Әлеуметтік педагогика жайында



1.1.1 Әлеуметтік педагогика саласының пайда болуы мен қалыптасуына тарихи шолу
1.1.2 Әлеуметтік педагогика пәнінің мақсат.міндеттері және негізгі қызметтеріне сипаттама
1.1.3 Әлеуметтiк.педагогикалық теория мен практикасының нысандары
«Әлеуметтiк педагогика» ұғымын алғаш рет XIX ғасырда немiс педагогы А. Дистервег енгізген. Бірақ араға көп уақыт салып қана әлеуметтік педагогиканың екі ғылыми-практикалық бағыты айқындалды. Оның бірі П. Наторп есімімен байланысты айқындалып, халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбиелік күштерін интеграциялау мәселесіне арналды. Екінші бағыт қараусыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оларды қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Бұл бағыт Г. Нол, Г. Боймер есімдерімен байланысты болды.
Әлеуметтiк педагогика, бұл қоршаған ортаның тәрбиеге әсерi жөнiндегi ғылым. Әлеуметтiк педагогика мәселелерiн зерттеуде танымал Ресей ғалымы А. В. Мудрик әлеуметтiк педагогиканы адамның бүкiл өмiрi барысында жүзеге асырылатын әлеуметтiк тәрбиесiн қарастыратын ғылым ретiнде қабылдауға болады деп айтады.
Көптеген әлеуметтік-педагогикалық еңбектерде әлеуметтік педагогиканың дербес ғылым ретінде қалыптасуының бастауларына ертедегі дін мен қайырымдылық шараларының үлкен ықпалының болғандығы айтылады. Діни мекемелердің қай-қайсысы болмасын қашан да жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттап келген. Кез келген діни еңбектер мазмұнында адамгершілік, адамға мейірімділік көрсету, жақындарына қамқор болу мәселелері ең маңызды орында қарастырылады.
Тарихи деректерге жүгінсек, тастанды балаларға арналған ең алғашқы тәрбие мекемесі IV ғасырда Кесария (Малайзия) қаласында орналасқан шіркеудің жанынан епископ Василия Кесарийскийдің бастамасымен ашылған. Мұндай мекемелер кейіннен 787 жылы Миландағы соборлар жанынан ашылды және ұзақ жылдар бойы Еуропадағы жалғыз балаларды қамқорлыққа алу мекемесі болып келді. Ал XIV ғасырға қарай олардың саны 30-ға жетті. Бұл мекемелерде тек балаларға қамқорлық жасау ғана емес, сонымен қатар профилактикалық жұмыстар да жүргізілді, атап айтқанда, ата-аналарға көмек көрсету, баласынан бас тартқан жағдайда оларды өзге отбасыларына асырап алуға беруді ескерту, олардың тәрбиесіне ұдайы бақылау жасап отыру секілді жұмыстар атқарылды.
Ресейде де қараусыз қалғандарға қолдау көрсету жолында шіркеулер маңызды рөл атқарып келген. Көне дәуірлерден монастырлар мен храмдар жанынан мұқтаждық көрген адамдарға ауруханалар мен қамқорлыққа алу мекемелері қызмет етіп келген. Ресейдегі мейірімділік жасау қызметтері мен мекемелерінің құрылу тарихы әлеуметтік педагогиканың дамуына ықпал етті. Ғасырлар бойы қайырымдылық пен мейірімділік көрсету шаралары қоғамдық сипат алып, тек қана руханилық пен дворяндық сипаттан шығып, өзге де таптарды қамтыды. Екатерина-2 тұсында қайырымдылық істер мемлекеттік сала ретінде қалыптасты, дәстүр бойынша императорлардың жұбайлары қамқорлығындағы ведомстволар (кейіннен министрліктер) құрылды. Бірінші «Қайырымдылық министрі» Павел І-дің жұбайы Мария Федоровна болды. Оның қамқорлығымен жетім балалар үйлері ашылып, онда музыка мұғалімдері мен тәрбиешілер даярлау кластары жұмыс істеді.
Бертін келе, қазақ қоғамында да адамды қоғамына лайықты қалыптастыру мен олардың тәрбиесіне қамқорлық жасау, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру мәселелері басты назарға алынып, балалар мен ересектердің болашағына алаңдаушылық білдіру, сондықтан көпшілік болып қол ұшын беру, көмек қолын созу секілді дәстүрлер кеңінен насихатталған.
1. Атемова Қ. Т. Педагогика негіздері. - Астана: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006. -118 б.
2. Василькова Ю. В., Василькова Т. А. Социальная педагогика. уч.пособие.-М.:1999.
3. Галагузова И. Г. История социальной педагогики. - М.: 2000.
4. Мудрик А. В. Социальная педагогика: учебное пособие /Под ред. В. А. Сластенина. - М.: 1999.-С.19-24.
5. Социальная педагогика: Курс лекций /под общ.ред. Галагузовай М. А. – М.:2000. - С.162-165
6. Мустаева Ф. А. Социальная педагогика. –М.: «Академический Проект», Екатеринбург: Деловая книга, 2003. -528 с.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
1.1.1 Әлеуметтік педагогика саласының пайда болуы мен қалыптасуына тарихи
шолу
1.1.2 Әлеуметтік педагогика пәнінің мақсат-міндеттері және негізгі
қызметтеріне сипаттама
1.1.3 Әлеуметтiк-педагогикалық теория мен практикасының нысандары

Әлеуметтiк педагогика ұғымын алғаш рет XIX ғасырда немiс педагогы А.
Дистервег енгізген. Бірақ араға көп уақыт салып қана әлеуметтік
педагогиканың екі ғылыми-практикалық бағыты айқындалды. Оның бірі П. Наторп
есімімен байланысты айқындалып, халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында
қоғамның тәрбиелік күштерін интеграциялау мәселесіне арналды. Екінші бағыт
қараусыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оларды қорғау, құқық
бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Бұл бағыт Г. Нол, Г. Боймер
есімдерімен байланысты болды.
Әлеуметтiк педагогика, бұл қоршаған ортаның тәрбиеге әсерi жөнiндегi ғылым.
Әлеуметтiк педагогика мәселелерiн зерттеуде танымал Ресей ғалымы А. В.
Мудрик әлеуметтiк педагогиканы адамның бүкiл өмiрi барысында жүзеге
асырылатын әлеуметтiк тәрбиесiн қарастыратын ғылым ретiнде қабылдауға
болады деп айтады.
Көптеген әлеуметтік-педагогикалық еңбектерде әлеуметтік педагогиканың
дербес ғылым ретінде қалыптасуының бастауларына ертедегі дін мен
қайырымдылық шараларының үлкен ықпалының болғандығы айтылады. Діни
мекемелердің қай-қайсысы болмасын қашан да жалпыадамзаттық құндылықтарды
насихаттап келген. Кез келген діни еңбектер мазмұнында адамгершілік, адамға
мейірімділік көрсету, жақындарына қамқор болу мәселелері ең маңызды орында
қарастырылады.
Тарихи деректерге жүгінсек, тастанды балаларға арналған ең алғашқы тәрбие
мекемесі IV ғасырда Кесария (Малайзия) қаласында орналасқан шіркеудің
жанынан епископ Василия Кесарийскийдің бастамасымен ашылған. Мұндай
мекемелер кейіннен 787 жылы Миландағы соборлар жанынан ашылды және ұзақ
жылдар бойы Еуропадағы жалғыз балаларды қамқорлыққа алу мекемесі болып
келді. Ал XIV ғасырға қарай олардың саны 30-ға жетті. Бұл мекемелерде тек
балаларға қамқорлық жасау ғана емес, сонымен қатар профилактикалық жұмыстар
да жүргізілді, атап айтқанда, ата-аналарға көмек көрсету, баласынан бас
тартқан жағдайда оларды өзге отбасыларына асырап алуға беруді ескерту,
олардың тәрбиесіне ұдайы бақылау жасап отыру секілді жұмыстар атқарылды.
Ресейде де қараусыз қалғандарға қолдау көрсету жолында шіркеулер маңызды
рөл атқарып келген. Көне дәуірлерден монастырлар мен храмдар жанынан
мұқтаждық көрген адамдарға ауруханалар мен қамқорлыққа алу мекемелері
қызмет етіп келген. Ресейдегі мейірімділік жасау қызметтері мен
мекемелерінің құрылу тарихы әлеуметтік педагогиканың дамуына ықпал етті.
Ғасырлар бойы қайырымдылық пен мейірімділік көрсету шаралары қоғамдық сипат
алып, тек қана руханилық пен дворяндық сипаттан шығып, өзге де таптарды
қамтыды. Екатерина-2 тұсында қайырымдылық істер мемлекеттік сала ретінде
қалыптасты, дәстүр бойынша императорлардың жұбайлары қамқорлығындағы
ведомстволар (кейіннен министрліктер) құрылды. Бірінші Қайырымдылық
министрі Павел І-дің жұбайы Мария Федоровна болды. Оның қамқорлығымен
жетім балалар үйлері ашылып, онда музыка мұғалімдері мен тәрбиешілер
даярлау кластары жұмыс істеді.
Бертін келе, қазақ қоғамында да адамды қоғамына лайықты қалыптастыру мен
олардың тәрбиесіне қамқорлық жасау, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру
мәселелері басты назарға алынып, балалар мен ересектердің болашағына
алаңдаушылық білдіру, сондықтан көпшілік болып қол ұшын беру, көмек қолын
созу секілді дәстүрлер кеңінен насихатталған. Дінді тәрбие құралы ретінде
берік ұстанған ата-бабаларымыз, жалпы түркі халқы қайырымдылық істерде
ислам талаптары мен діни шарттарын ескеріп отырған. Осы тұста Хазiрет Али
былай деген екен: Балаларыңды өздерiң болмайтын уақыт үшiн тәрбиелеңдер,
өйткенi олар сендер болмайтын уақыт үшiн жаратылған. Осылайша ұрпақтарын
олардың заманы үшін тәрбиелеп, қоғамдық сұраныстарды ескеріп отырған.
Мұндай көзқарастар қазақ халқының зиялылары көзқарастарында да жалғасын
тауып келді. Атап айтқанда, зиялы тұлғалардың бірі М. Жұмабаевтың
педагогикалық еңбегiнде ата-аналарға бала тәрбиесiнде былай кеңес береді:
Ата-аналар балаларын дәл өзiндей етiп тәрбиелемеуi керек, одан да мықты
етiп тәрбиелеуi тиiс, себебi олардың өмiр сүретiн заманы ата-аналардың
заманына қарағанда әлдеқайда талапшаң болмақ, - деп айтқан болатын. Мұның
өзi баланы әлеуметтендіру идеясының халқымыз болмысында арнайы тәлімдік
ғылыми теориялар мен мекемелер қызметнің жүйесінсіз-ақ, от басы - ошақ
қасында жүріп-ақ іске асырылғандығынан дерек береді. Осылайша, қазақ
халқының ұрпақ тәрбиесіндегі талаптары да әлеуметтендіру міндеттерімен
байланыстылығын дәлелдей түседі.
Сондай-ақ, ислам талаптары адамдарға жамағат болып, қоғам болып өмiр сүрудi
және сол қоғамда ортақ талаптарды орындау мен соған мойынсұнуды мiндет
етедi. Нақтырақ айтар болсақ, Кiмде-кiм жамағаттан шығып, яғни көпшiлiктен
бөлiнiп кетiп, содан кейiн өлер болса, онда ол адам надан өлiммен өлген
болады, - деген. Бұл сөйлем қатары жастарды қоғамға бейiмделуге шақырады,
яғни ата-аналардан балаларын тәрбиелегенде қоғам талаптарына бейiмдеу,
әлеуметтендiру процесiнiң орындалуын талап етiп отыр. Өйткенi, адам тек
адамдар арасында ғана өзiнiң адамдық сипатын қадағалай алады және
жетiлдiредi. Ислам шарттарында жастарды үлкендi сыйлауға тәрбиелеу, бойында
қайырымдылық пен iзгiлiктiң дәнiн себу арқылы жағымды қарым-қатынас жасау
мәселелерi былайша қарастырылады: Егер сiздер бiр жаманшылықты
көрсеңіздер, қолыңызбен кедергi болып өзгертіңіз. Егер қолыңызбен өзгертуге
күшiңіз жетпесе, онда тiлiңізбен өзгертіңіз. Оған да күшiңіз жетпесе, онда
жүрегiңізбен кедергi болып өзгертіңіз, - деген [Муслим, Иман 78]. Бұл
өсиеттен діни насихаттар жастарды жамандыққа төзбеуге, оған бейтарап
қарамауға, соның нәтижесінде iзгiлiкке, адамгершiлiк пен қайырымдылыққа,
кiшiпейiлдiлiкке шақырғандығы айқын көрiнедi. Міне, осылайша қандай
халықтың болсын тарихи қалыптасуына шолу жасап көретін болсақ, алғашқы
әлеуметтендіру шаралары діни көзқарастары негізінде қалыптасып, арнайы
мекемелерде іске асырылып отырған.
Кейіннен әлеуметтік педагогиканың идеялары мен бұл саладағы қызметкерлердің
жұмыстары С. Т. Шацкий, В. Н. Шульгин, М. В. Крупенин, А. Г. Калашникова,
А. П. Пинкевич т.б. тарапынан қарастырылған. С. Т. Шацкий мектептің
әлеуметтік рөлін негіздеп, кіші ортада біртұтас тәрбие процесін
ұйымдастыруды теориялық тұрғыдан айқындаған. 30-жылдардың аяғындағы
мектептердің тек оқу-тәрбие процесін жақсартуға ғана басты назар аударуы
әлеуметтік педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді кейінге ысырып
жіберді.
Әлеуметтік педагогика мәселелерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуінің жандануы
1950-1960 жылдардан Е. Молленхауэр есімімен оның әлеуметтік педагогиканың
пәні жайлы пікірталасты ұйымдастыруымен байланысты дамыды. Е.
Молленхауэрдің әлеуметтік педагогика мәселелерін әлеуметтік қорғаудың
теориясы мен әдістемесіне ғана теңестіруі Х. Мискестің әлеуметтік
педагогиканы ғылыми пән ретінде қарастыру жайлы идеясының ілгері дамуына
кедергі болды.
Ресейде әлеуметтік педагогикаға қызығушылық 1990 жылдан бастап қалыптаса
бастады. Бұл п.ғ.д., профессор В. А. Сластениннің ұжымдық ғылыми-
ізденушілік қызметінің арқасында дамыды. Осы ұжым ең алғашқылардің бірі
болып әлеуметтік педагогтар институтын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
қамтамасыз етудің біліктілік, этикалық стандарттарын негіздейтін құжаттарды
дайындады. Мұндай құжаттар шетелдік және ресейлік ғалымдардың адамтану
жайлы идеяларын оқып үйрену негізінде жасалды. Осы орында ф.ғ.д., профессор
Л. В. Филиппованың еңбегін ерекше атап өту қажет. Ол әлеуметтік педагогика
мәртебесін қоғамның даму кезеңіндегі қажеттіліктерімен сәйкестендіруге көп
әрекет еткен. Л. В. Филиппова әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық
негіздерін айқындау мен ұғымдық аппаратын нақтылауға, кейбір құрылымдық
компоненттердің мазмұнын ашуда да көп еңбек еткен.
Әлеуметтік педагогиканың бастаулары халықтық педагогикада жатыр. Тұлғаны
әлеуметтендіру идеялары ұлы ғұламалардың педагогикалық көзқарастарында
қарастырылған. Атап айтқанда, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А.
Ясауи және т.б. ғұламалар еңбектерінде адам тәрбиесін жүзеге асыру оның
әлеуметтік ортасын қалыптастырумен байланысты екендігі баса айтылған.
Әлеуметтік педагогика мәселелерін көптеген классик педагогтар Я. А.
Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, И. Гербарт, А. Дистервег, К. Д.
Ушинский және т.б. қарастырған. Олардың педагогикалық көзқарастарының
ықпалымен адам тәрбиесінің қоғамдық-әлеуметтік ортадағы рөлі, тәрбие
нәтижесінің қайырымдылықпен, мейірімділікпен айқындалатындығы туралы ой-
пікірлер тұжырымдалады.
Ресей педагогтары тәрбиедегі маңызды міндеттердің бірі жаппай білім алуға
бұқара халықтың қол жетімділігі болуын ұсынған еді. Өйткені адам өмір
сүретін ортада қоршаған әлеуметтік жағдайлар міндетті түрде ықпал
ететіндігін түсінді. Олардың дүниетанымы, қарым-қатынасында көрініс беретін
мінез-құлқы мен іс-әрекеті, жалпы рухани деңгейінің маңыздылығын ұқты. Ең
алғаш тәрбиенің халықтық сипат алуын ұсынған Ресей педагогы К. Д. Ушинский
халықтық мектептердің құрылуын насихаттады. Әйтсе де, ұлы педагог К. Д.
Ушинскийдің бұл идеясы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында
ғана жүзеге асты, сөйтіп, ересектерге арналған қайырымдылық істерді жүзеге
асыратын оқу орындарының тізбегі қалыптасты. Оған зайырлы және шіркеу-
приход мектептері, бастауыш училищелер, алғашқы сауаты бар адамдар үшін
қайталау мектептері және т.б. енді.
Әлеуметтік педагогикада маңызды орынды оның әрбір компоненттерінде және
функцияларының әрбір деңгейлерінде көрінетін басқару процестері
иеленеді,(ғылыми- зерттеушілік, ғылыми –қайта даярлаушылық және ғылыми-
білім берушілік).
Әлеуметтік педагогиканы басқаруға жалпы алғанда мынадай проблемаларды
жатқызуға болады: әлеуметтік педагогиканың адамның қоршаған әлеуметтік
ортамен өзара ықпалының үйлесімділігін қамтамасыз ететін ғылыми-
зерттеушілік, ғылыми–қайта жасаушылық және ғылыми-білім берушілі кұрылымы
мен штаттары; бұл құрылымдардың қызметін реттеу мен ұйымдастыру(мемлекетті,
мемлекеттік емес және коммерциялық типтегі); мемлекеттегі ғылыми және білім
беру мектептерінің, әлеуметтік жұмыстың практикалық орталықтарының қызметін
ұйымдастыру, жүргізу және дамыту, сондай ақ ынталандыру (Республикалық,
аймақтық және жергілікті деңгейде); әлеуметтік педагогикалық саладағы
ғылыми, практикалық және ғылыми педагогикалық кадрлар қызметін ұйымдастыру
мен ынталандыру (жаратылыстану, әртүрлі мақсаттағы әлеуметтік жұмысшы
кадрлар); ғылыми зерттеушілік, ғылыми қайта жасаушылық және ғылыми
педагогикалық қызметтің негізгі бағыттарын, жолдары мен приоритетті
проблемаларының дамуын болжау(әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыстың
әртүрлі құрылымдарында); мемлекет ішіндегі және басқа да мемлекеттер
арасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымы жайлы
Баланың ақыл ойының дамуы
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды ерте әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, міндеттері мен принциптері
Педагогика мамандығына жалпы сипаттама
Педагогика ғылымының міндеттері
Ғылыми-зерттеу нәтижелерін салыстырмалы талдау
Педагогика негіздері
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие
Педагогика ғылымын дамтыуға үлкен үлес қосқан ірі ғалым - педагог
Қазіргі мектепте оқушыларды тәрбиелеу жолдары
Пәндер