Ә.І.Сембаевтың Қазақстандағы білім беру тарихын жүйелеудегі еңбектеріне тарихи-педагогикалық және теориялық талдау жасау және оларды қазіргі білім беру жүйесіне енгізу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3-4

1. Ә. Сембаевтың тұлғалық қалыптасуына әсер еткен жағдайлар . . . 5-11

2. Ә. Сембаевтың мемлекет және қоғам қайраткері ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері . . . 12-24

3. Ә. Сембаевтың Қазақстандағы мектептерде білім беру тарихын жүйелеуі . . . 26-38

4. Ә. Сембаевтың балалар үйiнiң жұмысын басқарудағы педагогикалық-ұйымдастырушылық қызметi . . . 40-58

5. Қорытынды . . . 59-61

6. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 62-65

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі . Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа қоғам жағдайындағы міндеттерінің бірі ұлттық құндылықтарымызды жаңаша зерделеп, оның озық тұстарын бүгінгі күн қажеттілігіне пайдалану әсіресе, еліміздің тарихи шежіресінде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған, ұлттық мәдениетті және ғылымды дамытуға өз үлестерін қосқан дара тұлғалардың қоғамдық қызметтері мен шығармашылық мұраларын зерттеу нысанасына айналдыру өте өзекті болып отыр. Өйткені, тарихи-педагогикалық мұралар туралы білімді жетілдірмеу, білім беру жүйесіндегі маңызды мемлекеттік проблемалардың тиімді шешімін табуда қиындық туындатады.

Бұл жөнінде еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Келешек ұрпақ өз кезегінде, жаңа басталған тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына қазақ зиялыларының мейілінше игі үлес қосқанын дұрыс бағалауға тиіс, өйткені олар біздің ең жаңа тарихымыздың мәйегі іспеттес, кіндік тұлғалары», - дейді .

Біз зерттеуімізге нысана етіп алып отырған Ә. І. Сембаевтың Қазақстандағы білім беру тарихын жүйелеуі, педагогикалық мұрасы ерекше маңызды, өйткені оның тікелей қатынасуымен қазақстандық педагогика ғылымының қалыптасуы, қазақ мектептерінің пайда болуы мен даму тарихы және жоғары оқу орындарындағы мамандықтардың ашылуы, жетім балаларға арналған мектеп-интернеттар жұмысының жүйесі қаланған.

Сонымен, аталған ғалымдардың зерттеулеріне жасалған талдау, бізге Ә. Сембаевтың білім беру тарихын жүйелеудегі ұйымдастырушылық қызметтеріне бүгінгі күнге дейін арнайы зерттеу нысанасына алынып, зерттелмегендігіне көз жеткізді.

Алайда, Қазақстанның оқу-ағарту ісі мен ғылымының қалыптасуына және білім беру мекемелерінің даму тарихына ерекше мән беріп ғылыми тұрғыдан зерттеген қоғам, мемлекет қайраткері болған Ә. І. Сембаевтың білім беру тарихын жүйелеуі, ұйымдастырушылық қызметтерінің тарихи-педагогикалық әдебиеттерде және қазіргі заман талабына сай педагогикалық теория мен практикасында жеткілікті түрде зерттелмеуінің арасында; педагогикалық мұрасын білім беру жүйесінің оқу-тәрбие үрдісіне ендіруге арналған арнайы нұсқаулардың жоқтығының арасында қарама-қайшылық бар екендігі анық байқалады. Осы қайшылықтарды шешу бізге зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты «Қазақстанда XX ғасырдың 40 жылдарындағы педагогиканың даму тарихына үлес қосқан педагог-ғалым Ә. Сембаевтың еқоғамдық-ағартушылық қызметі» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты - Ә. І. Сембаевтың Қазақстандағы білім беру тарихын жүйелеудегі еңбектеріне тарихи-педагогикалық және теориялық талдау жасау және оларды қазіргі білім беру жүйесіне енгізу.

Зерттеудің міндеттері :

1. Ә. І. Сембаевтың тұлғалық қалыптасуындағы саяси және экономикалық жағдайлар.

2. Ә. І. Сембаевтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

3. Ә. І. Сембаевтың Қазақстандағы мектептердің білім беру тарихын ұйымдастырудағы оқу-тәрбие үдерісін жүйелеу.

Зерттеудің нысанасы - Ә. І. Сембаевтың білім беру тарихындағы педагогикалық-ұйымдастырушылық қызметі.

Зерттеудің пәні - Ә. І. Сембаевтың Қазақстандағы мектептерде білім беру тарихын жүйелеуі.

1. Ә. Сембаевтың тұлғалық қалыптасуына әсер еткен жағдайлар

Тарихтың шұғыл бұрылыстарында, саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылым мен қарым-қатынас түбегейлі өзгеріске ұшырағанда, қоғам бұрынғы идеологиялық көзқарастар жүйесінен бас тартады, оны ауыстырады. Бүгінде бұл - барлық посткеңестік мемлекеттерге, соның ішінде Қазақстанға да тән құбылыс. Педагогикалық ғылымдарда бұл базалық компонентті марксистік философияға негізделген әдіснамадан бас тартудан көрініп отыр. Біздің тарихымыздың кеңестік кезеңінде әлеуметтік-формациялық (әлеуметтік таптық) әдісті абсолютке айналдырып, тарихи-мәдени әдістің рөлін кемітіп, көптеген марксистік философиялық және әдіснамалық доктриналарды абсолюттендіріп және догмаға айналдырып, ал мұның өзі тарихи және басқа ғылыми зерттеулердің нәтижелерін бұрмалап, жалғандыққа ұрындырғаны баршамызға мәлім .

Тәуелсіз мемлекетіміздің әлеуметтік-эканомикалық жүйесі түбегейлі өзгерістерге ұшырап, біраз үрдісті даму жолына түсіп жатқан шағында рухани өмірімізде күні өткен Кеңес үкіметі тұсындағы білім мен ғылымның дамуына сыңаржақты теріс пікірлер айтылып жатқаны белгілі. Алайда, бүгінгі мемлекет білім мен ғылым тұтқасын ұстап отырған азаматтарымыз, сол кеңестік дәуірде білім алып бүгінгі мемлекет қайраткерлері деңгейіне көтеріліп отырғанын ұмытқандай. Алдағы уақытта олардың орнын батыстан білім алып келген жастарымыз алмастыратынын ескерсек, кеңес дәуірдегі ғұлама ғалымдар мен қоғакм қайраткері болған, бүгінгі күннің кірпішін қалаған тұлғаларымыз ұмыт болама деген күдік ой туады. Алайда, қоғамдық өміріміздің қай саласы болмасын, ұрпақтар сабақтастығына жүгінетіні белгілі. Олай болса, неге біз ғасырға жуық тарихымыздағы елдің елдігін паш еткен есімдерді естен шығармауымыз керек. Осындай адамдар қатарына қазіргі қауырт заманның қалтарыстарында ұмытыла бастаған кешегі байсалды басшы, үлкен ғалым, кеңес дәуіріндегі оқу-ағарту саласы ұйымдастырушыларының бірі болған Әбдіхамит Ібнияұлы Сембаевты жатқызуымызға болады.

1905 жылы қаңтар айында бұрынғы Жезқазған облысының Шет ауданына қарасты Қарабұлақ селосында дүниеге келген Әбдіхамит Ібнияұлы Сембаев-Қазақстанда педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосқан, қазақ орта мектебінің қалыптасып өркендеуіне айрықша ықпал еткен тарихи тұлға. Ол еңбекқор ағартушы, көрнекті ғалым, шебер ұйымдастырушы. Оның еңбек жолының ерекшелігі: ауыл мұғалімінен оқу министіріне дейін өсуінде, партия, кеңес жүйесіндегі лауазымдарға қызықпай, тек білім саласында айрықша ынта жігермен жемісті қызмет етуінде.

Тарихи-педагогикалық құбылыс ретінде адамдардың тағдырына айтарлықтай әсерін тигізген тарихи оқиғалар, белгілі бір әлеуметтік-саяси себептермен бір кездері, бір аймақта жекелеген халықтардың басынан өткен үдерістер мүлде айтылмады. Осыған байланысты, зерттеуіміздің міндеттеріне сәйкес, бізге педагогикалық зерттеулерде қалыптасқан дәстүрлі стереотиптерден ауытқуға тура келді, мұнда әлеуметтік-экономикалық және басқа алғышарттар қорытындыланды нақты бір тұлғаға қатысты мәселелерді қамтымады.

Қазақстандық ғалым Г. М. Храпченков: «Педагогика тарихының әдіснамасы тұтас тарихи-педагогикалық үдерістің компоненттік құрамы мен құрылымының сипаттамасын объективті ғылыми-тарихи тұрғыдан зерттеуді талап етеді, тек сонда ғана «педагогиканың тарихы» өзінің: а) теориялық-танымдық; б) әлеуметтік және аксиологиялық; в) дәлелдемелік және критерийлік; г) эвристикалық және болжамдық; д) тәрбиелік міндетін атқара алады. Сөйтіп, педагогика тарихы мен қазіргі заман бірлігі тұтас тарихи- педагогикалық үдерісте, оның уақыттық компоненттерін құрастыратын ішкі бірлікпен анықталады: өткен тарихи-педагогикалық - қазіргі заманғы - педагогикалық болашақ, бұлардың ешқайсысы да бір-бірінен бөлек жемісті зерттеле алмайды», - дейді.

Олай болса, Ә. Сембаевтың қалыптасуына ықпалын тигізген саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдағы әрбір тарихи-педагогикалық құбылысты жеке дара қарастыру қажеттігі шығады. Мұрағат мағлұматтарының көптеген материалдарына, күнделікті баспа сөзге, жақын туыстарының естеліктеріне сүйеніп, Ә. Сембаев тұлғасының қалыптасуына әсер еткен тарихи алғышарттарды былайша бөліп қарастыруға болады:

  1. Ұлы Қазан төңкерісіне дейінгі қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайлары;
  2. Ұлы Қазан төңкерісінен кейінгі және бейбіт құрылыс кезеңіндегіқоғамның саяси әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайлар.

Біздің көзқарасымыз бойынша, бірінші тарихи алғышарт- Ә. І. Сембаевтың балалық-жастық шағындағы жағымды әлеуметтік-мәдени ахуалмен байланысты. Ал, екінші тарихи алғышарт - Ә. І. Сембаевтың елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық оқиғаларға белсене араласа бастаған, толыса бастаған шағымен айрықшаланады. 40-шы жылдардан кейінгі мемлекет өміріндегі саяси-әлеуметтік-экономикалық ахуалды біз, Ә. І. Сембаев тұлғасының қалыптасуына ықпал еткен кезең ретінде өз зерттеуімізге енгізген жоқпыз. Себебі бұл кезеңде ол өзі осы ахуалды қалыптастыруға белсене қатысушы тұлғаға айналған еді.

Осылайша кеңістік уақытты бөліп қарастыру, оның ұқсастығы мен зерттелуі, біздің көзқарасымыз бойынша, Ә. І. Сембаев тұлғасының қалыптасуына қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлары шынайы және құнды ғылыми мағлұматтар береді.

Ресейден ағылған көш Қазақстанның ұлттық құрамын ғана өзгертіп қоймай, жергілікті этносқа қатысты ауыр демографиялық салдарларға әкеп соқтырды.

Біріншіден, өкімет көптеген қазақ ауылдарын шаруашылыққа қолайлы жерлерін босқындарға босатып беруге мәжбүр етті. Жерсіз қалған оны не жаңа қожайындарынан жалға алуға тиіс болды, не оңтүстікке қарай шөл, шөлейт аймақтарға көшуге тура келді. Екіншіден, қазақтардың күн көрісі нашарлап, әр түрлі эпидемиологиялық ауруларға ұшырады, өлім көбейді. Жалпы XX ғасыр басындагы этникалық үдеріс қауіпті болды, өкіметтің әрекеті көбіне арандатуға кұрылды. Әлеуметтік қарым-қатнас көбіне этникалық атрибуттармен бүркемеленді. Шовинизм стихиялық ұлтшылдықты қоздырды.

Сонымен қатар, капитализмнің кең дамуы және халық ағарту саласындағы реформалар қазақ қоғамында мүлде жаңа құндылықтар тудырды. Дәстүрлі саяси институттары болмауы салдарынан бөлшектенген рулар мен тайпалардың стихиялық тобына айналған, көшпелі дағдарысынан жұтауға айналған тауарлы-ақша қатынасы мен ағарту ісінің кеңеюі барысында жаңа ұлт қалыптасады. Бұл үдерістің белгісі деп зиялылар мен сауда буржуазиясының пайда болуын айтуға болады. Көп реттерде XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларыны бұрынғы ақсүйек отбасыларынан шыққан. Бұл жерде тек ұрпақ жалғастығы ғана емес, сонымен бірге адалдық, халық тағдырына жауаптылық, ой-арманының тазалығы сияқты оларға тән бірқатар қасиеттер болды. Зиялы қауымның көзқарасы әсіресе тұңғыш газет-журналдар: «Қазақ» «Айқап» беттерінде айқын бейнеленді. Онда орыс-қазақ мектептерінің мұғалімдері, сол сияқты Петербург, Мәскеу, Қазан Жоғары оқу орындарын бітірген алғашқы қазақ зиялыларының ой-пікілерін білдірді. И. Букин көшпенді халық балаларының дене және ақыл-ой тәрбиелері жөнінде бірқатар мақалалар жазды. О. Альджанов «Қырғыз балаларының тәрбиесі туралы» мақаласында: «тәрбиенің жан-жақты, физикалық және ақыл-ой дамуын қамтитын, тәрбие мақсаты-адамды үйлесімді дамыту, жетілдіруге үнемі ұмтылыс болуға тиіс», екенін айтты.

Бұл дәуір қазақтарының мәдениеті ұлттық дәстүрді, салт-сананы және өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудің дәстүрін барынша сақтап, дамытқан күйінше қалды, осындай қатал әлеуметтік-тұрмыстың жағдайда адамның физикалық, адамгершілік, ұлтжандылық, елжандылық қалыптасуы мен дамуы жүріп жатты. Мұны мынадай әлеуметтік-тұрмыстық ахуалдан көруімізге болады:

Қазақтардың киім киісінде қоғам өміріндегі өзгерістердің әсері байқалады, татар мәдениетінің ықпалы күшті. Егер ғасыр басында жібек, барқыт, атлас, әсіресе дүрия (жартылай жібек) материалынан тігілген ортаазиялық өндірісті артық санаса, ғасыр соңында орыстардың фабрикадан шығарылған маталары көбірек енеді. Қазақтардың ескілікті киім формасы-саптама (ұзын қонышты етік), сәукеле (келіншектің бас киімі), айыр қалпақ (еркектердің шошақ бас киімі) - біртіндеп қолданудан шыға бастады.

ХХ ғасыр басында далалық аймақтарға әлеуметтік-демократиялық идеялардың жаңа толқыны ене бастаған дәуірде, аймақтық педагогикалық ой-пікірлер тиімді дами бастады. Қоғамдық аренаға ағартушылардың жаңа ұрпағы келіп шықты, олар алдыңғы оқымыстылардың матералистік көзқарастарын лайықты дамытты, сөйтіп, оқыту мен тәрбиелеу саласына жаңа идеялар мен көзқарастар әкелді. Мысалы, қазақ ағартушысы Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) «Социализм», «Адасқан өмір», «Қазақтарға білім беру мен оқыту қандай күйде» шығармаларында дидактика мәселелері бойынша нақты идеялар айтты, балаларды оқыту, олардың жасерекшеліктерін ескеру, келешек ұрпақты тәрбиелеудегі ана тілінің басты фактор және құрал екендігін, өз білімін жетілдірудің ролі туралы, қазақтар үшін орыс тілін үйретудің маңызы туралы тың пікірлер білдірді. Ескі діни мектеп оқуын сынай келіп, ол жаңаша оқу туралы бірқатар ой-пікілер айтты. «Білімді игеруге ақыл мен ынта керек, ақылмен мәнін түсінбей, құр жаттау - пайдасыз, ғылым тек ынта қойған мен ақылы жеткенге ғана бағынады, ол байлардың жалқау, ынтасыз балаларының үлесі емес». Сол жылдары қазақ педагогикасының кейбір мәселелері бойынша ақын-жазушылар С. Көбеев (1878-1956), С. Дөнентаев (1894-1938), Б. Өтетілеуов, М. Сералин, Ә. Диваев, М-Ж. Көпеев, Ш. Құдайбердиев, мұғалімдер Ғ. Балғымбаев, Н. Құлжанова, М. Қашимов және т. б. өздерінің педагогикалық ой-пікірлерін білдірді.

Егер, ТМД және Қазақстанның тарихи дамуындағы тағы бір маңызды ақиқатты ескермесек, Ә. Сембаевтың өмірінде мәнді, тіпті кей реттерде негізгі роль атқарған шындықты айтпасақ, онда Ә. І. Сембаевтың аталған дәуірдегі тұлғалық қалыптасуына әсер еткен саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар толық болмас еді деп ойлаймыз.

Сондықтан да біз, тарихи-педагогикалық зерттеулердің негізгі бір принципіне, атап айтсақ тарихилық принципіне сүйенеміз. Осы орайда Г. М. Храпченков былай дейді: «тарихилық принцип - тарихи-педагогикалық құбылыстардың туындауымен даму динамикасының, олардың нақты-тарихи шарттармен байланысысының бар екенін және жұмыс істеуін зерттеудің факторы ретінде көрініс береді. Тарихилық, тарихи-педагогикалық құбылыстардың қалыптасуындағы және дамуындағы, өтуіндегі ғылыми-шынайы бейнелердің жалпылығын және ерекшелілігін талап етеді, не тарихи уақыттың өзіндік ерекшелігін ескере отырып өткеннің сипаттамасын қамтамасыз етеді. Тарихи уақыт нақты бір педагогикалық құбылыстар мен деректі объективті ғылыми тұрғыдан ашып беруді талап етеді, даму үстіндегі тарихи-педагогикалық ақиқатты тануды қажет етеді. Тарихи уақыт статикада және динамикада қарастырылады. Бұл адамзат қоғамының тарихи дамуымен, оның педагогикалық институтттары, сондай-ақ, тарихи-педагогикалық үдерістің өзіндік даму динамикасымен және ерекшклігімен байланысты. Бұл тарихи-педагогикалық шындықты нақтылауға және оның ғылыми-объективті сипатын жасауға мүмкіндік береді» - дейді.

20-30 жылдары республикадағы білім беру мен мәдениет саласында ғылым, мәдениет пен білім беруді дамытумен «Наркомпростың» Академиялық орталығы, кейіннен қайта құрылған Ғылыми-әдістемелік кеңес айналысты. Фольклорды, тұрмыс-тіршілік пен қолданбалы өнерді зерттеумен (қазақтардың) Қырғыз өлкесін зерттеу Қоғамы деп қайта аталған мекеме айналысты.

Ол жылдары қазақ педагог-ғалымдары өз назарын, ең алдымен, қазақ ағартушыларының педагогикалық мұраларын зерттеуге бағыттады, орыс және батыс европалық классиктердің озық идеяларын таратуға күш салды. (Я. А. Коменский, И. Г. Песталоций, И. Г. Гербарт, К. Д. Ушинский және т. б. ), Қазақстанның оқу-ағарту саласын және мектебін дамыту жобасын жасауға назар аударды. Қазақ тілінде басылған тұңғыш педагогикалық еңбек профессор Ш. Н. Әлжановтың екі бөлімнен тұратын «Маркстік-лениндік педогогикалық хрестоматия» кітабы болды (1935) . Онда Қазақстандағы оқыту мен тәрбие, ағарту міндеттеріне қатысты бірқатар ғылыми-педагогикалық ережелер жарияланды, мәдени-ағарту жұмысының бірқатар тарихы мен практикасының мағлұматтары келтірілді, алғаш рет қазақ педагогикалық терминологиясын студенттер мен республиканың халық ағарту қызметкерлеріне арнап жасауға әрекет жасалды. Республикада қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің өткен тарихын зерттеуге үлкен көңіл бөлінді. Ағартушы-демократтар Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасын зерттеуге арналған, әлемдік және отандық педагогикалық ой-пікірінің классиктерін зерттеуге арналған С. Балаубаева, И. Тәжібаев, С. Қожахметов, А. Ситдыков сияқты қазақстандық ғалымдардың еңбектері оқырман қауымның кең қолдауына ие болды. Олардың кейбірі еліміздегі халықтардың оқу-ағарту, мектептер мен педагогика тарихын зерттеу кітаптарына енгізілді.

2. Ә. І. Сембаевтың мемлекет және қоғам қайраткері ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері

Жеке тұлға, оның қалыптасуы және тәрбиеленуі тақырыбы философ-ғалымдардың, саясатшылардың, ұстаздардың, заңгерлердің, ақын- жазушылардың және суретшілердің үнемі назарында болды, бірақ қоғамның қазіргі тек өзгерістерден тұратын сипаты Қазақстан Республикасының тәуелсіз саяси және экономикалық қалыптасу кезеңінде оған ерекше мән беріп отыр. Білім берудің жеке ұлттық үлгісін құрудың жаңа парадигмасының орталығында нақтылы адам, соңғы мақсаты мен барлық айқындалған өзгертулердің қозғаушы күші - жеке тұлға орнында болады.

Бүгінде жеке тұлғаның шығармашылықпен өздігінен жұмыс істеуі, іскерлігі, қазіргі әлемдегі қайшылықтардың күрделі жүйесіне дағдылануы, белсенділікті шыңдау қабілеттілігі, өзіне жауапкершілікті ала білуі, қолайсыз жағдайларды жеңуі, қойылған мақсаттарға жетуі үшін өз мінез-құлығын соған икемдеп, өзін қайта құруы сияқты сапалы қасиеттерінің қоғамдық маңыздылығы жылдам өсті. Мұндай жеке тұлғаны қалыптастыру - оңай міндет емес, ол тарихты, тарихи оқиғаларды бағалау тұрғысынан зерделей білуді талап етеді.

Ғалымның өмірі мен шығармашылық, ғылыми-педагогикалық қызметіне байланысты архивтік материалдарды зерттеу арқылы академик Ә. І. Сембаевтың 1905 жылы 1 қаңтарда Семей облысы Қаундрад болысы Қарабұлақ қыстағында (қазір Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қарабұлақ ауылы) малшының отбасында дүниеге келгенін білдік. Әбдіхамит Сембаевтың 1870 жылы туылған әкесі Ібния, дәулетті тұратын Сембай Ақсопыұлының (1817 жылы туған) он төрт баласының бірі болды. Сембаевтардың гениологиясы туралы шөбересі Анғар Смагулов былай деп жазады « Арқа жеріндегі Бұқар жырау-болжаушы, Қара би-бақсы, Жидебай батыр-жауырыншы, Жанысбай би - көреген, Ақ Сопы-әулие болған адамдар. Жанысбай би - біздің бабамыз. Патша өкіметінің 1822 жылы қабылдаған «Сібір қазақтары туралы жарғысы»шыққан кезде Жанысбай Тазов би болып турғандығына академик Ж. Ақылбаевтың басқаруымен шығарылған «Шет өңірінің тарихы» атты кітапта келтірілген дерек бола алады дейді. Жанысбайдың баласы Ақ «сопы» атанған, Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың діни ілімін мейлінше жоғары дәрежеде меңгерген өз заманының біртуар діндар адамы еді».

Сембаевтар жанұясының шежірелік генеологиясының ретроспективасы Әбдіхамит Сембаевтың ағартушы-педагог болып қалыптасуына жанұядағы жағдай мен тәрбиенің рөлі маңызды болғанын көрсетеді. Әкесі Ібния мен атасы Сембайдың арқасында жас жігіт Әбдіхамиттың оқуға деген ынта-ықыласы артып, зайырлы, білімді гуманистің бойында тұлға ретіндегі өнегелік-этикалық, эмоциялық-шығармашылық қасиеттері қалыптасты. Әбдіхамит Сембаевтың сол кездері орысша білім алып, рухани деңгейі жоғары болғанына ағайын ағалары, яғни әкесінің бауырлары жас балғынға пайдалы ықпалын тигізбей қойған жоқ.

Орысша-қазақша мектептегі және педагогикалық техникумдағы оқу оның ой-өрісінің жоғарылап, орыс халқының мәдениеті мен тіліне ерекше сыйластығы мен махаббатының артуына себеп болып, осы жағдай оның болашақ еңбектері мен ғылыми-педагогикалық қызметінде айқын көрініс тапқаны анық.

Ә. Сембаев оқып жүрген кезінде оқу орнының қоғамдық өміріне белсене араласты. Ол туралы О. П. Киреевамен бірге жазған «Қазақстанның арнаулы орта оқу орындарының оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің кейбір мәселелері» (1976) атты еңбегінде техникумның комсомол ұйымының хатшыларының бірі болғанын айтады. Комсомол ұйымының көшбасшыларының белсенділігімен техникум оқушылары ауыл тұрғындары арасында үлкен қоғамдық-тәрбие жұмыстарын атқарды. Педагогикалық техникум қабырғасында «Жойылсын сауатсыздық» қоғамы құрылып, олар өз алдына мәдени-ағартушылық мақсаттар қойды. Қоғам мүшелері әсіресе жазғы мезгілде ауылдарды аралап, әсіресе ересек адамдар арасындағы сауатсыздықты жоюмен шұғылданды. Осымен бір уақытта халық арасында үлкен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қазақ жастарын білім алуға шақырды, мәдениет және оқу-ағарту саласында болып жатқан өзгерістердің мәнін түсіндірді.

Семейдегі педагогикалық техникумын ойдағыдай аяқтаған Ә. Сембаев 1928 жылы ашылған қазақ мемлекеттік университетінде, 1930 жылдың аяғында Абай атындағы қазақ педагогикалық институты болып өзгертілген оқу орнының химия-биология факультетінде оқуын жалғастыруға рұқсат алды. Отбасылық жағдайының тым қиындығына қарамастан, білімге деген құштарлығы артқан Әбдіхамит қолында үш ұлы және қызы бар анасына көмектесуге тиісті болса да алыстағы Алматыда оқуды жалғастыру туралы шешім қабылдайды. Мұның өзі Әбдіхамит Сембаевтың жоғары білім алуға деген арман-тілегін көрсетсе керек. Және оның бойындағы ұлы мақсаттарға ұмтылушылық қасиеттері де осы тұста айқын көрініс тапса керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда XX ғасырдың 40 жылдарындағы білім беру тарихын жүйелеудегі Ә.Сембаевтың еңбегі
1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұраның ЖОО-да оқу–тәрбие үдерісінде пайдаланылуы
Қазақ халқының ұлы ағартушылары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика
Педагогикалық ғылымның институциализациясы
Тіл тарихын зерттеген кемел ғалым
Жоғары мектеп педагогикасы және жоғары білімді жетілдіру міндеттері
VI-XVҒ.Ғ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙДЫҢ ДАМУЫ
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz