алмасу
процесінде пайда болған өнімнің сыртқа шығарылуы.
3. Белок алмасуы, организмдегі маңызы.
Белоктар органикалық заттардың ішінде жетекші орынға ие,
себебі клетканың құрғақ массасының 50% белоктардың есебінде.
Белоктардың атқаратын қызметтері:
1. Барлық организмдегі зат алмасу процесіне қатысатын
ферменттер белоктар болып табылады (тыныс алу, ас қорыту,
шығару).
2. Организмнің қимыл, іс-әрекеттері жиырылғыш белоктар – актин
мен миозиннің арқасында жүзеге асады.
3. Белок клеткада түрлі құрылымдарын жаңарту және толықтыру
арқылы пластикалық қызмет атқарады.
4. Энергиялық қызметі белоктардың ыдырауынан пайда болған
энергиямен сипатталады. Организмнің тканьдерінде белоктардың
ыдырау процесі үздіксіз жүріп отырады, пайдаланылмаған белок
қалдықтары сыртқа шығарылып отырса, осы процеспен қатар белок
синтезі де жүреді. Нәтижесінде организмнің белоктары
динамикалық күйде болады: олардың үздік ыдырауы мен
түзілуінің нәтижесінде белоктар жаңарады. Бірақ бұл процесс
әр мүшеде әртүрлі қарқынмен жүреді. Мысалыға, бауырда,
ішектердің кілегей қабатында өте жоғары жылдамдықта жүрсе,
кейбір ішкі мүшелер мен қан плазмасында баяу жүреді. Ми
клеткаларының, жүректің, жыныс мүшелерінің белоктары баяу
жаңарса, бұлшық ет, тері, тірек-қимыл тканьдері (сіңірлерде,
сүйектермен шеміршектерде) өте баяу алмасумен сипатталады.
4. Белоктардың биологиялық құндылығы жайлы түсінік.
Белоктардың аминқышқылдық құрамы түрлі болады, сондықтан
организмнің синтездік мұқтажына олардың жұмсалуы да түрлі
болады. Сол себепті тағамдардың биологиялық құндылығы деген
түсінік енгізілді. Барлық қажетті аминқышқылдары құрамында бар
белоктар организмнің синтез процесін қалыпты жүргізеді, сон-
дықтан бұл белоктар биологиялық құнды болып табылады.
Керісінше, құрамында бір немесе бірнеше аминқышқылдары жоқ
болып немесе өте аз мөлшерде кездессе, бұл белоктар құнсыз
болып есептеледі. Құнсыз белоктар: желатин (жүгері белогы),
глиадин (бидай белогы), гордеин (тары белогы). Керісінше ет,
жұмыртқа, балық, уылдырық, сүт белоктарының құндылығы өте
жоғары. Осы себепті адам тағамында міндетті түрде белок
болуы керек, әсіресе қабылдайтын белоктардың 30% жануар тектес
болу өте қажет. Өсімдік тектес белоктарды күнделікті
қабылдаудың нәтижесінде адамдарда белок жеткіліксіздігі туын-
дайды, квамиоркор деген патология дамиды.
Бұл патология тропикалық және субтропикалық белдеуде
Африкада, Латын Америкасында және Оңтүстік Шығыс Азияда
кездеседі. Көбіне бұл ауру 1-5 жас аралығындағы балаларды
зақымдайды.

5. Алмастырылмайтын амин қышқылдары, олардың организм үшін
маңызы.
Белок алмасуы қалыпты өтуі, олардың синтезі үшін өте
маңызды, сондықтан организмге тағаммен бірге аминқышқылдары
түсуі қажет. Эксперимент жүзінде белок құрамындағы 20 амин
қышқылдарының 12-сі организмде синтез-деледі, яғни алмастыратын
болып саналады. Ал 8 амин қышқыл-дары синтезделмейді, олар
тамақпен бірге түсуі керек, алмастырылмайтын аминқышқылдары
деп аталады. Бұлардың маңыздылығы мынада: алмастырылмайтын
аминқышқылдарының белок синтезі күрт төмендеп, белок алмасуы
өзгереді, орга-низмде теріс азотты баланс туындап, организмнің
өсуі тоқтап, дене салмағы төмендейді.
Адам үшін алмастырылмайтын аминқышқылдары: лейцин, изолейцин,
валин, метионин, лизин, треонин, фенилаланин, триптофан.
6. Азотты баланс.
Азотты баланс деп организмге тағаммен түсіп, одан шығарыл-ған
азот мөлшерін атаймыз. Адам организмі үшін азот көзі
белок болып табылады. Азотты тепе-теңдік түскен және орга-
низмнен шыққан белоктардың арақатынасына қарап анықтайды.
Белоктың 16% азоттан тұрады, яғни 1г азот 6,25г кездеседі.
Осыған сәйкес анықталған азот көлемін 6,25 көбейту арқылы
организмде қанша белок сіңірілгенін табуға болады. Азотты
құрамды белоктар (мочевина, зәр қышқылы, креатинин) көбіне
несеп және тер арқылы шығады. Зәрдегі азот мөлшерін 6,25
көбейтеді. Ересек адамда енген азат мөлшері мен шығарылған
азот мөлшері тең болады. Яғни азот тепе-теңдігі сақталады.
Егер түскен азот мөлшері шыққан азот мөлшерінен асып
түссе, оң азотты баланс деп аталады. Бұл жағдайда белок
синтезі оның ыдырауынан асып тұр. Тұрақты оң азотты баланс
адам дене массасы жоғарылағанда байқалады. Көбіне адам
организмі өсіп келе жатқанда, жүктілік кезінде, өте ауыр
ке-селден сауығып келе жатқанда және дене массасын ұлғай-
татын ауыр спорттық жаттығулар кезінде кездеседі. Бұл кезде
азоттың организмде шоғырлануы немесе ретенциясы пайда болады.
Организмге түскен азот мөлшерінен, шыққан азот мөлшері асып
түссе теріс азотты баланс туындайды. Бұндай жағдай жалпы
белоктық ашығуда, белок синтезі үшін қолданылатын
аминқышқылдары тағаммен түспегенде туындайды.
7. Көмірсу алмасуы.
Көмірсулардың маңызы олардың энергиялық қызметіне тәуелді.
Қандағы глюкоза организмнің негізгі энергия көзі болып
табылады. Оның ыдырауы мен тотығуының жылдамдығы, сонымен
қатар организмге өте қажет болған жағдайда, мысалыға, түрлі
қайғы эмоциянальдық қозу және өте күшті физикалық күш
түскенде энергия қорының жедел мобилизациялануы глюкоза энергия
ретінде жұмсалады. Қандағы глюкоза мөлшері 3,3-5,5 ммольл
(60-100 мг %) және бұл көрсеткіш гомеостаз көрсеткішінің ең
маңыздысы болып табылады. Әсіресе қандағы глюкоза деңгейінің
төмендеуіне орталық жүйке жүйесі өте сезімтал.
8. Глюкозаның организмдегі негізгі энергия көзі ретінде.
Ішектен қанға сіңірілген глюкоза, бауырға келіп жиналады да,
одан глюкоген синтезделеді. Бауырдағы гликоген көмірсу қоры
болып табылады. Организмге глюкоген мөлшері қажет болса,
бауырдағы гликоген ыдырап, глюкоза қанға өтеді. Нәтижесінде
қандан глюкоза деңгейі салыстырмалы түрде бір деңгейде болады.
Гликогеннің организмдегі 1-2% бұлшықеттерде жинақталады.
Бұлшық еттегі гликоген мөлшері тамақ қабылдаған кезде
ұлғайып, ашыққанда азаяды. Бұлшық етке физикалық күш түс-
кенде фосфорилаза ферментінің көмегімен гликогеннің жылдам
ыдырап, бұлшық ет жиырылуына энергия көзі болып табылады.
Тканьдердің глюкозаны сіңіруі әртүрлі: ми қандағы глюко-
заның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауын сиырлардың кетозы
Зооценоздар - неше түрлі жануарлар бірлестігі
Экологиялық жүйелер
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
Жасушалар және тіндердің патологиясы
Қызба және оның сатылары
Қызба
Жылу алмасу.қызба
Жылу реттеу жүйесі
Цитология – клетка туралы ғылым
Пәндер