Сезім және эмоция


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Сезім мен эмоция

Ғылым тілінде адам бойындағы түрлі пси-хикалық құбылыстарды сезім деп атайды. Күн-делікті тұрмыс-тіршілік-те ақыл-парасат иесі-нің бойында кездесетін сезімдер әрқилы. Олар-дың ең бастылары: то-рығу мен жайдарылану, ашығу мен тоқмейілсу, шөлдеу мен шаршау, ауырсыну мен рахат-тану, сырқаттану мен сауығу, ұнату мен жеккөру, шошу мен ұялу, таңдану мен тамсану және т. б. Сезімдердің ұзақтығы мен қарқыны, деңгейі мен сипаты, табиғаты мен мазмұныда сан алуан. Оның бір сәттік тебіреністен күнделікті құштарлық-қа, үстірт эмоциядан терең де тұрақты се-зімге де ұласуы ғажап емес.

Эмоция да адамның айналасындағы өмір шындығына және өз басына деген қарым-қатынасы болып табылады. Және оның жүзе-ге асуына сезімдей әсер етеді. Жалпы, осы эмоция мен сезім ұғым-дарының өзіндік айыр-машылықтары бар. Психолог Қ. Жарықбаевтың пікірінше: «Эмоция адамның түрлі орга-никалық қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, ситуация-лы көңіл-күйлері, адам қуанғаннан, қамыққан-нан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі. Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқала-тын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек ағза тұрғысынан көрсете алады.

Сезімдер - адамдар-дың бір-бірімен қарымқатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын процесс. Достық, адал-дық сезімдері адамдарда бірден қалыптаса қоймайтындығы бел-гілі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді бай-қалмайды. Тұрақты, те-рең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі».

Адамның сезім мүшелері Тіршілік иелері - адамдар мен жан-жануар-лардың ағзасында ішкі және сыртқы ортаның сан алуан әсерлерін қабылдайтын, оны ми-

дың сезімтал орталық-тарына жеткізетін тал-дағыштардың шеткі бөлімі бар. Мұны - рецепторлар деп атайды. Олар денеге әсер етуші тітіркендіргіштердің бел-гілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейім. Олар өздерінің орналасу орнына сәйкес экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді, дейді ғалымдар. Экстерорецепторлар - қоршаған ортадан келетін тітіркендіргіш әсер-лерді (дәм, иіс, жанасу сезімі, көру, есту) қабылдаушы. Интерорецептор-лар - ішкі органдарда,

қан және лимфа тамыр-ларындағы қабырғалар- да орналасқан, осы органдардағы тітіркеніс-терді қабылдаушы. Олар: ішкі органдардағы барорецепторлар мен олардың кілегейлі қабықта-рындағы бос сезімтал рецепторлар, тамырлар қабырғаларындағы аншорецепторлар, тірекқимыл аппараты орган-дарындағы, проприорецепторлар. Тірек-қимыл аппараты дегеніміз - сүйек бұлшық ет, буын.

Бір мәселедегі сезімдер қайшылығы

Біздің өмірімізде болып жатқан әр түрлі өзгеріс-тер эмоциялар мен сезімдердің қайнар көзі екені мәлім. Тек, бір жағдайдың, бір заттың әр адамға әрқилы әсер ететін де кез-

дер болады. Біз олар-дың кейбіріне тоқталсақ: шөлдегенде ішкен бір стақан су адамның жанын рахат сезіміне бөлейді. Ал енді шөлдемеген кісі-ге зорлап ішкізсе, оның бойында ашу, наразылық сезімін туғызады. Әрбір адам музыканы тыңда-ғанда сүйсініп, етжүрегі елжірегенімен, жақсы сезімдер құшағында бол-ғанымен, барған концерті тым ұзаққа созылып кетсе, қалжырап, жалығып кететіні өтірік пе? Яғ-ни, эмоция мен сезімнің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол адамның еркімен, ние-

тімен, мінезінің ерекше-лігімен, талап-тілегімен әр түрлі көріністе, сипатта анықталады. Олай болса, эмоция мен сезім әлемі өте күрделі, алуан түрлі, таңғажайып сырларға толы. Зерттеу-ші мамандардың пайымдауынша, адамның эмо-

циясы мен сезімі қоғам-дық-тарихи сипатта болса, жануарлардың эмоциясы биологиялық күйде, тек есте болатын бір жағдай, адам сезімдері-не лайықты көріністер жануарлар психикасында ұшыраспайды. Оның сәл ұшқыны сезілгенімен, ол адамның сезімдеріндей нәзік те ұзақ, ұлы емес.

Адам бойындағы ең биік сезім

Ол жөнінде әркімнің өзіндік ой-пікірі, түсінігі болады. Біздің және бірқатар мамандардың дүниетанымы бойынша, адамның жоғары сезім-дері көп. Солардың ішінде әркімнің күнделікті тыныс-тіршілігінде ай-рықша орын алатыны жә-не ең бастысы - парыз сезімі. Бұл - адамның өз Отанының, халқының, ата-анасының, отбасының, туған-туыстарының, еңбек ұжымының, қоға-мының, дінінің, өзіндей адамдардың алдындағы парызы. Адамдар оны қалай түсінеді, оған сөзі-мен, ісімен қалай жауап береді, оның бәрі өзінің де, өзгенің да алдында көрініп тұратын өлшем. Парыз сезімі терең дамы-ған адамда оны орындау, өтеу ауырлық әкелмейді, қайта бақытқа бөлей-ді, оған зор сый-құрмет сыйлайды.

Сезім арқылы адамды танып, білу

Адамды танып, білу үшін оның қалай ойлайтынынан, соған сәйкес қалай іс-әрекет ететінінен хабардар болу жеткіліксіз. Ең бастысы, адамның не нәрсені де тебірене се-зінетінін білуіміз қажет. Бұл орайда психолог мамандар адамның сезімін 4 топқа бөліп сараптап, бағалайды. Олар: сезімнің бағыттылығы; сезімнің тереңдігі; сезімнің тұрақты-лығы; сезімнің әсерлігі.

Егерде адамның сезімі не болса, соған әсерле-ніп, бетімен лақса, онда ол ақыл-парасат иесінің шығармашылығына, тіршілік үшін күресіне, ал-дына қойған мақсат-мүддесіне мықты тірек бола алмай, адамды тура жолынан адастыруы да, қате қадамдарға бастыруы да, негізгі парызы мен міндетін адал атқаруы-нан аластатуы да мүмкін. Адам сезімі оның мақсат-мүддесімен қаншалықты қабысып жатыр, оның беріктілігі қандай, бар бақыт, абырой соған бай-ланысты.

Адамның эмоциялық өмірін талдап, таразыла-ғанда оның өмірінде ең үлкен орын алатын сезімдері қандай, ол жеке дүниетанымынан, көзқа-расынан туған ба, негізгі мақсаттарымен сәйкес келе ме, сезімдері ұсақ па, ірі ме, аумалы-төкпелі ме әлде тұрақты ма, соған басты назар аударған жөн. Себебі, кейбір сезімдердің бағытына сәйкес жоғары немесе уақ болатыны белгілі.

Осы орайда өшпенділік сезімін алып, қарастырсақ, Елің мен Жеріңнің жауларына деген өшпенділік сезімің сені ер-лікке құштарландырады, қаһарман етіп шығарады.

Олай болса, бұл ең жо-ғарғы сезім. Ал енді, ба-ғы жанған біреуді күндеп, оған өшпенділікпен қарау - өсек туғызып, жат қылықтар жасауға итер-мелейді. Яғни, бұл - тайыз сезім. Көрдіңіз бе, бір ғана өшпенділік сезімінің өз бағытына (не нәрсеге бағытталуына) байланысты қандай мән-маңызға ие болып отырғанын.

Кез-келген адамның эмоциялық өмірінің бай-лығы мен мазмұндылығы бойындағы сенімдерінің күшімен емес, тереңдігі-мен өлшенеді. Терең се-зім әр адамның тыныс-тіршілігінің ең маңызды жақтарын қамтиды, ойымен, талап-тілектерімен жан-жақты байланыста болады, өзінің бүкіл рухани болмыс-бітіміне әсер етеді, оған нәр береді. Бұл орайда Лермонтов былай деген: «Сабырлы-лық - бойда жасырынып

жатқан ұлы қуаттың бел-гісі; сезімнің, ойлардың толық және терең болуы ұстамсыз қылықтарды болдырмайды». Иә, тез лып етіп өте шығатын, сыртқа көрінуі күшті сезімдердің барлығы бірдей терең сезімге жатпайды, адамның сенімі-нен туатын, оның өмірлік күресінің бағыт-бағдарын айқындайтын, принципті түрде жек көруді туғыза-тын сезімдер терең сезім болып саналады.

Қандай сезім тұрақты? Адамның бойындағы сезімі терең болса, ол тұ-рақты да берік. Тайыз сезім күшті болғанымен, уақытша және өткінші. Кез-келген адамның басында болатын жағдай, ол бір істі шын жүрегімен сүйсе, оған зор сенім артса, онымен әрдәйім шұ-ғылданса да зерікпейді, қажып шаршамайды. Ке-рісінше, бұл іске күннен-күнге ынта-ықыласы арта түседі. Жақсы ән-күйді тыңдауға құштар жан оны тыңдаған сайын оған деген құштарлығы кемі-мей, керісінше, арта тү-седі. Өмірде ықыласы тайыз, тұрақсыз, бар күнін күлкі-думанмен өткі-зуге құштар адам тез қа-

жиды, бәрінен де тез суынады, тез жалығады. Өйткені, оның сезімі терең емес, тайыз, үстірт қана. Олар уайым-қайғы-ға да тез көндігіп кетеді де, өмірі күн санап бос болып, мәңгіреді. Бұл сезімі тайыз, үстірт адамдардың эмоциясы мен сезімінің тез мұқалғышты-ғынан, тез жасып кете-тіндігінен.

Сезім-адамның мінез-құлқы үшін қозғаушы күш. Тек есте болатын бір мә-селе, кейбір адамдар үшін қозғаушы күш болып табылатын сезім екінші бір адамдардың мінез-құл-қына онша әсер етпейді. Осы соңғы категория-дағы адамдардың бір сезімге қатты берілуі де мүмкін, бірақта ол ісіне, қылығына әсер ете қой-майды. Сонда сезім әсер-

сіз болғаны ма? Жоқ, берік және терең сезімдер-дің әсерлік күші жоғары. Негізінен, зерттеушілер сезімнің әсерлілігі деп оның адамды іскерлікке жұмылдырушы қабілетін, күш-қуатын айтады.

Терең де берік сезім қашанда адамның ойын туралап, барлық іс-қимылына белгілі бір ба-ғыт-бағдар сілтейді, қызметіне белгілі бір дәре-жеде әсер етеді. Психологтар сезімнің бұл түрін құмарлық деп атап, «Құмарлық адамның тұла-бойын билеп алады, сол себепті ол үлкен күш», - дейді. Иә, өзінің Елі мен Жерін сүю, оның әдебиеті мен мәдениетін, ғылымы мен білімін сүю-адамды ізгі істерге ұмтылдырады, ерлік істерге, ұлы шығармаларға жол ашады.

Біздің тіліміздегі «құмар-тып сүю», «ызаланып жек көрушілік», «өз ісіне деген құштарлық» деген сөздер әсерлі, өте терең, тұрақты сезімдер туралы.

Ғалым Б. М. Тепловтың айтуынша: «Сезімнің әсерлігі жөнінен, бір жағынан, сентиментальдық адамдар, екінші жағынан, құ-

мартқыш адамдар бір-біріне қарама-қарсы болады. Біріншілер өз се-зімдеріне өздері сүйсініп, содан ләззат алатындар, ол туралы көп айтады, бірақ оны іске асыру жа-

ғын аз ойлайтындар; екіншілері, сезімдерін көп білдірмейді, бірақ өмірі соның соңында болады, оларды іске асыруға тырысады . . . ».

Адамның ерік күші

Ол адамның мінез-құлқын сапалы түрде меңгеруі, белгілі бір мақсатқа жетуде, іс-әрекетті орындап шығуда қиындықтар-ды жеңе білуі, сонда жарқырап көрінетін ішкі қуат көзі. Негізінен, адамдар-дың бүкіл қимыл-әрекет-тері екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлар: еріксіз әре-кеттер (түшкіру, жөтелу, т. б. ) ; ерікті әркеттер. Солардың ішінде ерікті әрекеттер қарапайым қоз-ғалыстан (жерге түскен затты көтеріп алу сияқты)

бастап, ерекше ерлікке (оққа кеудесін тосу тәріз-ді), күрделі тарихи қыз-метке (мемлекет құру, дегендей) дейін болуы мүмкін.

Кез-келген парасатты адам ең әуелі, өзінің ерікті әрекетінің мақ-сатын белгілеуге тиіс.

Ол ниет немесе тілек түрінде жүзеге асады. Тілекте келешекте атқарылатын іс-қимыл

ойға бекиді. Ниетте де солай. Сосын іс-қимыл-дың жоспары жасалады. Зерттеушілердің айтуынша, әрбір адамның өзіне тән ұнамды, ұнамсыз ерік саналары болады. Еріктің ұнамды қасиеттері: дербестік, батылдық, табандылық.

Еріктің ұнамсыз қасиет-тері: өзгенің сөзіне еріп, иланғыштық, қорқақтық, шыдамсыздық, ырықсыздық. Ерікті қалып-тастыруда адамның өз еркін өзінің тәрбиелеуі зор маңызға ие.

Ерік күшінің қозғаушысы - сезім. Барлығы-на немқұрайлы қарай-тын адам үлкен ерік иесі бола алмайды. Ал өз сезімдерінің құлы болушылар ерік иесі емес, ын-жық жандар. Ерік күшін қару етіп соғыстарда ерлік көрсеткендерде Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен дұшпанына деген өшпенді-лігі, шектен асқан ұс-тамдылығы бір-бірімен ұштаса білді, олар ойланып, бәрін де ақыл таразысына салып іс-қимыл жасады.

Адам қабілетінің қайнарын зерттеуші әрі жазушы Виктор Пекелис: «Ерік деген кездейсоқ таңдаған мақсатқа көз-ді жұмып, қиындығына төзіп ұмтыла беру емес, ол мақсатқа лайық және ақылға қонымды, өзіңе де, қоғамға да пайдалы істі көздеп, соны жүзеге асыруға тырысу, кедер-гілерді жою бағдарла-масын сабырлы да салиқалы түрде қолдану, әрқилы кезеңде үйле-сімді шешім қабылдау», - дейді. Иә, адамның ерік күші ақылмен, терең сезіммен ұштасуға тиіс. Сонда ғана ол жемісті болады.

Ерік әрекетте қалып-тасады. Адамның өз еркін тәрбиелеуде мүм-кіндігі мол. Кімде-кімнің қатты жігерленіп, күші кернеп, іске белсенді түрде кірісуі еріктік әрекеттің ерекшелігі болып табылады. Біз енді өзіміздің ой-толғауымызды ғалымдардың, тарихи тұлғалардың сезім, ерік күші, оның бір-бірімен байланысы туралы ұлағатты сөздерімен қор-тындыласақ. Б. М. Теплов: «Адамның жандүние-сінің шарықтап, жан-жақты жетілуінің қажетті шарты - сезім-дердің байлығы. Сезімнің қораш, солғын бо-лушылығы - адамның өмірін де күңгірт, мардымсыз етіп жібереді».

В. Шекспир: «Жеке өмірде терең сезім адамға зор қуат береді. Өзін терең, қуатты сезімдерге баули алмағандар бүгін біреуге, ертең біреуге үстірт, кездейсоқ, сүйіс-

пеншілік білдіруге құш-тарланып тұрады.

Біздің жеке басымыз - бақ, ал біздің ерік-жігеріміз - оның бағбаны».

А. С. Макаренко: «Ерен ерік-жігер - бір нәрсені қалау және жете білу ғана емес, қажет болғанда одан бас тарта білу».

Эмоция және оның балалық шақта дамуы . Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады.

Эмоцияға арналған тақырыптарға психологияның өзғе тақырыптарында арнайы мәселе ретінде сөз болмаған, таза натурализм үстемдііі туралы мәселелеге тоқталамыз. Бұл тақырып эмоцияға натуралистік теорияаіын еңуімен психологиядағы бихевиоризм және мінез-құлық туралы бағыттардың пайда болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек бұрынғы психологиядары эмоция тақырыбы методологиялық жағынан белгілі бір жағдайда бихевиоризммен жіптес. Өйткені психологиядағы бихевиористік бағыт бұрынғы спиртуалистік интроспекциялық психологияга тікелей қарсы шығады. Соған орай эмоция тақырыбы негізінен натуралистік бағытга баяндальш, өзге тақырынтармен салыстырғанда өз алдьіна ерекшеленіп, арпа ішіндегі бидай дәніндей болып көрінеді.

Бұлай деп аныктаудың көптеген себептері бар. Осы ретте біз Дарвин іліміне арқа сүйейміз. Ол өзінің «Адамның жарасымды қозғалыстарының пайда болуы» деген еңбегінде бұрынғы биология ғылымынын дәстүрлерін одан әрі дамыта отырып, адамның сезімі мен эмоциясы хайуанаттар дүниесінің соқыр сезімі мен аффекттік серпілістерімен тығыз байланысты түрде дамып жетіле түсті дейді. Оның жақында орыс тіліне аударылған мақаласында адам бойындағы жарасымды қимыл-қозғалыстарының бәрі эволюциялық даму нәтижесі екендігін баяндай отырып, адамның жан дүниесінің ішкі «қасиетті сыры» болып табылатын сезімінің пайда болуы, адамның өзі сияқты, жануарлар дүниесінің қылығымен төркіні бір деп жазады. Мәселенің шындығына үңілетін болсақ, Дарвиннің бұл пікірі адамға ұқсас жоғары сатыдағы жануарлар мінез-құлқындағы ұқсастықтардың бар екендігі ешқандай күмән тудырмайды.

Бір тарихшы ғалымның айтуына қарағанда орта ғасырлық діни көзқарастарынан арыла қоймаған ағылшынның бір психолог маманы Дарвиннің идеяларына аса сақтықпен қараған көзқарасын бетіне перде етіп тұтып, оған жанашырлық кейіп біріп былай депті: Дарвин адам тіршілігіне тән адам максат-мүддесін және оған құмарлығын жануарларға тән сезім күйі мен әмоциясының пайда болуын дәлелдеп берді.

Сонымен осы айтылған жайттар психологиялық ойдың екі түрлі бағытта дамуына түрткі болды. Оның бірі Дарвин идеяларын дамытуға үлес қоскан психологтар (біршама үлес қосқан Г. Спенсер) мен оның шәкірттері, француз позитивистері Г. Рибо жәнс оның мектебі, немістің биологиялық бағыттағы психологтары адамның сезімі мен аффектік және хайуанаттрдың соқыр сезімге негізделген идеяларын әрі дарай дамыта түсті. Осы бағыттағы зерттеушілердін эмоция жайындары теория (бұл теорияны тиісті әдебиеттерде рудиментарлық деп атайды) барлық дерлік оқулықтарға, соның ішінде орыс тілінде жазылған құралдарымызға да енгізілді.

Осы теория тұрғысынан алып қарағаида біздін бойымызды қорқыныш билегенде, бет құбылысы мен денеміздегі әр ал) қимыл-қозғалыстар арғы тегіміз жануарлар дүниесінің өз жау- ларынан қорқып, сақтануға бейімдеу әрекетінең не бойымыз ашу-ыза кернеп, өз сезімдеріміздің сыртқы әсерлерге серпінуіне пайда болатын қозғалыстардың бәрі хайуанатардың тіршілігі бейнесінен қалған сипатгар екенін байқатады. Соран орай қорқыныш кезінде бөгеліп аңырып қалу, ашу-ыза кернегенде төбелесу де сезім күйдің (эмоцияның) сыртқы көріністері болып табылады. Басқаша айтқанда, адамның абжыл да, шапшаң қимыл-қозғалыстарының бәрі сол ертедегі жануарлар дүниеси тіршілігінен қалған ерекшеліктер деп саналады. Осыган орай Рибо эмоциялық құбылыстардың бәрі адам психикасында ертеден сақталып қалган бірден-бір қасиет, немесе оның өз сөзімен айтұанда эмоциялар «мемлекет ішіндегі мемлекет» деп анықтайды. Рибоның бұл салыстырмалы пікірін адамның сезім күйі оның жан дүниесінің билеушісі деген мағынаны білдіріп, ол адам мінезіндегі ертеден қалған ұнамсыз қылық деп есептейді. Осы орайда қазақ халкының мақалы: «Ашу-дұшпан, ақыл-дос, ақылына ақыл қос» дейді. Рибоның білдірмек болған ойының мәнісі - эмоция жойылып бара жатқан тайпа, не «біздің, психикамыздағы сығандар». Шындығында, осы ретте психолог мамандар белгілі бәтуаға келіп, адамның бойын ашу-ыза кернеп, оның қимыл-қозғалыстары мен мінезіндегі жағымсыз қылықтарын бәрінің сырттай көрінісі сол хайуанаттар дүниесінен қалған сарқыт дейді. Осындай сипат адам психикасының дамуында біртіндеп әлсірейді де, ол адамның сырт көрінісінен де, жан дүниесінің ағымынан да өшіп кететін болады.

Сонымен, сезімнін қисық сызығы уақыт озған сайын бәсенси бермек. Егер, - дейді Сненсердің соңғы шәкірттерің; бірі, - біз хайуа». мен адамды, бала мен ересекті, қарапайым кісі мен мәдениетті адамды өзара салыстырып көретін болсақ, онда эмоцияның біртіндеп әлсіреп, ізін жоғалта бастағанын айқын байқаймыз. Міне, осындай мәліметтерге сүйене отырып, зерт -теушілер мынандай жорамал жасайды: болашақтың адамы эмоциясыз болады, ол өз сезімін ақыл-ойға, жүйелі ойлауға билетеді. Сөйтіп біздің бойымызда ежелден келе жатқан хайуанаттарға тән сезім ізі өшеді дейді. -

Бұл орайда өзінен-өзі айқын болатын бір жайт - хайуанаттардың эмоциялык әсерленуі және онын жануарлар дүнесінде дамуы деген бір ғана тарауды психологияда зерттеу шектелу жеткілікті болар еді. Бұл тарау қазіргі психологияда барынша терең әрі толық зертгелген. Ал адамға қатысты эмоция мәселелерінін өзіндік ерекшеліктері мен дамуы мүмкіндігінше тарапты зеттеуді талап етеді. Әсіресе, балалық кезеңдегі эмоция ерекшеліктерін зерттеп, оны дамыту жолдарын ашып көрсеіудің манызы ерекше. Осы кездегі зерттеулер керісінше балалардың эмоциясын әлсіретіп, оларды болдырмаудың әдістеріне көңіл аударады. Алғашқы адамдардан бастап қазіргі адамдардың эмоция қуатының өзгеру ерекшеліктері эволюциялық даму жолымен салыстырып іздестіріліп келеді. Мұңдай ретте ерекше ескеретін жайт - адам пІсихикасы эволюциялық дамуда үнемі күрделеніп жоғары өрлесе, ал оның эмоцңясының дамуы кері кетіп бәсеңдеп отырады дейді. Эмрция дамуын осы бағытта іздестірген зерттеу-шілердің пікірін мінеп, Рибо адам психикасының дамуында тұтас бір процестің жойылуының даңкты тарихы деп мысқылдайлы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сезім мен эмоция жайлы
Тұлғаның сезім мен эмоцияларына қатысты психикалық процестер
Эмоцияның пайда болуы, дамуы, сипаттамасы
Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары
Адамның сезімдік сферасының дамуы
Эмоцияның және сезімнің психофизиологиясы
Сезім және эмоция жайлы
Сезім мен эмоция
Эмоция ұғымына жалпы түсінік
Эмоция және оның балалық шақта дамуы.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz