Көші-қон саясаты



Кіріспе

1. Көші.қон ахуалын бағалау
2. Көші.қон саясатының мақсаты мен қағидаттары
3. Көші.қон саясатын іске асырудың басымдықтары, негізгі бағыттары
4. Көші.қон саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, тетіктері
5. Көшіп келуді бақылау жүйесін жасау және дамыту.
6. Еңбек көші.қонын реттеу.
7. Ұзақ мерзімді болашаққа
8. Көші.қон саясатының міндеттері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі-Тұжырымдама) көші-қон процестерінің негізгі қағидаттарының, басымдықтарының, тетіктерінің, міндеттері мен әдістерінің негізгі жүйесін тәртіпке келтіру мен реттеуді білдіреді. Осы тұжырымдамада көші-қон процестерін реттеу деп-Қазақстанның ағымдағы және алыс перспективалық қажеттіліктеріне жауап беретін және көшіп-қонушылардың қүқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағыттарда адамдардың қоныс аударуын ынталандыруға не шектеуге бағытталған әкімшілік және әлеуметтік-экономикалық, шаралар кешені түсініледі.
Көші-қон процестері мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, елдегі экономикалық және демографиялық ахуалға әсер етеді.
Көші-қон саясаты Қазақстанның мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, оны іске асыру мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Көші-қон саясатының субъектілері-орталық және жергілікті атқарушы органдар болып табылады.
Мемлекеттік органдардың көші-қон саясатын іске асыру жөніндегі әріптестері қоғамдық бірлестіктер болуға тиіс.
Тұжырымдама адам қүқықтары мен бостандықтарын сақтау негізінде, жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, көші-қон саясатының негіздерін айқындайды.
Тұжырымдама еліміздің тұрақты дамуға көшу кезеңіне және экономиканың тұрақтануы мен өсуінің ұзақ мерзімдік перспективасына есептелген.
Тұжырымдама таяудағы перспективаға мемлекеттің саяси болмысын және әлеуметтік-экономикалық жағдайын негізге алады, олар Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін реттеу жүйесінің шектеушілері болып табылады.
Көші-қон саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге негізделген. Тұжырымдама көші-қон процестерін реттеудің отандық және шетелдік тәжірибесін ескереді.

Көші-қон ахуалын бағалау

Қазақстанның халық көші-қоны саласындағы ерекшелігі мемлекет дамуының тарихи ерекшеліктерінен туындаған көп ұлтты адамдар қауымдастығының орнығуы болып табылады. Мәселен, 1968 жылға дейін республика үшін халықтың көші-қонының онды сальдосы тән болды, яғни, елімізге келушілердің саны одан кетушілердің санынан едәуір көп болды. Мысалы, 1950-1959 жылдар мен 1960-1969 жылдар кезеңінде орташа жыл ішінде 1000 адамға шаққанда республикадағы халықтың көші-қон өсімі тиісінше 12 және 5 адам болды.
Алайда, 1968 жылдан бастап қазіргі кезге дейін республиканың көші-қон процесінде кері ахуал қалыптасты, яғни елге халықтың келуінен гөрі кетуі неғұрлым жедел қарқында. Мысалы, 1970-1979 жылдар мен 1980-1989 жылдар кезеңінде орташа жыл ішінде 1000 адамға шаққанда республика халқының көші-қон есебінен кемуі тиісінше 5 және 7 адамды құрады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуымен, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының трансформациялық процестерінің басталуымен жөне басқа да көптеген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі сияқты Қазақстаңда жекелеген этникалық топтардың тарихи Отанына оралу мүмкіндігінің кеңеюімен көші-қонның теріс сальдосының өсу үрдісі қалыптасты. Мәселен, соңғы 10 жыл ішінде көші-қонның теріс сальдосы халықтың осы кезендегі табиғи өсімін толығымен жұтып қана қойған жоқ (1990 жылдарда табиғи өсім, туу санының күрт азайып кетуі және 1980 жылдармен салыстырғанда қайтыс болғандар санының ұлғаюы есебінен 2 есеге дерлік азайды), сонымен қатар және одан 2 еседен астам асып кетті.
1.Назарбаев Н.Э. "Қазақстан - 2030. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы". - Егемен Қазақстан. -1997. - 11 қазан.
2.Қазақстан Республикасының Конституциясы - Алматы: "Жеті Жарғы", 1998 жылғы қазанның 7-де өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. 1995.
3.Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" заңы. Алматы: "ЖетіЖарғы", 1998.
4."Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы"
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 31.12.1996,
№3308. Қазақстан Республикасының Парламентінің материалдары.
5."Көші-қон саясатының 2000 жылға дейінгі негізгі бағыттары
туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 19.03.1997 жылғы №3419
Жарлығы. Қазақстан Республикасының Парламентінің материалдары.
6."Ұлттық татулық пен саяси қуғын сүргін қүрбандарын еске
алу жылы деп жариялау туралы" 30.12.1996 жылғы Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығы. // Вечерний Алматы, 1997, 6 қаңтар.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Көші-қон ахуалын бағалау
2. Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары
3. Көші-қон саясатын іске асырудың басымдықтары, негізгі бағыттары
4. Көші-қон саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, тетіктері
5. Көшіп келуді бақылау жүйесін жасау және дамыту.
6. Еңбек көші-қонын реттеу.
7. Ұзақ мерзімді болашаққа
8. Көші-қон саясатының міндеттері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі-
Тұжырымдама) көші-қон процестерінің негізгі қағидаттарының,
басымдықтарының, тетіктерінің, міндеттері мен әдістерінің негізгі жүйесін
тәртіпке келтіру мен реттеуді білдіреді. Осы тұжырымдамада көші-қон
процестерін реттеу деп-Қазақстанның ағымдағы және алыс перспективалық
қажеттіліктеріне жауап беретін және көшіп-қонушылардың қүқықтарын іске
асыруды қамтамасыз ететін бағыттарда адамдардың қоныс аударуын
ынталандыруға не шектеуге бағытталған әкімшілік және әлеуметтік-
экономикалық, шаралар кешені түсініледі.
Көші-қон процестері мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге,
елдегі экономикалық және демографиялық ахуалға әсер етеді.
Көші-қон саясаты Қазақстанның мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатының
құрамдас бөлігі болып табылады, оны іске асыру мемлекеттің басым
міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Көші-қон саясатының субъектілері-орталық және жергілікті атқарушы
органдар болып табылады.
Мемлекеттік органдардың көші-қон саясатын іске асыру жөніндегі
әріптестері қоғамдық бірлестіктер болуға тиіс.
Тұжырымдама адам қүқықтары мен бостандықтарын сақтау негізінде, жалпы
мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, көші-қон саясатының негіздерін
айқындайды.
Тұжырымдама еліміздің тұрақты дамуға көшу кезеңіне және экономиканың
тұрақтануы мен өсуінің ұзақ мерзімдік перспективасына есептелген.
Тұжырымдама таяудағы перспективаға мемлекеттің саяси болмысын және
әлеуметтік-экономикалық жағдайын негізге алады, олар Қазақстан
Республикасындағы көші-қон процестерін реттеу жүйесінің шектеушілері болып
табылады.
Көші-қон саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық
құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына, Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының Заңдарына
және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге негізделген. Тұжырымдама көші-
қон процестерін реттеудің отандық және шетелдік тәжірибесін ескереді.

Көші-қон ахуалын бағалау

Қазақстанның халық көші-қоны саласындағы ерекшелігі мемлекет дамуының
тарихи ерекшеліктерінен туындаған көп ұлтты адамдар қауымдастығының орнығуы
болып табылады. Мәселен, 1968 жылға дейін республика үшін халықтың көші-
қонының онды сальдосы тән болды, яғни, елімізге келушілердің саны одан
кетушілердің санынан едәуір көп болды. Мысалы, 1950-1959 жылдар мен 1960-
1969 жылдар кезеңінде орташа жыл ішінде 1000 адамға шаққанда республикадағы
халықтың көші-қон өсімі тиісінше 12 және 5 адам болды.
Алайда, 1968 жылдан бастап қазіргі кезге дейін республиканың көші-қон
процесінде кері ахуал қалыптасты, яғни елге халықтың келуінен гөрі кетуі
неғұрлым жедел қарқында. Мысалы, 1970-1979 жылдар мен 1980-1989 жылдар
кезеңінде орташа жыл ішінде 1000 адамға шаққанда республика халқының көші-
қон есебінен кемуі тиісінше 5 және 7 адамды құрады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуымен, бұрынғы
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының трансформациялық процестерінің
басталуымен жөне басқа да көптеген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
елдеріндегі сияқты Қазақстаңда жекелеген этникалық топтардың тарихи Отанына
оралу мүмкіндігінің кеңеюімен көші-қонның теріс сальдосының өсу үрдісі
қалыптасты. Мәселен, соңғы 10 жыл ішінде көші-қонның теріс сальдосы
халықтың осы кезендегі табиғи өсімін толығымен жұтып қана қойған жоқ (1990
жылдарда табиғи өсім, туу санының күрт азайып кетуі және 1980 жылдармен
салыстырғанда қайтыс болғандар санының ұлғаюы есебінен 2 есеге дерлік
азайды), сонымен қатар және одан 2 еседен астам асып кетті.
Қазақстан Республикасындағы көші-қон ахуалы мынадай негізгі
процестермен сипатталады:
1. Эмиграцияда халықтың бұрын патша заманында Қазақстанға жіберілген,
сталиндік режим жылдарында жер аударылған, тың және тыңайған жерлерді
игеруге жіберілген орыс тілді бөлігі өкілдерінің және әскери-өнеркәсіп
кешеніне қызмет көрсететін контингенттің кетуі басым;
2. Көшіп келуде этникалық қазақтардың қарқыны басым, ол мынадай
жағдайлардан:
өзінің ұлттық бірегейлігін сақтау ниетінен;
әскери жанжалдар салдарынан;
тарихи отанына оралу ниетінен туындап отыр.
3. Ішкі көші-қонда:
аграрлық сектордың құлдырауы нәтижесінде ауылдық елді мекендерден
халықтың көшіп кетуі;
қаланы ұстап тұған кәсіпорындар мен өндеу кешендерінің тоқтап қалуы
салдарынан шағын және орташа қалалардан- кетуі;
экологиялық себептер салдарынан Семей полигоны аймағы мен Арал өңірінен
халықтың көшіп кетуі.
4. Қазақстан Республикасының геосаяси орналасу жағдайынан, Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы елдерімен шекаралардың ашықтығынан, достастық
елдерінің біріңғай келісілген саясаты болмауынан және заңдық базаның
жетілмеуінен туындаған заңсыз көші-қон.
5. Ішкі еңбек рыногында өзіміздің еңбек ресурстары асып-артылып жатқан
кезде шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты еңбек көші-қоны.
6. Бірқатар мемлекеттердегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздығы
салдарынан босқындардың болуы.
Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның босқындар мәртебесі туралы 1959 жылғы
Конвенциясына және оған 1967 жылғы Хаттамаға қосылуы босқын мәртебесін
алудан үміттенетін адамдарды қабылдау жөнінде белгілі дәрежеде міндеттеме
жүктейді.
Көші-қон проблемаларын шешу Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық
жағдайдың тұрақтану перспективаларымен айқындалады.

Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары
Көші-қон саясатының мақсаты — көші-қон процестерін басқару, тұрақты
демографиялық дамуды қамтамасыз ету, еліміздің мемлекеттік қауіпсіздігін
нығайту және көшіп-қонушылардың кұқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты мына қағидаттарға:
көшіп-қонушылардың құқықтарын сақтау мен қорғауға, оларды нәсілдік,
ұлттық, тілдік белгілері, шығу тегі, діни нанымы, саяси сенімі, белгілі бір
әлеуметтік топқа жататындығы бойынша кемсітушілікке жол бермеуге;
көші-қон процестерін және халықаралық міндеттемелерді реттеу саласында
заңдардың ережелерін орындауды қамтамасыз етуге;
жеке адам мен мемлекеттің мүдделерін ұштастыруға, өкімет билігінің
барлық тармақтары мен қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруге;
Қазақстан Республикасы халқының мүддесін қорғауға, тең құқықты
ынтымақтастық негізінде халықтың көші-қоны алмасуындағы Қазақстан мен
әріптес-мемлекеттердің басымдықтарын келісуге;
жергілікті халық пен көшіп-қонушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қамтамасыз етуге негізделеді.

Көші-қон саясатын іске асырудың басымдықтары, негізгі бағыттары

Көші-қон ахуалының қазіргі кездегі жағдайына және даму перспективасына
талдау жасау: біріншіден, көші-қон проблемаларын шешудегі басымдықтарды;
екіншіден, өтпелі кезенде оларды шешудің негізгі бағыттарын, тетіктерін
және көші-қон процестерін реттеу жөніндегі бағдарламаны әзірлеуді және оны
ұзақ мерзімдік перспективаға - әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен елдің
тұрақты дамуы кезеңіне іске асыруды айқындауға мүмкіндік береді.
Көші-қон саясатының неғұрлым елеулі басымдықтары ретінде:
өтпелі кезеңнің мәселелерін шешу үшін:
оралмандарды жайластыруға, қоныстанған жеріне олардың бейімделуіне және
жергілікті әлеуметтік ортаға бітеқайнасып кетуіне, қарулы жанжалдарды
бастан кешірген адамдарды психологиялық сауықтыруға барынша жәрдемдесу;
мәжбүрлі көші-қон, соның ішінде заңсыз көші-қон ағыны мен одан
туындайтын теріс салдарлардың алдын алу және жолын кесу;
босқындар деп танылған адамдардың әлеуметтік ортаға тезірек
бітеқайнасып кегуі және олардың өздері шыққан мемлекетке ерікті түрде
қайтып оралуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының аумағында көшіп келуді бақылау жүйесін құру
және дамыту;
эмиграция процестерін азайтуға және тұрақтандыруға, соның ішіңде
республиканың интеллектуалдық әлеуетінің кетуін болдырмауға жәрдемдесу;
ішкі және сыртқы еңбек көші-қонын реттеуді қамтамасыз ету;
ұзақ мерзімдік перспективада:
әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды жасау және соның негізінде көші-
қон ағанын қайта бағдарлау;
Қазақстанның геосаяси жағынан маңызды аймақтарында халық санының
сақталуына және одан әрі қалыптасуына жағдайлар жасау;
халықаралық еңбек рыногына Қазақстанның өркениетті ықпалдасуын
қамтамасыз ету, қазақстандық эмигранттар арасынан білікті мамандардың
қайтып оралуын ынталандыру;
Қазақстан Республикасының аумағында көшіп келуді бакылау ісінің
бірыңғай жүйесін енгізу және жүзеге асыру жолымен көшіп келу процестерінің
бақылануын қамтамасыз ету;
шет елдердегі отандастармен сындарлы өзара қарым-қатынасты қолдау және
дамыту болып табылады.

Көші-қон саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, тетіктері

Өтпелі кезең үшін:
1. Оралмандарды жайластыруға, олардың қоныстанған жеріне бейімделуіне
және жергілікті әлеуметтік ортаға бітеқайнасып кетуіне, қарулы жанжалдарды
бастан кешірген адамдарды психологиялық сауықтыруға барынша жәрдемдесу;
Оралмаңдардың жаңадан келген жерінде бітеқайнасып кетуі мыналарды
көздейді:
мемлекет кепілдік беретін негізгі құқықтары мен бостандықтарын іске
асыруға қажетті жағдайлар жасау және көмек көрсету;
өлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру,
жайластыруға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға және қайта
инвестициялауға мүмкіндік беретін жүйе жасау, жұмыссыз оралмандарды жұмысқа
орналасуға және қайта даярлауға жәрдемдесу, кәсіпкерлік бастаманы
көтермелеу, өлеуметтік қорғау жүйесіне нақты қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Оралмандарға көмектесу бағдарламаларын аймақтарды әлеуметтік-
экономикалық дамытудың бағдарламаларымен неғұрлым тиімді ұштастыру
мыналарды көздейді:
тұрғылықты халықтың мүдделерін ескеру. Оралмандарға көмек көрсету, олар
жинақы орналасқан аудандарда инфрақұрылымды дамыту кезінде тұрғылықты халық
арасында реніш тууына жол бермеген жөн. Бұл реттте, көшіп келушілер мен
жергілікті халық арасындағы этникалық, мәдени, тілдік және конфессиялық
арақатынасты ескеру маңызды.
атқарушы органдар мен оралмандар үшін көңілге қонымды тұрғылықты жерді
таңдау;
бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалана отырып оралмандардың
бейімделу және бітеқайнасып кету проблемалары туралы халыққа хабарлап
отыру.
2. Мәжбүрлі көші-қон ағынының алдын алу және одан туындайтын теріс
салдарларды болдырмау.
Басқа мемлекеттерден кслетін мәжбүрлі көші-қонның алдын алудың аса
маңызды бағыты - көші-қон ағынын жан-жақты есепке алу, заңнамалық базаны
жетілдіру және Қазақстан Республикасы шет мемлекеттермен екі жақты қарым-
қатынас орнату кезіңде отаңдастарымыздың әлеуметтік- экономикалық жағдайын
зерделу болып табылады.
Мемлекеттік басқару оргаңдары азаматтарды қоныстандыру процестерін және
олардың құқықтарын қорғауды реттейтін екі жақты және көп жақты келісімдерді
тезірек жасасуға және іс жүзіне асыруға жәрдемдесетін болады.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы елдерінде және алыс шет елдерде тұрып жатқан этникалық
қазақтардың қоныс аудару жағдайы туралы объективті ақпарат алуына, оралман
мәртебесін алуына және Қазақстан Республикасында тұруына жәрдем көрсететін
болады.
Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында экологиялық жағдайдың
мониторингін енгізу қажет. Егер ахуал халықтың өмірлік тіршілігі үшін
белгіленген нормаға сай келмеген жағдайда орталық және жергілікті атқарушы
органдар экологиялық жағдайдың бұзылу себептерін жою жөніндегі іс-шараларды
жүзеге асыратын болады, ал мұны жасау мумкін болмаған жағдайда - халықты
көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады және іс-әрекеті
экологиялық жағдайды бұзуға алып келген барлық меншік нысанындағы
кәсіпорындар мен ұйымдарды осы іс-шараларды қаржыландыруға тартады.
Экологиялық жағдайы қолайсыз аудандарда көшіп-қонушылар ағынын шектеу
жөніндегі іс-шараларды өзірлеу және өткізу қажет.
3. Мәжбурлі көшіп-конушылардың және босқындардын, өздерінің шыкқан
мемлекетіне өз еркімен қайта оралуы көші-қон саясатының негізгі
бағыттарының бірі болып табылады, оны жүзеге асыру мыналарды көздейді:
әрбір жеке адамға дара көзқарас;
өзінің тұрақты тұратын жеріне кайта оралуға мүдделі адамның ерікті
турде білдірген тілегінің болуы;
қайта оралу процесіне мемлекеттің қатысуы;
кемсітушілікке жол бермеу және адам құқықтарын сақтау, ұлттық әдет-
ғұрыптар мен дәстүрлерді ескеру;
қайтьш оралатын аймақтағы ахуал туралы бәрін қамтыған және объективті
ақпараттың болуы. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мұндай
ақпараттарды, соның ішінде тәуелсіз көздерден алуға ықпал жасауы тиіс. Адам
құқықтарын сақтау және жеке бастың қауіпсіздігі саласындаға жағдайға байқау
жургізетін халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдар маңызды рөл атқарады.

Көшіп келуді бақылау жүйесін жасау және дамыту.

Заңсыз көші-қонның жолын кесу Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін,
оның экономикалық муддесін және қазақстандық азаматтардың мүддесін
қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып табылады.
Қазақстандағы көші-қон бақылауының қазіргі жүйесі заңсыз көші-қонның
қалыптасқан жағдайына сай емес. Сондықтан көші-қон процестерін баскаруды
ұйымдастыру кезінде Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді орындауы, адам
құқықтарын іске асыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көші қон факторлары
Урбанизация туралы
Көші-қон
Қазақстанда қалуына жағдай жасау
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы, жолдары туралы
Қазақстан Республикасының көші – қон процестердің ерекшеліктері
Қазақстан мен Ресей арасындағы Көші - қон мәселелері
Көші - қон үрдісінің қауіпсіздікке ықпалы
Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері
Халықаралық миграция және мемлекеттердің миграциялық саясатын шешу принциптері
Пәндер