Жұқпалы ауруларды анықтаудың және алдын-алудың жалпы принципі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы : «Жұқпалы ауруларды анықтаудың және алдын-алудың жалпы принципі»

Жоспары:

1. Тақырып маңыздылығы

2. Жұқпалы ауруларды анықтау

3. Жұқпалы ауруларды алдын-алуы.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Тақырып маңыздылығы

Жұқпалы аурулар уақытша жұмыс қабілетін жоғалтуға ғана емес, соматикалық аурулардың туындауына әсер етуші механизм болып табылады. ДДҰ мәліметі бойынша жер шарының жарты тұрғындары жұқпалы ауруларға қауіпті эндемиялық белдеулерде тұрады.

Адам аурулары ішінде жұқпалы аурулар бұрынға жылдар сияқты жетекші орындарда тұр.

Бірде бір мемлекет өзін жұқпалы аурулардын қауіпсіздендіре алмайды, себебі жұқпалы аурулар қаупі үнемі төніп тұрады. Дәрілік препараттарға және дезинфектанттарға қоздырғыштардың тұрақтылығы үнемі өсіп отыр.

Осыған байланысты ерте анықтау өте маңызды және дер кезінде жүргізілетін алдын-алу шаралары маңызды.

2. жұқпалы аурулардың анықталуы

Жұқпалы ауруларды анықтау науқасты жан жақты және жүйелі тексеруге байланысты, оларға анамнез жинау (эпидемиологиялық анамнез), орган мен жүйені объективті динамикада тексеру, лабораторлы және инструментальды зерттеу әдістерінің қорытындылары.

Ару тарихы (Anamnesis morbi)

толық және белсенді жиналу керек. Науқастың айтқан пассивті әңгімесімен шектелмей оны толық сұрау қажет. Мына ерекшеліктерді айқындау қажет

-аурудың басын (жедел немесе біртіндеп)

- қалтырау немесе қызбаның болуы

-температураның жоғарылау дәрежесі, ырғағы

- диспепсиялық құбылыс сипаты

-аурудың локолизациясы және интенсивтілігі (бас, іш, бұлшықет, буын)

-ұйқысының бұзылуы және т. б.

Жұқпалы ауруларды білуге эпидемиологиялық анамнездің маңызы өте зор - бұл арнайы тексеру әдісі болып табылады. Бұл арқылы мынадай мәліметтерді анықтаймыз:

-жұғу орны, жағдайы және мекенін анықтаймыз;

-қоздырғыштың ену жолын және басқа адамдарға таралуын анықтаймыз;

-осы немесе басқа инфекциямен қатынаста болған адамды көрсету арқылы қандай инфекция екенін білеміз;

-жануарлармен қарым-қатынаста болу (кәсіби) - мүмкін болатын ауру көзі;

-эндемиялық немесе эпизотиялық ошақтарда болу;

-науқастың тұрмыс жағдайы, демалуыжәне тағамдануы, жалпы өмір сүру қалпын анықтау;

-жәндіктердің тістеуіне көңіл аудару;

-жарақаттану, травма, операция гемо немесе серотрансфузия және т. б. емдік әрекеттер.

Сонымен қатар бұрын ауырған жұқпалы аурулар, алдын-алу егулері, вакцинадан кейінгі асқынулар, сарысуларды енгізу, иммуноглобулиндерді қолдану, ГКС, антибактериальды препараттарды қолдану туралы мәліметтер маңызды.

Клиникалық тексеру

науқасты тексеру белгілі бір ретте жүргізіледі. Бірінші ретте тексеру керек.

Науқастың жалпы жағдайын бағалау (есінің болуы, психикалық тепе-теңдік, есінен тану, қозу және тежелу, эйфория тәртібі қалыпты)

Тері қабатын қарауда:

-терінің түсі (бозарған, қызарған, сарғайған)

-ылғалды, дермографизм айқындығы, бөрткеннің болуы, экзантема

-егер бөрткен болған жағдайда оның пайда болу мерзімін, ораналасуын, сипатын (розеолла, петехия, папула, везикула, пустула) .

Конъюктива, шырышты қабаттар аңқаны қарау өте маңызды

- склера тамырының инъекциясы

-шырышты қабаттың гиперемиясы

-энантема (энантема экзантеманың алдында болады, сондықтан бұл ерте диагноз қоюда маңызды) .

Кейбір жұқпалы ауруларды анықтауда лимфа түйіндерінің ұлғаюы маңызды.

Кейбір лимфа түйіндердің ұлғаюы тулеремияда, бірнеше лимфа түйіндерінің ұлғаюы (бруцеллезде, инфекциялық мононуклеозде, қызамықта, ЖИТС-те) тән. Анықтауда олардың консистенциясы, көлемі, локализациясы маңызды.

Объективті тексеру ішкі орпгандарды тексеру мына кезекте жүргізеледі

-жүрек- тамыр;

-тыныс алу; ас қорыту

-қан жүйесі;

-иммунды;

-зәр шығару;
-жүйке;

- тірек-қимыл аппарат

Сонымен қатар патогномды симптомды анықтау өте маңызды. Классикалық мысал болып табылады:

-қызылшада - Бельский - Филатов - Коплик дағы

-көкжөтелде - репризбен бірге жүретін ұстамалы жөтел

-сіреспеде - опистотонус

-менингококкты инфекцияда (менингококкемия) жұлдыз тәрізді геморагиялық бөрткен

-herpes zoster - нерв талшығы бойымен бөрткен

-құтыруда - судан қорқу

Патогномды белгіден басқа диагностикалық маңызды кең таралған белгілер бар мысалы бауырдың ұлғаюы мына ауруларда болуы мүмкін

-жедел вирусты гепатит

-созылмалы гепатит

-цирроз

-стеатоз

-бауыр ісігі

-іш сүзегі

-безгек

-қан ауруы

-созылмалы жүрек жетіспеушілігі және т. б.

Көк бауырдың ұлғаюы

- іш сүзегі

- безгек

- висцеральды лейшманиоз

- сепсис

- сирек жағдайда вирусты гепатит және жұқпалы мононуклеоз

Қосымша лабораторлық анықтау әдістері .

1 . Жұқпалы ауруларды анықтауда шеткері қанның суреті - гемограмма маңызды, жұқпалы мононуклеозды - атипиялық мононуклеар, вирусты инфекцияда лейкопения, бактериальды инфекцияда - лейкоцитоз.

2. Паразитологиялық зерттеу жуан тамшы зерттеуіне бағытталған жұғынды (безгекте), қаннан жұғынды және лимфа түйіннен пунктат алу (трипанасомозда, токсоплазмозда), нәжіс (амебиазда, балантидиазда), нәжіс пен дуоденальды зерттеу (лямблиозда) .

3. Бактериологиялық зерттеу бұл тексеретін материалды қоректік ортаға себу арқылы жүреді, осы арқылы қоздырғышты анықтаймыз. Науқастан материалды жинау кезіңде стерильдік сақталады. Вирусологиялық зерттеу вирусты инфекцияға күмәнданғанда жүргізіледі. Ол үшін мұрын жұтқыншақтан шырыш, кейбір инфекцияларда жұлын ми сұйықтығы, қан, нәжіс алынады. материалды стерильды пробиркаға жинап, арнайы концерванттармен сақтайды.

4. Вирусологиялық зерттеу бактериологиялық әдіспен салыстырғанда жұмысы көп, бұл вирустың биологиялық ерекшелігіне байланысты. Оның ішінде облигатты клетка ішілік өмір сүретін вирус, бұны анықтау үшін арнайы тіндік культура немесе тауық эмбрионына жүргізеді.

5. тәжірибелік маңызы бар экспресс әдіс иммунофлюоресцентті . Иммунофлюоресцентті әдіс антиген - антидене кешенін анықтауға арналған.

6. Арнайы лабораториялық әдіске серологиялық әдіс жатады.

Серологиялық әдіс негізіне антиген - антиденелердің бір-біріне әсер ету реакциялары жатады. Патогномды болып табылатыны антидененің диагностикалық титрда болуы, әсіресе динамикада титрдің жоғарлауы.

Серологиялық әдіс (қан сарысуын зерттеу) бұл әдіс арқылы организмнің микробпен вирус антигеніне қарсы иммунологиялық жауапты анықтау. Науқастың сарысуына антиденеге қарсы антигенді анықтау тек 7-10 күннен ерте емес, бұл кезеңде анықталатын антиденелерді табуға болады.

Серологиялық әдіс бұл ерте әдіс болып табылмайды. Жиі қолданатын әдіс агглютинация реакциясы, оның ішінен сезімталдылығы жоғары тік емес агглютинация реакциясы, диагностикалық маңызды болып табылатыны титрдің динамикада өсуі. Диагностикалық маңызды жоғарғы титрды табу ғана емес, оның динамикада жоғарлауы. Динамикада титрдің жоғарлауы организмдегі инфекциялық процесстің дамуын көрсетеді.

7. ПЦР диагностика.

Аллергиялық диагностикалық сынама бұл организмнің жұқпалы аурулар әсерінен болған аллергиялық қайта қалыптасуды көрсетеді. Аллергиялық сынаманың оң болуы қайтадан қоздырғыштың өнімімен кездескенде болады. Аллергиялық диагностикалық сынамалар тері асты арқылы микроб антигенін немесе науқастың лейкоцитін қоздырғыш аллергенімен байланыстырғанда болады. Аллергиялық сынамалар дизентерияда, бруцеллезде (Бюрне), туляремияда және т. б. қолданады.

3. Жұқпалы аурулардың алдын-алуы

Алдын-алу - денсаулық сақтау қызметінің негізгі принципі.

Жұқпалы ауруларды алдын-алуды екіге бөлеміз - жалпы және арнайы.

Жалпы шараларға жататындар мемлекет тарапынан жүргізілетін социальды -экономикалық сипаттағы шаралар, бұлар халықтың материалдық жағдайын жақсартуға, еңбек ету және демалу жағдайын жақсарту, медициналық қызмет көрсету, рациональды жоспарлау, тұрғылықты жердегі үй салу жұмыстары, санитарлы-техникалық (коммунальды қамтамасыз ету), суландыру шаралары.

Арнайы шараларға жататындар профилактикалық шаралар арнайы мамандармен жүргізілетін емдеу-алдын-алу, санитарлы-эпидемиологиялық мекемелер яғни дер кезінде инфекция көзін табу және жою. Пассивті және активті табулар бар.

Белсенді әдіске жататындар:

-медицина қызметкерлері тұрғындар үйлерін қарайды;

-санитарлы актив сигналы бойынша науқасты табу;

-әртүрлі профилактикалық қарау және тексеру кезінде науқасты анықтау;

-ошақтағы медициналық бақылау кезінде науқасты табу

Пассивті анықтау науқас немесе оның туысқандары арқылы жүреді. Алдын-алудың маңызды бөлімі болып табылады - тұрғындар арасында санитарлы ағарту жұмыстары, сонмен қатар кең таралған тұрғындар арасында. Салауатты өмір салтын насихаттау: еңбек гигиенасы, демалыс гигиенасы, жеке бас гигиенасы, спорт және туризммен айналысу, зиянды әдетпен күрес, дене шынықтыру, шынығу, рациональды тамақтану және т. б.

Профилактикалық жұмыста кешенді әкімшілік, медико-санитарлы шаралар, бұл территорияға инфекция таралмауына жағдай жасайды. Мысалы карантинді инфекцияларды.

Бұдан басқа инфекция таралудың алдын-алуда дезинфекция, дезинсекция және дератизация шараларының маңызы зор.

Дезинфекция (залалсыздандыру) - бұл кешенді шаралар жұқпалы аурулар қоздырғышын жоюға немесе құртуға бағытталған. Дезинфекцияның негізгі мақсаты қоздырғыштың тарлу жолын үзу.

Дезинсекция ) - бұл кешенді шаралар, жәндік, кене, жұқпалы ауруларды тарататын қоздырғыштардың көзін жою, сонымен буынаяқтыларды құрту.

Дератизация - бұл кешенді кемірушілерді жоюға арналған, жұқпалы және паразитарлық аурулардың таратушыларға қарсы бағытталған шара. Дератизация бұл қоздырғыштың таралу жолына ғана емес, инфекция көзін жоюға бағытталған, көптеген зоонозды ауруларды инфекция көзі кемірушілер.

Келесі жұқпалы ауруларға қарсы шара ол тұрғындардың инфекцияның қабылдамаушылығын дамыту. Бұған жататындар арнайы емес организмнің резистенттілігін жоғарлату, арнайы алдын-алу шаралары арқылы жасанды иммунитет қалыптастыру. Жасанды иммунитет қалыптастыруда вакциндер, сарысулар қолданылады.

Вакцинаның түрлері

Тірі вакцина . Бұл әлсіреген тірі микроорганизмнен тұрады. Мысалы полиомелит, қызылша, паротит, қызамық, туберкулез вакциналары жатады. Селекция әдісі арқылы алынады. Оранизмде вакцинальды процесс қалыптасып, инфекцияны қабылдамайды. Бұндай штаммаларды вируленттілігі генетикалық қалыптасқан, иммунды тапшылық жағдайда жүргізіледі.

Инактивирленген (өлген) вакцина. Өлген вакцина бірнеще микроорганизмдерден тұрады, оларды физикалық, химиялық әдістермен жүргізеді. Бұл вакцина құтыру, вирусты гепатит А кезінде жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сантарлық нормалар мен ережелер
Халықтың денсаулығын сақтау әлеуметтік жұмыстың басты мақсаты ретінде
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН САНИТАРИЯЛЫҚ АҒАРТУ АЯСЫНДА ҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ ЛЕКЦИЯ
Тірі вакциналардың артықшылықтары мен кемшіліктері
Сібір жарасы бактериясы
Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
Төтенше жағдайлар пайда болған кезде санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастыру
Шөлденумен құрғақшылықпен күрес
Өндірістік жағдайлар. Еңбек гигиенасы
Тәжірибелік колибактериозбен ауыратын тауықтардың ішек микробиопенозына Лактофторхиннің әртүрлі дозаларының әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz