Музыкалық тәрбие берудің негізгі мәселелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Музыкалық тәрбие берудің негізгі мәселелері.

Музыкалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.

Жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие салаларының бірі - эстетикалық тәрбие. Оқушылардың өнерге құштарлығы мен қабілетін дамытуда эстетикалық тәрбиенің жүйелі жолға қойылып, дұрыс ұйымдастырылуының маңызы айрықша.

Эстетикалық тәрбие өнер құралдарымен (музыкада-дыбыс, суретте-бояу, әдебиетте-сөз) жасалған көркем бейне арқылы оқушылардың дүниетанымын- кеңейтіп, өмір шындығын, әсемдікті сезіне білу қабілетін дамытуға жағдай жасайды.

Адамдардың дыбыс арқылы табиғаттың түрлі қүбылыстарын беруге үмтылу әрекетінен музыка пайда болды. Музыканың әсер етушілік қаблеті музыкалық шығарманың жазылу сапасына, қоршаған әлеуметтік жағдайға, оқушының психофизиологиялық ерекшелігіне байланысты.

І. Музыкалық шығарманың сапасы - оның қабылдауға қолайлы әрі түсінікті болып келуімен өлшенеді.

2. Әлеуметтік жағдай - баланың қоршаған ортадағы музыкамен қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай, мүмкіндік, мысалы: қалада ауылмен салыстырғанда оқушылардың операға концерттер мен театрға баруға мүмкіндігі мол, ал ауыл балаларында мүндай мүмкіндік көп бола бермейді. Дегенмен қазіргі жедел күрт даму кезеңінде окушылардың музыкалық талғамы мен ой-өрісі әлдеқайда жоғары. Қазіргі окушылардың музыкалық тәрбиесіне тек қана мектеп емес, қоршаған орта айырықша ықпал етуде.

З. Оқушы бойындағы психофизиологиялық ерекшелік - музыка әуені арқылы берілетін музыкалық бейнелерді қиялдай сезініп, жан дүниесімен толғанып, түсіне білу қабілеті.

Окушының музыкалық шығарманы қабылдауына басты әсер етуші фактор - музыкалық тәрбие. Тәрбиенің негізгі мәні, мақсаты - сапалық жағынан жеке адамның жан дүниесін қалыптастыру. Музыка сабағына нақты мақсат қою арқылы музыкалық тәрбиенің міндеттері жүзеге асырылады.

І. Музыкалық іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту. Сезімді ояту үшін қабылдауды активтендіру мақсаты қойылады. Бүл мақсат: а) музыкалық шығарманың мазмүнын оқушылармен бірге талдау; ә) музыкалық дидактикалық ойындар үйымдастыру; б) тиімді әдісті тандап ала білу; в) окушылардың жас ерекшеліктері мен музыкалық даму ерекшелігін ескере отырып, музыкалық шығарма таңдау арқылы жүзеге асырылады.

2. Музыканы саналы түсінуге баулу. Саналы түсіну үшін белгілі-бір деңгейде музыкалық білімі болуы керек. Сондықган бүл міндетті жүзеге асыру үшін нота сауатын меңгерту мақсаты қойылған. Нота сауаты: а) музыканың көркемдік құралдарының (екпін, саз, ырғақ, әуен, тембр, гармония, өлшем т. б. ) музыкалық шығарма мазмұнын жасаудағы ерекшеліктерін түсіндіру. ә) әнді нотамен орындау; б) түрлі көрнекіліқгер пайдалану; в) ырғақгы қимылдар жасау;

З. Музыкалық шығарманы өз шама-шарқынша орындауға үйрету барысында орындаушылық дағдыларды меңгерту. Орындаушылық дағдыларды меңгерту арқылы көркемдік білім беру мақсаты қойылады. Бүл мақсат: а) вокалдық хор дағдыларын; ә) аспапты орындау дағдысын; б) ырғақгық би дағдыларын; в) шығарманы талдап, талдай алу дағдысын меңгерту арқылы жүзеге асырылады; 3-ші міндеттегі мақсат - окушының шығармашылық қиялын дамыту: а) ладтық сезімін дамыту үшін басталған әнді аяқгауға; ә) музыка характеріне сай қимыл ойлап табуға; б) музыканың әсеріне байланысты сурет салуға; в) суырып салып айтуға (импровизациялау) баулу арқылы жүзеге асырылады.

Осы 3 міндет жүзеге асырылу арқылы окушылардың музыкалық талғамы қалыптасады. Әр түрлі жанрдағы музыканы талдай отырып, оның сапасын ажырата білуге үйренеді. Осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырушы басты түлға - музыка пәнінің мүғалімі

Бастауыш мектеп оқушыларына музыкалық тәрбие берудің негізгі

принциптері.

Оқыту - тәрбие мен дамудың бірлігі. Педагогикада оқытуды - даму мен тәрбиені бір-бірінен бөліп жармай, бірге қарастырады. Оқытудың; барлық жүйелері - принциптері, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру тәсілдерінің бәрі алдымен балаға тәрбие беруді көздейді. Білім, білік дағдыларын меңгерту үстінде тәрбие беру міндетін іске асыру мүғалімнің біліміне, шеберлігіне, тәжірибесіне, сабақтың дүрыс үйымдастырылуына тікелей байланысты.

Балаға әрбір сабақтың үстінде белгілі бір білім көлемі меңгертіледі., сол арқылы оқушы бойында жаңа музыкалық дағды қалыптасып, бүрынғы алған дағдылары дамытылып, бекітіледі, олардың қоршаған орта, өмір қүбылыстары жөніндегі түсінігі терендейді.

Бұл - музыка сабағындағы тәрбие мен оқытудың тығыз байланысының айғағы. Егер оқушылар сыныпта музыканы барынша зейін қойып тыңдаса, онда мүғалімнің тәрбие мен білім беруді кдтар жүзеге асыра" білгені. Ал сыныпта жағдай керісінше сипатта өтсе, тәрбиенің дүрыс берілмегені. Мүндай жағдайда оқушылар бойында музыка өнеріне қүштарлық болмайды. Сондықган мүғалім окушылар алдына үнемі өз шама-шарқына қарай мақсат қоя білуі керек. Ол мақсат оқышалардың зейін қоя білуін үйымдастырып, музыканың ішкі мазмұнын түсінуге бағыттайды. Музыка тәрбиесі - оқушылардың әсерленуі мен сезінуі арқылы жүзеге асатын өте күрделі тәрбие. Окушы музыка тыңдап, оны сабақ тақырыбына сай талдайды. Бүл кезде оның музыкалық есту қабілеті, музыкалық еөздік қоры, шығармашылық ойлау кдбілеті жетіле түседі. Ал хормен ән айту барысында дыбыстау аппараттары, интонациалық естуі, ырғақгы сезінуі, бейнелі ойлау қабілеті, музыкалық талғамы, нотамен ән айту дағдысы дамиды.

Музыканы оқытудың оңтайландыру (оптималдык) принципі.

Бір ғана принципті бөліп алып, сол принцип бойынша сабақ өткізу мүмкін емес. Окушыларға тек дайын білімді, мағлүматтарды ғана емес, сабақга проблемалар тудыру арқылы өтілетін материалдарды өз бетінше меңгерту мақсаты қойылуы тиіс. Мұндай мақсатты жүзеге асыруға жол ашатын басты принциптердің бірі - музыканы окытудың тиімділік принципі. Бүл оқытудың бірнеше принципіне сүйене отырып, бірнеше әдісін қатар пайдаланып, соның ең үтымды, қойылып отырған мақсаты тиімді шеше алатын, ең оңтайлы жолын тавдап алу деген сөз. Бүл принцип аз уақытта көп нәрсені меңгерту мақсатын көздейді. Бүл принципті қолдану төмевдегі сәттерден түрады:

1. Жиынтықты (комплексті) нақгылық жиынтықгы (музыканы тавдап, тывдамастан бүрын, өтілетін тақырыпқа байланысты мақсат қою) ;

2. Генераризация (музыканың кейбір көркемдік қүралдарын жеке-жеке^бөліп алып, соған назар аударып, бақылау) ;

3. Пән аралық байланыс;

4. Окушының қызметін салыстырмалы бағалау негізінде басты мәселеге бағыттау;

5. Оқытудағы диференция (жіктеу) және ивдивидуализация;

6. Шешімді дүрыс табуға қажетті жағдай жасау;

7. Басқару мен окушының өзін-өзі басқару арасывдағы тиімді бірлік;

8. Жағдайды шұғыл реттеу және өңдеу.

Музыканы оқытудың ғылымилық принципі. Ғылымилық принципке сүйене оку берілген пәвді үғымдар, нақгы дәлелдемелер мен завдылықгар негізівде оқыту болып табылады. Музыкалық білім беру барысывда окушының психикалық даму деңгейіне қарай, оның физиологиялық мүмківдігі ол мүмківдік деңгейі ескеріле отырып, өтілетін шығармалар, әвдер талданады. Шығарманы талдау жолдары біртівдеп күрделене түседі.

Сабактың жүйелі өтілу принципі. Жүиелілік пәннің тақырыптық қүрылымынан көрінеді. Бір-бірімен тығыз байланысты өтілген тақырыптар бала білімінің жүйелілігін қамтамасыз етеді. Әрбір оку жылы өзара байланысты тақырыптарға күрыла отырып, жылдық тақырып - тоқсандық, ал тоқсандық тақырып басты тақырыппен тікелей б^йланысты үсақ тақырыптарға бөлінген. Бағдарламаның мүндай к^рылымы материалдарды оқушылардың терең меңгеруіне жол ашады. Мүнымен бірге жүйелілік пәнаралық байланыста да көрінеді. Мектептегі окушьшың әр пәннен алған білімі бірін-бірі толыктырыгі отырса ғана білім тиянақгылығы қамтамасыз етіледі.

Түсініктілік пен көрнекілік принциптері. Музыканың мазмүнын айқындайтын көрнекіліктер балалардың сезім органдары арқылы қабылданады. Сондай көрнекіліктің бірі - иллюстративті (суретті) материалдар. Оған компазитордың орындаушы артистің шығарма мазмүнын ашатын суреттер мен кестелер, музыкалық аспаптың суреттері жатады. Музыкалық дыбыс биіктігін көру арқылы сезінуге мүмкіндік беретін әннің ноталық текстісі де көрнекілік бола алады.

Білімнің берік болу принципі. Сабақга өтілетін материалдар жоғарыда қарастырылған тиімділік, жүйелілік, көрнекілік, саналылық пен эмоциалық принциптеріне негізделе түсіндірілсе ғана, білім берік болады, есте сакталады. Бүл принцип бойынша, ең алдымен, өтілген музыкалық материалдарды есте сакталуы қарастырылады. Окушы сабакта музыканы жәй тыңцап, талдаумен ғана шектелмей, белгілі-бір қимылдар жасаса, сол музыкамен ойындар ойнаса, күрделі музыкадан күрделі музыкадан үзінді әуенді дауыспен орындаса, өз шама-шарқынша музыка мазмүнына байланысты суреттер салса, жеңіл әндерді өздері домбырада орындаса, мүндай сәттерде меңгерілетін музыканың әсері мол.

Эмоциалылық пен саналылықтың өзара байланысы. Музыка сабағында эмоционалдық жағдай тудыру музыканы саналы қабылдауға жол ашатын сәттердің бірі. Окушыдағы музыка әсерінен пайда болған сезім, шығарманың тілін, кейде жете кдбылдай бермейтін түстарын түсінуге көмектеседі. Әсерлілік - орындалған музыкалық шығармадан тыңдаушының әсер алуы болып табылады. Эмоциалық ықылас бала бойындағы ынтаны зейінге бағыттайды. Зейіннің жинақгалуы окушы қабылдауын белсенді етеді. Музыка -адамның қоршаған ортаның, табиғаттың тағы басқа әсерін өз ойы мен сезімі арқьглы қабылдап, оны дыбыс арқылы беруі, қысқаша айтқанда, адамның ойы мен сезімінің нәтижесі. Музыканы әсерлене, сезіне тындаған окушы оның көркемдік қүралдарын ажырата отырып, оның музыка мазмүнын жасауда рөлін түсінеді. Бүл окушының біртіндеп, тәжірбие жинақгауы, оның сөздік қорын байытуы, мүғалімнің көмегімен тиісті дағдылар қалыптастыруы арқылы жүзеге асырылады. Эмоция саналылыкқа жол ашса, саналы түсіндіруде ғана әсерлі сезім пайда болады, оянады. Окушылардың сезімін оятып, толғаныс тудырмаған сабақ нәтижесіз болады. Мүғалімнің сөйлеу мәнері мен мимикасы да оқушылар сезіміне әсерін тигізеді. Әр музыканың өзіндік сыры мен құпиясын анықгау үстінде мүғалім бар мүмкіндігі мен өнерін салуы керек. Әрбір үйретілетін ән беріле, терең сезіммен орындалғанда ғана окушы оны тез қабылдап, тез үйренеді және саналылықпен орыңдайтын болады.

Білім берудің шамаға сай келуі принципі. Бүл принцип сабақта өтілетін музыкалық материалды тындауда көрінеді. Әсіресе үйретілетін ән мен музыканы тандауда мүғалім окушылардың шама-шарқын әркез ескергені жөн. Окушылардың жан дүниесі мен сезімтаддығына, саналы түрде меңгере алу шамасына қарай әр оқушының мүмкіңдігі ескеріле отырып, сынып окушыларының көпшілігі орындауға немесе талдаута шамасы жететін музыка тандалып алынады. Сабақга әр оқушының мүмкіндігі ескеріліп өз шамасына қарай тапсырма алуы қажет.

Жалпы білім беретін мектептегі музыка сабағы және оның

ерекшеліктері.

Сабақ - тәрбие процестерін үйымдастырудың негізгі формасы. Музыканы оқытудың негізгі формасы, сабақтық жүйеге негізделеді. Ол оқушыларды жас шамаларына қарай топтап, белгілі уақыт аралығында өтіле отырып, оқу тәрбие процесінің негізгі талаптарын жүзеге асыруды көздейді.

Сабақтың дүрыс үйымдастырылуы - оның нәтижелі болуының алғышарты. Соңдықган да оның үйымдастырылуына жоғары талап қойылады:

І. Сабақтың тақырыбын жан-жақты түсіндіруді негізге ала отырып, оның өткізілуін жоспарлау. Сабақта талданатын музыканы тақырып мазмүнына сай тандап алу, іс-әрекеттердің арасындағы сабақгастықты ескеру.

2. Сабақта уақытты барынша орынды пайдалана отырып, оны үнемдеу жолында тиімді әдісті тандап алу, оқушыларға қойылатын сүрақтардың жүйелілігі мен нақтылығын қарастыру: а) Сабаққа бөлінген уақыт негізгі тақырыпты түсіндіру үшін жүмсалғаны жөн. Сондықтан үйымдастыруға кететін уақыт барынша үнемделуге тиіс.

ә) Жеке дара ауызша сүрауға бөлінетін уақытты қысқарту. Сигналдық қиықша әріптер арқылы оқушылармен кері байланыс жасау.

Көрнекілікті орнымен, тиімді пайдалану. Қазіргі музыка сабағы арнайы жабдыкталған кабинетте өтілуі тиіс. Оның жақсы жабдықталуы сабақтың жоғары деңгейде өтілуіне жағдай жасайды. 1) Сабақта пайдаланатын балаларға арналған музыка аспабы көрнекілік қызмет атқарумен катар, әрбір аспаптың дыбыс бояуын (тембрін) көрнекі түрде естуге мүмкіндік береді.

2) Диапозңтивті, киноүзіндіні орынды пайдалану окушыларға музыканың эмоционалдық әсерін күшейтеді.

3) Күйтабақтан магнитофон таспасынан музыка. тындалып, түрлі шығармалардан үзінді тындауға болады.

Музыка сабағында тәрбие және білім беру

Музыка сабағы окушыларға музыкалы-эстетикалық тәрбие берудегі міндеттерді жүзеге асыратын, оқытудың негізгі формасы. Мүнда төмендегідей талаптар қойылады:

1. Сабақтағы тәрбие мен білім беру мақсаты. Бүл мақсат сабақтың әрбір бөлігінде сақтала отырып, сабақта түтас жүзеге асырылады. Музыка сабағы көптеген іс-әрекеттің түрлерін қамтиды. Олар: музыка тыңдау, хормен ән салу, музыкалы-ырғақты қимылдар жасау және балаларға арналған музыкалық аспапта ойнау. Осының барлығы бала бойындағы есту, ән салу, қимыл жасау, аспапта ойнап үйрену сияқты өзіндік мақсаттарын жүзеге асырады.

2. Музыка бағдарламасының талаптарына сай сабақ мазмүнын анықтау. Мүны анықтауды оқушылардың дайындық деңгейі, іскерлігі мен дағдысы, эстетикалық талғамының өсіп, жоғары имандылық қасиетінің қалыптасуы, нота сауатындағы белгілі бір үғымдармен таныстыруға дайындық дей-гейі ескеріледі.

3. Оқыту мен тәрбие берудің ұтымды жолдары мен әдіс тәсілдерін тиімді түрде бірлестіре отырып тандап алу арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту. Оқушылардың физиологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, шамадан тыс күш түсірмей, сергек қалпын сабақ аяғына дейін сақтау жағын қарастыру.

4. Музыка сабағын дидактикалық принциптерге сай қүрып, пән аралық байланысты жүзеге асыру. Дидиактикалық принциптерге сүйене отырып, оқушылардың ойлауы мен дамуы, есте сақтауы, қиялдауы, түсінігі мен эмоциялық сезімі жан-жақгы дамытылады.

Музыка сабағының басқа пәндерден айырмашылығы

1. Музыка өнері - шындықты бейнелеудің ерекше формасы.

2. Музыка адамның психологиясына, (ой-сана) қимылына, физиологиялық жағдайына жан-жақты әсер етеді.

3. Эмоциялылық пен саналылықтың бірлігі.

4. Көркемдік пен шеберлік бірлігі.

5. Сабақта ұйымдасқан іс-әрекеттің басымдығы.

Музыка сабағының турлері

І. Кіріспе сабақ - оқушыларға сабақта берілетін белгілі бір көлемдегі материалды жалпылама шолып, бағыт бағдар беруді мақсат етіп қояды.

Музыка сабағы бағдарламасында кіріспе сабақтың үш түрі көрсетілген:

1. Жылдық тақырыпқа кіріспе сабақ

II. Жарты жылдық тақырыпқа кіріспе сабақ

III. Тоқсандық тақырыпқа кіріспе сабақ

2. Тақырып мазмұнын терендететін, жан-жақты кеңейтетін сабақ.

Бұл сабақтарда оқушыларға тоқсан немесе жыл бойы берілетін жалпы мағлұмат бөлшектеніп, әрбір бөлшегі терең түсіңдірілу арқылы өтіледі.

3. Қорытыңды сабақ немесе концерт-сабақ.

Сабақтың бұл түрі оқушылардың тоқсан бойы немесе жыл бойы алған білімін жинақтауға, үиренген музыкалық ұғымдарды дүрыс қолдана білуін, өткен материалдарды қандай дәрежеде меңгергеңдігін тексеруге бағытталады. Бүл сабақга міндетті түрде дауыс жаттығуы ретінде бір ән, тындауға арналған екі-үш музыкалық шығарма, орындауға арналған бірнеше ән алынады және бүл сабақта оқушылардың барлық іс-әрекеттері енгізілсе оның оларға берер әсері мол (музыка тыңдау, ән салу, ырғақты қимыл, аспапта ойнау, дидактикалық ойындар) .

Сабақтың бүл түріне оқушылардың ата-аналары шақырылса, біріншідеш ата-аналар музыка сабағында өз балаларының алдына қойылатын талап дейгейімен танысады, екіншіден, балалардың қаншалықты білім көлемін меңгеретінін біледі, үшіншіден, окушылардың үйымшылдығы мен жауапкершілігін арттырады.

Музыка сабағының басқа пәндермен байланысы.

Музыка сабағының басқа пәндермен байланысы оқушының бүрыннан меңгерген білімі мен дағдысына сүйене отырып, жаңа білімді меңгеруіне мүмкіңдік береді. Білім - ойлау әрекетінің жемісі және соның нәтижесі. Сонымен бірге ол танымның негізі болып табылады.

Мектепте оқытылатын өнер сабақтарының бірден бір мақсаты - оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, әсемдікті сезінуге және оны бағалай білуге тәрбиелеу. Сондықтан бүл пәндер бір-бірімен байланыстырыла жүргізілсе, оқушылардың танымы кеңейіп, талғамы жетіле түседі. Бұл байланыс олардың әр пәннен алған білімін бір жүйеге түсіреді

Ана тілі сабағымен байланысы. Ән мәтіні - өлең. Егер өлең болмаса ән вокализге айналады. Мәтін сөз болмаса музыканың хор жанрыда болмас еді. Күрделі музыкалық шығармалардың да негізі - әдеби көркем шығармалар болып келетіні мәлім. Көркем әдебиет үлгілері күрделі музыкалық шығармаларға айналуы үшін, жазылу барысында олар өңделеді, көпшілігі өлең түріне енеді, яғни либреттоға айналады. Үйретілетін әннің сөз мәтінін түсіндіру - музыка сабағыныіі негізгі міндеттерінің бірі.

Классикалық әдебиетіміз бен өнеріміздің Махамбет Өтемісүлы, Абай Қүнанбаев, Біржан сал, Ақан сері т. б. кім екенін окушыға таныту үшщ олардың әдеби мүрасына арнайы тоқгалып өту қажет.

Бейнелеу өнерімен байланысы. Музыка сабағының бүл пәнмен де өнердің бір саласы ретінде байланысы бар. Тындаған музыкалық шығарманың әсерінен пайда болған ой мен көңіл- күйін қарапайым сурет салу арқылы бейнелей білуге тәрбиелеу өз нәтижесін беруде. Себебі бала қоршаған ортаны, әсер алған заттарын қағаз бетінде бейнелеуге қүмар. Олардың осы бейімділігін бейнелеу өнерімен үштастыру үлттық мәдениетіміздің рухани байлығын меңгеуге жол ашады.

Казақ тілі сабағымен байланысы. Музыка сабағында өлең-әннің ішкі сырын ашуға жетелейтін ерекше күш. Өлең жолдары мен фразаның сәйкестігі мағыналық жағынан түжырымдалып жекізілуіне сәйкес келіп отырады. Музыканың мәнерлік жағынан түрленуін өлеңнің мағыналық жағын аша түсіп отырады. Мәселен, әр бір музыканың интонациялық ерекшілігін ашып көрсетуге мүмкіндік әперетін - оның көркемдік қүралдары десек, көп реттерде бүл қүралдар ортақ болып отырады. Қуанышта адам дауысының жарқын шығуы, ал музыкада әуеннің көтеріңкі шаттана орындалуы. Тілде сөздің мағынасына байланысы болса, музыкада тондық арақатынастарда, ырғағы мен екпініне қарай түрленеді.

Музыкалық тәрбие берудегі мұғалімнің дайындық дәрежесі.

Музыка пәнінің мүғалімі - жалпыға бірдей білім беретін мектепте музыканы оқыту барысында окушы бойында музыка мәдениетін қалыптастырушы маман.

Мүғалім оқу мен тәрбиені мектептерде қойылатын талаптарды басшылыққа ала (Зырып береді Ол музыка бағдарламасы бойынша сабақ жүргізу барысында оқу мен т^биелеудің тиімді әдісін таңдап ала отырып, оқу жоспарын орындайды.

Мүғалімнің педагогикалық даярлығы - окушыларға музыкалық тәрбие беру міндетін шешу жолындағы қажетті шарт болып табылады.

Мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілеті. Мектептегі бала музыкамен үнемі қатынаста болып, онымен бірге, қатар өмір сүргенде ғана музыкалық тәрбие өз мақсатына жете алады. Егер бала сабақга ғана музыкамен қатысты болуымен шектеліп қалса, онда музыкалық тәрбиенің бір жақгы жүргізілгені. Сондықган да, мектептің тәрбие жұмысындағы музыканың ролі тиісінше бағаланып, мектептің күнделікті өмірінде музыка мәдениетінің қалыптасуына үйірмелер, мектепте ұйымдастырылған концерттер, кештер, жас ұландар жиындары^ елеулі орын алуы тиіс. Мұндай жұмыстарды жүзеге асыруда музыка мұғалімі басты түлға болғандықган, оның ұйымдастырушылық қабілеті шешуші роль атқарады. Мұғалім - сыныптан тыс жүмыстармен бірге ең алдымен сабақта оқушыға жүйелі білім мен эстетикалық тәрбие үйымдастырушы. Бастауыш сыныптың мүғалімі шағын балалар хорына ән үйрету, балаларға арналған аспаптардан оркестр үйымдастыра отырып, шағын әуендер үйрету дағдысын меңгертуі сыныптан тыс жүмыста да, музыка сабағында да өте қажет.

Мүғалімнің шығармашылық қиялы. Мүғалім бойында

қалыптасқан бұл қасиет - оқушы қызығушылығын арттыратын бірден бір қүрал. Сабақта, музыка апталығында, сыныптан тыс музыкалық мерекелерде үйымдастырылған музыкалық дидактикалық ойындар, ребустар мен викториналық сүрақтар оқушының музыкалық қабілетін арттырып, дүниетанымын кеңейтеді.

Музыкалық аспаптың бірін жақсы меңгеру. Д. Б. Кабалевский бүл жөнінде «Мүғалім игеретін барлық дағдының ішінен аспапта ойнауды айрықша атауға болады. Хор, оркестр, опералық көріністен т. б. алынған үзінділерді әрине механикалық жазбасыз (күйтабақ, магнитофон таспасы) тындату мүмкін емес. Бірақ, бүл мүғалімнің аспапта тікелей орындауын толыктыру ретінде ғана қолданылуы керек. Мүның кемінде үш бағытты маңызы бар: 1-ші бағыты, аспапта тікелей орындау - эмоционалдық атмоссфера туғызады. 2-бағыты, аспапта орындалған шығарманы кез-келген сәт токтатуға, кез-келген бөлігін, тіптен жекелеген тактісін бөліп алып қайталауға мүмкіндік алады. 3-ші бағыты, музыкалық аспапта орындаудың маңызды әрі қызықты екенін іс жүзінде көрсетуі өз шәкіртіне үлгі өнеге болады» деп көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Педагог-музыкантты дайындауда музыкалық-тарихи және музыкалық-теория мәселелері
Абайдың музыкалық мұрасындағы тәрбие беру жолдары
АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫНА ТӘЖІРИБЕ
Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы балалардың музыкалық тәрбиесі
Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық этнография»
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру туралы
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық мәселелері
«Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz