Қазақстан жазықтары, үстірттері және қыраттары



Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1. Қазақстан жазықтары, үстірттері және қыраттары
2. Батыс Сібір жазығының оңтүстік аймағы
3. Тұран ойпаты
4. Каспий маңы ойпаты
5. Үстірт
6. Торғай
7. Орал алды (Жем) үстірті
8. Жалпы Сырт
9. Бетпақдала үстірті
10. Балқаш маңы жазығы
Пайдаланған әдебиет
Жер шарындағы жер бедерінің барлық пішінін Қазақстан жерінен кездестіруге болады. Республика аумағының ұзақ уақыт геологиялық тарихи дамуы нәтижесінде қазіргі жер бедерінің пішіндері пайда болды. Оған ойпаттар мен жазықтар, үстірттер мен қыраттар, аласа таулар мен биік таулар мысал бола алады.
Қазақстан жерінің үштен бірін Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі, Тұран ойпаты мен Каспий маңы ойпаты алып жатыр.
Батыс Сібір жазығының оңтүстік аймағы
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысында Орал тауларынан Алтайға дейін созылған ұзынша өңірді қамтиды.
Бұл жазықтың жер бедері бірыңғай тегіс. Кей жерлерінде ғана солтүстік-шығыс бағытта 2-8 км-ге созылған 5-15 м аласа жалдар мен жондар бар. Олардың арасында ұсак көлдер тізбегі таралған. Бір кезде теңіз түбі болғандықтан, горизонталь бағытта орналасқан теңіз шөгінді жыныстарынан (саз, саздауыт, құм) тұрады. Батыс Сібір жазығы оңтүстіктен солтүстікке қарай еңістеу келеді.
Оңтүстікте - Сарыаркаға тірелген жерінде мұхит деңгейінен 200 м-ге дейін көтеріледі де, солтүстік, солтүстік-шығыс бағытта (Петропавл маңында) 130-140 м-ге дейін төмендейді. Бұл еңістікті өзендердің өте баяу ағуынан да байқауға болады. Батыс Сібір жазығы Ертіс маңы және Есіл-Тобыл жазықтары болып екіге бөлінеді.
Тұран ойпаты
Тұран ойпаты Орта Азияның солтүстік-батысы және Қазақстанның оңтүстік-батысындағы едәуір жерді алып жатқан ойпаң өңір. Қазакстанға оның тек солтүстік бөлігі ғана кіреді, ойпат негізінен Орта Азия республикалары жерінде орналасқан. Ойпаттың шеткі жағалаулары теңіз деңгейінен 200 м-ге дейін көтеріледі де, ортасындағы ойысАрал теңізіне қарай төмендейді. Тұран ойпаты көл, теңіз және өзендердің шөгінді жыныстарынан (лесс тәрізді саз, саздауыт, құм мен құмайт) түзілген. Тұран ойпаты солтүстік-батысында Торғай қолаты арқылы Батыс Сібір жазығымен жалғасады.
Сырдария өзені Тұран ойпатын Қазакстан жерінде екі бөлікке - солтүстікке және оңтүстікке бөледі. Оңтүстігін Қызылқұм, солтүстігін (Арал маңы) Қарақұм, Үлкен жәнө КішіБорсық құмдары алып жатыр. Қызылқұмның жер бедерінде құмды төбелер мен кырқалар басым, ара-тұра тақырлар да кездеседі. Өсімдіктер өскеннен кейін құмдар бекіген, әйтсе де кей жерлерде сусыма шағыл түзетін құмдар да бар.
1. Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008.
2. http://kk.wikipedia.org/wik
3. www.google.kz
4. www.referats.ru
5. www.trt.kz

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

1. Қазақстан жазықтары, үстірттері және қыраттары
2. Батыс Сібір жазығының оңтүстік аймағы
3. Тұран ойпаты
4. Каспий маңы ойпаты
5. Үстірт
6. Торғай
7.  Орал алды (Жем) үстірті
8.  Жалпы Сырт
9. Бетпақдала үстірті
10.  Балқаш маңы жазығы
Пайдаланған әдебиет

Қазақстан жазықтары, үстірттері және қыраттары

Жер шарындағы жер бедерінің барлық пішінін Қазақстан жерінен
кездестіруге болады. Республика аумағының ұзақ уақыт геологиялық тарихи
дамуы нәтижесінде қазіргі жер бедерінің пішіндері пайда болды. Оған
ойпаттар мен жазықтар, үстірттер мен қыраттар, аласа таулар мен биік таулар
мысал бола алады.

Қазақстан жерінің үштен бірін Батыс Сібір жазығының оңтүстік
бөлігі, Тұран ойпаты мен Каспий маңы ойпаты алып жатыр.

Батыс Сібір жазығының оңтүстік аймағы

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-
шығысында Орал тауларынан Алтайға д ейін созылған ұзынша өңірді қамтиды.

Бұл жазықтың жер бедері бірыңғай тегіс. Кей жерлерінде ғана солтүстік-
шығыс бағытта 2-8 км-ге созылған 5-15 м аласа жалдар мен жондар бар.
Олардың арасында ұсак көлдер тізбегі таралған. Бір кезде теңіз түбі
болғандықтан, горизонталь бағытта орналасқан теңіз шөгінді жыныстарынан
(саз, саздауыт, құм) тұрады. Батыс Сібір жазығы оңтүстіктен солтүстікке
қарай еңістеу келеді.

Оңтүстікте - Сарыаркаға тірелген жерінде мұхит деңгейінен 200 м-ге
дейін көтеріледі де, солтүстік, солтүстік-шығыс бағытта
(Петропавл маңында) 130-140 м-ге дейін төмендейді. Бұл еңістікті өзендердің
өте баяу ағуынан да байқауға болады. Батыс Сібір жазығы Ертіс маңы және
Есіл-Тобыл жазықтары болып екіге бөлінеді.

Тұран ойпаты

Тұран ойпаты Орта Азияның солтүстік-батысы және Қазақстанның оңтүстік-
батысындағы едәуір жерді алып жатқан ойпаң өңір. Қазакстанға оның тек
солтүстік бөлігі ғана кіреді, ойпат негізінен Орта Азия республикалары
жерінде орналасқан. Ойпаттың шеткі жағалаулары теңіз деңгейінен 200 м-ге
дейін көтеріледі де, ортасындағы ойысАрал теңізіне қарай төмендейді. Тұран
ойпаты көл, теңіз және өзендердің шөгінді жыныстарынан (лесс тәрізді саз,
саздауыт, құм мен құмайт) түзілген. Тұран ойпаты солтүстік-батысында Торғай
қолаты арқылы Батыс Сібір жазығымен жалғасады.

Сырдария өзені Тұран ойпатын Қазакстан жерінде екі бөлікке -
солтүстікке және оңтүстікке бөледі. Оңтүстігін Қызылқұм, солтүстігін
(Арал маңы) Қарақұм, Үлкен жәнө КішіБорсық құмдары алып жатыр. Қызылқұмның
жер бедерінде құмды төбелер мен кырқалар басым, ара-тұра тақырлар да
кездеседі. Өсімдіктер өскеннен кейін құмдар бекіген, әйтсе де кей жерлерде
сусыма шағыл түзетін құмдар да бар.

Каспий маңы ойпаты

Солтүстігінде Жалпы Сырт қыраты, шығысында Орал алды үстірті,
оңтүстігінде Каспий теңізінің аралығында жатыр.

Оңтүстік-шығысында ойпат Үстіртке және Маңқыстау өңіріне жалғасады. Ол
теңіз және өзен шөгінділерінің құм, саз және тұнба қабаттарынан
түзілген. Каспий теңізі жағасындағы ойпат теңіз деңгейінен 27 м төменде
жатыр. Теңізден кашықтаған сайын, оның биіктігі бірте-бірте көтеріліп, 100
м-ге дейін барады. Каспий маңы ойпатының жалпы жер бедері тегіс. Ол бірнеше
рет теңіз табаны болғандықтан кейде ондаған шақырым бойы көтеріңкі жер көре
алмайсың. Ойпатта көбінесе тегіс сазды жазыктар мен құм жондары кездеседі.

Ойпатта Нарын,
Батпайсағыр, Бозанай, Қосдәулет, Мы ңтеке, Тайсойған, Қаракұм құмдары бар.
Аумағы жағынан ең үлкені Жайық өзенінің батысындағы Нарын құмы. Беті ойлы-
белесті құм төбелер қырқалы ойыстармен алмасады. Өсімдіктер өсіп, бекіген
құм жондарының кей жерлерінде көлдері мен сорлары бар кішігірім құмды
адырлар мен ойыстар ұшырасады.

Каспий маңы ойпатында күмбез тәрізді қыраттар да кездеседі. Олардың
кейбіреулерінің биіктігі 100 м-ге көтеріліп, тегіс жазықтардың арасынан құм
төбелер көрінеді.Мұнай, гипс, ас тұзы, т.б. пайдалы казбалардың кен
орындары осы тұз күмбездерімен тікелей байланысты.

Ойпаттың оңтүстік бөлігінде биіктігі 10-45 м, ұзындығы 25 км, ені 200-
300 м, ара кашықтығы 1-2 км шамасындағы бэр төбешіктері кеңінен таралған.
Жер беде- рінің бүл пішінін алғаш сипаттап жазған академик К.М. Бэр,
сондықтан оның есімімен аталады.

Бэр пікірі бойынша жартылай дефляция нәтижесінде (желдің әрекетінен)
және жартылай эолдық аккумуляция (ұшқан құм көшкіндері алыс кашықтықтарға
кетпей жақынырақ жерлерде орнығуы) нәтижесінде пайда болған.

Үстірттер мен қыраттар Қазақстан жер бедерінің биігірек үлкен бөлігін
қыраттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Еуропа және Сібір платформалары
Европаның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Африка мемлекеті
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
Африка туралы мәліметтер
Африка материгінің жер бедері мен геологиялық даму тарихы
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі және оның экологиясы
Африка континенті
ЕУРАЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ЕУРАЗИЯ МАТЕРИГІНІҢ АЙМАҚТАРЫНА СИПАТТАМА
Жерорта теңіз алқабы
Пәндер