Жоғары сынып оқушыларына ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен өңдеуге үйрету әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Арысбеков Ақтөре Мейрамбекұлы

Жоғары сынып оқушыларына ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен өңдеуге үйрету әдістемесі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы

Түркістан 2015

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті«Қорғауға жіберілді»кафедра меңгерушісіп. ғ. к., доцент м. а. Әуелбеков Е. Б.ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТақырыбы:Жоғары сынып оқушыларына ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен өңдеуге үйрету әдістемесі5В012000 - «Кәсіптік оқыту»мамандығыОрындаған Арысбеков А.Ғылыми жетекшісі,п. ғ. к., доцент м. а. Алимбекова С.Түркістан 2015:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

кафедра меңгерушісі

п. ғ. к., доцент м. а. Әуелбеков Е. Б.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жоғары сынып оқушыларына ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен өңдеуге үйрету әдістемесі

5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы

Орындаған Арысбеков А.

Ғылыми жетекшісі,

п. ғ. к., доцент м. а. Алимбекова С.

Түркістан 2015

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . .
3
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Анықтамалар . . .
3: 4
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Белгілеулер мен қысқартулар . . .
3: 6
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Кіріспе . . .
3: 7
: 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Эстетикалық тәрбие - оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі……
3:
: 1. 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Эстетикалық тәрбие және педагогикалық процесс . . .
3:
: 1. 2
Нормативтік сілтемелер . . .: Жастарға эстетикалық тәрбие беру жөнінде . . .
3:
:
Нормативтік сілтемелер . . .:
3:
: 2
Нормативтік сілтемелер . . .: Жоғары сынып оқушыларына ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы әрлеу технологиясын үйретудің әдістемесі . . .
3:
: 2. 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Жоғары сынып оқушыларын “Ағаш өңдеу“ кәсіби бағытына және “Көркем-қолданбалы еңбек“ түріне баулудың тақырыптық жоспары . . .
3:
: 2. 2
Нормативтік сілтемелер . . .: Ағашты арнайы әрлеуді жоғары сынып оқушыларына үйретудің тақырыптық жоспары . . .
3:
: 2. 3
Нормативтік сілтемелер . . .: Материалдарды өңдеуге баулудағы оқытудың әдістері мен формалары …… . . .
3:
:
Нормативтік сілтемелер . . .:
3:
: 3
Нормативтік сілтемелер . . .: Ағаш бұйымдарын арнайы әрлеудің техникасы мен технологиясы . . .
3:
: 3. 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Ағаш материалдары және өлшеу, белгі салу құралдары . . .
3:
: 3. 2
Нормативтік сілтемелер . . .: Ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы әрлеу техникасы мен технологиясы. .
3:
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Қорытынды . . .
3:
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
3:

НОРМАТИВТIК СIЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста келесi нормативтік құжаттарға сiлтеме жасалған:

- Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы;

- Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Технология» оқу пәні бағдарламасы;

Университеттің ішкі нормативтік ережесі:

- УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;

- УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;

Эстетикалық тәрбие дегеніміз - өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз.

Эстетикалық тәрбие - барлық оқу-тәрбие процесінің құрамдас негізігі бөлігі.

Студенттерге эстетикалық тәрбие берудің жүйесі дегеніміз - ғылыми негізделген, өзара табиғи тығыз байланыстағы нысаналы педагогикалық ықпалдың, объективті жағдайлардың тұтастығы.

Оқыту әдістері дегеніміз - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.

Әңгіме дегеніміз - бұл оқытудың сұрақ-жауап әдісі.

Демонстрация әдісі әсіресе еңбекке және кәсіпке баулу сабақтарында түрлі приборларды, табиғи объектілерді демонстрациялау үшін қолданылады.

Түсіндірме - иллюстративті әдіс информациялық - рецептипті әдіс деп те атайды.

Репродуктивті әдіс - бұл әдістің негізгі белгісі еске түсіру және мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекеттерінің тәсілін қайталау болады.

Әрлеу дегеніміз - бұл бұйым бетіне берік, сәндік қорғағыш қабатпен қаптау.

Текстураны қаптау арқылы әрлеу дегеніміз - бұл бұйымның бетін көрінбейтін берік, сәндік қабатпен, табиғи текстураны немесе ағаштың породасын жабуды айтады.

Металдау деп - ағашты жұқа металл немесе қорытпаларымен (алтын, күміс, қола) әртүрлі тәсілмен қаптауды айтады.

Кесу (ою) - ағаш бұйымдарын (әшекейлеудің) әдемілеудің көне тәсілдердің бірі.

Оюлап кесу (өрнектеп ою) - бұл ағаштың бетіндегі суреттің негізгі сызықтарын жұқа тереңдікте сызық түрінде кесу.

Жазық ою - бірнеше миллеметр фоннан (негізгі түстен) төмен орындалады.

Рельефті ою - фоннан едәуір төмен тереңдікте орындалады.

Егерде кесілген сурет беткі қабаттан айтарлықтай шығыңқы болса, онда оны горельеф дейді, одан төмен дөңестіктегісі - барельеф деп аталады.

Ағаштан мозайка (құрақ) - бұйымды әйнекпен, сүйекпен, мрамормен, ағаштың қымбат породасымен әшекейлеу.

Инкрустация - ағаштың бетін сүйек, металл және т. б. материалдардың жұқа қабатымен (пластинкасымен) әшекейлеу.

Интарсия - ағаштың жұқа пластина қабатын басқа ағаштың басқа породасынан жасалған бұйымның кесіліп алынған орнына желімдеу.

Маркетри - бұйымның бетіне шпоннан алынған суреттерді желімдеу.

Ағашты күйдіріп өрнектеу - ағаштың бетіне ыстық штамптың, қызған электр біздің, қыздырылған металл вальци арасымен прокаттау арқылы сурет түсіру.

Суретті қыздырылған вальци арасында прокаттау арқылы күйдіріп өрнектеу - пиротипия деп аталып, жазық беттерді әшекейлеу (өңдеу) үшін қолданылады.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ТОПБ - технология оқу пәні бағдарламасы;

Университет - Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

университеті;

Технология мұғалімі - мектеп технология пәнін оқытатын мұғалім;

Кіріспе

Ғылыми - техникалық прогресс өндіргіш күштерді дамытудың заңды басқышы - қазіргі кездің материалдық-техникалық базасын жасаудың, жаңа қоғамдық қатынастарды дамытудың, жеке адамды жан-жақты дамыта қалыптастырудың қуатты факторына және қозғаушы күшіне айналды. Ол өздерінің материалдық-заттық негізіне сапалы өзгерістер енгізіп, кадрлар даярлауға жоғары талап қойып, адамның өз басына, оның білімділігін, мәдениетін, техникалық ой-өрісін көтеруге ықпал жасауда. Ғылым мен білімнің өте тез дамуы, ғылыми-техникалық идеялар нәтижелерінің өндіріске кеңінен ендірілуі, күрделі хабарламалар тасқынын электрондық-есептеу техникасы мен математикалық әдістерді жаппай қолдану - осының бәрі де адамның жеке басының өсу процесіне ерекше мүмкіншіліктер туғызып отыр. Бұл мүмкіншіліктерді жүзеге асыру осы қоғамда өктем болып отырған әлеуметтік-экономикалық құрылысқа, меншік түріне және саяси өкімет сипатына байланысты.

Ғылым мен техника халық мүддесіне қызмет етіп, экономика мен мәдениетті өркендетуде шешуші роль атқаратын қазіргі кездің тұсында жағдай басқаша. Қоғамымызда бұқараның рухани мәдениет табыстарынан қанғанынша сусындауына кең жол ашылып қана қойған жоқ, осы процесті тікелей жасаушы және қатысушы етті.

Ғылыми-техникалық революция ой еңбегі мен дене еңбегін жақындастырудың, адамның шығармашылық қабілеттері мен рухани мүм-кіншіліктерін ашудың, осының негізінде адамның жеке басының жан-жақты дамуын қалыптастырудың материалдық негізі болып табылады.

Халқымыздың материалдық-техникалық базасын жасау сияқты ұлы іс адамның өз басының жарасымды дамуын, оның интеллектуальдық қабілеттерін және қоғамдық санасын қалыптастыруды көздейді. Жан-жақты дамыған, жоғары білімді, рухани мәдениеттің барлық көздерінен қаныға алатын қоғамның әлеуметтік белсенді құрылысшыларын әзірлеу- қазіргі дәуірдегі басты міндеттерінің бірі ретінде қойылып отыр.

Адамның жеке басының проблемасы қазір философиялық және әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің басты тарауы болып отыр. Адам бойындағы интеллектуальдық және рухани-адамгершілік мол сапаларды дамыту және пайдалану өндірісті тиімді өркендету, барлық әлеуметтік-экономикалық прогрестерді онан әрі сенімді түрде жеделдетудің практикалық міндетін қойып отырған қазіргі жағдайда өте маңызды.

Қай кезеңде болмасын адам баласы өзінің жасаған материалдық игілік-терінен қанағат сезім алумен қатар, сол объектінің өзімен дами түскен. Қашанда жақсы өмір сүруге, әсемдікке ұмтылған. Өздерінің тұратын тұрақтарын әдемілеуге ұмтылған. Бұдан адамның әр кез істеген ісінің бәрін саналылықпен, ойланып-толғанып байыппен істегенін және мақсатты түрде өзінің материалдық, рухани қажеттерін өтеу үшін жасағанын көруге болады. Еңбектену мен іздену арқылы адам өнерді тудырса, өнер адамды жан-жақтылыққа, әсемдік әлемін танып білуге тәрбиелеген.

Ертеректе адамдар өздерімен күнделікті кездесіп, аралас-құралас жүрген жабайы аңдарды жете зерттеп, олардың ерекше қасиеттерін, жүріс-тұрыстарын, өзгеріс үстіндегі қас-қағым сәттік кейпін дөп басып, айнытпай бейнелей білген. Бертін келе адамдар бедерлеу өнерін игеріп, олар бейнелеулерін ағашта, таста бедерлеу, мүсіндеу арқыл берген. Бұлар материалдарды көркем өңдеудің негіздері болып табылатын. Ғылым мен техниканың даму материалдарды көркем өңдеудің технологиясын жетілдірді, материалдардан дайындалған бұйымдарды арнайы әрлеу материалдарын ойлап тапты.

Қазіргі уақытта өнер туындыларын сақтау, қорғау және оларды дамыту мақсаты білім беру қызметкерлерінің назарына ілікті. Осы негізде мектеп қабырғасында оқушыларды қолөнерге баулу, материалдарды көркем өңдеуді игерту мектеп алдына қойылуда.

Мектеп қабырғасында қазіргі уақытқа дейін материалдарды көркем өңдеу еңбекке және кәсіпке баулу сабақтарында қолға алынбаған болатын. Қолөнерге баулу, материалдарды көркем өңдеуге үйрету тек үйірме, факультатив курстарында қарастырылатын болған. Олар жүйелі және еңбекке және кәсіпке баулу сабақтарымен сабақтастықта бола бермейтін.

Орта буын оқушылары негізінен ағашты көркем күйдіру, сәндік-көркем өңдеудің кейбір түрін ғана оқу-тәрбие процесінде қарастыратын. Ал, ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы өңдеуде тек фанералауды ғана оқулық бойынша қарастыру көрсетілген. Қазіргі уақытты арнайы әрлеу материалдарының түрі көп соларды оқу-тәрбие процесіне енгізу бағдарла-мада көрсетілмеген. Біздер осыған байланысты ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы әрлеуді оқытудың қажеттілігін ескере отырып, дипломдық жұмысымыздың тақырыбын: Жоғары сынып оқушыларына ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен өңдеуге үйрету әдістемесі ” деп алуды жөн көрдік.

Зерттеу жұмысы барысында біздер оқушыларды оқыту мен тәбиелеу мәселелеріне жазылған қазақ тіліндегі А. Н. Ильинаның, М. Жұмабаевтың т. б. “Педагогика” (Пидагогика) оқу құралына шолу жасадық.

Жалпы білім беретін мектептерде еңбекке және кәсіпке баулудың формалары мен әдістеріне, мазмұнына, принциптеріне, оқушыларды еңбекке дайындау процесіндегі оларды дамыту, тәрбиелеу мен оқытудың бірлігіне жету құралдары мен жолдарына қалам тартқан педагогтардың (П. Р. Атутовтың, В. А. Поляковтың, Д. А. Тхоржевскийдің, С. А. Батышевтың т. б. ) еңбектері студенттер мен (еңбекке баулу пәні) оқытушыларына арналған оқылықтар.

Соңғы уақыттарда халық педагогикасын мектеп өміріне негіз ету көп сөз болып барады. Халықтың педагогикалық тәрбие мәселелері туралы қарастырған студенттерге оқу құралы ретінде ұсынылған кітаптың бірі- Қ. Жарықбаевтың, С. Қалиевтың (“Қазақ тәлім-тәрбиесі”. -Алматы, “Санат”, 1995 ж. ), С. Ұзақбаеваның (“Тамыры терең тәрбие”. -Алматы: “Білім”, 1995 ж. ) атты кітабы. Авторлар мұнда қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесі туралы ой қозғайды.

Материалдарды көркем өңдеу бойынша жазылған Ә. Оспановтың, Г. Я. Федотовтың, А. С. Хворостовтың, т. б. еңбектеріне шолу жасадық. Бұл еңбектерде негізінен материалдарды көркем өңеудің түрлері: ағашты күйдіру, бедерлеу, шекімелеу, металдау, көзешілік іс, т. б. қарастырылған.

Зерттеудің мақсаты: Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағытта оқытуда ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы өңдеу түрлеріне баулудың мазмұнын, тиімді әдістері мен формаларын анықтау.

Зерттеу нысаны - жоғары сынып оқушыларын кәсіптік бағытта оқыту.

Зерттеу пәні - ағаштан бұйымдар дайындаудың технологиясы, әдіс-тәсілдері, формалары.

Зерттеу міндеттері:

  1. Педагогикалық, әдістемелік және арнайы оқу құралдарына шолу.
  2. Эстетикалық тәрбие және оған тәрбиелеу процесінің мәнін анықтау.
  3. Кәсіби бағытта оқытуда ағаштан бұйымдар дайындауды үйрету мазмұнын анықтау.
  4. Бағдарлама негізінде тақырыптық жоспар құру.
  5. Ағаштан бұйымдар дайындауды үйретудің формалары мен әдістерін анықтау.
  6. Ағаштан дайындалған бұйымдарды көркем өңдеудің, арнайы әрлеудің техникасы мен технологиясын сипаттау.

І Эстетикалық тәрбие - оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі

1. 1 Эстетикалық тәрбие және педагогикалық процесс

Эстетикалық тәрбие дегеніміз - өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз.

Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды “көркемдікке тәрбиелеу” деген ұғыммен пара-пар алып жүр. Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеттері мыналар:

эстетикалық қабылдауды - табиғаттағы, өнердегі, қоршаған өмірдегі әсемдікті қабылдауды дамыту;

эстетикалық талғамды, әсемдікті бағалай білуді, шын әсем нәрсені эстетикалық емес нәрседен ажырата білуді тәрбиелеу;

өнерде өзін шама-шарқынша көрсете білуге, қоршаған өмірге эстетиканы сіңіре білуге тәрбиелеу.

Эстетикалық тәрбие ақыл-ой тәрбиесіне өте тығыз байланысты. Эстетикалық қабылдаудың танымдағы ролі туралы В. Г. Белинский былай деп өте жақсы айтқан: “Философ силлогизмдермен сөйлейді, ақын - образдармен және бейнелермен сөйлейді, ал екеуі де сол бір нәрсені айтады. Саяси экономия маманы статистикалық сандармен қаруланып алып, қоғамдағы пәлендей таптың жағдайы пәлендей-пәлендей себептерге байланысты нашарлап кетті деп дәлелдеп, өз оқушыларының немесе тыңдаушыларының ақыл-ойына әсер етеді. Ақын шын өмірді әсерлі де айқын бейнелеуі арқылы дұрыс бейнені көрсетеді де, өз оқушыларының фантазиясына әсер етеді. Біреуі дәлелдейді, екіншісі - көрсетіп береді, сөйтіп, екеуі де сендіреді, бірақ біреуі логикалық дәлелдермен, ал екіншісі - бейнелермен сендіреді . . . өнер санаға ғылымнан кем әсер етпейді. Бұл жерде ғылым да, өнер де бірдей қажет, сол себептен ғылым да өнердің орнын баса алмайды, өнер де ғылымның орнын баса алмайды.

Мектепте шеберханалар мен кабинеттердегі еңбек жағдайларына қойылатын эстетикалық талаптар сақталатын, еңбек пен өндірілетін заттарды әдемілеп нақыштайтын, оқушының жұмыс орны нақпа-нақ ұйымдастырылып, еңбек процесінің өзі жақсы жоспарланған мектептерде еңбек эстетикасы ең кең мағынадағы еңбек тәрбиесіне, яғни еңбекке қазіргі көзқарас тұрғысынан қарауға да, еңбектің пәрменді әдеттеріне дағдылануға да себепші болады.

Біздің елімізде халыққа білім берудің жаңа жүйесі қалыптасқан алғашқы жылдардан бастап-ақ эстетикалық тәрбиеге зор маңыз беретін болды. Мәселен, “Эстетикалық бұйымдар: желімдеу, сурет салу, ән айту және музыка әсте де қайдағы бір екінші қатардағы өмірдің сән-салтанаты емес. Әсіресе сурет салу мен желімдеу, оның қосалқы бұйымы ретінде, аса көрнекті орын алуға тиіс. Тегі эстетикалық тәрбие деп қайсы бір қара дүрсін балалық өнерді оқыту емес, сезім органдары мен шығармашылық қабілеттерді ұдайы дамыта беру деп түсінген жөн, мұның өзі әсемдіктен ләззат алуға және әсемдіктің өзін жасауға мүмкіндік береді. Бұл элементтен құралақан қалған еңбекке және ғылымға оқыту жансыз-нәрсіз болып шығар еді. . ”.

Қоғамымыздың қазіргі даму жағдайында эстетикалық тәрбие жеке бастың үйлесімді дамуын қалыптастыруда маңызды орын алады.

Эстетикалық тәрбие - барлық оқу-тәрбие процесінің құрамдас негізігі бөлігі. Оның өзіндік мазмұны бар. Бұл тәрбиенің теориялық және практикалық мәселелері педагогикада шешілген.

Эстетикалық тәрбиенің теориясы мен практикасын талдауға халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, П. П. Блонский, С. Т. Шацкая сияқты өкілдері қатысты. Педагогикада эстетикалық тәрбие тәрбиенің басқа жақтарымен тығыз байланыста қаралуда. Оқушыға оқытылатын құбылыстың әсемдік сырын ашпай тұрып, оған ақыл-ой тәрбиесін беру; еңбек процесі мен мазмұнының игі жақтарын танытпай, еңбек тәрбиесін беру; іс-әрекеттің адалдығын танытпай, адамгершілік тәрбиесін беру; адам дене құрылыс мүшелерін танытып алмай, дене тәрбиесін беру мүмкін емес.

Сонымен қатар эстетикалық тәрбиені өмірден, шығармашылық белсенді іс-әрекеттен бөлуге болмайды. Қайта оны өмірмен тығыз байланыстыра отырып, біз ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесі проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік туғызамыз.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - басқа тәрбие түрлері сияқты жеке бастың үйлесімді дамуын қалыптастыру. Эстетикалық тәрбие кең көлемде, яғни көркем өнерде, адамдардың барлық іс-әрекеттерінде, қоғамдық болмыста жан-жақты сипат алуы тиіс.

В. Н. Шацкая “Эстетикалық тәрбиенің негізі, мақсаты мен мәні” атты мақаласында эстетикалық тәрбие дегеніміз - айналадағы болмыста, табиғатта, қоғамдық өмірде, еңбекте, көркем өнер құбылыстарындағы әсемдікті сезініп, мақсатты қабылдау қабілетін тәрбиелеу. Көркемөнерде, өмірде әсемдікті жасауға шамасынша қатысуға қабілеттері мен мүмкіндіктерін тәрбиелеу, - деп сипаттама береді. Бұл айтылған анықтамада жеке бастың белсенді-әрекеттік жағы қарастырылмаған. Белгілі педагог А. И. Буров эстетикалық тәрбиеге “әсемдік заңы бойынша” адамның әрекетке және көркемөнерге эстетикалық көзқарасын, эстетикалық қажеті мен шығармашылық әрекетін қалыптастыру, - деген анықтама береді.

“Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі” атты кітапта эстетикалық тәрбие түрі жеке бастың әрекет пен болмысқа эстетикалық көзқарасын қалыптастырудағы мақсатты, ұйымдасқан педагогикалық процесс ретінде қарастырылады.

Біздің көзқарасымызша, бұл - процестің педагогикалық бағыты мен методологиялық негізін сипаттайтын мазмұнды анықтама. Қазіргі педагогикада эстетикалық тәрбиені тәрбиенің басқа түрлерімен байла-ныстыра кеңінен қарастыру - актуалды мәселе.

В. Н. Шацкаяның “Балалардың жанұядағы эстетикалық тәрбиесі” атты кітабы оқушыларға берілетін эстетикалық тәрбие мәселелерін қарастырады. Кітапта балалардың эстетикалық мүмкіндігі мен қабілетін тәрбиелеуде мына мәселелерге назар аударылған.

1. Көркемөнерде, табиғатта, қоғамдық өмірде, адамдардың тұрмыстық қатынастарында әсемдікті дұрыс тануды тәрбиелеу.

2. Құбылыстарды, түрлі сезім, сенімдерді, талғамды балалардың эстети-калық түрғыдан қабылдауын, оның бірте-бірте қалыптасуын дамыту.

3. Балалардың көркемдік қабілетін дамыту, білімін, іскерлігін қалып-тастыру.

А. И. Буров “Эстетикалық тәрбиенің жүйесі мәселелеріне” атты мақаласында оқушыға эстетикалық білім беріп, тәрбиелеу процесін іске асыруда тәрбиеші-мұғалім тарапынан танып білуге тиісті үш бағытты ұсынады:

1. Тәрбиеленуші мен жұмыс істеу үшін мұғалімге қажетті оқу-тәрбие материалдары.

2. Эстетикалық тәрбиенің кезеңдік мөлшерін ескеріп эстетикалық тәрбие қорытындысын программалай білу.

3. Осы негізге лайық педагогикалық процесті құрып, методикалық әдістердің анықтамаларын жасау.

Жоғары оқу орындарында эстетикалық тәрбие беру мәселелері күрделеніп, кеңи түсіп, ол орта мектептегі эстетикалық тәрбие мәсе-лелерімен сабақтастығын сақтай жүргізілуі тиіс.

1. Табиғатта, ғылымда, көркемөнерде, қоғамдық өмір құбылыстарында, адамгершілік қарым-қатынастардағы әсемдікті дұрыс танып, түсіну үшін студенттердің эстетикалық қажеттілік пен мүмкіндіктерін тәрбиелеу.

2. Студенттердің зеректігін, сезім, реніштерін, көзқарас, сенімдерін эстетикалық тұрғыдан дамыту; көркемөнер туындыларымен жүйелі де терең таныстыру негізінде эстетикалық талғамын арттыру.

3. Олардың таным белсенділігін, әсемдік әлеміне, эстетиканың ғылыми мәселелеріне қызықтыра тәрбиелеу, өз бетінше эстетикалық білім алуға өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

4. Қоғамдық және жеке өмірдің сұлулық элементтерін енгізуде студент-тердің педагогикалық дағдылары мен іскерлігін дамыту.

Эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі - эстетикалық білім беру яғни көркемөнердің әр түрінен, эстетикалық тәрбиеден жүйелі ғылыми білім мен білік, дағдылар беру. Студенттерге, оқушыларға эстетикалық білім беру оқу процесінің түрлі формаларында іске асырылады. Олар жалпы білімдік, арнаулы және педагогикалық тұрғыда лекцияда, практикалық және семинар сабақтарында; ал эстетикалық пәндер бойынша студенттерге арнаулы курстар мен семинарларда; сондай-ақ курстық, дипломдық жұмыстарда, педпрактика процесінде және аудиториядан тыс әртүрлі жұмыстарда астарлас жүргізіледі. Сондықтан да болашақ ұстаздардың эстетикалық даярлығы оқу-тәрбие процесінің мазмұнында эстетикалық білім беру және тәрбие мәселелерімен байланысты қарастырылуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы заңы
5-7 сынып оқушыларына технология сабақтарында ағашты өңдеудің әдістемесі
Әйелдер ұлттық көйлегін әзірлеу технологиясы және окыту әдістемесі
Технология пәнінде ағаштардан тұрмыстық бұйымдарды дайындау
Ағаш өңдеу токарь станогын оқытудың әдістері мен формалары
Өңделетін материалдардың қасиеттерімен таныстыру
Үші ішекті домбыра
Батик өнерінде табиғат көрінісін бейнелеу
Қазақ халық қолөнерін бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың теориялық негіздері
Мектеп оқушыларының ептіліктері мен іскерлік қабілеттерін қалыптастырудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz